Агроөнеркәсіп кешні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2012 в 17:26, курсовая работа

Описание

Агроөнеркәсіп кешені
Агроөнеркәсіп кешені (АӨК) ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және оларды тұтынушыларға жеткізуге қатысатын барлық шаруашылық салаларын біріктіреді.
Агроөнеркәсіп кешенінің құрамына ауыл шаруашылығының өзі, сондай-ақ ауыл шаруашылығын негізгі өндіріс құралдарымен камтамасыз ететін, салалар тобы (ауыл шаруашылық машиналарын жасау және минералдық тыңайтқыштар өндірісі) және ауыл шаруашылық шикізаттарын өңдеумен айналысатын, салалар тобы (жеңіл, тамақ өнеркәсіптері) жатады.
АӨК-нің ауыл шаруашылығын өндіріс құралдарымен қамтамасыз ететін тобы техника, минералдық тыңайтқыш, улы химикаттармен жабдықтап, оны механикаландырылу және интенсивтендірілу деңгейін анықтап, тиімділігін арттырып және өнімдерді дұрыс сақтауға мүмкіндік береді. Бірақ еліміздің қазіргі нарықтық экономика жағдайында өндіріс құралдарымен қамтамасыз ететін тобының даму деңгейі ауьш шаруашылығын техника және химиялық өнімдермен жеткілікті, тұракты қамтамасыз ете алмауда.
Сонымен АӨК дегеніміз ауыл шаруашылык өндірісін өнеркәсіптік негізде дамыту болып табылады. АӨК-нің мақсаты ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, оларды сақтау, сапалы өндеу және дер кезінде халыққа жеткізу. АӨК-нің міндеті халықты тамақ өнімдерімен, жеңіл және тамак өнеркәсіптерін шикізатпен қамтамасыз ету. Ауыл шаруашылығы бүл міндеттерді басқа салалардың көмегінсіз шеше алмайды. Сондықтан ауыл шаруашылығының қажетін және оның өнімдерін өндеуге қызмет ететін өндірістермен өзара байланысы тұрақты кеңейтіп отыруы тиісті.
Қазақстан дәнді дақылдарының негізін бидай алады. Оның жаздық және күздік деген түрлері болады.
Жаздық бидай кысы қатаң, жазы ыстық басым түрде еліміздің Солтүстік Қазақстан экономикалык ауданында егіледі. Негізгі астық өндіруші Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстары. Сонымен бірге, Батыс Қазақстан, Актөбе облыстары. Астық өндірудің екінші маңызды ауданы - Шығыс Қазақстан ауданы және Оңтүстік тау етекті алабы. Орталық Қазақстанда да жаздық бидай егіледі. Қазақстанға ТМД жаздық бидай егіс көлемінің 35 % келеді. Жаздық бидай дәнді дақылдар егіс келемінің 62 % алады. Қазақстанда нан жабу қасиеті, сапасы жоғары, әлемдік нарыкта бағалы бидайдың қатты сорты егіледі.
Елімізідң оңтүстік облыстарында суармалы жағдайда күздік бидай егіледі. Ол күзде себіліп, көктеп шығып, жылы қар астында қалады.
Көктемде өсуін онан әрі созып, ерте піседі.
Күздік қара бидай егіс көлемінің 70 % Батыс Қазақстан ауданына келіп, еліміздің солтүстік облыстарында да өсіріледі. Бидайдың бұл түрлерінің Солтүстік аймақта таралу себебі біріншіден табиғат зонасына байланысты, жер бедері, топырақ жамылғысы, климатына т.б. факторлар әсер етеді.
