Ақпараттық Қазақстан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 10:50, курсовая работа

Описание

Қазақстан 2020 жылға дейін Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде алғашқы 35 мемлекеттің тізіміне енуі қажет;
«Электрондық үкімет» индексінде ( БҰҰ-ның әдістемесі бойынша) 2020 жылға дейін алғашқы 25 мемлекеттің тізіміне енуі қажет;
Қазақстан Республикасының үй шаруашылықтарының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының қолжетімділігі - 100%;
Интернет желісін қолданушылар саны 2020 жылы - 75 %;
Қазақстан халқын эфирлік цифрлық телерадиохабарларды таратумен қамту – 95%;

Содержание

Бағдарламаның паспорты
Кіріспе
Ағымдағы жағдайды талдау
Бағдарламаны іске асырудың мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштері
Бағдарламаның негізгі бағыттары, алға қойылған мақсаттарға жету жолдары және тиісті шаралар
1. Мемлекеттiк басқару жүйесін тиiмдi қамтамасыз ету
1.1. Ақпараттандыру арқылы мемлекеттiк басқару жүйесін оңтайландыру
1.2 Мемлекеттік органдарының ашықтығы
1.3 «Электрондық үкіметі» дамыту
1.4 Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру жаңа моделін енгізу
1.5 АКТ құқық тәртібін, қоғамдық қауіпсіздікті, техногенді апаттар мен дүлей апаттардың тәуекелдерінің төмендеуін қамтамасыз ету үшін
2. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету
2.1 Қазақстан Республикасы үй шаруашылықтарындағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігі
2.2 АКТ-нарығын ынталандыру
3. АКТ-ны енгізу арқылы өмір сүру сапасы мен шарттарын арттыру
3.1 Адами капиталды дамыту
3.1.1 АКТ саласындағы мамандардың компьютерлiк сауаттылығы мен білім деңгейін арттыру
3.1.2 АКТ білім және ғылым саласында
3.2 Электрондық денсаулық сақтауды дамыту
3.3 Электрондық коммерцияны дамыту
3.4 Электрондық экономиканы қалыптастыру
3.4.1 АКТ өнеркәсiп саласында
3.4.2 АКТ көлік жүйесінде
3.4.3 АКТ агроөнеркәсiп кешенiнде
3.4.4 Энергия үнемдеу және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы үшін зияткерлік жүйелері
3.4.5 АКТ экология және гидрометеорология саласында
3.4.6 АКТ туризм саласында
3.4.7 АКТ дене тәрбиесі мен спорт саласында
4. Отандық ақпараттық-мәдени кеңістікті дамыту
4.1 Отандық бұқаралық ақпарат құралдарын жаңғырту
4.2 Отандық ақпараттық-мәдени контент өндірісін ынталандыру
4.3 Мемлекет қызметін ақпараттық сүйемелдеу
5. Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңдері
6. Қажетті ресурстар
7. Бағдарламаны іске асыруды басқару схемасы және құралдары

Работа состоит из  1 файл

Ақпараттық Қазақстан.docx

— 118.84 Кб (Скачать документ)

 

 

 

1.2 Мемлекеттік органдардың  ашықтығы

 

Ағымдағы жағдайды қысқаша  талдау

Қазіргі уақытта халықпен және бизнеспен мемлекеттің диалогының және кері байланысының механизмі құрылды. Барлық мемлекеттік органдармен азаматтар мен бизнес үшін ақпаратты қамтитын интернет-ресурстар құрылды.

Заңды түрде мүгедектер үшін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптар бектіліді.

Мемлекеттік органдардың  интернет-ресурстарындағы ақпараттардың толықтығы мен сапасына бағалау жүргізілуде.

«Электрондық үкімет»  порталында «Виртуалдық қабылдау»  қызметі іске асырылған, онда азаматтар  мемлекеттік органдарға тікелей хабарласады.

Одан басқа, Мемлекеттік  органдар және Үкіметтің бірінші басшыларының блогтары жұмыс істейді, онда әрбір азамат өздерінің түсіндірмелерін қалдырып, қызықтыратын сұрақтарын қоя алады.

