Адам және жануарлар физиологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 20:01, реферат

Описание

Физиология - биологияның маңызды салаларының бірі. Ол организмнің тіршілік әрекетін, жеке мүшелер мен жүйелердің қызметін зерттеп, олардың ерекшеліктерін, биологиялық маңызын анықтайды, организмнің сыртқы ортамен қарым-қатынастарындағы заңдылықтарды ашады. Физиология медицина мен ветеринария, жалпы биологиялық сипаттағы қоданбалы ғылым салаларының ірге тасы, негізі болып саналады.

Содержание

1- ФИЗИОЛОГИЯ ПӘНІНЕ КІРІСПЕ
2 - ҚОЗУ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
3 - ҚИМЫЛ -ҚОЗҒАЛЫС АППАРАТЫНЫҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
4 - НЕРВ ЖҮЙЕСІ
5 –ОРТАЛЫҚ НЕРВ ЖҮЙЕСІ
6 –СЕЗІМ МҮШЕЛЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ
7- ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕЛІ НЕРВ ӘРЕКЕТІ
8 – ІШКІ СЕКРЕЦИЯ БЕЗДЕРІ
9 - ҚАН ЖҮЙЕСІ

Работа состоит из  1 файл

Адам және жануарлар физиологиясы.doc

— 811.00 Кб (Скачать документ)

Сопаќша ми ж±лынмен тікелей  байланысќан жєне екі т‰рлі ќызмет: µткізгіштік жєне рефлекторлыќ ќызмет атќарады. Сопақша ми мидың сұр заты жұлындағыдай бiр ғана жерге топтаспай, ақ зат аралықтарында жеке-жеке шоғырлар құрып, көптеген ядроларға, кызметi әр түрлi орталықтарға айнaлған. Ақ зат нерв тaлшықтарынан тұрады. Бұл талшықтар қозуды жоғары және төмен қарай өткiзетiн жұлын жолдарының жалғасы және жұлынды мидың басқа бөлiмдерiмен, сопақша мимен байланыстырып  тұрады.  Сопақша ми арқылы өтетін кейбiр жұлын жолдары осы мида бiр-бiрiмен айқасып оң жақтан келген тaлшықтар сол жаққа, сол жақтан келген талшықтар оң жаққа шығады. Бас сүйектен шығатын 12 жұп ми нepвтepiнiң. соңғы бесеуiнiң (VIII, IX, Х, XI, ХII) ядролары мен бiрқатар аса маңызды рефлекстердi icкe асыратын орталықтар және жұлын қызметiн реттеуде маңызды торлы құрылымның бiр бөлігi сопаќша мида орналасқан. Сопаќша мидың нерв орталықтары адамның өмірiн ќамтамасыз етуде үлкен мєн атқарады. Сопаќша мида  тыныс, ас қорытуға қатысы бар (шайнау, жұту, сiлекей шығару, қарын сөлi мен ұйқы безi сөлiн шығаратын және құсу), қан тамырларын тарылтып, кеңейтетiн (қозѓалтатын), жүректiң соғуын баяулатып, сирететiн (тежейтiн) жєне көптеген қорғаныс (көз жасын шығару, кipпiк қағу, жөтелу, түшкiру, тер шығару) рефлекс орталыќтары бар. Сопақша мидың мойын және көз еттерiнiң тонусын өзгертетiн көптеген қозғалтқыш ядролары көпір және ортаңғы мимен бiрге статикалық және статокинетикалық (вестибұлярлық) рефлекстердіњ ж‰зеге асуын ќамтамасыз етеді. Сопақша мида демдi iшке алу және сыртқа шығару рефлекстерiнiң орталықтары бар. Олар үздiксiз кезектесiп, бiрi серпiлгенде екiншici тоқырайды. Бұлардың ауыспалы кезектесуi тыныс алу ырғағын үйлестіредi.

Сопақша мидың рефлекстерi туа бiткeн  рефлскстер болғанымен бұлардың орталықтарына ми қыртысы  әсер ете алады. Әpтicтep сахнада жүрiп, қажет болса, көз жасын төгіп  жылай алады. Бұл айтылғандар  сопақша мидын қызметiн ми қыртысы  реттейтiнiн керсетедi.

