Туберкулез таяқшасын анықтауға қолданылатын серологиялық реакция. РП реакциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 08:57, курсовая работа

Описание

Микроорганизмдер- көбінесе бір клеткалы, өте ұсақ, жай көрінбейтін тірі организмдер. Олар миллиметрдің мыңнан бірлігі- микронмен өлшененді. Бұлардың құрылысын, сыртқы пішінін және қозғалысын зерттеу үшін кем дегенде 400-500 есе үлкен арнаулы аспап-микроскоп қолданылады. Қазір 800-1300 есе үлкейтіп көрсететін биологиялық микроскопты пайдаланады. Микробиология ботаника мен зоология ғылымдарының қарапайым организмдерді зерттейтін салаларымен тығыз байланысты.

Работа состоит из  1 файл

Кириспе ТОЛЫК Курсовой.docx

— 402.91 Кб (Скачать документ)

     Оухтерлони  иммунодиффузия реакциясын қою үшін ерітілген агарлық гельді шыны үстіне жұқа қабатты құйып, қатырып, 2-3 мл ұялар  ойып қояды. Сол ұяларға бөлек антигендер және иммундық сары суларды салады. Олар агарға тартылып (диффузия) кездескен жерде ақ сызықты преципитат жаратады.

     Радиалды  иммунодиффузия реакциясын қойғанда иммундық сары суды агарлық гельге кіргізеді. Гель ұяларына антиген ерітінділерін салады, ол гельге тартылып (диффузия) ұялардың қасында жүзікті преципитация зоналарын жаратады. Преципитация жүзігінің диаметрі антигеннің көлеміне (санына) сәйкес. Қанда иммуноглобулиндерді зерттегенде осы реакциямен қолданады.

     Иммуноэлектрофарез  – электрофарез және иммунопреципитация әдістерінің қосылуы: антигендер қоспасы  гельде электрофарез көмегімен бөлінеді, электрофарез зонасына қатар иммундық сары су кіргізеді, оның антиденелері гельге таратылып, «кездескен» жерде  преципитация сызықтарын жаратады.

     Флокуляция  реакциясы (Рамон бойынша) – преципитацияның  бір түрі – токсин-антитоксин және анатоксин-антитоксин реакциясында жапалақ  түрінде  тұнба жарату.

     Преципитация  реакциясы немесе тұнбаға түсіру реакциясы. Ветеринариялық тәжірибеде сібір жарасы қоздырғыштарына теріні зерттегенде қолданылатын реакция. Реакцияға келесі компоненттер кіреді: преципитиноген – теріден немесе мүшеден физиологиялық ерітіндінің көмегімен суйықтық алады; преципитациялық сары су – преципитиндері бар, биофабрикаларда дайындалатын суйықтық. Антигенді (экстрактты) преципитациялық сары судың үстіне араластырмай құйғанда екі ерітіндінің шек арасында мөлдір емес зат жаратылады. Осы заттың құрамында микробтық жасұшалардың ақұыздары, ерекшелік антидене-преципитинмен жаратылған. Осы реакцияны сынауықтарда өткізеді, антиген және антидене қарым-қатынасуымен жаратылған мөлдір емес зат сары су және антиген арасындағы көгілдір түсті жүзік ретінде болып көрінеді.

     Сібір жарасының преципитация реакциясының антигендері – сібір жарасының  қоздырғышының ыдырау өнімдері. Зерттелген үлгіде ыдыраған өнімдер көп болса, реакция анық көрінеді.

     Зерттелген  үлгіден экстрактті екі әдіспен  алуға болады: ыстық және суық.

     Ыстық әдісте зерттелетін үлгіні қайнатумен, суық әдісте физиологиялық ерітіндіге салумен алады.

     Зеттеуге 1-2 гр салмағымен тері үлгілерін алады. Қанталаған жерлерді таңдап алады. Сондай жерлерде сібір жарасының қоздырғышының антигендері болу мүмкін. Реакция бастамай үлгілердің бәрін автоклавта зарарсыздандырады (сібір жарасының қоздырғыштарын өлтіру үшін).

