Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 18:53, реферат
Сертификаттау құрылымын таңдап алғанда өнімді өндірген өндірістің, сынақтың, тапсырудың, нақты өнімнің пайдасының ерекшеліктері еске алынады. Сертификаттау құрылымы Мемлекеттік стандартпен немесе өкілетті сертификаттау органдарымен анықталады. Өз еркімен сертификаттауда өтініш беруші сертификаттау құрылымын таңдап алып сертификаттау органына ұсынады. Астықты және оны өңдеу өнімдерін міндетті растау кезінде техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілермен, стандарттармен және адам өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтірумен байланысты белгіленген көрсеткіштер расталады.
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер қолданылды:
ҚР СТ 3.1-2001 Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
ҚР СТ 3.4-2003 Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
ҚР СТ 3.27-2002 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Тамақ өнеркәсібі және ауыл шаруашылық өндірісі өнімдерін сәйкестендіру.
ҚР СТ 3.34-2003 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Сәйкестігін растау кезінде тамақ өнеркәсібі мен ауыл шаруашылық өндірісі өнімдерін сәйкестендіру. Жалпы талаптар.
ГОСТ 13586.3-83 Дән. Қабылдау ережелері
мен сынамаларды іріктеу
ГОСТ 26312.1-84 Жарма. Қабылдау ережелері мен сынамаларды іріктеу әдістері.
ГОСТ 27688-88 Ұн және кебектер. Қабылдау ережелері мен сынамаларды іріктеу әдістері.
ҚР Е 50.3.14-96 Сертификаттау ережесі. Тамақ өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы өндірісінің өнімдерін сертификаттау жүйесі.
ҚР Е 50.3.32-96 Сертификаттау ережесі. ҚР мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Тамақ өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы өндіріс өнімдерін сертификаттау жүйесі. Астық және оның өңделген өнімдерін сертификаттау тәртібі.1.03.97.
ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
Сәйкестікті растау – объектінің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру.
Сәйкестік растау жөніндегі орган – сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға.
Сәйкестік сертификаты - өнімнің, көрсетілген қызметтің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжат.
Өтінім беруші – сәйкестігін растау үшін өнімді, көрсетілген қызметті, процесті ұсынған жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ аккредиттеуге және аудитке өтініш берген заңды тұлғалар.
Агротехникалық іс-шаралар - ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру жөніндегі ғылыми негізделген тәсілдер жиынтығы;
Агрохимиялық іс-шаралар - ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құнарлылығын сақтау мен ұдайы молықтыру және қоршаған табиғи ортаны қорғау мақсатында агрохимикаттар мен пестицидтерді қолданудың ғылыми негізделген тәсілдерінің жиынтығы;
Астық айналымы - әкелуді (импорттауды) және әкетуді (экспорттауды) қоса алғанда, астықты өткізу (сату немесе жеткізу) процестері;
Астық қауіпсіздігі - қауіпті фактордың іске асырылу ықтималдығының және оның салдарларының ауыртпалық дәрежесінің үйлесімділігін ескере отырып, адамның өміріне, денсаулығына зиян келтіруге және тұтынушылар мүдделерінің бұзылуына байланысты жол берілмейтін тәуекелдің астықтың өмірлік циклінің барлық сатыларында болмауы;
Астық өндіру - астық өсіруге бағытталған агротехнологиялық іс-шаралар кешені;
Астық партиясы - сапасы бойынша біртекті, бір уақытта қабылдауға, тиеп жөнелтуге немесе сақтауға арналған, сапасы мен қауіпсіздігі туралы бір құжатпен ресімделген астық мөлшері;
Астық сынамасы - сапасы мен қауіпсіздігін анықтау үшін партиядан іріктелген астықтың белгілі бір мөлшері;
Астықты белсенді желдету - салқындату немесе кептіру мақсатында астықаралық кеңістіктің ауасын көп мәрте ауыстыру үшін астықты атмосфералық ауамен еріксіз үрлеу;
Астықты жою - тағамдық мақсаттар үшін пайдаланылуын және оған адам мен жануарлардың болуын болдырмайтын, тұтынуға және (немесе) одан әрі қайта өңдеуге жарамсыз астыққа ықпал ету;
Астықты залалсыздандыру - карантиндік объектілерді қоса алғанда, зиянкестерді, микроорганизмдерді жою үшін астыққа химиялық, радиациялық немесе физикалық әсер ету;
