Майда еритін витаминдер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 20:59, курсовая работа

Описание

Витаминдер дегеніміз — барлық тағам мен азық - түлік өнімдерінде, жем-шөпте шағын мөлшерде ғана кездесетін, ал адам мен жануарлар ағзасында бірқалыпты тіршілік үшін өте қажет төменгі молекулалы органикалық заттар. Астық құрамында витаминдер аз мелшерде кездескенімен, олардың ағзаға тигізетін әсері өте үлкен.
Егер үнемі тамақтың бір түрімен ғана қоректену, сондай-ақ ұзақ уақытқа созылған саяхат кезінде адамдарда ұшырасатын бірқатар сырқаттардың қоректе кейбір заттардың жетіспеуінен болатыны белгілі болды.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………3
І. Негізгі бөлім.
2.1Витаминдер туралы ілімнің даму тарихы....................6
2.2 Майда еритін витаминдер А витамині……………….9
2.3 Д витамині (кальциферол)...........................................12
2.4 Е витамині (токоферол)...............................................14
2.5 К витамині (филлохинон)............................................16
Қорытынды……………………………………………………..19
II . Рецептілер…………………………………………………..20
III. Пайдаланған әдебиеттер……

Работа состоит из  1 файл

2 kursavoi.docx

— 104.69 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТІРЛІГІ

     Жәңгір  хан атындағы Батыс Қазақстан  аграрлық техникалық университеті 
 

                                  

                         «Жұқпалы емес аурулар»кафедрасы

                  
 
 

                                    Фармакология пәні боиынша

               Курстық жұмыс

             Тақырыбы:

                    «Майда еритін витаминдер» 
 
 
 

                                                                        
                       

                      Орындаған: ВМ-33 топ  студенті

                            Хайрушева П.С

                                                             Тексерген: аға оқытушы            Душаева Л.Ж

                                                                                                                                                         
 
 
 
 
 
 

                            
 
 
 
 

                                        Орал 2011 

                                              Жоспар

Кіріспе……………………………………………………………3

І. Негізгі бөлім.

          2.1Витаминдер туралы ілімнің даму  тарихы....................6

          2.2 Майда еритін витаминдер А  витамині……………….9

          2.3 Д витамині (кальциферол)...........................................12

          2.4 Е витамині (токоферол)...............................................14

          2.5 К витамині (филлохинон)............................................16

 Қорытынды……………………………………………………..19

 II . Рецептілер…………………………………………………..20

III.  Пайдаланған әдебиеттер………………………………….24

                             
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

   Витаминдер  дегеніміз — барлық тағам мен азық - түлік өнімдерінде, жем-шөпте шағын мөлшерде ғана кездесетін, ал адам мен жануарлар ағзасында бірқалыпты тіршілік үшін өте қажет төменгі молекулалы органикалық заттар. Астық құрамында витаминдер аз мелшерде кездескенімен, олардың ағзаға тигізетін әсері өте үлкен.

   Егер  үнемі тамақтың бір түрімен ғана қоректену, сондай-ақ ұзақ уақытқа созылған саяхат кезінде адамдарда ұшырасатын бірқатар сырқаттардың қоректе кейбір заттардың жетіспеуінен болатыны белгілі болды.

   Азық-түлігінде  жүгері өнімдері басым болатын кейбір елдерде (Италия, т.б.) пеллагра деген ауру таралған, ондай сырқат кезінде дененің ашық жері, терісі қабынып ауруға (дерматит) ұшырайды. Ал, негізгі қорегі күріш дақылы болып табылатын Азия елдерінде бери-бери (паралич) деген ауру кездеседі. Мұндай ауру кезінде жүйке тармақтары қабынады да, қол-аяқ тырысып қалады. Мұндай сырқат әсіресе күрішті машинамен өңдеп, актау тәсілдерін енгізу салдарынан көбейіп кетті.

   Олардың едәуір бөлігінің қүрамында амин тобы да, азот та болмайды. Осыған қарамастан мүндай ауыстырылмайтын тіршілік факторлары үшін "витамин" деген тарихи термин сақталып қалды.

   Адамның және жануарлардың ағзасында, өсімдік тектес азықтарда витаминдердің алғы шарты сияқты қосылыстар болады. Олар провитаминдер (каротиндер, стеролдар) деп аталады. Мұндай провитаминдер тиісті активті қалыпқа түскеннен кейін сәйкес витаминдерге айналады.

