Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 18:53, реферат
Сертификаттау құрылымын таңдап алғанда өнімді өндірген өндірістің, сынақтың, тапсырудың, нақты өнімнің пайдасының ерекшеліктері еске алынады. Сертификаттау құрылымы Мемлекеттік стандартпен немесе өкілетті сертификаттау органдарымен анықталады. Өз еркімен сертификаттауда өтініш беруші сертификаттау құрылымын таңдап алып сертификаттау органына ұсынады. Астықты және оны өңдеу өнімдерін міндетті растау кезінде техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілермен, стандарттармен және адам өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтірумен байланысты белгіленген көрсеткіштер расталады.
- техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органға өнімнің сәйкестігін растау нәтижелері туралы есеп беруді ұсыну.
Астықты және одан өңделген өнімдердің сәйкестігін растау жүргізу үшін өтінішкер СРО-ға өтінім жібереді. СРО ҚР СТ 3.4 белгіленген мерзімде өтінімді қарап шешім қабылдайды да, өтінішкермен бірге сәйкестікке растау жүргізген сұлбаны таңдайды, онымен шарт жасайды, қажетті құжаттаманы ұсынады: тауармен қоса жіберілетін құжаттарды, инвойстарды, сапа сертификатын, гигиеналық тұжырымдарды (сертификаттарды), шығарылған жері туралы сертификаттарды және т.б.
Астық және одан өңделген өнімдер сәйкестігі расталуы 1,2,3,4,5,7,9 және 10 сұлба бойынша жүзег асырылатын кепілдік сақтау мерзімі 60 тәуліктен көп өнімдерге жатады.
Сұлбаларды келесі жағдайларда қабылдау ұсынылады:
- 1 сұлба – шектелген, сату көлемінде алдын ала келісілген астық және оны өңдеу өнімдерінің отандық өндірушілері үшін;
- 2 сұлба – сату саласында іріктелген үлгілерге сынау жүргізіп, инспекциялық тексеруді орындаумен тұрақты ұзақ мерзімді жеткізілімдегі отандық немесе шетелдік астық және одан өңделген өнімдер үшін;
- 3 сұлба – дайындаушыда іріктелген үлгілерде сынау жүргізіп, инспекциялық тексеруді орындаумен отандық немесе шетелдік астық және одан өңделген өнімдер үшін;
- 4 сұлба – олардың сипаттамаларының тұрақтылығына жан-жақты бақылау қажет болса отандық немесе шетелдік астық және одан өңделген өнімдер үшін;
- 5 сұлба – сипаттамалардың тұрақтылығына қойылатын жоғары талаптарды белгілеу кезінде астықты және оны өңдеу өнімдерін сертификаттаудағы отанық немесе шетелдік астық және одан өңделген өнімдер үшін;
- 7 сұлба – топтамамен жеткізу кезінде отандық немесе шетелдік астық және одан өңделген өнімдер үшін;
- 8 сұлба – өтінішкерде қауіпсіздігін растайтын қажетті құжаттары бар жағдай (шағын немесе оратша кәсіпкердің немесе жеке кәсіпкердің субъектісі) топтамаменн жеткізу кезіндегі шетелдік астық және одан өңделген өнімдер үшін;
- 10 сұлба – өтінішкер (шағын кәсіпкерлік субъектісі) шығарылатын өнімнің қауіпсіздігін растайтын қажетті құжаттарды ұсынған жағдайда, шығарудың аздаған көлемінде үнемсіз шығарған кездегі немесе ұзақ өндірістегі астық және одан өңделген өнімдер үшін.
Даулы мәселелерді шешу жағдайларында немесе сәйкестік сертификатының күшінің мерзімі ұзартылған кезде оны сәйкестендіру қажеттілігі мақсатымен сақтау үшін СРО сәйкестікті растау кезінде сынауға іріктелген іріктемеден іріктелген өнімнің бақылау сынамасына бөледі. Буып-түйілген сынамаларды іріктеу кезінде өнімнің таңбалануы, орама бүтіндігі және сақтау шарттары тексеріледі. Майлы дақылдар тұқымдарының топтамасында жөнелтуші ұйым атауы, дақылдар атауы, сұрпы, астық жылы, ресімделген күні, сақтау мерзімі және шарттары тексеріледі.
