Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2013 в 13:19, реферат
Басқару ұлттық қажетті ресурс болып табылады.Мемлекеттік басқару термині шетел және отандық әдебиеттерде кеңінен қолданылады, сонымен қатар барлық елдердің заңдарында. Барлық қызмет шешім қабылдаудан, оның жүзеге асырылуынан және бақылаудан тұрады. Ғылыми әдебиеттерде мемлекеттік басқарудың екі түсінігі қалыптасқан: кең көлемдегі мемлекеттік басқару және тар көлемдегі мемлекеттік басқару. Басқару әр түрлі негізге байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Қоғамдық өмір сүру сферасына байланысты басқару: қоғамды жалпы басқару, саяси басқару, идеологиялық басқару және т.б. болып бөлінеді. Басқа негіз бойынша – басқарудың көлемі мен мінез – құлқына байланысты басқару: қоғамды басқару, мемлекетті басқару, салаларды басқару, мекемелерді, ұйымдарды, ұжымдарды басқару және т.б. болып бөлінеді.
Мемлекеттік басқару жүйесінің түсінігі
Басқару ұлттық қажетті ресурс болып табылады.Мемлекеттік басқару термині шетел және отандық әдебиеттерде кеңінен қолданылады, сонымен қатар барлық елдердің заңдарында. Барлық қызмет шешім қабылдаудан, оның жүзеге асырылуынан және бақылаудан тұрады. Ғылыми әдебиеттерде мемлекеттік басқарудың екі түсінігі қалыптасқан: кең көлемдегі мемлекеттік басқару және тар көлемдегі мемлекеттік басқару. Басқару әр түрлі негізге байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Қоғамдық өмір сүру сферасына байланысты басқару: қоғамды жалпы басқару, саяси басқару, идеологиялық басқару және т.б. болып бөлінеді. Басқа негіз бойынша – басқарудың көлемі мен мінез – құлқына байланысты басқару: қоғамды басқару, мемлекетті басқару, салаларды басқару, мекемелерді, ұйымдарды, ұжымдарды басқару және т.б. болып бөлінеді.
Барлық
басқару салалары ішінде «мемлекеттік
басқару» ерекше орын алады, оның себебі
мемлекеттік басқару жеке өзіне
тән ерекшеліктерге ие. Ең бірінші,
осы басқару түрінің мақсатқа
бағытталған, ұйымдастырушылық, бақылауға
әсер ететін оның субъектісі мемлекет.
Барлық ғалымдар мемлекетте күшті биліктің
бар екенін мойындайды. Мысалға, М. Вебер:
«Мемлекет …..адамдардың легитимді
түрде басқа адамдарды
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттің мемлекеттілігі, оның басқа қоғам құрылымдарынан айырмашылығы, онда қоғамдағы жүргізілетін өмір сүріп жатқан адамдарға жүргізілетін мемлекеттік биліктің шоғырлануы. Ал, билік дегеніміз – адамдардың әр түрлі себептерге байланысты материалдық, әлеуметтік, интелектуалды, ақпараттық және басқа да өз еркімен, біле тұрып немесе күштеу арқылы басқа адамдардың мақсатты, нормативті тұрақты негізделген билігін мойындауы және осыған байланысты бір немесе басқа әрекеттер жасап, өз өмір сүруін құруы. Дәстүрлі қалыптасқан белгілі билік – жанұяда, адамдар топтарында, ұйымдарда, мекемелерде болады. Бірақ, биліктің барлық түрлері, мемлекеттік билікпен салыстыруға келмейді. Сондықтан мемлекеттік басқаруда оның басқару механизмдері мемлекеттік билікке жүгінеді, сол билікпен қамтамасыздандырылады. Осы айтылғандар тек тілектер, жәй айтулар, жақсы ойлар ғана емес, алға қойған мақсатқа жетудегі ұйымдастыру импульстері, бекітілген бақылау нормаларының міндетті түрде іс жүзіне асырылуы, орындалуы. Осыдан кейін, адамзат баласының барлық цивилизация кезеңінде күресіп келе жатқан қандай мемлекет, оның мақсаты, мақсатты қалай жүзеге асыру және т.б. негізгі проблемалары туындайды.
Мемлекеттік басқару республиканың әлеуметтік – экономикалық, саяси приоритетті міндеттемелерді қоғамдық процесстерге сәйкес мақсатты бағытталған, билік – басқару ретінде жүзеге асыруға әсер арқылы анықтауға болады. Қазақстан Республикасының Конституциясына байланысты мемлекеттік билік біркелкі, Конституция негізінде және үш билік түрі бір – бірімен өзара әрекеттесу тепе – теңдік негізінде жүзеге асырылады [3].
