Қылмыстық құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 18:33, курсовая работа

Описание

Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 2-бөлімі осы мәселеге тікелей арналған. Конституцияның 1-бабында "Ең қымбат қазына - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары" , - деп жарияланған.

Содержание

КІРІСПЕ.........................................................................................................

1 ЖЕКЕ АДАМҒА ҚАРСЫ ҚЫМЫСТАР ТҮСІНІГІ.............................
1. 1 Жеке адамға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы................
1. 2 Жеке адамға қарсы қылмыстардың қылмыстық құқықта алатын
орны..............................................................................................................
2 ЖЕКЕ АДАМҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚҰРАМЫ................
2. 1 Жеке адамға қарсы қылмыстардың жіктелуі....................................
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ...................................

Работа состоит из  1 файл

Қылмыстық құқық курсовой.docx

— 59.12 Кб (Скачать документ)

Енді адам денсаулығына қарсы  қылмыстардың объектісін, объективтік  жағын, субъектісін, субъективтік жағын  жеке-жеке талдайық.

Дене жарақатының объектісі — бөгде адамның қалыпты денсаулығы болып табылады.

Адам денсаулығына қарсы  қылмыстардың объективтік жағы —  басқа адамның денсаулығына, кұкыққа  қайшы әрекеттер мен әрекетсіздіктер  арқылы зиян келтірумен көрініс табады. Көбінесе дене жарақаты әрекет аркылы жасалынады. Кінәлі адам жәбірленушінің денсаулығына әр түрлі жолдармен, атап айтсак, механикалық әсер ету арқылы (мүшелерге зақым келтіру), химиялық жол арқылы (улау, қышқылмен күйдіру), электрлік жолмен, (тоқпен ұру), термикалық әсер ету (ағзаға инфекциялы ауруларды  жұқтыру) арқылы, сонымен қатар психикалык әсер ету арқылы (гипноз) және басқа  да тәсілдер арқылы дене жарақатын  келтіреді. Әрекетсіздік арқылы да дене жарақаты келтірілуі мүмкін, егерде белгілі  бір адам өзіне жүктелген міндеттерді  орындамаса.

Кейбір кездері дене жарақатын  келтіру қылмыстық жауаптылыктан  босатылуға негіз болып табылады, егер бұл жарақат мәжбүрлік қажеттілік жағдайында, яғни емдеу мақсатында болса. Мысалы, егер жәбірленуші өзінің ағзасына хирургиялық операциялар  жүргізуге келісімін берсе, онда хирургтер осы хирургиялык операциялардаң туындайтын белгілі бір зардаптарға  жауап бермейді, себебі жәбірленуші  хирургиялық операциялардан туатын салдарға қарсы болмады. Дене жарақатын келтіру спорт жарыстары кезінде де орын алуы мүмкін. Спорттың нақты түріне қатысты жалпы ережені сақтамау салдарынан туған дене жарақаты денсаулыққа қарсы қылмыс ретінде сараланады. Мысалы, футбол кезінде футбол ережесін ерескел бұзған кінәлі бөгде адамға дене жарақатын келтірсе, онда оның әрекеті денсаулыққа қарсы қылмыс ретінде танылады.

Дене жарақатын келтірудің субъективтік жағы 2 нысаннан тұрады: 1) қасақана (тікелей және жанама), 2) абайсызда (менмендік және немқүрайдылық). Тікелей қасақана дене жарақатын келтіру бір адамның екінші бір адамға дене жарақатын келтіруді тілеп, алдын ала ойластырып, жоспарлы түрде мақсаттар жасауы, ал жанама қасақаналықта кінәлі сондай зардаптың болуын тілемейді, бірақ оған саналы түрде жол береді. Абайсыздық нысанының өзінде сенімділік түрінде кінәлі кінәнің әрекетінен немесе әрекстсіздігінен туатын салдардың, яғни дене жарақатының болуын көре алады, бірақ ол салдар бола қоймас-ау деген өзіне сенімділік ниетте болады, немқұрайдылық түрінде адам дене жарақатынын болатынын көре алмайды, бірақ көруге тиісті болатын.