Варолий көпірінiң қызметi осы күнге дейiн толық анықталмаған. Ми көпiрінiң құрамында ақ зат көп. Ақ заты жоғары бағытталѓан және мидың жұлынға қарай (төмен) бағытталған жолдарын ќ±рады.

Ақ заттар аралығында бөлек-6өлек нейрон шоғырлары жайылған Бұлардың iшiнде бас сүйек, ми нервлерiнiң V,VI,VII жұптарының ядролары, көлденең жолақ еттердi ширықтыруға қатысатын рефлекс орталықтары, ұйықтау және ұйықтамау (сергек болу) тәртiбiн реттейтiн торлы құрылым нейрондары бар. Бұлармен қатар көпiрде дем алуды дем шығарумен алмастырып отыратын пневмотаксикалық орталық пен тыныс орталығында зат алмасуын реттейтiн орталық орналасқан.

Артқы мидың бүкіл  бойында  көптеген талшықтары бар  нерв жиынтықтары орналасқан. Осы  нерв пен жасушалар жиынтығын  – тор тәрізіді (ретикульді) туындылар деп атайды.   Торлы құрылым екi түрлi кызмет атқарады:

а) жұлынның қызметiн күшейтiп, не әлсiрететiн төмен қарай бағытталған  әсер; б) ортаңғы мидың торлы құрылымымен  бiрге мидың басқа бөлiмдерiнiң  қызметiн күшейтетiн жоғары жақќа  қарай бағытталған әсер. Торлы құрылымды ми «аккумуляторы» деп атауѓа болады. Сонымен ќатар, ол организмніњ ±йќы-сергек к‰йініњ кµрініс беруіне де ќатысады.

ОРТАҢҒЫ МИ. Варолий көпiрi және сопақша мимен бiрге ортаңғы ми ми діњініњ негiзiн құрады. Оның сырт жағындa ми қақпағы, iшкi жағында ми аяқшалары орналасқан. Opтaңғы мидың негізгі ќ±рлымдарына төрт төмпешiк, қара зат(субстанция), қызыл ядро, III және IV жұп ми нервтерiнiң түйiнiсi мен торлы құрылым болады. Ортаңғы ми арқылы жоғары қарай таламусқа, мишыққа баратын жолдар, ми қыртысынаң жолақ денеден гипоталамустан төмен қарай бағытталған ортаңғы миға, сопақша миға, жұлынға баратын жолдар өтедi.

Төрт төмпешiк пен  көз алмасын көзғайтын ІІІ  жұп нервтер түйiндерi ортаңғы  мидың сырт жағына, ал iшкi жағында  қара зат, қызыл ядро және IV жұп  шиыршық нервтіњ нейрондары орналасқан.

Көз алмасын ќозғайтын  ІІІ жұп нерв аралас нерв тармақтары арасында көздiң қиғаш eттеpiнен басқа еттердi жиырылтатын талшықтармен қатар көз етерінен орталыққа тебетiн сезгiш талшықтары бар. Мұнымен қатар, бұл нерв арасында ортаңғы мида орналасқан парасимпатиқалық түйiндердiң прегaнглиялық талшықтары бар. Бұл нерв серпiнiстерiн кірпіктік түйiннен екiншi нейронға жеткiзедi. Бұл түйiннен басталған постганглиялық талшықтар көздiн қарашығын тарылтатын еттi жиырылтатын эфференттiк нерв. Ми нерв терініњ IV жұп нервісi де аралас нерв. Талшықтар арасында көздiң жоғарғы қиғаш eтiн жиырылтатын қозғалтқыш талшықтармен қатар еттiң сезгiш талшықтар да бар.

Төрт төмпешiктiң алдыңғы  екі тµбешігі кµрудіњ алѓашќы  рефлекторлыќ орталыѓы. Осы орталыќтыњ арќасында көздiң, бастың, дененiң жарық түскен жаққа қарай бұрылуы, көз қарашығының тарылуы және аккомодация рефлекстерi пайда болады. көру орталығында орналасқан. Ми сыңарын алып тастағанда да аталған рефлекстер жойылмайды.

Артқы төмпешiктер естудіњ  алѓашќы рефлекторлыќ орталыѓы. Бұлардың қатысуымен eң алдымен есту, соған орай жөн табу рефлeкстepi, яғни құлақ жарғағы, бастың қатты дыбыс шыққан бағытқа бұрылуы. Бұл рефлекстер үлкен ми жарты шарын алып тастағанда жойылмайды.