     Сібір жарасының антигені жоғары температураға  төзімді, үлгілер зарарсыздандырылғанда  бұзылмайды. Зарарсыздандырылған үлгілерді  ұсақтап, сынауықтарға салып, үстінен 10 мл физиологиялық ерітіндіні құяды. 100 градуста су моншасында ұстап, қайнатып, үлгілерді экстракциядан өткізеді (жарты сағат).

     Экстракциядан өткен суйықтықты асбест сүзгіш арқылы таза сынауықтарға өткізеді. Зерттелген үлгінің ерекшелік преципитациялық  сары суын бақылау үшін нормалы сары суменде осындай реакцияны өткізеді.

Преципитациялық сары суды сібір жарасының бациллаларының ыдыраған өнімдерін немесе күші кеткен бациллаларын жылқының ағзасына еңгізіп алады. Нормалы сары су дені сау жылқылардан алынады. Нормалы және преципитациялық сары суларды көп уақытқа сақтағанда оларға 0,5 пайызды карбол қышқылын салып консерваттайды.

     Зерттелетін үлгілермен реакцияны Уленгут сынауықтарында өткізеді. Осы сынауықтарға 0,5-1 мл сары су құяды, Пастер пипеткасының көмегімен  сары су үстіне араластырмай зерттелетін экстрактты құяды. Жоғары жазылған белгілерге сәйкес реакцияны бақылайды. 
 

     3.2  Серологиялық КБ реакциясы 

     Комплемент  байланыстыру реакциясы 1901 жылы Борде  және Жангу ғалымдармен ашылған. Антиген және антидене қосылу белгісі тек қана комплемент болғанда белгіленетін реакция.

     Антиген-антидене-комплемент кешені жаратылу реакция көзге көрінбейтін реакция. Реакция бөлшектерінің қарым-қатынасуын анықтау үшін, қосымша индикаторлық жүйемен қолданады. Осы жүйенің көмегімен алғашқы жүйеде өткен қарым-қатынасудың қортындысын көруге болады. Осымен КБ реакциясына бірінші жүйеде комплементтің байланысқанын көрсететін екі жүйе қатысады: 1) бактериолитикалық (диагностикалық) және 2) гемолитикалық (индикаторлық).

Реакцияның  негізінде комплементті антиген  – антидене кешенімен белсендету жатыр. Антиген және антидене бір біріне сәйкес келгенде олар иммундық кешен жаратады. Сол кезде антиденелер бөлшектері арқылы иммундық кешенге комплемент қосылып антиген-антидене кешенімен комплемент байланыстырылады.

     Реакция екі кезеңде өтеді:

1 –  құрамында антиген-антидене-комплемент  қоспаның инкубациясы. Бактериолитикалық  жүйені дайындағанда сынауықтарда 0,5 мл зерттелетін инактивирленген  сары суды жане антигенді араластырады, бір белгіленген санда (титрде) комплемент қосады. Антиген-антидене (сары су)-комплемент (бактериолитикалық жүйе) қоспасын су моншасына (немесе термостатқа) 37-38 градуске 20-40 минутке орналастырады.

2 –  индикаторлық кезең – қоспаға гемолитикалық жүйе салып, сондағы бос комплементті табу. Гемолитикалық жүйенің құрамы – қойдың эритроциттері және антиденелері бар гемолитикалық сары су. Сынауықтардың барлығына екінші гемолитикалық жүйенің компоненттерін салып қайтадан су моншасына 15-20 минутке қояды.

     Реакцияның  бірінші кезеңінде антиген-антидене кешен жаратылғанда ол комплементті байланыстырады. Осы жағдайда реакцияның екінші кезеңінде антиденелермен сенсибилизденген эритроциттердің гемолизі болмайды (оң реакция).

     Антиген және антидене бір біріне сәйкес келмесе (зерттелген үлгіде антиген немесе антидене болмаса) комплемент бос қалып  екінші кезеңде эритроцит – антиэритроцитарлық дене кешеңіне қосылып, гемолиз жаратады (теріс реакция).

     Комплемент  байланыстыру реакцияның көмегімен  сифилис (RV), маңқа, бруцеллез ауруларын  зерттейді.