Енді адам денсаулығына қарсы  қылмыстардың субъектілері туралы мәселеге тоқталайық.

Қазақстан Республикасының  Қылмыстық кодексінің 15-бабының 2-тармағында көрсетілген дене жарақатын салумен  байланысты мына қылмыстарды жасаған  есі дұрыс субъектілер үшін 14 жас белгіленеді: 1) денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (103-бап); 2) ауырлататын мән-жайлар кезінде денсаулыққа қасақана орташа ауырлыктағы зардап келтіру (104-баптың 2-тармағы).

Ал мына дене жарақаттарын салғаны үшін заң бойынша есі  дұрыс субъектілер үшін 16 жас  белгіленеді: 1) денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (105-бап); 2) ұрып-соғу (100-бап); 3) азаптау (107-бап); 4) денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру (108-бап); 5) қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (109-бап); 6) қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (110-бап); 7) денсаулыкқа абайсызда зиян келтіру (111-бап); қорқыту (112-бап); 9) соз ауруларын жұқтыру (115-бап); 10)адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру (116-бап); 11) заңсыз аборт жасау (117-бап); 12) қауіпті жағдайда қалдыру (119-бап).

Ал мына төмендегі дене жарақаттарын салумен байланысты қылмыстарды  жасаған есі дұрыс арнаулы  субъектілер заң бойынша жауапкершілікке  тартылады: 1) зансыз аборт жасау (117-бап); 2) медицина қызметкерінің өзінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы (114-бап); 3) ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамнын органдарын немесе тінін алуға мәжбүр ету (113-бап); 4) науқасқа көмек көрсетпеу (118-бап). Осы жоғарыдағылардан айқын болғандай кейбір дене жарақатын салған есі дұрыс субъектілер үшін 14 жас, ал кейбір субъектілер үшін 16 жас. Сонымен қатар дене жарақаты қылмысын жасайтын арнаулы субъектілер де бар. Енді ауыр дене жарақатын салу тусінігі мен түрлеріне тоқталайық. Жалтты денеге жарақат түсіру деп бөгде адамның денсаулығына қасақана заңсыз түрде немесе абайсыз денедегі ұлпалардың анатомиялық тұтастығын бүлдіру жолымен, әйтпесе басқа жолмен оның ағзаларының дұрыс жұмыс істеуін бұзу арқылы зиян келтіруді айтамыз.

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру ұғымына келетін болсақ, ол былай делінген: «Адамның өміріне қауіпті немесе көруден, тілден, естуден, қандай да болсын органнан айрылуға немесе органның қызметін жоғалтуға немесе бет әлпетінін қалпына келместей бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, сондай-ақ өмірге қауіпті немесе еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан немесе кінәліға мәлім кәсіби еңбек қабілетін немесе түсік тастауға, психикасын бұзуға, есірткімен немесе уытты умен ауруға душар еткен, денсаулықтың бұзылуын тудырған, денсаулыққа өзге зиян келтірген қасақана ауыр зиян келтіру».

Осы 103-баптың 1-тармағын талдап, тоқталып өтейік: «Денсаулыққа келтірілген  зиянды сот-медициналық бағалау  Ережесі» 1998 жылы 4 мамырда Қазақстан  Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау Министрлігінің Денсаулық сақтау комитетінің №240 бұйрығымен бекітілген. Осы Ережеге сәйкес:

а) Адамның өміріне қауіпті зиянға — миға зақым келтірілместен бас сүйегіне келтірілген жарақат; бас сүйектерінің ашық немесе жабық сынуы; ауыр дәрежедегі мидың зақымдануы; өмірге қауіпті түрде миға қан кұйылуы; бел омыртқаны ауыр зақымдау; адамнын іш құрылысын, ас қорыту, зәр шығару 
органдарын жарақаттау, ауыр дәрежеде күйдіру т.б. жарақаттар келтірулер жатады. Өмірге қауіпті жаракаттық тізбегі жоғарыда айтылған ереженің 7-тармағында тұтастай көрсетілген.

