Туберкулез таяқшасын анықтауға қолданылатын серологиялық реакция. РП реакциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 08:57, курсовая работа

Описание

Микроорганизмдер- көбінесе бір клеткалы, өте ұсақ, жай көрінбейтін тірі организмдер. Олар миллиметрдің мыңнан бірлігі- микронмен өлшененді. Бұлардың құрылысын, сыртқы пішінін және қозғалысын зерттеу үшін кем дегенде 400-500 есе үлкен арнаулы аспап-микроскоп қолданылады. Қазір 800-1300 есе үлкейтіп көрсететін биологиялық микроскопты пайдаланады. Микробиология ботаника мен зоология ғылымдарының қарапайым организмдерді зерттейтін салаларымен тығыз байланысты.

Работа состоит из  1 файл

Кириспе ТОЛЫК Курсовой.docx

— 402.91 Кб (Скачать документ)

     КІРІСПЕ

     Курстық жұмыстың өзектілігі: Микробиология пәнінің негізгі өзегі бактериялар болып табылады. Бактериялар – табиғатта ең көп тараған, негізінен бір клеткадан тұратын, оқшауланған ядросы жоқ, ең қарапайым организмдер тобы. Бактериялардың сан алуан түрі болуымен қатар, оларды анықтау, қолданылу барысы әр түрлі. Әрбір бактерия қоздырғыштары өзіндік морфологияға ие. Ауру қоздырғыш бактериялар қышқылдық, сілтілік немесе нейтралды ортада өсуі мүмкін. Олардың морфология мен физиологиясына қарай тиімді өсу ортасы таңдалады. Өсіру процессінде бірнеше технология қолданысқа ие болады. Технология барсысында әрбір бактерияның ерекшеліктері ескерілуі шарт. Мысалы, туберкулез ауруын тудыратын Кох таяқшасы минустық температурада тиімді өседі.

     Микроорганизмдер- көбінесе бір клеткалы, өте ұсақ, жай көрінбейтін тірі организмдер. Олар миллиметрдің мыңнан бірлігі- микронмен  өлшененді. Бұлардың құрылысын, сыртқы пішінін және қозғалысын зерттеу  үшін кем дегенде 400-500 есе үлкен  арнаулы аспап-микроскоп қолданылады. Қазір 800-1300 есе үлкейтіп көрсететін биологиялық микроскопты пайдаланады. Микробиология ботаника мен зоология ғылымдарының қарапайым организмдерді  зерттейтін салаларымен тығыз байланысты. Микробиология - микроорганизмдердің  биохимиялық әрекеттерін, қоректік заттарды өзгертудегі олардың негізгі  ролі қарастырылады.

Микроорганизмдердің басым көпшілігі - бактериялар. Сонымен  қатар микробиология төменгі  сатыдағы саңырауқұлақтарды, ашытқы саңырауқұлақтарын, ұсақ балдырларды, қарапайым организмдерді, вирустарды да зерттейді.

     Микроорганизмдер  тіршілігінің ең бір айқын байқалатын жері-ашу процесі.Күнделікті көріп  жүрген сыра мен түрлі шараптар, тағамдардың шіріп, бүлінуі және көгеруі бәрі де осы микроорганизмдердің әсерінен болады.

     Қазіргі таңда бактериялар тудыратын  аурулар ішінен қарқындфылығы бәсеңдемей тұрған – туберкулез ауруы. Осы аурудан  жыл сайын 8.4млн адам зардап шегеді. Бұл аурумен курес бүкіл жаһандық мәселе болып қалуда. Әрбір мемлекет аурумен шалдыққан адамдарға тегін медициналық көмек көрсетеді. Бұл ауру ошақтары ретінде қазіргі таңға дейін Африка, Орталық Азия, Португалия,т.б өмір сүру деңгейлері төмен мемлекеттер болуда.

     Кох таяқшысы адам организмінде өмір бойы сақталады. Бактенрияға өолайлы  жағдай туысымен өз белсендідігін кушейтіп, адам ауру ошағына айналады.

