Мемлекеттік басқару жүйесінің түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2013 в 13:19, реферат

Описание

Басқару ұлттық қажетті ресурс болып табылады.Мемлекеттік басқару термині шетел және отандық әдебиеттерде кеңінен қолданылады, сонымен қатар барлық елдердің заңдарында. Барлық қызмет шешім қабылдаудан, оның жүзеге асырылуынан және бақылаудан тұрады. Ғылыми әдебиеттерде мемлекеттік басқарудың екі түсінігі қалыптасқан: кең көлемдегі мемлекеттік басқару және тар көлемдегі мемлекеттік басқару. Басқару әр түрлі негізге байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Қоғамдық өмір сүру сферасына байланысты басқару: қоғамды жалпы басқару, саяси басқару, идеологиялық басқару және т.б. болып бөлінеді. Басқа негіз бойынша – басқарудың көлемі мен мінез – құлқына байланысты басқару: қоғамды басқару, мемлекетті басқару, салаларды басқару, мекемелерді, ұйымдарды, ұжымдарды басқару және т.б. болып бөлінеді.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 59.36 Кб (Скачать документ)

  Қазіргі заман мемлекетінің ерекшелілігі саяси биліктің күшті әскер мен жоғары сапалы басқару механизмерімен жабдықталған саяси билікті бір қолға шоғырландырған мемлекеттің болуы.

  Мемлекеттің басқа әлеуметтік ұйымдар  формасынан айырмашылығы, ол басты және жалғыз мемлекеттің билікті жүзеге асырушы қызметі бүкіл азаматтарға  және бүкіл территория көлеміне өкілеті тарайтыны. Мемлекет және билік саяси әлемді біріктіретін негізгі элементтер. Осы көзқарас бойынша мемлекет заң күштейтін монополияға ие.

  Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары: Президент, оның аппараты, үкімет, парламент және  сот органдары біріге басқару жүйесін құрайды. Жоғарыда айтылған саяси субъектілер бүкіл халықтық маңызды мәнге ие шешім қабылдайды, мемлекеттік аппараттың барлық звенолары мен барлық азаматтарыдың орындалуы міндетті шешімдер қабылдайды. Осы ретте әр бір субъект басқару жүйесінің жеке жүйесі болып табылады [9].

  Саяси, әлеуметтік  және экономикалық институттардың тиімділік көрсеткіші  азаматтардың сенім дәрежесі болып табылады. Азаматтрадың сеніміне әлеуметтік  және экономикалық институттардың жетістігі  байланысты.

  Әлсіз билік жүйесі мемлекеттік органдар мен лауазымды қызметкерлердің мардымсыз болуына, жемқорлықтың белең алуына  алып келеді. Бүкіләлемдік Банктің 1997 ж. баяндамасында айтылғандай, тиімді мемлекет әлеуметтік  - экономикалық дамудың кепілі. Осы баяндамада 94 елдің мәліметтерін талдау негізінде соңғы үш онжылдықта, экономикалық жетістіктер жүргізілген экономикалық саясатпен емес, институционалдық жүйенің сапасымен анықталған. Осы тұжырымның ерекшелігі, институционалды инфрақұрылым деңгейі нарықтың дамуына әсер етеді. Мамандардың пікірі бойынша, жаңа индустриалды елдерде  экономикалық таңғажайыптың болуына ең бірінші саясаттың әсерінен болғанын мойындайды. Қазіргі заман мамандары осы елдердің басшыларын қатаң сөгіске алады, оның себебін бүгінгі таңдағы экономикалық тоқырау мемлекеттің  қоғамның экономикалық өміріне араласуы және мемлекеттің ірі корпорациялармен тығыз байланысуынан деп түсіндіреді. Биліктің вертикалды тұрақтылығы мен тиімділігі барлық жағдайда өте маңызды, бірақ әлеуметтік – саяси және экономикалық қайта құрылым үлкен мәнге ие. Авторитарлы және диктаторлық әдістер мемлекеттің күші емес, биліктің әлсіздігін көрсетеді. Мұндай әдістер, қысқа мерзімді жағымды нәтижелер бергенмен, ұзақ мерзімді болашақта сәтсіздікке әкеледі [10].

