Жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстық жауапкершілік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2012 в 23:13, дипломная работа

Описание

Мақсат пен зерттеудің пәні келесідей тапсырмаларды шешуді болжайды:
- «халықаралық қылмыстық құқықты бұзу» түсінігіне қандай әрекеттер жататынын орнату;
- индивидтердің халықаралық қылмыстық құқықты бұзғаны үшін жауапкершілік институтының генезисін зерттеу;
- қандай халықаралық қылмыстық құқық бұзушылықтар халықаралық дәрежеде жеке жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін немес әкеп соғатынын анықтау.
Зерттеудің

Работа состоит из  1 файл

Жаупкер.docx

— 142.51 Кб (Скачать документ)

XVII-XVIII ғғ. Соғысты гуманизациялаудың жаңа сатысы басталды. Азаматтық тұрғындардыскери әрекеттерге тарту азайды, себебі әскер барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілді, ал тонауға тыйым салынды. Алдын ала әскер қолбасшыларымен бекітілетін келісім құрбандарға қатысты қатынас шартын анықтайды. Осыған мысал ретінде 1785 жылғы Ұлы Фридрих пен Бенжамин Франклин арасындағы достық пен бейбітшілік туралы Шартты келтіруге болады. Шартқа сәйкес екі тарап қақтығыс жағдайында блокада қолданбау керек және қарсыластардың азаматтық тұлғаларына белгіленген уақыт ішінде елден кетуге мүмкіндік беруі тиіс [20]. 1758 жылы швейцария ғалымы Э. Ваттель комботанттар мен тұтқындарға тиіспеушілік туралы айтты; ол соғыс заңдарын бұзған, бірақ ұжымдық жазалауға қатыспағандарды жазалау қажеттілігімен келісті.

1879 жылы  халықаралық құқық Институтының Боюссель сессиясында швейцария заңгері Г. Муанье әр елдің соғыс заңдары мен дәстүрлерінің құрылысы мен жарғыларының дәрежесі туралы баяндамасында алғаш рет халықаралық конвенцияларға конвенцияға қосылған мемлекеттерге міндеттемелер жүктейтін жаңа ережелер енгізуді ұсынды. Бұл ережелер осы конвенцияны бұзушыларды қатаң жазалауға байланысты болған еді. Осы сессияның нәтижесінде соңыс заңдары бойынша Тәжірибелік басқарма өңдеу туралы шешім қабылдады. 1880 жылы қыркүйекте Оксфордта Халықаралық құқық Институтының сессиясында жаяу әскер соғысының заңдары туралы Басқарма қабылданған болатын (әдетте ол Оксфорд басқармасы деп те аталады). Бұл соғыс заңдарының сол кездегі заңгерлердің көзқарасының алға жылжуына себеп болды. Бұл құжат заңды маңазға ие болмағанмен, халықаралық құқықтың осы саласының ресми кодификациялануына айтарлықтай әсерін тигізді. Сонымен қатар 1899 жылғы мен 1907 жылғы Гаага конвенцияларының және 1864 жылғы Женева конвенцияларын қайта қарастыру мазмұндарына да әсері болды.[21]

Осы кезеңде  алғаш халықаралық сот мекемесін  құру қажеттілігінің ғылыми негізі туынайды. Бұл мекеме соғыс заңдары мен  дәстүрлерін бұзған тұлғаларға қатысты  істерді қарастыруды қамтамасыз етуге бағытталған. Халықаралық  Қызыл Кретс Комитетінің негізін  қалаушыларының бірі, оның Президенті Маунье 1870 жылғы франко-прустік соғыс аяқталғаннан кейін, «франко-прустік соғыс кезіндегі Женева конвенциясы» атты жұмысында бақылаулары мен қорытындылары туралы жазды. Еңбектің негізгі қорытындысы халықаралық құқықты қолдану аясы мен оның қағидаларын білу дәрежесі комбатанттардың аса қатыгез әрекеттерін шектеуге негіз бола алмады. Осыған байланысты Г. Муанье Конвенцияны бұзу фактісін тергеу үшін және осындай бұзушылықтар орын алған жағдайда жазалау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін халықаралық құқықтық мекеме құру туралы ұсыныс жасады [17]. Сонымен қоса Муанье 1872 жылы 3 қаңтардағы ХҚКК жиналысында шарттық негізде халықаралық сот құру туралы жобасын ұсынды.

