Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 10:50, курсовая работа
Қазақстан 2020 жылға дейін Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде алғашқы 35 мемлекеттің тізіміне енуі қажет;
«Электрондық үкімет» индексінде ( БҰҰ-ның әдістемесі бойынша) 2020 жылға дейін алғашқы 25 мемлекеттің тізіміне енуі қажет;
Қазақстан Республикасының үй шаруашылықтарының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының қолжетімділігі - 100%;
Интернет желісін қолданушылар саны 2020 жылы - 75 %;
Қазақстан халқын эфирлік цифрлық телерадиохабарларды таратумен қамту – 95%;
Бағдарламаның паспорты
Кіріспе
Ағымдағы жағдайды талдау
Бағдарламаны іске асырудың мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштері
Бағдарламаның негізгі бағыттары, алға қойылған мақсаттарға жету жолдары және тиісті шаралар
1. Мемлекеттiк басқару жүйесін тиiмдi қамтамасыз ету
1.1. Ақпараттандыру арқылы мемлекеттiк басқару жүйесін оңтайландыру
1.2 Мемлекеттік органдарының ашықтығы
1.3 «Электрондық үкіметі» дамыту
1.4 Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру жаңа моделін енгізу
1.5 АКТ құқық тәртібін, қоғамдық қауіпсіздікті, техногенді апаттар мен дүлей апаттардың тәуекелдерінің төмендеуін қамтамасыз ету үшін
2. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету
2.1 Қазақстан Республикасы үй шаруашылықтарындағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігі
2.2 АКТ-нарығын ынталандыру
3. АКТ-ны енгізу арқылы өмір сүру сапасы мен шарттарын арттыру
3.1 Адами капиталды дамыту
3.1.1 АКТ саласындағы мамандардың компьютерлiк сауаттылығы мен білім деңгейін арттыру
3.1.2 АКТ білім және ғылым саласында
3.2 Электрондық денсаулық сақтауды дамыту
3.3 Электрондық коммерцияны дамыту
3.4 Электрондық экономиканы қалыптастыру
3.4.1 АКТ өнеркәсiп саласында
3.4.2 АКТ көлік жүйесінде
3.4.3 АКТ агроөнеркәсiп кешенiнде
3.4.4 Энергия үнемдеу және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы үшін зияткерлік жүйелері
3.4.5 АКТ экология және гидрометеорология саласында
3.4.6 АКТ туризм саласында
3.4.7 АКТ дене тәрбиесі мен спорт саласында
4. Отандық ақпараттық-мәдени кеңістікті дамыту
4.1 Отандық бұқаралық ақпарат құралдарын жаңғырту
4.2 Отандық ақпараттық-мәдени контент өндірісін ынталандыру
4.3 Мемлекет қызметін ақпараттық сүйемелдеу
5. Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңдері
6. Қажетті ресурстар
7. Бағдарламаны іске асыруды басқару схемасы және құралдары
Бүгінгі күні барлық первпективалы және электр қуатымен қамсыздандырылған ауылдық елді мекендер жеке және/немесе ұжымдық қол жеткізу арқылы 100% телефондандырылған.
2011 жылдан бастап CDMA 450 стандарттағы
ауылдық байланыс CDMA450 технологиясының
EVDO платаларымен жабдықталуы
CDMA 450/EVDO технологиясы абонентерге
деректерді жоғары жылдамдықты
беру қызметіне орналасқан
Ауылдық жерде CDMA 450/EVDO технологиялар бойынша деректерді берудің жоғары жылдамдығы жаңа цифрлық деректерді тығыздау алгоритмін қолдану есебінен жүзеге асырылады. Бұл жағдай CDMA-450 желісі қамтитын аумағының кез келген нүктесінде интернетке жоғары жылдамды қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақытта Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының ауылдық елді мекендерінің тұрғындарының Интернетке сымсыз КЖҚ мүмкіндігі бар.
Бүгінгі күні CDMA/EVDO технологиясын пайдаланатын абоненттер саны – 7 737 құрайды.
