Агроөнеркәсіп кешні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2012 в 17:26, курсовая работа

Описание

Агроөнеркәсіп кешені
Агроөнеркәсіп кешені (АӨК) ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және оларды тұтынушыларға жеткізуге қатысатын барлық шаруашылық салаларын біріктіреді.
Агроөнеркәсіп кешенінің құрамына ауыл шаруашылығының өзі, сондай-ақ ауыл шаруашылығын негізгі өндіріс құралдарымен камтамасыз ететін, салалар тобы (ауыл шаруашылық машиналарын жасау және минералдық тыңайтқыштар өндірісі) және ауыл шаруашылық шикізаттарын өңдеумен айналысатын, салалар тобы (жеңіл, тамақ өнеркәсіптері) жатады.
АӨК-нің ауыл шаруашылығын өндіріс құралдарымен қамтамасыз ететін тобы техника, минералдық тыңайтқыш, улы химикаттармен жабдықтап, оны механикаландырылу және интенсивтендірілу деңгейін анықтап, тиімділігін арттырып және өнімдерді дұрыс сақтауға мүмкіндік береді. Бірақ еліміздің қазіргі нарықтық экономика жағдайында өндіріс құралдарымен қамтамасыз ететін тобының даму деңгейі ауьш шаруашылығын техника және химиялық өнімдермен жеткілікті, тұракты қамтамасыз ете алмауда.
Сонымен АӨК дегеніміз ауыл шаруашылык өндірісін өнеркәсіптік негізде дамыту болып табылады. АӨК-нің мақсаты ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, оларды сақтау, сапалы өндеу және дер кезінде халыққа жеткізу. АӨК-нің міндеті халықты тамақ өнімдерімен, жеңіл және тамак өнеркәсіптерін шикізатпен қамтамасыз ету. Ауыл шаруашылығы бүл міндеттерді басқа салалардың көмегінсіз шеше алмайды. Сондықтан ауыл шаруашылығының қажетін және оның өнімдерін өндеуге қызмет ететін өндірістермен өзара байланысы тұрақты кеңейтіп отыруы тиісті.
Қазақстан дәнді дақылдарының негізін бидай алады. Оның жаздық және күздік деген түрлері болады.
Жаздық бидай кысы қатаң, жазы ыстық басым түрде еліміздің Солтүстік Қазақстан экономикалык ауданында егіледі. Негізгі астық өндіруші Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстары. Сонымен бірге, Батыс Қазақстан, Актөбе облыстары. Астық өндірудің екінші маңызды ауданы - Шығыс Қазақстан ауданы және Оңтүстік тау етекті алабы. Орталық Қазақстанда да жаздық бидай егіледі. Қазақстанға ТМД жаздық бидай егіс көлемінің 35 % келеді. Жаздық бидай дәнді дақылдар егіс келемінің 62 % алады. Қазақстанда нан жабу қасиеті, сапасы жоғары, әлемдік нарыкта бағалы бидайдың қатты сорты егіледі.
Елімізідң оңтүстік облыстарында суармалы жағдайда күздік бидай егіледі. Ол күзде себіліп, көктеп шығып, жылы қар астында қалады.
Көктемде өсуін онан әрі созып, ерте піседі.
Күздік қара бидай егіс көлемінің 70 % Батыс Қазақстан ауданына келіп, еліміздің солтүстік облыстарында да өсіріледі. Бидайдың бұл түрлерінің Солтүстік аймақта таралу себебі біріншіден табиғат зонасына байланысты, жер бедері, топырақ жамылғысы, климатына т.б. факторлар әсер етеді.
Азияның бүкіл көшпелі халқы үшін тары басты азыктық дақыл болған. Қазақстанға ТМД тары егісінің 25 % келеді. Құрғақшылыққа тезімді, жоғары шығымдылығы сияқты сапасымен бірге, тары жергілікті халықтың жоғары талабын қамтамасыз етеді.
Тарының негізгі массивтерінің 70 % Батыс Қазақстан, Ақтебе облысы, біраз мөлшері Солтүстік Қазакстанның Павлодар, Ақмола облыстарының құрғақтау оңтүстік-батысы, Қостанайдың Торғай өңіріне келеді. Оңтүстік облыстарда (Қызылорда), Оңтүстік Қазақстан облысы тары суармалы жағдайда өсіріледі.
Бидайдан кейін екінші орыңды арпа алып, жаздығы солтүстік облыстарда, ал күздігі оңтүстікте өсіріледі. Оңтүстік таулы аудандарда табиғат жағдайына онша талғам қоймауы және қысқа вегетациялық мерзіміне байланысты арпаның егіс көлемі басқа дақылдардан басым. Арпа - сыра жасаудың шикізаты.
Сұлы Қазақстанның солтүстік облыстарында жылқы мал азығы ретінде егіледі.
Қазакстанға ТМД күріш егіс көлемінің 25 % келеді. Оның егісінің 90 о/о Қызылорда облысы Сырдария өзені бойына, қалғаны Алматы облысымың Іле өзені бойындағы Акдала массиві, Қаратал өзені бойы және Оңтүстік Қазақстанның Шардара ауданында өсіріледі.
Жүгері - вегетациялық мерзімі ұзақ, жылу өте жеткілікті болу арқылы толық пісіп жетілетін оңтүстік аудандарда (Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары) суармалы жерде дәні үшін өсіріледі. Ал солтүстік облыстарда жасыл массасы сүрлем үшін өсіріледі. Жүгері тамақтық, мал азықтық, техникалық және май алу үшінде қолданылады.
Қарақұмық - Павлодар облысы және Алтайда өсіріледі.
2004 жылы өткен жылмен салыстырғанда шығымдылық төмен болды. Кей аудандардағы кұрғақшылық жалпы өнімге әсер етті. Бірақ астықтың сапасы былтырғы жылғы керсеткіштен едәуір жақсы. Жалпы Қазақстан бойынша 13 875 мың тонна астық жиналып, орташа әр гектардан 9,8 центнер келді. Әсіресе жақсы шығымдылық оңтүстік үш облыстан 15-тен 21,8 центнерге дейін алынды. Мысалы Жамбыл облысының Луговой жылқы зауыты жерінде 6 000 га суарусыз богарлы жағдайда әр гектардан 20 центнерден шығымдылық алынды. Қостанай облысының В.И. Двуреченск шаруашылығында аталынған қүрғақшылықта оданда жоғары шығымдылық болып, ал осықдай жағдайда 6-7 центнерден ғана шығымдылыкка жетті.
Есеп бойынша республиканың ішкі тұтынуына 8,5 млн. тонна азык қажетті. Оның үстіне бізде өткен жылдан 3,5 млн. тонна астық қалды, яғни мемлекеттің азык-түлік кауіпсіздігі қамтамасыз етілді.
Қазақстан ТМД-нъң тек астықты базасы ғана емес, сонымен бірге техникалық дақылдардың маңызды ауданы. Техникалық дақылдарға мақта, қант қызылшасы, темекі, күнбағыс, картоп, зығыр, соя т.б. дақылдар жатады.
Техникалық дақылдарды өсірудің дәнді дақылдардан зор айырмашылығы бар. Өйткені олар кұннің жарығы мен жылуын, суаруды, агротехникалық шараларды, қол еңбегін және қаражатты да көп қажет етеді. Сондықтан техникалық дақылдар

