Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2012 в 23:13, дипломная работа
Мақсат пен зерттеудің пәні келесідей тапсырмаларды шешуді болжайды:
- «халықаралық қылмыстық құқықты бұзу» түсінігіне қандай әрекеттер жататынын орнату;
- индивидтердің халықаралық қылмыстық құқықты бұзғаны үшін жауапкершілік институтының генезисін зерттеу;
- қандай халықаралық қылмыстық құқық бұзушылықтар халықаралық дәрежеде жеке жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін немес әкеп соғатынын анықтау.
Зерттеудің
Халықаралық қысымның нәтижесінде сербтік биліктің Милошевичті Гаагаға аударуы Югославияның федералды үкіметінің құлауына әкеп соқты, олардың мүшелерінің бір бөлігі Милошевичті ЮХҚТ беруге қарсы болды. Айыпталушыларды беру қиындықтары мен ұлттық биліктің ынтымақтасуды қаламауы Трибунал мандатын жүзеге асыруда басты кедергі болып саналады. Трибуналдың Жарғысында БҰҰ мүше-мемлекеттердің онымен ынтымақтасу міндеттері көзделген, дегенмен айып тағушыға айыпталушыны ұстап беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін нақты құқық қолдану механизмі жоқ. Сондықтан әлемдік қауымдастыққа халықаралық жауапкершілік механизмін құру мен олардың құқық қолдану аясындағы әрекеттілігін қамтамасыз ету арасындағы арақашықтықты жою міндеті жатыр [37].
Осыдан, халықаралық қылмыстық құқық бұзғаны үшін жауапкершілік жүйесі дамудың ұзақ кезеңінен өтті. Халықаралық қылмыстық құқықты кодификациялау мен оның прогрессивті дамуы нәтижесінде аталған жүйе қазіргі таңда аралас сипатқа ие.
Халықаралық қылмыстық құқық халықаралық жария құқық сияқты дамыды, сондықтан оның қайнар көздерінің тізімі халықаралық жария құқықтың қайнар көздерінен еш айрмашылығы жоқ [14].
Халықаралық
құқық доктринасында шарттар
мен дәстүрлер негізгі қайнар
көздер болып табылады. Халықаралық
қылмыстық құқықтың өзіндік ерекшелігі
нормативтік материалдың
Халықаралық қылмыстық құқықтың негізгі қайнар көздері бәріне белгілі. Ол ең алдымен 1949 жылғы төрт Женева конвенциясы мен 1977 жылғы оған Қосымша хаттамалар, сонымен қатар жай құқықтың құқық жинағы. Бұл шарттарда адам өміріне аса маңызды, әскери кезеңдегі мәселелер қарастырылады, олар: жаралы адамдарды қорғау, кеме апатына ұшыраған тұлғаларды, әскери тұтқындарды, азаматтық тұрғындарды қорғауға бағытталған [15].
Халықарлық қылмыстық құқық адамзаттың негізгі құқықтарын ғана анықтап қоймай, осы нормаларды қамтамасыз ететін негізгі механизмдерді де қарастырады. Ол адамның қадір-қасиетіне және азаматтық тұрғындардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін кез келген әрекеттерді бұлтартпау үшін қажетті міндеттеме орнатады.
Халықаралық
қылмыстық құқықтың құқықтық жүйесінің
фундаментін моральдық нормалар
құрғанын атап өткен дұрыс. Соғысты
гуманизациялауға бағытталған халықаралық
шарттар рухани ойларға негізделген
нормалардан құралған. Осыдан халықаралық
қылмыстық құқықтың халықаралық
құқықтың бір саласы ретінде ерекшелігі
көрінеді. Нюрнбергтегі халықаралық
әскери трибуналының үкімінде «соғысты
гуманды етуге бағытталған
Халықаралық
қылмыстық құқықтың негізгі қайнар
көздеріне: халықаралық шарттар
мен халықаралық дәстүрлер
Халықаралық қылмыстық құқықтың шарттық (конвенциялық) қайнар көздеріне 100 жыл бұрын қабылданған, тарихи себептерге байланысты және әскери өнердегі өзгерістерге байланысты бірнеше рет қайта қарастырылған, өзгертілген және халықаралық қылмыстық құқықтың жедел дамуының кәдімгі нәтижесі ретінде кодификацияланған құжаттар жатады [17].
Қарудың кейбір түрлерін және соғыс жүргізудің кейбір тәсілдеріне тыйым салатын бірқатар шарттар бар. Оларға 1907 жылғы Гаага Конвенциясы, Бактериологиялық қаруға (биологиялық) тыйым салу туралы 1980 жылғы Конвенция, Химиялық қаруға тыйым салу туралы 1993 жылғы Конвенция, қарулы қақтығыстар кезінде мәдени құндылықтарды қорғайтын 1954 жылғы Конвенция жатады.
