Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 18:33, курсовая работа
Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 2-бөлімі осы мәселеге тікелей арналған. Конституцияның 1-бабында "Ең қымбат қазына - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары" , - деп жарияланған.
КІРІСПЕ.........................................................................................................
1 ЖЕКЕ АДАМҒА ҚАРСЫ ҚЫМЫСТАР ТҮСІНІГІ.............................
1. 1 Жеке адамға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы................
1. 2 Жеке адамға қарсы қылмыстардың қылмыстық құқықта алатын
орны..............................................................................................................
2 ЖЕКЕ АДАМҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚҰРАМЫ................
2. 1 Жеке адамға қарсы қылмыстардың жіктелуі....................................
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ...................................
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1 ЖЕКЕ АДАМҒА ҚАРСЫ ҚЫМЫСТАР
ТҮСІНІГІ......................
1. 1 Жеке адамға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы................
1. 2 Жеке адамға қарсы қылмыстардың қылмыстық құқықта алатын
орны..........................
2 ЖЕКЕ АДАМҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚҰРАМЫ................
2. 1 Жеке адамға қарсы қылмыстардың
жіктелуі......................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ
ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Жаңа Қылмыстық заңның ең басты міндеттерінің бірі - адам, қоғам, мемлекет мүддесін қорғау болып табылады.
Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 2-бөлімі осы мәселеге тікелей арналған. Конституцияның 1-бабында "Ең қымбат қазына - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары" , - деп жарияланған.
Осыған орай, Қазақстан Республикасындағы барлық құқық салалары соның ішінде Қылмыстық кодексте адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды. Қазақстан Республикасының ҚК - нің 2 - бабында адам және азаматтың құқықтары бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау ең басты міндет ретінде көрініс тапқан. Қазақстан Республикасында барлық заңдары жеке бостандықтарын қорғауға әруақытта артықшылық береді.
Қылмыстық құқық жеке қүқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қылмыс - бір адам арқылы емес бірнеше адамның бірігуі арқылы істелуі мүмкін. Бірнеше адамның қылмыс істеуінің нәтижесінде істелген қылмыстық мәні, одан туындайтын зиянның мөлшері де жеке дара адам істеген жауапты болатын адамдардың соны тура анықтау қажеттілігі туындайды.
Сондай-ақ бұл адамдардың жауаптыларының негізі мен шегін, олардың әрқайсысының бірігіп қылмыс істеудегі кінәсінің мәні мен дәрежесіне қарай салыстыру, әрбір қылмыскердің жеке тұлгасының ерекшеліктерін анықтаудың маңызы зор. Қылмысқа қатысу институты ғана осы мәселелерді анықтауға толық мүмкіндік туғызады.
Сонымен бұл курстық жұмыстың басты мақсаты – жеке адамға қарсы жасалатын қылмыстарға түсінік беру, жалпы сипаттама жасау.
1 ЖЕКЕ АДАМҒА ҚАРСЫ ҚЫМЫСТАР ТҮСІНІГІ
1. 1 Жеке адамға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады. Казақстан Республикасының Конституциясының II бөлімі осы мәселеге тікелей арналған. Конституцияның 1-бабында «ең қымбат қазына — адам және адамның өмірі, кұкықтары мен бостандықтары»,— деп жарияланған. Осыған орай, Қазакстан Республикасындағы барлық құқық салалары, оның ішінде Қылмыстық құқықта адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды. Қазақстан Республикасының Кылмыстық кодексінің 2-бабында адам мен азаматтың кұқықтары, бостандықтары мен занды мүдделерін қорғау ең басты міндет ретінде көрініс тапқан.
Қылмыстық құқықтан негізгі мәселелердің бірі қылмыстың ұғымын анықтау болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық құқылық шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды реттеу — қылмыстық заңның негізгі міндетгерінін бірі болып табылады. Қылмыс әр уакытта да белгілі бір іс-әрекеттің (әрекет немесе әрекетсіздіктің) көрінісі болып табылады. Заң шығарушы осыңдай тұжырымдарға келе отырып, қылмыстын әр уақытта да адамнын, нақты іс-әрекетінің, мінез-құлқының сыртқа шыққан көрінісі екенін атап көрсетеді.
Адамның кұқыққа қайшы мінез-құлқы белсенді әрекет күйінде немесе әрекетсіздік күйде болуы мумкін. Бұл жерде әрекет дегеніміз адамның қылмыстық заң тыйым салған нәрселерді істеуі, ал әрекетсіздік дегеніміз адамның зан, нормативтік актілер, нұсқаулар немесе арнаулы жарлықтар, бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міңдетін орындамауы болып табылады. Адамның қылмысқа қайшы немесе оған қайшы емес мінез-құлқы оның ойлау жуйелері арқылы, содан соң белгілі бір іс-әрекеттер арқылы көрініс береді. Ондай нақты іс-әрекеттер арқылы көрініс таппаған, жүзеге аспаған ойлар, пікірлер соншалықты катерлі болғанына қарамастан, қылмыс болып табылмайды. Белгілі бір іс-әрекет арқылы жүзеге асырылмаған адамның ниет-мақсаттары қоғамға қауіп туғызбайтындықтан қылмыстық құқық реттеу саласына жатпайды. Қылмыстық құқық ғылымында бұл мәселе туралы бірауыздан осылай тұжырым жасалған.