     Қазіргі заманауи әдістердің бірі ретінде- Туберкулез талшығын анықтауға қолданылатын серологиялық реакциялар – РП реакциясы және Туберкулез талшығын анықтауға қолданылатын серологиялық реакциялар – КБ реакциясы қолданылады.

Преципитация  реакциясы

     Преципитация  реакциясы – ерекшелік антиденемен  молекулярлы антигеннің кешені қалыптасып тұнбаға түсу реакциясы.

Антиген-антидене кешенінің тұнбасы преципитат деп  аталады. Ерітіндідегі антигенді иммундық сары судың үстіне араластырмай жіберу реакциясын сынауықтарда өткізеді. Антиген  және антидене қарым-қатынасуымен осы  екі ерітінділердің шек араларында преципитат жүзігі жаратылады (жүзік  преципитация реакциясы).

     Туберкулез  талшығын анықтауға қолданылатын серологиялық реакциялар – КБ реакциясы

     Комплемент  байланыстыру реакциясы 1901 жылы Борде  және Жангу ғалымдармен ашылған. Антиген және антидене қосылу белгісі  тек қана комплемент болғанда белгіленетін реакция.

     Антиген-антидене-комплемент кешені жаратылу реакция көзге көрінбейтін  реакция. Реакция бөлшектерінің  қарым-қатынасуын анықтау үшін, қосымша  индикаторлық жүйемен қолданады. Осы  жүйенің көмегімен алғашқы жүйеде өткен қарым-қатынасудың қортындысын  көруге болады. Осымен КБ реакциясына  бірінші жүйеде комплементтің байланысқанын  көрсететін екі жүйе қатысады: 1) бактериолитикалық (диагностикалық) және 2) гемолитикалық (индикаторлық).

     Реакцияның  негізінде комплементті антиген  – антидене кешенімен белсендету жатыр. Антиген және антидене бір  біріне сәйкес келгенде олар иммундық кешен жаратады. Сол кезде антиденелер  бөлшектері арқылы иммундық кешенге  комплемент қосылып антиген-антидене кешенімен комплемент байланыстырылады.

     Курстық жұмыстың нормативтік- ақпараттық базасы. Ақпараттық негізгі көздері: ҚР статистика бойынша агентігінің және де еліміздің статистикалық басқармасының мәліметтері және нормативтік- анықтама материалдары, денсаулық сактау кәсіпорындарының мәліметтері.

     Курстық жұмыстың зерттеу тәсілдері. Стаистикалық-экономикалық, салыстырмалы таңдаулар, биологиялық сараптама әдістерін қолдану көмегімен жүргізілді. 
 

    1. МИКРОБИОЛОГИЯ

     1.1 Микробиология салалары  

     Микробиология – жай көзге көрінбейтін, ұсақ тірі организмдерді, олардың құрылысы мен биологиялық, биохимиялық қасиеттерін, табиғатта жүріп жатқан процестердегі  ролін, адам тұрмысындағы пайдасы мен  зиянын жан-жақты зерттейтін ғалым.

     Микробиология ғылымы көптеген жаңалықтармен теориялық  және практикалық жеңістіктермен толықтырылады. Халық шаруашылығының түрлі қажеттері  мен мақсаттарына сәйкес бұл ғылым-жалпы  микробиология, техникалық немесе өнеркәсіптік микробиология, тағамдық микробиология, ауыл шаруашылық микробиологиясы, медициналық  микробиология, эпидемиология, мал  дәрігерлік микробиология және вирусология болып бірнеше салаға бөлінеді.

     Жалпы микробиология – микроорганизмдердің  өзгергіштігі мен тұқым қуалаушылығына, дамуы мен тіршілік етуінің негізгі  заңдылықтарына жалпы сипаттама  береді, олардың табиғатта заттар алмасу процесіндегі ролін және оны  адам баласының пайдасына қолданудың мүмкіндіктерін зерттейді.