3G технологиясы – бұл үшінші буынның ұтқыр байланысы. Оның басты артықшылығы – деректерді берудің, Интернетке қол жеткізудің жоғары жылдамдығы.
Үшінші буынның 3G желілері бейнетелефондық байланыс ұйымдастыруға, ұялы телефонда бейне легін көруге және т.б мүмкіндік жасайды.
2011 жылы ұялық байланыс
операторлары Астана, Алматы қалаларында
және Қазақстан
4G (LTE) технологиясы (Long Term Evolution)
– деректерді 300 Мбит/с дейінгі
жылдамдығымен (деректер
4G технологиясы қол жеткізу
қызметтерінің Интернет
2012 жылдан бастап
Цифрлық телерадио хабарын тарату.
Қазақстан Республикасының бүгін алдында тұрған өзекті міндеті цифрлық технологияларға көшу жолымен телерадио хабарын таратудың барлық ұлттық желілерін жетілдіру болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалды-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасын орындау үшін қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында цифрлық эфирлық хабар таратуды енгізу және дамыту жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.
Жоғарыда көрсетілген Бағдарламаларға сәйкес 2015 жылы эфирлік цифрлық телевидениемен халықтың 95%-ын қамтуды қамтамасыз ету қажет.
Қазіргі уақытта Министрлікпен Қазақстан Республикасында цифрлық телерадио хабарларды таратуды енгізу бойынша келесі жұмыстар жүргізілді:
- жиілік-аумақтық жоспар бекітілді;
- хабар таратудың - DVB T2 стандарты қабылданды.
- 2012 жылғы шілденің 3-де Астана, Алматы, Қарағанды, Жезқазған, Жаңаөзен қалаларында теле хабар таратудың цифрлық эфирлік желісі тестілік режимде пайдалануға енгізілді.
Одан басқа Интернеттің қазақстандық сегментін дамыту үшін КЖҚ қызметтерін көрсету үшін телекоммуникациялық желілерді дайындау, дата-орталықтарды құру, «электрондық үкімет» порталы арқылы берілетін электрондық мемлекеттік қызметтердің саны ұлғайту, мемлекеттік органдардың порталдарын дамыту, әлеуметтік маңызды интернет-ресурстарын құру және электрондық коммерциялар бойынша жобалардың сандарын ұлғайту қажет.
Халыққа және бизнеске берілетін қызметтердің сапасын артыру үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарының (бұдан әрі – ХҚКО) қызметін жақсарту бойынша көптеген жұмыстар жүргізілді. Қажетті нормативтік құқықтық база құрылды, халықты және бизнеске қызмет көрсетудің рәсімдері жеңілдетіілді, сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендеуінің жағымды беталысы байқалады.
Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары, виртуальдық қабылдаулар, интернет-конференциялар арқылы халық және бизнеспен мемлекеттің диалогы және кері байланысы механизмі іске асырылды.
«Электрондық үкімет» инфрақұрылымы арқылы азаматтарға, бизнеске және мемлекеттік органдарға ақпараттарды және қызметтерді берудің міндеттері табысты шешілді.
Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметі» құрылды.
Ақпараттық технологияларды
қолдану және электрондық мемлекеттік
қызметтерді көрсету бойынша
мемлекеттік органдардың
Ғылымды, технологиялардың трансфертін қарқынды дамыту үшін қолайлы жағдайлар құрылған, ғылыми зерттеулер мен әзірлеулерге инвестицияның, бизнес пен университеттің ынтымақтастығының көлемі артуда, ғылымды көп қажет ететін АКТ өндіріске енгізілуде.
«Халықаралық ақпараттық
технологиялар университеті»
2011 жылы «еркін бағдарламалық
қамтамасыз етуі (opensource)» және
«ақпараттық технологиялар»
Салалық АКТ-ны ғылыми-зерттеу институты құрылды.