Төрт төмпешiк кенеттен әсер еткен тiтiркендiргiшке жауап ретiнде қорғаныс рефлекстерiн тудырады, осыған байланысты олар сақтық рефлекстерi деп аталдаы. Мысалы, ыдыстағы сұйықтық байқаусызда төгiлгенде адам оның қayiптi eкeнiн түciніп үлгермей-ақ лезде бiр жаққа қарай ығысады.

Қызыл ядро орталық нерв жүйесiнiң барлық бөлiмдерiмен және ми қыртысымен тығыз байланыста болады. Ол бұлшық еттердiң тонусын реттейтiн  қозғалыс орталығы. Мысалы, мысықтың ми бағанасын қызыл ядродан жоғарырақ  жерден көлденең тiлiп жiберсе, оның жүріс-тұрысында айтарлықтай өзгерiстер пайда болмайды. Ал миды қызыл ядродан төмeнipeк тiлгенде мелшию пайда болады. Барлық бұлшық еттер, әcipece жазылу еттерi ширығып, қатаяды. Сондықтан, мысықтың басы қақиып, шалқаяды, жотасы созылып, сирақтарының буындары жазылып тiкiрейе cipecіп, қатаяды, құйрығы тiк көтерiледi. Мысықта мұндай құбылыс қызыл түйiн мен жұлынды қосатын жол - Монаков буданы бұзылғанда байқалады.

Қызыл ядро мен артқы  мидағы Дейтерс түйiнiнiң жұлынға  әcеpi бiр-бiрiне қарама-қарсы. Ќызыл ядродан басталатын Монаков буданы жұлынның бүгу орталығының a және ¡ мотонейрондарын қоздырады немесе жазылу орталығын тежейдi. Ал Дейтерс түйiнiнен шығатын кiреберiс жұлындық жол жазылу орталығын қоздырады да бүгу орталығын тежейдi. Сондықтан, Монаков түйiнi зақымдалғанда Дейтерс түйiнi ғана әсер етедi. Дейтерс түйiнiн зақымдаса, мелшию жойылады. Қара зат - нейрондарында қара пигмент көп болғандықтан солай деп аталады. Ќызметi, қыртыс және қыртыс асты түйiндерiмен торлы құрылыммен бiрге, бұлшық еттердiң әcipece, нәзiк және нақты қимыл-ќозѓалыстарды реттеу.

Торлы ќ±рылым  немесе ретикулярлыќ формация.

Торлы құрылым (ретикулярлық формация). Бұл сырт пішiнi торға ұқсайтын, бір-бірімен шырмалып жатќан нейрондардан т±рарады. Торлы құрылым ми баѓаныныњ ортањѓы бµлігін алып жатыр. Ол бірнеше нервтік жолдарды бнтнді: афференттік жолдары: 1) жұлын-торлы құрылым жолы, 2) ми-торлы құрылым, 3) ми қыртысы-торлы құрылым; эфференттік жолдары: 1) торлы құрылым-жұлын, 2) торлы құрылым-ми жолы, 3) торлы құрылым-ми қыртысы жолы.

Торлы құрылымның  физиoлoгиялық мaңызы электрофизиологиялық әдiспeн анықтaлды. Торлы ќ±рлымныњ  жұлынның қызметiн күшейтiп, не әлсiрететiн төмен қарай бағытталған әсері; ортаңғы мидың торлы құрылымымен бiрге мидың басқа бөлiмдерiнiң қызметiн күшейтетiн жоғары жақќа қарай бағытталған әсері болады. Торлы құрылымды ми «аккумуляторы» деп атауѓа болады.

Сопақша мидың торлы  құрылымын электр тогымен тітіркендіргенде көптеген жұлын рефлекстерiнiң тежелгенi  байқалған. Торлы құрылымды тiтiркендiргенде пайда болатын нәтиже тітіркендіргіштiң күшiне байланысты болған. Әлсiз тітіркендіргішпен торлы құрылымның бiр жақ бөлiгiне әсер еткенде жұлынның сол бөлiгiндегi нейрондар тежелген, ал күштi тітіркендіргішпен әсер еткенде екі бөлiгiнiң де нейрондары тежелген. Және де ондай нәтиже торлы құрылымның вентромедиальды бөлiмiн тітіркендіргенде ғaнa байқалады. Ал басқа жерлерін тітіркендіргенде ондай нәтиже болмаған.

