Ауыл шаруашылық өнімдерін сертиифкаттау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 18:53, реферат

Описание

Сертификаттау құрылымын таңдап алғанда өнімді өндірген өндірістің, сынақтың, тапсырудың, нақты өнімнің пайдасының ерекшеліктері еске алынады. Сертификаттау құрылымы Мемлекеттік стандартпен немесе өкілетті сертификаттау органдарымен анықталады. Өз еркімен сертификаттауда өтініш беруші сертификаттау құрылымын таңдап алып сертификаттау органына ұсынады. Астықты және оны өңдеу өнімдерін міндетті растау кезінде техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілермен, стандарттармен және адам өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтірумен байланысты белгіленген көрсеткіштер расталады.

Работа состоит из  1 файл

Реф2.doc

— 153.50 Кб (Скачать документ)

        Астық өсіру кезінде пайдаланылатын  пестицидтер (улы химикаттар) мен  тыңайтқыштар Қазақстан Республикасының  химиялық өнімнің қауіпсіздігі  туралы заңнамасының талаптарына жауап беруі тиіс. Астықта улағыш заттардың жинақталуын болдырмау тыңайтқыштар мен гербицидтерді қолдану жөніндегі талаптарды (енгізу және өңдеу мерзімдері, тәсілдері, мөлшерлері және еселігі) сақтау арқылы қамтамасыз етіледі. Тыңайтқыштар мен өсімдік қорғау құралдарын қолдану жөніндегі автокөліктің, ауыл шаруашылығы техникасының, машиналардың және жабдықтың техникалық жай-күйі, оларды пайдалану тәртібі машиналар мен жабдық қауіпсіздігі саласындағы заңнаманың талаптарына сай болуы тиіс.

Астық өндіру процесінде Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамасына сәйкес өрт қауіпсіздігі талаптары сақталуы тиіс.

  Сақтау кезінде астық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

1)астықты сақтау экологиялық, құрылыс, өрт, санитарлық, фитосанитарлық талаптарға жауап беретін, астық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін астық сақтау қоймаларында жүзеге асырылады.

        2)астық сақтау қоймаларының аумағы қоршаулы және атмосфералық жауын-шашын суағарларға бұрылған қатты жабыны болуы тиіс. Аумақтың карантиндік және басқа да зиянды организмдермен залалданған учаскелері залалсыздандырудан өтулері тиіс.

3)ғимараттардың жертөлелік қабаттарының және жерасты тоннелдердің жайғастырылуы оларға жерасты суларының өтуін болдырмауы тиіс.

        4)астық сақтау қоймалары ғимараттарының құрылыс құрастырмаларының материалдары Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілуі тиіс.

5)өндірістік үй-жайлар қабырғаларының, төбелерінің, ұстайтын құрастырмаларының, есіктерінің, едендерінің, сондай-ақ силостар мен бункерлердің қабырғалары томпақтарсыз, ойпақтарсыз, бүртіктерсіз болуы және оларды тазалау мен залалсыздандыруды жеңіл жүргізуге мүмкіндік берулері тиіс.

        6)астық сақтау қоймаларының едендері ойықтар мен жарықтарсыз болуы, тегіс асфальтбетонды жабыны болуы тиіс, қабырғаларының беттері тегіс, тазалау мен залалсыздандыру үшін қол жетерлік болуы тиіс. Астық үйіндісіне шыны түсуін болдырмау үшін терезелер ішкі жағынан тормен бітелуі, шырақтар - торы бар қорғаныс қалпақтарымен қоршалуы тиіс. Белсенді желдету арналарының кіру тесіктерінің атмосфералық жауын-шашынның кіруіне жол бермейтін, тығыз жабылатын қақпақтары болуы тиіс.

  7)астық сақтау қоймаларында астықты өңдеудің технологиялық процесі астықпен байланысты барлық операцияларды ағылмалы механикаландырылған түрде жүргізуді қамтамасыз ететін технологиялық желілерді қолдану базасында ұйымдастырылуы тиіс.

        8)ағылмалы технологиялық желі операциялардың мынадай дәйектілігін көздеуі тиіс:

        - келіп жатқан астықты өлшеу;

        - астықты механикаландырылған жолмен түсіру;

        - астықты алдын-ала қалдықтазартқышта тазалау;

        - дымқыл астықты уақытша орналастыру;

        - дымқыл және су астықты кептіру;

        - астықты айырғыштарда тазалау;

        - астықты триерлерде және басқа да астықтазалағыш машиналарда тазалау;

        - тазаланған астық пен қалдықтарды өлшеу;

       - өңделген астықты астық қоймаларына орналастыру.