Мемлекеттік басқару әртараптандырылған түсінік бойынша мемлекеттің барлық қасиеттеріне ие. Мемлекеттік басқаруда мемлекеттің әлеуметтік міндетін, қызметтерін және әдістерін қамтиды. Мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөледі, мемлекеттің бақылау, ұйымдастыру, әсері арқылы реттеу, сақтау, құру адамдардың қоғамда өмір сүруі мемлекеттік билікке жүгінеді.
Мемлекеттік басқарудың ерекше қасиеті, оның бүкіл қоғамға таралуы, мемлекеттік саясаттың жүргізіліп жатқан басқа да қоғам шеңберіне таралуы. Көбінесе осы айтылған тезис басқару құбылыстарында қате түсініктер болып жатады, мысалы мемлекет адамдардың барлық іс – қимыл әрекеттеріне, қарым – қатынастарына араласып жататындай. Тек қана тоталитарлық, диктаторлық режимдегі мемлекет осындай іс - әрекеттерді енгізуге талпынады, бірақ оның өзі бүкіл қоғамдық іс - әрекетке араласуды бақылаудың мүмкін еместігін мойындады. Мұнда аз болса да еркіндік қалады. Мемлекет тек қоғамның дұрыс арақатынасы, адамдардың қоғамдық өмір сүруін кең көлемде еркіндікпен, тәуелсіздікпен және өзін - өзі басқарумен ұштасады.
Мемлекет заң шығару құқығымен қоғамда адамдардың өмір сүруінің жалпы ережелерін белгілейді және өзінің билік ережелерін бегілейді, билік күшінің орындалуын қадағалайды. Айта келе, үлкен әлемдік тарихи тәжірибеге сүйене отырып, әділ заңға негізделген қоғамға сүйенеді. Адамның құқықтық еркіндігі мемлекетте қабылданған заңдардың жүзеге асырылуынан басталады. Сондықтан қоғамға, адамға мемлекетте қарсы емес, керісінше оның негізін қалау арқылы қол жеткізілуі керек.
Мемлекеттің негізі қоғаммен әрекеттесу арқылы ашылады және жүзеге асырылады. Бұл мемлекеттің «функциялары» арқылы жүзеге асырылады. Функция арқылы мемлекет өзінің мәнін, күшін, потенциалын қоғамға көрсетеді. Осы ретте, мемемлекет пен қоғамның өзара әрекетінсіз мемлекеттің функциялары жүзеге асырылмайды. Мемлекеттің қоғамдық функцияларын талдау мемлекеттің нақты болмысын айқындайды.
Мемлекет әр түрлі функцияларды жүзеге асырады, соның барлығы басқарумен байланысты және басқару аппараты негізінде жүзеге асырылады. Басқару функциялары мемлекеттің барлық функцияларын қамтиды. Сондықтан, мемлекеттің функциялары және мемлекеттің басқару функциялары біркелкі түсінік болып табылады. Мемлекеттің көптеген функциялары оның табиғатына байланыссыз (сыртқы қауіптен қорғану, күштеу және т.б.). Басқа бірқатар мемлекеттің басқару функцияларының негізі болып мемлекеттің әлеуметтік мәні, оның мақсатты көзқарастары болып табылады. Мемлекеттің мақсаты өзгерсе, кейбір функцияларға деген қажеттіліктер төмендейді, кейбіреулеріне деген қажеттіліктер артады, ал үшіншілері өзгертілмеген қалпында қалады және жаңа мақсаттар мен мағыналармен толықтырылады.
Қазіргі заман ағымына сәйкес, мемлекеттің бірнеше қоғамдық функцияларын ерекше айтуға болады. Ең бірінші, қоғамның тұрақтылығын, қауіпсіздігін қамтамасыз ететін функция. Бұл функция түрін мемлекеттің саяси функциясы, себебі саясаттың соңғы мақсаты қоғамның тыныш, гармониялы дамуына жағдай жасау. Мемлекет өз кезеңінде қоғамдағы күресті, құлдырауды, қарама – қайшылықтарды жеңу мақсатында құрылған. Мемлекет бүкіл қоғамның тірегі, сондықтан ол бір адамдардың қызығушылықтарын қолдап, екінші адамдардың қызығушылықтарын қорғамауға құқы жоқ.