  Жаңа индустриалды елдердің тәжірибесі  бұл мағлұматтарды дәлелдегендей,  нарықтық экономиканың институттары  мен принциптрі демократияландыру   мен либеризациялау жолына салуға  мәжбүр болған.

  Мемлекет ішінде болып жатқан  барлық оқиғалар  мен процесстер, азаматтардың қызметі, субъектілерінің  қызметі құқық қабылданған нормалармен,  заңдармен шектеледі.Осы қатынаста  мемлекет, әсіресе демократиялық,  құқықты мемлекет, қоғамда пайда  болған проблемаларды шешуде  арбитр ролін  атқарады. Мемлекеттік  билік құқыққа негізделген және  сол заңдардың негізінде мемлекет  өзінің ішкі және сыртқы саясатын  жүргізеді. Міне, сондықтан құқық,  мемлекет, саясат бір – бірімен  тығыз байланысты. Мемлекетті биліксіз  көз алдымызға елестету мүмкін  емес. «Билік» сөзінің өзі кең  мағынада қолданылады. Кез келген  қоғамды да биліксіз қалыптастыру  мүмкін емес. Осы феноменды біз  күнделікті өмірде жиі кездестіреміз.  Көптеген, мамандардың пікірінше  тек мемлекет жүргізетін билік,  оның институттары мен лауазымды  қызметкерлердің мемлекет атынан  жүргізетін билігі саяси билік  деп аталады. Осы түсінікте  мемлекеттің ерекшелігі басқа   қоғамдық ұйымдардан азаматар  мен қоғамның   мемлекетпен  ара қатынасы жасайтын саяси  билікті бірден – бір жүргізуші  болуы. Саяси билік өзінің нақты  көрінісін мемлекеттік биліктен  алады. Осы тұжырымда, мемлекет  билік прерогативасын ұстанған  саяси ұйым ретінде болады. Сондықтан,  мемлекеттік немесе саяси билікті  кей жағдайда ашық (публичный)  билік деп атайды. Себебі, бұл  билік түрі барлық қоғамның  атынан және осы қоғамның мүддесін  қорғайды. Мемлекеттік билік қоғамда  жоғары дәрежеге ие, бұл ұлттық  – мемлекеттік тәуелсіздікте  көрсетілген [11].

  Мемлекеттік басқару теориясы келесідегідей тиімділікті анықтау критерилерінен тұрады:

  • Мемлекеттік басқару құрылымдары қызметінің өз міндеттемелерін сапалы орындау дәрежесі;
  • Лауазымды қызметкерлердің құқықтық және басқа міндетті нормалардан ауытқымау дәрежесі;
  • Басқару объектісінің жағымды не жағымсыз жаққа өзгеру дәрежесі;
  • Басқару қызметіне салынатын ресурстардың басқару шығындарын өтеу дәрежесі;
  • Басқару құрылымдары шешім қабылдау мен іс - әрекеттерінің белсенділікке ие болу дәрежесі [12].

   Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруда көптеген авторлар адам факторына мән береді, әсірісе саясаткерлер мен мемлекеттік органдар қоғамның тарапынан шешім қабылдауға белсенді араластыру бойынша үнемі қысымдарға тап болады. Осы аспектіде азаматтар тарапынан саясаткерлерді таңдаудың құралы сайлау басты рөл атқарады. Қайта сайлау  немесе мүлде дауыс бермеу лауазымды қызметкерлердің халық алдындағы жұмысына баға беруді білдіреді. Қоғам, азаматтар тарапынан қолдауға ие болу лауазымды қызметкерге өте маңызды. Себебі, азаматтар билікті таңдауға шақыруды басқару процессіне қатысумен тең деп санайды.