Азияның бүкіл көшпелі халқы үшін тары басты азыктық дақыл болған. Қазақстанға ТМД тары егісінің 25 % келеді. Құрғақшылыққа тезімді, жоғары шығымдылығы сияқты сапасымен бірге, тары жергілікті халықтың жоғары талабын қамтамасыз етеді.
Тарының негізгі массивтерінің 70 % Батыс Қазақстан, Ақтебе облысы, біраз мөлшері Солтүстік Қазакстанның Павлодар, Ақмола облыстарының құрғақтау оңтүстік-батысы, Қостанайдың Торғай өңіріне келеді. Оңтүстік облыстарда (Қызылорда), Оңтүстік Қазақстан облысы тары суармалы жағдайда өсіріледі.
Бидайдан кейін екінші орыңды арпа алып, жаздығы солтүстік облыстарда, ал күздігі оңтүстікте өсіріледі. Оңтүстік таулы аудандарда табиғат жағдайына онша талғам қоймауы және қысқа вегетациялық мерзіміне байланысты арпаның егіс көлемі басқа дақылдардан басым. Арпа - сыра жасаудың шикізаты.
Сұлы Қазақстанның солтүстік облыстарында жылқы мал азығы ретінде егіледі.
Қазакстанға ТМД күріш егіс көлемінің 25 % келеді. Оның егісінің 90 о/о Қызылорда облысы Сырдария өзені бойына, қалғаны Алматы облысымың Іле өзені бойындағы Акдала массиві, Қаратал өзені бойы және Оңтүстік Қазақстанның Шардара ауданында өсіріледі.
Жүгері - вегетациялық мерзімі ұзақ, жылу өте жеткілікті болу арқылы толық пісіп жетілетін оңтүстік аудандарда (Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары) суармалы жерде дәні үшін өсіріледі. Ал солтүстік облыстарда жасыл массасы сүрлем үшін өсіріледі. Жүгері тамақтық, мал азықтық, техникалық және май алу үшінде қолданылады.
Қарақұмық - Павлодар облысы және Алтайда өсіріледі.
2004 жылы өткен жылмен салыстырғанда шығымдылық төмен болды. Кей аудандардағы кұрғақшылық жалпы өнімге әсер етті. Бірақ астықтың сапасы былтырғы жылғы керсеткіштен едәуір жақсы. Жалпы Қазақстан бойынша 13 875 мың тонна астық жиналып, орташа әр гектардан 9,8 центнер келді. Әсіресе жақсы шығымдылық оңтүстік үш облыстан 15-тен 21,8 центнерге дейін алынды. Мысалы Жамбыл облысының Луговой жылқы зауыты жерінде 6 000 га суарусыз богарлы жағдайда әр гектардан 20 центнерден шығымдылық алынды. Қостанай облысының В.И. Двуреченск шаруашылығында аталынған қүрғақшылықта оданда жоғары шығымдылық болып, ал осықдай жағдайда 6-7 центнерден ғана шығымдылыкка жетті.
Есеп бойынша республиканың ішкі тұтынуына 8,5 млн. тонна азык қажетті. Оның үстіне бізде өткен жылдан 3,5 млн. тонна астық қалды, яғни мемлекеттің азык-түлік кауіпсіздігі қамтамасыз етілді.
Қазақстан ТМД-нъң тек астықты базасы ғана емес, сонымен бірге техникалық дақылдардың маңызды ауданы. Техникалық дақылдарға мақта, қант қызылшасы, темекі, күнбағыс, картоп, зығыр, соя т.б. дақылдар жатады.
Техникалық дақылдарды өсірудің дәнді дақылдардан зор айырмашылығы бар. Өйткені олар кұннің жарығы мен жылуын, суаруды, агротехникалық шараларды, қол еңбегін және қаражатты да көп қажет етеді. Сондықтан техникалық дақылдар