     Техникалық  немесе өнеркәсіптік   микробиология  – микроптардың тіршілігі нәтижесінде  түзілетін өнімдердің адам баласына ең қажеттілерін іс жүзінде өндізудің  ғылыми негіздерін жасайды, оларды көптеп өндіруді қарастырады. Техникалық микробиологияның дамуы барысында ашыту өнеркәсібі, антибиотиктерді, ферменттерді, витаминдерді, амин қышқылдарын өндіретін өндірістер ұйымдастырылады.

     Тағам микробиологиясы-әр түрлі микроорганизмдердің  көмегімен тағамдық өнімдерді алудың әдістерін зерттейді және өнімдердің микробтар әсерінен бұзылуын болдырмаудың шараларын белгілейді.

     Ауыл  шаруашылық микробиологиясы-өсімдіктердің  қоректенуімен топырақ түзілуіндегі микроорганизмдердің ролін зерттейді. Сонымен бірге мал азықтық  белоктарды өндірудегі басқа да өсімдіктер тектес азықтардың құнарландырудағы микроорганизмдердің  пайдалы топтарын тауып, шаруашылыққа ұсынады.                                                                                                                    Геологиялық микробиология- немесе геоморфология жер қабатындағы микроорганизмдерді зерттейді. Санитарлық микробиология- су, ауа, және топырақтағы микроорганизмдердің таралуын, ауру қоздырғыштық қасиеттерін және олардың көиегімен аурудың таралу жолдарын зерттеп, ақыр аяғында табиғаттағы адам пайдаланатын объектілерді зиянды микроорганизмдерден тазартудың әдісі мен жолдарын белгілейді.

     Медициналық микробиология- адамдар ауру қоздыратын микроорганизмдерді, олардың организммен  қарым-қатынасын зерттейді, жұқпалы  ауруларды емдеу мен олардың  алдын-ала сақтандырудың лабораториялық диагностикасы және арнаулы әдістерін жасауды қарастырады.

     Эпидемиология-адам мен жануарларда кездесетің әртүрлі  жұқпалы аурулардың жаппай таралуы  жолдарын және олардың шығу себептерін анықтайды және олармен күресу шараларын  белгілейді.

     Мал дәрігерлік микробиология –малдарда  болатын жұқпалы ауруларды қоздырғышы микроорганизмдерді зерттейді, олармен күресудің шараларын анықтайды.

     Вирусология -өсімдіктерде, жануарларда, адамдарда  және бактерияларда вирустардың  даму заңдылықтарын зерттейді , вирустық ауруларды табудың әдістері мен  жолдарын белгілейді және емдеу , алдын  –ала сақтандыру жағдайларын қарастырады.

     3.Микробиология  тарихында римнің профессоры  Афанаси Қирхердің (1601-1680)есімі  де аталуы тиіс. Қирхер сасыған  ет, щарап сіркесін, сүтті қарап,  онда түрлі құрттардың кездесетінің  байқады. Ол қанды қарап, онда  түрлі клеткаларды көреді 
 

     1.2 Микроогранизмдер.Бактреиялар  

     Бактериялар (гр. bakterion -таяқша) — тек микроскопта ғана көрінетін аса ұсақ микробтар және олар көптеген әр алуан аурулар туғызады. Бактерия - бір жасушалы ағза, көбісі таяқша пішінді болып келеді. Бактерия негізінен түссіз тек кейбіреулерінде ғана аздап бояғыш заттар кездеседі. Фотосинтез құбылысы жүретін көк -жасыл қызыл түсті өкілдерін цианобактериялар деп атайды; ядросы, митахондриясы, пластидтері қалыптаспаған өте кішкентай біржасушапы ағзалар.