Астықты кәдеге жарату - сапасыз және қауіпті астықты өз мақсатынан тыс пайдалану;
Астықты кептіру - қыздырылған немесе қыздырылмаған ауамен (кептіру агентімен) өңдеу жолымен астықтың ылғалдылығын төмендету;
Астықты сараптау - кәдеге жарату немесе жою мүмкіндігі туралы шешім қабылдау мақсатында астықтың қауіпсіздігі көрсеткіштерін анықтау;
Астықты өткізу - сатып алу-сату, алмасу шарттарын ресімдеу жолымен меншік иесінің өзгеруі;
Астықты сәйкестендіру - астықтың өмірлік циклінің барлық сатыларында астықты айырмашылық белгілері бойынша тануды қамтамасыз ететін рәсім;
Астықты тазалау - сақтау кезінде астықтың төзімділігін қамтамасыз ету мақсатында арамшөпті және дәнді қоспаларды алып тастау, астықтың залалдануын жою;
Астықты тасымалдау - өткізу немесе кәдеге жарату кезінде астық партиясының механикаландырылған жолмен орын ауыстыруы;
Астықтың бөтен иісі - иісі шығатын бөгде заттарды астықтың сіңіруі нәтижесінде пайда болатын, сондай-ақ дұрыс сақтамау нәтижесінде пайда болатын иіс;
Астықтың зиянкестермен залалдануы - астықаралық кеңістікте немесе жекелеген дәндер ішінде олардың кез келген даму сатысында тірі зиянкестердің болуы;
Астықтың қауіпті қасиеттері - астықты пайдаланған кезде адам мен жануарлар өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін астықтың биологиялық, химиялық, радиациялық жай-күйі;
Астықтың өздігінен қызуы - массасында қоршаған орта температурасының көтерілуіне байланысты емес, ішкі процестер салдарынан температураның көтерілуі болатын астықтың жай-күйі;
Астықтың өмірлік циклі - астықты өндіру, сақтау, тасымалдау, сату, жою және кәдеге жарату процестері;
Астықтың ылғалдылығы - астықтағы пайызбен көрсетілген ылғалдың болуы;
Дезинфекция, дезинсекция және дератизация - өндірістік, тұрғын үй ғимараттарында, көлікте, қоғамдық орындар үй-жайларында және аумақтарда жүйелі түрде жүргізілетін, жұқпалы және паразиттік ауруларды қоздырғыштарды, тұрмыстық жәндіктер мен кеміргіштерді жоюға бағытталған шаралар кешені;
Зиянды қоспа - адам мен жануарлар денсаулығы үшін қауіпті өсімдік және саңырауқұлақ текті қоспа;
Қаракүйелі астық - қаракүйе спораларымен толық немесе ішінара (шашағы немесе бет бөлігі) ластанған астық;
Қоқысты қоспа - астықты мақсатты арналуы бойынша пайдалану кезінде алып тастауға жататын органикалық және органикалық емес текті қоспа;
Қызғылт түске боялған астық - ұрық саласында артықшылығы бар қабықтары қызғылт дақты астық;
Фузариозды астық - пісіп-жетілу кезінде фузариум тұқымдас саңырауқұлақтармен залалданған, ағарыңқы, кейде қызғылт сары түсті дақтары болатын астық.
ҚЫСҚЫРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕР
ҚР СТ – Қазақстан Республикасының стандарты;
СРО – сәйкестік растау органдары;
СО сарапшысы – сәйкестік органының сарапшысы;
МЕМСТ – мемлекеттік стандарт;
ТН ВЭД коды - тауарлық номенклатура бойынша астықтың коды;
Ауылшармині – ауыл шаруашылығы министрлігі;
СанЕжН – санитарлық ережелер және нормалар.
ХЭК/ МЭК – Халықаралық электротехникалық комиссия;
ИСО – Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым;
КІРІСПЕ
Өнімдерді сертификаттау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі бойынша міндетті түрде түрде сертификаттау бекітілген.
Біртекті өнімдерді өзіндік ерекшеліктері бойынша сертификаттау жүйесі келісімді тәртібін жасайды.
Тәртіп, өнім, сипаты таңдап алынған сертификаттау құрылымы бойынша сертификатталатын өнім нормалық құжаттың қандай талаптарына сай келуін, сертификаттау жұмысы қандай кезекпен жүргізілуін және оның маңызын анықтайды.
Сертификаттау тәртібі ИСО/МЭК нұсқауларының жалпы принциптеріне сай болуы керек.
Сертификатталатын кезінде тексерілетін тауардың сипаты мына нышандарға қарай таңдап алынады:
- өнімнің бірдейлігін анықтау мүмкіндігі /белгілі-бір өндіріс партиясына жатады/;
- тапсырылған өнімнің техникалық құжатына сәйкестігі;
- алынған параметрлер қауіпсіздік нормасын, экологиялық өнімге нормалық құжаттарда бекітілген талаптарға сәйкес толық және шын анықталуы;
- заң актілеріне сәйкес міндетті сертификаттауда басқа талаптарды көрсететін қажетті параметрлерді анықтау.