Содержание

1.1. Ауыл шаруашылығына жалпы сипаттама
1.2. Экономикалық аудандардағы шаруашылықтардың орналасуы
1.3. Ауыл шаруашылығы және қоршаған орта.
1.4. Ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін салалар

2.1. Агроөнеркәсіп кешеніне жалпы сипаттама.
2.2. Дәнді – бұршақ және техникалық дақылдарды жинау.
2.3. Зианкестер мен ауруларға қарсы күрес шаралары
2.4. Жер жырту технологиясы.
2.5. Қазақстанның жер қоры.
ҚОРЫТЫНДЫ

Работа состоит из  1 файл

АӨК.курсовая.doc

— 213.00 Кб (Скачать документ)

              Енсіз загонды тәсіл. Жүрістің үшінші загонында тәсілін қолдануға  агрегат бірінші загонның сол жақ жартысына келеді де, загонның ортасынан жүргізілген межелеу бороздасының бағытымен жүріп өтеді.

              Сөйтіп, алдымен бірінші загоның сол жақ жартысы  мен екінші загонның оң жақ жартысымен  бірге жыртылады.

              Келесі жүріп өткенде  агрегат солға қарай бұрыла отырып, үшінші загонның сол жақ жартысымен бірінші загонның  оң жақ жартысымен қопара өңдейді.  Бірге өңдейтін үш загонды жырту екінші загонның сол жақ жартысы мен үшінші загонның оң жақ жартысын жыртумен аяқталады.

              Жер жыртатын агрегат  жүрісінің төрт загонды  тәсілін қолданғанда іргелес төрт загонды бір мезгілде өңдейді.

              Енсіз загонды тәсілді қолдануға  байланысты барлық  алқапты жыртып болғаннан  кейін бірінен - бірі 70-120 м қашықтықтағы тереңдігі 30-35 см болатын су қашыртатын бороздалар  жасалады. Бұл бороздалар  қопарылған бороздаларды кесіп өтіп, құрғату каналдарына қосылып, шамадан артық ылғалдың  алқаптан ағызылуын қамтамасыз етеді.

              Загонсыз шеңберлік тәсіл. Агрегат алқаптарының ортасынан шетіне қарай жүргенде алдымен, агрегатты  оңға бұрған кезде, көлденең жақтарын жыртпастан орталық загон, қайта жыртылады. Жұмыс көмегімен бұрыштарда ғана жасалады. Аспалы агрегаттардың алқап шекараларының жанындағы соңғы  өтулерін  кері жүрісті ирекпен  орындауға болады.

              Жер жырту процесінде, әсіресе,алқапта агрегаттың соңғы  жүрістері кезінде, бороздалардың  түзу болып,  алқап шекарасына параллель орналасулары қадағаланады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3.Зиянкестер мен ауруларға қарсы күрес шаралары.

Жеміс-жидек өсімдіктерінің, Егістіктердің зиянкестері мен ауруларына қарсы күресте  химиялық, агротехникалық, биологиялық, механикалық және физикалық әдістер қолданылады. Олардың тиімділігін барлық әдістері әр жақты, комплексті  жүргізгенде  ғана арттырылады.

              Химиялық әдістер зиянкестер мен ауруларға қарсы  күресте өте жиі қолданылады. Бірақ олар дұрыс қолданылмаса көптеген теріс әсер салдарынан дақылдар өнімі төмендейді, сапа көрсеткіштері нашарлайды. Сондықтан да зиянкестер мен ауруларға қарсы күресте химиялық препараттар қолданудың ерекшеліктері туралы ережелерді қатаң сақтауы қажет.

              Химиялық препараттар қолдану. Бұл қолданылатын обьектілері  жағынан  мына төмендегідей  топтарға бөлінеді.: Инсектицидтер - зиянкестерді құрту үшін, акарациттер - улы өсімдіктердің  кенелерін, лимациттер  денелерді – шырыштыларды құрту үшін қолданылады. Жеміс жидек  дақылдарына пестицидттер  шашу, тозаңдату, дәріленген қызықтырғыш улы заттар шашу, аэрозолдау әдістері қолданылады.  Шашу үшін ерітінділер, суспензия, препараттардың эмульсиялары пайдаланылады.

Ерітінділері - сұйық затта, яғни препараттар суға ерітіледі. Суспензиялар – сұйық заттар, яғни қатты ұнтақ препараттар суға салғаннан  ерімеген қалқып жүреді.

              Эмульсия – сұйық қоспалар, яғни ұсақталған  сұйық заттарға  араласады да қалқып жүреді.

              Аэрозоль – сұйық заттардың тамшылары,   немесе қатты шаңды бөлшектер ауада қалқып жүреді.

