Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 18:33, курсовая работа
Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 2-бөлімі осы мәселеге тікелей арналған. Конституцияның 1-бабында "Ең қымбат қазына - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары" , - деп жарияланған.
КІРІСПЕ.........................................................................................................
1 ЖЕКЕ АДАМҒА ҚАРСЫ ҚЫМЫСТАР ТҮСІНІГІ.............................
1. 1 Жеке адамға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы................
1. 2 Жеке адамға қарсы қылмыстардың қылмыстық құқықта алатын
орны..............................................................................................................
2 ЖЕКЕ АДАМҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚҰРАМЫ................
2. 1 Жеке адамға қарсы қылмыстардың жіктелуі....................................
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ...................................
1. 2 Жеке адамға қарсы қылмыстардың қылмыстық құқықта алатын орны
Объектілердің тізбегі Қылмыстық
кодекстін 2-бабында көрсетілген, Қылмыстық
кодекстің Ерекше бөлімі топтық объектілері
белгілері бойынша тарауларға бөлінеді.
Яғни, Қылмыстық кодекстің Ерекше
бөлімінің жүйелері топтық объектілерінін,
маңыздылығына қарай рет-
Қасақаналықпен жасалатын
қылмыстардың абайсыздықпен істелетін
қылмыстарға қарағанда коғамға
қауіптілік сипаты едәуір ауыр. Мысалы,
кісіні ауырлататын жағдайда қасақана
өлтіргені үшін 10 жылдан 20 жылға
дейінгі мерзімге бас бостандығынан
айыруға не мүлкін тәркілеу арқылы
немесе онсыз өлім жазасына, не мүлкін
тәркілеу арқылы немесе онсыз өмір
бойы бас бостандығынан айыруға
жазаланады (96-бап, 2-бөлігі), ал абайсызда
кісі өлтіру (101-бап, 1 -бөлігі) үш жылға
дейінгі мерзімге бас бостандығынан
айыруға жазаланады. Кінәнің нысандарын
анықтау қылмыстың қоғамға
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, онын қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын ала білсе және осы зардаптардын, болуын тілесе, қылмыс тікелей ниетпен жасалған қылмыс деп танылады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін үғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін алдын ала білсе, осы зардаптардың болуын тілемесе де оған саналы түрде жол берсе, не бұған немкұрайды қараса, қылмыс жанама «ниетпен жасалған деп танылады (20-бап).
Менмендікпен немесе немкұрайдылықпен жасалған әрекет абайсызда жасалған қылмыс деп танылады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз женілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс менмендікпен жасалған қылмыс деп танылады.
Егер адам қажетті ұқыптылық пен сақтық, болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, қылмыс немқұрайды жасалған болып табылады.
Қылмыстың зардабы қаншалықты ауыр болғанына қарамастан, егер оны істеген адамнын, іс-әрекетінде кінәнің белгілі бір түрі болмаса, ол қылмыстық жауапқа да, жазаға да тартылмайды.
Кінәсіз қылмыс та, жаза да жоқ. Қылмыстың тағы бір міндетті белгілерінің бірі қылмыстық жолмен жазаланушылық болып табылады. Өйткені, қылмыс дегеннін, өзі, қылмыстық заң жазамен корқытып тыйым салған әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. Мұның өзі қылмыс құрамы туралы сипаттама басқадай құқылық актілерде емес, тек қылмыстық заңда ғана көрсетілетіндігін және осы іс-әрекет үшін қылмыстық заңның санкциясында жазалау қатері қарастырылатының көрсетеді.
Бұл жерде нақты істелген қылмыс үшін қолданылатын жаза мен қылмыстық құқық нормасының санкциясында көрсетілген жазалау қатері, жазалау мүмкіндігі туралы түсініктерді шатастыруға болмайды. Жазалау қатерімен қорқытып тыйым салу қылмыстың белгісі болып табылады. Нақты қылмыс істеген адамға жаза тағайындамау немесе оны қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатып, оған қоғамдық ыкпал ету шараларын қолданғанда, оның іс-әрекеті қылмыс қатарынан шығып қалмайды.
