Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 20:01, реферат
Физиология - биологияның маңызды салаларының бірі. Ол организмнің тіршілік әрекетін, жеке мүшелер мен жүйелердің қызметін зерттеп, олардың ерекшеліктерін, биологиялық маңызын анықтайды, организмнің сыртқы ортамен қарым-қатынастарындағы заңдылықтарды ашады. Физиология медицина мен ветеринария, жалпы биологиялық сипаттағы қоданбалы ғылым салаларының ірге тасы, негізі болып саналады.
1- ФИЗИОЛОГИЯ ПӘНІНЕ КІРІСПЕ
2 - ҚОЗУ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
3 - ҚИМЫЛ -ҚОЗҒАЛЫС АППАРАТЫНЫҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
4 - НЕРВ ЖҮЙЕСІ
5 –ОРТАЛЫҚ НЕРВ ЖҮЙЕСІ
6 –СЕЗІМ МҮШЕЛЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ
7- ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕЛІ НЕРВ ӘРЕКЕТІ
8 – ІШКІ СЕКРЕЦИЯ БЕЗДЕРІ
9 - ҚАН ЖҮЙЕСІ
Әр түрлі вегетативтік реакциялар ми қыртысының түрлі бөліктерін тітіркендіргенде де байқалады. Ми қыртысы вегетативтік функциялардың жетік реттелуін, олардың күрделі әрекеттерге сәйкестенуін бағалап, бағыттап отырады.
6 –ТАРАУ СЕЗІМ МҮШЕЛЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ
6.1. Талдағыш деген не, оның құрылым принципі
Ішкі және сыртқы ортаның алуан түрлі тітіркендіргіштері0 әсерін қабылдауды қамтамасыз ететін жоғары маманданған құрылымдарды сезім мушелері дейді. Сезім мүшелері сезімдік (сенсорлық) жүйенің тек қана шеткі қабылдаушы аппараты. Организмде ол тек сыртқы орта әсерін ғана қабылдап қоймай, сонымен катар ОЖЖ-не ішкі ағзалардың, бұлшық ет пен буынның физиологиялық күйі, дененің кеңістіктегі жағдайы жайлы да ақпарат жібереді. Осымен байланысты И.П.Павлов сезім мүшесі деген сөзді талдағыш (анализатор) деген атаумен алмастыруды ұсынған. И.П. Павловтың пікіріне сәйкес сезім мүшесі тек қабылдаушы аппарат. Ал сезімдік талдау мидың арнаулы құрылымдарының қатысуымен атқарылады. Сонымен, талдагыш деп сыртқы және ішкі орта тітіркендіргіштерін қабыддап, талдау жүргізетін жүйкелік құрылымдардың күрделі жүйесін айтады. Олар қабылдаушы қурылымнан - рецептордан, өткізгіш бөліктен (жуйкелік жолдан) және мидың улкен жарты шарларының қыр-тысында орналасқан орталық бөлімнен турады. Талдағыштар сезім мүше-лерінің орналасқан орнына қарай сырқы және ішкі болып бөлінеді. Сыртқы талдағыштардың қабылдаушы аппараттары дистанциялық (алшақтық) экстерорецепторлардан қүралады. Контактылық рецепторлар тітіркендіргішпен тікелей түйіскенде ғана қозады. Оларға тері рецепторлары (ауырсыну, температуралық, жанасу) және дәм сезу рецепторлары жатады
Ішкі талдағыштардың қабылдаушы аппаратгарын интеро (ішкі)-және проприорецепторлар (бұлшық ет, буын байламы, сіңір рецепторлары) қүрайды. Ішкі талдағыштар организмнің ішкі ортасы мен ішкі ағзаларынан түскен сигналдарды қабылдал, талдауға арналған. Олар тек түйісу рецепциясына негізделген.
Эволюциалық даму барысында әрбір талдағыш тітіркендіргіштің белгілі бір түрін қабылдауға бейімделген, сондықтан әр талдағыштың өзіне тән ерекшеліктері болады. Дегенмен, барлық талдағыштарға тән ортақ қасиеттер де бар. Олардың қатарына мыналар жатады.
