Адам және жануарлар физиологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 20:01, реферат

Описание

Физиология - биологияның маңызды салаларының бірі. Ол организмнің тіршілік әрекетін, жеке мүшелер мен жүйелердің қызметін зерттеп, олардың ерекшеліктерін, биологиялық маңызын анықтайды, организмнің сыртқы ортамен қарым-қатынастарындағы заңдылықтарды ашады. Физиология медицина мен ветеринария, жалпы биологиялық сипаттағы қоданбалы ғылым салаларының ірге тасы, негізі болып саналады.

Содержание

1- ФИЗИОЛОГИЯ ПӘНІНЕ КІРІСПЕ
2 - ҚОЗУ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
3 - ҚИМЫЛ -ҚОЗҒАЛЫС АППАРАТЫНЫҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
4 - НЕРВ ЖҮЙЕСІ
5 –ОРТАЛЫҚ НЕРВ ЖҮЙЕСІ
6 –СЕЗІМ МҮШЕЛЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ
7- ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕЛІ НЕРВ ӘРЕКЕТІ
8 – ІШКІ СЕКРЕЦИЯ БЕЗДЕРІ
9 - ҚАН ЖҮЙЕСІ

Работа состоит из  1 файл

Адам және жануарлар физиологиясы.doc

— 811.00 Кб (Скачать документ)

Корти мушесі - күрделі құрылым. Ол негізгі мембрананың ішкі беткейін бойлай орналасқан есту жасушалары мен суйеніш жасушалардан құралады. Есту жасушаларының ұшында жіңішке кірпікшелер болады. Олар дыбыс толқынының әсерін қабылдайды. Осы жасушалардың үстінде бір ұшы сүйекті тұлғаға жалғасқан, екінші ұшы бос жататын жабынды табақша орналасады.

Құлақ қалқаны қабылдаған дыбыс толқыны есту жолы арқылы дабыл жарғағын тербелтеді. Бұл тербеліс есту сүйектерінің тізбегімен сопақша тесікке беріліп, саға өзегіндегі перилимфаны толқытады. Одан орі толқын геликотрема арқылы дабыл өзегіндегі сүйыққа тарайды. Осы толқын әсерімен негізгі мембрана тербеліп, оған бекіген есту жасушаларының түктері жабынды мембранамен түйіседі де, бұл жасушаларда қозу пайда болады. Қозу үрдісі ұлу жуйкесінің үштарынан есту жүйкесіне беріледі де, одан әрі есту жолымен сопақша ми, аралық ми арқылы үлкен ми сыңарларының самай бөлігінде орналасқан есту талдағышының қыртыстық бөліміне беріледі.

 

6.4.  Вестибулярлық  аппарат, оның атқаратын қызметі

Ішкі құлақ сағасы мен жартылай дөңгелек түтіктер вестибулалық аппаратты қүрайды. Вестибулалық аппарат дененің жазықтықтағы жағдайын бағдарлауды және тепе-теңдікті сақтауды қамтамасыз етеді.

Жартылай дөңгелек түтіктер бір-біріне перпендикуляр үш бағытта орналасады. Әр түтіктің бір ұшында ампула тәрізді аздап кеңейген бөлік болады. Жарғақты түтіктің осы бөлігінде ескек пішіндес, жартылай мөлдір іркілдек затпен оралып жататын кірпікті үзын рецепторлық жасушалар орын тебеді. Осы құрылым бастың кеңістіктегі жағдайын қадағалап отырады. Бастың кеңістіктегі жағдайы, қозға-лыс бағыты өзгерсе, немесе айналмалы қозғалыс басталса, эндолимфа осы рецепциялық жасушаларды толқытады, қозу тудырады. Осыдан ми құрылымдарына қимыл бағытының езгерістері жайлы ақпа-рат жіберіледі.