   Витаминдер  жетіспеген жағдайда ағза ауруға шалдығады. Химиялық құрылысы жағынан витаминдер алуан түрлі.

      Олар құрамында 18-20% көміртек атомы бар а циклді көмірсутектер мен қанықпаған лактандар, амино спирттер, қышқылдардың амидтері, циклогександар, хош иісті қышқылдар, нафтохинондар, имидазол, пиррол тағы басқа да циклді қосылыстардан тұрады. Витаминдердің басым көпшілігіне спиртті және карбоксилді топтар тән. Тек кейбіреулерінде ғана амин тобы болады. Кейбір витаминдер ағзада да синтезделеді. Олар қоректік заттар мен ағзаға түсіп, зат алмасуға, ағзаның өніп-өсуіне әсерін тигізеді. Витаминдер негізінен тек өсімдіктерде пайда болады.

Витаминдер, сол сияқты жоғары дәрежелі өсімдіктер мен микроорганизмдердің қалыпты  өсуі мен дамуы үшін қажетті заттар. Кейбір жоғары сатыдағы жасыл өсімдіктердің ұлпалары, мысалы тамыры, камбиальды ұлпасы, тұқымнан бөлініп алынған және қараңғыда өсірілген жас өскіндер тіршілік барысында өздігінен витаминдерді синтездей алмайтындықтан, әр уақытта оларды сырттан алуға мұқтаж болады. Сондықтан да қоректік ортаға тиамин мен пиридоксинді аздап қосудың өзі көптеген өсімдіктердің оқшауланған тамыршалары мен жас өскіндерінің өсуіне жақсы жағдай туғызады.

   Ағзаға  тағамдар арқылы келіп түсетін белоктардың, майлардың, кемірсулардың және минералдық тұздардың алмасуын тездететін және реттейтін де витаминдер. Витаминдерді тек дәрі-дәрмек ретінде қарастырып, оларды түрлі аурулардың алдын алып күресу үшін қолданылатын заттар деп карау кате. Бұларды тағамдық заттар деп қарауымыз тиіс, өйткені витаминдер тағамның құрамына кірмесе, онда тіршіліктің қалыпты жайы бұзылады.

   Ерте  көктемде адамдардың әл-қуаты азайып, тез шаршағыш келеді, жиі-жиі салқын тиіп, тұмауратып ауырып, бұрыннан белгілі әр түрлі созылмалы сырқаттары қозады.

   Осы жоғарыда аталған себептердің адам ағзасына тигізетін зиянды әсерлерін  алдын-ала болдырмауға не- месе азайтуға бола ма?

   Әрине, болады.

   Қазіргі кезде көпшілік адамдардың ерте көктемде әл- куаты кеміп, тез шаршап-шалдығып, ағзаның әлсіреуінің ең басты  себебінің бірі — адам ағзасына кажет витаминдердің жетіспеуі  екендігі дәлелденіп отыр.

   Витаминдердің адам ағзасы үшін биологиялық мәні әте зор. Олар ағзадағы зат алмасу процестерін жақсартады, ағзаның  әр түрлі жұқпалы ауруларға қарсы  күресу қабілетін күшейтеді және адамның жұмыс істеу қабілетін  жақсартады. Сонымен қатар әрбір  витаминнің ағзада ерекше орындайтын өз міндеті бар.

   Азық-түлікте, жем-шөпте ұзақ уақыт бойы витаминдер болмаса, ағзаның витаминді сіңіруі қабілеті бүзылса, ауру пайда болады. Ондай ауруды авитаминоз деп атайды. Қоректе ұзақ уақыт С витамині болмаса, ағза қүр- құлақ ауруына ұшырайды. Мұндай витаминдер жоқ жағдайда құр-құлақ — С — авитаминоз деп жазу қабылданған. Осылайша рахит Д-авитаминоз, бери-бери — В, авитаминоз т.с.с.

   Авитаминоз  ауруларын витаминдерді көбірек беру арқылы емдейді. Авитаминоз ауруларының белгісі айқын білінеді, сондықтан оның диагнозын койып, анықтау онша қиын емес.

