Ақпараттық Қазақстан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 10:50, курсовая работа

Описание

Қазақстан 2020 жылға дейін Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде алғашқы 35 мемлекеттің тізіміне енуі қажет;
«Электрондық үкімет» индексінде ( БҰҰ-ның әдістемесі бойынша) 2020 жылға дейін алғашқы 25 мемлекеттің тізіміне енуі қажет;
Қазақстан Республикасының үй шаруашылықтарының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының қолжетімділігі - 100%;
Интернет желісін қолданушылар саны 2020 жылы - 75 %;
Қазақстан халқын эфирлік цифрлық телерадиохабарларды таратумен қамту – 95%;

Содержание

Бағдарламаның паспорты
Кіріспе
Ағымдағы жағдайды талдау
Бағдарламаны іске асырудың мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштері
Бағдарламаның негізгі бағыттары, алға қойылған мақсаттарға жету жолдары және тиісті шаралар
1. Мемлекеттiк басқару жүйесін тиiмдi қамтамасыз ету
1.1. Ақпараттандыру арқылы мемлекеттiк басқару жүйесін оңтайландыру
1.2 Мемлекеттік органдарының ашықтығы
1.3 «Электрондық үкіметі» дамыту
1.4 Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру жаңа моделін енгізу
1.5 АКТ құқық тәртібін, қоғамдық қауіпсіздікті, техногенді апаттар мен дүлей апаттардың тәуекелдерінің төмендеуін қамтамасыз ету үшін
2. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету
2.1 Қазақстан Республикасы үй шаруашылықтарындағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігі
2.2 АКТ-нарығын ынталандыру
3. АКТ-ны енгізу арқылы өмір сүру сапасы мен шарттарын арттыру
3.1 Адами капиталды дамыту
3.1.1 АКТ саласындағы мамандардың компьютерлiк сауаттылығы мен білім деңгейін арттыру
3.1.2 АКТ білім және ғылым саласында
3.2 Электрондық денсаулық сақтауды дамыту
3.3 Электрондық коммерцияны дамыту
3.4 Электрондық экономиканы қалыптастыру
3.4.1 АКТ өнеркәсiп саласында
3.4.2 АКТ көлік жүйесінде
3.4.3 АКТ агроөнеркәсiп кешенiнде
3.4.4 Энергия үнемдеу және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы үшін зияткерлік жүйелері
3.4.5 АКТ экология және гидрометеорология саласында
3.4.6 АКТ туризм саласында
3.4.7 АКТ дене тәрбиесі мен спорт саласында
4. Отандық ақпараттық-мәдени кеңістікті дамыту
4.1 Отандық бұқаралық ақпарат құралдарын жаңғырту
4.2 Отандық ақпараттық-мәдени контент өндірісін ынталандыру
4.3 Мемлекет қызметін ақпараттық сүйемелдеу
5. Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңдері
6. Қажетті ресурстар
7. Бағдарламаны іске асыруды басқару схемасы және құралдары

Работа состоит из  1 файл

Ақпараттық Қазақстан.docx

— 118.84 Кб (Скачать документ)

Көлікте қылмыстық және төтенше  жағдайлар орын алған жағдайда ден  қою қызметтеріне ақпаратты жедел түрде ұсыну;

мынадай міндеттерді орындауға бағытталған ЗКЖ енгізіледі:

 

көлік лектерінің параметрлерін мониторингілеу;

жол қозғалыстарын реттеу және ұйымдастырудың техникалық құралдарын басқару;

жол жүру ережелерін бұзушылықты фотобейне тіркеу;

әлеуметтік көліктерді басқару (арнайы көліктің борт жүйелерін біріктіреді (маршруттандыру, ақпараттандыру, шешім қабылдауды қолдау және басқалары), төтенше жағдайларға тиімді жауап беру үшін арнайы көлікті байланыс құралдарымен, ақпараттық жүйелермен қамтамасыз етеді, төтенше жағдайлар аумағында экипаждың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және басқалары);

заттектердің шығарылуын бақылайды (олар туралы мәліметтерді жинайды және аталған мәліметтерді басқарады);

логистика және көлікті басқару (жүк тасымалдарын басқаруды қамтамасыз етеді);