Жогары сезімталдық қасиет. Талдағыш рецепторларының қозу та-балдырығы төмен болады да, олар үйреншікті тітіркендіргіш әсеріне ете сезімтал келеді.
Арнаулылық, талғамдылық қасиет. Әрбір талдағыш рецепторы тек белгілі бір тітіркендіргіш түрін қабылдауға бейіңділік танытады, белгілі энергия түріне ғана жауап береді. Көру талдағышының рецепторы үшін үйреншікті тітіркендіргіш - сәуле, есту талдағышы үшін - дыбыс толқыны т.с.с. болып табылады. Бірақ талдағыштарда қозу өте күшті тосын (инадекватты) тітіркендіргіштер әсерінен де туындайды. Мұндай жағдайда туындайтын түйсік солғын, көмескі болады.
Әсерлілік (реактивтік) қасиеті. Талдағыштар қозу үрдісі туындап үлгермей түрып-ақ тітіркендіргіш әсерінен өзінің функционал-дық күйін өзгерте бастайды.
Созыяыңқы, жалгасқан әсерге жауап беретін қабілет. Талдағыштар рецепторы тітіркендіргіш өсері қанша уақыт созылса, сонша уақыт оны қабылдап, ол тиылғанға дейін орталыққа сигнал бағыттап оты-рады. Осының нәтижесінде талдағьшггар арқьшы өсер мерзімінің ұзақты, оның сипаты жайлы нақтылы ақпарат алынады.
Сенсибилизация қасиеті. Тітіркендіргіш әсері қайталанған сайын анализатордың сезімталдығы арта түседі, олардың қайталанған әсерді қабылдау қабілеті күшейеді.
Бейімделгіштік (адаптация) қасиет. Тітіркеңціргіш күші мен сипа-тына таддағыш рецепторы қажымай-ақ озінің функционалдық күйін өзгертіл, сезімталдығын төмендетіп жауап береді. Олардың қозғыштық, сезімталдық қасиеті қалпына тез оралады.
Контрастық қубылыс. Түйсік күші нақтылы жағдаймен байланысты өзгереді. Мысалы, толық тыныштық жағдайында өлсіз дыбыстың өзі күшті естіледі.
Туйсік ізін сақтау қасиеті. Белгілі бір түйсік тітіркендіргіш әсері (заттың бейнесі, әуен т.б.) тиылғаннан кейін де біраз уақыт жалғасады. Мысалы, жарқ еткен сәуле оның әсері тоқтағаннан кейін де біраз уақыт сезіліп тұрады
6.2. Көру анализаторы
Көру талдағышы ең жақсы дамыған құрылым. Оның қызметі нәтижесінде организм қоршаған ортаны бағдарлап, айналасындағы заттардың түсін, пішінін, көлемін және оларға дейінгі ара қашықтықты ажыратады.
Эволюциялық даму барысында көру мүшесі жарық пен түсті ажыратуға бейімделген. Адам мен сүт қоректі жануарларда ол дамудың ең жоғары деңгейіне жеткен.
Көру талдағышының негізгі мүшесі - көз алмасы. Ол бас сүйектің аддынғы жағындағы екі ойықта - көз шарасында, орналасқан. Көру мүшесі оптикалық, фоторецепциялық жүйелерден және қосымша қорғағыш аппараттан құралады.
Көз алмасы шар пішінді құрылым. Онын алдына қарай шығыңқы келген бөлігін көздің алдынғы полюсі, ал артқы жағын - артқы полюсі деп атайды. Сырт жағынан көз алмасы үш қабықпен қапталған. Ең сыртқы фибриозды қабық - ақ қабық, ортаңғы -тамырлы қабық, және ішкі - торлы қабық.