   Витаминнің  жетіспеуі жиі кездеседі. Мұндай кезде сырқат белгі береді. Бұл  құбылысты гиповитаминоз деп  атайды. Гиповитаминоз құбылысы ағзаға қажет витамин мөлшерінің қалыптан тыс (нормадан) төмендеп кетуінен болады. Гиповитаминоз белгілерін анықтау  өте қиын. Әдетте гиповитаминоз сырқаты  қыстың аяғына таман, азық-түлікте және жем-шөпте витаминдер мөлшері өте азайған кезде байқалады.

Кез келген витаминді (әсіресе А және Д витаминін) ағзаға қалыптан тыс көп беру гиповитаминоз  ауруына ұшыратады. Витаминді бірден кеп мөлшерде қабылдау да ағзаға кері әсер етеді, яғни уландырады.

   Жүргізілген ғылыми жұмыстардың қорытындыларына қарағанда, ой жұмысымен шұғылданатын адамдардың ағзасы қара жұмыспен айналысатын адамдармен салыстырғанда витаминдерді әсіресе С витамині мен В тобы- ның витаминдерін көбірек қажет етеді екен. Сол себепті көктемде витаминдері мол тағамдарды жиірек пайдаланған жөн. Бұл мезгілде кептірілген итмұрын жемісінің тұндырмасын, сонымен бірге басқа да жеміс-жидектердің шырындары мен қайнатпаларын асқа көбірек пайдаланған тиімді. Тамаққа қосып көк пиязды және де ашытқан капусталарды жеу қажет. Себебі, бұл тағамдардың құрамында әр түрлі витаминдер мол болады, әрі ұзақ және жақсы сақталады.

   Басқа тағамдарға қарағанда сүтте жеткілікті мөлшерде көптеген витаминдер бар және олар ағзаның тұрақты да негізгі қайнар көзі ретінде ерекше орын алады. Барлық витаминдер ағзаға комплексті әсер етіп, бірін-бірі толықтырады. Олар ағзада жетіспесе, зат алмасу бұзылып, денсаулықтың нашарлауына әкеп соқтырады.

   Негізгі қоректік заттармен (белоктар, майлар, көмірсулар, минерал тұздары) салыстырғанда  ағза витаминдерді тым аз мөлшерде қажет етеді. Ересек адамның тәулігіне пайдаланатын әртүрлі тағамдарындағы витаминдердің орташа мөлшері микрограммен есептеледі.

   Сөйтіп  витаминдер — әр түрлі химиялық жаратылыстың органикалық қосылуы, тағамның басқа ештеңемен алмастыруға  болмайтын заттары. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      
 
 

      I.  Негізгі бөлім

                     2.1 Витаминдер тyралы ілімнің даму тарихы 
 

     З.С Сейтовтың айтуы боиынша  Витаминдерді зерттеуді ең алғаш орыс оқымыстысы Н.И .Лунин бастады. Ол алғашқы рет тамақтың құрамындағы жануарлардың тіршілігіне әсер ететін заттарға көңіл аударды. XIX ғасырдың аяғына дейін жануарлар тіршілік етуі үшін кемірсулар, майлар, белоктар, минералды заттар және судың болуы жеткілікті деген пікір қалыптасып келді. Бірақ Н.И.Луниннің жасаған тәжірибесі ол пікірді жоққа шығарды. Н.И. Лунин жоғарыда көрсетілген заттардың коспасымен тышқандарды қоректендірген. Бірақ тәжірибе тышқандардың тіршілік етуі үшін бүл қоспадағы заттардан басқа бір заттың жетіспейтінін көрсетті. Осыдан кейін ғана бүкіл тірі ағзалардың тіршілік етуі үшін қажетті бүрыннан белгілі заттармен қоса тағы бір белгісіз зат бар деген пікір пайда болады. Осындай пікірді У. Бунгенің С. А. Сосиннің және тағы басқа шет ел оқымыстыларының жүмыстары дәлелдеп берді. 1896 жылы голланд дәрігері Эйхман ақталған күрішпен тамақтанатын адамдардың "бери-бери" ауруымен көп ауыратынын, ал ақталмаған немесе жартылай ақталған күрішпен тамак- тандырылғанда адамдар ол аурумен ауырмайтынын байқады. Кейіннен Гопкинс (1906 жылы) күріш дәнінің сыр- тқы қауызында белгісіз бір заттың бар екенін, ал ақталған күріште ол заттың болмайтындығын анықтады. 1912 жылы поляк оқымыстысы К.Функ ашытқыдан витаминге ұқсас құрамында амин тобы бар кристалды затты бөліп алды. Бұл затпен полиневрит аурымен ауырған көгершінді емдеп жазды. Бұл заттың жануарлар ағзасына тигізетін әсерін зерттей келе, оның проф. Н.И.Лунин ашқан жаңа затқа үқсас екенін анықтады. Осыдан кейін Функ адам мен жануарларда болатын кейбір аурулар тағамның құрамындағы белгісіз бір заттың жетіспеуінен болады деген қорытындыға келді. Ол бұл затты "витаминдер" деп атады. "Вита" — латынның "тіршілік, өмір" деген сөзі, ал "амин" — деп химиялық құрамында азоты бар заттарды атайды [10].