Өйткені, жазалаушылық қылмыстың белгісі ретінде істелген әрбір қылмыс үшін жаза тағайындалуы мүмкін екендігін, сол себепті қылмыстық заңға қайшы іс-әрекеттерді істеуге жазалау қатері тыйым салады. Нақты өмірде қылмыс істелгенімен, егер ол ашылмай қалса оған жаза тағайындалмай қалады. Кейде қылмыс ашылғанымен, сот оңдай қылмысқа заңда белгіленген негіздермен жаза тағайындауды қолданбауы да мүмкін. Демек, қылмысты жазалау қатерімен тыйым салу қылмыстың белгісі, ал жаза тағайындау немесе тағайындамау іс-әрекетгің зардабының көрінісі болып табылады.
Сонымен, біз қылмыстың қоғамға қауіпті, кінәлі, құқыққа қайшы және жазалаушылық сияқты қажетті белгілері бар екендігін әсте естен шығармауымыз керек. Осы белгілер арқылы қылмысты іс-әрекетті басқа да құқық бұзушылықтан ажыратамыз.
Бірақ топтық және тікелей объект белгісіне сәйкес бұл қылмыс кұрамы (абайсызда кісі өлтіру) жеке адамға қарсы қылмыс үшін жауаптылық көзделген тарауда орналасқан. Өмірге қарсы қылмыстың, соның ішінде адам өлтірудің де тікелей объектісі адамның өмірі болып табылады. Заң жасына және денсаулық жағдайына қарамастан кез келген адамның өмірін бірдей қорғайды. Адам өмірі нәрестенің туған сәтінен, яғни анасының денесінен бөлініп шығып, алғаш тыныс алуы арқылы оның өкпесінің жұмыс істеген уақытынан басталады. Бұл құбылыс нәрестенің алғашқы айқайынан, дыбыс беруінен басталады. Өлім адам өмірінің соңғы сәті болып табылады. Өлім клиникалық және биологиялық болып екіге бөлінеді. Тыныс алуы мен қанның айналысы тоқтағаннан кейін 5-6 минут шамасында клиникалық өлім сатысы басталады. Адам денесінің салқындауына байланысты бұл кезең 10 немесе одан да көбірек минутқа созылады. Өлудін соңғы кезеңі — биологиялық өлім, орталық нерв жүйесі қызметінің істен шығуына байланысты мидың өлуі басталады. Адамның басқа органдары мен тіндерінін өміршеқтік белгілері біразға жалғасқанымен, мидың өлуі адам өмірінің соңғы сәті болып табылады. Яғни адам өмірінің соңғы сәті — биологиялық өлім.
Адам өлтірудің объективтік жағы басқа адамды өмірінен заңсыз айырумен көрінеді. Қылмыстың аяқталуы үшін адамды өмірінен айыруға бағытталған іс-әрекеттің және сонын зардабынан адам өлуінің арасындағы себептік байланыстын болуын айқындау қажет.
Адам өлтіру негізінен әрекет арқылы жүзеге асырылады. Адам өлтірудің көпшілігі осылайша жасалады. Кінәліның оқпен атылатын және суық қарудың, өзге де заттарды пайдалануымен, уландыру, жарылыс жасау, басқа да әдістерді қолдануы арқылы адам өмірінен айырылады. Әдетте жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларынан зардап шегетін адамдарды жүйкесіне зақым келтіру жолымен өмірінен айыру әдебиеттерде мысал ретінде келтіру жиі кездеседі. Соңғы уақыттарда адам жүйкесіне әсер ету нысандары мен әдістерінің көбейе түсуінің нәтижесінде психикалық әсер ету жолымен адам өлтіру мүмкіндігі одан әрі кеңейе түсуде.
Адам өлтіру — материалдық құрамға жататын қылмыс.
Адам өлтірудің субъективті жағы — Қылмыстық кодекстін, 96-бабына сәйкес тек қана қасақаналықпен жүзеге асырылады. Адам өлтіру кезінде қасаканалық тікелей және сол сияқты жанама болуы да мүмкін. Тікелей қасақаналық кезінде кінәлі өзінің басқа адамның өміріне қол сұғып отырғандығын сезеді, оның әрекеті іс жүзінде өлімге соқтыруы мүмкін екендігіне немесе қалай да өлімге әкелетіндігін біледі және өлімнің болуын тілеп іс-әрекет жасайды. Жанама қасақаналықпен адам өлтіру кезінде кінәлі өзінің әрекеті арқылы адам өміріне қатер төндіретіндігін мойындайды, осы әрекеттін нәтижесінде оның өлуі мүмкін екендігін біледі, өлімнін, болуын тілемейді, бірақ оған саналы түрде жол береді не өлімнің болу-болмауына немқұрайдылық танытады. Соңғы уақытта жарылыс жасау жолымен адам өлтіру оқиғалары кен, таралып отыр. Мұндай кезде белгілі бір құрбандардан басқа бөгде адамдар да өледі. Бұл оқиғада кінәлі белгілі бір құрбанға қатысты адам өлтіруде тікелей ниетте, ал бөгде адамдарды өмірінен айыруға қатысты — жанама ниетте әрекет етеді.
