Жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстық жауапкершілік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2012 в 23:13, дипломная работа

Описание

Мақсат пен зерттеудің пәні келесідей тапсырмаларды шешуді болжайды:
- «халықаралық қылмыстық құқықты бұзу» түсінігіне қандай әрекеттер жататынын орнату;
- индивидтердің халықаралық қылмыстық құқықты бұзғаны үшін жауапкершілік институтының генезисін зерттеу;
- қандай халықаралық қылмыстық құқық бұзушылықтар халықаралық дәрежеде жеке жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін немес әкеп соғатынын анықтау.
Зерттеудің

Работа состоит из  1 файл

Жаупкер.docx

— 142.51 Кб (Скачать документ)

Халықаралық құқықтағы тұлғаның   мәртебесiн сараптауды халықаралық  қылмыстық процесс саласында  одан әрi жалғастырамыз. Халықаралық  қылмыстық процестiң құқықтық нормалары  бейбiтшiлiкке және адамзат қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар туралы Кодекс  Жобасында, Халықаралық қылмыстық  полиция ұйымы   – ИНТЕРПОЛ Жарғысында, БҰҰ-ның ең төменгі стандарт ережелерiнде, кәмелетке толмағандарға  қатысты сот әдiлдiгiн жүзеге асыруға  қатысты 1985 жылғы “Пекин ережелерiнде”, сотталушыларға қараудың 1995 жылғы Ең төменгі  стандарт ережелерiнде, өлiм  жазасына кесiлгендердiң құқығын  қорғауды кепiлдейтiн 1984 жылғы іс-шараларда  кездеседi. Жоғарыда аталған халықаралық  құжаттарда мемлекеттердің   қылмыскердi ұлттық сотқа беруi немесе басқа  мемлекетке қылмыстық қудалауды  жүзеге асыруы үшін  беру мiндеттерi; бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiкке қарсы  қылмыс жасаған тұлғаларға ескеру мерзiмiн  қолданбау; кiнәсiздiк презумпциясы, сот талқылауының әділдіігі және т.б. қарастырылған. [10]Бiрiккен Ұлттар Ұйымы мемлекеттердің   қылмыстар бойынша сот әдiлдiгiн атқаруға өзара көмектесу шаралары туралы, қылмыскердi беру туралы үлгі  шарт жөнiнде ұсыныстар жасады, табу, ұстауға қатысты халықаралық ынтымақтастық қағидаларын әскери қылмыстар мен адамзатқа қарсы қылмыстар жасаған кiнәлi тұлғаларды беру және жазалауды айқындады.

Тараудың басында тұлғаның   конституциялық тәртiбi туралы мәселенi қозғаған болатынбыз. Соңғы айтылған тезис біздің ойымызша тұлғаның   халықаралық құқықтағы мәртебесiн айқындап бере алады. Азаматтық адамға оның тұлғасын мойындауға кепiл берерi сөзсiз. Мұнан басқа, азаматтық адамның    қоғамдағы материалдық және рухани жағдайын көрсетедi. Азаматтықтың реттелмеген мәселелерi саяси қайшылықтар мен дауларды туындатады, халықаралық-құқықтық нормаларда азаматтықтың болмауын қысқартатын мәселерге шешiмдер табылған. Мәселен, Халықаралық Стандартқа сәйкес, мемлекет осы мемлекеттің   аумағында дүниеге келген кез-келген тұлғаға азаматтық бередi.[11] Адамды қандай да бiр мән-жайларға байланысты, ұлты, этникалық тобы, дiни және саяси сенiмдерi үшін  азаматтығынан айыруға жол берiлмейдi. Тұлғаның   мәртебесiне қатысты конституциялық ережелер адам құқықтары жөнiндегi Халықаралық биллге толықтай сәйкес келедi. Дегенмен, мұның жеткiлiксiз екенiн де айту керек. Демократиялық, құқықтық мемлекетке ұмтылатын кез-келген мемлекет өзiне жүктелген мiндеттемелердi орындауы үшін  нақты экономикалық, әлеуметтiк мүмкіндіктерi болуы керек, мысалы, мемлекеттің ең Жоғарғы   жаза - өлiм жазасынан бас тарту мүмкіндiгi. Қазақстан Республикасы өлiм жазасына мораторий жариялағаны белгiлi. 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Қылмыстық кодекстiң 49 бабы өлiм жазасын ең Жоғарғы жаза деп бекiткен. Егер бiз бұрын өлiм жазасын кәмелетке толмағандар мен екiқабат әйелдерге қолданбасақ, ал қылмыстық заңның жаңа редакциясында ату жазасы кәмелетке толмағандарға, екiқабат әйелдерге тағайындалмайды; сондай-ақ еркектерге соттың үкiмi шыққан кезде 65 жасқа толған жағдайда бұл жаза тағайындалмайды. Сөйтiп, біздің мемлекетiмiз қазiргi жағдайда өлiм жазасынан бас тартып, оның  орнын өмiр бойы бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстыра алмай отыр. [12]