Бұл жоба жарақаттанған жауынгерлерге көмек  көрсетудегі халықаралық бюллетеньде  Г. Муаньенің бап түріндегі «Женева  конвенциясын бұзуды алдын алу мен бұлтартпауға бағытталған халықаралық сот мекемесін құру бойынша ұсыныс» ретінде басылымға шығарылды. Ол он қысқа баптардан тұрды. Сот үнемі әрекет ететін, екі мемлекет арасында соғыс болған жағдайда автоматты түрде іске қосылатын ұйым болады деген болжам жасалды. Муаньенің жобасы халықаралық құқық аясындағы атақты мамандар арасында үлкен талқылауға салынды, нәтижесінде көптеген ұсыныстар халықаралық қылмыстық құқықтың нормаларына айналды. Бірақ, Г. Муаньенің 1864 жылғы Женева конвенциясын бұзуды алдын алу және бұлтартпау үшін халықаралық сот мекемесін құру туралы ұсынысы сол кезде мемлекеттер тарапынан қолдау таппады. Кейін осы ұсыныс 1998 жылғы Халықаралық қылмыстық соттың Рим статутында көрініс тапты [4].

Алғаш рет  соғыс құқығын бұзғаны үшін жауапкершіліктің халықаралық жүйесін құрудың  тәжірибелік мүмкіндіктері Бірінші  дүниежүзілік соғыстан кейін қолға  алынды. 1918 жылдың 11 қарашасында әскери қылмыскерлердің жауапкершілігін орнату үшін Одақтық комиссия  (бұл термин сол кезде алғаш қолданған болатын) құрылды. 1919 ж 28 маусымындағы Версаль бейбіт шартында Кайзер Вильгельм ІІ мен басқа да Германия қоластындағы әскери қылмыс жасағаны үшін кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту ұсынылды және әскери қылмыскерлерді жазалау үшін ұлттық және халықаралық соттар құру туралы ұсыныстар жасалды.[22]

Өкінішке  орай, аталған ұсыныстар жүзеге аспады: кайзер Голландияда жасырынып, Голландия  оны беруден бас тартты, ал қалған сот іздеріне түскен әскери қылмыскерлер не ақталып, не тек шартты белгі түрінде  ғана жазаланды.

Соғыс заңдары  мен дәстүрлерін бұзғаны үшін жазалау және бұлтартпау қажеттіліктерін  халықаралық құқықтың нормаларына  айналдыру, сонымен қоса соғыс құқығын  бұзған жеке тұлғалардың жауапкершіліктерін де қарастыру туралы қажеттіліктер  Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін  пайда болды. 1941 ж 25 қарашадағы КСРО-ның НКИД ноталарында, 1942 ж 6 қаңтардан және 27 сәуірден кеңестік үкімет «қылмыстық фашистік Германия үкіметін  оның қарақшылық әрекеті үшін қатаң жауапкершілік пен жазалауды» талап етті. Жеке тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі туралы ережелер Мәскеулік (1943ж), Крым (1945 ж.) және Потсдамдік (1945 ж.) конференция шешімдерінде қалыптасып және бекітілді. КСРО, АҚШ және Англияның шет істер министрлерінің Мәскеу конференциясының шешімінде германия қарулы күштерінің басып алған елдерінде көрсеткен айуандық, адам өліміне және өлім жазаларын қолданған германия офицерлері, солдаттары және гитлерлік партия мүшелері «айуандық қылмыстар жасаған еліне қайтарылады және сол елдің заңдары бойынша айыпталып және жазаланады» делінген. 1945 ж 11 ақпанда Крым конференциясының шешімдерінде оның қатысушылары «барлық соғыс қылмыскерлерін әділетті және тез жазалауға» міндеттемелерін өз мойнынан алды; Потсдам конференциясының шешімдерінде мемлекеттердің әскери қылмыскерлерді және «айуандықтың немесе әскери қылмыстардың нәтижесі болатын нацистік шараларды жүзеге асыру немесе жоспарлауға қатысушыларды» қамау және сотқа беру міндеттемесі жүктелді [23].

