Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 08:57, курсовая работа
Микроорганизмдер- көбінесе бір клеткалы, өте ұсақ, жай көрінбейтін тірі организмдер. Олар миллиметрдің мыңнан бірлігі- микронмен өлшененді. Бұлардың құрылысын, сыртқы пішінін және қозғалысын зерттеу үшін кем дегенде 400-500 есе үлкен арнаулы аспап-микроскоп қолданылады. Қазір 800-1300 есе үлкейтіп көрсететін биологиялық микроскопты пайдаланады. Микробиология ботаника мен зоология ғылымдарының қарапайым организмдерді зерттейтін салаларымен тығыз байланысты.
1.3
Микроогранизм түрлері және
Микроорганизмдерді
алғаш рет ашу Голландия
Бактериялар-бір клеткалы ағзалар, хлорифилі жоқ, өсімдіктердің бір түрі. Олар көптеген инфекцияның ауру қоздырғыштарынан тұрады. Олардың өте үлкен және ұсақ, орташа түрлері болады. Ең ірі бактериялар сібір жарасы, гангрена қоздырғыштары.
Бактериялардың негізгі 3 түрлі формалары бар:шар тәрізді коккалар, таяқша тәрізді бактериялар, бациллалар және клостидиялар және спирал тәрізді спирилла және виброндар.
Шар тәрізділер түрлері форма-коккалар сыртқы пішіні шар тәрізді строфилкоккалар, ст.рептоктар.Көптеген коккалар-сапрофиттер, олар спора түзбейді. Қозғалмайды, табиғатта кең таралған. Коккалар жеке-жеке бір-бірмен қосылмаған-микрококктар деп аталады Диплококктардан адам ағзасында ауру туғызатын қоздырғыштар, гонореия, минингит қоздырғыштары.
Таяқша пішінді түрлері- спора түзушілер және спора түзбейтін түрлері болады. Пішініне қарай ірі, орташа ұсақ таяқша түрлері, цилиндр, овал формалары түрлері кездеседі.
Спирал пішінді түрлері-табиғатта кең таралған. Оларға споралар және виброндар жатады. Споралар тығын тәрізді спирал формалы болып келеді.
Спирохиттер-штопр тәрізді иілген формалы бактериялар және қарапайымдардың аралық формасы. Көлемі, ені-0,3-1,5м, ұзындығы-7-500м. Клетка қабықшасы жоқ, ядросы болмайды. Спирохиттер қозғалғыш. Бөліну арқылы көбейеді.Бүктелу және қозғалғыш қасиеті орталық жіпше арқылы жүзеге асады. Саңырауқұлақтар-хлорофилсіз өсімдік әлеміне жатады. Дифферециялық ядросы бар, спора арқылы көбейеді. 5 классқа жіктеледі.
1.Архилициттер
класы (archimycetes)-жыныссыз
2.Фикомициттер класы(Phycomycetes)-жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді.Жұқа бұтақша пішінді саңырауқұлақтар. Бұл классқа мукор үлпілдек мақта тәрізді плесень түзіледі. Мукор мақтасы жынысты жолмен де көбейеді. Адамда өкпе, құлақ қалқандарын ауруға ұшыратады.
3.Аскомициттер класы(ascomycetes)-тағамдарда, қанның бетінде кездеседі. Адамдарда тыныс жолдарын, көз, құлақты зақымдайды
4.Пенициллин(penicillium)-көп клеткалы, пенициллин алады.
5.Акомицитез класы- ашытқы саңырауқұлақтар. Нан өсімдіктерде, шарап өндіруде қолданады.
Қарапайымдылар
бактерияларға қарағанда
1.Саркодиналар
класы-тынымсыз қозғалады,
2.Спорофиттер(Sporozoa)- жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді,арнайы қозғалу органы жоқ.
3.Жгутиктілер(Flogollata)-
4.Талшықтар(Infusoria)-
2 . МИКРООРГОНИЗМДЕР ТУДЫРАТЫН АУРУЛАР
2.1
Микроорганиздер тудыратын
Гнотобиология-микробсыз жануарлар ғылымы. Жасанды ортада өсірілген, табиғатта микробсыз жануарлар кездеседі. Сүтқоректілер ұрығы жатырда стерилді ортада дамиды. Оларды гнотобионттар деп атайды.