Тікелей және жанама қасқаналықтар арасындағы айырмашылықты айқындаудың іс жүзінде үлкен маңызы бар. Адам өлтіруге оқталу, яғни кінәлінің әрекеті ол өлімнің болатынын сезетінін, оның болуын тілегендігін, бірақ онын еркінен тыс себептер бойынша ол болмай калғандығы бойынша анықталады. Мұндай кезде оқталу тек қана тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады.
Кінәлінің ниетінін, түрі туралы мәселені шешкенде соттар жасалған қылмыстың барлық жағдайларына сүйенуі және атап айтқанда: қылмыстың тәсілі мен қаруын, денеге салынған жарақаттың санын, сипаты мен окшаулауын (мысалы, адамның өмірлік маңызды органын жарақаттау), кінәліның қылмыстық әрекетті тоқтату себебін, сондай-ақ кінәліның қылмыс істеу алдындағы және одан кейінгі мінез-құлқын (тәртібін), онын, жәбірленушімен арақтынасын ескеруі тиіс.
Жәбірлеңушінің өліміне әкеліп соқтыруы кінәлі үшін белгілі болып табылатын өмірлік манызы бар органдарына пышақпен жарақат салу, дұрысыңда, өмірден айыруға тікелей ниеттің бар екендігін айғақтайды. Оқпен атылатын қаруды қолдану кінәлінің өлтіруге шынайы ниетте болғандығын айғақтайды және басқа жағдайлармен қатар кінәлінің адам өлтіру ниетінде болғандығына маңызды дәлелдеме болып табылады. Жақын ара қашықтықтан ату, әдетте, адам өлтіру мақсатында істеледі.
Тікелей қасаканалық болған кезде кінәлі өлімнің болуын тілейді, сонымен бірге кінәлінін, өлімнің міндетті түрде болуын қаламайтындығын да мұндай жағдайда ескеру керек. Оның ниеті баламалы түрде болуы мүмкін, оның шамалауы бойынша өлімнің болуы, сол сияқты денсаулыққа ауыр зиян келтіру мүмкіндігі және осы зардаптардың кез келгенінің болуын міндетті түрде тілейді. Ал егер оған байланысты емес жағдайлар бойынша қылмыстық нәтиже болмаған жағдайда ол адам өлтіруге оқталғандық үшін жауапқа тартылуы тиіс. Адамды өлтірумен алдын ала қорқыту басқа мән-жайлармен қатар адам өлтіру ниетінін бар екендігіне маңызды дәлелдеме болып табылады. Дегенмен, осындай қатер тудыруды айтқан адамның ой-ниетінің қаншалықты шын екендігін іс бойынша айқындау қажет. Тіпті, егер ол сөздер кейде және төндірілген қатерді жүзеге асыру мүмкіндігіне сырттай ұксас кейбір әрекеттермен қоса айтылғанның өзінде, адам өлтіру ниетін жүзеге асыру туралы сөздер кінәліның шын мәніндегі анықтілегін білдірмейді.
Адам өлтіру мен қорқыту көбінесе оқпен атылатын немесе суық қаруды немесе өзге каруды, сондай-ақ қару ретінде пайдаланатын заттарды қолданумен немесе қолдануға әрекет етумен жасалатын бұзақылық әрекеттермен байланысты болатындығын тәжірибе көрсетіп отыр. Адам өлтіруге жасалған оқталуды аталған әрекеттерден бөлу керек.
