Майда еритін витаминдер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 20:59, курсовая работа

Описание

Витаминдер дегеніміз — барлық тағам мен азық - түлік өнімдерінде, жем-шөпте шағын мөлшерде ғана кездесетін, ал адам мен жануарлар ағзасында бірқалыпты тіршілік үшін өте қажет төменгі молекулалы органикалық заттар. Астық құрамында витаминдер аз мелшерде кездескенімен, олардың ағзаға тигізетін әсері өте үлкен.
Егер үнемі тамақтың бір түрімен ғана қоректену, сондай-ақ ұзақ уақытқа созылған саяхат кезінде адамдарда ұшырасатын бірқатар сырқаттардың қоректе кейбір заттардың жетіспеуінен болатыны белгілі болды.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………3
І. Негізгі бөлім.
2.1Витаминдер туралы ілімнің даму тарихы....................6
2.2 Майда еритін витаминдер А витамині……………….9
2.3 Д витамині (кальциферол)...........................................12
2.4 Е витамині (токоферол)...............................................14
2.5 К витамині (филлохинон)............................................16
Қорытынды……………………………………………………..19
II . Рецептілер…………………………………………………..20
III. Пайдаланған әдебиеттер……

Работа состоит из  1 файл

2 kursavoi.docx

— 104.69 Кб (Скачать документ)

   1. алифатикалық витаминдер қатары /аскорбин қышқылы/;

   2. алициклды витаминдер қатары;

   3. ароматикалық витаминдер қатары;

   4. гетероциклды витаминдер қатары.

   Осылардың ішінде табиғат пен күнделікті тіршілікте кеңінен таралып, жиі кездесетін, әрі өмірімізде көп пайдаланылатын су мен майларда еритін витаминдер топтары.

   Суда  еритін витаминдерге: тиамин, рибофлавин, пантотен қышқылы, никотин қышқылы, пиридоксин, кобаламин, никотинамид, аскорбин қышқылы, биотин, инозит холин, рутин, фолий қышқылы, парааминобензой қышқылы және т.б. (Вр В2, В3, В5, В6, В12, В15, РР, С, Н, Р және т.б.) енеді.

       Майда еритін витаминдерге: ретинол, кальциферол, токоферол, филлохинон, убихинон, алмастырылмайтын май қышқылдары /А, Д, Е, К, 0/ және т.б. кіреді.[15]

   А.Ә Төреханов дерегі боиынша қазіргі кезде 30-дан астам витаминдер түрлері ашылды. Суда еритін витаминдер ферменттердің простетикалық топтарының құрамына кіреді, сөйтіп, олар ферменттердің активтілігін жоғарылатады. Керісінше де әсер етеді. Суда жақсы еритін витаминдер түрі өте кәп. Бүл витаминдердің адам ағзасына әсер мөлшері де түрліше болады.

   Витаминдер  ағзада тотығу-тотықсыздану реакциясына  түседі. Витаминдерге — бауыр, бүйрек, жүрек, ішек- қарын, жұмыртқа, ет-сүт, май, нан, көкәністер мен жеміс- жидектер өте бай келеді. Витаминдерді ағзаның қажет етуі тамақтану режимі кезінде өзгеруімен бірге, сол сияқты кеибір физиологиялық жане патологиялық жағдаиларда да күшті өседі.Мысалы ағзаның буаз не екі қабат кезінде  төлдері мен балдарын тамақтандыруда, инфекциялық ауруларда жане т.б. Тамақ азықтарында, дәрі дәрмектік

   өсімдіктер  мен басқада заттардың құрамында  кездесетін витаминдерді түрлі түсті  сапалық реакциялар көмегімен ашуға  болады[8]. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                              
 

                                 2.2 Майда еритін витаминдер Авитамині 

     

        М. Рабинкович деректерінде  Табиғатта  белгілі витаминдер ерігіштік қасиетіне қарай екі үлкен топқа — майда еритін және суда еритін витаминдерге бөлінеді.

     Майда еритін витаминдер. А витамині (рецепт№10)(ретинол, антиксерофалмалық). А витамині құрылымы тұрғысынан каротинге жақын, 1831 жылы неміс ғалымы Вакенродер оны өсімдіктерден ашты.