     Бактериялар – табиғатта ең көп тараған, негізінен  бір клеткадан тұратын, оқшауланған  ядросы жоқ, ең қарапайым организмдер  тобы. Алғаш рет бактерияларды (грекше bakterіon – таяқша) 17 ғасырда голланд ғалымы, микроскопты жасаушы – Антони ван Левенгук байқаған. 19 ғасырда бактериялардың құрылысы мен табиғаттағы рөлін француз ғалымы Луи Пастер, неміс ғалымы Роберт Кох және ағылшын ғалымы Джозеф Листер зерттеді. Бактериялардың клетка құрамында тұрақты клетка қабаты, цитоплазмалық мембрана, цитоплазма, нуклеоид, рибосома болады. Ядроның қызметін дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) атқарады. Бактериялар ядросы мембрана қабығымен оқшауланбаған және онда хромотин жіптері түзілмейді. Бактериялар қарапайым бөліну арқылы көбейеді. Мысалы, 1 г қара топырақта 2 – 3 млрд. бактериялар, 1 г құмды топырақта 150 мың бактериялар, адам көп жиналған бөлме ауасының 1 м3-інде он мыңдай бактериялар тіршілік етеді. Олардың пішіндері әр түрлі: шар тәрізділерін – кокк, қосарланғандарын – диплококк, таяқша тәрізділерін – бациллалар, үтір тәрізділерін – вибриондар, таға тәрізділерін терроидтар, жүзім тәрізді шоғырланғандарын – стафилококтар деп атайды. Бактериялардың ұзындығы 1 – 20 мкм, ені 0,1 – 10 мкм, ал жіп тәрізділерінің ұзындығы 50 – 100 мкм-ге жетеді. Қолайсыз жағдай туғанда сырты қалың қабықпен қапталып спора түзеді. Бактериялар өте төменгі температурада (–1900С-та, ал споралары –2530С-та) тіршілік ете береді. Оларды өте жоғары температурада (+1000С-та) кептіргенде, кейбір түрлері (мысалы, гонококтар) тіршілігін тез жойса, дизентерия таяқшалары жеті тәулік, дифтериянікі отыз тәулік, туберкулездікі тоқсан тәулік, ал түйнеменің бациллалары он жылға дейін тіршілігін жоймайды. Бактерияларды ультракүлгін сәулелері ерітіп жібереді. Қышқылды, қантты, тұзды ортада тіршілік ете алмайды. Бактериялардың көпшілігі зиянсыз, ал зиянды түрлері көптеген жұқпалы аурулар (туберкулез, тырысқақ, көкжөтел, т.б.) тудырады. Бактериялар клеткасында өсімдіктер мен жануарлардың клеткасында болатын элементтердің барлығы кездеседі. Бактериялардың тіршілігінде ферменттердің атқаратын рөлі зор. Олардың бір бөлігі (эндоферменттер) бактерияларда синтез, тыныс алу процесін реттесе, ал екіншілері (экзоферменттер) бактериялар арқылы қоршаған ортаға бөлініп шығады. Сондай-ақ олардың тіршілік етуі үшін көміртек пен азот өте қажет. Бактериялар азотты белоктан, амин қышқылдарынан, аммоний тұздарынан, нитраттардан алады, кейбіреулері атмосфера азотын сіңіреді. Бактериялар көміртекті көптеген көмірсулардан, спирттерден, органикалық қышқылдардан, т.б. алады. Органикалық қосылыстардағы көміртекті сіңіретін бактерияларды гетеротрофты, ал атмосферадағы көміртекті сіңіретіндерді автотрофты бактериялар деп атайды. Бактериялар ауа бар жерде де (аэробты бактериялар), жоқ жерде де (анаэробты бактериялар) өсіп-өнуге бейімделген. Өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарын минералдандыру арқылы бактериялар табиғаттағы зат айналымына

     

     

 

Мысалы, бактериялар өсімдік қалдығына  әсер еткенде, оның құрамындағы крахмал, пентозандар, целлюлоза, пектин заттары  су мен көмір қышқылына ыдырайды. Тірі организмдерге шіріту бактериялары әсер етсе, ондағы азот қосылыстары  аммиакқа айналады. Ал топырақтағы  нитрификациялаушы бактериялар  аммиакты азот қышқылы тұздарына  дейін тотықтырады. Бактериялар  топырақ құнарлылығын қалыптастыруға, химиялық элементтердің геохимиялық  жолмен алмасуына қатысады, антибиотиктерді, амин қышқылдарын, витаминдер мен ферменттерді, т.б. қосылыстарды түзеді. Бактериялар  тамақ және жеңіл өнеркәсіптерінде (сүт тағамдарын әзірлеу, зығырды  жібіту, т.б.) кеңінен пайдаланылады.