б) Қасақана ауыр дене жарақатының  салдарынан көруден 
айрылу — бұл адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру салдарынан адам көре алмайтын жағдайға душар болады. Айтып кететін бір жәйт, адамның көре алмауы емделусіз болуы керек, уақытша көруден айрылу ауыр дене жарақатының элементі болмайды, яғни ол орташа ауырлықтағы дене жарақаты болып табылады. Бір көздің көруін жоғалту ауыр дене жарақаты ретінде бағаланады. Бір көздің көруінен айрылу салдарынан адам көзінің көру шеңбері 30 пайызға тарылады және бинокулярлық көрудің бұзылуына әкеп соғады, ал мұндай жағдайлар кейбір кездері белгілі бір нәрселерді нақты қабылдау қабілеттілігін қиынға соқтырады немесе көрудің мүмкіншілігін түпкілікті жоғалтады. Себебі, бір кезден айрылған адам мамандық түрін таңдағанда ғана емес, сонымен қатар дем алу кездерінде де қиыншылықты басынан өткереді, ал кейбір кездері бақытсыздық жағдайлардың объектісі болуы да мүмкін. Сондықтан да көздің көру қабілетін 35 % мөлшерінде жоғалту немесе2 метр қашықтықта бармақтың санын кере алмауы денсаулыққа ауыр зиян келтірілді деп есептелінеді және ауыр дене жарақаты ретінде бағаланады.

в) Қасақана ауыр дене жарақатының  салдарынан тілден айрылу — сөйлеу қабілетін, ол ойын айналасындағыларға түсінікті түрде біріккен дыбыстармен жеткізу қабілетін біржола жоғалту. Дауысын жоғалту салдарынан, яғни афония жағдайында адам өзінің ойларын тек қана сыбырлап жеткізе алады. Мұндай жағдайлар адамның еңбек ету қабілеттілігінің 25% мелшерінде жоғалтуына әкеп соғады. Сөйлей алмау нәтижесінен адам қоғамдағы қатынастарға активті түрде катыса алмайды, барлық уақытта өзінің бір кемшілігінің бар екенін сезінеді, адамдармен сөйлесуден аулақ жүреді, сондықтан да тілден айрылу адам денсаулығы үшін орасан зиянды болып табылғандықтан ауыр дене жарақаты ретінде есептелінеді.

г) Қасақана ауыр дене жарақатының  салдарынан естімей 
қалу деп мүлде айықпайтын кереңдік және зардап шегуші қатты айтылған сөзді өте жақын жерден, кұлағынан 3-6 см қашықтықта айтканда ғана ести алатындай жағдайда қалуы.  Жалпы есту — адам ағзасының сезім органдарынын, бірі. Күнделікті қарым-қатынас, жұмыс, дем алу уақыттары, теледидардан, радиодан хабар алу, есту сезімімен тығыз байланысты. Екі құлақтың естімей қалуы — ауыр дене жарақаты ретінде есептелінеді. Бір кұлақтың есітпей қалуы — жалпы еңбек қабілетінің 15 пайызын, яғни кемінде үштен бірін жоғалту емес, сондықтан ол денсаулықтын, бұзылуына әкеп сокқан жеңіл жарақат деп 
бағаланады.

л) Қандай да болсын органнан айрылуға немесе органның қызметін жоғалтуға  — аяқтың, қолдың физикалық тұрғыда денеден айрылып қалуын немесе сал (паралич) қалпында қалуы жатады және бұл жағдай ауыр дене жарақаты ретінде бағаланады. Жыныс қатынастарының қабілетін жоғалту, екі ені де зақымданып, оларды алып тастауға әкеп соғуы, сондай-ақ бала табу қабілетінен айрылу тұқымдылық қабілетінен айрылу деп саналады да, ауыр дене жарақаты қатарына жатады.

