Агроөнеркәсіп кешні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2012 в 17:26, курсовая работа

Описание

Агроөнеркәсіп кешені
Агроөнеркәсіп кешені (АӨК) ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және оларды тұтынушыларға жеткізуге қатысатын барлық шаруашылық салаларын біріктіреді.
Агроөнеркәсіп кешенінің құрамына ауыл шаруашылығының өзі, сондай-ақ ауыл шаруашылығын негізгі өндіріс құралдарымен камтамасыз ететін, салалар тобы (ауыл шаруашылық машиналарын жасау және минералдық тыңайтқыштар өндірісі) және ауыл шаруашылық шикізаттарын өңдеумен айналысатын, салалар тобы (жеңіл, тамақ өнеркәсіптері) жатады.
АӨК-нің ауыл шаруашылығын өндіріс құралдарымен қамтамасыз ететін тобы техника, минералдық тыңайтқыш, улы химикаттармен жабдықтап, оны механикаландырылу және интенсивтендірілу деңгейін анықтап, тиімділігін арттырып және өнімдерді дұрыс сақтауға мүмкіндік береді. Бірақ еліміздің қазіргі нарықтық экономика жағдайында өндіріс құралдарымен қамтамасыз ететін тобының даму деңгейі ауьш шаруашылығын техника және химиялық өнімдермен жеткілікті, тұракты қамтамасыз ете алмауда.
Сонымен АӨК дегеніміз ауыл шаруашылык өндірісін өнеркәсіптік негізде дамыту болып табылады. АӨК-нің мақсаты ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, оларды сақтау, сапалы өндеу және дер кезінде халыққа жеткізу. АӨК-нің міндеті халықты тамақ өнімдерімен, жеңіл және тамак өнеркәсіптерін шикізатпен қамтамасыз ету. Ауыл шаруашылығы бүл міндеттерді басқа салалардың көмегінсіз шеше алмайды. Сондықтан ауыл шаруашылығының қажетін және оның өнімдерін өндеуге қызмет ететін өндірістермен өзара байланысы тұрақты кеңейтіп отыруы тиісті.
Қазақстан дәнді дақылдарының негізін бидай алады. Оның жаздық және күздік деген түрлері болады.
Жаздық бидай кысы қатаң, жазы ыстық басым түрде еліміздің Солтүстік Қазақстан экономикалык ауданында егіледі. Негізгі астық өндіруші Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстары. Сонымен бірге, Батыс Қазақстан, Актөбе облыстары. Астық өндірудің екінші маңызды ауданы - Шығыс Қазақстан ауданы және Оңтүстік тау етекті алабы. Орталық Қазақстанда да жаздық бидай егіледі. Қазақстанға ТМД жаздық бидай егіс көлемінің 35 % келеді. Жаздық бидай дәнді дақылдар егіс келемінің 62 % алады. Қазақстанда нан жабу қасиеті, сапасы жоғары, әлемдік нарыкта бағалы бидайдың қатты сорты егіледі.
Елімізідң оңтүстік облыстарында суармалы жағдайда күздік бидай егіледі. Ол күзде себіліп, көктеп шығып, жылы қар астында қалады.
Көктемде өсуін онан әрі созып, ерте піседі.
Күздік қара бидай егіс көлемінің 70 % Батыс Қазақстан ауданына келіп, еліміздің солтүстік облыстарында да өсіріледі. Бидайдың бұл түрлерінің Солтүстік аймақта таралу себебі біріншіден табиғат зонасына байланысты, жер бедері, топырақ жамылғысы, климатына т.б. факторлар әсер етеді.