     Ол суда ерімейді, бірақ түрлі  майлы еріткіштер мен майда  ериді. Рационда А тобындағы дәрмендәрілер жетісиесе организмнің өсіп-жетілуі бұзылады, ауруға төзімділігі төмендейді, көру қабілеті әлсіреп, ақшам соқыр деп аталатын ауруға шалдығады. А тобындағы дәрмендәрілер ұзақ уақыт жетіспеген жағдайда тері мен кілегей қабықтың қызметі бұзылып, өкпе, бронхылар, қуық пен бүйрек ауруға шалдығады. Ретинолдан басқа табиғатта Аг, А3 дәрмендәрілері де кездеседі.

      А тобындағы дәрмендәрілер өсімдік құрамында кездесетін ка ротиноидтардан жануарлар тканьдерінде ғана түзіледі. Жануарлар организмінде ерекше ферменттердің (каротиназа) әсерінен каротин А дәрмендәрісіне айналады, сондықтан оны «А продәрмендәрісі» деп атайды. Каротиназа бауыр мен ішек қабырғасында кездеседі[19].

       В. Шуленконың аитуы боиынша   А витаминнің негізгі көзі — каротинге бай көк шөп болып табылады. Азықтың әр килограмына шаққанда жоңышқа мен сары жоңышқа шөбінде 40—90 мг, қызылша жапырағында 30—50, жүгері сүрлемінде — 20—30, сапалы пішенде—20—40, пішен ұнтағында—5—20, шөп ұнтағында— 100—300, сәбізде—50—100 мг каротин болады.

        А витамині жасушалардың көбею және өсу процесінде маңызды роль атқарады, сілекей қабықшалардың дұрыс жағдайда болуын қамтамасыз етеді, көздердің торлы қабықшаларының көру қызметіне көмектеседі. Мерзімдік азық үлесінде А витамині жетіспесе. эпителий тіні өзгеріп бүзылады, көздер қабынады, ағзаның жүқпалы ауруларға қарсыласу қабілеті төмендейді, қозғалыс үйлесімдігі бұзылады, өндіргіштік қызметі төмендейді, аталық малдың жыныс жасушасының дамуы (сперматогенез) бұзылады, жас малдың тұрқының өсуі тоқтайды.

         Өсімдік азықтарында А витамині болмайды, бірақ каротиназа ферментінің әсер етуімен ішек қабырғасында А витаминіне айналатын провитамин А  каротин бар.

          Көк азықта, әсіресе бүршақтүқымдас өсімдіктердің жапырақтарында, сәбізде, витаминді шөп ұнында, сапасы жақсы пішенде, сүрлем мен пішеңдемеде каротин көп болады[12].

        И. Коздриннің аитуы боиынша  Мал азығындағы каротин мен өлшенеді, ал А витамині халықаралық өлшем бірлігімен (ХӨБ) беріледі. А витаминінің бір ХӨБ ретінде 0,3 мкг таза А витамині (ретинол спирті) немесе 0,6 мкг таза каротин қабыдданған.

   А-гиповитаминоз  көбінесе бұзауда жиірек байқалады. Алайда, мол өнімді сиырдың да А витаминімен қамтамасыз етуге байланысты талабы жоғары болады.

   Қан қүрамында каротиннің болуы  малдың А витаминімен қамтамасыз етілуі түрғысынан алғанда, толыққұнды азықтандырылып жатқанының көрсеткіші. Қыс кезімен салыстырғанда, жазғы кезеңіде қан қүрамында каротин айтарлықтай көп болады.

       Сүттің А-витаминдік белсенділігі мерзімдік азық үлесінің каротинмен қамтамасыз етілгеңдігінің көрсеткіші. Кейбір сапасы жақсы сүтгегі каротин мөлшері 1 мг-ға жөне А витамині 0,4 мг-ға жетеді.

   Жаңа  туылған бүзаудың тіршілік қабілеті мен денсаулыгы енесінің буаз кезінде  витаминді азықпен қаншалықты қоректенгендігіне  байланысты. Буаз сиырды қорада бағу кезеңінің  аяғына таман, оның организмінде А витаминінің  қоры өбден азайған кезде, көбіне әлжуаз бүзау туылады.

