Адам және жануарлар физиологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 20:01, реферат

Описание

Физиология - биологияның маңызды салаларының бірі. Ол организмнің тіршілік әрекетін, жеке мүшелер мен жүйелердің қызметін зерттеп, олардың ерекшеліктерін, биологиялық маңызын анықтайды, организмнің сыртқы ортамен қарым-қатынастарындағы заңдылықтарды ашады. Физиология медицина мен ветеринария, жалпы биологиялық сипаттағы қоданбалы ғылым салаларының ірге тасы, негізі болып саналады.

Содержание

1- ФИЗИОЛОГИЯ ПӘНІНЕ КІРІСПЕ
2 - ҚОЗУ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
3 - ҚИМЫЛ -ҚОЗҒАЛЫС АППАРАТЫНЫҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
4 - НЕРВ ЖҮЙЕСІ
5 –ОРТАЛЫҚ НЕРВ ЖҮЙЕСІ
6 –СЕЗІМ МҮШЕЛЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ
7- ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕЛІ НЕРВ ӘРЕКЕТІ
8 – ІШКІ СЕКРЕЦИЯ БЕЗДЕРІ
9 - ҚАН ЖҮЙЕСІ

Работа состоит из  1 файл

Адам және жануарлар физиологиясы.doc

— 811.00 Кб (Скачать документ)

Үйлесімдік гормондар жеке мүшелердің қызмет әрекетін өзгертіп, оларды өзара сәйкестендіреді, үйлестіреді. Мысалы, адреналин жүрек жұмысын күшейтіп, оның жиырылу күшін артгырады, шеткей кан тамырларын тарылтады, қарын мен ішек қимылдарын баяулатады

Атқаратын қызметіне, әсер баеытына қарай гормондар үш топқа бөлінеді. 1) Эффекторлық гормондар - олар тікелей нысана мүшелер-ге әсер етеді. 2) Троптық гормондар - эффекторлық гормондардың түзілуі мен бөлінуін жандандырады. 3) Релизинг гормондар - гипофиздің троптық гормондарының бөлінуін және гапоталамустың нейросекрециялық қызметіін ретгейді.


Гормондарға оларды биологиялық  белсенді заттардың басқа топтарынан ерекшелендіретін бірнеше қасиет тән.

1. Алшақ (дистанциялық) әсер - гормондар өздері түзілген бездер- 
ден алшақ орналасқан мүшелер қызметіне әсер етеді.

2. Өзіндік әсер - әрбір гормон организмде жүретін белгілі бір 
процеске ғана әсер етеді. Дегенмен, жеке мүшелер қызметіне немесе 
белгілі бір процесті ретгеуге бірнеше гормон қатысуы мүмкін. Олар- 
дың әсері не бірыңғай (синергиялық), не кереғар (антагонистік) болуы мүмкін

  1. Зор биологиялық белсенділік. Гормондардың аз мөлшерінің өзі 
    үлкен биологиялық жауап тудырады. Мысалы, 1 г адреналин 10 млн 
    бақаның оқшауланған жүрегінің жиырылу күшін арттырып, жұмысын 
    жиілетеді. 1 г инсулин 125 мың қоянда гипогликемия тудырады.
  2. Гормондар молекулалары ықшам болады, сондықтан олар ка- 
    пиллярлар қабырғасынан оңай өтеді.
  3. Көптеген гөрмондарға туліктік-турлік өзінділік сипат тән бол- 
    майды, сондықтан олардьщ практикада қолданылу аясы кең болады.
  4. Гормондар ұлпаларда ұзақ сақталмай, тез бузылады, сондықтан 
    ішкі секреция бездері оларды толассыз бөліп отырады.
  5. Гормондар тек тірі организмде гана әрекет етеді, олардың әсері 
    тірі торшалар мен қүрылымдарға ғана бағытталған.

Гормондар өз бетінше жеке реттеуші жүйе құрамайды. Олардың түзілуі мен қанға бөлінуі организм функцияларын ретгейтін біртүтас нервті-гуморальдық тізбектің бір ғана буыны болып табылады.