              Аэрозоль – сұйық заттардың тамшылары,  немесе қатты шаңдарды бөлшектер ауада  қалқып жүреді. Сұйық бөлшектердің аэрозолы – тұман, қатты заттардың аэрозолы болып аталады.

              Дуст -  ұсақ шаң тәрізді препарат, өсімдіктерді тозаңдандыру үшін пайдаланылады.

              Агротехникалық әдістер. Зиянкестер мен ауруларға қарсы күрес ұйымдастыру  және агротехникалық шаралар қолдану мәселелерін қамтиды. Ондағы мақсат  өсімдіктердің жақсы өсуін,  жеміс жидек дақылдарын жетілдіріп, тұрақтылығын жоғарылату үшін қолайлы жағдайлар жасау,  сонда-ақ зиянкестер мен ауру таратушыларды ең болмаса азайту. Агротехникалық  шаралардың бірі алдын - алса, яғни зиянкестердің көбеюіне жол берілмесе, екінші біреулері оларды жоюды қарастырады.  Барлық  жүргізілетін  шаралар  жеміс және жидек

Дақылдарының қалыпты жағдайын жақсартуға бағытталады. Егер олардың әлсірегені байқалса, кез – келген ауруға және зиянкестерге  төзімсіз болатынын  әрқашанда есте сақтау қажет.

              Физикалық және механикалық әдістер. Физикалық әдіс те жеміс – жидек дақылдарын қорғау үшін қолданылады. Зиянкестер мен  аурулардың  пайда болуы есепке алынып, оларға қарсы күресу мерзімі анықталады. 

Механикалық әдіс. Бұл әдіске зиянкестердің қыстап шығатын ұясын және жұмыртқа салатын орындарын бөліп тастау жатады. Ұстағыш белбеумен жауын құрттарын аулау, қоңыз – бізтұмсықтарды қозғап шайқау, сондай – ақ отырғызылатын материалды дәрілеу жолымен зиянкестерді жою, сидам қабығын және қаңқа бұталарды тазалау, ұстағыш аспаптарды қолдану жолымен алма жегіш т.б. зиянды көбелектердің пайда болу мерзімі анықталады.

Биологиялық әдіс. Бұл әдіс жеміс – жидек дақылдарының зиянкестеріне, ауруларына қарсы күрес,ауру таратушы микорорганизімдерді, жыртқыш және қан сорғыш  улы насекомдар, бунақденелілер мен жыртқыш құстар және кейбір мал түліктеріне негізделген. Бунақденелілермен қоректенетін сарышымшықтар бақтың нағыз достары. Біз сарышымшық семьясы өздерінің күнделікті  тіршілік үшін  жеміс ағаштарының қырыққа жуық қауіпті зиянкестерін жояды.

              Агротехникалық шараларды  (тыңайтқыштар енгізу, отырғызылатын ағаштардың тығыздығын  сақтау, арам шөптерге қарсы күресу т.б.)мезгілінде жүргізілу басты роль атқарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2.Дәнді – бұршақ және техникалық дақылдарды жинау.

              Қарақұмықты механикаландырылған тәсіл мен жинау. Бұл дақылдың ерекшелігі – пісіп жетілуінің айқындалуы біркелкі емес, жинау кезінде сабағы мен жапырағының (масақты дәнді – дақылдарға қарағанда 5- 6 есе көп) ылғалдылығы жоғары, көп тармақты  көп жапырақты, піскен дән оңай төгіледі және бастыру кезінде механикалық жарақатқа сезімтал (жарақтанушы және бүлінуі).

              Қарақұмық тұқымының 20-25 күнге созылатын қарқынды өсуі көп жағдайда ауа райын,негізінен июль және тамыз айындағы  ылғалға байланысты. Осыны ескергенде қарақұмықты жинауда қолайлы мерзім мен дұрыс  әдістерді таңдаудың маңызы зор.