 Жеке  тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі  туралы нақты нормалар басты  неміс және жапон әскери қылмыскерлерін  соттау үшін Халықаралық әскери  трибуналдар үкімдері мен жарғыларында  қалыптасты. Кеңес Социалистік Республика  Одағы, Америка Құрама Штаттары  мен Біріккен Ұлыбритания Корольдігі  мен Солтүстік Ирландия үкіметі  және Франция Республикасының  уақытша үкіметтері арасындағы  Келісімге қосылған Халықаралық  әскери трибунал Жарғысының 6-бабына сәйкес 1945 ж 8 тамыздағы европа елдері осіндегі басты әскери қылмыскерлерді жазалау және соттық ізіне түсу туралы Келісім келесідей ережелерді орнатты:

«Трибуналдың  юрисдикциясына жататын немесе жеке жауапкершілікке тартуы мүмкін келесідей  әрекеттер немесе оның кез келгені  қылмыс болып саналады:

а) әлемге қарсы қылмыстар, нақтырақ: агрессивті соғыс жүргізу, аяқтау, дайындау немесе жобалау немесе халықаралық шарттарды, келісімдерді бұзатын соғыс жүргізу немесе жоғарыда аталғандардың кез келгенін жүзеге асыруға бағытталған заговор немесе жалпы жоспарға қатысу;

б) әскери қылмыстар, соның ішінде: соғыс заңдары  мен дәстүрлерін бұзу. Бұл құқықбұзушылықтарға  адам өлтіру, азаптау немесе құлдыққа салу немесе басып алынған территорияның  азаматтық тұрғындарын басқа  да мақсаттар үшін алып кету; теңізде  жүрген тұлғаларды немесе әскери тұтқындарды  азаптау немесе қлтіру; тұтқындарды  өлтіру; жеке немесе қоғамдық меншікті тонау; ауылдарды немесе қалаларды  мәнсіз қырып-жою; ақталмаған әскери қажеттілікпен құру және басқа да қылмыстар;

в) адамзатқа  қарсы қылмыстар, соның ішінде: соғыс  кезінде немесе соғысқа дейін  азаматтық тұрғындарға қатысты  жасалған өлтіру, жою, құлдыққа салу, жер  аудару және басқа да қатыгездіктер  немесе Трибуналдың юрисдикциясына жататын кез келген қылмыспен  байланысты немесе саяси, расалық, діни мотив бойынша ізіне түсуді жүзеге асыру. Осы әрекеттер жасалған елдің  ішкі құқығын бұзған бұзбағанына  тәуелсіз болады» [8].

Жоғарыда  аталған қылмыстардың кез келгенін жасауға бағытталған қастандық  немесе жалпы жоспарды жүзеге асыруға  немесе құруға қатысқан айдап салушылар, ұймдастырушылар немесе басшыларға персоналды юрисдикция тарағанын атап айту керек. Олар осындай жоспарды жүзеге асыру мақсатындағы кез келген тұлғаламен жасалған барлық әрекеттер үшін жауапкершілікте  болды.

Сотқа 24 басты әскери қылмыскерлер берілді. Істі тыңдау 1945 ж 20 қарашасынан басталып, 1946 ж 1 қазанына дейін, яғни үкім шыққанға дейін жалғасты. Осы аралықта Трибуналда 403 ашық отырыстар өткізілді. 3 мыңға жуық іс құжаттар қаралып, 200-ге жуық куәгерлерден жауап алынды (тағы бірнеше жүздеген куәгерлер Трибуналдың тапсырысы бойынша жауап алынды).