Торлы құрылым тыныс  еттерiн, жұлынның симпатиқалық орталықтарын және тыныс алу мен вазомоторлық жауаптарды реттейтiн мотонейрондарды қоздырады және тежейдi. Айтылѓандардыњ барлыѓы торлы құрылымның тµмен бағытталған  әcepiніњ болатындыѓын кµрсетеді.

Торлы құрылым ми қыртысына, яғни жоғарыға қарай бағытталған  белсендiру әсерін ми бағанасының және таламустың белсендiрушi жүйесiне бөледі.  Ми бағанасындағы жүйе жинақталған белсендiліктi тудырады, ал таламустық жүйе жергіліктi әсер eтeдi. Торлы құрылым ми қыртысына белсендіруші әсер етеді.

Ми қыртысы  µз тарапынан торлы құрылымѓа  єсер етеді. Торлы құрылымның нейрондарына әсер ету арқылы ми қыртысы олардың сезiмталдығын өзгертедi, яғни ми қыртысы торлы құрылымның қызметiн реттейдi және бағыттайды.

Торлы құрылым гипоталамуспен және лимбиялық жүйемен тығыз  қарым-қатынаста болып, ағзаның вегетативтік және гомеостатикалық қызметiнiң бiрлескен реакциясын қамтамасыз етедi.

Торлы құрылым тітіркендіргішке баяу жауап қайтарады, бiрақ қозуы ұзаққа созылады. Ол бұлшық еттердiң ширығуын жеңiлдетедi немесе тежейдi. Ортаңғы ми мен аралық мидағы торлы құрылым жануардың рефлекторлы қимылын жеңiлдетедi.

Варолий көпiрiнiң және орта мидың торлы құрылымының  бүйiр бөлiмдерi қимыл рефлекстерiн  жеңiлдетiп, сопақша мидағы оның ортаңғы  бөлiмдерi оны тежейдi. Жеңiлдету және тежеу торлы құрылымдағы тiтiркенiстiң  жиiлігiне байланысты болады. Ол, сонымен қатар, жұлынның жоғары қарай импульстердi өткізетiн жолдарының қозғыштығын езгертедi.

Торлы ќ±рлымныњ  организмніњ  ұйқы- cepгектiк, эмоция және стрес к‰йлерініњ кµрініс беруіне қатысы бар.

Торлы құрылымды тiтiркендiргенде жануар оянады да, зақымдағанда - ұйқыда болады.

Симпатикалық нерв арқылы торлы құрылым бұлшық еттердiң  қызметiне, нерв жүйесiне, сезiм және iшкі мүшелерге, iшкі секрециялық  бездерге, олардағы гормондар мен  медиаторлардың мөлшерiне әсер етедi.

Ортањѓы ми мен Варолий  көпірінiң торлы құрылымының жасушаларыныњ бiраз бµлігi адреналин мен норадреналиннiң әсерінeн қозады, ал орта ми мен аралық мидың торлы құрылымының бiраз бөлігi ацетилхолиннiң әcеpiнeн қозады. Ацетилхолиннiң торлы құрылымға әcеpi оның iшкі мүшелерге eтeтiн шеткі әсеріне қарама-қарсы.

Мишық. Мишық ‰ш бµлімнен т±рады: мишыќтыњ ќ±рты деп аталатын ортањѓы бµлімнен жєне мишыќтыњ екі жарты шарларынан. Мишықтың бетінде толып жатқан иректер болады. Сондықтан ол өте үлкен болып келеді және сұр заттан немесе қыртыстан тұрады. Қыртыста үш қабат бар: беткі немесе молекулалық, аралық немесе Пуркинье жасушаларыныњ қабаты; терең я дәнді қабат.

Мишық барлық қозғалу  актыларының орындалуына қатысады: оған өзгерістер енгізеді, сүйтіп әрбір  жеке қимылдардың нақты дұрыс  орындалуын қамтамасыз етеді. Мишық – тонустыќ рефлекстердіњ жоѓары дєрежелі реттеушісі болып табылады. Сонымен ќатар, мишыќ тыныс алуды, ж‰ректіњ жиырылуын ќимылдыњ т‰ріне байланысты лайыќтап отырады.