Сынау зертханалары сынау әдістеріне нормативтік құжаттармен белгіленген және СРО келісілген мерзімде өтінілген өнімнің үлгілеріне сынау жүргізеді. Егер сынау жүргізу кезінде, ең болмаса, қауіпсіздіктің реттемеленетін көрсеткіштерінің бірі рауалы концентрация шегі нормативтерінен асса сәйкестікті растау мақсатымен сынаулар тоқтатылады және сынаулар нәтижелері шешім қабылдау үшін СРО-ға жіберіледі.
Астықтың нормативті құжаттардың талаптарына сәйкестігін бірдейлендіруге қажет көрсеткіштер тізімі 1-кестеде келтірілген.
1-кесте – Астықтың сертификаттау мақсатында бірдейлендіру кезінде анықталатын көрсеткіштер
Өнімнің атауы |
Анықталатын көрсеткіш атауы |
Ескерту |
Астық және оның өнімдері |
1)өнімнің класстылығын растайтын көрсеткіштер (дән үшін); 2)органолептикалық көрсеткіштер: сырт көрінісі, түсі, иісі, дәмі, қыртылдағы 3)физикалық-химиялық көрсеткіштері |
Қажет болған жағдайда физикалық-химиялық сынаулар арқылы: - астық және дәнді бұршақ дақылдардың тегі, натурасы, ақуыз саны мен сапасы,майдың қышқылдық саны; - ұн мен жарманың ақтығы, ірілігі, сапалы дәні, қоспалары, ақуыз саны мен сапасы, қышқылдығы анықталады. |
1,2,3,4,5,10 сұлбалар бойынша өндіріс жағдайына талдау жүргізіледі. Өндіріс жағдайын талдау сертификатталған өнімнің ерекшелігін және оның өндіріс жағдайын есепке алып, сәйкестігін растау органдарымен әзірленген бағдарлама бойынша жүзеге асырылады.
Өтінілген өнімнің сәйкестігін растау қабылданған сұлбасымен ескерілген орындалған жұмыстарын жағымды нәтижелерінде СРО сәйкестік сертификатын ресімдейді, оны ҚР СТ 3.11 сәйкес тізілімде тіркейді, оның көшірмесінің қажетті мөлшерін ресімдейді және оны өтінішкерге береді.Сәйкестік сертификатының күшінің мерзімі сақтау шарттарын сақтау кезінде кондитерлік өнімдердің кепілдік сақтау мерзімінің сәйкестікті растаудың қабылданған сұлбасын есепке алып СРО белгілейді.
1.3 Астық және астық өнімдерінің сапасын сертификаттау
Астық сапасын сертификаттау тәртібі:
1.Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде (бұдан әрі - Ауылшармині) тіркелген, өз құрамында астық сапасы жөніндегі облыстық, аудандық зертханалары (орталықтары) бар органдар астық сертификаттауды сапа сертификатын берумен жүргізеді;
2.Мемлекеттік астық ресурстарын сертификаттауды тендерді жеңген сертификаттау жөніндегі тіркелген орган жүргізеді. Тендер шарттарын және оны өткізу тәртібін Ауылшармині белгілейді;
3.Сапа сертификаты бір алушыға ішкі рынокта немесе экспортқа сатуға арналған астықтың әрбір бір текті (автомобиль, вагон, пароход және өзге де) партиясына беріледі;
4.Сертификаттау жөніндегі органның астық сапасы жөніндегі тіркелген облыстық зертханасының өз құрылымында тіркелген аудандық зертханалары болуы тиіс;
5.Астық сапасы жөніндегі тіркелген облыстық зертханада астық сапасының сертификаттау сынақтарын жүргізіледі.