Басты неміс  әскери қылмыскерлеріне арналған Халықаралық  әскери трибуналдың үкімінде соғыс  заңдары мен дәстүрлерін бұза отырып агрессия жасағаны үшін жеке қылмыстық  жауапкершілік қағидасы бекітілді. Неміс әскери қылмыскерлерін мемлекеттік акт доктринасы арқылы қорғау мүмкіндігі теріске шығарылып, жауапкершілікті тек мемлекеттің мойнына алыуына жол берілмеді.

Нюрнберг  трибуналының үкімінде  жеке тұлғалардың  жауапкершілігі мәселесі бойынша:

«Халықаралық  құқықтың жеке тұлғаларға мемлекетке сияқты міндеттер мен парыздар жүктейтіні белгілі.., Жарғының мәні жеке тұлға  халықаралық міндеттемелерге ие болатындығының бекітілді. Соғыс заңдарын бұзған тұлға мемлекеттің бұйрығын орындаумен сәйкес әрекет еткені негізінде  жауапкершіліктен босатылмайды. Мемлекет халықаралық құқыққа сәйкес берілген компетенция шегінен шыға отырып осындай әрекеттерге санкция  берсе де, оны орындаған жеке тұлға  жауапкершіліктен құтылмайды» [8].

Екінші  дүниежүзілік соғыс барысында жапон милитаристері (олардың одақтастары неміс фашистері сияқты) халыққа қарсы аса ауыр қылмыстар жасады. Осыған байланысты Потсдам конференциясының шешімдерінде жапон әскери қылмыскерлерін жазалау туралы да мәселе қозғалды. 1945 жылдың желтоқсанында Мәскеуде өткен КСРО, АҚШ және Ұлыбритания шет істер министрлернің Жапонияның жойылғаннан кейінгі кеңесінде Жапония үшін Қиыршығыс комиссиясы мен Одақтық кеңестің ұйымдастырылуы мен компетенциясы туралы келісімге қол жеткізілді (оған Қытай да қосылды). Қиыршығыс комиссиясының қаулысында жапон әскери қылмыскерлерін қамау, соттау және жазалау мәслесі анықталды. Одақтық үкіметтер арасындағы келіссөздерден кейін 1946 ж 19 қаңтарда одақтық державалардың басты басшысы Қиыр Шығыс үшін Халықаралық трибунал Жарғысын бекітті. Осы құжаттың Нюрнберг трибуналының Жарғысынан айырмашылығы Токийстік халықаралық трибунал Жарғысының 5-бабында әскери қылмыстар соғыс заңдары мен дәстүрлерін бұзу ретінде анықталды, онда тікелей қылмыстар тізімі көрсетілмеді. Ал Нюрнберг  халықаралық трибуналының 6-бабында барлық әскери қылмыс тізімі жеке-жеке жазылған болатын.

Сотқа 28 Жапон басқарушы мемлекеттік қайраткерлері берілді (премьер-министр, министрлер, жоғарғы әскери басшылық өкілдері). Трибунал 20 айпталушыға қатысты айыптау үкімі шығарылды [3].

Нюрнберг  және Токийсиік процестер халықаралық  құқықтың әрі қарай дамуы үшін үлкен мағынаға ие болды. Бұл трибуналдардың қызметі соғыс заңдары мен  дәстүрлерін бұзуды бұлтартпаудың  аралас жүйесін құрудың бастауы  балып саналады. Нюрнберг және Токионың соттық тәжірибесі халықаралық сот  органдарымен жеке тұлғаларды қылмыстық  жауапкершілікке тарту мүмкіндігін  көрсетті, сонымен қатар мемлекеттер  мен халықаралық ұйымдардың қағидалар  мен нормаларды халықаралық-құқықтық актілерде бекіту процесіне себепші болды [4]. 