   Егер  қысқы мерзімдік азық үлестері каротинмен жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етілген болса, онда бұлай болмас еді. Жаңа туылған бүзаудың көзінен жас, танауынан маңқа аққаны, жүні тікірейіп түрғаны байқалса, онда енесінің буаз кезінде мерзімдік азық үлесінде каротин жетіспеген деп пайымдауға болады[14].

   З. К Қожабековтын аитуы боиынша  витамин көздің торлы қабығының жарыққа сезімтал ферменті, ол эпителийдің, жыныс органдары мен бездерін, тер безінің өсіп-жетілуіне қатысады. А витамині сонымен қоса фосфор, углевод, липид алмасуды реттейді.

   А витамині жетіспеген жағдайда ақшам  соқыр немесе түнгі соқырлық пайда  болады. Сонымен қоса кілегей қабық  пен теріде метаплазия жөне гиперкератоз, ксерофтальмия жөне кератомаляция  өршиді. Сонымен қоса А витаминінің  жетімсіздігі ісікті қоздырады[2].

       О. Волковтың деректерінде ескеретін жайт, А витамині біршама улы. Оның дозасы артық болған жағдайда сүйегі ауруға шалдығады, жемшөбін жөнді жемейді, гепатосшіеномегамия, жалпы улану белгілері байқалады. Сонымен қоса терісі ауруға шалдығыгі, тері қабаты сыпырылып түсе бастайды.

   Малдәрітерлік практикада А витаминінің мынадай препараттары қолданылады: майға езілген ретинол ацетат жөне ретинол пальмитат, А, Д, Е витаминдерінің майлы ерітіндісі, азыққа қосылатын А микровит, тетравит жөне тривит, активал. А витамині сонымен қоса бүрын қарастырылған "пушновит" қүрамында да болады.

Азықтық А микровит. Қызғылттау немесе қарақоңыр түсі түйіршікіелген үнтақ. А-гиповитаминоздан сақтандыру, дені сау төл алу, жыныс никлін ретгеу үшін үсынылады. Бүл орайда ирепаратгы азыққа мүқият араластырады. Ескеретін жайт, бұл препарат А витаминінің майлы ерітіндісінен гөрі анагүрлым активті, өйткені жақсы сорылады. Оны тиісті нұсқауға сәйкес қолданады[16].

      В.Соколовтың аитуы боиынша Тетравит және тривит. Майда еритін витаминдердің жиынтық препараттары. Гипо және авитаминозды, ксерофтальмияны (көздің қүрғақ- тануын), рахитті, сүйекгің жұқаруын (остеомалядия), тетанияны (құрысуды), эннефаломалияны (мидан қабьшуьш), бауырдың улы дистрофиясынын, тері кабынүын, жөнді жазылмаған жара мен жарақатты, кілекей қабықтың катаральды қабынуьш емдеу және сақтандыру үшін, сондай-ақ жана гуған төлді тез жетілдіру және малдың төлдегіштігі үшін қолданылалы[3].

   Аквитал. Бүл Германияда өндірілетін препарат. Құрамында А және Д витаминдерінің жиынтығы бар. А, Д, Е витаминдерінін майлы ерітіндісі секілді қолданылады.

   . 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                            2.3    Д витамині (кальциферол). 

      Т.  Несіпбаевтың аитуы боиынша  XVIII ғасырдың ортасында Глиссон деген ағылшын дәрігері Лондон қаласында тұратын жас балалардың арасында кездесетін ауру туралы жазған болатын . Бұл ауру мен ауырғандардың сүйектері деформацияланатындығы анықталды, кеиінен оның мешел рахит ауруы, яғни тағамда Д витамині жетіспеушілігі салдарынан екендігі белгілі болды. 

        Д — тобындағы витаминдер  немесе кальциферолдар(рецепт №5), тек мал органңзмінде кездеседі. Олар өсімдіктер құрамындағы стеролдардан ультракүлгін сәулесінің әсерінен түзіледі. Стеролдардың ең маңызды өкілі — эргостерол. Ол ашытқылар мен зең саңрауқұлақтарында көптеп кездеседі. Д — тобындағы дәрмендәрілердің ішінде жануарлар үшін ең маңыздылары — Д2—эргокальңиферол және Дз — холекальңиферол.