Сыртқы қабықтың алдынғы болігін "қасаң кІабықіі деп атайды. Ол түссіз, мелдір, дөңгелек, дөңес, сағат әйнегіне үқсас келеді. Қасаң қабық арқылы көздің ішіне жарық сэулесі сыңцырылып өткізіледі. Осы фиброзды қабықтың артқы бөлігін ақ қабық деп атайды. Ақ қабық көз алмасының артқы жағынан шыққан көру жүйкесінің сыр-тын қаптап, нерв қабын түзеді.
Ақ қабықты астарлай тамырлы қабық орналасады. Бұл қабатта көзді қоректендіретін кан тамырлары орын тебеді. Тамырлы қабықтың қасаң қабықты астарлай орналасқан алдыңғы бөлігін нурлы қабық деп атайды. Көздің түсі осы нұрлы қабықтағы бояғыштарға (пигменттерге) байланысты болады. Нұрлы қабықтың ортасында қарашық деп аталатын тесік болады. Ол арқылы жарық сәулесі көздің ішіне өтіп, торлы қабыққа жетеді. Нұрлы кдбықта сақиналы және сәулелі бағытта орналасқан ет талшыктары болады. Сақиналы еттер жиырылғанда көз қарашығы тарылады, сәулелі еттер жиырылғанда - ол кеңейеді. Осының нәтижесінде көз алмасының ішіне өтетін жарық сәулесінің шоғыры кебейіп, не азайып отырады да, көз жарық күшіне бейімделеді - көз адаптациясы жүреді.
Қарашықтық артында екі беті дөңес линза пішінді мөлдір дене -көз бүршағы орналасады. Ол сыртынан белдемшелі жүқа қабықпен капталады. Қабық белдеміне циннов байламы бекиді. Бұл байлам тамырлы қабықтың құрылымы - кірпекше еттермен жалғасады. Кірпікшелі дененің жиырылуы нәтижесінде көз бүршағының пішіні өзғеріп, ол не қабысыл, не дөңестеліп отырады. Қасаң қабық пен коз қарашығының арасындағы қуысты коздің алдыңгы камерасы, ал қара-шық пен көз бүршағы арасындағы қуысты - көздің артқы камерасы деп атайды. Бұл камералар мөлдір сүйықпен - шылауықпен толған. Көз алмасының көз бұршағының артында жатқан қуысын шыны тәрізді дене деп аталатын түссіз, мөлдір, қоймалжың сүйық зат толтырып тұрады. Аталған құрылымдар - қасаң қабық, шылауық, көз бұршағы және шыны тәрізді дене, - көздің оптикалық, немесе сындырушы жүйесі, деп аталады. Оптикалық жүйе, әсіресе көз бұршағы, көздің әртүрлі қашықтықтан айқын көруге бейімделуін - аккомодация үрдісін, - қамтамасыз етеді.
Торлы қабықта жарық сезгіш рецепторлар - таяқшалар мен сау-ытшалар орналасады, сондықтан оны жарық сезгіш, немесе фоторецепциялық, бөлім деп атайды.
Торлы қабықтың құрылымы өте күрделі, ол 10 қабаттан түрады. Оның, тамырлы қабықпен жанасатын сыртқы қабатын пигментті жасушалар түзеді. Бұл жасушалар қүрамында жарықтың шағылысуына мүмкіндік бермейтін фусцин деген пигмент болады. Көзге тым күшті жарық түссе, пигмент дәндері эпителиальдық жасушалардан олардың өсінділеріне ығысып, таяқшалар мен сауытшаларды күшті жарықтан калқалайды.
Түнгі тіршілікке
бейімделген жануарларда
Торлы қабықтың келесі қабаты таяқшалар мен сауытшалардан құралады. Сауытшалар күндізгі көру аппараты, олар күшті жарқыраған жарықпен ғана тітіркенеді, ал таяқшалар түнгі көру аппараты, олар әлсіз, қарауытқан сәулелердің әсерімен тітіркенеді. Таяқшалардың жалпы саны 130 млн., сауытшалар саны 9 млн. Үй құстарында (тауық, үйрек) сауытшалар көп болады. Торлы қабықтың ортаңғы бөлімінде сауытшалар, ал шет жағында таяқшалар көбірек шоғырланады. Фоторецепторлар екі буыннан - ішкі жөне сыртқы, - тұрады. Сыртқы, пигментті қабатқа жақын орналасқан буында жарыққа сезімтал көру пигменті болады, ал ішкі буында жасушалардағы қуат алмасуын қамтамасыз ететін ядро мен митохондриялар орналасады. Фоторецепторлар буындары бір-бірінен мембранамен бөлінеді. Бұл мембрана арқылы 16-18 жіңішке жіпшелерден - фибриллалардан, құралған шоғыр өтеді. Ішкі буыннан өсіңділер басталады. Олар арқылы қозу фоторецепторлардан олармен түйісетін қос өрісті (биполярлы) жасушаларға беріледі.