Сағаның (кіреберістің) қапшықтарында сезімтал жасушалар шоғырланған дақ деп аталатын дөңестеу бөлік болады, Бұл сезімтал жасушалардың бір бөлігі цилиндр пішшді келеді де, екінші ұшы сүйірлене бітеді. Оның сүйір ұшында бос түрған бір қимылдағыш және бір-біріне жабысқан 60-80 кірпікшелер орналасады. Бул жасушалар ерекше іркілдек зат массасына батып жатады. Осы массаны отолит жарғағы (отолит мембранасы) деп атайды. Оның беткейінде көптеген алты қырлы өте майда фосфор-көмір қышқылды кальций кристалдары - қулақтас (отолиттер), - жатады, ал жарғақ сезімтал жасушалар кірпікшелерін қысып тұрады. Қимыл үдегенде не баяулағанда, дененің, бастың кеңістіктегі қалпы өзгергенде отолит өз салмағымен жасуша кірпіктерін кереді, не басады, не бір бүйірге тартады, Осыдан сезімтал жасушалар тітіркеніп жағдайды орталық жүйке жүйесіне хабарлайды.

Вестибулалық  аппараттың рецепциялық жасушалары вестибулалық түйін түзетін қос өрісті жасушалар өсінділерімен синапс арқылы жалғасады. Осы қос өрісті жасушалар аксондары есту жүйкесінің вестибулалық тармағын түзеді. Вестибулалық аппаратта пайда болған имплульстер есту жүйкесінің талшықтарымен сопақша мидағы вестибулалық ядроға беріледі. Осы жерде қимыл сипаты, дене мен бастың кеңістікгегі жағдайы жайлы ақпараттар алғашқы талдаудан өтеді. Сопақша мидың вестибулалық ядроларынан өткеннен кейін вестибулалық аппараттың афференттік жолы айқасады да, таламустың вентро базальдық құрылымдарына бағытталады. Бұл кұрылымдардан афференттік импульстер үлкен ми жарты шарлары қыртысының самай бөлігіне жіберіледі.

 

6.5. Дәм сезу  анализаторы

Дөм сезу талдағышының қызметі арқылы ауыз қуысына түскен қоректің сапасы, сипаты анықталады. Бұл талдағыштың қабылдаушы бөлігі тіл бүртіктерінде, жұмсақ таңдайда, жұтқыншақтың артқы бетінде, бадамшада және көмекей қақпашығында орналасады. Тіл бүртіктері шатырша, жапырақша және орлы болып болінеді. Осы бүртіктер ішінде эпителиальды құрылым – дәм жуашығы, орналасады. Дәм жуашығы сопақша пішінді, жуа төрізді болып келеді. Ол бүйірлі, ұршық пішіндес дәм жасушаларынан және цилиндр пішінді сүйеніш жасушалардан түрады да, тілдің көп қабатгы эпителийі бойында орналасады. Дәм жасушаларының ұшында майда түктер (кірпікшелер) болады. Дәм жуашығы кілегей қабық беткейінде дәм саңлауы деп аталатын кішкентай тесікпен ашылады.

 

6.6. Иіс сезу  анализаторы.

Адам мен  жануарларда иіс талдағышының қызметі  дистанциялық хеморецепциямен байланысты. Иіс талдағышы ең ерте дамыған талдағыштың бірі, ол қоршаған ортадағы биологиялық маңызды химиялық сигналдарды қабылдауды қамтамасыз етеді. Иіс талдағышының жетілу деңгейіне қарай жануарлар макросматиктер және микросматиктер болып бөлінеді. Макросматиктерге - иіс талдағышы жақсы дамығандарға, - сүт қоректілер жатады. Адамда, китте, маймылда иіс талдағышы нашар дамыған. Олар микросматиктер.

Иіс талдағышының шеткі бөлімі мұрын қуысында, кеңсіріктің жоғарғы жолында орналасқан иістік төсемік болып табылады.

Иісті қабылдауды шашақты рецепциялық торшалар қамтамасыз етеді. Бастапқы хеморецепция - химиялық заггардың әсерін қабылдау, - осы торшалар шашақтарының мембранасында жүреді деген болжам бар. Иіс торшалары қос өрісті торша болып табылады. Оларда пайда болған тітіркеніс иіс нервімен иіс жуашығына беріледі.