     Кальциферолдар организмде минералды заттар мен қуат алмасуын реттеуге қатынасады, азоттың, углеводтардың, кальцийдің, фосфордың сіңуін жақсартады.

     Организмде Д — дәрмендәрілері жетіспесе жас мал рахит ауруына шалдығады, ал сақа малда — остеомалиация байқалады, малдың көбею қызметі бүзылып, өнімділігі төмендейді.

   Д тобындағы дәрмендәрілер балық  майында, сүтқоректілер мек құс  бауырында көп болады. Ол сүт құрамында, сары майда, жұмыртқаның сары уызында да кездеседі. Әртүрлі азықтың 1 кг-да халықаралық бірлікпен (ХБ) есептегенде Д дәрмендәрісі мына мөлшерде кездеседі: пішен мен жоңышқада, сары жоңышқа пішенінің ұнында — 200—1000, жүгері сүрлемінде — 30—70, құрғақ ашытқыда — 1—5 млн, азықтық ашытқыда — 3—7 млн, балық ұнында 50—100, майын айырған сүтте — 5—20.

 
 
 
 

     Рахитпен ауырған бұзаулар: А — әлсіз түрі; Б — асқынған түрі 
     

             Д витаминдерінің жиьштыты (эргокальциферол-Д2 және холекаль диферол-ДЗ). Бұл витаминдер организмде катьций мен фосфордың алма суына қатысады. Олар кальций мен фосфордың ішектен тасымалдануына (сорылуына) қатысады, параггормонмен бірге сүйектің минералдануына ықпал етеді, кальций жөне фосфор түздарының бүйрек озекшелерінде кері сорылуын стимулдайды. Мүндайда кальпий концентрациясы көбейеді[1].

   Ф.Мозговтын  аитуы боиынша Д витамині жеткіліксіз болған жағдайда шеміршектің метафизарлық кальцийленуі болмайды да, рахит пайда болады. Жыныстық жетілген малдардың сүйегі жұмсарады. Сүйектің жұмсаруына себепші болатындар — азықтандырудағы олқылықтармен қоса, бүйрек жетімсіздігі мен қүрысуға қарсы препараттарды қолдану әсер етеді. Кез келген витаминді (әсіресе А және Д витаминін) ағзаға қалыптан тыс көп беру гиповитаминоз ауруына ұшыратады. Витаминді бірден кеп мөлшерде қабылдау да ағзаға кері әсер етеді, яғни уландырады.

   Ескеретін жайт, озге де майда еритін витаминдер секілді, эрго және холекальциферолдар өте улы жәнсде үзақ уақыт қолданғанда организмде жиналып қалады.

   Дозасын артық қолданған жағдайда малдың іші өтеді, уланады, кальцийдіц шамадан тыс көп болуынан құрысу пайда болады.

   Үзақ  уақыт уланғанда мал азығьш жөнді  жемейді, іші өтеді, содан кейін  күшті улану, бауыр жетімсіздігі белгілері байқалады. Жас малдарда құрысу, өсіп-жетілуінің кешеуілдеуі байқалады. Дер кезінде шара қолданбаса кальций ішкі органдарға (миына, бауырына, бүйрегіне) жиналады.

   Малдәрігерлік практикада Д2 витамині мынадай препараттар  түрінде қолданылады: видеин, майға  езілген ДЗ витамині, тетравиттегі және тривиттегі А, Д жөне Е витаминдерінің майлы ерітінділері.

   Видеин  — ДЗ(рецепт№15) витаминін ұнтақ тәрізді формасы. Оны азық қоспасында рахиттен сақтандыру және емдеу үшін қолданады. Оны мал мен қүстың түр және жас ерекшеліктеріне қарай премикетерде белгіленген рецептіге сәйкес азыққа қосады.

   Майға езілген ДЗ витамині видеин секілді қолданылады. А витаминінің бірнеше формасы белгілі: каротин — А провитамині; ретинол — А1 витамині(рецепт№2); 3 - дегидроретинол - А2 витамині.

   Витамин көздің торлы қабығының жарыққа  сезімтал ферменті, ол эпителийдің, жыныс  органдары мен бездерін, тер безінің  осіп-жетілуіне қатысады. А витамині сонымен қоса фосфор, углевод, липид  алмасуды реттейді[5]. 
 
 

Информация о работе Майда еритін витаминдер