     Комплемент  байланыстыру реакцияның негізінде  екі көрініс жатыр – бактериолизис және гемолиз.

     Комплемент  байланыстыру реакциясын қою үшін болу керек:

1. Зерттелетін сары су.

2. Сараптауға жататын қоздырғыштан алынатын антиген (биофабрикада дайындалады).

3. Комплемент. Осы компонентті теңіз шошқа қанының сары суынан зертханада дайындайды немесе дайын түрінде биофабрикадан алады.

4. Қойдың эритроциттері.

5. Гемолитикалы сары су (гемолизин). Компонент биофабрикада үй қояндарға қойдың эритроциттерімен әсер ету жұмыстары арқылы алынады.

6. Зерттелетін қоздырғышқа оң реакция беретін биофабрикаларда дайындалатын сары су.

7. Дені сау ағзалардан алынған сары су.

8. Негізгі компоненттердің көлемін арттыруға арналған физиологиялық ерітінді.

     Реакция сынауықтарда өткізіледі. Су моншасымен жұмыс істегенде жұмыс температурасы 37-38 градус болу керек.

Зертханаларда міндетті түрде өткізілетін дайындық жұмыстар.

Зерттелетін сары су алу тәртібі. Қанды ағзаның қан тамырынан алады. Жанадан алынған қан 30-37 градуста қан ұйтылып тұнбаға түскенше 30-60 минут бөлмеде ұсталады, кейіннен салқын жерге қойылады. Сары су ұйытылған қаннан бөлініп алынғанда, сары суды бөліп құйып алады. Зерттеуге түскен сары сулар және бакылау үшін қолданатын сары сулар физиологиялық ерітіндімен 1:5 немесе 1:10 есе көлемі арттырылып, су моншасында 30 минут 56-58 градуста инактивирленеді.

     Антигенді биофабрикаларда дайындайды. Олар құрамы бұзылған бактериялар немесе ауру ағзалардан алынған ұлпалар.

     Комплемент 1889 жылы Бухнермен ашылған. Ол қанның сары суының, лимфаның, әр түрлі жануарлардың және адамның ұлпаларының суйықтықтарының негізгі бөлшегі. КБ реакциясында теңіз шошқаның қанының сары суымен қолданады. Неге десек осы жануардың сары суының комплементі өте сезімталды болады. Комплемент – ақұызды зат, құрамы күрделі,жылытқанда, көп уақыт сақтағанда, қатты сілкіғінде, сүзгіштерден сүзгенде тез инактивирленеді. Комплементті теңіз шошқаның сары суының 100 мл 5 гр күкіртқышқыл натрийді, 4 гр бор қышқылын салып сақтайды. Осы жағдайда комплементтің белсенділігі жарты жылға дейін сақталады.

     Гемолизинді биофабрикаларда үй қояндарды қойлардың  жуылған эритроциттерімен гипериммуниздеп  дайындайды: үй қояндардың қан тамырына 4-5 рет 2-3 күн арасында 40-50 пайыздық қойлардың  жуылған эритроциттерін салады. Ақырғы инъекциядан бір жұма өткеннен кейін үй қояндардан қан алып, сары суды бөліп алып, оны инактивирлеп, 1:1 глицеринмен немесе 0,5 пайызды фенолмен консервілеп, титрлеп, ампулаларға құяды. Зертханаларда КБ реакциясын қояр алдында гемолизинді қайтадан титрлейді.

     Негізгі сынауды қою техникасы

     Сары  судың әр бір үлгісінің көлемін 1:10 есе арттырып инактивирлейді, 0,5 мл екі сынауықтарға құяды. Штативке сары сулармен сынауықтардың екі қатарын қояды және бақылау сары сулардың (оң және норма сары сулары) екі қатарын қояды. Бірінші қатардағы сары сулардың бәріне 0,5 мл антиген қосады. Екінші қатардағы сары суларға (антигенсіз) 0,5 мл физиологиялық ерітінді қосады. Кейіннен сынауықтардың екі қатарына да 0,5 мл комплемент қосып, сілкіп, су моншасына 20-40 минутке 37-38 градуске қояды. Осы бактериолитикалық жүйе. Су моншасында ұстап болғаннан кейін, сынауықтардың барлығына гемолитикалық жүйенің компонеттерін салады (0,5 мл гемолизин және қойдың эритроциттері). Сілкіп қайтадан 15-20 минутке су моншасына қояды.