Адам өлтіруге жанама қасақаналық кезінде кінәлі өз әрекетінің нәтижесінде өлімнің нақты болу мүмкіндігін шамалайды. Кнәлі зардаптың қалай да болмай қоймайтынын шамалаған жағдайда сөз тек қана тікелей қасақаналық туралы бола алады (ҚК-тің 24-бабының 3-тармағы). Ниеттің осы түрлерінін, арасындағы неғұрлым елеулі айырмашылық, занда керсетілгендей еріктілік кезеңі бойынша аыықталады. Егер адам өлтіруге тікелей ниеттену кезінде кінәлі өлімнің болуын тілесе, ал жанама ниеттену кезінде оны кінәлі тілемейді, бірақ оған саналы турде жол береді не өлімнің болуына немқұрайды
Осы арада денсаулық деген ұғымға түсінік бере кетейік. Денсаулық дегеніміз — адам ағзасының дұрыс әрі қалыпты жұмыс істеуі. Яғни, адам ағзасының әрбір органы, әрбір мүшесі сол жаратылған қалпында сақталып, оның дұрыс әрі қалыпты түрде белгілі бір қызметті атқаруы. Денсаулыққа қарсы қылмыстардың қоғамға қауіптілігі — бұл қылмыстарды жасаған кезде, бір адам екінші бір адамнын денсаулығына қасақана немесе абайсызда зиян келтіреді, яғни кінәлі қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді жасай отырып, адам өмірі үшін ең кымбатты болып табылатын адам денсаулығына заңсыз түрде қол сұғады.
Адам денсаулығына зиян келтіру көбінесе оның мемлекет пен қоғам алдындағы азаматтық міндеттерін атқару, яғни сол міндеттерін нақты орындау мүмкіндіктерінен айырады. Мысалы: адам денсаулығына зиян келуі — оның міндетті әскери қызметке шақырылуына кедергі келтіруі мүмкін, сондай-ақ әскери немесе баска да арнайы кызметтерді атқаруына зиянды әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан да адам денсаулығына қарсы қылмыстарды жасау — тек жәбірленушінің өзіне ғана емес, сондай-ақ оның жақын туысқандары үшін де үлкен залал болып табылады. Яғни, жәбірленушінің денсаулығына зиян келу салдарынан, оның жақын туысқандарына да белгілі бір көлемде материалдық немесе моральдық залал келуі мүмкін. Адамды денсаулығынан айыру салдарынан оның өмірдегі, қоғамдағы еңбек және басқа да қоғам қызметтеріндегі байланысы үзіледі, оның еңбекке, қоғам қызметтеріне белсенді түрде қатысуына көбінесе мүмкіндік бере бермейді. Сондықтан да адам денсаулығы — адам өмірінің негізгі куанышы, негізгі байлығы болып табылады.
Енді адам денсаулығына қарсы
қылмыстарды топтастырайық. Қазақстан
Республикасының Қылмыстық
1) денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (103-бап); 2) денсаулыкка қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру (104-бап); 3) денсаулыкха қасақана жеңіл зиян келтіру (105-бап); 4)ұрып-соғу (106-бап); 5) азаптау (107-бап); 6) денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру (108-бап); 7) қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (109-бап); қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (110-бап); 9) денсаулыкка абайсызда зиян келтіру (111-бап); 10) корқыту (112-бап); 11) ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарың, тінін алуға мәжбүр ету (113-бап); 12) медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы (114-бап); 13) соз ауруларын жұқтыру (115-бап); 14) адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру (116-бап); 15) заңсыз аборт жасау (117-баптың 4-тармағы); 16) науқасқа көмек көрсетпеу (118-бап); қауіпті жағдайда қалдыру (119-бап).
Жеке адамның бостандығына қарсы қылмыстар: Адамды ұрлау (125-6.); бас бостандығынан заңсыз айыру (126-6.); пси-хиатриялық стационарға заңсыз орналастыру (127-6.); адамдар-ды пайдалану үшін азғырып-көндіру (128-6.).
Жеке адамның ар-намысына
және адамгершілігіне карсы
Жыныстык қылмыстар: Зорлау (120-6.); нәпсікұмарлық си-патындағы күш қолдану (121-6.); он алты жасқа жетпеген адам-мен жыныстык катынаста болу және нәпсікұмарлык, сипатгағы өзге де іс-әрекетгер (122-6.); жыныстық қатынас жасауға, ер-кек пен еркектін жыныстык қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстык қатынас жасауына немесе нәпсікұмарлык сипатгағы өзге де іс-өрекеттерге мәжбүр ету (123-6.); жас бала-ларды азғындату (124-6.).