Стиль Катхак в системе индийского классического танца

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 17:04, реферат

Описание

Объект исследования: Катхак как один из стилей индийского классического танца.
Предмет исследования: особенности исполнения стиля Катхак, его основные школы и их отличительные черты.
Актуальность темы определила ее основные цели и задачи: основной целью исследования является определение места и значения стиля Катхак, обозначение его специфических особенностей в общей системе индийского классического танца и, вместе с тем, полного раскрытия истории индийского танца для казахстанского исполнителя.

Содержание

Введение
1. Различие стилей индийского классического танца
1.1 История Развития индийского классического танца
1.1.1 Индийский классический танец: Бхаратанатьям
1.1.2 Индийский классический танец: Катхакали
1.1.3 Индийский классический танец: Одиси
1.1.4 Индийский классический танец: Манипури
1.1.5 Индийский классический танец: Кучипуди
1.1.6 Индийский классический танец: Мохиниатт
1.2 История Катхак: Гхараны (школы) в индийском классическом стиле Катхак.
1.2.1 Джайпур гхарана
1.2.2 Лакнау гхарана
1.2.3 Бенарес гхарана
1.2.4 Три разновидности Нритта, Нритья, Натья.
1.2.5 Оновные эмоции и Хасты (жесты рук)
2. Знаменитые танцоры стиля Катхак
2.1 Раджендра Гангани
2.2 Прерна Шримали
2.3 Биржу Махарадж
2.4 Сасвати Сен
Заключение
Список использованных источников

Работа состоит из  1 файл

Тохтиева Шахризат Аблахатовна реферат.doc

— 372.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

                                                                                                        Ғылыми жетекшісі:

                                                                                                      Өнертану кандидаты

                                                                                                Шәнкібаева Әлия Бақытжанқызы

 

 

 

                                                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2011 ж.

         

 

    Мазмұны

 

Кіріспе

1.тарау. Үнді классикалық би стильдерінің айырмашылығы

         1.1 Үнді классикалық биінің даму тарихы

 1.1.1 Бхаратанатьям үнді классикалық биі

1.1.2 Үнді классикалық биі: Катхакали

1.1.3 Үнді классикалық биі: Одисси

 1.1.4 Үнді классикалық биі: Манипури

1.1.5 Үнді классикалық биі: Кучипуди

1.1.6 Үнді классикалық биі: Мохиниаттам

        1.2  Катхак тарихы: Катхак  үнді  классикалық стилінде гхараналар (мектептер)

         1.2.1 Джайпур гхарана

         1.2.2 Лакхнау Гхарана

         1.2.3 Бенарес Гхарана

         1.2.4 Үш түрі: Нритта, Нритья,  Натья

         1.2.5 Негізгі эмоциялар және Хасталар (қол қимылдары)

2.тарау. Катхак  стилінің әйгілі бишілері 

        2.1 Раджендра Гангани 

        2.2 Прерна Шримали

        2.3 Биржу Махарадж  

        2.4 Сасвати Сен

 

  Қорытынды

Пайдаланылған әдебиет тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе 

    

Қазақстандықтардың мәдени ой өрісін кеңейту үйлесімді дамыған  тұлғаның, Қазақстаннның әлемнің  ең дамыған  50 елі санатына кіруінде толеранттылықтың қалыптасуының қажетті  шарты болып табылады. 

Үндістан достастық  мемлекет болып табылады, президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев атап айтқандай Қазақстан және Үндістан әр түрлі қызмет салаларында, ең алдымен мәдениет алаңында ежелден достық байланыстарды жалғастыруда.

Қазақстандықтардың айтарлықтай  бөлігінің жалпы үнді мәдениетіне  және атап айтқанда үнді биіне қызығушылығы тіл құралдарының үлкен айырмашылығымен және Үндістан өнері құпияларына жанасу тілегімен шартталған.

Зерттеу тақырыбының  өзектілігі. Үнді мәдениетіне қызығушылық  ХХ ғасырдың екінші жартысында үнді кинематографы арқылы қалыптасты. Кеңес кезеңінің бірқатар зерттеушілері атап өткендей, ол жерде динамикалық, пластикалық, көріністік және үйреншіктіден тыс айқын (мимика, қимылдар, тұрғылар және т.б.) билеу мәдениетінің өзі аса тартымды болды.

