Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 18:33, курсовая работа
Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 2-бөлімі осы мәселеге тікелей арналған. Конституцияның 1-бабында "Ең қымбат қазына - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары" , - деп жарияланған.
КІРІСПЕ.........................................................................................................
1 ЖЕКЕ АДАМҒА ҚАРСЫ ҚЫМЫСТАР ТҮСІНІГІ.............................
1. 1 Жеке адамға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы................
1. 2 Жеке адамға қарсы қылмыстардың қылмыстық құқықта алатын
орны..............................................................................................................
2 ЖЕКЕ АДАМҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚҰРАМЫ................
2. 1 Жеке адамға қарсы қылмыстардың жіктелуі....................................
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ...................................
2) Егерде ауыр дене
жарақатының салдарынан келген
жәбірленушінің өліміне
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде қылмысты санаттау туралы арнаулы норма енгізіліп, онда қылмыстар сипатына және қоғамға қауіптілік дәрежесіне және кінәнің түріне байланысты онша ауыр емес, ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр болып санаттарға бөлінген.
Қылмыстық кодекстің 10-бабына сәйкес:
Жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда жасалған әрекет онша ауыр емес қылмыс деп танылады.
Жасалғаны үшін осы Кодексте кезделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген абайсызда жасалған әрекет ауырлығы орташа қылмыс деп танылады.
Жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ен ауыр жаза он екі жылдан бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет ауыр қылмыс деп танылады.
Жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ен ауыр жаза он екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы — қасақана жасалған әрекет аса ауыр қылмыс деп танылады.
Қылмысты осылай етіп санаттарға бөлу қылмыстық құқық ғылымында қалыптасқан қылмыс санаттарын Қылмыстық кодекстің санкциясында белгіленген, коғамға қауіптілік дәрежесіне қарай бөлу жөніндегі казіргі заманғы талапқа сай келеді.
Қылмыстық заңның жекелеген бабында көрсетілген санкция мөлшері қоғамға қауіптіліктіқ дәрежесін бейнелейді және әр түрлі қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежесімен салыстыруға мүмкіндік береді. Жаза мөлшершін баптардың санкциясында нақты белгіленушің өзі судьяның өз білермендігімен қылмысты сол немесе басқа бір санатқа жатқызуына мүмкіндік бермейді. Қылмысты дәл санатқа жатқызуға мүмкіндік беретін қосымша белгілердің түрі кінә нысандары болып табылады. Мысалы, ауыр және аса ауыр қылмыстарға тек қана қасақана қылмыстар жатады.
Ауырлығы орташа немесе онша ауыр емес қылмыстарға қасақана немесе абайсыздықпен істелген қылмыстар жатады. Осы санаттарға сәйкес аса ауыр қылмыстарға қоғамға қауіптілік дәрежесі ерекше ауыр қасақана қылмыстар, мысалы, кісіні ауырлататын жағдайда қасақана өлтіру, мемлекетке опасыздық, бандитизм, зиянкестік, шабуыл жасап тонау сияқты қылмыс түрлері жатады.
Ауыр қылмыстарға мысалы, контрабаңда, денеге касақана ауыр жарақат салу, ауырлататын жағдайды біле түра кінәсіз адамды қылмыстық жауапқа тарту т. б. қылмыстар жатады.
Ауырлығы орташа қылмыстарға қасақана немесе абайсызда істелген қылмыстар: мысалы, абайсызда кісі өлтіру, кісіні өзін-өзі өлтіру халіне жеткізу, денеге қасақана орта дәрежеде жарақат түсіру т. б. қылмыстар жатады.
Ауыр емес қылмыстарға бас бостандығынан айырмайтын жаза қолданылуы мүмкін. Оған қорлау, жала жабу, абайсызда денеге ауыр немесе орта дәрежедегі жарақат түсіру сияқты қасақана немесе абайсызда істелген қылмыстар жатады. Қылмысты санатқа бөлудің манызы ерекше. Санаттарға бөлу белгісі бойынша бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтейтін режимді белгілеу: шартты жазаны қолдану немесе қолданбау (63-бап), шартты түрде соттаудың күшін жою немесе сынақ мерзімін ұзарту (64-бап), қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау (59-бап), жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату (70-бап), айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазаны етеуден босату (75-бап), рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылық немесе жазадан босату (76-бап), сотталғандықты жою немесе алып тастау (77-бап) мәселелері шешіледі.