Алматы қаласында орналасқан
«Ақпараттық технологяилар
Бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі – БАҚ) саласындағы үдерістерді жетілдіру және сауықтыру және ақпараттық контенті өндірудің отандық индустриясын дамыту жөніндегі жұмыстар үнемі жүргізілуде.
Осылай, ағымдағы жағдайды және көшбасшы-елдердің тәжірибесін талдау Қазақстаннның ақпараттық дамудың және мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастырудың ірі көлемді және кешенді мемлекеттік стратегияларын іске асыруда дайындығы туралы растайды.
Бағдарламаны іске асырудың мақсаттары, нысаналық индикаторлары және нәтижелердің көрсеткіштері
Бағдарламаның негізгі мақсаты: ақпараттық қоғамға көшуді қамтамасыз ететін жағдайларды құру.
Бағдарламалық міндеттер:
Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету.
Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Қоғамның әлеуметтік-
Отандық ақпараттық кеңістікті дамыту.
Нысаналы индикаторлар
Қазақстан 2020 жылға дейін Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде алғашқы 35 мемлекеттің тізіміне енуі қажет;
«электрондық үкімет» индексінде ( БҰҰ-ның әдістемесі бойынша) 2020 жылға дейін алғашқы 25 мемлекеттің тізіміне енуі қажет;
Қазақстан Республикасының
үй шаруашылықтарының ақпараттық-
Интернет желісін қолданушылар саны 2020 жылы - 75 %;
Қазақстан халқын эфирлік
цифрлық телерадиохабарларды
елдің ЖІӨ-гі АКТ үлесі – 4%;
Денсаулық сақтаудың бірыңғай желісіне қосылған денсаулық сақтау ұйымдарының үлесі – 100%;
Бірыңғай ұлттық ғылыми-білім беру желісіне қосылған ғылыми-білім беру мекемелерінің үлесі – 100%;
Компьютерлік сауаттылық деңгейі - 80 %;
Қазақстанда тіркелген БАҚ-тың жалпы санындағы электрондық БАҚ-тың үлесі – 100%.
Электрондық түрде төленетін тауарлар мен қызметтердің жалпы айналымындағы қазақстандық интернет-дүкендердің айналым үлесі – 40%.
Электрондық түрде ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің үлесі - 50%.
Бағдарламаның негізгі бағыттары, алға қойылған мақсаттарға жету жолдары және тиісті шаралар
Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету
Негізгі міндеттер:
Мемлекеттік басқару жүйесін ақпараттандыру арқылы оңтайландыру.
мемлекеттік органдардың ашықтығы.
«Электрондық үкіметті» дамыту.
Мемлекеттік органдарды ақпараттандырудың жаңа үлгісін енгізу.
АКТ құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін.
Мемлекеттік басқару жүйесін ақпараттандыру
Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау
Қазіргі таңда мемлекеттік органдардың рұқсат беру жүйесін және бақылау–қадағалау қызметін жетілдіру жөнінде шаралар жүзеге асырылуда, рұқсат беру құжаттарын беру үдерісі автоматтандырылуда, рұқсат беру рәсімдерін ықшамдау жөніндегі нормалар заң жүзінде бекітілген, сондай-ақ тәуекелдіктерді басқару жүйесі негізінде тексерістердің мерзімділігін белгілеуге мүмкіндік жасайтын механизм енгізілген.
Осы шаралардың барлығы мына көрсектіштерге жетуге бағытталған::
уақыт шығындарын және бизнес шығындарын қысқарту;
әкімшілік тосқауылдарды төмендету;
мемлекеттік органның бақылау қызметін реттеу;
халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тиімділігін арттыру.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерін автоматтандыруға және оңтайландыруға бағыттылған бір қатар шаралар жүзеге асырылуда.