Алайда екінші жағынан  алғанда, Үндістан би мәдениеті қазақ көрермені үшін экзотика болуда, ал үнді биінің тілі – қимылдары, мимикасы, ишараттары, дене тұрғысы және көптеген басқа тіл құралдары қазақстандық кең аудиторияға әлі де белгісіз. Тіл білмеу үнді өркениетінің қазыналарының қақпасын жабады. Осы тақырыпқа бет бұру заманауи би қоғамында үнді классикалық биін зерттеуге және орындауға  түрткілер бар болғандығынан туындаған. Бұл оң сарындар болғанмен, осындай жағдайда болмауы тиіс айтарлықтай қателер байқалады. Мысалы, теледидар бойынша хабарларда және концерттерде бишілер сол уақытта әнде өздерінің білезіктер мен аяққа арналған қоңырауларды киіп жатқандары туралы айтылып жатқанын білместен үнді биін орындай отырып, би қимылдары және ишараттары көмегімен аспанды, гүлдерді, көздерді көрсеткенін көруге тура келді.  Екінші мысал: орындаушылар биде Анжали (сәлемдесу) ишаратын қолданды, сонымен қатар олар оны бас үстінде, қас арасында және кеуде алдында (бастың үстінде Құдайларға сәлемдесу, ұстаз үшін – қас арасында, ал ғалымдар және адамдар үшін – кеуде алдында), ал әнде болса, оның айнаның алдында киіне отырып, өз-өзіне тәнті болғаны туралы айтылады. 

Катхак стилін әдістік  зерттеу туралы мәліметтердің болмауы, сондай-ақ кәсіпқой бишілер және бұл  бидің негіздерімен танысқысы келген барлық адамдарға стильдің негізгі құрамдастарын ашып көрсету «Үнді классикалық би жүйесінде Катках стилі» зерттеу тақырыбының өзектілігін белгіледі.

Осы және басқа бақылаулар және қалыптасқан жағдайлардан мысалдар осы ғылыми-зерттеу жұмысының қажеттілігінің негіздемесін белгіледі.

Зерттеу нысаны: Катхак үнді классикалық биі стильдерінің бірі ретінде.

Зерттеу тақырыбы: Катхак стилін орындау ерекшеліктері, оның негізгі мектептері және ерекше белгілері.

Тақырыптың өзектілігін  оның негізгі мақсаттары және міндеттері белгіледі: зерттеудің негізгі мақсаты Катках стилі орнын және маңызын анықтау, оның үнді классикалық биі жалпы жүйесінде арнайы ерекшеліктерін белгілеу және сонымен қатар қазақстандық орындаушы үшін үнді биі тарихын толық ашып көрсету болып табылады.  Мақсатты айқындау үшін келесі міндеттер қойылды:

1) стильдің негізгі  қимылдары және тұрғыларының  сапалық сипаттамаларының әдістік  талқылауын жүзеге асыру. 

2) Стильдің ерекшеліктерін  және оның үнді биінің басқа  стильдерінен ерекшелігін ашып  көрсету үшін стильдің негізгі қимылдарының  анағұрлым дәл мағыналық мәнін беру.

3) заманауи Катхак  үнді классикалық стилі әйгілі 4 орындаушысы шығармашылығын талдау  мысалымен олар ұсынған би  мектеп ерекшелігін ашып көрсету.

Зерттеу барсында келесі гипотеза қойылады:

Үнді мәдениеті феноменін құрылымдау ондағы Катхак стилінің орнын анағұрлым дәл анықтауға және оның толық сипаттамасын беруге мүмкіндік береді, бұл хореография мамандарына осы стильді үйретудің дұрыс әдістемелерін әзірлеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Зерттелгендік деңгейі. Қазақстандық өнер тануда Үндістан классикалық биі туралы мәліметтер өте аз. Бұл мәселе елдің өзінде кеңінен түсіндіріледі.  Үндістан би өнері туралы жетекші би тарихшысы, сыншы, үнді биі бойынша бар болған үнді классикалық биінің 7 стилі егжей-тегжейлі сипатталған,  олардың ішінде Катхак стилін сипаттайтын «Үнді би өнері», Кучипуди өнерін сипаттайтын  «Үнді би өнері», «Өткен 25 жыл ішіндегі үнді өнерінің орындаушылық түрлері», «Үнді би өнері» - Бхаратанатьям және тағы басқалар бар 12 кітаптың авторы Доктор Сунила Котхори, Бхаратанатьям стилінің әйгілі бишісі,  балетмейстер және «Қуаныштағы ырғақ», «Үнді классикалық билеріндегі қуаныш» кітаптарының авторы  Лила Самсон секілді авторлардың   ағылшын тілінде көптеген монографиялары және оқулықтары жазылды. Шована Нараян Катхак стилінің ең әйгілі бишілерінің бірі, үнді классикалық биі туралы 10 кітаптың авторы болып табылады. Бұл кітаптардың барлығы ағлдшын тілінде жазылған.  