              Бұл дақылдарды комбайндау, сондай – ақ бөлшектеу әдісімен де жинауға болады.  Тікелей комбайндаумен жинауды  50-60 проценті толық  піскен кезде бастайды.

              Тікелей комбайндауда  дәнді қоқыстан тазалау, массаның аса ылғалдылығына және сабандылығына  байланысты өте қиын болса, қарақұмықтың ерекшелігі  егінді бөлектеп ору әдісі жауап ереді. Дәннің 70 75℅терең тартқан кезде, жинау кезінде жалғасатын  гүлдеуінің аяқталуына қарамастан астықты ора береді.

              Әр учаске үшін  дәннің пісуін және жинау әдісін анықтау қажет. Ол өнімнің аз шығын болуына себеп болады. Екі – үш күннен кейін сабақ пен жапырақтың ылғалдылығы 30 35 процентке дейін, ал дәннің ылғалдылығы11-16 процентке дейін кемігенде және дән мен сабанды   массасының қатысы шамамен 1:2-ге жеткенде қарақұмықты жинап, бастауы керек.

              Дақылды аумалы – төкпелі ауа райында  да жинай беруге болады, өйткені дестеге түсірілген  қарақұмық үшін жаңбыр аса қауіпті.

              Қарақұмықты жинауға комбайнға монтаждалған және бір қатар тораптар мен детальдерді құрайтын ПКФ құралы пайдаланылады. Дестені бастыруға жаңа кобайнды пайдаланбаған жөн. Өйткені жұмысқа төселмеген  бич астық көп зақымданады.

Тарыны жинау.Бұл дақылдардың дәнді толық жинау  көп жағдайда жинауды дер кезінде жүргізуге және таңдап алған ору әдісі байланысты. Тарының сабағы мен жапырағы ылғалды ұзақ сақтайтын болғандықтан тікелей де, бөлектеп те ора береді.Дегенмен негізінде бөліктеп орылады, жекелеген учаскелер таңдап алынады.

              Тарыны ору және оны дестреге түсіруді  шашақтың жоғарғы және төменгі бөлігіндегі дән толық піскенше күтпеу керек. Өйткені бұл айтарлықтай шығынға ұшыратады. Ору биіктігі 15 -18 см. Осы деңгейде орғанда десте аңызға жақсы жатады, тез кебеді, шашақтағы дән жауын – шашынды ауа райынан да бұзылмайды, ал десте комбайнмен оңай ілініп алынады.

              Шашақтың бас жағындағы дән толық піскен кезден бастап, кейде  қосарланған комбайындаумен жинайды. Бірінші жүрісте тек піскен тұқымды ғана бастырады.

              Тарыны жинауда ПКФ құралы пайдаланылады. Кейде комбайнды қарақұмықты жинауға әзірленгенде қайта жабдықтайды, бірақ мұндай барабан айналымын  минутына  700-800 мөлшерінде белгілейді.

              Бұршақты жинау. Бұршақты жинау  механизациясының күрделілігі біркелкі  піспейтіндігімен, жатып қалатындағымен, оңай жарықшақтандырылғанымен анықталады. Бір учаскедегі бұршақтың өзі әр түрлі мерзімде піседі. Бастырған кезде дән жарылып немесе көзге  көрінбейтін жарақат алуы мүмкін. Осы дақылды жинауға арналған машина  төменірек кесуді, орылған массаның сабақтан сенімді ажыратылуын, жұмыс органының мүмкіндігінше массаға аз әсер етуін қамтамасыз етуі керек. Өсірілген өнімнің толық жиналуы осыған байланысты.

              Негізіне бөлшектеп жинау болғандықтан ору кезінде бұршақтың қалған бөлігі пісіп – жетіледі. Өйткені тез арада пісіп жетілгендіктен  дәнді жарықшақтану ысырабынан және пісіп –жетілген бұршақты жатқалы машинаның  жұмыс органдарының бұзылуына жол бермеу үшін бұрышты 5-6 күнде,неғұрлым қысқа мерзімде жинайды. Бұршақты кейде екі комбайн жинайды. Бұршақты десерге түсіруді түрлі құралмен жабдықтаған, арнаулы машина немесе жай жатқалы агрегат  атқарады.

