Жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстық жауапкершілік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2012 в 23:13, дипломная работа

Описание

Мақсат пен зерттеудің пәні келесідей тапсырмаларды шешуді болжайды:
- «халықаралық қылмыстық құқықты бұзу» түсінігіне қандай әрекеттер жататынын орнату;
- индивидтердің халықаралық қылмыстық құқықты бұзғаны үшін жауапкершілік институтының генезисін зерттеу;
- қандай халықаралық қылмыстық құқық бұзушылықтар халықаралық дәрежеде жеке жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін немес әкеп соғатынын анықтау.
Зерттеудің

Работа состоит из  1 файл

Жаупкер.docx

— 142.51 Кб (Скачать документ)

Алғаш рет  бұл мәселе ұлттық сот тәжірибесінде  Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін  Германия Жоғарғы сотының «Лландовери» ісін қарастыру кезінде қолданылды. 1921 жылы су асты кемесінің екі офицері соғыс дәстүрлері мен заңдарын бұзғаны үшін айыпталды (олар «Замок Лландовери» батып бара жатқан британ госпитальдық кемеден құтқарылып қашып жатқан қарусыз азаматтық тұлғаларын атып, өлтірген болатын). Айыпталушылар өз кінәларын мойындамады. Олар өзінің командирі – кеме командирінің көмекшісі Патциганың бұйрығын орындағанына сілтеме жасап, кінәларын мойындамады.  Сот шынымен бұйрық берген фактіні танып, бірақ екеуін оған қарамастан кінәлі деп таныды: «әдетте бағыныштағы әскери қызметшілер өзіні басшысының бұйрығын бұлжытпай орындауға міндетті, егер ол бұйрық заңды болса. Ал егер олар бұйрықтың заңсыз екенін біле тұра жасалған әрекеттер, ешқандай ақтауға жатпайды. Мұндай жағдайлар  ерекше және сирек кездеседі. Бірақ сөз дәл осындай жағдай туралы айтылуда. Айыпталушылардың іс әрекеттерін қарастыруда, құтқарушы қайықтардағы қорғансыз адамдарды жаппай өлтіру құқық бұзушылық екені анық... сондықтан олар бұйрықты орындаудан бас тартуы керек еді. Ал олар бас тартпағандықтан, жазаланулары тиіс болды» [3].

Халықаралық құқықта алғаш рет бұл қағида Нюрнберг трибуналының Жарғысының 8-бабында қалыптасты: «айыпталушы үкімет қаулысы бойынша немесе басшының бұйрығы бойынша әрекет еткені туралы акті оларды жауапкершіліктен босатпайды, бірақ жазаны жеңілдету бойынша мән-жай ретінде қарастырылуы мүмкін, егер Трибунал оны әділсот мүддесі талабы бойынша таныса». Кейінірек дәл осындай ереже Токийстік трибуналдың Жарғысының 6-бабында өз орнын тапты.

БҰҰ халықаралық  құқық Комиссиясы осы қағиданы 1954 ж (4хбап), 1991 ж (12-бап), 1996 ж (5-бап) адамзат қауіпсіздігіне және бейбітшілігіне қарсы қылмыстар Кодексінің жобасының нұсқасына енгізген болатын. Ол мазмұны бойынша Нюрнберг трибуналының 8-бабына ұқсас келді: «адамзат қауіпсіздігі мен бейбітшілікке қарсы қылмыс жасаған тұлға  үкімет қаулысы бойынша немесе басшының бұйрығы бойынша әрекет еткені туралы факті оларды жауапкершіліктен босатпайды, бірақ жазаны жеңілдету бойынша мән-жай ретінде қарастырылуы мүмкін, және ол әділсот мүддесі талабы бойынша танылуы керек» [2].

Алғаш рет  бұл қағиданы кодификациялау 1984 жылғы қинау және басқа да қатыгез, адамгершіліксіз немесе ар-намысты таптайтын қатынастар түрлеріне және жазалауға қарсы Конвенцияның 2-бабының 3-тармағында жүзеге асты. Осыған сәйкес: «жоғарыдағы басшының немесе мемлекеттік биліктің бұйрығы қинауды ақтамайды». Бірақ қағиданың кодификациясының әрекет ету аясы осы халықаралық шартпен шектелді.

Өзінің  әрі қарай дамуын бұл қағида Рим  статутының 33-бабында өз жалғасын тапты.

