Прокуратура конституциялык кукыктык жагдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 19:14, курсовая работа

Описание

Курыстық жұмыстың өзектілігі. ҚР-ның құқық органдары арасында прокуратура айрықша орын алады. Оның қызметі көп қырлы және көптеген бағыттарда жүзеге асырылады. Прокуратураның міндеттері ҚР Конституциямен және «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» арнаулы заңмен белгіленген.
Прокуратура органдарының құзыреті Қазақстан Республикасы Конституциясының 83 бабымен және Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңымен реттеледі.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРОКУРАТУРАСЫ ҚОЛДАНЫЛУЫН ҚАДАҒАЛАЙТЫН МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАН
1.1Қазақстан Республикасы Прокуратурасының тарихы....................................5
1.2Қазақстан Республикасы прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттары.................................................................................................................8
1.3Прокуратура органдарына қабылдау тәртібі.................................................10

ІІ. ҚР ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
2.1Прокурордың өкілеттігі...................................................................................14
2.2Прокуратура органдары қызметiнiң негiзгi бағыттары мен мазмұны........16
2.3Қазақстан Республикасында прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру.....17
2.4Прокуратура органдарының тұтастығы мен орталықтандыру....................19

ІІІ. ҚР ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЗАҢНАМАЛАРЫ
3.1 Прокуратураның құқықтық актiлерi..............................................................21
3.2Қаулы.................................................................................................................21
3.3Санкция.............................................................................................................22
3.4Нұсқау. Өтiнiш. Ұйғарым................................................................................23
3.5Ұсыныс..............................................................................................................24

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................

Работа состоит из  1 файл

Прокуратура конституциялык кукыктык жагдайы.doc

— 178.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

 

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРОКУРАТУРАСЫ ҚОЛДАНЫЛУЫН ҚАДАҒАЛАЙТЫН МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАН

1.1Қазақстан Республикасы Прокуратурасының тарихы....................................5

1.2Қазақстан Республикасы прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттары.................................................................................................................8

1.3Прокуратура органдарына қабылдау тәртібі.................................................10

 

ІІ. ҚР ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ

2.1Прокурордың өкілеттігі...................................................................................14

2.2Прокуратура органдары қызметiнiң негiзгi бағыттары мен мазмұны........16

2.3Қазақстан Республикасында прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру.....17

2.4Прокуратура органдарының тұтастығы мен орталықтандыру....................19

 

ІІІ. ҚР ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЗАҢНАМАЛАРЫ

3.1 Прокуратураның құқықтық актiлерi..............................................................21

3.2Қаулы.................................................................................................................21

3.3Санкция.............................................................................................................22

3.4Нұсқау. Өтiнiш. Ұйғарым................................................................................23

3.5Ұсыныс..............................................................................................................24

 

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................27

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Курыстық жұмыстың өзектілігі. ҚР-ның құқық органдары арасында прокуратура айрықша орын алады. Оның қызметі көп қырлы және көптеген бағыттарда жүзеге асырылады. Прокуратураның міндеттері ҚР Конституциямен және «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» арнаулы заңмен белгіленген.

Прокуратура органдарының құзыреті Қазақстан  Республикасы Конституциясының 83 бабымен  және Қазақстан Республикасының  «Прокуратура туралы» Заңымен реттеледі.

Прокуратура туралы Қазақстан Республикасының 1995 ж. 21 желтоқсандағы N 2709 Заңы қабылданғаны белгілі.

Прокуратураның басты  міндеті барлық мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың, мекемелердің және олардың лауазымды адамдарының Заңдарды, Президенттің жарлықтарын, басқа құқықтық нормативтік актілерді мүлтіксіз және біркелкі қолдануына жоғарыдан қадағалауды жүзеге асыру болып табылады. 

Прокурорлық қадағалаудың мақсаты – Республиканың бүкіл аумағында біртұтас және берік заңдылықты қамтамасыз ету, заңнамалардың талаптарын бұзу фактілерін анықтау және кінәлілерді жауапқа тарту.  

Прокуратура өз қызметін мемлекет атынан жүзеге асырады. Ол өз қызметін ҚР Президентіне тікелей есеп беретін тек қана Бас прокурорға бағына отырып, басқа мемлекеттік органдарға тәуелсіз атқарады.