Иіс жуашығы  іші қуыс, немесе қарыншалы, құрылым. Онда топтасқан торшалар алты қабатта орналасады. Бірінші фиброзды қабат иіс нейрондарының өсінділерінен құралады. Осы талшықтар ұштары түрлі торшалар өсінділерімен синапс түзеді. Олардың ішінде негізгісі - митральды торшалар болып табылады. Бірінші реттік иіс нейрондарының терминалдары мен иіс жуашығы торшаларының дендриттері шумақ, немесе гломерула, - деп аталатын екінші қабат құрайды. Осы шумақта қозу процесі жинақталады деген болжам бар. Митральды торшалар төртінші қабат түзеді.Оның бір жағында сыртқы - үшінші, екінші жағында сыртқы - бесінші торлы қабаттар орналасады. Бұл қабаттар нерв торшалары өсінділерінің ұйысқан жері болып табылады. Алтыншы қабат дәнді торшалардың шоғырлануынан түзіледі.

Иіс жуашығынан басталған талшықтар алдыңғы мидың бірнеше құрылымдарына бағытталады (иіс төмпешігіне, алдыңғы иіс ядроларына, препириформды және преамигдалярлық қыртысқа, бадамша кешенінің медиальдық және қыртыстық ядроларына). Мидың аталған құрылымдары мен гиппокамп иістік түйсіктің қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Қазіргі кезге  дейін иістің түрлері толық жіктелмеген, сол себепті иісті көбінесе иісті  шығаратын заттардың атымен атайды. Мысалы, жуа, раушан, сірке иістері. Х.Хенинг иісті иіс шығаратын заттардың химиялық құрамына қарай жіктеген. Д.Эймур жіктеуіне сәйкес жеті түрлі иіс болады. Олар камфора, жупар, гүл, жалбыз, эфир, өткір және шірік иістер.

 

6.7. Терінің сезімдік қызметі

Тері дененің  сыртқы жабындысы болып табылады, сондықтан ол арқылы организм қоршаған ортаның әр түрлі әсерлерін қабылдайды. Теріде температураны, жанасуды, қысымды, ауырсынуды сезінетін рецепторлар болады (57-сурет).

Жылуды терідегі Руффини денешіктері, суықтықты Краузе сауытшалары, жанасуды - Маркель торшалары мен Мейснер денешіктері, қысымды Фаттер-Паччини денешіктері, ал ауырсыну әсерін эпидермистің сыртқы қабатында орналасқан жалаңаш нерв ұштары қабылдайды.

Тері тітіркенісін түйсіну  әр түрлі өткізгіш жол арқылы атқарылады. Жанасу мен қысымды қабылдайтын  рецепциялық торшалар талшықтары жұлынның дорсальдық бағандары бойымен еш жерде үзілместен сопақша миға барады. Осы жерден екінші нейрон талшықтары импульстерді таламусқа жеткізеді. Ауырсынту жөне температуралық әсерлерді қабылдайтын рецепциялық торшалар өсінділері импульсті жұлынның дорсальдық мүйізіне жеткізеді. Осы жерде ор-наласқан екінші нейрон өсінділері жұлын деңгейінде айқасқаннан кейін импульстерді таламусқа береді. Таламустан тері рецепторларынан келген импульстер үлкен ми жарты шарлары қыртысының қозғағыш аймақтарына жіберіледі.

Теріде рецепторлар біркелкі таралмаған, Оның 1 см ауданында 12-13 суық сезгіш, 1-2 жылу сезгіш нүкте болады.

 

6.8. Интерорецепция

Интерорецепторлар (ішкі рецепторлар) ОНЖ—не организмнің ішкі ортасының жағдайы жайлы хабарлап отырады. Олардың ерекеішің нөтижесінде ішкі мүшелер мен қан тамырларының қызметі реттелінеді.