Адамда мишықтың қызметі  бұзылса қозғалу ќызметініњ реті бұзылады, теңдік жоғалады. Мишықты толығымен алып тастағанда атония байқалады – еттер тонусын жоғалтады. Астазия туады – бір орында басын, денесін теңселтпей тұра алмайды. Дизметрия – еттің жиырылуы күші мен орындалатын қызметтің арасында сәйкестік жоғалады.

Аралық ми. Ортањѓы ми мен ми сыњарларыныњ арасында аралыќ ми орналасќан. Аралыќ ми тµмпешіктен - таламус жєне тµмпешік асты аймаќтан – гипоталамустан т±рады.

Төмпешіктің құрамына шығу тегі және функционалдық жағынан  өзгеше бірнеше ядролар кіреді. Тµмпешік ми ќыртысымен екі жаќты байланыста болады. Ядроларда барлық афференттік жұйелерден үлкен жарты шарлар қыртысына баратын өткізгіш жолдардың ақырғы звеносының нейрондары орналасады. Таламус арќылы мидыњ барлыќ сезгіш жолдары (иіс сезуден басќа) µтеді. Біраќ, оны жай ѓана µткізгіш ќаќпа ретінде ќарастыруѓа болмайды. Таламуста импульстер µзгеріп, жања, т‰рлі комбинацияѓа т‰седі. Таламус тµменгі т‰йсік пен эмоцияны жасауѓа ќатысады.

Төмпешік астындағы  аймаќта-гипоталамуста  екі бөлімді айырады. Дорзальдық бөлім – субталамикалық (Люис ядросы) ядродан және сұр заттың басқа майда жиынтықтарынан тұрады. Вентральдық бөлімге көру нервінің қиылысқан жерінің үстінде (хиазманың) жататын ядролар (супраоптикалық және паравентрикулярлық), сұр төмпешіктің және оған көршілес жатқан емізікті денелердің ядролары, олардың жоғарғы жағында жатқан артқы гипоталамикалық ядро кіреді.

Гипоталамус ортаңғы  мидан өсіп жетілген. Гипоталамус  жоѓары дєрежелі вегетативтік орталыќ  болып саналады. М±нда  зат алмасуын, жылу т‰зілуді, жылу беруді, тер бµлуді, аштыќ жєне шµл сезімдерін, барлыќ ішкі м‰шелердіњ ќызметін реттеу орталыќтары бар. Сонмен ќатар, гипоталамуста нейросекреттер т‰зіліп, гипофиз безінде белсендіріледі. Гипоталамус ішкі секреция ќызметін реттеуге ќатысады. Ол адамныњ ±йќысы мен сергектігін реттеуге де ќатысады.

Қыртыс  асты (базальдық) ядролар. Ми сыњарларыныњ аќ заттарыныњ ішінде орналасқан сұр заттың жиынтығы жатыр. Оған кіретіндер: құйрықты, бұршақ тәрізді, миндаль тәрізді ядролар және қоршау.

 Бұршақ  тәрізді ядро ақ заттың қабаты  арқылы мүшелерге бөлінеді. 1. Сыртқы мүше немесе қабық. 2. Екі ішкі мүше, немесе түссіз шар.  Ќыртысасты ядроларының негізгі топтарын екі жүйеге бөледі: 1. Түссіз шар ядроларының группасы ертедегі жолақ денені, немесе паллидумды құрады. 2. Қабық пен құйрықты ядро жаңа денені немесе стриатумды құрайды.

Ќыртыс асты ядролар ми сыњарларыныњ қыртысына  бағынады.

Стриатум  төмпешіктерден және үлкен жарты  шарлар қыртысынан талшықтар алады. Төмпешіктер арқылы стриатум организмнің  барлық афференттік жүйелерімен  байланысады. Стрнатум паллидумға да талшықтар береді.

Кейбір мәліметтерге қарағанда паллидум тікелей үлкен  жарты шарлар қыртысынан да талшықтар  алады. Оған сонымен қатар төмпешікасты ядроларының кейбіреулерінен және тор тәрізді туындылардан талшықтар  келеді. Ал эфференттік талшықтар паллидумнан ортаңғы мидың тор тәрізді туындыларына, субталамикалык ядроға, төмпешікке т.б. кетеді.

Информация о работе Адам және жануарлар физиологиясы