Гормондар нысана мүше торшаларына не тікелей, не нерв жүйесі арқылы өсер етеді. Олардың жеке мүшелер мен зат алмасу процесіне тікелей әсері ферменттік жүйе арқылы атқарылады. Гормондар ферментгер концентрациясы мен белсенділігіне өсер ете отырып, торша мембранасының ферментке деген өтімділігін өзгертеді, ферментгің субстратқа әсерін жандандырып, не тежеп, рибосомалар мен поли-рибосомалар белсеңцілігін өзгертеді, митохондриялар мен лизосомаларға ықпал етеді.

Бір гормон бір  мезгідде бірнеше ферментгерге ықпал  етеді. Мысалы, кортизон митохондриялардағы а-кетоглютаратоксидазаның әрекетін тежеп, бауырда глюкозалы-р-фосфотазаның түзілуін жандандырады, аталық жыныс безінде тестостерон мен гиалуронидаза-ның белсенділігін күшейтеді, қуық безінде қышқыл фосфотазаның түзілуін жандандырады, тыныс ферменттерінің белсенділігін артгырып, ұлпалық тынысты жақсартады.

Гормон әрекетінің механизмі олардың өздерінің  құрылым ерекшеліктеріне, қасиеттеріне молекулаларының мөлшеріне және әсер ететін нысана торшалардың ферменттік жүйелері мен беткейлік мембранасының құрылым ерекшеліктеріне байланысты. Гормондар әсері мембраналық және торшалық болып бөлінеді.

Мембраналық әсер белок тектес гормондарға тән. Олар торша ішіне етпей, оның мембранасындағы рецегтгорлық аппаратқа бекиді де, торша ішіндегі биосинтездік процестерге мембрананың ферментгікжүйелері, простагландиндер, кальций иондары т.б. элемегатер арқылы әсер етеді, Гормоңдардың бүл тобы торша мембранасындағы аденшщихлаза (АЦ) ферментінің §£лсеңділігін артгырады. Осы фермент пен торша ішіңдегі фосфодиэстераза ферментінің қосарланған өсерінен аденозинүшфос-фор қышқылы (АТФ) циклдік аденозинді -3-5 — монофосфатқа (цАМФ) айналады. Бүл қосылыс торша ішіндегі алмасу процесінің әмбебап реттеушісі болып табылады жөне екінші медиатордың рөлін атқарады (бірінші медиатор болып гормондар саналады). цАМФ белсенділігін магний иондары, простагландиндер, фосфодиэстераза жандандырады. Аденижщклаза мен фосфодиэстераза цАМФ-пен біріге отырып ядро қызметіне және торша ішінде жүретін процестерге әсер ететін аденилциклазалық жүйе қүрайды.

Торшалық  әсер стероидты гормондар мен релизинг - гормондарға тән. Олар торша қабығының беткейлікқүрылымдарымен әрекеттесіп, мембрананың ішілік қабатындағы фосфолипидтермен, натрий тұздарымен, сульфатгармен және глюкоранидтермен байланысады. Осының нәтижесінде суды тартатын қосылыстар мембранасының липидтік қабатын ажырап, торша ішіне өтеді де, ондағы рецепторлық белоктармен байланысқан соң, торшада жүреіін әр түрлі процестерге әсер етеді. Стероидты гормондар торша ішшдегі РНК-полимеразаны жандандырып, белоктың түзілуін реттейді, қуат алмасуын жене биосинтездік процестерді күшейтеді, торша мембранасының амин қышқылдары мен басқа да заттарға өтімділігін жақсартады.

Гормондар әрекеіі  антигормондар мен антагонист гормондар әсерімен шектеледі. Организмде олар бауыр мен басқа мүшелер тор-шаларында жойылады. Олар күкірт және глюкурон қышқылдары-мен байланысады да, қосьшыс түрінде өр түрлі экскреттер құрамына енеді. Кейбір гормондар ешқандай өзгеріссіз де белінеді.