Азияның бүкіл көшпелі халқы үшін тары басты азыктық дақыл болған. Қазақстанға ТМД тары егісінің 25 % келеді. Құрғақшылыққа тезімді, жоғары шығымдылығы сияқты сапасымен бірге, тары жергілікті халықтың жоғары талабын қамтамасыз етеді.
Тарының негізгі массивтерінің 70 % Батыс Қазақстан, Ақтебе облысы, біраз мөлшері Солтүстік Қазакстанның Павлодар, Ақмола облыстарының құрғақтау оңтүстік-батысы, Қостанайдың Торғай өңіріне келеді. Оңтүстік облыстарда (Қызылорда), Оңтүстік Қазақстан облысы тары суармалы жағдайда өсіріледі.
Бидайдан кейін екінші орыңды арпа алып, жаздығы солтүстік облыстарда, ал күздігі оңтүстікте өсіріледі. Оңтүстік таулы аудандарда табиғат жағдайына онша талғам қоймауы және қысқа вегетациялық мерзіміне байланысты арпаның егіс көлемі басқа дақылдардан басым. Арпа - сыра жасаудың шикізаты.
Сұлы Қазақстанның солтүстік облыстарында жылқы мал азығы ретінде егіледі.
Қазакстанға ТМД күріш егіс көлемінің 25 % келеді. Оның егісінің 90 о/о Қызылорда облысы Сырдария өзені бойына, қалғаны Алматы облысымың Іле өзені бойындағы Акдала массиві, Қаратал өзені бойы және Оңтүстік Қазақстанның Шардара ауданында өсіріледі.
Жүгері - вегетациялық мерзімі ұзақ, жылу өте жеткілікті болу арқылы толық пісіп жетілетін оңтүстік аудандарда (Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары) суармалы жерде дәні үшін өсіріледі. Ал солтүстік облыстарда жасыл массасы сүрлем үшін өсіріледі. Жүгері тамақтық, мал азықтық, техникалық және май алу үшінде қолданылады.
Қарақұмық - Павлодар облысы және Алтайда өсіріледі.
2004 жылы өткен жылмен салыстырғанда шығымдылық төмен болды. Кей аудандардағы кұрғақшылық жалпы өнімге әсер етті. Бірақ астықтың сапасы былтырғы жылғы керсеткіштен едәуір жақсы. Жалпы Қазақстан бойынша 13 875 мың тонна астық жиналып, орташа әр гектардан 9,8 центнер келді. Әсіресе жақсы шығымдылық оңтүстік үш облыстан 15-тен 21,8 центнерге дейін алынды. Мысалы Жамбыл облысының Луговой жылқы зауыты жерінде 6 000 га суарусыз богарлы жағдайда әр гектардан 20 центнерден шығымдылық алынды. Қостанай облысының В.И. Двуреченск шаруашылығында аталынған қүрғақшылықта оданда жоғары шығымдылық болып, ал осықдай жағдайда 6-7 центнерден ғана шығымдылыкка жетті.
Есеп бойынша республиканың ішкі тұтынуына 8,5 млн. тонна азык қажетті. Оның үстіне бізде өткен жылдан 3,5 млн. тонна астық қалды, яғни мемлекеттің азык-түлік кауіпсіздігі қамтамасыз етілді.
Қазақстан ТМД-нъң тек астықты базасы ғана емес, сонымен бірге техникалық дақылдардың маңызды ауданы. Техникалық дақылдарға мақта, қант қызылшасы, темекі, күнбағыс, картоп, зығыр, соя т.б. дақылдар жатады.
Техникалық дақылдарды өсірудің дәнді дақылдардан зор айырмашылығы бар. Өйткені олар кұннің жарығы мен жылуын, суаруды, агротехникалық шараларды, қол еңбегін және қаражатты да көп қажет етеді. Сондықтан техникалық дақылдар