Бұл өте
қауіпті асқынулардың бірі, көбінесе
қол-аяқтың терең сүйекпен қоса зақымдануында
сонымен қатар алғашқы жараны
сапасыз емдеуді жүргізген
Гангренаны бактерияның клостридий түрі шақырады. Олар сыртқы ортада тұрақты, ал споралары қайнатқанда да өлмейді.Жарада оттегі түспегенде дамиды.
Анаэробты
қоздырғыштарға (инфекцияларға) сіреспе,
газды гангрена және ботулизм, туберкулез
жатады.Олар жаралар инфекцияланғанда
және организмнін басқа да зақымдалуларында
жарақат инфекциясы ретінде саналады.
Олар жайлы организмнің зақымдалуы туралы
бөлімде жан-жақты айтылады.
2.2
Туберкулез. Ауру морфологиясы
Туберкулез
(лат. tuberculum – төмпешік), ескіше: құрт
ауру, көксау – адам мен жануарларда
болатын созылмалы жұқпалы
Туберкулез ауруы көне заманнан белгілі. Ауру белгілері бұдан 7 мың жылдай бұрын неолит кезеңіндегі адам сүйегін зерттегенде табылған, біздің заманымыздан бұрын 3 – 2-мыңжылдықта египет мумияларынан анықталған. Туберкулездің клиникасы туралы алғашқы деректер 2 ғасырда өмір сүрген каппадокиялық дәрігер Аретейдің (Aretaіos) еңбектерінде кездеседі. Одан кейін Гиппократ, Гален, т.б. ғалымдардың еңбектерінде де Туберкулез ауруы еске алынады. Бірақ олар Туберкулезді жұқпалы ауру қатарына жатқызбаған. Ал Әбу Әли ибн Сина өзінің “Дәрігерлік ғылымның каноны” деген еңбегінде Туберкулезді тұқым қуалайтын аурулар қатарына жатқызған. Туберкулездің жұқпалы ауру екенін бірінші рет италиялық ғалым Дж.Фракасторо (1478 – 1553) дәлелдеді.
Туберкулез - тұрғындардың денсаулығына біршама нұқсан келтіретін əлемде ең ауқымды таралған жұқпалы аурулар қатарына жатады. 1993 жылы
Дүниежүзілік
Денсаулық Сақтау Ұйымы туберкулезді
жалпы қоғамдық денсаулық сақтау
жүйесінің глобальды мəселесі деп
жариялады. Қазіргі таңда жер
бетіндегі бүкіл халықтың 1/3 бөлігі
туберкулез микобактериясы-мен
Жұқпаның өзге қоздырушыларына қарағанда, туберкулез микобакте-риясынан адамдар көбірек қайтыс болады.
Туберкулез науқастарының 75%-зы 20-40 жас аралығындағы, яғни еңбекке біршама жарамды жастағы адамдар болғандықтан, туберкулез анықталған жанұялар үлкен зардаптарға душар болып, мемлекет айтарлықтай шығындарға тап болады.
Дүниежүзілік
денсаулық сақтау ұйымы туберкулез
жағдайларының біршама
2.3.
Туберкулезді анықтау мен
Туберкулезді жетік емдеудің ең басты шарты, ауруды дер кезінде анықтау болып табылады. Ауруды уақытылы анықтау үшін, туберкулезге күмəн ту-дыратын белгілер байқалған мезетте, кідірместен дəрігерге қаралу қажет. Тұрғындардың барлығы туберкулез белгілері жайлы толық хабардар болу-лары керек жəне сол белгілер пайда болған жағдайда, денсаулықты тексеру мақсатында, емханаға қаралулары керектігін білулері қажет. Туберкулездің ең алғашқы басты белгілері:
• Жөтелдің 2 аптадан астам уақытқа созылуы
• Қатты шаршау
• Əлсіздік
• Тəбеттің төмендеуі
• Дене салмағының азаюы
• Кеуде қуысының ауыруы
• Түңгі уақыттағы терлеу
• Дене қызуының көтерілуі