8.3. Ішкі секреция бездерінің қызметінің бұзылуы

салдарынан  туындайтын аурулар 

Ішкі секреция бездері қызметінде екі түрлі  ауытқу байқалады: 1) гиперфункция - без қызметінің күшеюі, мұндай жағдайда без гормонды көп бөледі; 2) гипофункция - без қызметінің әлсіреуі, мүндай жағдайда без гормонды аз, жеткіліксіз молшерде бөледі. Организм үшін бездің гиперфункциясы да, гипофункциясы да қолайсыз, олар түрлі аурулар тудырады.

Қалқанша  без қызметі күшейсе организм базед ауруына шалдығады: бездің көлемі үлкейіп, көз шарасынан шығады (бадырақ коз), жүрек қағады, нерв жүйесінің қозғыштығы жоғарылап, организм тез қажиды, терлегіш келеді. Без жұмысы әлсіресе ересек организмде шырышты ісік - микседема дерті байқалады: тері кебірсіп, қатаяды да, ісінеді, түк түсіп қалады, зат алмасу қарқыны төмендеп, психика өзгереді. Без қызметі жас шақтан жетіспесе өсу процесі нашарлап, ақыл-ойдың дамуы тежеледі, нақурыс - кретинизм ауруы байқалады. Ауыз су мен топырақта йод жетіспесе бездегі дәнекер ұлпа шамадан тыс ұлғайып, секрециялық торшалар әлсірейді де, организм зоб ауруына шалдығады. Бездің көлемі үлкейгенімен, гормон жеткіліксіз молшерде бөлінеді, зат алмасу процесінің қарқыны төмендейді.

Қалқанша  серік безінің қызметі нашарласа тетания ~ қурысу байқалады, дененің бүлшық етгері тартылып, карысып, қанда кальций мөлшері күрт төмендейді, тіс бүзылады, салмақ кемиді. Бүйрек үсті безінің қыртысты бөлігінің қызметі нашарласа аддисон ауруы туындайды: тері қошқылданып, тәбет жойылады, қандағы қант мөлшері азаяды, қан қысымы төмендейді, организм ариды. Ұйқы безінің ішкі секрециялық қызметі нашарласа сусамыр - диабет ауруы байқалады, көмірсулар мен майлардың алмасуы бұзылады, қан мен зәрде қант мөлшері көбейеді.

Гипофиздің алдыңғы  бөлімінің қызметі күшейсе организмнің  өсу қарқыны үдеп, алыптық (гигантизм), ал әлсіресе - ергежейлік байқалады. Гипофиз қызметінің бұзылуы салдарынан организм акромегамия (дененің жеке бөліктерінің осуіндегі үйлестіктің бүзылуы), май басу сияқты дертгерге де шалдығады.

8.4. Ішкі секреция  бездерінің қызметін зерттеу  әдістері

Ішкі секреция бездері қызметін бірнеше арнаулы әдістермен зерттейді.

1) Клиникалық бақылау - жеке бездердің қызметінде ауытқу байқалған организмге бақылау ұйымдастырылып, ауытқулар айқындалады.

  1. Безді сылып тастау (экстирпация). Арнаулы операция жасап, 
    безді алып тастайды да, организмде болатын өзгерістерді анықтайды.
  2. Безді алмастырып отыргызу (трансплантация). Бұл әдіс үш 
    нұсқада қолданылады: ауто-, гомо- және гетеротрансплантация. 
    Алғашқы нүсқада без езінің қалыпты орынынан сол организмнің 
    басқа жеріне қондырылады. Гомотрансплантацияда бір түлікке жата- 
    тын малдың безі бір организмнен екінші организмге кондырылады. 
    Ал, гетеротрансплантацияда бір түлік малының безі екінші түлік окіліне 
    қондырылады.
  3. Организмді қосарлау, немесе парабиоз. Арнаулы операция жа- 
    сап, бір түрге жататын екі организмнің қан тамырын жалғастыра тігу 
    арқылы ортақ қан айналым жүйесі қалыптастырылады.
  4. Ішкі секреция бездері сығындысын немесе гормондар егу. Бұл 
    әдіспен жасанды түрде бездің гиперфункциясы тудырылады.
  5. Радиоактивті изотоптар қолдану арқылы гормондардың түзілу 
    құпиясын, олардың организмде таралуын, езгерістерін, бөліну жол- 
    дарын аныктайды.
  6. Радиоавтография әдісі. Организмге молекуласында радиоактивті 
    атомы бар гормон егіл, белгілі бір мерзім өткен соң оның ұлпасынан 
    тілім алады да, одан жұқа қиынды дайындайды. Осыдан кейін қиын- 
    дыны радиоактивті сәулеге сезімтал фотографиялық эмульсияға сала- 
    ды. Өңделген пленкада гормон шоғырланған жерде қара дақ байқалады.
  7. Гормондарды химиялық жоне биологиялық әдістермен анықтау 
    өдісі де практикада кең қолданылады.