Бақылау екі кезеңде өткізіледі:

1. Су моншадан алынған кезде.

2. Су моншадан алып үй бөлменің температурасында 12 сағат тұнбалары қалыптасу мақсатымен ұстап бақылау.

     Оң  реакция (++++) – гемолиздің толығынан  кешігуі (эритроциттер тұнбаға түсу); (+++) - гемолиздің кешігуі, эритроциттер тұнбаға түсу, тұнбаның үстіндегі  суйықтық қызғылт түсті.

Қосымша зерттелуге жататын реакция - (++); (++-) гемолиз жартылай кешігеді, тұнбада  эритроциттер бар, суйықтық қызыл түсті; (+) – гемолиз бар, тұнба аз көлемді, суйықтық қызыл түсті; теріс реакция (----) – толық гемолиз, тұнба жоқ. 
 
 
 
 
 

     ҚОРЫТЫНДЫ 

       Адам ағзасында қалыпты жағдайда  көптеген микроорганизмдер өмір  сүреді. Ол микроорганиздер қалыпты жағдайы сақтауға, сонымен қатар антигендік қызмет те атқарады. Микроорганиздердің белсінділігін арттырмас үшін әрдайым денсаулықты қалыпты жағдайда сақтауға әрбір ағза иесі мүдделі.

     Адам  ағзасы микроорганизмдердің тек  қана тіршілік көзі ғана емес өмір сүру орны болып табылады. Бактерияларға  қарсы ағза қорғаны-иммунитет. Ағза иммунитетті қаншалықты мықты болса, бакутериялар өз белсенділігін артыра алмайды. Иммунитет антиденелер  өндіреді. Антидене сан алуан бактерияларды тұншықтырып, бір қалыпты жағдайда ұстауға мүмкіндігі бар.

     Ағзаға  туберкулез жұқпасы еңген жағдайда, өз кезегінде, еш əрекетсіз қала

бермей, керісінше қорғаушы күштері арқылы олармен күресе бастайды. Бұл

күрес нəтижесінде маңызды қайта құрылулар  жүретін жұқпалы ауруға қарсы

төзімділікке  ие біршама күрделі процесс болып  табылады. Ағзаның мұндай

төзімділігі иммунитет немесе əрекетсіздігі  деп аталады. БЦЖ вакцинация-

сы, тек  сол жақ иықтың жоғарғы жəне ортаңғы  үшінші сыртқы жақ шекара-

сында тері астына жасалады. Дұрыс жасалған жағдайда, 15-20 минуттан кейін жоғалып  кететін, ақ түсті папула қалыптасады. Екпе жасалғаннан кейін оны орап-таңуға, йод ерітіндісімен жəне басқада  дезинфекциялаушы заттармен өңдеуге  тыйым салынған. Баланы жуын-дыру барысында  егілген жерді қатты жууға  жəне ол жерге сабынның түсіп кетуінен сақтану керек.

Екпе  орнында 4-6 аптадан кейін, диамерті 5-10мм болып келетін центрінде

шағын ғана түйіні бар инфильтрат түріндегі  арнайы реакция жүре бастай-

ды жəне шешек түріндегі қабыршақ пайда  болады. Кейбір жағдайларда па-

стула, кейіннен жаралар жəне диаметрі 2мм-ден 10мм-ге дейінгі тыртықтар

қалыптасады. БЦЖ вакцинациясына тиісті кезеңдері  ретінде, 2-4 ай ішінде

инфилтраттың  пайда болуынан бастап, тыртықтардың қалыптасуына дейіңгі

барлық  кезеңдер өтуі тиіс. Вакцинация егілген  балаларға дəрігерлер мен

Информация о работе Туберкулез таяқшасын анықтауға қолданылатын серологиялық реакция. РП реакциясы