      9)біртекті технологиялық жабдықтың әрбір тобына пайдалану жөніндегі нұсқаулық болуы тиіс.

 Астық сақтау  қоймаларында:

1)астықпен бірге басқа материалдар мен жабдықты сақтауға;

        2)қоймалық үй-жайлардың ішінде астық тазалау, басқа да машиналарда іштен жану қозғалтқыштарын қолдануға;

        3)қойманың екі жақ қақпасы жабық тұрғанда жылжымалы механизмдермен жұмыс істеуге;

        4)қатты отынмен жұмыс істейтін кептіргіштерде тез тұтанатын сұйықтықтармен және жанғыш сұйықтықтармен, ал сұйық отынмен жұмыс істейтіндер факелдың көмегімен жағуға;

        5)кептіргіштерде ақауы бар температура бақылау аспаптарымен және оттықтағы от сөніп қалған кезде отынды беруді автоматты түрде тоқтататын қондырғысыз және электрлі тұтату жүйесімен немесе оларсыз жұмыс істеуге;

        6)астықты транспортер лентасынан биік етіп үюге және лентаның транспортер тетіктерімен үйкелуіне жол берілмейді.

Кептіргіш жұмыс істеп  тұрған кезде астық температурасын бақылауды үлгіні әр 2 сағат сайын  алу жолымен жүзеге асырылады. Арту-түсіру тетіктерін шаң-тозаң мен астықтан тазарту жұмыстары бір тәуліктен кейін жүргізіледі. Жылжымалы кептіру агрегаты астық қоймасының ғимаратынан кемінде 10 метр қашықтықта орнатылады. Кептіргіштердің от жану құрылғысынан ұшқын шықпауы тиіс. Түтін шығу құбырлары ұшқын сөндіргішпен жабдықталуы, ал олардың жанғыш құрастырмалары арқылы өтер тұстары өртке қарсы бөліктермен оралып, сылануы қажет.

       Астықты астық қоймаларында желдету кезінде желдеткіштер жанғыш қабырғалардан кемінде 2,5 метр аулақ орнатылғаны жөн. Ауа шығарғыштар отқа төзімді материалдардан жасалады.

Кептіргіштегі тетіктердің  мойын тіректері мен басқа  да бөліктерін пайдалану нұсқаулығына сәйкес тұрақты майлау қажет. Астықты  кептіру кезінде оның қызмет көрсетуші  тұлғалары жұмыс уақытында кептіру  ғимаратында ешқайда кетпей болғаны және оның жүзеге асырғаны жөн.

Сақтауға келіп түскен зиянкестер ластаған астық физикалық (суыту, кептіру, тазалау) және химиялық әдістерді қолдана отырып өңдеуге  тартылуы тиіс. Химиялық залалсыздандыру үшін Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген құралдар пайдаланылады. Астық қоймасына астық түскен сәттен бастап оны сақтаудың барлық кезеңі ішінде астықтың әрбір партиясының сапасы мен жай-күйін жүйелі қадағалау жүзеге асырылады. Қадағалаулар астықтың ылғалдылығына, температурасына, зиянкестермен залалдануына, иісіне және түсіне жүргізілуі тиіс.

Тұқымдық астықта мынадай  көрсеткіштер: ылғалдылық, өнгіштік, дақылдардың  және арамшөп тұқымдарының болуы  бақыланады және айқындалады.

Сақтау кезінде астықтың температурасы мен ылғалдылығын бақылауға арналған жабдықтың болуы астық сақтау қоймалары үшін міндетті талап болып табылады.

Сақтау кезінде астық  қауіпсіздігі кептіру немесе мынадай: бидай, қара бидай, арпа, күріш, қарақұмық, тритикале үшін - 14,5%-дан аспайтын; жүгері, тары, сұлы, құмай үшін - 13,5 %-дан аспайтын; асбұршақ, үрме бұршақ, жасымық, ноқат үшін - 15,0 %-дан аспайтын; күнбағыс, рапс, кенедән тұқымдары үшін - 7,0 %-дан аспайтын; мақта тұқымы үшін - 8,5 %-дан аспайтын; зығыр тұқымы, күнжіт, жержаңғақ үшін - 9,0 %-дан аспайтын; мақсары үшін - 10%-дан аспайтын; қыша, көкнәр үшін - 11 %-дан аспайтын; қытайбүршақ, кенепшөп үшін - 12,0 %-дан аспайтын ылғалдылыққа дейін белсенді желдету арқылы қамтамасыз етіледі.