  Әрине, мемлекеттік басқару қызметінің тиімділігін арттыруда материалдық түрде ынталандыру маңызды рөл атқарады. Осы проблеманы айта келе, Дж.Габрис жұмысшыларды қаржылық ынталандыру тиімді әдіс екенін дәлелдеген. Осы дәлелдің негізгі аргументі: жұмысшы ең бірінші материалды жағдайға үлкен мән береді. Жұмысшылардың айтуынша жалақы мөлшерінің тепе – теңсіздігі олардың  қанағатсыздық сенімін тудырады.

  Осы проблеманы шешудің оптималды жолы мемлекеттік мекемелерде тұрақты және үздіксіз жалақы төлеу жүйесін құру. XXI ғасырдың мемлекеттік басқаруы мемлекеттік мақсаттары мен функцияларын іске асыруда  адамның дамуын интелектуалды ресурс ретінде қарастыратын әлеуметтік  менеджмент; Өмір сапасының стандарттары мемлекеттік әлеуметтік  - экономикалық дамуын бағалайтын негізгі критерилер болып табылады, сондықтан мемлекеттік құрылымдар халыққа сапалы қызмет көрсетуге міндетті;  Әкімшілік институттар даму процессінде меншік сектордың тәжірибесіне сүйеніп, олардың әдіс – тәсілдерін қолданады.  

  

III Мемлекеттік басқаруды нормативтік  – құқықтық қамтамасыз ету

3.1.Мемлекеттік басқару органдары  қызметін құқықтық қамтамасыздандыру

 

   Мемлекеттiк органдардың құқықтық актiсi жеке қолданылатын актiлерге жатады, белгiленген нысандағы жазбаша ресми құжат болып табылады және бiр рет не өзгеше шектеулi түрде қолдануға есептеледі; заңдарда регламенттелген жағдай шеңберiнде белгiлi бiр тұлғаға не өзге де белгiлi бiр тұлғалар тобына қолданылады;  белгiлi бiр тұлғаның немесе тұлғалардың өзге шектеулi тобының құқықтары мен мiндеттерiн белгiлейдi, өзгертедi, тоқтатады немесе тоқтата тұрады. Жеке қолданылатын құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының заңдарына кiрмейдi және нормативтiк құқықтық актiлерге жатпайды. Жеке қолданылатын құқықтық актiлердi қабылдау рәсiмдерi, олардың ресiмделуiн, орындалуын және орындалуына бақылау жасауды ұйымдастыру осы Заңмен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi.

  Мемлекеттiк органдардың құқықтық актiсi мынадай талаптарға сай келуге тиiс: 1) құқықтық акт Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарға және жоғары тұрған мемлекеттiк органдардың құқықтық актiлерiне қайшы келмеуге тиiс; 2) құқықтық актiнiң құрылымы реттеу нысанасының толық ашылуын қамтамасыз етуге, ал мазмұны дайындалып жатқан құқықтық актiнiң бiркелкi түсiнiлуi мен қолданылуын қамтамасыз етуге тиiс;

3) құқықтық  актiде белгiленiп отырған шаралардың  мазмұны анық баяндалуға, құқықтық  актiнiң күшi қолданылатын және (немесе) оларды белгiленген мерзiмде  iске асыру үшiн жауапты адамдар  тобы айқын белгiленуге тиiс;  
4) басқарудың төменгi деңгейлерiнде iске асыруды қажет ететiн құқықтық актiлерде белгiлi бiр мемлекеттiк органдарға және (немесе) лауазымды адамдарға оларды орындау жөнiнде берiлетiн нақты тапсырмалар болуға тиiс [3].

   Мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының талаптарына және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн құқықтық актiлерi қабылданған кезiнен бастап жарамсыз болып табылады және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылмауға тиiс.  
Әртүрлi деңгейдегi мемлекеттiк органдар қабылдаған құқықтық актiлер бiр-бiрiне қайшы келген жағдайда, жоғары тұрған мемлекеттiк органның құқықтық актiсi қолданылады.