Прокуратураға кең өкілдіктер берілген. Мысалы, ол мыналарды қадағалауды  жүзеге асырады.    

 а) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығын сақтауды;    

 ә) полициялық органдардың тергеулер мен анықтаулар кезіндегі заңдылығын;     

 б) азаматтарды  әкімшілік жауапқа тартудың заңдылығын;     

 в) сот белгілеген  жазаларды орындау мен азаматтық  істер бойынша сот шешімдерін  орындау заңдылығын;    

 г) сот органдарының үкімдерінің, шешімдерінің заңдылығын.     

 Өздерінің қадағалау  қызметтерін прокуратура әр түрлі  тәсілдермен жүзеге асырады. Мысалы, мемлекеттік органдардың, лауазымды  адамдардың кез келген заңсыз  шешімдері мен қаулыларына наразылық  білдіру; қылмысты зерттеу кезінде заңсыз әрекеттерге жол бермеуді бақылау және т.б. жолмен. Қылмыс фактісін анықтағанда прокуратура қылмыстық іс қозғайды, оны сотқа жібереді және мемлекеттік айыптаушы ретінде көрінеді. 

Сонымен бірге прокурордың  сезіктіні қамауға алуға, тінту жүргізуге рұқсат беруге, заңнамалар талаптарын бұзуға әкелуі мүмкін, жұмыстағы кемшіліктерді жоюға лауазымды адамдарға міндетті болатын жазбаша нұсқаулар беруге құқы бар.

Құқық қорғау органдары  мемлекеттің басым құрылымдарына  жатады. Оларға қару қолдануға дейін үлкен өкілдіктер берілген. Сондықтан олар міндеттері, қызметтері, қызметінің түрлері мен әдеттері белгіленген ҚР Конституциясының қағидаттары мен нормаларына сәйкес қатаң жұмыс істеуге міндетті. Республикада олардың қызметіне қатысты болатын ІІм, ҰҚК, прокуратура органдары, әділет органдары, сот жүйесі, адвокатура, нотариат туралы Заң дар мен басқа заңдар қабылдаған және олар жұмыс істейді. 

 Барлық құқық органдары  төмендегі қағидаттар негізінде  жұмыс істеуге міндетті:

1) заңдылық;

2) адамның құқықтары мен бостандықтарын басым қамтамасыз ету;

3) барлығының заң алдындағы  теңдігі; 

4) құқық қорғау органдары  қызметкерлерінің этикалық нормаларын  сақтау;

5) құқық қорғау органдарының  қызметкерлеріне саяси партияларда  болуға тыйым салу. 

Бұл жөніндегі ҚР Конституциясының 23-бабында тура айтылған: «Әскери қызметшілер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар партияларда, кәсіптік одақтарда

болмауға, қандай да бір  саяси партияны қолдап сөйлемеуге тиіс». Құқық қорғау органдары қызметінің барлық аталған қағидаттары олардың саяси күреске тартылмауына, халықтың алдында жоғары беделі болуына, республикада қатаң заңдылық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі өздерінің жауапты қызметтерін тәуелсіз орындауға, халыққа адал қызмет етуге, сондай-ақ қоғамдық және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Курыстық жұмыстың мақсаты. Прокуратураның конституциялық

құқықтық жағдайын зерттеу  барысында ҚР – ң прокуратурасының тарихын терең зерттеу, ҚР прокуратураның конституциялық-құқықтық жағдайын қарастыру. Прокуратура жұмысын жақсарту үшін жаңалық енгізу.

Курыстық жұмыстың міндеттері:

- прокуратураның тарихын  зерттеу;

- ҚР – ң прокуратура органдарының қызметін ұйымдастыруды;

- Прокуратураның конституциялық-құқықтық жағдайын зерттеу.

Курыстық жұмыстың жаңалығы:

ҚР-ның прокуратура  жүйесін зерттей отырып, мен біздің прокуратураның жұмысын жақсарту үшін қазіргі заман талабына сай техника  мен технологияны енгізу керек және прокуратураның құзыретін қылмыстық атқару жүйесінде кеңейту, оны қылмысты тергеуден сотқа дейін апаратын орган қылып қалыптастыру қажет.