Сақтау кезінде тұқымдық астықтың ылғалдылығы:

- бидай, қара бидай, арпа, асбұршақ, сұлы, тритикале, жүгері, ноқат, қытай бұршақ үшін 14 %-дан аспауға;

        -тары үшін 13,5 %-дан аспауға;

        -күріш, жасымық, сиыржоңышқа үшін 15,0 %-дан аспауға;

        -құмай, арыш, мақсары, майлы зығыр, сора үшін 13,0 %-дан аспауға;

        - қыша үшін 12,0 %-дан аспауға;

        - жер жаңғақ үшін 11,0 %-дан аспауға;

        - күнбағыс, көкнәр тұқымдары, мақта шиті үшін 10,0 %-дан аспауға;

        - күнжіт, кенедән үшін 9,0 %-дан аспауға;

        - рапс, беде қыша үшін 8,0 %-дан аспауға;

        - қарақұмық, ноғатық үшін: Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында 14,0 %-дан аспауға, ал басқа облыстарда 15,0 %-дан аспауға тиіс.

Сақталатын астықта өздігінен  қызудың дамуы ықтималдығын көрсететін температура көтерілген кезде, оны дереу салқындатуға шаралар қабылдануы тиіс.

Зиянкестермен залалдану  анықталған кезде физикалық (суыту, кептіру, тазалау) немесе химиялық әдістерді  пайдалана отырып оны жою жөніндегі  шұғыл шаралар қолданылады. Әрбір босаған сайын қоймалар механикалық тазалануы, зиянкестермен залалданған кезде - ылғалды немесе газды тәсілмен залалсыздандырылуы тиіс. Зиянкестермен залалданған астық залалданбаған астықты сақтауға арналған қоймадан кемінде 40-50 метр қашықтықта орналасқан, оқшауланған үй-жайда сақталуы тиіс. Қоймалық үй-жай ішінде сыпырынды, қоқыс және шаң сақтауға жол берілмейді.

Астық қоймаларында өндірістік процестерді ұйымдастыру және өткізу кезінде Қазақстан Республикасының  өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары қамтамасыз етілуі тиіс. Астық құрғақ, таза, бөтен иіссіз, зиянкестермен залалданбаған көлік құралдарында тасымалданады. Астық тасымалдауға арналған автокөлік құралдары техникалық тұрғыдан жарамды, таза, бөтен иіссіз болуы тиіс. Астықты атмосфералық жауын-шашынның әсерінен бүлінуден сақтау және шығындарды болдырмау үшін тасымалдаушылар кузовтардың едендері мен борттары қосылатын жерлерді тығыздауды және кузовтарды жамылғылармен жабдықтауды қамтамасыз етуі тиіс. Астықты темір жол көлігімен (арнайы вагондармен-астық тасушылармен, жабық вагондармен немесе контейнерлермен) тасымалдау кезінде тиеуге жарамды және тазаланған, қажет болған жағдайда жуылған вагондар мен контейнерлер беріледі, оларды тиеуге бергенге дейін станциядағы тасымалдаушының өкілі қарауы тиіс. Арнайы вагондар-астық тасушылар тиеуге жарамды кузовтарымен беріледі, тиейтін және түсіретін люктердің қақпақтарында саңылаулар болдырмайтын резиналық тығыздағыштар, сондай-ақ ілмек-пломбалық құрылғыны бұзбастан люктің ашылуын болдырмайтын ілмек тетіктері мен жарамды шектеу қондырғылары болуы тиіс. Жабық вагондар астық тасымалдауға тасымалдаушы берген ақаусыз есік тоспалары (қалқандары) болған жағдайда жіберіледі.

Вагондар мен контейнерлерді жуу және дайындау пункттерінде өсімдік карантині саласындағы уәкілетті органның өкілі жүк жөнелтушінің өкілімен бірлесе отырып вагондар мен контейнерлердің астық тиеуге жарамдылығын алдын-ала қарауды жүргізеді. Карантиндік объектілермен залалдану анықталған жағдайда залалданған астық Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині туралы заңнамасының талаптарына сәйкес залалсыздандырылуы, қайта өңделуі, жойылуы немесе қайтарылуы (импорт жағдайында) тиіс.