Содержание

1.1. Ауыл шаруашылығына жалпы сипаттама
1.2. Экономикалық аудандардағы шаруашылықтардың орналасуы
1.3. Ауыл шаруашылығы және қоршаған орта.
1.4. Ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін салалар

2.1. Агроөнеркәсіп кешеніне жалпы сипаттама.
2.2. Дәнді – бұршақ және техникалық дақылдарды жинау.
2.3. Зианкестер мен ауруларға қарсы күрес шаралары
2.4. Жер жырту технологиясы.
2.5. Қазақстанның жер қоры.
ҚОРЫТЫНДЫ

Работа состоит из  1 файл

АӨК.курсовая.doc

— 213.00 Кб (Скачать документ)

 

Тамақ

 

Жеңіл өнеркәсібі

 

Ауыл шаруашылығы өнімдерін халық тұтынатын  тауарларға айналдыру

 

 

 

Агроөнеркәсіп кешені

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

 

 

 

 

Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық институты

Жаратылыстану Ғылымдары факультеті

Биология және География кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

Баймагамбетова Қызылгүл Мағзұмқызы

 

 

 

 

 

 

Агорөнеркәсіп кешені

 

Курстық жұмыс

 

                                                 Ғылыми жетекші: Баймағанбетова Қ.Т

                                   

                                                                                              аға оқытушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қостанай 2009 жыл.



Информация о работе Агроөнеркәсіп кешні