Қазақстан Республикасы Президентінің  ресми интернет-ресурсында «Бизнесті  Президенттік қорғау» арнайы тарауы құрылған.

Сонымен қатар, «электрондық үкімет» порталында Үкімет мүшелерінің және билік органдары өкілдерінің қатысуымен интернет-конференция жиі өткізіледі. Осындай конференцияларда азаматтар интерактивті режимде өздерінің сұрақтарына жауаптарды алады.

Үкіметтің өткізілген он-лайн отырыстарының саны 2011 жылы

37 отырысты құрады, он-лайн  конференцияларды саны 40-ты құрады.

Міндет: азаматтардың, бизнестің  және ақпарат қоғамының құқықтары  мен заңдық мүдделерін қанағаттандыру үшін мемлекеттік органдардың қызметінің анықтылығы мен есептілігін арттыру.

Нысаналы индикаторлар:

1. бағдарламаның іске  асыру мерзімі ішінде Қазақстан  Республикасының е-қатысу индексі (БҰҰ әдістемесі бойынша) алдыңғы 5 елдердің санында болуы тиіс;

2. «ашық деректер» порталының  сервистерінде орналасқан белсенді  пайдаланылатын қосымшалардың саны 2017 жылы 50, 2020 жылы - 65 кем еместі құрайды.

Қол жеткізу жолдары

Деректерді жинақтауды жүйелендіру  және мемлекеттік органдардың ақпараттарын құрылымдау мақсатында келесі іс-шаралар іске асырылатын болады.

«Электрондық үкімет»  порталы арқылы азаматтар мен  бизнеске Қазақстан Республикасы Үкіметімен және мемлекеттік органдармен берілетін  жариялы ақпараттың тізбесі кеңейтіледі.

Электрондық ақпараттық ресурстардың объективтілігін, толықтығын және нақтылығын уақытылы беру мақсатында ағымдағы заңнамаға өзгерістер енгізілетін болады, оларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасымен оларды жариялы түрде тарату немесе мемлекеттік органдармен берудің міндетті сипаты белгіленген.

Халықпен сұхбат жасау, көрсетілетін қызметтердің сапасын талқылауға арналған алаң ретінде қызмет ететін, сондай-ақ мемлекеттік органдармен бюджеттік қаражатты жоспарлау және нақты игеру жөніндегі деректерді шоғырландыратын «электрондық үкімет» порталы дамытылады.

Мемлекеттік қызметтерді  көрсетудің тұрақты қоғамды мониторингінің үдерісіне азаматтарды, үкіметтік  емес және басқа да мемлекеттік емес ұйымдар кеңінен тартылады.

Әлеуметтік проблемаларды  мемлекеттік органдармен және халықпен кеңінен талқылау үшін Интернет желісінде әлеуметтік желілер қолданылатын болады, мемлекетті реформалау және жақсарту үдерісіне азаматтарды тартудың механизмі құрылады және іске қосылады.

Мемлекеттік мекемелердің сайттары бірдейлестіріліп және бірыңғай тұғырнамаға көшірілетін болады.

Барлық деңгейдегі және жергілікті өзіні өзі басқару органдарының әкімдерін қоса алғанда мемлекеттік  органдар жұмысының тиімділігін  азаматтармен электрондық бақылаудың механизмі іске асырылатын болады.

 

1.3 «Электрондық үкіметті»  дамыту

 

Ағымдағы жағдайды қысқаша  талдау

2008 жылдан бастап мерзімде  Қазақстанның «электрондық үкіметі»  БҰҰ рейтингісінде 43 позицияға  көтерілді. 2012 жылғы наурыздың басында  жарияланған «Электрондық үкімет  адамдар үшін» БҰҰ Е-Government Survey-2012 рейтінгінде 38-орынды алды. Онлайн-қызметтерінің индексі 10 позицияға өсті. Е-қатысу индексі бойынша Қазақстан Сингапурмен бірге әлемде 2-орынды бөлісті.