Әкімшілік реформалардың катализаторы және құралы ретінде қарастырылуы тиіс ақпараттық технологиялар тиімді мемлекеттік басқару жүйесін құрудың негізгі жолдарының бірі болып белгіленген. Ақпараттық технологияларды мемлекеттік органдардың барлық деңгейінде қолдану бақылау мәселелерін ретке келтіруді қамтамасыз етеді, бизнес –үдерістердің және деректердің қайталануын жібермейді, нәтижесінде бюджеттік қаражат шығынын қысқартуға және халыққа көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға мүмкіндік жасайды.
Міндет: мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру үшін құрылымдық тәсілдемені енгізу.
Нысаналы индикаторлар:
Дүниежүзілік Банктің Doing Business рейтингінде Қазақстан 2017 жылда тізімдегі бірінші 38 елдің қатарында болуы тиіс, 2020 жылда - 35 елдің қатарында болуы тиіс;
мемлекеттік қызмет көрсетудің ең көп уақыты 2017 жылда 5 жұмыс күннен, 2020 жылда - 3 жұмыс күннен аспауы тиіс;
мемлекеттік органдардың өзара ақпараттық іс-қимылын автоматтандыруды қамтамасыз ету 2017 жылда – 80%, 2020 жылда - 100 %.
Қол жеткізу жолдары
Мемлекеттік органдардың «электрондық үкімет» инфрақұрылымын пайдалануы көптеген әкімшілік өзгерістердің қозғаушы күші болып табылады.
Мемлекетті органдардың жұмысының тиімділігін арттыру уәкілетті органмен келісілген әрбір мемлекеттік органға арнағлан құрылымды құру арқылы мемлекеттік органдардың қызметін автоматтандыруды болжайтын құрылымдық тәсілді қолдану арқылы іске асырылады.
Мемлекеттік органның құрылымы
мемлекеттік органның ағымдағы және
жоспарланатын жағдайының егжей-тегжейлі
сипаттамасын қамтитын құжаттардың,
үлгілердің, матрицалар мен диаграммалардың,
сонымен қатар мемлекеттік
қызмет құрылымы;
деректер құрылымы;
қосымшалар құрылымы;
технологиялық құрылымы;
ақпараттық қауіпсіздік құрылымы.
Бірыңғай бизнес-үдерістерді, құжаттардың, стандарттардың және типтік шешімдердің бірыңғай шаблондарын пайдалану есебінен аймақтардағы мемлекеттік органдардың қызметін бірегейлендіруге мүмкіндік беретін жергілікті атқарушы органдардың құрылымы жасалады.
Пысықталған құрылымның негізінде мемлекеттік органдарда орндалатын бизнес-үдерістерді регламенттейтін нақтылы құжаттар әзірленеді.
Бюджеттерді және республикалық деңгейдегі АКТ-жобалардың көбін жүзеге асыруды АКТ-мен басқару үдерісі орталықтандырады.
Олардың стратегиялық жоспарларының бөлігі болатын, барлық мемлекеттік органдарды ақпараттандыру бойынша іс-шаралар әзірленеді. Ақпараттандыру іс-шаралары толықтығына, қарама-қайшылықсыздығына және мемлекеттік органдардың оңтайландырылған сәулетін енгізуге бағытталғандығына қатысты уәкілетті органмен тексеріледі.
Ақпараттандыру жоспарларын толыққанды орындау мақсатында әрбір мемлекеттік органда оны ақпараттандыру үшін жауапты ұйымдық бірлік құрылуы немес әрекет етуі қажет. Мұндай ұйымдық бірліктің мақсаттары мен міндеттері мемлекет көлемінде жүйелендіріледі.
Мемлекеттік органдардың АКТ- бағдарламаларының басшылары үшін мансаптық жүйе және оларды мемлекеттік органдар мен коммерциялық сектор арасында алмастыру механизмі әзірленеді.
Ақпараттық технологияларды пайдалану бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері ашық ақпарат көздерінде жарияланады.
Мемлекеттік органдардың АКТ-жобаларын жүзеге асыру регламенттерін бұзғаны үшін жауаптылыққа тарту шаралары күшейтіледі.
АКТ және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында бірыңғай мемлекеттік техникалық саясат әзірленеді.