Содержание

1.1. Ауыл шаруашылығына жалпы сипаттама
1.2. Экономикалық аудандардағы шаруашылықтардың орналасуы
1.3. Ауыл шаруашылығы және қоршаған орта.
1.4. Ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін салалар

2.1. Агроөнеркәсіп кешеніне жалпы сипаттама.
2.2. Дәнді – бұршақ және техникалық дақылдарды жинау.
2.3. Зианкестер мен ауруларға қарсы күрес шаралары
2.4. Жер жырту технологиясы.
2.5. Қазақстанның жер қоры.
ҚОРЫТЫНДЫ

Работа состоит из  1 файл

АӨК.курсовая.doc

— 213.00 Кб (Скачать документ)

Республикадағы жеңіл өнеркәсіптің бүгінгі хал-ахуалын Шығыс Қазақстан облысы, дәлірек айтқанда, Семей қаласы жеңіл және тамақ өнеркәсібі негізінде көрсетуді мақсат тұлтық. Себебі, ол Алматы, Щымкентпен қанаттас халық тұтынатын тауар шығарудың маңызды орталығы болып табылады. Соғыстан кейінгі жылдарда мұнда автоматтандырылған техникамен жабдықталған ірі кәсіпорындары бар куатты енеркәсіп құрылды. Жылдар бойы ол қала экономикасының тынысын анықтап отырды. Осындағы кәсіпорындар үлесіне Қазақстанда өндірілетін халық тұтынатын тауарлардың 35 пайызы тиетін. Алайда нарық қатынастарына көшу кезінде Семейдегі жеңіл өнеркәсіп алыптары қатаң бәсекеге дайын еместігін, түтыну сүранымының өзгеруіне жауап қайтаруға кабілетсіз екенін танытты. Кәсіпорындардың амалсыз тоқтатуы әлі жалғасуда. Көбі - толық емес және қысқартылған жұмыс кестесі бойынша жұмыс істейді. Кезінде мәртебесі жоғары сала тоқырауға ұшырады. Осындай жағдайға әкеп соққан себептердің бірі - жеңіл өнеркәсіп пен ауыл шаруашлығы және өңдеу, әсіресе, тамақ өнеркәсібінің көптеген салалары арасьшдағы дәстүрлі байланыстың жойылуы болып табылады. Мысалы. Семей ет комбинаты тоқтағалы - былғары зауытында шикізат жоқ, осыған байланысты былғары-тері бірлестігі, аяқ киім фабрикасы токтап түр. Жүнді алғашқы өңдеуден өткізу фабрикасы (осындай фабрика республикамызда санаулы - Тараз бен Ақтөбеде ғана) жұмыс істемейді, мәуіті-шүға бірлестігі, шүлық фабрикасы тоқтап тұр, тоқымашылар жұмыссыз қалды. Бұлар бір тізбекке тізілген барлығы аграрлық секторға тәуелді. Ал ауьш шаруашылығындағы жағдай белгілі. Бүрынғы Семей облысында қой басы 73,2 пайызға, Шығыс Қазақстан облысында 72 пайызға төмендеді. Семей облысында шошқаның 9,5 пайызы ғана қалды. Өндірілетін жүн мен былғары

республикадан тыс елдерге, көбіне Қытай мен Түркияға шығарылады.

Жергілікті инвесторларды тартқанға карамастан өндіріс көлемінің құлдыррауы тоқталған жоқ.

Тігін жеңіл өнеркәсіптің саласы бола отырьш, калалық және ауылдық едді мекендерде де орналаса береді. Сондай кэсіпорындарға Алматы, Көкшетау т.б. тігін фабрикалары жатады.

Мақта-мата кәсіпорындары әрі шикізат көзі, әрі тұтыну аудандарында орналасады, соның мысалы, Алматы, Шымкент мақта-мата комбинаттары болып табылады.