ақпараттық порталдар  мен бұқаралық ақпарат құралдарымен ықпалдастықты қамтамасыз ету (жол  жүру қатысушыларын қажетті маршруттық және басқа да ақпаратпен қамтамасыз етеді), сондай-ақ, Интернетте қажетті ақпараттық интерфейстерді ұсыну, борттық құрылғылармен өзара ықпалдастықты қамтамасыз ету;

парковкаларды басқару (тегін  және ақылы парковкаларды басқару, тарифтерді дайындау, парковкалар бойынша  көлік құралдарын бөлу (бұдан әрі - КҚ) және бос орындардың болуы туралы хабарландыру);

көлікті маршруттандыру (ағымдағы және болжамды жағдайды есепке ала отыра);

КҚ басқару (транзиттік көлікті маршруттандыру, транзиттік көліктің қозғалысын жоспарлау (сервистің орнатылған деңгейін сақтап тұру, мәселен, жолдағы уақыт), транзиттік көлікті басқару үшін қажетті борттық жабдықтарды біріктіру);

коммерциялық көлікті бақылау (шекарадан өту, жүктің салмағын бағалау, қауіпті жүктерді тасымалдау кезіндегі экологиялық параметрлерді қосқанда барлық маршрут бойынша көлік құралдарын сүйемелдеу);

коммерциялық көлікті  басқару (жол-көлік апаттарын тіркеу, жүктің қауіпсіздігі, жүргізушіні аутентификация және басқалары, коммерциялық КҚ борттық  жүйелерін біріктіреді);

жүк және жолаушылардың автокөлік құралдарының салмақты және аумақты параметрлерін сақтауды бақылау;

 бірыңғай деректер  қорына т/ж, су және автомобиль  көліктері саласында жедел ақпарат алу;

техникалық тексерістен  өткен автокөлік құралдарының бірыңғай ортасы;

 «Ақылды аялдама» мүмкіндіктері  шектелген тұлғалардың қажеттілігін  есепке алатын және келесіні  қамтамасыз ететін кешенді ақпараттық жүйесі енгізіледі:

 

көліктің аялдамаға келіп тоқтайтын уақыты туралы жолаушыларды шынайы уақыт режимінде ақпараттандыру;

жолаушыларды маршрут  нөмірлері мен осы жолмен жүретін қоғамдық көлік түрлері туралы ақпараттандыру;

жолаушыларды қоғамдық көлік  жұмысы туралы ақпараттандыру:

жол жүру кестелеріндегі өзгерістер;

жол жүру маршруттарындағы өзгерістер;

жол жүру төлемдері тарифтерін өзгерту;

қылмыстық және төтенше жағдайлардың орын алуы;

дабыл түймесін басу арқылы ситуациялық орталық және төтенше  жағдайлар қызметінің диспетчерін  шақыру мүмкіндігі бар, қоғамдық көлік және аялдамада бейнебақылау жүйелерін енгізеді;

мобильді құрылғылар арқылы билеттерді брондау, жол жүру төлемдері жүйелерін енгізу (билеттер штрих-кодтармен және бар-кодтармен жарақтандырылады, бұл билеттерді электрондық түрде мобильді телефонда ұсыну мүмкіндігін береді, ал контроллерлер немесе жол серіктер билеттерді арнайы есептеуіштерді тексереді).

 

 

 

3.4.3 АКТ агроөнеркәсіп кешенінде

 

Агроөнеркәсіп кешені (бұдан әрі – АӨК)  қоғам үшін аса маңызды өнім өндірілетін және аса үлкен экономикалық әлеует шоғырландырылған Қазақстан экономикасының құрамдас бөлігі болып табылады.

Аграрлы саласы дамыған жетекші  мемлекеттердің тәжірибесі барлығының «технологиялық революциядан» өткендігін көрсетеді. Классикалық экстенсивті егін шаруашылығы нақтымен (прецизионды) ығыстырылады. Геоақпараттық технологиялар, көп операциялы энергияны үнемдеуші ауыл шаруашылық агрегаттары, өсімдіктердің мол түсімді сорттарының селекциясы және жануарлардың жоғары өнімді тұқымын шығару кеңінен қолданылады.

