Мемлекеттік басқару жүйесінің түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2013 в 13:19, реферат

Описание

Басқару ұлттық қажетті ресурс болып табылады.Мемлекеттік басқару термині шетел және отандық әдебиеттерде кеңінен қолданылады, сонымен қатар барлық елдердің заңдарында. Барлық қызмет шешім қабылдаудан, оның жүзеге асырылуынан және бақылаудан тұрады. Ғылыми әдебиеттерде мемлекеттік басқарудың екі түсінігі қалыптасқан: кең көлемдегі мемлекеттік басқару және тар көлемдегі мемлекеттік басқару. Басқару әр түрлі негізге байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Қоғамдық өмір сүру сферасына байланысты басқару: қоғамды жалпы басқару, саяси басқару, идеологиялық басқару және т.б. болып бөлінеді. Басқа негіз бойынша – басқарудың көлемі мен мінез – құлқына байланысты басқару: қоғамды басқару, мемлекетті басқару, салаларды басқару, мекемелерді, ұйымдарды, ұжымдарды басқару және т.б. болып бөлінеді.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 59.36 Кб (Скачать документ)

Монархияның көшуiнiң үшiншi түрi бар, монарх бiрнеше  ақсүйектердiң тұқымдарынан сайланды (Малайзия). Тарихта екi монарх болған мемлекеттiк басқару формасы да кездескен (Спарта). Тоталитарлық жүйеде Коммунистiк партияның басшысының билiгi монархтың билiнiнен де күштi болды. Сонымен, монархтың билiгi көбiне мұрагерлiк билiкке жатады, ол өзiнiң қызметiне құдайдан басқа ешкiмнiң алдында жауапты емес, ол мемлекеттiң басшысы, құқықтың қайнар көзi, оның атынан сот, мемлекеттiң атқару функциялары жүзеге асырылады, ол әскердi басқарады, мемлекеттiң атынан шарт құрады. Монархтың бiрнеше жоғары аттары мен титулдары болады, оны асырау, мемлекеттiң мiндетi. Мысалы, Англияның королiне 1660 жылдан бастап цивилдiк қағазбен парламент мұқтажына керек ақшаны беретiн болды. Корольдердiң сарайлары киiмдерi, әскерлерi мемлекеттiң мiндетiнде болды. Корольдi асырау мемлекетке өте ауыр болса да, көп мемлекеттер корольден және монархиядан басын тартқысы келмейдi. Қазiргi Англияның королi — Елизаветаның мұра жалғастыратын балаларының абыройы өте күштi болмады, екi баласы және қызы некесiн бұзып ажырасып  кеттi3.

Монархия  екiге бөлiнедi: шексiз және шектелген  монархиялар. Шексiз монархия — монархтың  билiгiн басқа мемлекеттiк орган  шектемейдi, жоғарыда айтылған билiктiң  бәрi соның қолында. Бiрақ шексiз  монархияның да бiрнеше түрлерi бар. Ең бiрiншi шексiз монархия - Шығыс  деспотиясы (Египет, Вавилон, Қытай, Жапония). Монархтың қолында өте күдiгi экономикалық функциялары жиналған, ал бұл билiк  осы айтқан мемлекеттердiң географиялық және ерекше экономикалық жағдайларымен  байланысты. Мысалы, Египет мемлекетiнде  номдардың бәрiн фараон бiрiктiрiп, Нiл өзенiнде суару жұмыстарын басқаратын. Монархтың осындай қиын экономикалық қызметi өте күштi билiктiң кажет екенiн туғызды. Сондықтан, фараондардың билiктерi шексiз болатын: ол Ра кұдайдың тұқымы, таққа отырған кезден оған пирамида салады, ол экономикалық, қаржы, заң шығару, дiни, сот, әскери қызметтерiн басқарған. Тарихта кездескен шексiз монархияның екiншi түрлерi көне дәуiрдегi мемлекеттерде болған. Оған Рим империясы жатады. Бұл шексiз монархия республиканың орнына келдi. Императордың да билiгi өте күштi, бiрақ оны күшейтетiн жағдайлар саяси факторлерге байланысты болған. Орта ғасырларда шексiз монархия феодализмнiң соңғы кезiнде пайда болды. Ең күштi феодалдық шексiз монархияларға Людовик Х1Ї, Петр Бiрiншi, Екатерина Екiншi, Елизавета Бiрiншi, Фридрих II, Эдемi Сулейман монархиялары жатады. Людовик Х1Ї мемлекеттi 55 жыл басқарды (1661-1715). Оның "мемлекет дегенмен" - сөз бүкiл Еуропаға мәлiм болған. Версаль сарайын салдырды, қаржыны өзi жұмсады, заңды өзi шығарды, парламенттi жинамай мемлекеттi, әскердi де сотты да өзi басқарды. Ол өмiр бойы көршi мемлекеттермен соғысып, сыртқы саясатын толық өзi жүргiздi. Бiрақ феодализмнiң шексiз монархияларының мемлекетке iстеген жақсылықтары да көп едi. Қазiргi жаңа ғасырларда шексiз монархиялар өте сирек кездеседi (Бруней, Оман).