 Немесе тағы бiр қарама-қайшылықты  мысал, БҰҰ-ның ең төменгі стандарт  ережелерiнде соттаушыларды қамауда  ұстаудың ең аз алаңы біздің  жәй адамдарға берiлетiн алаңнан  көбiрек!?  ҚР IIМ пенитенциарлық  мекеме бөлiмшесiнiң басшысы, оның  департаментiнiң бiр сотталушысы  асырауға бекiтiлген 130 теңгенiң орнына 15 теңге алатынын айтып өттi. (Қазақстандағы  адам құқықтары жөнiндегi 1998 жылғы  баяндамадан). Қарастырылған проблемада  барлық азаматтардың құқықтарының  теңдiгiн мемлекеттің   нақты  мүмкіндіктерiн ескере отырып  айқындау дұрыс болар деп есептеймiз. 

Тұлғаның халықаралық құқықтағы   мәртебесiн айқындай отырып, бiз қазақстандық тәжiрибедегi әйелдер мен балалар  мәртебесi  мәселелерiн де сөз  етсек. Кейінгi кездерде әйел адам әлемде болып жатқан барлық өзгерiстердiң  негiзгi субъектiсi мен объектiсiне айналуда. Әйел адамның     қызметi жалпы  сипат алуда. Бiрақ бiз бұл өзгерiстердiң  бәрi қоғамның гендерлiк құрылымында  сыртқы сипатқа ғана    ие екенiн  айтуымыз керек. Әйелдiң объективтi қоғамдық жағдайының өзгергенi шамалы. Мұны кәсiби қызметпен айналысудан, әйелдiң саяси өмiрге қатысуынан, оның отбасылық мәртебесiнiң айқындалуынан  көре аламыз. [13]