Бұрынғы Югославия мен Руанда территориясындағы  қақтығыс кезінде  адам өлімінің тым  көп мөлшерде болуы және халықаралық  қылмыстық құқықтың қауіпті бұзушылықтары  халықаралық қылмыстық құқықты  бұзғаны үшін жеке тұлғалардың қылмыстық  жауапкершілік институтының дамуын интенсификациялады. Осыдан халықаралық қаумдастықтың ad hoc халықаралық сот органының мүмкіндіктеріне назар аударуға және тұрақты Халықаралық қылмыстық сотты құру перспективасына себепші болды.

1993 ж  22 ақпанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі бұрынғы Югославия территориясында халықаралық қылмыстық құқық бұзушылық фактісі бойынша халықаралық қылмыстық сот құру қажеттілігі туралы шешім қабылдады (808 резолюция). 1993 ж 25 мамырда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 827 резолюциясымен 1991 жылдан бастап бұрынғы Югославия территориясында жасалған халықаралық қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауапты жеке тұлғалардың соттық ізіне түсу үшін Халықаралық трибунал құрды және оның жарғысын бекітті. Жарғыда халықаралық құқыққа сәйкес жазаланатын әрекеттер туралы ережелер жазылған. Нақтырақ айтқанда бұрынғы Югославия бойынша Халықаралық трибунал Жарғысының 2-5-баптарында осы сот органының юрисдикциясына жататын түрлі қылмыстар атап көрсетілген. Жарғының 2-бабы 1949 жылғы Женева коныенциясының қауіпті бұзушылықтарына арналған және осындай бұзушылықтарды жасау туралы бұйрық беретін немесе орындайтын тұлғалардың ізіне түсуге Трибуналға өкілеттілік береді. Ал 3 бап соғыс жүргізу заңдары мен дәстүрлерін бұзуды қоса отырып Трибуналдың юрисдикциясын кеңейтті.

5 бап қарулы қақтығыстар кезінде азаматтық тұлғаларға қарсы жасалған қылмыстарға кінәлі тұлғалардың соттық ізіне түсуді жүзеге асыруға Трибкналға өкілеттілік береді (халықаралық немесе ұлттық сипатта). Жеке қылмыстық жауапкершлілік аясы Жарғының 7-бабында жазылған. Жауапкершілікті «қылмыс жасауға, дайындауға немесе жоспарлауға айдап салған немесе жоспарлау, айдап салу, шақыру немесе өзге де әрекеттермен әрекеттескен» кез келген тұлға тартылды. Өкілетті  қызметтегі тұлғалардың(мемлекет басшысы, үкімет немесе жауапты шенеунік)  жауапкершілігі туралы мәселе шешімі, сонымен қатар үкімет немесе басшының бұйрығының салдары Нюрнберг трибуналымен қаланған қағида негізінде жарғыда қарастырылады [4].

1994 ж 8 қарашада Қауіпсіздік Кеңесінің 955 резолюциясымен Руанда территориясында орын алған геноцид және басқа халықаралық қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауапты тұлғалардың соттық ізіне түсу үшін Халықаралық қылмыстық трибунал құрылды. Бұл трибунал 1994 ж 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін орын алған көрші мемлекеттің территориясында геноцид немесе басқа да халықаралық қылмыстық құқық бқзушылықтар үшін Руанда азаматтарын да жауапкершілікке тартты. Руанда үшін Трибунал халықаралық сипатта емес қарулы қақтығыстар барысында жасалған қылмыстарды қарастыру үшін құрылғандықтан, сонымен қатар оның ерекшелігін есепке ала отырып, қолданыстағы халықаралық қылмыстық құқық өзге көлемге ие болды [27]. Руанда бойынша Трибунал юрисдикциясына жататын құқық бұзушылықтар тізімін анықтау кезінде, бірінші орынға геноцид, содан кейін адамзатқа қарсы қылмыстар, және ең соңында барлығына ортақ 1949 ж Женева конвенциясының 3-бабы мен ІІ Қосымша хаттаманы бұзғанына сілтеме жасалынды.

Информация о работе Жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстық жауапкершілік