Кілем және кілем бұйымдарын шығару (өндірісі) республика жеңіл өнеркәсібінің құрамдас бөлігі. Қазақстанда кілем току фабрикалары Алматы, Қызылорда қалаларында қалыптаскан. «Алматыкілем» АҚ-ның тарихи негізі 1936 жылы «Ковровщица» артелі ретінде пайда болған. 1960 жылы механикаландырудың енуімен байланысты артель кілем тоқу фабрикасьша айналды. 1961-1965 жыддары фабрикада механикаландыру интенсивті жүріп, аппараттық-иіру цехында жаңа жабыктар, «Текстима» деп аталатын кілем току станогі қойылды. Ал 1993 және 1996 жылдар аралығында тоқу құралдары ішінара техникалық қайта жарақтаңдырылып, осы заманғы тоқу станоктары орнатылды. Соған сай республикада кілем тоқу көлемі едәуір арта түсті.

Бірақ соңғы жылдардағы ресми рұқсат және «челноктык» Түркия мен Иран арзан кілемдері және кілем өнімдерімен ішкі нарыктың толығуы отандық кілем өндірісі көлемінің елеулі темендеуі және тауар өндірушілердің өнім өткізуін қиындатып, ірі тұтынушылардың импорттық тауарға бағдарлануы орын алуда.

Мех өнеркәсібінің ірі кәсіпорындары Алматы, Орал және Семей қалаларында. Республика мех өнімінің 50 пайызын Алматы мехкомбинатына келеді.

Былғары фабрикалары Павлодар, Петропавл, Тараз жэне Қостанайда шикізатқа бағдарланып орналасқан.

Аяқ киім фабрикалары тұтынушылық фактордың мысалы ретінде Қызылорда, Тараз, Алматы, Қарағанды және Талдықорган қалаларында.

Қарағанды, Жезқазған, Ақтөбе және Шымкент трикотаж өнеркәсібінің орталықтары болып табылады.

Фарфор-фаянс өнімдері Астана, Қапшағай қалаларында шығарылады.

Шымкент, Қарағанды шөлкей-носки, ал Қостанай мен Өскемен химиялық талшықтар өндірістерінің орталықтары.

 

 

 

 

 

Тамақ өнеркәсібі

 

Тамақ өнеркәсібі ауыл шаруашылық шикізаттарын өңдеп, халыкты тұтыну заттарымен, яғни тамақ өнімдерімен қамтамасыз етеді. Тамақ өнеркәсібі шикізатты өңдеп тамақ өнімдерін шығаруда ауыл шаруашылығы және балық кәсіпшілігімен байланысты.

Шикізат түріне карай тамак өнеркәеібі 4 топка бөлінеді:

Бірінші, мал шикізатынан алынатын өнімдер тобы. Оған ет және сүт өнімдері жатып, жалпы тамақ өнеркәсібі өнімінің 50 пайызын береді. Бұл топқа жататын салалардың ішінде ет өнеркэсібі жетекші орынды алып, Қазақстан оның өнімінен ТМД елдерінің ішінде Ресей, Украинадан кейін үшінші орында. Ет комбинаттары Петропавл, Алматы, Лисаков, Екібастұз, Жетігеңде (Алматы облысы) орналасқан.

жаңа жүмыс орындары ашылады.

Сүт өнімінің түрі де, көлемі де көбеюде. Мұның ең басты сыры - ел рыногында сүт өніміне деген сұраныстың жоғары екендігі. Шет мемлекеттерден сүт өнімдерін вагондап тасымалданғанның өзінде қашанда бұл өнімге сұраныс үлкен. Өйткені, бұл күнделікті тұтынатын тауар. Мэселен, бір ғана «ФудМастер-Алматы» фирмасьшың өзі тәулігіне 34-50 тонна сүт өңдейді. Ондаған өнім түрі - айран, қаймақ, ряженка, сүт, кілегей, сүзбе, сүзбе ірімшігі, йогурт, йогурт сусыны мен балмұздақ шығарады. Астанадағы «ФудМастер-НС» компаниясында да негізгі сүт өнімі түрлерімен бірге өткен жылдан бастап йогурт, йогурт сусынын және балмұздақ шығара бастады. Күн сайын бұл зауытта да 35-40 тонна сүт өңделеді. Ал Оңтүстік Қазақстан облысындағы Георгиев май-ірімшік зауыты мен Жамбыл облысының Қордай елді мекеніндегі «Май-ірімшік» АҚ-да жылдан-жылға өнім түрін көбейтіп келеді. Георгиев май-ірімшік зауыты сүзбе, шаруа майы,