      В. Соколовтын аитуы боиынша  1913 жылы Макколлум және оның шәкірттері жануарлардың қалыпты дамуы үшін майда еритін фактор "А" - ның қажет екенін анықтап, оған А витамині деп ат берді. А витаминінің жетіспеуі адамды ақшам- соқыр ауруына шалдықтыратыны анықталды. Макколлум витаминдерді ашылу ретіне қарай латын алфавитінің алғашқы әріптерімен белгіледі. А витамині, С витамині.

      Кейіннен В витаминінің бірнеше түрлері белгілі болады да, оларды ретіне қарай В,, В2, В3, т.б. деп белгіледі.

   1928 жылы Сент-Дьердьи С витаминін  ашты және оның малдың бүйрек  үсті безінен бөлінетінін, сонымен  бірге кейбір өсімдіктерде кездесетінін  анықтады. Осыдан кейін 1935 жылы дат ғалымы Дам қанның қүрамында бо латын К витаминін.

   1948 жылы Смит, Фолкерс т.б. В|2 витаминін тапты. Бұл витаминнің жетіспеуі адам ағзасында қанның азаюына әкеліп соктыратыны белгілі болды [3]

      В. Данилевскидің деректерінде, Кеңес заманында А. В. Палладин, М. Н. Шатерников, Л. А. Черкес, В. Н. Букин, В. В. Ефремов сияқты оқымыстылардың бастауымен көптеген зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Түрлі эксперименттер арқылы авитаминоздардың патофизиологиялық және биохимиялық езгерістері ашылды.

   Казіргі кезде барлық витаминдердің химиялық құрамы анықталды және олардың бәрі синтездік жолмен алынды. Оларға химиялық атау берілді, мәселен, А витамині — ретинол (ол жалғауы молекуласында спирт тобы бар екенін білдіреді) деп аталады. Д витамині — кальциферол деп аталады, яғни "кальций ионын, тасымалдайды" деген мағынаны береді. Сол сияқты витаминдерді ол жетіспеген кезде ұшырайтын аурудың атымен атау кабылданған. Ол кезде "анти" деген қосымша жалғанады. Бұл қосымша сәз бо- лып отырған витаминге сәйкес авитаминоз ауруының алдын алады және одан сақтандырып жазады деген мағынаны білдіреді. Мысалы, Д витамині антирахит витамині (рахитке қарсы) деп, С витамині антицинготтық (құр-құлаққа қарсы) витамин деп аталады т.с.с.[10]

        И. Михаиловичтің аитуы боиынша, витаминдердің тағамдық заттарда жетіспеуінен болатын дерттер көне заманнан-ақ белгілі болғанымен, оның себептері осы біз өмір сүріп отырған XX ғасырдың бастапқы жылдарында ғана анықтала басталады. Казіргі уакытта витаминдер тобына жататын заттар ете көп.

      Әріппен белгілеу ескеруі салдарынан ыңғайсыздық тудыра бастады, әрі күнделікті зерттеулер нәтижесінде табылған витаминдер санының көбеюіне байланысты, олардың биологиялык және химиялык, қасиеттері толық қам- тылмады. Соңғы кезде витаминдерді классификациялап үлкен 4 топқа бөлді:

Информация о работе Майда еритін витаминдер