Қоғамдық ортада адамның жеке басына қарсы қылмыстар кең тарауда Қазіргі таңда, бұрынғы жылдарға қарағанда жеке басқа қол сұғушылық, соған байланысты адам өлтіру, адам өлтіру, соз ауруын жұқтыру, ұрып — соғу, науқасқа көмек көрсетпеу, заңсыз аборт жасау, зорлау сияқты, адамның өмірімен денсаулығана төнетін қауіп — қатерлер саны көбейіп кетті. Осы орайда Қазақстан Республикасының азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығына сәйкес, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі 1998 жылдың 1 — қантарынан бастап заңды күшіне енді.
Адам құқықтары мен
бостандықтары әркімге
Әркімнің өмір сүруге құқығы бар және адамның құқықтары мен бостандықтары бұзылған жағдайда заңды түрде қорғалады. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға қақысы жоқ.
Өлім жазасы тек, ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде есептеледі. Осындай әрекеттердің көбею себебінен „Адамның жеке басына қарсы қылмыстар ” қоғамда ерекше орын болып отыр. Бір адамның қылмыс жасауы арқылы бірнеше адамның құқықтары бұзылады. Ал, бұл жалғыз адамның басына байланысты мәселе болғанымен мемлекеттің болашақ ұрпағына үлкен әсерін тигізетіні рас.
Қазіргі таңда ақпараттық-бұқаралық техналогияның дамуына байланысты әртүрлі бейне фильмдердің көрсетілуіне байланысты кәмелетке толмаған жасөспірімдердің де қылмысы үлкен орын алуда. Сонымен қатар бұрын біздің елімізде болмаған түрлі аурулар қатары күннен күнге өршіп, тіпті өлімге дейін апарып жатыр.
Адамның және азаматтың құқықтарымен бостандықтары конституциялық құрлысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтарымен бостандықтарын, халықтың денсаулығымен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заң актілерімен шектеледі.
Қазақстан республикасы конституциясының 1 — бабы адам, оның өмірі құқықтары мен бостандығы ең жоғары құндылықтар деп жариялайды. Бұрынғы Қаз ССР Қылмыстық Кодексіне қарағанда бұл Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің Жеке адамға қарсы қылмыстар Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімі содан басталады.
Адамның өміріне және денсаулығына, жыныстық тазалығына, бостандығына, ар намысы мен қадір қасиетіне қастандық жасауға бағытталған қауіпті іс — әректтер жеке адамға қарсы қылмыстар деп танылады. Бұл текті қылмыстар жасалынғанда адамға елеулі зиян келеді не оның өміріне, денсаулығына, заңды құқықтарымен бостандығына қауіп төнеді . Осындай қылмыстардың тектік обьектісі-адамның жеке басы, ал тікелей обьектісі — оның өмірі, денсаулығы, ар — намысы қадыр қасиетті.
Жаңағы қылмыстың тікелей обьектісіне байланысты бұл тарауды мынандай топтарға бөлуге болады:
1. Қылмыстық кодексінің 96 — 102 баптарында өмірге қарсы қылмытар туралы көрсетілген.
3. Денсаулыққа қарсы қылмыстар қылмыстық кодекстің 103 — 111 — 114 — 116 баптарында көзделген
4. Өмірге және денсаулыққа қаіп төндіретін қылмыстар Қылмыстық кодекстің 112 – 113 – 117 — 119 баптарында көрсетілген.
1. Адамның жыныстық тазалығына
және жыныстық бостандығына
2. Қылмыстық кодексінде 125 — 128 баптарында адамның және азаматтың жеке басының бостандығына қарсы қылмыстар көрсетілген.
3. Адамның және азаматтың
ар намысы қадыр қасиетіне
қарсы қылмытар қылмыстық
Сонымен жеке адамға қарсы қылмыстар заң шығарушы жеке адамға қарсықылмыстары үшін жауаптылық көзделген жаңа құрамдар енгізілген, оларда қоғамаға қауіпті мұндай іс әрекеттердің қылмыстық — құқықтық нышандарға нақтыланған, сот практикасына сүйене отырып нақты қылмыстық сот әрекет үшін қылмыстық жаза түрі қарастырылған.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