              Күнбағысты жинау тікелей комбайнмен жүргізіледі, ол үшін астық комбайнының жаткасы ғана қайта жабдықталады, ал малатилкасында барабанның минутына айналу саны 450 -550 мөлшерде реттеледі. Сабақ көтергіш бар екі шеткі бөлшекті  алу керек.

              Жатка мына ретпен реттеледі.Корпустың екі бүйірінен  қалбағайдың білігіне арнап фигуралы ойық жасау керек, қалбағайды сабақ қатысты 30,42 және 60мм саңылаумен үш түрлі жағдайда орнатуға қызмет кронштейнде бірнеше көлденең және дөңгелек тесіктер төселеді.

              Саусақтың он үш секциясындағы мынадай 25 бекітілісі болтын, ең алдымен оң болтты, онан кейін әр секциядан  кейін екі болтты алу керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

              Қорыта айтқанда Агроөнеркәсіп кешеніне ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және оларды тұтынушыға жеткізуге қатысатын барлық шаруашылық салаларын  біріктіреді.

Осы курстық жұмыстың бірінші бөлімінде ауыл шаруашылығына жалпы сипаттама экономикалық аудандардағы шаруашылықтардың орналасуы ауыл шаруашылығы және қоршаған орта, ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін салаларға тоқталсам, екінші бөлімінде агроөнеркәсіп кешеніне сипаттама бере отырып, дәнді – бұршақ және техникалық дақылдарды жинау,зианкестер  мен ауруларға қарсы күрес  шаралары, жер жырту технологиясы, қазақстанның жер қорына сипаттама берілді.  Сонымен қатар ол халықты

Агроөнеркәсіп кешенінің құрамына ауыл шаруашылығының өзі, сондай-ақ ауыл шаруашылығын негізгі өндіріс құралдарымен камтамасыз ететін, салалар тобы (ауыл шаруашылық машиналарын жасау және минералдық тыңайтқыштар өндірісі) және ауыл шаруашылық шикізаттарын өңдеумен айналысатын, салалар тобы (жеңіл, тамақ өнеркәсіптері) жатады.

АӨК-нің ауыл шаруашылығын өндіріс құралдарымен қамтамасыз ететін тобы техника, минералдық тыңайтқыш, улы химикаттармен жабдықтап, оны механикаландырылу және интенсивтендірілу деңгейін анықтап, тиімділігін арттырып және өнімдерді дұрыс сақтауға мүмкіндік береді. Бірақ еліміздің қазіргі нарықтық экономика жағдайында өндіріс құралдарымен қамтамасыз ететін тобының даму деңгейі ауьш шаруашылығын техника және химиялық өнімдермен жеткілікті, тұракты қамтамасыз ете алмауда.

Сонымен АӨК дегеніміз ауыл шаруашылык өндірісін өнеркәсіптік негізде дамыту болып табылады. АӨК-нің мақсаты ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, оларды сақтау, сапалы өндеу және дер кезінде халыққа жеткізу. АӨК-нің міндеті халықты тамақ өнімдерімен, жеңіл және тамак өнеркәсіптерін шикізатпен қамтамасыз ету. Ауыл шаруашылығы бүл міндеттерді басқа салалардың көмегінсіз шеше алмайды. Сондықтан ауыл шаруашылығының қажетін және оның өнімдерін өндеуге қызмет ететін өндірістермен өзара байланысы тұрақты кеңейтіп отыруы тиісті.

Курстық жұмыс  барысында Агроөнеркәсіп жайындағы өз білімімді толықтырып, мол мағұлмат алдым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін салалар

 

Техникамен, тыңайтқыштармен қамтамасыз ету.

 

Өндіріс құралдарын өңдейтін салалар тобы

 

Машина және жабдықтар, тыңайтқыш және ұлы химикаттар құрама жем

 

Қызмет  көрсету салалары

Информация о работе Агроөнеркәсіп кешні