Негізгі әрекет етуші халықаралық құжаттар 1949 жылғы Женева конвенциясы мен 1977 жылғы І Қосымша хаттамалары болып табылады [18].
Екінші
дүниежүзілік соғыс кезінде фашистік
Германия мен Милитаристік Жапонияның
және олардың одақтастарының жасаған
халықаралық қылмыстарының
1968 жылы БҰҰ қамқорлығымен адамзатқа қарсы қылмыстар мен әскери қылмыстарға ескіру мерзімін қолданбау туралы Конвенция қабылданды. Мемлекеттермен қатар индивидтер де жауапкершілікке тартылатын халықаралық қылмыстар тізімі Нюрнбергтегі Халықаралық Әскери Трибуналының Жарғысына қосылған. Ол үш категориядан тұрды: бейбітшілікке қарсы қылмыстар (агрессивті соғыс жүргізу, жоспарлау, дайындау және түйінін шешу); әскери қылмыстар, яғни соғыс дәстүрлері мен заңдарын бұзу; адамзатқа қарсы қылмыстар (адам өлтіру, қинау және азаматтық тұрғындарға бағытталған басқа да жауыздық) [1].
Уақыт өте келе аталған халықаралық қылмыстар тізімі кеңейді. 1948 жылғы геноцид қылмыстарын ескерту мен ол үшін жазалау туралы Конвенцияда және 1973 жылғы апартеидті жою және ол үшін жазалау туралы Конвенцияларда геноцид пен апартеид адамзатқа қарсы қылмыс ретінде бағаланып, ол үшін жауапкершілікке мемлекетпен қатар жеке тұлғалар да тартылады. 1978 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 32 сессиясында адамзат қауіпсіздігіне және әлемге қарсы қылмыстар кодексінің жобасын талқылау бойынша жұмысына қайта кірісті. БҰҰ халықаралық құқық Комиссиясымен дайындалған осы жоба алғаш рет 1954 жылы Бас Ассамблеяның қарауына ұсынылды. БҰҰ Бас Ассамблеясы адамзат қауіпсіздігіне жәнп әлемге қарсы қылмыстар кодексінің жобасын әрі қарай өңдеуді халықаралық құқық Комиссиясына тапсырды, ол қазіргі таңда осы мәселені шешумен айналысады. Комиссия халықаралық қылмыстардың тізімін анықтау мен кеңейту мәселелерімен айналысады. Осы тізім қатарына құлдық, отаршылдық, ланкестікті және басқаларын қосу туралы ұсыныс жасалған. БҰҰ халықаралық құқық Комиссиясы тұрақты әрекет ететін халықаралық қылмыстық сот құру туралы мәселе қарастырылуда [4].
Халықаралық құқықтың әрекет етуші нормалары бойынша халықаралық қылмыс жасағаны үшін басты кінәлі тұлғалар халықаралық қылмыстық соттармен қылмыстық ізге түсуге ұшырайды. Соттар арнайы халықаралық келісімдер бекіту арқылы құрылады. Мысал ретінде Нюрнбергтегі Халықаралық Әскери Трибунал (1945-1946 жж) мен Токиодаға Халықаралық Әскери Трибуналды (1946-1948 жж) келтіруге болады. Қалған қылмысткерлер жауыздық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті тиісті мемлекеттердің қылмыстық заңнамасы негізінде тартылады. 1945 жылы европа елдері осінің басты әскери қылмыскерлерін жазалау және соттық ізіне түсу туралы Келісімінде басты емес қылмыскерлерді «олардың жауыздық әрекеттері жасалған» мемлекеттерге беру қажеттілігі туралы және осы мемлекеттердің заңдарына сәйкес жазалау туралы ережелер жазылған. Дегенмен суық соғыс кезінде бұл механизм жұмыс жасамады [19].
ХХ ғасырдың соңында бұрынғы Югославия мен Руанда территориясында орын алған халықаралық қылмыстармен халықаралық қылмыстық трибуналдар құру қажеттіліктері туындады. Бұл жағдайда халықаралық қылмыстық трибуналдар арнайы халықаралық келісімдер бекіту жолы арқылы құрылған жоқ, керісінше БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдері негізінде құрылды. Халықаралық қылмыстық трибунал құру туралы шешім БҰҰ мүше-мемлекеттердің үнсіз келісімі қабылданды. БҰҰ Бас хатшысы Б. Буртос Галидің пікірінше басқа жол болмады, арнай халықаралық келісімді өңдеу және қабылдау ұзақ уақыт алар еді, нәтижесінде трибуналды құрудың мәні жоғалар еді.