Мемлекеттің күштеу құрамына айналуы, қоғамның бір бөлігінің екінші бөлігіне үстемдік жүргізуі мемлекетті әлсіретеді, қоғаммен байланысын үзеді, мемлекеттің құлдырауына әкеліп соғады. Тәжірибе көрсеткендей, қоғамның жақсы кезеңі онда бейбітшіліктің, тыныштықтың, бірлесудің орын алуы. Егер, мемлекет қоғамның осы кезеңін қолдамаса, саяси күштердің конфликтісіне, тыныштықты бұзуға жол берсе, әрине мемлекет өзінің ең алғашқы қоғамдық функцияларын орындамағандығы, өзінің өмір сүруін ақтамағандығы. Бұл жағдайда мемлекеттік басқару туралы сөз қозғау қиын [4].
Басқару процессі бір сәттілік емес, барлық жүйеге әртүрлі мақсаттармен, принциптермен, бағдарламалар мен актілер әсер етеді, сондықтан басқару функцияларын көптеген функция астарлары (подфункция) бөлуге болады және оның әрқайсысы басқаруға әсер ететін тіреуіш болып табылады. Басқару функцияларының негізін мақсаттар, тапсырмалар, ұйымдастырулар, жоспарлау, бақылау, реттеу және т. б функциялары жатады. Барлық бөлімшелердің қызметін келістіретін, координация қызметін жасайтын, қабылданған нормативтік актілерді, бұйрықтарды, нұсқауларды реттейтін бағыну құрылымдары бар. Осының барлығы соңында ақпаратттандыру негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруда барлық басқару функцияларының активизациялануын, ерекше болжау, жоспарлау және бақылау функцияларына мән берілу керек. Мемлекеттік басқару функцияларының ішінде бүкіл территория көлемінде әрбір адамның құқықтары мен еркіндіктеріне кепілдік беретін мемлекеттің әлеуметтік функциясын айтуға болады. Ия, дәл осы үшін адамдар мемлекет құрып, оны материалды және ішкі – жан дүниесімен қолдайды. Әлеуметтік – экономикалық болжам қоғамның дамуына болжам жасау болашақты жобалау болып табылады.
Шын мәнінде, бұл ғылыми болашақтың дамуын зерттеу. Егер, ғылыми – техникалық дамудың және басқа да жағдайларды ескерсе болашақ анық болады. Болжам жасау мақсатты айқындамайды, қандай жағдайда мақсатқа жететін мүмкін болатын нәтижелерді, дұрыс және бұрыс тенденцияларды айқындайды [4].
Мемлекеттік
басқарудың тиімділігі, рационалдылығы,
мақсаттылығы, нәтижелілігі ретінде
қоғамдық қажеттіліктер мен
Саяси басқару бұл мемлекеттің лауазымды қызметкерлердің мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық, саяси дамуын, оның жүзеге асырылуына жағдай жасайтын ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламалардың қабылдануы. Осы контексте мемлекет бүкіл қоғамның жұмысын саяси басқару туралы сөз болады. Мемлекет адамдар өмір сүруінің негізгі сфераларының дамуын, инфрақұрылымдарды құру, қолдау және т.б. жасауға міндетті. Мемлекеттің және қоғамдық өмірдің әр түрлі жақтарын басқару, атқарушы аппараттың негізгі функциясы болып табылады.
Бұл процессте мемлекеттік биліктің басқа да субъектілері белсенді қатысады және бұл жағдайда заңдарды тек қабылдау ғана емес, оны іс жүзіне асыру, яғни заңда көрсетілген заңды - билік міндеттемелерін орындау. Бұл орындау процессі. Әрине, заң шығарушы қабылданған заңның орындалуын бақылайтын әрекеттер жасайды. Бірақ заң шығарушы осы функцияны толық көлемде орындай алмайды. Заң шығарушыға заңның орындалуын жүзеге асыру дұрыс емес. Сондықтан, арнайы мемлекеттік аппараттың басқару звеносының атқарушы – реттеуші ретінде құрылуы қажет. Осыдан келе, атқару, мемлекеттік – басқару қызметі, яғни басқару және атқару толық бір – біріне сәйкес келеді. Осы жағдайда, шешім қабылдаудың субъектісі кім болатыны. Заң шығарушы, әлде атқарушы орган екендігі? Мемлекет, өзінің органдар жүйесі, аппарат қызметкерлері, басқару процесстерінің мүшелері, лауазымды қызметкерлер негізінде біріншіден, бүкілхалықтық, ұжымдық және жеке, жалпы және арнайы, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді, тарихи және нақты халықтың мүдделерін, екіншіден, объективті жағымды және жылдам қоғам субъектілерінің мүдделерін қолдайды.Үшіншіден, мемлекет өзінің ресурстарын мүмкіншіліктерімен, тәжірибе жүзінде қызығушылықтарын практикада жүзеге асыру күшімен, қоғам субъектілерінің сұраныстарын қанағаттандырады. Мемлекет тек қоғамның ара қатынасын талдауда әлеуметтік – кластық және ұлттық құрылымы өркендеу үстінде, елде белсенді миграциялық процесстер, халықтың жынысы және жас мөлшері, демографиялық жағдайдың өзгергенін ескеруі қажет. Сондықтан мемлекет пен қоғам қатынасының тепе – теңдігі тұрақты болмайды, ол үнемі өзгереді және қайта құрылып отырады. Мемлекеттік басқарудың әлеуметтілігі күшті дамыған қоғамды танитын механизмдерге байланысты. Қоғамның жоғары қажеттіліктері мемлекетті басқарудың демократияландыруды талап етеді. Демократияландыру екі аспектіні қамтиды: біріншіден, халықтың мемлекеттік – басқаруға, шешім қабылдауға, оны жүзеге асыруға қатысуы; екіншіден мемлекеттік басқару шешімдерінің іс жүзіне асырылуына кепілдік беретін басқару билікпен байланысты [7].
