Прокуратура конституциялык кукыктык жагдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 19:14, курсовая работа

Описание

Курыстық жұмыстың өзектілігі. ҚР-ның құқық органдары арасында прокуратура айрықша орын алады. Оның қызметі көп қырлы және көптеген бағыттарда жүзеге асырылады. Прокуратураның міндеттері ҚР Конституциямен және «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» арнаулы заңмен белгіленген.
Прокуратура органдарының құзыреті Қазақстан Республикасы Конституциясының 83 бабымен және Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңымен реттеледі.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРОКУРАТУРАСЫ ҚОЛДАНЫЛУЫН ҚАДАҒАЛАЙТЫН МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАН
1.1Қазақстан Республикасы Прокуратурасының тарихы....................................5
1.2Қазақстан Республикасы прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттары.................................................................................................................8
1.3Прокуратура органдарына қабылдау тәртібі.................................................10

ІІ. ҚР ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
2.1Прокурордың өкілеттігі...................................................................................14
2.2Прокуратура органдары қызметiнiң негiзгi бағыттары мен мазмұны........16
2.3Қазақстан Республикасында прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру.....17
2.4Прокуратура органдарының тұтастығы мен орталықтандыру....................19

ІІІ. ҚР ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЗАҢНАМАЛАРЫ
3.1 Прокуратураның құқықтық актiлерi..............................................................21
3.2Қаулы.................................................................................................................21
3.3Санкция.............................................................................................................22
3.4Нұсқау. Өтiнiш. Ұйғарым................................................................................23
3.5Ұсыныс..............................................................................................................24

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................

Работа состоит из  1 файл

Прокуратура конституциялык кукыктык жагдайы.doc

— 178.00 Кб (Скачать документ)

Осы заң прокуратураның құқық қорғау қызметін жақсартуда оң әсер етті. Алайда, мемлекеттік құрылыс үдерісінің жедел дамуы және құқық демократиясының өріс алуы құқық жүйелерін қалыптастыруда жаңа ізденістерді талап ете бастады.Осыған байланысты 1994 жылы 12 ақпанда Елбасының Қаулысымен Қазақстан Республикасындағы Құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бұл құжатта прокуратура органдарын реформалаудың негізгі қағидалары анықталынды.

Одан әрі ол 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдуммен  қабылданған Конституциямызда және Президенттің 1995 жылғы «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» Заң күші бар Жарлығында көрініс тауып, бекітілді. Конституцияның 83-бабындағы прокуратура туралы негізгі ереже прокуратураның бірыңғай орталықтандырылған дербес жүйе екендігін жариялап берді.

Сөйтіп прокуратура  республикамыздың мемлекеттік билік органдары жүйесіне өзінің конституциялық орнын еншіледі.

Елбасына ғана есеп беретін  және Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік  құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі  біркелкі қолданылуына жоғарғы қадағалауды жүзеге асыратын республика прокуратурасы Конституциясының, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының берік сақталуы тәрізді міндеттерді жүзеге асырудың құқықтық тетігі (құралы) болып табылады. Прокуратура заңдылықтың кез-келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді. Жинақтап айтсақ, республика прокуратурасы өз өкілеттігін Ата Заңымыз бен заңдарымызға сәйкес жүзеге асырады.

Қазіргі кезде ол басқа  мемлекеттік органдар қызметін алмастырмайды, әртүрлі шаруашылық субьектілерінің  қызметіне негізсіз араласпайды. Сонымен  қатар прокуратура Конституцияның 83-бабына сәйкес, мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғалары жол берген заң бұзушылықтарды анықтауды күшейтіп, орын алған кемшіліктерді заңда қаралған тұрғыда жоюға ықпал етеді, оның ішінде атқару және сот биліктерінің заңсыз актілеріне наразылық келтіріп, сондай-ақ қолданыстағы заңдар мен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын орындамау фактілерін қалт жібермейді.

 

 

1.2 ҚР прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттары

 

Қазақстан Республикасының  прокуратурасы органдарының біртұтас жүйесін Бас прокуратура, облыстардың  прокуратуралары, республикалық маңызы бар калалар мен Республика астанасының прокуратуралары, ауданаральқ, аудандық, қалалық және соларға теңестірілген әскери және мамандандырылған прокуратуралар құрайды.

ҚР Бас прокуратурасы  прокурорлық жүйенің жоғары буыны болып табылады және барлық прокуратура органдары мен оның мекемелеріне басшылықты жүзеге асырады. Бас прокуратураны жоғарыда аталған Занның 12-бабына сәйкес ҚР Бас прокуроры басқарады. Оның ҚР Президенті ҚР Бас прокурорының ұсынуымен қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бірінші орынбасары мен орынбасарлары болады. Бас прокуратурада құрамында оның төрағасы болып табылатын ҚР Бас прокуроры және мүшелері: ҚР Бас прокуроры тағайындайтын бірінші орынбасары және орын-басарлары (лауазым бойынша), басқа да прокурор кызметкерлер болатын Алка кұрылады.