е) Сот медицинасы тәжірибесінде  беттің жаралануы тым жиі кездеседі. Бет жарақатын бағалау кезінде  бірқатар факторларды: жарақат салған кезде оның адам өміріне қауіптілігін (ми шайқалуы т.б.), сезім мүшелерінің зақымдануын және бет пішінінің қалпына келмейтіндей болып бұзылуын ескеру керек. Бет сикының бұзылуы туралы мәселені сот шешеді. Бет жарақатының жазылуы дегеніміз — тыртық көлемінің кішіреюі, табиғи жағдайлардың нәтижесінде олардың өңінің өзгеруі, мысалы, тыртықтардың әжімдерге, мойын қыртыстарына және т. б. ұксап тұруы болып табылады, сондай-ақ консервативтік емдеу әдістерінің нәтижелері де осыған жатады. Ал егер консервативтік емдеу жақсы нәтижеге жеткізбей, зақымданушыға косметикалық операциялар жасалса, жарақат операцияның нәтижесіне қарамастан қалпына келмейтін жарақат деп қаралады да ауыр дене жаракатына жатады, ейткені мұндай жағдайда орың алатын іш кұса болып қатты қайғыруға бетпішіннің өзгеруі ғана емес, адамның қоғаммен байланысының бұзылу қаупі де негіз болады.

и) Еңбек қабілетінің кемінде  үштен бірін тұрақты түрде жоғалту деп — жалпы еңбек қабілеті, мамандықты талап етпейтін еңбекке қабілеттілік айтылады. Еңбек кабілетінің үштен бірін жоғалту зардап шеккен адамның жалпы еңбек қабілеті мен оның жоғалту көлемін онша өзгертпейтін жарақат зардаптарының біршама жақсаруы организмдегі өзгерістермен бірге байланысты. Енбек қабілетін жоғалту тек тұрақты болады.

Жалпы еңбек қабілетінің 33% мөлшерін жоғалту ауыр дене жарақаты ретінде бағаланады. Кәсіптік еңбек қабілетін жоғалтуды анықтау зардап шеккен адамның кәсіптік еңбек қабілетінен айыруға ниеттенгендік анықталатын жағдайларда тергеушінің қаулысы немесе сот қаулысы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

Еңбекке қабілетті адамның  еңбек қабілетін жоғалтуына апарып соғатын жарақаттар жас балаға, қарт адамға, кәмелетке толмаған жасқа, 1-топтағы мүгедекке, яғни еңбекке жарамсыз адамдарға салынуы мүмкін. Мұндай жағдайларда дене жарақатының қаншалықты ауыр екенін анықтағанда мыналар негізге алынады: 1) балалардың, кейін ол 10 жасқа толғанда еңбек қабілетін қандай дорежеде жоғалтқаны көрсетіледі; 2) мүгедек адамның алынған жарақатқа байланысты еңбек қабілетін біржола жоғалтуы дені сау адамдардікі сияқты анықталады, яғни мүгедектігі мен тобы ескерілмейді.

к) Егер келтірілген зақымдардың салдарынан түсік болса, екіқабат екендігінін мерзіміне қарамастан, ол ауыр дене жарақатына жатқызылады. Бұл орайда арнайы акушерлік-гинекологиялық зерттеулер арқылы түсіктің зардап шегуші оргаиизмінің жеке ерекшеліктеріне, яғни аурулығына немесе ішкі жыныс мүшелерінің жетілмегендігіне байланысты емес, қайта оғаң дене жарақатының тікелей себеп болғаны анықталуға тиіс.