 

     Бактериялық сілтісіздендіру, бактериялық шаймалау – кентастар құрамындағы бағалы кендерді (уран, мыс, алтын, т.б.) микроорганизмдер көмегімен ерітінділеп алу әдісі. Металдарды бактериялық сілтісіздендіру арқылы бөліп алу әдісімен өндіру 16 ғасырдан белгілі болған. Бірақ ол кезде бактериялардың металдарды сілтісіздендірудегі рөлі белгісіз болды. 1947 жылы американың микробиологтары Холмер мен Хинкелл кеніш суында бұрын белгісіз Thіobacіllus T. ferrooxіdans бактериясының бар екенін анықтады және оның сульфидті минералдардың барлық түрін, күкіртті, темірді, сондай-ақ Сu+, Se2-, Sb3+, U4+ элементтерін қышқылдығы (рН) 1,0 – 4,8, температурасы 5 – 350 болатын ортада тотықтыра алатынын дәлелдеді. Бұл бактериялардың 1 г кендегі, немесе 1 мл кен суындағы мөлшері 1 млн-нан 1 млрд-қа дейін болады. 1958 жылы АҚШ-та мысты T. ferroоxіdans бактериясымен сілтісіздендіру әдісі патенттелді. КСРО-да бұл жөніндегі зерттеулер 20 ғасырдың 50-жылдарында басталды. Оның нәтижесінде зерттеушілер сульфидті минералдарды, темірді, күкіртті тотықтыратын бактериялардың жаңа (Leptospіrіllum L. ferrooxіdans, Thіobacіllus organopatus, Thіobacіllus thіooхіdans, т.б.) түрлерін ашты. Түсті металдарды кеннен бактериялық сілтісіздендіру әдісімен алуда бактериялардың тиондық түрі – T. ferrooхіdans көбірек қолданылады. Бактериялық сілтісіздендіру процесін жылдамдату үшін кенді ұнтақтап немесе кен үгіндісін (концентратын) жете араластырып, алынған қойыртпақты аэраттап және бактериялардың әрекетке жарамдылығы толық сақталатындай температура мен қышқылдылықты (рН-ты 1,5 – 2,5 шамада) біркелкі ұстау қажет. Бұл жағдайда 1 мл концентраттағы бактерия клеткаларының саны 109–1010 жетеді. Бір сағат ішінде, осындай мыс концентратынан 0,7 г/л, мырыштан 1,3 г/л; қалайыдан 0,2 г/л өнім ерітіндіге түседі. Қалайы мен алтыны бар үгіндіден 70 — 80 сағат ішінде 90% пайдалы кенді (металды) бөліп алуға болады. Бактериялар сульфидтерді жүздеген, мыңдаған есе тез тотықтырады, ал екі валентті темірдің (Fe2+) тотығуын химиялық әдіске қарағанда 2Һ105 есе жылдамдатады. Ашық әдіс үш валентті (Fe3+) темір және бактериясы бар әлсіздеу күкірт қышқылының (H2SO4) судағы ерітіндісін үйіндідегі кенге шашыратып себу арқылы іске асырылады. Жер астылық әдісте ерітінді айдау ұңғымасы арқылы кенге жеткізіледі, ал құрамында металы бар ерітінді ұңғыма арқылы жер бетіне шығарылып, гидрометаллургия зауытына жіберіледі. Бактериялық сілтісіздендіру әдісімен алған металдың өзіндік құны химиялық сілтісіздендірумен салыстырғанда бір жарым – екі есе төмен болады. Бактериялық сілтісіздендіру әдісі Қазақстанда алғаш рет Қоңырат, Николаев кеніштерінде қолданылды. 
 

Информация о работе Туберкулез таяқшасын анықтауға қолданылатын серологиялық реакция. РП реакциясы