Қылмыс құқылық құбылыс регінде осы құбылыстың мәнді жақтарын бейнелейтін белгілі бір белгілермен сипатталады. Қолданылып жүрген кылмыстық занға сәйкес қылмыстың түсінігі заңның өзінде көрсетіледі.
Бұрынғы кеңестік жүйеде қылмыстың ұғымы алғаш рет 1919 жылы РСФСР-дың Қылмыстық құқық жөніндегі басшылық негіздеріңде (5-бап); «Қылмыстық құқықпен қорғалатын қоғамдық қатынастар төртібін бұзушылық қылмыс деп танылады» делінген. РСФСР-дын 1922жылғы Қылмыс кодексінде «Қылмыс дегеніміз кез келген қоғамға кауіпті әрекет немесе әрекетсіздік» деген ұғыммен тұжырымдалады.
1924 жылы КСРО және одақтас
республикалардын қылмыстық
Қазақстан Республикасынын Кылмыстық кодексі Ерекше бөлімінің тиісті баптарының диспозицияларында жекеленген қылмыс кұрамдары арнаулы көрсетілген. Қылмыстық құқықта қылмыстың осы нақты құрамдарына қарсы іс-әрекет істеуді құқықа қайшылық деп атау қалыптасқан.
1960 жылға дейінгі қолданылған
Қылмыстық кодекстерде
Қазақстан Республикасы Қылмыстық құқығының Ерекше бөлімі «Жеке адамға қарсы қылмыстар» тарауымен басталады. Осы арқылы заң шығарушы Қазақстан республикасында адам және азаматтың мәртебесінің жоғары дәрежеде қорғалатындығын атап өтеді.
Жеке адамға қарсы қылмыстар
деп адамның өмірі мен
Аталған қылмыстар тобының тектік объектісі болып адам, ал тікелей объектісі болып өмір, денсаулық, жеке басының еркіндігі, ар-намысы сияқты игіліктер танылады.
Тікелей объектісіне қарай аталған қылмыстар келесі топтарға жіктеледі:
1. Адам өміріне қарсы қылмыстар (ҚР ҚК-нің 96-102-баптары).
2. Адам денсаулығына қарсы қылмыстар (ҚР ҚК-нің 103-119-баптары).
3. Адамның жыныстық
еркіндігі мен жыныстың қол
сұғылмаушылығына байланысты
4. Адамның жеке
басының бостандығына қарсы
5. Адамның ар-намысы
мен атақ-абыройына қарсы
Адам өміріне қарсы қылмыстар арасынан олардың үш түрін ажыратуға болады – адам өлтіру (ҚР ҚК-нің 96-100-баптары), абайсызда адамға қаза келтіру (ҚР ҚК-нің 101-бабы), өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу (ҚР ҚК-нің 102-бабы).
Адамның қылмыстық құқылық
норма тыйым салған іс-әрекеттерді
істеуін қылмыстық кұқыққа
Адамның қылмыстық заң
тыйым салмаған, осы занда көрсетілмеген
іс-әрекеттерді істеуін қылмыс қатарына
жатқызуға болмайды. Тек заң шығарушы
ғана белгілі бір іс-әрекетті қылмыс
қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін
онын мәнді белгілерін анықтайды. Қылмыстық
құқыққа қайшылықтын міндетті белгісі
болып осы заңда көрсетілген
іс-әрекетті істеген жағдайда нақты
нормада көрсетілген қылмыстық
құқылық санкция белгілеген жазанын
белгілі бір түрінің
Қылмыстың негізгі сапалық белгісі оның қоғамға қауіптілігі болып табылады. Бұл белгі қылмыстың материалдық мәнін білдірумен бірге не себепті осы немесе басқадай іс-әрекеттер қылмыс болып табылатының түсіндіреді. Қоғамға қауіптілік белгісінің болуының өзі іс-әрекеттің қоғамдық қатынастарға зиян келтіруін немесе зиян келтіру қаупін туғызатынын білдіреді. Қоғамға қауіптілік — қылмыстың объективтік белгісі. Ол заң шығарушының санасына және еркіне байланыссыз қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді және өзінің ішкі мәні жөнінен қоғамның бір қалыпты өмір сүру шарттарына қайшы болады. Зан, шығарушының міндеті сол кезенде, дәуірде, қоғамның өмір сүру жағдайларын дұрыс бағалап, осыған байланысты іс-әрекеттің қайсысының қылмыс қатарына жататыны туралы шешім қабылдау болып табылады.