Монархиялардың  көбi шектелген монархияларға жатады. Бұл монархияда монарх билiгi басқа  бiр органмен немесе заңмен шектеледi. Шектелген монархия шығыс мемлекеттерiнде  кездеседi, мысалы, Їндiстан. Їндiстанның  патшасы екiншi кастаға жататын  — критерилерге, ол брахмандардың  айтқан ақылдарын және олар құрған Кеңесiн сыйлауға тиiстi. Патша брахмандардың  жеке меншiгiне тисуге құқығы жоқ, оларды өлiм жазасына кесе алмайды, заң шығару немесе сот функцияларын олардың  Кеңесi қатыспаса атқара алмайды.

Орта  ғасырларда Еуропа мемлекеттерiнде  сословиелiк-өкiлдiк монархиялар  пайда болды. Еуропа қоғамында үш сословие қалыптасқан болатын: шiркеу қызметкерлерi, дворяндар және қала тұрғындары, басқаша айтқанда - буржуазия. Осы сословиелер өздерiнiң мүдделерiн  қорғайтын сословиелiк органды  құратын, ол Парламент, Кортес, Бас штаттар  деп аталатын. Бұл органдар қалыптасқан  кезде салық жинауға келiсiмiн  беретiн, одан кейiн қызметiн күшейтiп, заң шығару ұсынысты қолына алды, кейiн  заң шығару билiгiн өзiне қаратты. Жапония мемлекетiнде импе-ратордың билiгiн сегун деген әскери қызметкерлер шектеген болатын, бұл басқару форма "сегунат" деп аталды.

Жаңа  кезеңдерде шектелген монархия конституциялық монархия деп аталады. Оның екi түрi бар: дуалистiк және парламенттiк монархия. Дуалистiк монархияда мемлекетаттi басқарған екi топтың күшi тең, буржуазиялық революциялар өткеннен кейiн, оның бiрiншi кезеңiнде бұрынғы корольдер билiктерiнiң жартысынан айырылды, оған бiрiншiден заң шығару билiгi жатады. Мысалы, Франция мемлекетiнде 1791 жылғы Конституция бойынша король заң шығару билiгiн жоғалтты, ол Їлттық жиналыстың қолына көштi. Бiрақ оның қолында қалған билiгi әлi күштi едi: ол әскердi өзi басқарды, осыны пайдаланып өзiнiң халқына қарсы шықты, сот қызметкерлерiн, министрлердi және атқару билiктi өзiне бағындырды, шығарған заңдарға тыйым салды және парламентi таратуға құқығы болды. Сонымен, мемлекеттiк билiк екiге бөлiндi: парламент буржуазияның мүдделерiн қорғады, ал король феодалдардың. Бiрақ тарихи процесс объективтiк түрiнде парламенттi жеңiске жеткiздi де, дуалистiк монархия парламенттiк монархияға айналды4. Парламенттiк монархия бiрiншi Англияда құрылды. Даңқты революциядан кейiн Құқық туралы Билль деген (1689ж.) конституциялық занда осы мемлекеттiк басқару нысаны пайда болды. Қазiр Еуропа мемлекеттерiнiң көбi осыған жатады: Бельгия, Норвегия, Швеция, Дания. Бұл мемлекеттерде монарх мемлекеттiң басшысы. Ол парламенттiң келiсiмiнсiз көп мәселелердi шеше алмайды. Парламенттiң төменгi палатасына көп орын алған саяси партия өзiнiң өкiметiн құрады. Сол партияның басшысы Премьер-министр болып тағайындалады. Премьер-министр кабинетiн өзi кұрастырады, король оған тек келiсiм бередi. Кабинет королдiң алдында емес, парламенттiң алдында жауапты. 1997 жылы Англияда консервативтiк партия сайлауда лейборис-терден жеңiлiп, 18 жыл Англияны басқарғаннан кейiн оппозицияға кеттi. Парламент корольдiң мұқтажына керек ақшаны бөледi, оның жеке өмiрiне де қатысады. Бiрақ көп мемлекеттер монархтың құқықтарын шектесе де, бұл ескiлiк немесе керек емес мемлекеттiң элементi деп санамайды. Монарх — мемлекеттiң көркi, тұрақтылығы, сәнi, ертеден келе жатқан әдет ғұрыптары. Сон-дықтан, кейбiр мемлекеттер жойылған монархияларды қайтадан орнына қалыптастырғаны мәлiм (Испания 1975, Англия). Қазiргi Ресей, Грузия, Болгария, Румыния мемлекеттерiнiң патша тұқым-дары тiрi, халықтың арасында монархияны қалпына келтiру деген пiкiрдi бiлдiрген адамдар және саяси партиялар да бар. Сонымен, монарх топтардың, саяси партиялардың арасындағы арбитрi және тұрақты саяси режимiнiң кепiлдiгi болып көрiнедi. Монархтын, өмiрiн реттейтiн әдет-ғұрыптардың көбiн халық  жақсы көредi: парламенттiң бiрiншi сессиясын ашу процедурасы, мемлекетке келген қонактарды қарсы алу, мемлекеттiң атынан мерекелерiмен құтықтау, монарх сараиларының өмiрiн реттейтiн әдеттер5