АКТ ауыл шаруашылығы өнімдерін  өндірушілерді ауа-райы болжамы, ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасы тәрізді пайдалы ақпаратпен қамсыздандыру, сондай-ақ оларды жаңа технологиялар жөнінде хабарландыру аса маңызды рөлге ие.

Тиімді әрі бәсекеге қабілетті  АӨК құру үшін дәстүрлі шығынды емес, инновациялық қорларды үнемдеуші АКТ  енгізуге, шаруашылықтың тиімділігін  арттыруға, өнділетін өнімдердің меншікті құнын төмендетуге нысаналы құралдарды жұмсау қажет.

Ағымдағы жағдайды қысқаша  талдау

Ауыл шаруашылығының неғұрлым үлкен проблемасы жалпы техникалық және технологиялық артта қалушылық, салаға АКТ-ны әлсіз енгізу болып табылады, ал ауыл шаруашылық жұмыстарын жүргізудің әлемдік тәжірибесі қазіргі күннің өзінде АКТ-мен тікелей байланысты.

Қазіргі таңда ауыл шаруашылығында мынадай ақпараттық жүйелер қолданылады: «E-Аgriculture» агроөнеркәсіп кешені салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі, аграрлық саладағы электрондық сауда жүйесі, Электрондық астық қолхат жүйесі. Ағымдағы жылы 12 рұқсат беру қызметін автоматтандыру мен 4 лицензияны беру жүргізіледі.

«Электрондық үкімет»  порталы арқылы ауыл шаруашылығы  саласында екі электрондық мемлекеттік  қызмет көрсетіледі.   Жалпы, осы  салада жыл сайын шамамен 700 рұқсат қағазын береді, 2011 жылы берілген құжаттар саны 6 милионнан асты.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығында мониторингілеу және сәйкестендірудің бірыңғай жүйелері дамымаған. Кеңістіктік ақпаратқа (карта, жоспарлар, сызбалар) байланысты мемлекеттік қызметтердің көп бөлігі автоматтандырылмаған. Кеңістіктік ақпараттар бір аумаққа түрлі нақтылық бойынша, түрлі әдістермен, үйлесім бірнеше мәрте жасалады. Кеңістіктік тіркеу республикалық және жергілікті деңгейдегі түрлі мекемелермен жүргізіледі. Тіркеу жұмыстары деректердің бір ғана түрі бойынша түрлі органдармен жүргізіледі, бұл мемлекеттік қызметтерді көрсетудің мерзімі мен сапасына кері әсерін тигізеді.

Міндеті: Агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін уақтылы, ықпалдастырылған, жоғары тиімді ақпараттық ортаны ұйымдастыру.

Нысаналы индикаторлар:

 

интернет желісіне қолжетімділігі бар АӨК кәсіпорындарының үлесі 2017 жылы – 80 %, 2020 жылы - 100 %;

прецизионды жер шаруашылығын пайдаланатын АӨК кәсіпорындарының үлесі 2017 жылы – 15 %, 2020 жылы – 60 %;

геоақпараттық технологияларды  пайдаланатын АӨК кәсіпорындарының үлесі 2017 жылы 20 %, 2020 жылы – 80 %.

Қол жеткізу жолдары

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін уақтылы, ықпалдастырылған, жоғары тиімді ақпараттық ортаны ұйымдастыру мақсатында мынадай іс-шаралар іске асырылады.

ауыл шаруашылық және су ресурстарын алдын ала қашықтықтан  тексеру жүйесін енгізу бойынша  ұсыныстар әзірленеді.

Прецизионды (нақты) жер шаруашылығын мониторингідеу және дамыту үшін әрі қарай келесі міндеттерді шешуге бағытталған бірыңғай геоақпараттық жүйелерді құру бойынша ұсыныстар әзірленеді:

АӨК бірыңғай цифрлық картаны құру бойынша ұсыныстарды пысықтау;

әртүрлі мемлекеттік органдармен  қолданылатын жер қоры туралы ақпаратты бірегейлендіру;

мемлекеттік органдардың  деректерімен өзара байланысты топография нысандарының бірыңғай жіктеуішін құру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

Топырақтың жағдайын мониторингілеу үшін телеметрия технологиясын пайдалану  мүмкіндігі қарастырылады.