 

8.5. Гипофиздің құрылымдық-қызметтік ұйымдасуы

Гипофиз, немесе мидың төменгі қосындысы, ми сыңарларьшың астыңгы жағында, ашамай сүйектің үстіңгі ойысында орналасады. Ол сол жағынан мидың қатты қабығымен қапталады. Гипофиз құрылысы мен қызметі жағынан аралық мимен тығыз байланысты.

Без қанмен өте  жақсы жабдықталады. Оған келетін  қан гипоталамус арқылы өтеді, сондықтан гапоталамустың нейросекрециялық торшаларынан бөлінген биологиялық белсенді заттар аденогипофизге отіп, оның троптық гормондарының түзілуін күшейтеді.

Гипофиз барлық омырткалы жануарларда кездеседі. Ол төрт бөліктен - туберальдық, алдыңгы, аршық (ортаңгы) және нервті (арт-қы), - қүралған. Туберальдық, алдыңғы және аралық бөліктерді біріктіріп аденогипофиз деп атайды. Ал, нервті бөлік, гипофиз шанағы, сүр төмпешіктің ортаңғы денесі нейрогипофизді құрайды. Құстарда, китгерде, дельфиндерде, пілдерде аралық бөлік болмайды.

Гипофиздің  алдыңғы безді бөлігінде 3 түрлі  торшалар кездеседі: хромофобтар немесе негізгі торшалар, базофильдер жоне ацидофильдер. Хромофобтар гормон түзбейді, олар торша қоры болып табылады да, организм жағдайына қарай базофильдерге не ацидофильдерге айналып отырады. Ацидофильдік торшалар соматотропоцштер және лактотропоцитгер болып екі топқа жіктеледі, ал базофильдік торша-лар - тиреотропоциттер, кортикотропоцитгер, фолликулотропоцитгер және лютеотропоцитгер болып төрт түрге бөлінеді. Гипофиздің ара-лық бөлігінде меланотропоцитгер орналасады. Ал, гапофиздің артқы бөлігі питуицитгер мен миелинсіз нерв талшықтарынан құралады.

Гипофиз гормоңдары организмнің негізгі биологаялық процесгерін, денедегі зат алмасуды - судың, минералды затгардың, көмірсулардың, белоктардың, майлардың алмасуын, - реттейді. Ішкі секрециялық бездер жүйесінде гипофиз ерекше орьш алады. Ол басқа эңдокриндік бездер қызмеіін реттеуге қатысады, соңдықтан оны орталық без деп есептейді . Гипофиздің алдыңғы бөлігі бірнеше гормон бөледі: оларға мыналар жатады.

Соматотроптық, немесе өсу гормоны (СТГ), - организмнің барлық торшаларында белоктың синтезін күшейтіп, РНК мөлшерін көбейтеді, кемірсулар мен липидтер алмасуын жандандырады, организмнің өсіп-дамуын реттеп, сүйектің жетілуін жақсартады, кальций мен фосфор алмасуын реттейді. Бұл гормон жетіспесе организмнің өсіп-дамуы тоқтап, ергежейлік байқалады, ал ол көп бөлінсе - өсу процесі шапшандап, алыппгық (гигантизм) қалыптасады. Пісіп жетілген организмде бұл гормонның көп бөлінуінің салдарынан акромегалия (кейбір сүйектер мен мүшелер өсуіндегі теңсіздік) немесе спланхоме галия (ішкі ағзалар өсуіндегі теңсіздік) байқалады. Гипофиз қызметінің аутқуларымен байланысты организм кахексия (көтерем) жөне гипофиздік май басу сияқты ауруларға да шалдығады.