 

 

 

 

І. ҚР Прокуратурасы  - заңдардың қолданылуын қадағалайтын мемлекеттік орган

 

1.1 ҚР Прокуратурасының тарихы

 

80 жыл бойы прокуратура  қалыптасу мен дамудың ұзақ жолдарынан өтті. Оның тарихында үш маңызды кезеңді атап өтуге болады.

Қазақстан прокуратурасының алғашқы қалыптасуы мен дамуы 1922 жылдың 13 шілдесіндегі Қазақстан Орталық  Атқару Комитеті 3-ші сессиясының 2-ші шақырылымының  шешімінен бастау алды, содан кейін Әділет халық комиссариатының құрамында мемлекеттік прокуратура органы құрылды. Соған сәйкес Әділет халық комиссары республика прокурорының міндетін қоса атқарды. Осы сессияда «Прокурорлық қадағалау туралы ереже» бекітілді.

Прокуратураның дамуының екінші кезеңінде яғни, 1933 жылы оның өкілеттігі кеңейе түсті. Әділет халық комиссары жанында прокуратура басқармасы құрылып, дербестікке қол жеткізді. Оның тарихында тұңғыш рет прокурордың міндеттері Әділет халық комиссарынан бөлінді.

1936 жылы 5 желтоқсанда КСРО өзінің жаңа Конституциясын қабылдады, сол оқиға республика үшін тарихи маңызға ие болды, соңынан Қазақстан автономиялы республикадан одақтық республикаға айналып, КСРО-ның құрамындағы тең құқықты мемлекет болды. Қазақстан 1937 жылы өзінің алғашқы Конституциясын қабылдады.

Осы сәттен прокуратураның дамуы мен нығаюдың үшінші кезеңі басталды, Әділет халық комиссарынан прокуратура толық бөлінді. Республика құқық қорғау органдарының дербес құрылымы ретінде жұмыс жасай бастады. Қазақ КСР-ның тұңғыш дербес прокуроры С.Есқараев болды.

Сол жылдың 11-ші қарашасында  Әділет халық комиссары және прокуратураны  бөлу туралы бұйрық шығып, республика прокуратурасы тікелей КСРО-ның  прокурорына бағынатын болды.

Сол кезеңде прокуратураға  мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық және жеке меншік ұйымдары іс-әрекетінің заңдылығына, сонымен қатар жеке адамдардың, тергеу органдары, анықтау және т.б. органдары қызметін қадағалауды жүзеге асыру жүктелді.

Алайда прокуратураның тарихында қалыптасқан күрделі  жағдайларға байланысты өзінің құқық қорғау міндеттерін толық көлемде жүзеге асыра алмаған кезеңі де болды. Кеңес үкіметіне қарсы және ұлтшыл деген айып тағылып, саяси қуғын-сүргін құрбаны болған республиканың прокуроры болған сегіз арысымыз бар. Олар Нығмет Нұрмақов, Нұртаза Ералин, Сәдуақас Мәмбеев, Жанайдар Сәдуақасов, Боран Айтмағамбетов, Қанай Боранбаев, Мырзағұл Атаниязов және Сүлеймен Есқараев. Тек 1937 жылдың өзінде ғана прокуратура органдарынан 40-тан астам қызметкер негізсіз жұмыстан шығарылды, солардың бірқатары революцияға қарсы және ұлтшыл топтарға қол ұшын берді деген желеумен қамауға алынды. Бұл жаппай саяси қуғын-сүргін кезеңі еді. Сол қысталаң шақтың өзінде прокуратура органдарында өз жұмысына адал жандар, заңдылықтың мүлтіксіз орындалуы үшін жан аямай күресіп жатты.