Делдалдық қызметтерді және АӨК тауарларын сату бағаларын негізсіз көтеруді жою үшін электрондық сауда жүйелері арқылы іске асырылады.

АӨК саласында агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық аймақтардың тұрақты дамуын, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін электрондық-ақпараттық ресурстардың, жүйелердің және ақапараттық-телекоммуникациялық желілердің бірыңғай ақпараттық кеңістігі құрылады (АӨК-платформа).

Ауыл шаруашылығы саласында  субсидиялау процессін автоматандыру  бойынша іс-шаралар жүргізіледі.

 

3.4.4 Энергия үнемдеу және  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  үшін  зияткерлік жүйелері

 

          Қазіргі уақытта  энергия тұтынушы  азайту және  өмір сүру үшін қажетті барлық салалардың  энергетикалық тиімділігін арттыру проблемасы бірінші кезекке шығуда.  Заманауи АТК деңгейінің жоғары екенін және шетелдік тәжірибені ескере отырып  оларды халықтың  тұрмысында тұрғын үй-коммуналдық жүйелерінің жұмысы мен  энергиямен жабдықтауда  қолданудағы  зор маңызын атап өткен жөн.

Заманауи  тиімді  тұрғын үй-коммуналдық жүйесі мен энергиямен жабдықтау жүйесін жасаудағы басты бағыт  коммуналдық ресурстарды тұтыну деректер өлшемі мен оларды берудің зияткерлік жүйесін  жасау болуы тиіс.

Ағымдағы жағдайды қысқаша  талдау

Қазіргі уақытта Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту   (бұдан әрі – ТКШ) бағдарламасының шеңберінде  күрделі қорды жаңғыртуға  көп көңіл бөлінуге, алайда  салада  АТК қолдау мәселесі назардан тыс қалуда.

ТКШ объектілерінде  объектілерді диспетчерлеу деңгейі барынша төмен,  инженерлік жүйелер  тиімді бақыланбайды және басқарылмайды, әр түрлі штаттан тыс жағдайлар туындаған кезде жедел ден қою проблемасы да жоқ.

Коммуналдық төлемдерді  жинаудың, өңдеу мен сақтаудың  қазіргі бар жүйесі  ашық емес,  бұл ең бастысы энергия- және ресурс үнемдеудің  жоқтығы өнім берушілерге деген сенімсіздікті тудырады.

Еліміздегі өнеркәсіп және тұрғын үй секторы бүгінде энергия сыйымдылығы бойынша Еуро одақ елдеріндегі осыған ұқсас көрсеткіштен бес есе жоғары.  Мемлекеттік мекемелердің  көп бөлігі (мектептер, ауруханалар және т.б.), сондай-ақ тұрғын үйлер тиімсіз энергия жүйелерімен жарақтандырылған және  жаңартуды талап етеді.

Мақсаты: ТКШ саласында  қызметтер көрсету сапасы мен  АКТ енгізу  есебінен  энергия  үнемдеу тиімділігін  арттыру.

Нысаналы индикатор:

 

технологиялық процесстерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізген табиғи монополиялар субъектілерінің үлесі:

сумен қамтамасыз ету және су бұрғыштау 2017 жылы - 30 %, 2020 жылы - 80 %;

жылумен қамтамасыз ету 2017 жылы - 20 %, 2020 жылы - 80 %;

газбен қамтамасыз ету 2017 жылы – 30 %, 2020 жылы - 50 %;

электр қуатын коммерциялық тіркеуді басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізген, электр қуатымен жабдықтау саласындағы табиғи монополялардың үлесі 2017 жылы – 30 %, 2020 жылы – 90%.

Қол жеткізу жолдары

ТКШ саласында қызметтер  көрсету және АТК есебінен энергия  тиімділігі сапасын  арттыру мақсатына  қол жеткізу үшін  мынадай шаралар  іске асырылатын болады.