Жеке  тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі қағидасы. Жеке тұлғалардың қылмыстық  жауапкершілігі қағидасы қылмыстық  құқықтың жалпы қағидаларының жүйесінде  орталық орынға ие және қазіргі қылмыстық-құқықтық доктринасының фундаментальді жетістіктерін айқындайды және мүше мемлекеттер рим статутына қосты. Осы қағида Рим статутының 25-бабының 2-тармағында бекітіліп, «сот юрисдикциясына жататын қылмыс жасаған тұлға жеке жауапкершілікке тартылады және осы Статутқа сәйкес жазаланады». Сонымен қатар, жеке тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі қағидасының мазмұны кеңейтілді. Рим статутының 25-бабының 3-тармағы бойынша қылмысқа қатысушы түрі мен формаларына бөлінеді. Басқа сөзбен айтқанда бұл қағида қылмыстық жауапкершілік тек жеке сипатқа ие, яғни  Рим статутымен қарастырылатын қылмыстық әрекет жасаған тұлғаға қатысты қолданылады немесе осындай қылмыс жасауға қатысқан тұлғаға ғана қолданылады [1].

Жеке  қылмыстық жауапкершілік Рим  статутының 25-бабының 1-тармағы бойынша кез келген жеке тұлғаға қатысты қолданылады, бірақ осы шарттың 26 бабында «қылмыс жасалған уақытта, қылмыс жасаған тұлға 18 толмаған болса» шектеу қолданылады.

 «Nullum crimen sine lege» қағидасы. Бұл қағида Рим статутының 22-бабында бекітілген. Осыған сәйкес егер тиісті әрекет жасалу кезінде, уақытында сот юрисдикциясына жататын қылмысқа сәйкес келмесе ғана тұлға осы Статут бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.

 «Nulla peona sine lege» қағидасы. Осы қағида  жазалауды тағайындаудың жалпы бастамасын анықтайды. Осыған сәйкес сотпен айыпты деп танылған тұлға тек Рим статутының ережелеріне сәйкес жазалануы мүмкін (23-бап).

Қызметтік дәрежесіне сілтеме жасауға жол  бермеу қағидасы. Рим статутының 27-бабында Қызметтік дәрежесіне сілтеме жасауға жол бермеу қағидасы туралы жазылған. Осы қағидаға сәйкес Рим статуты қызметтік дәрежесінің айырмашылықтарына қарамастан тең дәрежеде барлық тұлғаларға қолданылады. Осы баптың 1-тармағында Рим статутына сәйкес қылмыс жасаған жағдайда қылмыстық жауапкершіліктен босатылмайтын субъектілерді нақтыланған және олардың қылмыстық дәрежесі үкімді жеңілдетуге негіз болмайды: мемлекет басшылары немесе үкімет, үкімет мүшелері немесе парламент, таңдаулы өкілдер немесе үкіметтің өкілетті тұлғасы.  Аталған тізім осымен шектелмейді. Бұған мысал ретінде норманы қалыптастыру кезінде «соның ішінде» сөз тіркесі мысал бола алады [10].

Қылмыстық жауапкершіліктен босату негізі. Рим  статутының 31-33 баптарында қылмыстық жауапкершіліктен босату негізін анықтайтын басты ережелер қалыптасқан. Рим статутында қолданылатын «қылмыстық жауапкершіліктен босату негізінің» жалпылама түсінігі ұлттық қылмыстық-құқықтық жүйеде басқа мағыналық және заңдық айыртпашылықты білдіреді. Әдетте ұлттық қылмыстық заңнамада басты ережелерді жоғарыда аталған анықтамамен біріктіруді белгілеу үшін мысалы, ТМД-ның мүше мемлекеттерінде қылмыс субъектілерінің белгілерімен байланысты нормаларды біріктіретін «қылмыстық жауапкершілік шарттары» түсінігі қолданылады, сонымен қатар әрекеттің қылмыстылығын шектейтін жағдайлар» термині; англо-саксондық құқық жүйесіндегі елдерде – «қорғау құралдары» термині және т.б. дегенмен, осының бәріне қарамастан, басқару ережелердің өздері мемлекеттердің көпшілігінің заңнамаларына тән.

Рим статутының 31 бабына сәйкес тұлға жауапкершілікке тартылмайды, егер олар жасаған әрекеттер кезінде:

«а) тұлға  өз әрекеттерін заң талаптарына  сәйкестендіре алмайтын немесе өз тәртібінің сипатын немесе құқыққа қарсылығын түсіну мүмкін емес  психикалық аурулар  және көңіл-күйдің бұзылуымен байланысты болса;

б)  тұлға  өз әрекеттерін заң талаптарына  сәйкестендіре алмайтын немесе өз тәртібінің сипатын немесе құқыққа қарсылығын түсіну мүмкін емес  интоксикация жағдайында жасаса, егер осы тұлға осындай жағдайда өз бетімен интоксикацияға ұшыраса, және интоксикация нәтижесінде Соттың юрисдикциясына жататын қылмыстарға жататын әрекеттер жасауы мүмкін екенін білсе мүмкін емес;