«Ленгер» және «Чечил» ірімшігі, брынза мен ірімшік сүзбесін, ал Қордайғы «Май-ірімшік» зауыты «Голландық», «Костромдық» ірімшігін, шаруа майын, сүзбе өндіреді. Компанияның Есік пен Астана қалаларындағы екі зауыты өзінің өндіріс қуаттылығын толық пайдаланып отыр. Олар өндіріс көлемін жаңа, емдік және диеталык «ВФВ», «Био-с» айрандары арқылы арттырды. Таяу уақытта компания қатты ірімшіктің өнім көлемін арттыруды және осы өнімнің бағасын төмендетуді жоспарлап отыр.

«ФудМастер» компаниясының сүт өнімінен бөлек үлкен бірі саласы табиғи сусын өндіру. «ФадМастер-Асептик» зауытында айьша 1 млн доллардың (сату бағасы) сусынын өндіруге мүмкіндік бар қазір. Сусын түрі де жетерлік. Әсіресе, таньшалы - апельсин сусыны. Сондай-ақ, алма, шабдалы, банан және ананас сусындары да тұтынушының талғамын толығымен қанағатгандырады. Қазір Ресей, Балтық жағалауы елдері, Германия мен Венгриядан әкелінетін шырын сусындардың орнын толтыруға күш салынуда. Қазір жаңа йогурт-микс өнімі өндіріле бастады, Мамандардың есебінше, бұл өнім жоғарғы сұранысқа ие болуы тиіс. Өйткені, йогурт-микс алдыңғы жылы ғана алғаш рет Францияда өқделіп, рьшокка шығарылған жаңа өнім. 1998 жылы Парижде өткен Халықаралық көрмеде организмге өте пайдалы өнім деген жоғары баға алып, алтын медаль иемденді. Йогурт-микстің құрамында 75-80 пайьгз табиғи шырын мен 15-20 пайыз йогурт бар. Бұл өнім құрамындағы витаминдер адамды жасартады, қабілеттілігін арттырады, өсуін қалыпқа келтіреді, тәбетін ашып, шөлін басады. Ол Еуропа мен Америкада маусым «хитына» айналып отыр. Технологиясы күрделі болған соң әзірге бұл өнімді дүние жүзі бойынша 4 зауытта ғана өндіреді. Соның бірі - қазақстандық «ФудМастер» компаниясы. Компанияның алдағы жылдарында айранның жеміс-жидек қосылған жаңаша түрлерін шығару, Оңтүстік Қазақстан облысындағы негізгі базаны пайдаланып, жеміс-жидекті өндеу, консервілеу бар.

Тамақ енеркәсібінің екінші тобы өсімдік шпкізатын өңдеумен байланысты. Оған қант, ұн-жарма тарту, арақ-шарап және спирт, май шайқау-сир, жеміс-көкеніс консерві, темекі т.б. өндірістері жатады.

Қазақстанда кант, қант қызылшасы және импорттық қант шикізатынан алынады. Қызылша өндірісі Жамбыл, Алматы облыстарының оңтүстігінде шоғырланған. Құмшекер қант және шақпак қант республиканың 8 зауытыңда шығарылады. Қант зауыттарының қуаты орташа сеткесіне 2600-2700 тонна шикізат өңдеу, ал ірі кәсіпорындарда 4000 тонна {Шу, Тараз).

Бұрын қант шикізатын және даяр қантты Қырғызстан, Ресей, Украина, Ұлыбритания, Қытай, Польша, Австрия, Германия, АҚШ, Швейцариядан тасымалдаған болатын.