Қазақстан Республикасы әйелдер теңсiздiгiн  жоюда оң нәтижелерге жете қойған жоқ. Мәселен, мемлекеттiк құрылымдардағы әйелдер саны 5–6 % құрайды, ал төмен  кәсiби еңбекпен айналысатын әйелдер  деңгейi ерлерге қарағанда екi есе  аз, дегенмен әйелдердiң бiлiм деңгейi 8–10 % жоғары  болғанымен, жұмыссыздардың 70 %-ын әйелдер құрап отыр. Жоғарыда аталған цифрлер біздің қоғамда  әйелдер мәртебесiне жете көңiл бөлiнбегенiне айғақ болады. Әйел проблемасы әрқашан  отбасының, балалар мен жастардың  проблемаларымен бiрге жүретiнi белгiлi. Әйелдер проблемасымен айналысатын жалғыз мемлекеттiк құрылым отбасы, әйел және демографиялық саясат проблемалары бойынша Кеңес деп аталады. Президенттiң “Әйел және Қазақстан балалары” атты бағдарламасы да аяқталған жоқ.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын саралағанда, нормативтiк  актiлерде сексизмдер бар екендiгi, яғни, тек ерлерге байланысты құрылғаны  белгiлi болды. Неке және отбасы туралы Кодексте әйелдер мен еркектер теңдiгi көзделген; мәжбүрлеп жасалған некенiң  жарамсыздығы, ескi дәстүрдiң жарамсыздығы көрсетiлген. Отбасы заңнамасында сондай-ақ ең төменгi неке жасы бекiтiлген, неке шарты  институты некеге отырғанда мiндеттi болып саналмайды, ал баламалы сипатта. Сондай-ақ неке шартының талаптары  тек мүлiктiк қатынастарға байланысты. Өкiнiшке орай, заңнамада ресми  тiркелмеген азаматтық некелердi реттеу мәселелерi қарастырылмаған. Еңбекпен түзеу туралы заңдарда әйелдерге  қатысты өлiм жазасын қолданбау, жазаны өтеудiң түрлі    режимдерi қарастырылған. Қылмыстық заңнама  нормаларына сәйкес, 53 бапта –  екiқабат күйде қылмыс жасау –  қылмыстық жауапкершiлiкпен жазаны жеңiлдететiн мән-жайларға жатады. Егер де екiқабат әйелге қарсы бiле тұра қылмыс жасалса, онда бұл кiнәнi ауырлататын  мән-жайға жатады. Еңбек заңнамасында әйелдер мен еркектердiң еңбек  ақысын төлеуде теңсiздiктер бар. Жалпы  жұмыссыздық жағдайында әйелдер  еңбегiн қорғау    жөнiндегi  көптеген заңдар әрекетсiз күйде.

Өмiрдiң түрлі    салаларында  әйелдер құқығын бекiту мақсатында ұлттық заңнамаларды жетiлдiрудiң объективтi қажеттiлiгi туындап отыр. Әр түрлі    салалардағы әйелдер құқығын  реттейтiн құқықтар туралы заң қабылдау қажет, отбасы, қызмет немесе жұмыстағы  әйелдер мен балалар мәселелерi бойынша мемлекеттiк негiздердi айқындау керек. 147]

Осыған байланысты әйел мәртебесі  мәселелері жөніндегі қазақстандық заңдарға енгізу қажет деп ойлайтын    ұсыныстарымыз:

- Қол астындағы әйелдерге қатысты жыныстық күштеу көрсететiн лауазымды  тұлғаларды әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiкке тарту мәселелерiн  қайта қарау;

- Әйел құқығын қорғау мәселелерiндегi халықаралық ынтымақтасық  белсендiлiгiн арттыру;

- жұмысқа қабылдағанда әйелдер мен балалы әйелдерге квотаны заңнамада бекiту қажет, кейбiр мемлекеттердің   заңнамаларында белгiленгенiдей;

- Әйелдерге балаларының саны мен жалақысының көлемiне қарамастан жәрдемақы беру институтын қайта қалпына келтiрудi қамтамасыз ету;

- жұмысқа қабылдағанда жынысына байланысты кемсiтушiлiк жiберген жұмыс берушiлердің  жауапкершiлiк шараларын бекiту;

- мемлекеттiк басқару саласына әйелдердi тарту мәселесiне мемлекеттің   көңiл бөлуiнiң белсендiлiгiн арттырудың объективтi қажеттiлiгi  пiсiп жетiлдi;

- Әйел денсаулығын репродукциялау туралы заң қабылдау қажет;