Сертификаттау құрылымын таңдап алғанда өнімді өндірген өндірістің, сынақтың, тапсырудың, нақты өнімнің пайдасының ерекшеліктері еске алынады. Сертификаттау құрылымы Мемлекеттік стандартпен немесе өкілетті сертификаттау органдарымен анықталады. Өз еркімен сертификаттауда өтініш беруші сертификаттау құрылымын таңдап алып сертификаттау органына ұсынады. Астықты және оны өңдеу өнімдерін міндетті растау кезінде техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілермен, стандарттармен және адам өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтірумен байланысты белгіленген көрсеткіштер расталады. Ал ерікті сәйкестікті растау жүргізу Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген сәйкестігін міндетті растауға жататын өнім және қызмет тізбесіне енгізілмеген астық және өңдеу өнімдеріне тапсырушының ынтасы бойынша жүргізіледі. Сәйкестік мағлұмдамасымен тіркелген сәйкестік сертификаттарының мемлекеттік тізілімі және есеп беру сәйкестікті растау органдарымен жүргізіледі.
1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Астық және астық өнімдерінің сапа көрсеткіші
Астықтарға бидай, жүгері, арпа т.б. жатады. Бидай – адам баласы ежелден пайдаланып келе жатқан ең негізгі дақыл. Қазіргі барлық егіліп жүрген ауыл шаруашылық дақылдарының ішінде бірінші орын алады. Қатты бидай – макарон өнімдерін шығару үшін ең жақсы шикізат. Жер шарында бидайдың көптеген түрлері бар. Соның ішінде екі түрлі көп тараған. Олар жұмсақ және қара бидай түрлері.
Бидай сапасы ҚР СТ 1046-2001 техникалық шарт талабымен шектеледі.
СанЕжН 2.3.2.560-96 «Азық-түліктік шикізаттарға және тағамдық өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігіне тазалық талаптарында» бидай сапасын анықтауға арналған қауіпсіздік көрсеткіштері берілген.
Күздік қара бидай жаздық бидайдан кейінгі маңызды астық дақылы болып саналады. Ұндық – нандық сапасы бойынша ол тек бидай астығына жол береді. Қара бидай сапасына МЕМСТ 16990-88, МЕМСТ 1690-71 талаптары бекітілген. Стандарт негізінен 4 бөлімнен құралған. 1 – техникалық талаптар, 2 – қабылдау, 3- сапаны анықтау тәсілдері, 4- тасымалдау және сақтау.
Жүгері – астықтық, мал азықтық және техникалық өсімдік болып үшке бөлінеді. Жүгері сапасы МЕМСТ 13634-81 және МЕМСТ 13634-90 талаптары бойынша шектеледі.
Арпа – астықтық өсімдіктің бір түрі. Тағам және жем үшін астық дайындау МЕМ СТ 16470-84, МЕМСТ 2867-90, МЕМ СТ 2534-82 талаптары бойынша жүргізіледі.
Азық-түлік, жемге дайындайтын және қоюға арналған бұршақ МЕМ СТ 23843-79, МЕМ СТ 238843-90 талабымен шектеледі. МЕМ СТ 28674-90 сәйкес қажеттілігіне, дәнінің түсіне байланысты типтер мен тип тармағына бөлінді.
Ұн – дәнді дақылдары жаншып жармалау арқылы алынған ұнтақ тәріздес өнім. Бидай ұны МЕМСТ 26574-85 және ҚР СТ 1023-2000 «Наубайханалық», «Қазақстандық» бидай ұны, ҚР СТ 1842-2005 талаптарына сай шектеледі.
Бидай ұны және нан, нан өнімдері органолептикалық, физикалық-химиялық, қауіпсіздік, тағамдық және биологиялық құндылығы секілді көрсеткіштермен бағаланады.
1.2 Сәйкестікке растау жүргізу тәртібі
Отандық және шетелдік астық және одан өңделген өнімдер сәйкестігін растау жүргізу жұмыстардың келесі тізбектілігі ескереді:
- СРО өтінім беру және қарау;
- өтінім қарау нәтижелерін растау , сәйкестікті растау сұлбасын таңдау және өнімді сертификаттау жұмыстарын жүргізуге өтінішкер мен СРО арасындағы шартты рәсімдеу;
- өтінілген өнім сынамаларын сәйкестендіру және іріктеу, оларды тіркелген сынау зертханаларына (орталықтарына) ұсыну;
- кәсіпорынға сынау жүргізу (егер бұл сәйкестікті растау сұлбасымен ескерілсе);
- өтінілген өнім үлгісінің сертификаттау сынауларын және сәйкестікті растау жүзеге асырылған сұлбасымен ескерілген басқа жұмыстарды жүргізу;
- алынған нәтижелерді таңдау және сәйкестік сертификатын беру мүмкіндігін туралы шешім қабылдау;
- мемлекеттік тізілімде сәйкестік сертификатын тіркеу және сәйкестік белгісімен өнімді таңбалау құқығымен оны өтінішкерге беру;
- өнім сипаттамасының тұрақтылығына және сапа менеджементі жүйесінің қызметіне инспекциялық тексеру жүргізу;