Мемлекеттік басқару сонымен қатар, қоғамдық талаптың технократиялық әдістің тиімсіздігіне негізделген. Мың жылдар бойы қалыптасқан жағдай мемлекеттік басқаруының методологиясы мен философиясын өзгертуді талап етеді.
Адамзаттың дамуына оның өзін - өзі қорғауға мемлекеттік басқаруда қолданылатын жаңа технологиялар,еңбек ресурстары, шикізат пен материалдарды қолдануы, өнімнің сапасын, өмір сүру түрін және басқа да жағдайларды мемлекеттік басқаруда басшылыққа алу қажет. Әрине, қоғам мемлекеттік басқарудың тиімді болғанын қалайды. Қоғам мемлекетті дамыған, экономиканы прогностикалық болжам жасайтын, әлеуметтік – экономикалық артта қалмаған мемлекетті қалайды. Ғылыми тұжырымға, объективті заңдылықтарға негізделген басқару қоғамдық проблемаларды белсенді шешетін прогрессивті қоғамның дамуын қамтамасыз етеді.
Демократиялық мемлекетте, саяси басқарудың субъектісі болып мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары мен лауазымды қызметкерлер, ең бірінші Президент немесе Премьер – Министр (саяси режимге байланысты) және жалпы және құпия дауыс берумен сайланатын Парламент, сонымен қатар мемлекеттің саяси стратегиясын жүзеге асыруға жауапты Үкімет. Саяси шешімдер саяси процесстердің субъектілерімен қабылданады. Бұл субъектілердің қызметі қоғам өмірінің нақты заңдарына сүйенеді. Олардың қызметі, әдістері мен тәсілдері, басқару формасы, саяси жүйеде қалыптасқан заңдармен айқындалады.
Мемлекеттік билік қоғамда ашық билікті жүзеге асырады және бір жүйені құрайтын бір – бірімен тығыз байланыста болатын институттардан, органдардан құралған. Бұл жүйе конституцияға және басқа да заңдарға негізделіп, мемлекетке жүктелген негізгі функцияларды жүзеге асыру үшін құрылған. Мемлекеттік механизмнің негізгі бөлігі мемлекеттік аппарат болып табылады. Мемлекеттік аппарат көптеген органдардан, оның әр қайсысының жеке құрылымы бар және қоғамның нақты сферасын басқаруға заңдық құқықтарға ие.
Адамзат дамуының барлық кезеңі тарихында адамзат қоғамның дұрыс қалыптасуын қамтамасыздандыратын мемлекеттік органдар құрды. Соның ең тиімдісі қоғамды басқару мен оның қажеттіліктерін, мүдделерін қорғайтын мемлекеттік басқару органдары мен мекемелерден тұратын механизм болды. Осы органдар бір – бірімен тығыз байланыста және қоғамды басқаруда бір – бірімен толықтырылып отырады. Олардың басты мақсаты басқару функциясын атқарудағы барлық азаматтардың қызығушылықтарын, құқықтары мен еркіндіктеріне кепілдік беру. Сондықтан, бұл процессте негізгі орын мемлекеттік органдар қызметкерлерінде [8].
Мемлекет қоғамға негізделе отырып, оның саяси, экономикалық жағдайын және бірлікті қамтамасыз етеді. Ол қоғамның және экономикалық өмірдің негізгі басқару қызметін атқарады. Басқару шешімдері ерекше мемлекеттік механизммен жүзеге асырылады. Мемлекет құқықтық және нормативтік актілерді қабылдай отырып, саяси партиялардың, ұйымдардың, қозғалыстардың қызметін қысқартады, шектейді немесе қолдайды.