Залалданған астықты түсіргеннен  кейін жүк алушы вагондар мен контейнерлерді жуады. Залалданған астықты тасымалдағаннан кейін вагондарды, контейнерлерді және қалқандарды залалсыздандыру жүк алушы немесе тасымалдаушы жүк алушының есебінен тасымалдаушы мен жүк алушы арасындағы шарттармен белгіленетін тәртіппен жүргізіледі.

Астық тасымалдаудағы көлік  құралдарына денсаулық сақтау саласындағы  уәкілетті орган белгілеген тәртіппен  санитарлық паспорттар ресімделеді. Эпидемиологиялық көрсетімдер бойынша ұтқыр бригадалар және (немесе) мамандандырылған ұйымдар  Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын қолдана және қолдану режимін, қауіпсіздік шараларын, кәдеге жарату әдістерін, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен гигиеналық нормативтерді сақтай отырып астық сақтауға арналған вагондарды, контейнерлерді және су көлік құралдарының трюмдерін өңдеуді жүргізеді.

Вагондарды, контейнерлерді және су көлік құралдарының трюмдерін  өңдеу жөніндегі жұмыстардың  аяқталуы вагонның, контейнердің, трюмнің  нөмірін, жүктің атауын, жұмыстарды жүргізу күні мен уақытын, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарының атауларын және жұмысты орындаушыны көрсете отырып белгіленген нысандағы анықтамамен ресімделеді. Анықтама үш данада жасалады, оған жұмысты жауапты орындаушы және темір жол көлігіндегі, аумақтағы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органы, жүк жөнелтуші мен тасымалдаушының өкілдері қол қояды.

  Астықты сату кезіндегі қауіпсіздік талаптары :

1)астық бүлінбеген, құрғақ, таза, бөтен иістерсіз және өздігінен қызу белгілерінсіз болуы тиіс.

       2)тұқымдық мақсатқа арналған және себу алдында уландырғыштармен өңдеуге ұшыраған астық азық-түліктік мақсаттарға пайдаланыла алмайды.

        3)сату кезінде әрбір астық партиясы Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес қажетті құжаттармен сүйемелденуі тиіс.

4)егер астық сату кезінде оның қауіпті қасиеттерді иеленуіне әкеп соқтырған бұзылуға жол берілсе, ол өткізуге жатпайды және тиісті сараптамаға жіберіледі, оның нәтижелері бойынша астық кәдеге жаратылады немесе жойылады.

        5)Қазақстан Республикасынан экспортталатын астық, импорттайтын елдегі қолданыстағы заңдарымен, регламенттерімен өзге ештеңе талап етілмейтін жағдайлардан басқа, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай болуы тиіс.

Астықты кәдеге жаратқан және жойған кездегі қауіпсіздік талаптары 

1)осы Техникалық регламенттің талаптарына жауап бермейтін астық сараптама нәтижелері негізінде кәдеге жаратылуы немесе жойылуы тиіс.

        2)сараптама жүргізуге және оны кәдеге жарату немесе жою мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін қажетті кезеңде астық партия көлемін көрсете және астыққа қол жеткізуді болдырмайтын шарттарды сақтай отырып жекелеген үй-жайларда сақталуы тиіс. Астық сараптамасы белгіленген тәртіппен тіркелген сынақ зертханасында (орталығында) жүзеге асырылады. Астықты кәдеге жарату астықты жемдік немесе техникалық мақсаттарға пайдалану жолымен жүзеге асырылады.

3)жемдік немесе техникалық мақсаттарға пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда астық жойылуы тиіс. Астық иесі жойылуға тиісті астыққа қол жеткізуді оқшаулау және шектеу жөнінде шаралар қабылдайды. Қауіп тудыратын астық жою алдында залалсыздандырылады.

4)ауаның, топырақтың, жерасты суларының және жер үстіндегі су тоғандарының ластануын болдырмау үшін қауіпті астықты осы мақсаттар үшін көзделген орындарда жою және көму Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз астықты тасымалдауға, сақтауға, сараптауға, кәдеге жаратуға немесе жоюға байланысты барлық шығыстарды оның иесі төлейді.

Информация о работе Ауыл шаруашылық өнімдерін сертиифкаттау