Мемлекеттік басқарудың   нысаны  дегеніміз атқару  органдарының (лауазымды адамның) өз құзіреті шегінде және белгілі бір нәтиже сыртқы көрінісі бар әрекетін айтамыз.  Егер басқару нәтижесінің заңдылық сипаты бар болса немесе белгілі заңлық маңызы бар болса, онда оларды әкімшілік қүқықтық деп біріктіріп дәрежелеуге болады. Бірақ атқару органдарысубьектілерінің әрекеттері  өздерінің     сипаты  мен мақсаттары) байланысты әр түрлі. Бұдан біз олардың сыртқы көрінісінің әртүрлі екенін көреміз.

Басқару нысандары мынадай екі топқа  бөлінеді:

 а) атқару  билігін жүзеге асырудың нысаны;                            

ә)ішкі ұйымастыру   жұмыстарының  нысаны. Атқару   билігін   жүзеге   асыру   арқылы   атқару   органдары  заңдылық   биліктік   өкілеттіктіктің   сыртқы   көрінісін   қамтиды, Демек, сыртқы заңдылық әсер ол басқару  нысанының бір белгісіне  жатады.

Басқару нысандары (басқару қызметі) әр түрлі  бұдан біз оларды жіктеу мүмкіндігінің  бар екенін көреміз, бірақ ол үшін әртүрлі крйтерилерді пайдалануға  болады. Әкімшілік құқықтың субъектілері өздерінің құзіреті шегінде әрекет ету кезінде әр түрлі құралдарды пайдаланады, соның ішінде

техникалық        (мысалы,        компьютерлерді),        экономикалық, (материалдық ынталандыру),   ұйымдастырушылық  (мамандар ісі, органның  құрылысын құру), моральдық (мадақтаудың  моральдық шаралары),     эстетикалық     (дизайн),      психологиялык,     (еңбек ұжымындағы ынта),   құқықтық  құралдар (қаулылар,  бұйрықтар және басқалары).   Аталған көптеген шаралар мен құралдарды қолданудың белгілі бір тәртібі болады, яғни олар белгілі бір нысандар мен әдістерді сақтап қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Қазақстан   Республикасының  Конституциясы   30    тамыз  1995 ж.

2. Қазақстан   Республикасының  «Јкiмшiлiк   құқық   бұзушылық» туралы   кодекс  30   қаңтар   2001 жыл  

3.  Сейдеш   Б.Б.  Әкiмшiлiк     құқық   пәнi    бойынша   дәрiстер. – Алматы: Дәнекер, 2004.

 

 

  1. Теория  и  государства: Учебник/Под    ред. В.К. Бабаева. –М.; Юрист. 1999.   90-бет.
  • 2 Теория  государства и права. Курс  лекций /Под ред. Н.И. Матузова и А.В. Малько. –М.: Юристь. 1997. С. 87.

    1. Хропанюк  В.Н. Теория  государства  и права.  Учебное пособие  для  высших учебных заведений /Под.ред.  проф.  Стрекозова В.Г. –М.
  • 4 Теория  государства и права. Учебник /Под ред. В.К. Бабаева. –М.: Юристь. 1999. С.91.


    Информация о работе Мемлекеттік басқару жүйесінің түсінігі