Адренокортикотроптық  гормон (АКТГ) бүйрек үсті безінің шоғырлы жөне торлы аймақтарына әсер етіп, глюкокортикоидтардың түзілуін күшейтеді. АКТГ бүйрек түтікшелерінде натрийдің, хлордың, судың кері сіңірілуін арттырып, организмде май мен амин қышқылдарының биосинтезін жаңдандырады, қандағы канттың деңгейін жоғарылатады. АКТГ - катаболизмдік әсері бар гормон. Ол организм-нен азопың бөлінуін күшейтіп, капиллярлар қабырғасының өтімдшгін төмеңдетеді, қабынуға қарсы әсер етеді.

Тиреотроптық  гормон (ТТГ) - қалқанша бездің қызметін жандандырады, фолликула ішінде жинақталған тиреоглобулиннің ыдырауын шапшандатады, қанға тироксин мен трийодтирониннің бөлінуін күшейтеді, қалқанша безде йодтың жинақталуын жақсартады.


 


 

Гонадотроптық гормондар (ГТГ) - жыныс бездерінің өсіп-дамуы-на жағымды әсер етіп, олардьщ қызметін реггейді, жыныс гормонда-рының секрециясын күшейтеді.


Гонадотроптық гормондар фолликуланы жандандырушы (ФЖГ), лютеиндеуші (ЛГ) және лютеотроптық (ЛТГ, пролан) болып үш топ-қа бөлінеді. Бүл гормоңдар аналық организміңде де, аталық организмінде де синтезделінеді, бірақ аналық организмдер лютеиндеуші гормондарды көбірек бөледі.

Фолликуланы жандандырушы гормон (ФЖГ) аналық бездің дамуын, қызметін ретгейді. Оның әсерімен фолликулалар дамып, фолликула-лық сүйық түзіледі, түйіршікті (гранулезді) торшалар кебейіп, олардан аналық гормондар (эстрогевдер) бөлінеді. Аталық организмде ФЖГ аталық жыныс торшаларының көбеюін (сперматогенезді) жандандырады.

Лютеиндеуші гормон (ЛГ) жетілген фолликулалардың жарылуын -овуляцияны, жыныс торшаларының аналық безден бөлінуін реггейді, овудяция жүрген фолликулада уақытша ішкі секрециялық қызмет атқаратын қүрылым - сары денешік, түзіледі. Аталық организмде ЛГ жыныс гормондарының түзілуін күшейтеді.

Лютеотроптық гормон (ЛТГ) сары денеден прогестерон гормоны-ның бөлінуін күшеіһіп, желіндеу және сүтгену процестерін ретгейді.

Пролакгпин (ПРЛ) - сүт безінің (желіннің) қызметін реттейді, сүт қантының (лактоза) және сүт белогының (казеиноген) түзілуін жандандырады, жүктілік (төл көтеру) кезінде сары дене қызметін сүйемелдейді, денедегі су мен түздар балансын реттеуге қатысады. Бұл гормон кептерлер балапанын асырайтын кезде олардың жемсауының қабырғасықда ерекше сүт бездерінің өсіп-дамуын, қусық сүттің бөлінуін ретгейді.


Әдеби деректерге сәйкес гипофиз қалқанша серік бездің, ұйқы безінің қызметін реттеуге де қатысады.


Гипофиздің аралық бөлігі көп қабатты эпителийден құралған жіңішке табакша іспеттес құрылым. Ол интермедин немесе мелано-форлык, гормон бөледі, пигменттер алмасуын реггейді. КейбІр деректерге сәйкес интермедин көздің фоторецегщиялық торшалары - таяқшалар мен сауытшалар, қызметін жандандырып, көздің жарық күшіне бейімделгіштігін жақсартады.

Информация о работе Адам және жануарлар физиологиясы