Югославия
үшін халықаралық трибуналдың
БҰҰ халықаралық
құқық Комиссиясымен
Халықаралық қылмыстың тізімі алғаш рет Нюрнберг және Токийстік әскери трибуналдың Жарғысында қалыптасты. Ондағы барлық халықаралық қылмыстар үш топқа бөлінген: 1) Әлемге қарсы қылмыстар: жоспарлау, дайындау, түйінін шешу немесе агрессивті соғыс жүргізу немесе халықаралық шарттарды, келісімдерді бұзатын соғыс жүргізу немесе жалпы жоспарға қатысу немесе қастандық, жоғарыда аталғандардың кез келгенін жүзеге асыруға бағытталған әрекеттер; 2) Әскери қылмыстар: адам өлтіру, азаптау, құлдыққа салу немесе басып алынған территорияның азаматтық тұрғындарын басқа мақсаттар үшін қолдану; әскери тұтқындарды теңізде өлтіру немесе азаптау, тұтқындарды өлтіру, жалпы немесе жеке меншікті тонау, қалалар мен ауылдарды жаппай жою; 3) Адамзатқа қарсы қылмыстар: өлім, қырып жою, құлдыққа алу, жер аудару және басқа да қатыгездіктер, азаматтық тұрғындарға соғысқа дейін немесе соғыс кезінде жасалған, не саяси, діни, ұлттық мотив бойынша трибунал юрисдикциясына жататын кез келген қылмысқа байланысты немесе жүзеге асыру мақсатындағы әрекеттер жатады. Нәтижесінде халықаралық құқықта жалпыға ортақ болған қағида қалыптасқан: - бұл халықаралық қылмыстар үшін жеке тұлғалардың қылмыстық жауапкершілік қағидасы [21].
1949 жылы соғыс құрбандарын қорғау туралы 4 Женева конвенциялары мен 1977 жылғы оған І Қосымша протокол аталған әскери қылмыстар мен адамзатқа қарсы қылмыстар тізімін айтарлықтай кеңейткенін атап өткен маңызды. Аталған құжаттарда олар «қауіпті бұзушылықтар» деп аталады. 1949 жылы 4 Женева конвенциясында қауіпті бұзушылықтар болып: (50, 51, 130, 147 баптар) қасақана адам өлтіру, зорлық және адамгершіліксіз қарым-қатынас; қасақана ауыр азап келтіру; аса ауыр зақым келтіру және денсаулыққа зиян келтіру; заңсыз, өз бетімен және үлкен масштабтағы қырып-жою; мүлікті иемдену, әскери қажеттіліктерді туындатпайтын әрекеттер.
1949 жылы 3 және 4 Женева конвенциясында аталған қауіпті бұзушылықтар (130 және 147 баптарға сәйкес): дұшпан державаның қарулы күштерінде қамқоршы азаматтық тұлғамен әскери тұтқынды қызмет етуге мәжбүрлеу; Конвенция көзделген ережелерге сәйкес әскери тұтқынды немесе қамқоршы азаматтық тұлғаны әділ сот ісіне құқығын алдын-ала айыру болып табылады.
1949 жылғы 4 Женева конвенциясында қауіпті бұзушылықтар: заңсыз дипортирлеу немесе қоныстандыру; қамқор етуші тұлғаны заңсыз қамау; тұтқынға алу.
Протоколда қауіпті бұзушылықтарды сонымен қатар қасақана және өлімге әкеп соққан немесе ауыр дене жарақаттарына немесе денсаулыққа зиян келтірген әрекеттер жатады. Олар:
Сонымен қатар, қауіпті бұзушылықтарға Конвенция мен Хаттамаларды бұза отырып және қасақана жасалған әрекеттер жатады:
1968 жылы қабылданған әскери қылмыстарға және адамзатқа қарсы қылмыстарға ескіру мерзімін қолданбау туралы коненцияда халықаралық қылмыстар санатына жататын жаңа қылмыстар түрі аталып көрсетілген – олар адамзатқа қарсы қылмыстар: қарулы шабуыл немесе басып алу нәтижесінде қудалау, аса қатыгез әрекеттер, апартеид, геноцид саясатының салдары болып табылады. Мемлекеттің жауапкершілігі туралы баптар жобасында адамзатқа қарсы қылмыстарға құлдық, ұжымдық үстемдік ету және экоцид жатқызылған.
Жоғарыда
аталған адамзатқа қарсы
Халықаралық қылмыстық құқық нормаларын бұзғаны үшін жауапкершіліктің ескіру мерзімін қолданбауды қолдайды. Осыған қатысты 1968 жылғы Конвенцияда аталған қылмыстар үшін кінәлі және оларға қатысқаны үшін кінәлі мемлекеттік билік өкілдері және жеке тұлғалар қылмыс жасаған уақытқа тәуелсіз жауапкершілікке тартылады. Ескіру мерзімін қолданбау туралы 1991 жылғы бейбітшілік және адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар Кодексі жобасының 7-бабында да айтылған: «бейбітшілік және адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға ескіру мерзімі әрекеті таралмайды» [3].
Информация о работе Жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстық жауапкершілік