- адам құқықтары мәселесiнде әйелдердiң бiлiмiн көтеруге кешендi-ағарту  мәселелерін қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасындағы  әйелдер  жағдайын жақсартудың  1997 жылғы 5 наурыздағы мемлекеттiк саясат тұжырымдамасының “Әйелдерге қатысты күш көрсету  проблемалары” атты бөлiмiнде Қазақстанда  күш көрсетудiң кең  таралған нысандарына  бiрге тұруға мәжбүрлеу және жезөкшелiк, зорлау, тұрмыстық жағдайда кiсi өлтiру, маскүнемдік, нашақорлық, садизмге байланысты кiсi өлтiрулер, ұдайы ұрып-соғу мен  психологиялық зорлау түрлерi жатқызылған. Күш қолданумен күрестегi әлемдiк  тәжiрибеден, ең тиiмдi шара кiнәлiнi әкiмшiлiк  қамау екенi белгiлi болды. Бұл қайталануы мүмкін     күш көрсетудi қысқартудың  ең тиiмдi құралы  болып отыр. Мұнан  тыс, үй жағдайында күш қолдану, ерлi-зайыптық зорлау сияқты түсiнiктер енгiзудiң объективтi қажеттiлiгi туындауда. Аталған мәселелер  ғылыми-пiкiрталаста аз айтылып жүрген жоқ. Әрине, жоғарыда аталған ұсыныстарды  мемлекеттің   дереу қарап, шешім  қабылдау  мүмкіндiгi жоқ. Бұл, біздің көзқарасымыз бойынша жiтi қарауды  қажет ететiн жағдай. [15]

Қазақстан Республикасының неке және  отбасы заңнамасында 1998 жылы енгiзiлген өзгерiстер халықаралық құқықтың ұлттық құқықтан басымдығының қолданылуын  дәлелдейдi. Мысалы, Қазақстан Республикасы 1989 жылғы Бала құқығы туралы Конвенцияны  ратификациялады. Бұл Адам құқықтарын қорғау     жөнiндегi алғашқы  ратификацияланған халықаралық-құқықтық актi екендiгiн айту керек. Бiрақ та біздің мемлекетiмiзге ұлттық заңнаманы  халықаралық стандарттарға сәйкестендiру үшін  аттай төрт жыл керек  болды. Мысалы, бүгiнгi таңда неке-отбасы заңнамасы халықаралық бала асырап алуға рұқсат бередi, ал бұрын оған тыйым салынған кезде мемлекеттің   балаларды ұрлаумен байланысты проблемалары көбейiп кеткен едi. Сонымен қатар, 1993 жылғы “балаларды қорғау     және мемлекетаралық бала асырап алудағы  халықаралық ынтымақтастық туралы”  Гаага конвенциясын ратификациялау қажеттiлiгi туындады. Қазақстан Республикасындағы  халықаралық бала асырап алудағы  сот тәжiрибесi материалдық және iс жүргiзу тәртiбiнде қиыншылықтарға кездесуде. Тұлғаның   өмiр сүру құқығын жүзеге асыру шеңберiнде, атап айтқанда, жасанды ұрықтандыруды  пайдалану мен эмбрионды имплантациялау мүмкіндiгiнде жаңа неке және отбасы заңнамасы халықаралық стандартты қолданды. Заңды әкелiк институтына  арналған конституциялық нормаларды ары  қарай жекелеп шешу мәселесi қарастырылған. [8]

Адам құқықтарын зерттеу халықаралық  құқықтың дамуының маңызды бағыты мен  қазiргi таңдағы тиiмдiлiгi болып табылады. Аталған саланың жеткiлiктi бай  нормативтiк базасы болғандығына қарамастан, осы мақалада бiр қатар проблемаларды  айтып өтуге тырыстық. Мұнда, айтып  өтетiн бiр мәселе, бiрiншiден, нормативтiк  актiлердiң көпшiлiгi жеке тұлғаға  қолдану мәселелерiнде жалпылама  сипатқа тән; екiншiден, олардың қолданылу  және орындалу тиiмдiлiгi жеткiлiксiз; үшіншiден, олардың орындалуын бақылау тетігін  жетiлдiру қажет. Бүгiнгi таңда адамның     тұлға    ретiндегi проблемасы күннен күнге халықаралық сипат алып келе жатыр.