Қос өрісті жасушалар туйінді (ганглиозды) жасушалармен жалғасады. Соңғы жасушалар өсінділері көру жүйкесін құрайды. Әрбір қос өрісті жасушалар көптеген таяқшалармен байланысады. Әр бір сауытша тек бір ғана қос өрісті жасушамен байланысады, сигналды соған ғана береді. Демек, қатар жатқан таяқшалардан шыққан сигналдар бір-бірімен тоғысса, қатар жатқан сауытшалар сигналдары жеке-жеке беріледі.
Көру талдағышының өткізгіш жолын көру жүйкесі құрайды. Бұл жүйке арқылы импульстер латеральдық имек дене ядроларымен төрт төмпешіктің алдыңғы екі төмпешігіне бағытталады. Ал соңғы құрылымдар нейрондарының аксонымен импульстер үлкен ми жарты шарлары қыртысының шүйде бөлігіне орналасқан көру талдағышының орталығына беріледі.
Жарық сезгіш жасушаларда қозу үрдісі фотохимиялық реакция нәтижесінде пайда болады. Таяқшаларда жарыққа сезімтал родопсин, ал сауытшаларда - йодопсин деген заттар болады. Родопсин мен йодопсин белок тектес жоғары молекулалы қосылыстар. Жарық әсерімен родопсин ретинен (А дәрумендерінің альдегиді) және опсин белогына ыдырайды да, өзінің қызыл түсін жоғалтып, алдымен сары түске айналады, артынан түссізденіп кетеді. Қараңғыда ретинолдың (А дәрумендері) қатысуымен родопсинді қайта синтездеу үрдісі жүреді. Ретинол жетіспеген жағдайда бұл реакция тежеліп, қараңқыға бейімделу үрдісі бұзылады, ақшам соқырлық байқалады.
Көру рецепторлары аталған пигменттерінің фотохимиялық реакциялары салдарынан қозады. Көру пигменттері ыдыраған кезде бөлінген иондар торлы қабық рецепторларын тітіркендіріп, көру жүйесінде импульстер пайда болады.
Құрылымы жағынан йодопсин родопсинге жақын, ол ретинен мен фотопсин белогының қосындысынан түрады. Фотопсин үш турлі болады, сондықтан сауытшалар әр түрлі ұзындықтағы сәулелер толқынына (күлгін, жасыл, қызыл) реакция беретін жасушалар болып жіктеледі. Осы үш түрлі сауьггшалардың әр түрлі комбинацияда қозуы нәтижесінде түрлі рең түйсігі пайда болады.
Егер көзге ұзын толқынды сәулелер әсер етсе, онда тек осы толқынды қабылдайтын сауытшалар қозып, қызыл түс түйсігі пайда болады. Жарық әсерінен сауытшалардың екінші түрі қозса - жасыл түс түйсігі, ал үшінші сауытшалар қозса - күлгін түс түйсігі туындайды. Аралық түстер осы үш түрлі сауытшалардың әр түрлі деңгейде қозуының нәтижесінде пайда болады. Мысалы қызыл сары түс түйсігі "қызыл сауытшалар" күшті, "жасыл сауытшалар" жеткілікті деңгейде, ал "күлгін сауьггшалар" әлсіз деңгейде тітіркенгенде пайда болады. Ал осы үш түрлі сауытша бірдей деңгейде қозса - ақ түс қабылданады.