в) тұлға  өзін қорғау үшін немесе басқа тұлғаны  қорғау үшін шекті әрекет еткен, немесе әскери қылмыс жағдайында осы тұлғаның немесе басқа тұлғаның тірі қалуы  үшін аса маңызды болып саналатын  мүлікті немесе осы тұлғаға немесе қорғаушы басқа тұлғаға немесе мүлікке  төнген қауіп дәрежесіне сай тәсілмен мәжбүрлі және құқыққа қарсы күш  қолданудың сипаты әскери тапсырмаларды  орындау үшін аса маңызды болып  табылатын мүлікті қорғауда әрекет етсе. Күштермен жүргізілген қорғау бойынша операцияға тұлғалардың  қатысу жағдайы осы тармақшаға сәйкес қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін негіз болып табылмайды;

г) Сот  юрисдикциясына жататын қылмыстарды  меңзейтін әрекеттер адам өлімінсіз  болмай қоймайтын қауіпке не болмаса  ауыр дене жарақаттарын келтіруден құтылмайтын  немесе осындай жарақаттарды келтіру  сол тұлғаның өзі үшін не басқа  тұлға үшін жалғасқан және тұлғаның төніп тұрған қауіпті алдын алу  үшін шектен тыс шаралар қабылдамау шарты сақталған жағдайда осы  тұлға осы қауіпті жою үшін шамалы және қажетті шаралар қабылдайды [39].

Рим статутының 32-бабына сәйкес егер осы қылмыстың қажетті субъективті жағдайын шектесе ғана қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін негіз болатын фактіде қателік болады.

Белгілі бір тәртіп түрі Соттың юрисдикциясына жататын қылмысқа қатысты құқықта  қателік болып саналатыны қылмыстық  жауапкершіліктен босатуға негіз болмайды.

 

 

2.3 Жеке тұлғалардың қылмыстық құқық бұзғаны үшін 1998 ж Халықаралық қылмыстық сотының Рим статуты бойынша жауапкершілігі

 

Қазіргі таңда Халықаралық қылмыстық  сот сияқты халықаралық қылмыстарды  бұлтартпау жүйесінің халықаралық  дәрежеде маңызды және орталық элементінің  қалыптасуының  тек de jure ғана емес, сонымен қоса de facto процесі аяқталуға жақын. Бұл оның юрисдикциясының материалдық негізінің негізгі заңдық белгілерін зерттеу қажеттілігін анықтайды, соның ішінде ең алдымен әскери қылмыстарға қатысты болады. Рим статутында әскери қылмыстар ретінде танылатын әрекеттердің кеңеюі тенденциясы Халықаралық қылмыстық соттың комплементарлық (қосымшалылық) қағидасына орай осы ереженің ұлттық қылмыстық заңнаманы жетілдіру процесіне де тікелей әсер ететіні белгілі [3].

Халықаралық қылмыстық соттың компетенциясында болатын әскери қылмыстарға қатысты  Рим статутының 8-бабында былай  делінген:

«1. Сот әскери қылмыстарға қатысты юрисдикцияға ие болады, егер осындай қылмыстар жоспарлау немесе саясат немесе ірі масштаб көлемі шегінде жасалса.

2. Осы Статуттың мақсаттары үшін әскери қылмыстар мынадай мағынаны білдіреді:

а) 1949 жылы 12 тамыздағы Женева конвенцияларын қауіпті бұзушылықтар, соның ішінде Женева конвенциясының тиісті ережелерімен қорғалатын мүлікке немесе тұлғаларға қарсы келесідей әрекеттер:

і) қасақана адам өлтіру;

іі) биологиялық  эксперименттерді қоса алғандағы қинау  немесе айуанды әрекеттер;

ііі) қасақана ауыр зардаптар, аса ауыр дене жарақаттарын немесе денсаулыққа зиян келтіру;

іv) әскери қажеттіліктермен туындамаған заңсыз, мәнсіз және ірі масштаб көлемінде мүліктерді жою немесе басып алу;

v) әскери тұтқында немесе өзге де күзетуші тұлғаны қарсылас державаның әскери күштерінде қызмет етуге міндеттеу;

vі) әскери тұтқында немесе өзге де күзетуші тұлғаны әділетті және дұрыс сот ісін жүргізу құқығынан қасақана айыру;

vіі) заңсыз депортациялау немесе көшіру, не болмаса заңсыз бас бостандығынан айыру;

vіі) тұтқынға алу жатады.

b) халықаралық құқық шегінде орнатылған халықаралық қарулы қақтығыстармен қолданылатын заңдар мен дәстүрлерді бұзу, соның ішінде келесідей әрекеттер:

і) әскери әрекеттерге тікелей қатыспайтын  жеке азаматтық тұлғаларға немесе азаматтық  тұрғындарға қасақана шабуыл жасау;