 

1.2 Жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстар үшін жауапкершілік интитутының қалыптасуы мен даму тарихы

 

Тарихқа жүгінетін болсақ, тек қана соғыс  құқығының емес, жалпы халықаралық  құқық ғылымының қалыптасуына үлкен  септігін тигізген голланд заңгері  Гуго Гроций (1583-1645 жж) болып табылады [18]. 1625 жылы жарық көрген «Соғыс және бейбітшілік құқығы туралы» атақты еңбегінде ол испандық Ф. Витторио мен Ф. Суарес, итальяндық А. Джентили, француз Ж. Боден, және тағы басқа атақты заңгерлердің көзқарастары мен халықаралық құқықтық тәжірибені жүйелендіріп ортақтастырған болатын. Олар соғыс заңдары мен дәстүрлерін, сонымен қатар соғыс кезіндегі жеке меншікке ешкімнің тиіспеушілігін, әскери тұтқындар мен жараланғандарға үшін жазалауды қалыптастырған болатын.

Гуго  Гроций «әділетті» соғыс концепциясын ұстанған болатын. Өз кезегінде Г. Гроций соғыс бастау үшін мемлекет жариялайтын  «әділетті себеп» қарсыластардың соғыс  заңдары мен дәстүрлерін ұстануды тоқтатады деген ойды теріске  шығарғандардың алғашқысы болды. Дегенмен ол                           Ф. Витторио сияқты қарсылас елдің тұрғындарына жеңімпаздың аяушылығынан тәуелді  жау ретінде қарады. Соған қарамастан Гроций жеңіске жету үшін қажетті  шектен асқан зорлық ақталуы мүмкін емес, азаматтық тұрғын және жауынгерлер  әскери қажеттілік жол бергендіктен тірі қалулары керек екенін мәлімдеген. «Зорлық жазалау ретінде қарастырылмағандықтан  оның мәні болмайды. Ол шекті қолдануға  жататын құралға айналды». Осымен Гуго Гроций әділетті сылтау мен түсінік соғысушы тараптардың қару қолдануға жүгінуін тудырады, бірақ ол соңысушы тараптарға соңыс ережелерін сақтау міндетін жүктеуден босатпайды деген тезисті алғаш қалыптастырғандардың бірі. Голланд ғалымының еңбектеріндегі ережелерінде көзқарастың екі түрлі болуына қарамастан XV-XVIII ғасырдың соғыс дәстүрлерінің мазмұнының айтарлықтай дәрежесін анықтауға негіз болды.

Осы кезеңде  әскери қылмыстар жасағаны туралы істер  бойынша алғашқы ұлттық сот істері қарастырыла бастайды және осы жауапкершілікті  ұлттық дәрежеде реттеуге ұмтылыс пайда  болады. Алғашқы сот талқылауы  Жоғарғы Рейндегі Брайзах қамалы қаласының губернаторы Петер  фон Хагенбах процесі саналады. Хагенбах адам өлтіру, зорлау және әйелдер мен  балалар толығымен олардың билігінде  қалу үшін жалшыларға ер адамдарды  үйлерінде өлтіруге бұйрық бергенді қоса алғанда басқа да қылмыстарды  жасағаны үшін айыпталды. Хагенбах қорғаудың  аргументі ретінде осындай бұйрықтарды  орындаудың себебі «Петер фон Хагенбах мырза герцог Бургундскийдан басқа  ешбір сотты және мырзаны мойындамайды»  және оның берген бұйрықтарын орындаудан бас тарта алмайтындығын келтірді. Осы аргумент «герцогтың атынан жасалған барлық әрекет» герцог жеке өзі өткен  уақытпен құптап және бекіткен болатын. Сот бұл аргументтерді орынсыз  деп тауып, фон Хагенбахтың кінәсі дәлелденген деп санап, соттың шешімі бойынша ол өлім жазасына кесілді. Олардың қазіргі түсінігінде барлық жасалғандарды әскери қылмыстар ретінде квалификациялау қиын [4].