6.Астық сапасы жөніндегі тіркелген аудандық зертхана өзінің орналасқан жері бойынша, тиісті облыс ауданының шекараларында көлемнің ең кемінде 75 пайызы көлеміндегі сертификаттау сынақтарын өткізуді қамтамасыз етуі тиіс;
7.Астық сапасының сертификаттары қатаң есеп беру бланкілері болып табылады, олар белгіленген тәртіппен берілуге және есептелуге жатады;
8.Астық сертификаттау жөніндегі жұмыстар өтініш иесінің өтініші негізінде жүзеге асырылады және жасалған келісімге сәйкес төленеді;
9.Астық сертификаттау жөніндегі орган астық сертификаттау жөнінде жұмыстар өткізуге екі дана келісім ресімдейді;
10.Өтініш иесі жұмыс өткізу шарттарымен келіскенде, келісімге қол қояды және ақысын төлейді;
11.Сарапшы (бұдан әрі - СО сарапшысы) сынамаларды іріктегенде көлік құралдарының астық тасымалдауға жарамдылығын анықтау үшін оларды мұқият тексереді;
12.Көлік құралдары техникалық жарамды, таза және астыққа сіңіп кететін бөтен иіссіз болуға тиіс. Көлік құралдары жарамсыз болған жағдайда, СО сарапшысы көлік құралдары жарамсыздығының себебін көрсетіп, ақаулы деп тану актісін жасайды;
13.Ақаулы деп тану актісіне СО сарапшысы, жүк жіберушінің және көлік ұйымының өкілдері қол қояды;
14.СО сарапшысы астықты тиеу және түсіру процесінде қолданылып жүрген мемлекеттік стандартқа (бұдан әрі - МЕСТ) сәйкес сынамаларды іріктейді және іріктеу актісін комиссиямен ресімдейді;
15.СО сарапшысы мемлекеттік астық ресурстарының сынамаларын іріктеуді Ауылшармині аумақтық басқармасы мемлекеттік астық инспекторының қатысуымен өткізеді;
16.Астық сапасының сертификаттау сынақтары келісім шарттарына, астық сапасы жөніндегі тіркелген аудандық зертхананың қолданылып жүрген стандартына сәйкес өткізіледі.
17.Сынақ хаттамасында:
- астықтың сапасы жөніндегі тіркелген зертхананың атауы;
- тіркелгені туралы куәліктің нөмірі;
- тіркелу нөмірі, кім, қашан бергені туралы жазылуы тиіс.
18.Сынақ хаттамасында МЕСТ, мемлекетаралық стандарттар талаптарының сапалық көрсеткіштерінің шарттың талаптарына сәйкестігі туралы тұжырым жазылуы тиіс;
19.Сынақ хаттамасына зертхана маманы қол қояды және ол мөрмен расталады. Хаттамада сынақ нәтижелері түзетілмеуі тиіс;
20.Астық сапасы жөніндегі тіркелген аудандық зертхананың саласына енгізілмеген астық сапасын анықтау үшін СО сарапшысы астық сапасы жөніндегі тиісті облыстық зертханаға астық сынамаларын жібереді;
21.Сертификаттау сынақтарының нәтижелері оң болғанда, СО сарапшысы сынақ хаттамасының негізінде астық сапасының сертификатын береді;
22.Астық сапасы сертификатының іс-әрекет жасау мерзімі ішкі рынокта бір ай, экспорттағанда ең кемінде үш ай болады;
23.Астық сапасы сертификатының түпнұсқасы жүк құжатпен қоса астық алушыға жіберіледі;
24.Көшірме нұсқасы жіберушіге беріледі, көшірмесі астық сертификаттау жөніндегі органның іс қағаздарында қалады, астық қабылдайтын кәсіпорынға сынақ хаттамасының бір данасы беріледі.