іі) азаматтық  объектілерге қасақана шабуыл жасау, яғни әскери мақсаттарға жатпайтын объектілерге;

ііі) халықаралық  қарулы қақтығыс құқығы бойынша азаматтық  объектілер мен азаматтық тұлғалар қолданылатын қорғау құқығына әлі ие болмаған, Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына  сәйкес бейбітшілікті қолдау бойынша  миссияға немесе гуманитарлық көмек  көрсетуге қосылған көлік құралдарына  немесе бөлімшелерге, материалдарға, объектілерге, персоналдарға қасақана соққы беру;

іv) жалпы әскери үстемдіктің нақты және тікелей нәтижесіне сай келмейтін қошаған табиғат ортасына қауіпті, кең ауқымды және ұзақ мерзімді зиян келтіру немесе азаматтық объектілерге зиян келтіру не болмаса осындай шабуыл азаматтық тұлғалардың аса ауыр қиналуына немесе өліміне алып келетінін біле тұра қасақана шабуыл жасау;

v) әскери мақсаттарға жатпайтын қорғалмайтын тұрғын үйлерге, ауылдарға, қалаларға шабуыл жасау немесе оларды қандай да бір құралдарды қолдау арқылы ату;

vі) қаруын тастаған немесе қорғауну құралы болмаған, сөзсіз берілген комбатантты жаралау немесе өлтіру;

vіі) нәтижесінде жеке тұлғаның өліміне алып келетін немесе зиян келтіретін, Женева конвенцияларымен орнатылған ерекшелендіретін эмблемаларды, Біріккен Ұлттар Ұйымының немесе қарсыластың формасын және айрудың әскери белгілерін немесе туды, парламентердің туын дұрыс қолданбау;

vііі) Басып алушы державаның басып алынған территорияға өзінің тұрғындарының бөлігін тікелей не болмаса жанама көшіру немесе басып алынған территория тұрғындарының бір бөлігін немесе толығымен осы территория шегінде немесе одан тыс жерге көшіру немесе депортациялау;

іх) тарихи ескерткіштерді, өнер туындыларын, яғни (мәдени және рухани) халықтың мұраларын, білім беру, діни, аурухана және ауру және жаралы адамдар жиналған орынды, олар әскери мақсаттарға жатпайтыны туралы белгілі болса, осындай мекемелерге  қасақана саоққы жасау;

х) қарсылас тараптартың билігіндегі тұлғаларға физикалық қинау қолдану немесе осындай тұлғаның немесе тұлғалардың  денсаулығына қауіп төндіретін немесе өлімге алып келетін және олардың  мүдделерімен жүзеге аспайтын тиісті тұлғаны ауруханалық емдеунемесе  тіс дәрігерлік немесе медициналық  емдеу қажеттіліктерін ақтамайтын кез келген ғылыми және медициналық  эксперимент жасау;

хі) қарсылас ұлтқа немесе әскерге жататын  тұлғалардың сеніміне кіру арқылы өлтіру немесе жарақаттау;

хіі) аяушылық болмайтынын мәлімдеу;

хііі) қарсыластың  мүлкін басып алу немесе жою, егер ол әскери қажеттілікпен туындаған  болса, онда мұндай басып алу немесе жою заңсыз деп танылмайды;

хіv) қарсылас тараптың азаматтарының арзыдары мен құқықтарын сотта жол берілмейтіндігін немесе тоқтатылғанын немесе жойылғанын хабарлау;

хv) қарсылас тараптың азаматтарын өз еліне қарсы әскери әрекеттерге қатысуға мәжбүрлеу, олардың соғысушы тараптың қызметінде соғысқа дейін болғанына қарамастан;

хvі) басып алынған жағдайдың өзінде қаланы немесе тұрғылықты пунктті жою;

хvіі) у немесе уланған қару қолдану;

хvііі) тұншықтырушы, уланған немесе басқа газдарды қолдану немесе осы тәріздес кез келген құралдарды, материалдарды немесе сұйықтықтарды қолдану;

хіх) адам денесінде тез үзілетін немесе тез майысатын оқтарды қолданбау;

хх) 121 және 123-баптарда жазылған ережелерге сәйкес Статутқа түзетулер жолымен енгізілген және соғыс жүргізудің мұндай әдістері, қарулары мен техникасы жалпыға тыйым салынған болып саналатын, және мәні бойынша халықаралық қарулы қақтығыс құқығының нормаларын бұза отырып жасалатын не болмаса қажет емес ауырпашылықтарға немесе аса көп жарақаттарға алып келетін соғыс жүргізудің мұндай сипатын немесе қару және техникаларын қолдану;

Информация о работе Жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстық жауапкершілік