Ауыл шаруашылық өнімдерін сертиифкаттау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 18:53, реферат

Описание

Сертификаттау құрылымын таңдап алғанда өнімді өндірген өндірістің, сынақтың, тапсырудың, нақты өнімнің пайдасының ерекшеліктері еске алынады. Сертификаттау құрылымы Мемлекеттік стандартпен немесе өкілетті сертификаттау органдарымен анықталады. Өз еркімен сертификаттауда өтініш беруші сертификаттау құрылымын таңдап алып сертификаттау органына ұсынады. Астықты және оны өңдеу өнімдерін міндетті растау кезінде техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілермен, стандарттармен және адам өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтірумен байланысты белгіленген көрсеткіштер расталады.

Работа состоит из  1 файл

Реф2.doc

— 153.50 Кб (Скачать документ)

Буып-түю мен таңбалауға қойылатын талаптар тек тұқымдық астыққа ғана қатысты белгіленеді. Бірегей және элиталық тұқым, бірінші ұрпақ будандары 1 %-ға дейін ауытқумен 50 кг-дан аспайтын салмақпен буып-түйіледі.

Орам тұқымдық астықтың сақталуын  қамтамасыз етуі тиіс және таңбасы  немесе зат белгісі болуы керек, онда:

  - тұқым өндірушінің атауы;

  - дақыл;

     - сорт;

- репродукция;

- сорттық тазалығының санаты;

        - егіс стандартының сыныбы;

        - жиналған жылы;

        - тұқым легінің нөмірі;

        - сорттық тазалығы;

        - сорттық құжаттың және тұқымның егістік сапасын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні көрсетіледі.

       Тұқым салынған әрбір қапқа немесе контейнерге тұқымның егістік сапасын куәландыратын құжаттан басқа, деректерімен затбелгі салынады. Дәріленген тұқым салынған орамға «Дәріленген» деген жазу жазылады.

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

         Өнімнің сапасын арттыру қазіргі жағдайда экономикалық және саяси міндеттердің негізгісі болғандықтан, оны шешуге бағытталған – стандарттау, сапаны мемлекеттік қадағалау және жан-жақты сынау шараларынан басқа сертификаттауды ұйымдастыру да өнім сапасының артуына кепіл алады.

Қазіргі кезде  елімізде өндірілетін және шет елдерден әкелініп жатқан ауыл шаруашылығы өндірісінің өнімдері, шикізаттар мен азық-түліктер адам өмірі үшін қауіпсіз, сапалы, жоғарғы сұраныс деңгейінде болуы тиіс.

Өндірілетін тауардың және көрсетілетін қызметтің сапасы тұтынушылардың сұраныс талабына сай  болуы үшін мемлекеттік өндірістің сапа көрсеткішін және өнім мен қызмет сапасын сертификаттап, оны жоғары сапалы тауар шығаруға, ал өндірілген өнімдердің сапасын ішкі және халықаралық бәсекелестікте төтеп бере алатындай деңгейге көтеруге бағыттауы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Смағұлов А.Қ., Сағындықов Қ.А., Төреханов А.Ә., Жазылбеков Н.Ә., Нұрымов, Жазылбеков К.Ж. Ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын сараптау және бақылау. Оқулық. – Алматы, 2005-389 б.

Қажғалиев Н.Ж., Бұлашев Б.К., Жусин Б.Т., Рүстембаева А.Н. Ауыл шаруашылығы өнімдерін стандарттау және сертификаттау. Оқу құралы – Астана, 2006-135 б.

Меңдебаев Т.М., Асқаров Е.С., Ермекбаева А.Ө.,Жаханова И.Ж. Стандарттау, метрология және сертификаттау. Оқулық. – Алматы, 2011-365 б.

Захан С. Ауыл шаруашылығы өнімдерін стандарттау. Оқулық. – Павлодар – 2006-269 б.

Қажғалиев Н.Ж., Жусин Б.Т., Мукатова Ш.Қ., Захан С., Хаметова Ш.Б., Ибжанова А.А. Ауыл шаруашылығы  өнімдерінің сапасын бақылау  және сынау практикумы, 2007

Зерновые культуры. Государственные стандарты. Сборник. М.:ИПК Издательство стандартов, 2004-84 с.

Сергеев А.Г. Сертификация – М.: Логос, 2002-264 с.

Н.Г. Шепетков и  др. Технология производства, хранения, переработки и стандартизаций продукции  растениеводства. Астана: КазАУ, 2000-456 с.

2001 жылғы 19 қаңтардағы «Астық туралы» Қазақстан Республикасының заңы.

2008 жылы 8 сәуірде  бекітілген «Астық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті.

2004 жылғы 9 қарашадағы  « Техникалық реттеу туралы»  заң.

ҚР СТ 3.60-2005 Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі. Дәннің және одан өңделген өнімдердің сәйкестігіне растау жүргізу тәртібі.

 

   



 



Информация о работе Ауыл шаруашылық өнімдерін сертиифкаттау