6.3. Есту анализаторы
Есту деп организмнің дыбысты қабылдау қабілетін айтады. Ол есту мүшесінің күрделі қызметі арқылы іске асырылады. Сүт қоректілерде есту мүшесі сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтан тұраұы. Сыртқы және ортаңғы құлақ есту талдағышының өткізгіш, ал ішкі құлақ - қабылдаушы бөлімі.
Сыртқы қулақ құлақ қалқанынан және сыртқы дыбыс жолынан түрады. Құлақ қалқаны дыбыс тербелістерін қабылдап, оны дыбыс жолына бағыттайды. Дыбыс жолы дыбыс толқынын ортаңғы құлаққа өткізеді. Сыртқы құлақ пен ортаңғы құлақ арасын дабыл жарғағы бөліп түрады. Ол өзіне жеткен дыбыс толқынын ортаңғы құлаққа өткізеді.
Дабыл жарғағының арғы жағындағы дабыл қуысында бір-бірімен буындана байланысқан есту сүйекшелері - балғашық, төс және, үзеңгі орналасады. Балғашық дабыл жарғағына, ал узеңгі - ішкі құлаққа баратын солақша тесікті жауып түратын жарғаққа бекиді. Аталған сүйекшелер арқылы дыбыс толқыны дабыл жарғағынан сопақша тесікті жауып түратын жарғаққа беріледі. Сүйектің ерекше байланысының және үзеңгі ауданының дабыл жарғағы беткейінен көп кіші болуының салдарынан дыбыс толқынының
күші 40-60 есе артады. Дыбыс тым күшейіп кетсе құлақ қуысының еттері жиырылып, дабыл жарғағы керіле түседі де, сүйектер қимылы шектеліп, дыбыстың әсер күші азаяды.
Ортаңғы құлақты ішкі құлақтан бөліп тұратын сүйекгі қалқанда екі тесік болады. Олар жүқа дәнекер үлпалы жарғақпен жабылған дөңгелек және сопақша тесіктер. Дөңгелек тесікті иірім тутіктер (улу) терезесі дейді. Одан сәл төменірек орналасқан сопақша тесікгі -сага (кіреберіс) терезесідт атайды.
Ішкі құлақ, немесе шытырмақ (лабиринт), самайдың қайыршық сүйегінің ішінде жатады. Ол бірінің ішінде бірі орналасқан сүйекті және жарғақты шытырмақтан түзілген. Бұл екі құрылымның арасыңда периаимфа, ал жарғақты лабиринтгің ішіңде эндолимфа (ішкі сұйық) болады.
Сүйекті лабиринт үш құрылымнан - сағадан (кіреберіс), иірімді түтіктен (ұлудан) және жартылай дөңгелек түтіктерден, - түрады. Саға мен иірімді түтік есту мүшесін қүрайды. Ал сағада орналасқан қапшықтар мен жартылай доңгелек түтіктер тепе-тендік (вестибулалық) аппараты болып табылады. Демек, ішкі құлақта есту және тепе-тендік мүшелері орналасқан.
Саға - кішқентай қуыс. Ол сопақша және деңгелек қапшықтарға болінеді. Сопақша қапшық жартылай дөңгелектүтіктермен, ал дөңге-лек қапшық - иірімді түтікпен жалғасады.
Иірімді тутік (ұлу) - орталық білікті бойлай спираль тәрізді екі айнальш жасай орналасқан иірімделген құрылым. Рейснер мембра-насы мен негізгі мембрана арқылы ол үш жіңішке арнаға - сопақша тесіктен басталаіын сага өзегіне, дөңгелек тесікпен жалғасатын дабыл өзегіне және иірімді тутік өзегіне, - бөлінеді. Алғашқы екі өзек иірімді түтіктің төбесінде бір-бірімен тар тесік - геликотрема, - арқылы жалғасады және олардың қуысы перилимфамен толған. Ал, иірімді түтік өзегі эндолимфамен толады да, мұнда дыбыс толқынын қабылдайтын Корти мүшесі орналасады.