Қазақстанның әрбір зауыты жылына 100 мың тонна, ал барлық зауыттың 800 мың тонна шикізатты өндеп алу мүмкіндігі бар. Ал Қазақстан халқының қант өніміне қажеттігі 400 мың тонна. Кеңес жылдарында қант қызылшасының егіс көлемі қант зауыттарының қажеттігін 20 пайыз ғана қамтамасыз етіп, қалған шикізатты одактың басқа аудандарынан жоспарлы алып отыратын.

Ал казір республика күшімен зауыттар қажетінің тек 10-12 пайызын ғана қамтамасыз етіледі. Сондықтан Қазақстан қант мамандары әлемдік қант нарқын зерттеп үйрене отырып, қант құрағын Куба, Аргентина, Бразилия және Австралиядан тасымалдауда.

Темекі өнеркәсібі. ҚР темекі нарқына Американың «Филипп Морис» компаниясы 1993 жылдың желтоқсанынан енді. Ол тек фабриканы ғана емес, бүкіл Қазақстан темекі нарқын алды (иемденді). Темекі негізінде Алматы облысының Еңбекшіқазак (Шелек) және Талғар аудандарында, сондай-ақ Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында да өсіріледі. Америка Алматы облысының шығысында темекі өсіруді қаржыландырады.

 

¥н-жарма тарту астықты аудандарға бағдарланып, оның ірі кәсіпорындары Астана, Көкшетау, Семей т.б. басқа қалаларда орналасқан. Жарма тартудан Ақтөбеде тары, Қызылорда да күріш ақтау кәсіпорындары жұмыс істейді.

Арақ-шарап және спирт жасаудың алғашқы сатысы қант өнеркәсібі сияқты шикізат көзінде, ал соңғы сатысы тұтыну ауданында орналасады. Шараптың шикізаты жүзім, жеміс-жидектер. Сондықтан оның кәсіпорындары осы шаруашылыктар кең дамыған республиканың оңтүстігіндегі Алматы, Тараз, Шымкент, Талдықорған сияқты облыс орталықтары мен кей Түрген, Есік, Капланбек т.б. аудан орталыктары мен басқа да елді мекендерде орналасқан.

Арақ-спирт жасаудын шикізаты астық, картоп. Соған бағдарланған оның кәсіпорындары Алматы, Талғар, Өскемен, Айдабол (Көкшетау маңы), Петропавл, Лисаковск, Тараз т.б. қалаларда орналасқан. Қарағанды шампан жасау зауыты тұтыну ауданының мысалы.

Май шайқау өндірісінің Өскеменде күнбағыс, ал Шымкентте мақта -майын айыру комбинаттары жұмыс істейді. Мұндай мемлекеттік кәсіпорындарда өсімдік шикізатын өндеу барысында май алудың үлесі 70 пайыз болса, республикада толып жатқан мемлекеттік емес шағын кәсіпорындардағы оның үлесі 30 пайызды кұрайды.

Оңтүстік облыстар орталыктары және басқа қалалар мен ірі ауьлдык елді мекендерде, олардың маңында көкөніс, бау шаруашылықтарының орналасуымен байланысты жеміс-көкөніс консерві шығару кәсіпорындары жұмыс істейді. Мысалы, Алматы және Түлкібас т.б. комбинаттары.

Тамақ өнеркісібінің үшінші тобы балыц аулау және балъщ өңдеумен байланысты. Қазакстандық Каспий жағалауына ТМД елдері бекіре балығының 70 пайыздан астамы келеді. Балық өңдеу кәсіпорындары Атырау, Баутино, Балқаш, Алғазы, Приозерск (Зайсан маңы) т.б. Арал қаласында Дания мемлекеті көмегімен камбала балығын аулау және оны өңдеу жүзеге асады.

Төртінші топқа өнеркәсіптік өндеуден өткен жартлай шикізатты (мысалы, ұн) өңдеу арқылы өнім алу жатады. Оған нан жабу, кондитер, макарон, маргарин, шай өлшеу, ашытқы шығару өндірістері жатады.