Қылмыстық кодекстің 2-бабында қоғамға қауіптіліктің сипаттамасы қылмыстық занда көзделген адам мен азаматтын кұкықтарына, бостандықтары мен занды мүдделеріне, ұйымдардың құқықтары мен занды мүдделеріне, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке, табиғи ортаға т. б. қиянат жасап қол сұғатын қылмыс объектілерін тізбектеп көрсету арқылы берілген. Бірақта қоғамға қауіптілік қылмыс қол сұғатын объектілерді көрсету арқылы ғана тұжырымдалмайды. Бұл қылмыстың коғамға қауіптілігін сипаттайтын мәнді жақтарының бірі ғана.
Қоғамға қауіптілік қоғамға зиянды іс-әрекеттің өзінің тікелей ерекшелігіне, оны істеу уақыты, орны, тәсілі, жағдайына байланысты болуы мүмкін. Мысалы: тиісті рұқсат етілмеген немесе тыйым салынған жерлерде (ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, төтенше экологиялық, аймақтар) не тыйым салынған құстар мен андарға қатысты аң ауланса, ол заңсыз болып табылады (288-бап, 1-бөлігі). Төтенше жағдайлар кезінде тыйым салынған ереуілге басшылық жасау, кәсіпорынның, ұйымның жұмысына кедергі келтіру қылмыс болып табылады (335-бап). Іс-әрекет арқылы келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиян қоғамға қауіптіліктің көлемін айқындайтын негізгі бір белгі болып табылады. Кейбір іс-әрекеттер әрекет немесе әрекетсіздіктің істелген уақыттан бастап, өзінің қаңдай зиян келтірілгеніне қарамастан, қоғамға қауіпті болады. Басқалары қылмыстық занда көрсетілген зардаптар болған жағдайда ғана қоғамға қауіптілік сипатына ие болады. Іс-әрекеттің қоғамға қауіпті және қылмыс қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін зардаптың сипаттамасын зан шығарушы әр түрлі етіп бейнелеуі мүмкін. Кейбір реттерде қылмыстың зардабы қылмыстық заңнын өзінде дәлме-дәл көрсетіледі. Мысалы, денеге жарақат салу, материалдық залал келтіру, ауыр зардаптың болуы т.б.
Келтірілген дене жарақатының ауырлығына орай денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (103-бап), денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру (104-бап), денсаулыққа қасақана жеңіл знян келтіру (105-бап) болып бөлінеді. Басқа жағдайларда, зардаптың әр түрлі болып келетіндігін ескеріп, заң шығарушы оның бәрін нақтылап жатпайды, оларды зиян келтіру (142-бап), ірі мөлшер (175-бап), ауыр зардап келтіру (181-бап, 3-бөлігі, «б» тармағы), т. б. деп жалпылама береді. Мұндай жағдайларда зардаптың осы көрсетілген мөлшерін анықтау нақты жағдайларда орындалған фактіге байланысты шешіледі. Қылмыстың қоғамға қауіптілігі қылмыстық ниет және мақсат сияқты оның белгілсріне де байланысты.
Мысалы, қылмыстық іс қозғау мақсатымен қылмыс істеді деп көрінеу өтірік хабарлау. Егер мұндай іс-әрекетті пайдақорлық мақсатпен істесе хабарлау әрекеті күшейтілген қылмыс түрі болып табылады. Кейбір реттерде қоғамға қауіптілік іс-әрекетгі істеген адамның ерекшелігіне де байланысты анықталады. Қайсыбір іс-әрекеітер оны істеген адамның жәбірленушімен ерекше қатынаста болуына байланысты қылмыс деп танылады. Мысалы, айыптының материалдық жөнінен немесе басқа реттен тәуелді адамға қатал қарауы, қудалауы немесе қорлауы салдарынан жәбірленушінің өзін-өзі өлтіру халіне жеткізілуі (102-бап). Кейде субъектінің ерекше жағдайы қылмыстың қоғамға зияндылығын үдетеді. Мысалы: жауапты мемлекеттік қызметтегі лауазымды адамның пара алуы (311-бап, 3-бөлігі). Қылмыстық кұқық ғылымы қоғамға қауіптіліктің сапалық және сандық жақтарын бөліп қарайды. Қылмыстық кодекстің 52-бабында жаза тағайындаудың жалпы негіздерін анықтай отырып, сот жазаны тағайындауда істелген қылмыстын сипатын және қоғамға қауіптілік дәрежесін есепке алу қажеттігін көрсетеді. Мұның өзі қылмыстың сипатын қылмыстық сапалық, ал дәрежесін — сандық сипатгамасы деп түсінуді білдіреді. Сипатына қарай коғамға қауіптілік экономикалық және зорлық қылмыстары, қасақана және абайсыздық, жеке адамға, меншікке қарсы қылмыстар болып бөлінеді. Қоғамға қауіптілік сипаты қылмыстың объектісі бойынша анықталады.