Дегенмен, аталмыш белгілер тек туберкулез жағдайында ғана болмай, өзге де себептерден болуы мүмкін. Сондықтан, дəрігер толық тексер-геннен кейін ғана, туберкулездің бар-жоқтығын айқындай алады. Өкінішке орай, науқастардың көпшілігі алғашқы байқалған белгілерге аса көңіл бере бермейтіндіктен, ауруды асқындырып алады. Туберкулезді дер кезінде жəне нақты анықтау үшін, науқасты ұқыпты ды, тиянақты түрде тексеру қажет. Емханаға келген бойда науқас, өзін қалай сезінетіндігін, алдында ауырған аурулары жайлы, сонымен қоса жанұясының басқа да мүшелерінің ауырған аурулары жайлы толық айтып беруі тиіс. Ең бастысы, туберкулез науқасымен қатынас болған-болмағандығын, болған жағдайда қашан жəне қанша мерзімде екендігін білген дұрыс. Дəрігер науқасты толық тексергеннен кейін, оны одан əрі қосымша зерттеулерге бағыттайды. Қазіргі кезеңде туберкулезді анықтаудың ең дəл əдісі: бактериологиялық, рентгенологиялық диагностика жəне балалар мен жасөспірімдерде Манту сы- намасы болып табылады. Енді осы аталған əдістерге жеке-жеке толығырақ тоқталып өтейік. Туберкулезді бактериологиялық диагностикалау:
– науқастың патологиялық материалындағы (қақырық, қан, зəр, жараны бөліп тұрған ауатамырдың u1179 құрамы, жұлын сұйықтығы, операциялық материал) туберкулез микобактериясын анықтауға бағытталған. Бұл түрі тек туберкулезді диагоностикалау үшін ғана емес, процестің ағымын, тиімді емдеу үлгісін жо- спарлауда жəне оның тиімділігін дұрыс бағалауда да пайдасы орасан зор.
Спирті бар ішімдіктерді шамадан тыс немесе тұрақты тұтыну ағзаның əлсіреуіне əкелуімен қатар, түрлі аурулардың, оның ішінде туберкулездің де артуына əкеп соқтырады.
Оған
жануарларға жүргізілген
Туберкулез науқасы үшін ішімдіктің зияны айтарлықтай. Туберкулез ауруы-мен болсын, өзге де жұқпалы ауруларымен болсын ауыратын науқастың тағдыры, ең бірінші оның ағзасының күйіне тəуелді екендігі бəрімізге мəлім. Сау адамның ағзасында микробтардың дамуы екі талай: туберкулез микобактериялары немесе өледі, немесе бітелген күйде болады. Дегенмен, салауатты өмір салтын сақтамау сал-дарынан денсаулығы əлсіреген адамның ағзасы жұқпаларға төтеп беру қабілетінен арыла береді. Осыдан барып, ағзаның қорғаныш айырлары ауыртпалықтар туды-ратын микробтармен қарсы күресе алмай, ешбір кедергілерсіз дами бастап, өкпеде немесе басқа да мүшелердің бұзылуына əкеп соғуы мүмкін.
Ағзаның туберкулез микобактерияларына жəне басқа да жұқпалы аурулардың қоздырғыштарына қарсы күресінде басты назар аударатыны, адам ағзасының барлық қорғаныш күштерін басқару қызметіндегі жүйке жүйесі болып табылады.Туберкулез науқасының өмірге деген көз қарасы дұрыс болса, оның жүйке жүйесі де тыныш болады. ал, ішімдік болса оны əлсіретіп, уландырады.
Спирті бар ішімдіктер тəбетті жақсартып, ас қортуға пайдалы деген оймен
жүргендер де аз емес. Олардың барлығы дерлік қателеседі. Туберкулез науқасының тəбеті, дəрігер жазып берген тəртіпті қатаң түрде сақтағанда ғана жақсарады, мысалы, солардың біріне таза ауада серуендеу жатады.
Сонымен қатар, ішімдік асқазанның сілемейлі қабатын қатты тітіркендіріп, оны жиі қолданған жағдайда, бауыр, бүйрек қызметтерінің бұзылуына əкелуі де мүмкін.
Туберкулезге шалдыққан науқас аурудан тезірек сауыққысы келсе, ең бірінші алкогольді ішімдіктерден мүлдем бас тартуы керек. Ең дұрысы, ішімдікті бірден тастаған дұрыс. Спирті бар ішімдіктерді жиі қолданатын адамадар ішімдіктен бірден бас тартқан кезеңнің бас кезінде өздерін жайсыз, тəбетінің нашарлағанын жəне ауызында бір жағымсыз дəмді сезінетін болады. Бірақ, бір-екі апта өткеннен кейін жағымсыз əсерлер жоғалып, науқас өзін жайлы сезіне бастайды.
Информация о работе Туберкулез таяқшасын анықтауға қолданылатын серологиялық реакция. РП реакциясы