Интерорецепторлар - өте сезімтал қүрылым, олар гомеостазды  сактауда, вегетативтік әрекеттердің өздігінен реттелуінде маңызды рөл атқарады. Қабылдайтьш тітіркендіргіштерінің сипатына қарай олар баро- (қысымды қабылдайтын), механо- (механикалық осерлерді қабылдайтын), хемо- (химиялық заттар әсерін қабылдайтын) және осмо- (осмостық қысым ауыткуларын қабылдайтын) рецепторлар болып бөлінеді. Жалаңаш нерв үштары, Краузе сауытшасы, Фаттер-Паччини денешігі — интерорецепциялық торшалар болып та-былады. Ішкі рецепторлардан тараған импульстер қан айналымын, ас қорытуды, тыныс алуды, зат алмасуды т.б. рефлекстерді туды-рады. Интерорецепторлар тітіркенуіне шартты рефлекстер де қалып-тастыруға болады.

Соңғы жылдарға дейін ми қыртысында интерорецепторлардың өз өкілдігі, олардан келген сигналдарды қабылдайтын нақтылы аймақ болмайды деген ұғым қалыптасқан болатын. Терең зерттеулер интерорецепторлар аймағы ми қыртысының артқы сайында орын тебетінін көрсетіп отыр. Бірақ ми қыртысында ішкі ағзалар сигна-лын қабылдайтын арнаулы аймақтың болуына қарамастан, интеро-рецепторлар тітіркенуінен нақтылы, айқын түйсік туындамайды. Оның себебі, біріншіден, әр түрлі талдағыштар қызметін қамтама-сыз ететін нейрондар саны интерорецепторлармен байланысқан ней-рондар санынан бірнеше есе көп болады, сондықтан ми қыртысының әр түрлі талдағыштар қамтитьш аймағының ауданы интерорецепторлардан тараған импульстерді қабылдайтын аймақ ауданынан әлдеқайда үлкен болады. Екіншіден, ми қыртысына ішкі мүшелерден тараған импульстер арнаусыз, жалпьшама жолмен жеткізіледі, ал басқа сезім мүшелерінен импульстер арнаулы жолмен жетеді. Сондықтан да теріден, бүлшық етген, басқа сезім мүшелерінен арнаулы жолмен шапшаң жеткен импульстер ми қыртысының басқа импульстерге деген сезімталдығын төмендететін болу керек. Сонымен қатар, организмнің өзінде ішкі мүшелерден ми қыртысына бағытталатын импульстерді екшеп, богеп отыратын механизмнің болуы да ықтимал. Осының нәтижесінде ми қыртысы ішкі мүшелерден бағытталған көптеген импульстерден қорғалып, оның қызметіне тән жүйелілік, реттілік сақталынады.

 

7-ТАРАУ   ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕЛІ НЕРВ ӘРЕКЕТІ

7.1. Мидың шартты рефлекторлық әрекеті

XVII ғ. Рене Декарт  рефлексті рецепторларды тітіркендіруден  туындайтын реакция деп түсінді. Бірақ ол рефлекс ұғымын сананың қатысуынсыз жүреді деген көзқараста болды. Психикалық әрекетті мидың жоғарғы бөлімдерінің физиологиялық әрекеті ретінде қарап, оған талдау беруге бірінші қадам жасаған И.М. Сеченов (1829-1905) болды.

1863 жылы оның «Ми  рефлекстері» деген еңбегі жарық көрді. Ол сананың өзі, яғни психикалық әрекеті көрінісінің негізінде рефлекс жататындығын дәлелдеді. Ол өз еңбегінде «саналы және санасыз» реакциялардың ұқсастықтарын атап көрсетеді, ол бірінші ұқсастық ретінде олардың себептілігін атайды. Келесі ұқсастығын ол рефлекс пен психикалық актінің жүзеге асуындағы қозудың жүріп өтетін жолының бірдейлігін алады: екі жағдайда да қозу қабылдаушы(сезгіш) нерв түзілісінен қозғалыс органдарына қарай беріледі. Бұл жерде айырмашылық тек рефлекторлық орталықта болады. Психикалық әрекеттерде рефлекторлық орталықтың ұйымдасуы қарапайым рефлекстерден күрделі келеді. Үшінші, «саналы» және «санасыз» рефлекторлық реакциялар қозғалыспен аяқталуы. Бұл саналы және санасыз әрекеттердің ұқсастықтары И.М.Сеченовқа психикалық әрекеттің рефлекторлық механизмді екендігі туралы тұжырым жасауға мүмкіндік берді.