ҚР Бас прокуратурасының құрылымын аға көмекшілер болып табылатын бастықтар басқаратын департаменттер, басқармалар мен бөлімдер құрайды. ҚР Бас прокурорының ерекше тапсырмалар жөніндегі кеңесшілері мен көмекшілері болады. ҚР Бас прокуроры орынбасарларының да ерекше тапсырмалар жөніндегі көмекшілері болады.

Департаменттерде, басқармаларда  және бөлімдерде аға прокурорлар  және прокурорлар лауазымы көзделген.

Бөлімшелердің әрқайсысы  занмен белгіленген прокурорлық қада-ғалаудың бағыттарын ескере отырып, прокурорлық жүйенің функ-цияларынан туындайтын міндеттерді шешеді және орындайды.

Бас басқарма құқығында ҚР Бас прокуратурасының құрылымына бір мезгілде ҚР Бас прокурорының орынбасары болып табылатын Бас әскери прокурор баскаратын Бас әскери прокуратура кіреді.

Департаменттердің, басқармалар  мен бөлімдердің бастықтарын  және олардың орынбасарларын, сондай-ақ аға көмекшілер, көмекшілер, ерекше тапсырмалар жөніндегі көмекшілерді, департаменттердің, басқармалар мен  бөлімдердің аға прокурорлары мен прокурорларын республика Бас проку-роры кызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

Жоғарыда аталған Заңның 12-бабының 5-тармағына сәйкес "Бас  прокуратура:

1) Республика прокуратура  органдарының іс-қимылдарын олардың  қызметінің негізгі бағыттары бойынша үйлестірілуі мен орайластырылуын қамтамасыз етеді;

2) Республикада заңдардың  орындалуын, заңдылықгың жай-күйін  қадағалау практикасына талдау  жасайды;

3) прокурорлық қадағалауды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

4) Республика прокуратура органдарының заңдардың орындалуын қадағалау жөніндегі жұмысын бақылайды;

5) заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етуде жедел-іздестіру қызметін, анықтауды және тергеуді жүзеге асыратын басқа да республикалық құқық қорғау органдарымен өзара іс-кимыл жасайды және олардың қызметін үйлестіріп отырады;

6) кадрлардың біліктілігін  арттыруды ұйымдастырады және  жүргізеді;

7) норма шығармашылық қызметіне қатысады;

8) халықаралық ынтымақтастық саласында прокуратура органдарының атынан өкілдік етеді". [1- 220 б]

Өз мәні бойынша прокурорлық  қадағалау мемлекеттік қызметтің өзгеше түрі ретінде жалғыз. Бұл ҚР прокуратурасының барлық жүйесі үшін мақсаттарының бірдей, прокуратура жүйесінің бірыңғай, прокуратура қызметінің құқықтық базасының біртұтас болуына байланысты.

Алайда прокурорлық  қадағалау процесінің өзінде елеулі өзгешеліктер бар. Бұл өзгешеліктер біртұтас прокурорлық қадағалауды жүзеге асыруда:

- орындалуына қадағалау  жүзеге асырылатын заңнаманың  ерекшеліктерінен;

- осы заңнаманы орындайтын  объекьтілердің өзгешелігінен;

- прокурорлардың өкілеттіктерінің  өзгешелігінен туындайды. Осыған  сәйкес "Прокуратура туралы" ҚР Заңында [4-бап] біртұтас прокурорлық қадағалауды мынадай салаларға бөледі:

- министрліктердің, ведомстволардың,  өкілетті және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, бақылаушы органдардың, олардың лауазымды адамдарының заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және өзге де нормативтік актілерді дәл және бірыңғай қолданылуын, сондай-ақ олар шығаратын нормативтік құқықтық актілердің заңнамаға сәйкестігін қадағалау;

- Қазақстан Республикасының  аумағында және одан тыс жерлерде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалау;

- жедел-іздестіру қызметін  жүзеге асыратын органдардың  заңды қолданылуын қадағалау;

- анықтау және алдын  ала тергеу органдарының заңды колдануын қадағалау;

- әкімшілік құқық бұзушылық  туралы заңнаманы қолдану кезінде  қадағалау;

- атқарушылық іс жүргізудің  заңдылығын, бас бостандығынан айыру  орындарындағы адамдарға қатысты заңдардың дұрыс қолданылуын, сот тағайындаған жазаны және мәжбүрлеу сипатында өзге де шараларды орындау кезінде, сондай-ақ азаматтық және өзге істер бойынша сот шешімдерінің орындалуын қадағалау.