Орыс тілінде 1963 ж. «Искусство»  баспасы тарапынан әйгілі драматург  және публицист Балвант Гаргидің  «Үнді театры және биі» кітабы жарық көрді, ол жерде автор жалпы алғанда көріністік өнердің туындау көздерін тамаша сипаттайды, әрбір тарауда белгілі бір түр сипттамасы берілген бұл кітапта Үндістан өнерінің барлық түрлері қамтылған.   Автор драматург ретінде, ең алдымен үнді театры және биінің эмоциялық жағын көрсетіп, содан кейін ғана олардың қасиеттерін анықтаған. Кітапта қазір бар болған үнді классикалық биінің жеті стилінің төртеуінің сипаттамасы берілген. Бұлар - бхаратнатьям, катхакали, манипури және катхак. Катхак стилі – біздің зерттеуімізде қарастырылған тақырып бір мектеппен және бір орындаушы мысалымен ұсынылған.

Интернетте үнді биі  сайтында барлық қалаушылар үшін қандай да болсын стильді орындау дағдыларын алуға жағдай жасайтын бейнесабақтар секілді көптеген дереккөздерді табуға болады.  Әрине, бұл нұсқалар үнді биімен анағұрлым кеңірек танысуға және сауықтыру әсерін алуға жағдай жасайтын  әуесқойлар үшін бейімделген, қағидаға айналдырылған үнді биі қатаң түрде бір стильді зетттеуді, би шебері аталу үшін оның барлық құпияларын үйренуді жөн көреді. 

2004 ж. РГГУ баспа  орталығы С. И. Рыжакованың   «Үнді биі – рухани жаңғыру  өнері» кітабын басып шығарды.  Кітап Үндістанның би өнеріне,  ең алдымен үнді классикалық  биіне арналған. Кітапта үнді орындаушылық өнерінің негізгі ерекшеліктері сипатталған, үнді биі тарихы және теориясының очеркі берілген,  классикалық стильдер - катхак, бхаратнатьям, кучипуди, одисси, катхакали, мохини-аттам, манипури егжей-тегжейлі сипатталған. Алайда онда Үндістан биінің «айналасындағыларға», оның музыка өнерімен, сурет және мүсін өнерімен, діни ғибадаттармен, драматикалық көріністермен, әдеттегі мәдени  ахуалмен байланысына да көп көңіл бөлінген.  Кітап би алаңындағы мамандармен қатар Шығыс өнеріне және рухани мәдениетіне қызығушылық танытқан оқырмандардың кең аясына арналған.  

Қазақстандық өнер тануда  Г.Саитова және О.Шубладзенің «Шығыс билері» Алматы, 2007 Әдістемелік құралында 5 стиль сипатталды, мұнда әр стильдің туындау тарихының қысқаша сипаттамасы берліген. Авторлар бхаратанатьям стиліне толығырақ тоқталған: буындардың кейбір қалыптары, қолдардың қалыптары, саусақтардың, білезіктердің және қолдардың қимылдары, бас, көз, дене және аяқ қимылдары, кейбір жүрістер берілген.

Көптеген жылдар бойы 1998 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстанда үнді классикалық биі Бхаратанатьям стилін зерттеу бойынша белсенді педагогикалдық қызметті кәсіпқой орындаушы, хореограф және оқытушы Ақмарал Қайназарова жүргізуде.

Үнді классикалық биі  және атап айтқанда Катхак стилі туралы мәліметтердің жетіспеушілігі осы стильді зерттеу бойынша мәліметтерді ашып көрсету тілегі зерттеліп отырған тақырыптың ғылыми жаңалығын анықтады. Үнді биі – бұл үндістердің ежелгі космогендік ұғымдары туралы өзіндік әңгімелеу. Үндістан би өнеріндегі политеизм, көп құдайшылдық адам сенгісіз ауқымдарға жеткен әлемнің ең айрықша діні индуизм көрінісі бар. Әрбір ишарат, көзқарас, қозғалыс қандай да болсын жағдайда және т.б. өзіндік білімдерді жеткізу болып табылады. Бұл ерекшеліктердің барлығын білу, барлық детальдерді стильге және ән мәтнінің мәніне қарай қолдана білу, орындаушыларды орындалып жатқан үнді биінің қыр-сырын үйренуге мәжбүр қылады.  Бүгінгі таңда Катхак стилі қазақстандық зерттеушілер зерттеу алаңында ең аз зерттелген би болып табылады.  Осы ғылыми жұмыс Катхак стилін, оның қайталанбас әсемдігін және Үндістан классикалық биі жүйесіндегі маңыздылығын талдаудың анағұрлым толық тәжірибесі болып табылады. 

Қорғауға шығарылған негізгі ережелер. Үндістан би мәдениеті күрделі құрылым болып табылады.  Әр түрлі стильдері бар классикалық билерді және халық билерін айыра білу қажет, бұл күрделі жүйе элементтерінің әрбірі арнайы көрсету құралдарына, музыкалық сүйемелдеудің, костюмнің, атрибутиканың, сюжеттік желілердің жұмыс істеу салаларына ие. Осыған сәйкес қандай болсын сезімнің әрбір көрінісіне өз қағидаларында қатаң сақталған ишараттар және тұрғылар сәйкес келеді. Сегіз стильдің әрбірінде кездесетін бұл элементтер өзіндік орындаушылық ерекшеліктерге ие, бұл олардың бір-бірінен айырмашылығы болып табылады. 