Сеченовтың көзқарасын И.П. Павлов дамытты (1849-1936). Павловты жоғары дәрежелі нерв қызметі туралы ілімді жасаушы дейміз. Ол бұл ілімді жасай отыра тәндік және психикалық құбылыстардың бірлігін шынайы дәлелдеді. Ол ең алғаш рет үлкен ми сыңарлар қыртысының қызметін зерттеуге «шартты рефлекстер» әдісін қолданды. И.П. Павлов бүкіл рефлекторлық реакцияларды 2 негізгі топқа жіктейді: шартты жєне шартсыз рефлекторлық реакциялар.

Шартсыз рефлекстер – туа пайда болатын рефлекторлық реакциялар. Олардың туындауына арнайы жағдайлар қажет емес. Олар тұқым қуалайды, түрлік, дайын анатомиялық қалыптасқан рефлекторлық доғасы бар. Шартсыз рефлекстердің жасалуында негізгі рөлді ми діңі, жұлын, қыртыс асты ядролар, мишық атқарады.

Шартты рефлекстер – бұл организмнің қандай да бір сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіштермен уақытша нервтік байланысы. Шартты рефлекстер жүре пайда болады, тұқым қуаламайды, жеке тұлғалық, тұрақсыз, дайын қалыптасқан рефлекторлық доғасы жоқ. Олардың жасалуында негізгі рөлді үлкен ми сыңарлар қыртысы атқарады. Шартты рефлекстер өзгеріп отыратын қоршаған орта мен тіршілік жаѓдайларына организмді бейімдейді. Шартты рефлекстердің қалыптасуына белгілі бір жағдайлар қажет. Шартты рефлекстер шартсыз рефлекстердің негізінде қалыптасады, сондықтан шартты рефлекстердің жасалуы үшін белгілі бір уақыт аралығында организмге 2 тітіркендіргіш әсер етуі қажет: индиферентті (талғаусыз) – келешекте шартты сигнал болатын және белгілі бір шартсыз рефлексті туындататын шартсыз тітіркендірігіш. Шартты сигнал шартсыз тітіркендіргіштен бұрын әсер етуі қажет. Шартты тітіркендіргішті шартты тітіркендіргішпен бірнеше рет ұштастырамыз (бекітеміз). Шартсыз тітіркендіргіш биологиялық тұрғыдан күшті; ал шартты тітіркендіргіштің күші оптималды болуы қажет. Шартты рефлекс қалыптасу үшін орталық нерв жүйесі сау болуы қажет. Шартсыз рефлекстің туындауында қажеттілік болу керек. Шартты рефлекстің тез жасалуы үшін ағзаға әсер ететін бөгде тітіркендіргіштердің болмауы қажет.

 

7.2. Шартты рефлекстердің тежелуі

Шартты рефлекстердің  тежелуінің 2 түрін ажыратады:

  1. Шартсыз тежелу:

а) Сыртқы тежелу. Бұл  тежелу шартты рефлекске қатысы жоқ  бөгде күшті тітіркендіргіш әсер еткен кезде орын алады. М: егер итте жарыққа сілекей болу шартты рефлексті қалыптастырса, жарықпен қоса күшті қоңырау дыбысын беретін болсақ, қалыптасқан сілекей бөліну рефлексі тежеледі.

б) Шамадан тыс тежелу шартты тітіркендіргішінің әсер ету  уақытының тым ұзарған кезінде  немесе оның күшінің шамадан тыс күшейген кезінде туындайды. Бұл кезде шартты рефлекс әлсірейді немесе толығымен жойылады. Бұл тежелу айқын қорғаныштық қызмет атқарады, себебі нерв жасушаларын, олардың қызметін бұзатын ұзақ та күшті әсер ететін тітіркендіргіштерден қорғайды.

Информация о работе Адам және жануарлар физиологиясы