  Бiр деңгейдегi мемлекеттiк органдар  қабылдаған құқықтық актiлер бiр-бiрiне  қайшы келген жағдайда осы  шешiмдi қабылдау құзыретiне кiретiн  органның құқықтық актiсi қолданылады.  Мүдделi тұлғаның арызы бойынша  бiр құқықтық актiнiң басқа құқықтық  актiден басымдығы туралы шешiмдi жоғары тұрған мемлекеттiк орган  немесе сот қабылдайды.

  Мемлекеттiк органдардың құқықтық актiсiнде, осы баптың 1-тармағында көзделген талаптардан басқа, мынадай деректемелер болуға тиiс: 
құқықтық актінiң атауы; сол актіде қаралатын нысананы белгiлейтiн тақырып; актiнің қабылданған орны мен күнi; тиiстi актiге қол қоюға уәкiлетті адамның (адамдардың) қойған қолы (қолдары); органның мөрi.

  Құқықтық актiнiң орындалуын ұйымдастыру уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың (лауазымды адамдардың) қабылданған шешiмдi уақтылы және толық орындау жөнiндегi ұйымдастыру шараларын әзiрлеуi мен қабылдауы болып табылады. Қажет болған жағдайда құқықтық актiнiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган (лауазымды адам) оны орындау жөнiндегi ұйымдастыру шараларының жоспарын әзiрлеп, бекiтедi, ол тiкелей орындаушыларға жеткiзiледi. Егер құқықтық актiде оны орындаудың нақты мерзiмдерi мен тiкелей орындаушылары айқындалмаса, оларды орындаушы мемлекеттiк орган немесе жоғары тұрған орган белгiлейдi және дереу тiкелей орындаушылардың назарына жеткiзiледi. Қабылданған шешiмдердi уақтылы және толық орындау мақсатында мемлекеттiк орган немесе лауазымды адам олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыруға тиiс. Бақылау былайша бөлiнедi: 1) құқықтық актiлердiң (орындалуы құқықтық актiлерде көзделген шаралардың) орындалуын бақылау. Бұл жағдайда орындалуға тиiс шараларды қамтитын барлық құқықтық актiлер бақылауға алынады; 2)мемлекеттiк органдардың басшы лауазымды адамдарының қызметтiк сипаттағы өзге де құжаттардан туындайтын тапсырмаларының орындалуын бақылау;3) iшкi (тиiстi мемлекеттiк органның шегiнде) және сыртқы (өзге мемлекеттiк органдардың қызметiн) бақылау. Бұл орайда сыртқы бақылауды жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар не осындай бақылауға арнайы уәкiлеттік берiлген мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.Бақылау қажетті ақпаратты талап ету; орындау туралы есептер мен баяндамаларды тыңдау және талқылау; ревизиялар және құжаттық тексерудiң өзге де нысандары; жергiлiктi жерге барып тексеру жолымен; заңдарға қайшы келмейтiн басқа да тәсiлдермен жүргізiледi. Бақылау мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар қызметiнiң олардың алдына қойылған мiндеттерге сәйкестiгi; орындаудың уақтылы және толымды болуы; орындау кезiнде заңдар талаптарының сақталу өлшемдерi бойынша жүргiзiледi [3]. 
 Бiр мәселе бойынша әртүрлi орындардың қатар тексерулер жүргiзуiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген қайталап тексерулер жүргiзуге жол берiлмейдi. Халықтың тәуелсіздігі, мемлекеттік билікті халықтың мемлекеттік органдарға беруі қоғамның мүддесін қорғауды, елдің стратегиялық реформасының стратегиялық тапсырмаларын шешу, билік құрылымдарының келіспеушіліктері биліктің бір қолда немесе бір мемлекеттік орган құзырында болуды талап етеді. Парламент Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар Қазақстан Республикасының заңдары, Парламенттiң қаулылары, Сенат пен Мәжiлiстiң қаулылары түрiнде заң актiлерiн қабылдайды. Республиканың заңдары Республика Президентi қол қойғаннан кейiн күшiне енедi. Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар әр Палата депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшiнiң көпшiлiк даусымен енгiзiледi. Конституциялық заңдар Конституцияда көзделген мәселелер бойынша әр Палата депутаттарының жалпы санының кемiнде үштен екiсiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады. Парламент пен оның Палаталарының заң актiлерi, егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, Палаталар депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады. Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгiзу, конституциялық заңдар қабылдау немесе оларға өзгертулер мен толықтырулар енгiзу мәселелерi бойынша кемiнде екi оқылым өткiзу мiндеттi. Республиканың заңдары, Парламент пен оның Палаталарының қаулылары Конституцияға қайшы келмеуге тиiс. Парламент пен оның Палаталарының қаулылары заңдарға қайшы келмеуге тиiс. Республиканың заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлеу, ұсыну, талқылау, күшiне енгiзу және жариялау тәртібi арнаулы заңмен және Парламент пен оның Палаталарының регламенттерiмен реттеледi [21].