Мынадай міндеттерді шешу үшін, сумен қамтамасыз ету, су бұрғыштау, газбен қамтамасыз ету, жылумен қамтамасыз ету және энергиямен қамтамасыз ету жүйелерінде технологиялық процесстерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу:

суды бұрғыштау, су-, жылу-, газ-, электр қуатымен қамтамасыз етудің сенімділігін арттыру;

жабдықтау қызметінің мерзімін арттыру;

техникалық қамтамасыз ету  шығындарын төмендету;

энергияны тұтынуды төмендету;

коммуналдық шығындарды пайдалану  және оларды төлеуге жұмсалатын шығындарды шынайы уақыт режимінде пайдаланушылардың бақылауы;

сумен қамтамасыз ету, буды бұрғыштау және жылумен қаматамасыз ету желілеріне оұқсатсыз қосылуды болдырмау;

инженерлік желілердің жағдайын мониторингілеу және шынайы уақыт режимінде ағынды жерлерді анықтау;

Ғимаратты, құрылымдарды салу, инженерлік желілерді төсеу кезінде  заманауи энерго- және ресурстарды үнемдеуші шешімдерді міндетті қолдануды көздейтін ғылыми-техникалық құжаттар әзірленеді (өзектіленеді).

Заманауи энергияны үнемдеуші  технологияларды өндіріс процессіне енгізу бойынша өнеркәсіп кәсіпорындарын ынталандыру шаралары іске асырылады.

Республиканың барлық қалаларында  сыртқы жарықтандыруды  басқарудың автоматты жүйесі енгізілетін болады.

 

3.4.5 АКТ экологияда және  гидрометеорологияда

 

Табиғи ресурстарды тиімсіз  пайдаланумен және  қоршаған ортаны ластаумен қатар жүретін өнеркәсіпті  дамыту  қоршаған ортаға антропогендік  әсерді азайту бойынша  барынша прогрессивті тетіктер қолдануды талап етеді.  Қазіргі уақытта осындай  механизмдердің бірі  қоршаған ортаны «электронды» күзету деп аталатын  ақпараттық технологияны енгізу болып табылады.

Экономиканың барлық дерлік саласы тікелей немесе жанама түрде  ауа-райының жағымсыз жағдайлары мен  қауіпті гидрометрологиялық құбылыстардың ықпалына ұшырауда. Осы ретте, гидрометрологиялық жағдайлардың әсер ету деңгейі нақты бір саладағы өндірістік қызмет пен технологиялық процесстердің, сондай-ақ, қолданылатын құралдар мен шаралардың сипаттамасына қарай ерекшеленеді.

АКТ  үш бағыт бойынша экология және  гидрометеорология саласында да қолданылады:  АКТ жабдықтарының технологиялық өндірісін жетілдіру жолымен  АКТ секторының өзінде  энергия тұтыну мен зиянды қалдықтарды қысқарту,   өндірістік процестерді жедел басқарудың  бағдарламалық-техникалық кешендері, енгізу және  орнатылған компьютерлік жүйелер арқылы қалдықтарға және  экономиканың басқа секторларында энергия тиімділігін  бақылауды қамтамасыз ету және  қоршаған орта мониторингінің АКТ жүйесін қолдану.

Ағымдағы жағдайды қысқаша  талдау

Қазіргі уақытта Қазақстанда  атмосфераға  газ және қатты түрдегі  улылығы жоғары заттар көптен шығарылуда. Әр түрлі стационарлық көздерден шыққан  қалдықтарының санын салыстыратын болсақ, оның  шамамен 50 % жылуэнергия көздері, ал 33 % - тау-кен және түрлі-түсті металлургия саласы шығарады, ауа бассейнін және қоршаған ортаның өзге де құрамдауыштарын ластайтындардың тағы  бірі – автокөлік болып табылады. Ол шығаратын зиянды қалдықтар, әсіресе, қалаларда,  25-тен 50 %-ға дейінді құрайды.

Су да қарқынды ластану  нысанына жатады. Судың негізгі ластаушысы өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы болып табылады. Антропогенді әсердің салдарынан елдегі барлық дерлік өзендер мен су қоймаларының гидрохимиялық, гидрологиялық және санитарлы режимі өзгеріске ұшырады.

Информация о работе Ақпараттық Қазақстан