Азаматтар мен ұйымдарға  ақпаратты және қызметтерді беру міндеттерінің шешімінде базалық құрауыштар ойдағыдай іске асырылды және «электрондық үкімет» инфрақұрылымы құрылды, осындай жобалар ретінде: электрондық лицензияларды беру, ХҚКО, салықтар мен айыппұлдардың электрондық төлемі, электрондық нотариат, электрондық кеден, электрондық мемлекеттік қызметтер, «электрондық үкімет» Call-орталығы бар.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиімділігін арттыру мақсатында осындай электрондық құжат айналымы, электрондық мемлекеттік сатып  алу, мемлекеттік органдардың порталдары жобалары іске асырылды, Қазақстанның барлық емдеу мекемелерін және медицинаны басқарудың барлық жүйелерін қамтитын е-денсаулық сақтау жобасы енгізілуде.

«Е-Қаржымині» және «Е-Статистика» жобаларын іске асыру аяқталуда.

«Электрондық үкімет»  инфрақұрылымы арқылы мемлекеттік  органдармен халыққа және бизнеске 236 интерактивтік және транзакциялық қызметтер беріледі, оның 108 «электрондық лицензиялау» порталында және 128 «электрондық үкімет» порталында ұсынылады.

«Электрондық үкімет» порталын күн сайын 25 000 аса азаматтар пайдаланады. 13.3 млн. аса е-анықтамалар, оның ішінде 2012 жылғы 1 жарты жылдықта 4 млн. аса е-анықтамалар берілді.

2011 жылы 15% әлеуметтік маңызы  бар мемлекеттік қызметтер электрондық  форматқа көшірілді. 2013 жылда әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді 100% автоматтандыру жоспарланған.

Электрондық мемлекеттік  қызметтерді алу үшін халыққа және бизнеске

1 млн. аса электрондық  цифрлық қолтаңбалар берілді.

«Е-лицензиялау» ақпаратық  жүйесі барлық лицензиарлар мемлекеттік  органдарда, 79 аумақтық лицензиарларларда, 16 жергілікті атқарушы органдардан 8-не енгізілді.

2012 жылғы сәуірдің 1-нен  бастап орталық мемлекеттік органдардың  барлық лицензиялары электрондық  нысанда қалыптастырылуда, 2012 жылғы

9 айда 13 мыңнан аса электрондық лицензиялар қалыптастырылды.

92 лицензияларды оңтайландыру, 80 рұқсат беру құжаттарын автоматтандыру және оңтайландыру жөніндегі жоспарлар бекітілді.

13 сала үшін өнімділіктің, қызметтің қосымшалар деректерінің, технологиялар мен стандарттардың эталондық моделдері құрылды, сондай-ақ оларды толтыру және бұдан былай сүйемелдеу үшін әдістемелер әзірленді.

5 жылға дейін сақтау мерзімімен құжаттарды қағаз тасығыштағы құжаттарды қайталаусыз орталық мемлекеттік органдарды электрондық құжат айналымына көшіру қамтамасыз етілді.

Электрондық әкімдіктерді дамытудың  аясында 20 мемлекеттік қызметтерді  автоматтандыру мүмкіндігімен «е-әкімдік» өңірлік шлюзі» жобасы іске асырылды.

Міндет: «электрондық үкіметті»  мемлекеттің ақпараттандыру құралы ретінде дамыту.

Нысаналы индикаторлар:

 

«электрондық үкімет»  индексі «БҰҰ әдістемесі бойынша» 2017 жылы  алдыңғы 30,  2020 жылы – 25 елдердің қатарында болуы тиіс;

мемлекеттік қызметтерді  берудің сапасымен халықты қанағаттандырудың  индексі 2017 жылы 5 баллдан 4,5 баллды, 2020 – 4,7 баллды құрауы тиіс;

мемлекеттік қызметтерді  көрсету бюрократиясының индексі

2017 жылы 3, 2020 жылы 1 болуы  тиіс;

көрсетілген электрондық  мемлекеттік қызметтердің үлесі  дәстүрлі түрде алынған қызметтердің жалпы санына ара қатынасы бойынша 2017 жылы – 50%, 2020 жылы - 80% құрауы тиіс;