  Қазақстан Республикасының Президентi мына жағдайларда: Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiргенде, Парламент Премьер-Министрдi тағайындауға екi мәрте келiсiм бермегенде, Парламенттiң Палаталары арасындағы немесе Парламент пен мемлекеттiк өкiметтiң басқа тармақтары арасындағы еңсерiлмейтiн келiспеушiлiк салдарынан саяси дағдарыс болғанда Парламенттi тарата алады.  Парламенттi төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы кезеңiнде, Президент өкiлеттiгiнiң соңғы алты айында, сондай-ақ осының алдындағы таратудан кейiнгi бiр жыл iшiнде таратуға болмайды [29].

  Заң шығару бастамасы құқығы Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттарына, Республика Үкiметiне берiледi және тек қана Мәжiлiсте жүзеге асырылады. Республика Президентiнiң заңдар жобаларын қараудың басымдылығын белгiлеуге, сондай-ақ осы жоба жедел қаралады деп жариялауға құқығы бар, бұл Парламент заң жобасын енгiзiлген күннен бастап бiр ай iшiнде қарауға тиiстi екенiн бiлдiредi. Парламент осы талапты орындамаса, Республика Президентi заң күшi бар Жарлық шығаруға хақылы, ол Парламент Конституция белгiлеген тәртiппен жаңа заң қабылдағанға дейiн қолданылады. Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн, мыналарға: 1) жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектiлiгiне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, жеке және заңды тұлғалардың мiндеттерi мен жауапкершiлiгiне; 2) меншiк режимiне және өзге де мүлiктiк құқықтарға;  
3) мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметiнiң, мемлекеттiк және әскери қызметтiң негiздерiне; 4) салық салуға, алымдар мен басқа да мiндеттi төлемдердi белгiлеуге; 5) республикалық бюджетке; 6) сот құрылысы мен сотта iс жүргiзу мәселелерiне; 7) бiлiм беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтiк қамсыздандыруға; 8) кәсiпорындар мен олардың мүлкiн жекешелендiруге; 9) айналадағы ортаны қорғауға; 10)республиканың әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына; 11) мемлекет қорғанысы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты негiзгi принциптер мен нормалардың белгiлейтiн заңдар шығаруға хақылы. Өзге қатынастардың барлығы заңға тәуелдi актiлермен реттеледi.

   Мәжiлiс депутаттары қараған және жалпы санының көпшiлiк даусымен мақұлданған заң жобасы Сенатқа берiледi, ол онда әрі кеткенде алпыс күннiң iшiнде қаралады. Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданған жоба заңға айналады және он күннiң iшiнде Президенттiң қол қоюына берiледi. Тұтас алғанда, Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданбаған жоба Мәжiлiске қайтарылады. Егер Мәжiлiс депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң көпшiлiк даусымен жобаны қайтадан мақұлдаса, ол Сенатқа қайта талқылауға және дауысқа салуға берiледi. Қайта қабылданбаған заң жобасын сол сессия барысында қайтадан енгiзуге болмайды [21].

Информация о работе Мемлекеттік басқару жүйесінің түсінігі