Астық сапасының сертификатында:
- құжаттың берілген күні, айы, жылы;
- құжаттың іс-әрекет жасау мерзімі;
- астықтың атауы, тұрпаты, тұрпат тармақшасы, класы;
- ТН ВЭД коды - тауарлық номенклатура бойынша астықтың коды;
- МЕСТ, шарттың нөмірі немесе нормативтік құжаттар;
- сапа көрсеткіштерінің атауы және нақты мәні;
- ресурстардың түрлері (коммерциялық, мемлекеттік және т.б.);
- жіберушінің атауы;
- жіберу бағыты;
- автокөліктің, вагонның, кеменің нөмірі;
- көлік жүкқұжатының нөмірі;
- партияның салмағы килограммен, ыдысқа салынған немесе үйілген бос жүктер үшін орындар саны;
- түсім жылы;
- тағайындалған мекені;
- алушының атауы;
- астық запасы зиянкестерінің атауы, залалдану дәрежесі немесе 1 кг. астыққа тиесілі даналар саны;
- газдау және газдан тазарту күні, фумигант атауы (егер, астық фумигатталса);
- егер астық құрғатылса - "құрғатылған" деп;
- металды магнитті қоспаның астықтың 1 кг. 1 мг. дейінгі дәл салмағы (астықта табылғанда);
- 0,1 пайызға дейінгі дәлдікпен алынған қандала-тасбақамен зақымдалған астықтың саны (зақымдалғанда);
1.4 Астық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
Азық-түліктік астықта:
1)әлеуетті қауіпті химиялық қосылыстардың рұқсат етілген шекті деңгейінің және пестицидтердің қалдық мөлшерінің;
2)қоспалардың, оның ішінде зиянды қоспаның рұқсат етілген шекті деңгейінің;
3)зиянкестермен залалдануының;
4)бөтен иістердің;
5)өздігінен қызуы, микроорганизмдердің дамуы мен микотоскиндердің пайда болуы үшін қолайлы жағдайлар туғызатын жоғары ылғалдылықтың болуы адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті факторлар болып табылады.
Мыналардың:
1)қоспалардың, оның ішінде зиянды қоспаның рұқсат етілген шекті деңгейінің;
2)жоғары ылғалдылықтың;
3)карантиндік арамшөптердің, зиянкестер мен аурулардың;
4)улы арамшөптер тұқымының;
5)зиянкестермен залалдануының болуы тұқымдық астықтың қауіпті факторлары болып табылады.
Импортталатын астықты жеткізуге арналған шарттарда астықтың түрін, астықтың арналымын, елдің және өндіруші-кәсіпорынның (орындаушының) атауын, сақтау мерзімін әрі сақтау шарттарын қамтитын, мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған ақпарат астықпен ілесіп жүруі көзделуі тиіс. Астықтың қауіпсіздігі мен сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыруға әкелетін іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында, астық нарығына қатысушылар сатып алушыларға және (немесе) тұтынушыларға астық қауіпсіздігі мен сапасы көрсеткіштері туралы толық әрі дұрыс ақпарат ұсынады.
Астық өндіру экологиялық және фитосанитарлық қауіпсіздікті, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің экологиялық және фитосанитарлық қауіпсіздігін, құнарлылығын сақтауды және ұдайы молықтыруды қамтамасыз ететін, қоршаған ортаға қолайсыз әсер етуді болдырмайтын немесе шектейтін ғылыми негізделген және ұсынылған тәсілдермен жүзеге асырылады.
Астықты өндіру кезінде:
1)қолданыстағы нормалар, нормативтер, агротехникалық, агрохимиялық, мелиоративтік, фитосанитарлық және эрозияға қарсы іс-шараларды жүргізу ережелері сақталуы;
2)зиянкестер, өсімдік ауруларын қоздырғыштар және карантиндік маңызы бар арамшөптер болмайтын тұқымдар пайдаланылуы;
3)Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өткен пестицидтер (улы химикаттар) қолданылуы тиіс.