электрондық қызметтердің жалпы  көлемінде мобилдік электрондық  мемлекеттік қызметтердің үлесі 2017 жылы 36%, 2020 жылы 40% құрауы тиіс;

мемлекеттік органдардың  автоматтандырылған функцияларының үлесі  әлеуетті автоматтандырылғандардың санынан 2017 жылы кемінде 80% және 2020 жылы кемінде 100% құрауы тиіс;

аумақта жаңартылған (өзектіленген) картографиялық материалдың үлесі:

М1:500 нақтылықпен қалалар мен кеншарларда: 2018 жылы  – 100%;

М1:2000 нақтылықпен басқа да елді мекендерде: 2020 жылы  – 100%;

М1:10000 нақтылықпен өңделетін жерлерде: 2018 жылы  – 100%;

М1:25000 нақтылықпен өңделмеген жерлерде: 2020 жылы  – 100%.

Қол жеткізу жолдары

Заманауи қолжетімді телекоммуникациялық  желі және Қазақстанның «электрондық үкіметі» ақпараттық қоғамын құрудың инфрақұрылымы болады. «Электрондық үкіметті» дамытудың жаңа маңызды бағыттарының қатарында келесі міндеттер шешілетін болады.

Нақты нәтижелердің қысқаша  итерация және жылдам жетістігіне бағытталған, модульдік қатынасты енгізудің жағына АКТ-жобаларының өмірлік циклы қайта қаралатын болады.

Үлкен емес АТ-компанияларда  АКТ-жобаларына қатысу үшін «кіру табалдырығын»  жою мақсатымен іс-шаралар өткізілетін  болады.

Мемлекеттік басқару реоформаларының  барлық түрлерін негізгі келісілген құрал болатын мемлекеттік органдардың  Бірыңғай ақпараттық-талдамалық ортасы әзірленетін болады.

Мемлекеттің барлық әлеуметтік маңызды инфрақұрылымын (инженерлік желілер, тұрғын үй қоры, жолдар және т.б.) тексеру және паспорттандыру орындалатын болады, жаңа мемлекеттік деректер қоры құрылатын болады.

Мемлекеттік деректер қорын  тіркеу объектілерімен ықпалдастырылған замаманауи, сапалы және толық гео-ақпараттық материалға қолжетімділікті мемлекеттік органдарға беретін бірыңғай ұлттық гео-ақпараттық орта құрылатын болады.

Мемлекеттік деректер қоры, мұрағаттар және ведомстволық ақпараттық жүйелер үшін тарихи мәліметтердің  электрондық түріне жинаудың және ауыстырудың міндеті мемлекеттік деңгейде жүйелі шешілетін болады.

Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызмет үдерістерін  талдау негізінде үлгілік ақпараттық жүйелердің тізбесі анықталатын  болады.Үлгілік ақпараттық жүйелер  «бұлыңғыр сервистер» түрінде ақпараттандырудың жаңа моделінің аясында мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға енгізілетін болады.

Мемлекеттік қызметтерді  беру және оларды автоматтандыру жөніндегі  бизнес-үрдістерді қысқарту және жеңілдету үрдісі жалғасатын болады.

Жергілікті атқарушы органдардың  функциялары автоматтандырылатын  болады.

Әкімшілік құжаттарды нөмірлендіру және кодтаудың бірыңғай жүйесі қарастырылады.

Мобильдік құрылығылар арқылы азаматтарға және бизнеске мемлекеттік  қызметтердің нәтижелерін жедел  ұсыну үшін арналған «электрондық үкіметтің» бағыттарының бірі - «мобильдік үкімет» қарқынды дамитын болады.

Мемлекеттік органдардың  арасында олардың жұмыстарының регламенттерін жетілдіру және Электрондық құжат  айналымының бірыңғай жүйесін (бұдан  әрі - ЭҚАБЖ) енгізу жолымен құжат айналымын айтарлықтай қысқарту жөніндегі жұмыс жалғасатын болады. ЭҚАБЖ жүйесі «бұлыңғыр сервистер» және мобильдік құрылғыларда жұмыс жасау жағына дамитын болады.