Ұлы Отан соғысы жылдарында прокурорлық-тергеу кадрлары Отанды қорғау ісінде өшпес ерліктің өнегесін көрсетті. Соғыс басталғаннан кейін 1942 жылдың тамыз айында 885 прокуратура қызметкерлерінің 411-і Қарулы Күштер қатарына шақырылып, соғысқа кетті. Көптеген прокурорлар мен тергеушілер бостандық пен мемлекетіміздің тәуелсіздігі үшін өз өмірлерін қиды. Атырау (бұрынғы Гурьев) облысы Мақат аудандық прокуратурасының халық тергеушісі Мұса Баймұқановқа майдандағы ерлігі үшін 1945 жылы 10 сәуірде Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Өкінішке орай оны ол алып үлгере алмады, сол жылы 18 наурызда ол майдан даласында ерлікпен қаза тапты. Ұлы отан соғысында аты аңызға айналған ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры ұшқыш Н.Әбдіровты кім білмейді! 1919 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында туған Нүркен жау эшалонының күлін көкке ұшырып, ерлікпен қаза тапты. 1943 жылы 31 наурызда оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Сол аяулы Нүркен Қарағанды облыстық прокуратурасында тергеуші болған еді.

Соғыс аяқталған соң  прокуратураның қызметкерлері ауыл шаруашылығын қалпына келтіру үшін белсенді жұмыс жасады, мемлекеттік және қоғамдық меншікті мүлтіксіз қорғады және қоғамдық, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзған адамдармен аянбай күресті.

Қазақстан мемлекеттіліктің дамуымен қатар республикалық органдар жүйесінде прокуратураның рөлі мен орны өзгеріп отырды, яғни оның қызметі жаңа мазмұнмен толықтырылып, прокурорлық қадағалаудың міндеттері өзгертілді. Алайда, прокуратураның алдында тұрған міндеттер өзгертілгенімен ол тұрақты түрде құқық қорғау органы, демек оның қызметінің басты мазмұны заңдылық пен құқық қорғауды қамтамасыз ету, азаматтардың әлеуметтік-экономикалық, саяси және жеке құқықтар мен бостандықтарын қорғау, құқық бұзушылықты болдырмау болып қала берді.

Мемлекет дамуының барлық кезеңдерінде прокуратураның рөлі сөзсіз өсе түсті және оның алдындағы міндет әрбір азаматтың прокуратура өзінің мүддесін нағыз қорғаушысы екендігіне қалтқысыз сенетін дәрежеге жеткізу болды.

Алайда, Қазақстан тәуелсіздігін  алғанға дейін, прокуратура да басқа құқық қорғау органдары сияқты, тоталитарлық мемлекет жағдайындағы әміршілдік-әкімшілік жүйенің мүддесін бірінші кезекке қойғанын ата кету керек. Соған қарамастан прокуратура органдары қызметінің басты мазмұны қай кезде де заң бұзушылықты анықтап, оған дер кезінде тосқауыл қоя білу болды.

1991 жылғы тамыз оқиғасында  республикалық прокуратура органдары  осындай сын сәтте абдырамастан  қалыптасқан жағдайға байланысты  тез арада бағыт-бағдарын айқындап, ескіше жұмыс істеуден бас  тартып, прокуролрлық қадағалаудың тиімді тәсілдерін енгізуге күш салды.

Елімізде болып жатқан тың үрдістер мен заң саласындағы  жаңалықтар адамды қоғамның жоғарғы  құндылығы ретінде бірінші кезекке  шығарып, азаматтардың сотпен қорғалу  құқығын кеңейте түсті. Жеке адамның  құқығын қорғау республика прокуратура органдары қызметінің негізгі мазмұнына айналды.

Прокурорлық қадағалаудың одан әрі дамуы және прокуратура  органдары жүйесін реформалау кезеңі Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін  алған сәтінен басталды. Прокуратураның реформалауы мен дамуы жаңа мемлекеттік құрылымының, саяси және халықаралық-құқықтық бағдардың қағидасына сәйкес жүзеге асырылуы мүмкін емес еді.

1991 жылдың 6-шы желтоқсанында  Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің  «Қазақ КСР прокуратурасы органдарының  бірыңғай жүйесін құру, оның дербестігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету туралы» Қаулысымен Қазақ КСР –ның Бас прокурорына бағынатын бірыңғай прокуратура органдарының жүйесі құрылды.

1992 жылғы 17 қаңтарда  Қазақстан Республикасы Жоғарғы  Кеңесінің Қаулысымен «Қазақстан  Республикасының прокуратурасы туралы» Заң күшіне еніп, соған сәйкес прокуратура Жоғарғы Кеңеске есеп беретін, заңдардың орындалуына жоғарғы қадағалауды жүзеге асыратын орган болды.

Информация о работе Прокуратура конституциялык кукыктык жагдайы