Еліміздің ірі кондитер фабрикаларына Алматы «Рахат»,  Қарағанды

Және Қостанайдың «Баян сұлу» т.б. жатады.

Макарон фабрикалары Актөбе, Петропавл («Сүлтан»), Семей, Қарағанды т.б. қалаларда.

Ашытқы және маргарин шығарудың басты орталығы Алматы каласы.

Нан жабу еліміздің ірі, шағын калалары т.б. елді мекендерде орналасқан.

Халық тұтынатын азық-түлік ассортиментінің 80 пайызын Қазақстанның өзі өндіруге мүмкіндігі бар. Оған жерінің ауқымы, табиғи жағдайы, еңбек қол күші, халқының білім деңгейі, бәрі де жетеді. Бірақ әлі күнге осы мүмкіндікті дұрыс пайдалана алсақ, бірте-бірте ішкі рынокты азық-түлікпен қамтып қана қоймай, сыртқа сапалы дайын өнім экспортын шығарушы елге айналуға болады.

 

 

 

 

2.4Жер жырту технологиясы.

Загонды  жырту жер жыртатын агрегаттың қабылданған жүріс тәсілін ескере  отырып жүргізіледі.

Қарапайым ирек тәсілмен көбіне қопара  жыртылады да, қайыра жырту сирек қолданылады. Агрегаттардың   әрқайсы жеке  жеке  загонда біріне – бірі тәуелсіз жұмыс істейді.  Жеке загонда бір мезгілде бірнеше агрегаттардың  жұмыс істеуі сирек болады.

Күрделі ирек тәсілді қолдануда алдымен – бірінші, онан кейін үшінші  загон қайырыла жыртылады. Бұдан соң бірінші және үшінші загондардың аралығында орналасқан  екінші  загон өңделеді. Қайыра жыртылған агрегаттың соңғы рет жүріп өткен кезде қалдырған  бороздасы бойынша бірінші  шеңбер жасай отырып, екінші загон  қопара жыртылады.  Демек қайыра жыртылатын тақ санды загондардағы агрегаттың соңғы жүріп өтулерінде барлық корпустар тереңдетіледі.

              Одан әрі төртінші загон өңделмей қалдырылып,  келесі тақ загон қайыра жыртады да, оны жыртып болғаннан кейін  төртінші загонға қайтып оралып, ол қопарыла жыртылады. Онан кейін кезекті тағы да жұп загон жыртылмай қалдырып қойған жұп загонға қайтып орлады.  Қалған загондардың барлығы да осындай тәртіппен жыртылады.

              Егер өткен жылы бірінші загон, қайыра жыртылатын болса, онда бұл жолы қара топырақ жыртылады. Жартылай қалдырылған бірінші  загон  екінші загонды өңдегеннен кейін қопара жыртады. Келесі загон қайыра жыртылып, үшіншісі жыртылмай қалдырады да, ол төртінші загонды жыртып, болғаннан кейін ол қопара жыртады.  Алқаптағы қалған загондарда дәл осындай тәртіппен өңделеді.

              Ирексіз күрделі  тәсіл былайша сипатталады: Жыртылмаған  алаптардың ені загон енінің төрттен бір бөлігіне тең болғанға дейін немесе загонның жыртылмаған алқабының ені ирексіз бұрылуларды қиындататын  мөлшерде таралғанға дейін солға бұрылып отырып, бірінші загон қайырыла жыртылады.

              Мұнан кейін бірінші және екінші загондардың шекарасы  болып табылатын межелеу  бороздасына іргелес жатқан жыртылмаған алаптың айналасы агрегат оңға бұрылған кезде қайырыла жыртылады. Бірінші зонадағы жыртылмаған алап қалдықтары, ол үшінші загонмен бірге өңделеді.

Информация о работе Агроөнеркәсіп кешні