Коммерциялық және мемлекеттік жүйелер мен сервистерді ықпалдастыру жөніндегі шаралар қабылданатын болады.

Лицензиялық және еркін бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланудың мәселелері регламенттелетін болады.

«Электрондық үкімет» Call-орталығы базасында мемлекеттік қызметтерді  көрсету, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді  көрсетудің сапасына шағымдарды қабылдау және мемлекеттік қызметтердің мәртебелері  мен даярлығы туралы хабарлау мәселелері бойынша  Бірыңғай Call-орталығы құрылатын болады.

Мемлекеттік және мемлекеттік  емес қызметтерді көрсету мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен  және ұйымдармен заңды және жеке тұлғалардың  ресми ақпараттық өзара іс-қимылы, дербес деректерді пайдалану үшін арналған Азаматтың бірыңғай жеке кабинеті құрылады және енгізілетін болады, ол сондай-ақ мемлекеттік органдармен азаматтардың өзара іс-қимылының бірыңғай нүктесі болады.

Қоғамда электронды-сандық қол (бұдан әрі - ЭСҚ) кеңінен пайдалануға бағытталған жаңа үлгідегі жеке куәліктерге электрондық-цифрлық қолтаңбаларды жазудың инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жұмыстар жүргізілетін болады.

Электрондық қызметтерге  қоғамдық қолжетімділік пункттерінің саны нақты артылатын болады, сонымен қатар қолданыстағы пункттердің құрал-жабдықтары жаңартылады.

 

1.4 Мемлекеттік органдарды  ақпараттандырудың жаңа моделін енгізу

 

Ағымдағы жағдайды қысқаша  талдау

Мемлекеттік органдарда ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігін  арттыру механизмінің бірі «бұлыңғыр есептеу», АКТ-аутсорсингі және тапсырыстарды шоғырландыруды пайдалануға көшуге негізделген ақпараттандырудың жаңа моделін енгізу болып табылады.

Қазіргі уақытта әлемдік  тәжірибеде деректерді өңдеу орталықтарының базасында серверлерді виртуалдау және «бұлыңғыр есептеу» моделдерінің технологиялары кеңінен қолданылады.

Осы технологияларды енгізудің  нәтижелері бюджеттік қаражатты  шоғырландыру және үнемдеу, мемлекеттік  органдардың бизнес үдерістерінің  тиімділігі болып табылады.

Бүгінгі күні Қазақстанда мемлекеттік секторда серверлерді «виртуализациялау» және «бұлыңғыр есептеу» технологияларын енгізу басталды.

2010 жылы Мемлекетттік  органдардың серверлік орталығы  пайдалануға ісуе қосылған болатын, оның базасында 2011 жылдан бастап есептеу ресурстарын орталықтандырылған беру үшін виртуалдау технологиясын қолданумен шоғырландырылған есептеу алаңы көбейтумен collocation (серверлік құрал-жабдықтар үшін бағана-орынды жалға алу) қызметтері беріледі.

«Бұлыңғыр» есептеу базасында «Қазақстан Республикасы мемлекетттік органдарының бірыңғай пошталық жүйесі» жобасын іске асыру және Павлодар қаласындағы Деректерді өңдеу орталығын құру басталды.

Міндет: мемлекетттік органдарда ақпараттық технологияларды қолданудың шығындарын оңтайландыру.

 

Нысаналы индикаторлар:

 

мемлекеттік органдардың  меншікті дата-орталықтары, серверлік  бөлмелері, серверлік құрал-жабдықтарының  саны 2017 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 80%, 2020 жылы – 50% қысқаруы тиіс;

меншікті лицензиялық  бағдарламалық қамтамасыз етуін, меншікті ақпараттық жүйелерін құру және қызмет көрсету қызметтерін сатып алуға  мемлекеттік органдардың шығындарын қысқарту 2017 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 40%, 2020 жылы – 50% құрауы тиіс.

Информация о работе Ақпараттық Қазақстан