ж) Жарақат алуға байланысты іш құса болу (психикасынын 
бұзылуы) ауыр дене жаракатының белгісі болып табылады. 
Мысалы: бас сүйек жаракатына байланысты пайда болатын 
қояншық (эпилепсия) осындай ауру. Іш құсаның диагнозын 
қою және оның себебі жарақат алуға байланысты екенін анықтау сот-психиатриялық сарапшының кұзыретіне жатады.

Енді жоғарыда көрсетіп кеткен 103-бапқа қайта оралып, оның 2-тармағына тоқталайық. Осы баптың 1-тармағындағы әрекеттер: а) екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалса; б) адамның қызметтік жұмысын немесе кәсіптік немесе коғамдық борышын орындауға байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты жасалса; в) кінәліға дәрменсіз күйде екені белгілі, сол сияқты адамды ұрлауға немесе кепілге алуға ұштасқан адамға қатысты жасалса; г) аса катыгездікпен жасалса; д) ұйымдасқан топпен жасалса; е) жалдау бойынша; ж) бұзақылык ниетпен; з) әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық тұрғысында; и) жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатында; к) бірнеше рет жасалса немесе оны осы Кодекстің 96-бабында көзделген кісі өлтірген адам жасаса,— деп атап кәрсетілген.

Осы 103-баптың 1 және 2-тармағында көзделген әрекеттер абайсызда  жәбірленушінің өліміне әкеп соғуы  мүмкін. Ауыр дене жарақатының салдарынан жәбірленушінің өлімі бір кұрамдағы екі кінә нысаны ретінде көрініс табады:

- қасақана ауыр дене  жарақатын келтіру,

- абайсызда жәбірленушіге өлім келтіру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ЖЕКЕ АДАМҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚҰРАМЫ

 

2. 1 Жеке адамға қарсы қылмыстардың жіктелуі

Ауыр дене жарақатының  салдарынан жәбірленушінің өліміне  әкеп соғаттың кінәліның әрекеттері тікелей басқа адамның денсаулығына қол сұғуға бағытталады, сондықтан  да жалпы кінәлілық әрекеттері адам денсаулығына қарсы қылмысқа жатады. Жалпы кінәлінын әрекеттерінін, субъективтік жағын қарастырсақ, кінәлі өзінің қасақана әрекеттері арқылы жәбірленушінің, денсаулығына ауыр зиян келтіреді, мұндай әрекеттерді ол тілеп немесе саналы түрде жол беріп істейді, бірақ бұл әрекеттердің салдарынан келетін зардап, зиян жәбірленушінің өлімі абайсызда болады, яғни кінәлі жәбірленушінің өлуін тілемейді, ол өлмейді деген менмендік немесе немқұрайдылық қатынас түрінде болады. Егер абайсызда жәбірленушіге ауыр дене жарақаты келтірілсе, мұның салдарынан жәбірленуші өлетін болса, онда бұл жағдай абайсызда кісі өлтіру қылмысы құрамын құрайды. Сонымен ауыр дене жарақатының салдарынан жәбірленушінің өлімі келген жағдайға байланысты жалпы заң бойынша 2 қорытынды шығаруға болады: 1) Егерде кінәлі тікелей немесе жанама қасаканалықпен елтіруге бағытталған әрекеттерді жасап, мұның салдарынан жәбірленуші өлсе, онда кінәліның әрекеті қасақана кісі өлтіру қылмысы құрамын құрайды. Егерде кінәліның өлтіруге бағытталған тікелей қасақаналық әрекетінің салдарынан жәбірленушіге өлім келмей, оған тек ауыр дене жарақаты салынса, онда кінәліның әрекеті кісі өлтіруге оқталу ретінде есептелінеді, ал жанама қасақаналықта — дене жарақаты ретінде бағаланады. Жәбірленушіге өлім келтіруді мақсат тұтпай жанама қасақаналықпен жасалған дене жарақаты өлтіруге оқталу ретінде қарастырылмайды.

Информация о работе Қылмыстық құқық