Осыған  орай 1644 жылы Англияда қарастырылған L’Estrange ісі де көзден таса қалмайды. Сол кездің өзінде әскери прокурор сотта айыптау «тек қана Ерекше баптар мен Парламент Ордонанстарында емес, сонымен қатар әр жауынгер білуге тиіс жалпы соғыс заңдары мен дәстүрлеріне» негізделуі керек екенін айтқан болатын.

Соғыс заңдары  мен дәстүрлерін бқзғаны үшін жауапкершлілікті ұлттық дәрежеде реттеудегі алғашқы мүмкіндіктер 1386 жылғы Англия королі Ричард ІІ шығарған әскерді басқару туралы Жарғысында көрініс тапты. Осы құжатқа сәйкес соғыс әрекеттерін жүргізуді және өлім арқылы қорқытумен қарусыз діни сенушілерге және әйелдерге қатысты зорлық көрсетуге, үйлерді өртеу және шіркеулерді қорлауға тыйым салынған болатын. Ұқсас нормалар 1526 жылы Фердинанд Венгерскиймен, 1570 жылы император Максимилианмен, 1621 жылы Швеция королі Густаво ІІ Адольфпен шығарылған кодекстерге енгізілген.

Орталық және Шығыс Европа мемлекеттерінде  құқықтың дамуы үшін Ұлы княждық  Литовскийдің Статуты үлкен маңызға  ие болды. Оның құрылымына 1529 жылдағы Статуттан бастап «Об обороне земской» тарауы қосылған. Бұл тарау соғыс кезінде немесе әскери жүріс кезінде әскери қызмет етушілермен жасалған қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілікті орнатады.

1588 жылғы Статуттың ІІ параграфының 18 бабына сәйкес әскери әрекеттер кезінде немесе әскери әрекеттер орнына барар жолда не қайтар жолда жүзеге асқан «үйлер мен шляхеттік гумналарға» шабуыл жасау қылмыс болып саналды. «Прысвойванне знойдзенай у паходе маёмасці» ($ ІІ 25-бап), «незаконнае карыстанне або пашкоджанне маемасці мірных жыхароу» (ІІ 25-бап) және тағы басқалары қылмыс ретінде саналды. Статутқа сәйкес жазалауды тағайындау кезінде бірінші орында істелген әрекеттің нәтижесі ескерілді. Мысалы, өлім, зорлық, жарақат келтірумен байланысты шляхеттік үйлерге шабуыл жасағаны үшін тиісті штрафтарды төлеумен қатар өлім жазасы тағайындалды, дәл осындай тек мүлкіне зиян келтірумен байланысты шабуыл жасау келтірілген зиянның орнын толтыру міндеттемелерін жүктеді.

 Әкери  әрекеттер немесе әскери походтар  кезінде әскери қызметшілер азаматтық  тұрғындардан орнатылған такса  («водлуг уставы») бойынша «өзіне  және өзінің атына тамақ» алуға  құқығы болды. Жарғыны бұзғаны  үшін қылмыстық айыппұл салынады: 1529 жылғы Статут бойынша – «гвалт», 1566 жылғы және 1588 жылғы сатут бойынша келтірілген зиянның орнын екі есе қайтару [19].

Осыған  ұқсас қарулы қақтығыстарды гуманизациялау процесі Ортағасырда Азия мемлекеттерінде  де орын алды. 1339 жылы жапон императоры Годайго көтерілісті басуға әскер жібере отырып, бас қолбасшыға тек қана көтеріліске себепші адамдарды ғана өлтіруді ғана бұйырды, ал қамқоршылық көмегіне мұқтаж кінәсіздерді және тонауға тыйым салынғандарға тиіспеуді бұйырған болатын [4].

Информация о работе Жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстық жауапкершілік