Осы жұмыста сәйкесінше Катхак стилінің орындалған қимылдардың  бастапқы қалпын және дәлдігін сақтау, стиль нормаларының орындалу қатаңдығын ұғу үшін үнді классикалық биі  жүйесіндегі маңыздылығы ережесі  алға тартылады.

Ғылыми зерттеу нақты  мысалдарға және қорытындыларға сүйенген оның нәтижелері барлық Катхак стилін зерттеушілер үшін өте маңызды болатындығынан тұратын белгілі тәжірибелік маңыздылықты жөн көреді.  Стильмен этникалық шыққан жерінен алыста кәсіпқой деңгейде танысу мүмкіндігі қоғамда толеранттылықтың дамуына және қазақстандық халық биі мектебі алуан түрлілігін байытуға жағдай жасайды деп болжануда. 

Ғылыми жұмыстың негізгі  ережелерін ашып көрсету,  оның Титулдық беттен, Мазмұннан, Кіріспеден, екі  тараудан тұратын Негізгі бөлімнен, Қорытындыдан, Пайдаланылған дереккөздер тізімінен, қосымшадан тұратын құрылымында көрсетілді.

 

Тарау 1. Үнді классикалық би стильдерінің айырмашылықтары

        1.1 Үнді классикалық биі даму тарихы

Үнді билері Үндістан  мәдениетінің ең жарқын элементтерінің бірі болып табылады. Үнді биін классикалық және халықтық деп бөлу қабылданған. Классикалық билер қимылдары біздің ғасырымыздың 100-300 жылдары арасындағы кезеңдегі "Натьяшастра"кітабындағы әр түрлі би, пантомима және драма  түрлерін бірге жинақтап, қағидаластырған аты аңызға айналған  Бхарат Муни тарапынан қағидаландырылды. "Натья-Шастреде" негізгі терминдердің түсіндірмелері берілген: «натья» - санскрит тілінде  осы ұғымдардың ажырамастығын көрсете отырып, «би» және «драма» дегенді білдіреді.  Бхарата толықтай тарихты баяндайтын пантомима би «нритье» туралы және онда билеуші ырғақ стихиясына толықтай берілетін  бидің нағыз таза түрі «нритте» туралы айтады. «Бұл барлығын толық қамтыған трактат грим және костюмдердің ең ұсақ ерекшеліктеріне дейін қарастырады; онда қоюшыға егжей-тегжейлі нұсқаулар бар,  драманың эстетикалық қағидалары баяндалған және әр түрлі сезімдерді жеткізуші актерлік ойын тәсілдері, ең күрделі тұрғылар, мойын, кеуде, көз қимылдары, әр түрлі жүрістер, актер киімінің түсі, оның әшекейлері және т.б.  толық сипатталған. Біз ежелгі заманның ешбір құжатында «Натьяшастредағы» секілді драматургияның толық және егжей-тегжейлі талдауын таба алмаймыз. [1, 13]

 Үнді биі терең  рухани негізге ие, түп-тамыры  мифологияға және дінге бойлайды.  Ежелгі Үндістанда туындай отырып, заманауи сатысында ол төмендегі стильдердің әр түрлілігінен тұрады:

Бхаратанатьям Тамилнад штатынан

Катхак Уттар-Прадештен

Одисси Орисса штатынан 

Катхакали Керал штатынан

Манипури Манипур штатынан

Кучипуди  Андхра-Прадеш штатынан

Мохиниаттам Керал штатынан

Стильдердің әрбірі мимика және ишараттардың, би палары және эмоциялардың ерекше тілі болып табылады. Үнді классикалық  биінің барлық нысандары елде бүгінгі  таңда да кең таралған. Барлық классикалық  билер бір-бірінен қимылдары және костюмдерімен көп ерекшеленеді.   

1.1.1 Бхаратанатьям  үнді классикалық биі 

«Бха» буыны «бхава»  — сезімдер, эмоциялар; «ра» — «рага» — әуен, «та» — «талам» — ырғақ  өнері, «натьям»  би дегенді білдіреді. Оның тақырыптық және музыкалық құрылымы сарай маңы танджавур музыканттары тарапынан құрылған.

Бастапқы қалпы тік  кеуде, бүгілген тізелер және алшақ  қойылған табандар – биге бір уақытта  қатаң және нәзік симметриялылық береді, бұл көз және бет бұлшық еттерінің айқын, дәлелді  ойынымен күшейеді.

Информация о работе Стиль Катхак в системе индийского классического танца