Прокурорлық қадағалау  салаларынан басқа прокуратура қызметінің басқа да бағыттары бөлінеді:

- қылмыстық, азаматтық  немесе өзге де сот ісін  жүргізу барасында көрсетілген  Заңда белгіленген өкілеттіктерге, сондай-ақ республиканың қылмыстық  іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу  және өзге де заңнамаларына  сәйкес аппеляциялық және қадағалау тәртібімен сотта мемлекеттің мүдделерін білдіреді;

- Конституцияға сәйкес [83-бап] Заңда және қылмыстық-іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен және шектерде қылмыстық қудалауды жүзеге асырады;

- қылмысқа қарсы күрес  жөніндегі құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіреді;

- статистикалық көрсеткіштердің  тұтастығын, объективтілігін және  жеткіліктілігін қамтамасыз ету  мақсатымен мемлекеттік құкықтық  статистиканы қалыптастырады;

- норма шығармашылық  қызметке қатысады, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық саласында прокуратура органдарын білдіреді.

Сонымен қатар, жаңа ҚР ҚІЖК-не сәйкес прокурор айыпталушыны сотқа  тапсыруды жүзеге асырады. [2- 131 б]

 

1.3 Прокуратура органдарына қабылдау тәртібі

 

 

 1. Прокуратура органдары қызметкерлерінің лауазымына денсаулығының жағдайы бойынша прокуратура органдарында қызмет атқаруға жарамды жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.

Жоғары заң білімі бар, қажетті моральдық және іскерлік сипатқа не денсаулығының жағдайы бойынша прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамды, міндетті арнайы тексерулерден өткен азаматтар прокурор болып тағайындала алады. Оларды лауазымға тағайындау кезінде сынақ мерзімі тағайындалуы мүмкін.

Азаматтың денсаулық жағдайы бойынша прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамдылығын әскери-дәрігерлік комиссия растайды, одан өту тәртібін уәкілетті органдар айқындайды.

Прокуратура органдарына қызметке түсу кезінде азамат тұрғылықты жері бойынша салық қызметі органдарынан өзінің және зайыбының (жұбайының) кірістері мен салық салынатын объектілері болып табылатын мүліктері туралы декларация тапсырғаны жөнінде мәлімет ұсынады.

Көрсетілген мәліметтерді ұсынбау немесе бұрмалау прокуратура органдарына қызметке қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Прокуратура органдарына қызметке алу мемлекеттік қызметшілер кадрлары туралы республикалық деректер орталығына алдын ала сұрау салынған жағдайда жүзеге асырылады.

Бас прокуратураға - Бас прокурордың, Бас әскери прокуратураға, облыстық және оларға теңестірілген прокуратураларға, прокуратураның ғылыми ұйымдары мен білім беру ұйымдарына қызметке қабылдау, лауазымға Бас прокурор тағайындаған адамдардан басқа, олардың басшыларының бұйрықтарымен жүзеге асырылады.

2. Әскери прокуратура органдарына қызмет өткеру тәртібі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы», «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы», «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының заңдарымен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен және осы Ережемен айқындалады.

Әскери прокуратура органдарына әскери қызметқе жарамдылығын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу ережесімен айқындалатын тәртіпте әскери-дәрігерлік комиссиялар растауы қажет.

3. Прокуратура органдарына лауазымға алғаш рет тағайындалған адам ант қабылдайды, оны Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

Ант Бас прокурор айқындайтын тәртіпте, салтанатты түрде қабылданады.

4. Облыс прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлардың (бұдан әрі - облыстар прокурорлары), қалалық, аудандық және оларға теңестірілген прокурорлардың (бұдан әрі - аудандар және қалалар прокурорлары) лауазымдарына жасы 25-тен кем емес, прокуратура органдарында кемінде үш жыл еңбек өтілі бар адамдар тағайындалады.

Облыстар, аудандар, қалалар прокурорларын Бас прокурор бес жыл мерзімге тағайындайды. Облыстар прокурорлары лауазымына тағайындауды Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен Бас прокурор жүргізеді.

Аудандар және қалалар прокурорларының бес жылдық мерзімі өкілеттіктерінің аяқталуына дейін кемінде бір ай бұрын жоғары тұрған прокурор Бас прокурорға аудан немесе қала прокурорын жаңа мерзімге немесе оны басқа лауазымға ауыстыру туралы ұсыныс енгізеді.

Облыстар прокурорларын жаңа мерзімге тағайындауды Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен Бас прокурор жүзеге асырады.

5. Прокуратура органдарына қызметке мынадай адамдар қабылданбайды:

1) белгіленген тәртіпте сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған;

2) әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысына сәйкес денсаулығының жағдайы бойынша қызмет өткеруге жарамсыз деп танылған;

3) өз мәртебесін және өзіне негізделген беделді жеке, топпен немесе қызметтен тыс мүдделерде пайдалануға әкеп соғуы мүмкін әрекеттерге жол бермеу мақсатында өзіне заңдармен белгіленген шектеулерден бас тартқан;

4) жұмыстан босату түріндегі тәртіптік жазаны қоспағанда, прокуратура органына қызметке түскенге дейін екі жыл ішінде сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған;

5) прокуратура органына қызметке түскенге дейін бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;

6) прокуратура органына қызметке түскенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;

Информация о работе Прокуратура конституциялык кукыктык жагдайы