Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 21:34, дипломная работа
Тақырыптың өзектілігі. Кез келген тарихи тұлғаға баға бергенде ол өмір сүрген заманы, қызмет етіп, қызу араласқан қоғамы тұрғысынан қарау қажеттігі мен болашақ үшін сіңірген еңбегі тұрғысынан зерделеу талабын ескеретін болсақ, ғылыми зерттеу саласындағы жеке тұлғалардың ашқан жаңалықтарын айқындап, болашаққа берер бағдарын көрсету.
Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға елдің тағдыры, тұлға – елдің тұтқасы болып табылады. Яғни тарих дегеніміз тек қана тап күресі мен қоғамдық формациялардың алмасуы емес. Бұл адамдар мен тарихи тұлғалардың әрекет ететін аренасы.
Уақыт өтер, әлі талай ізденуші Зұлқарнай Алдамжар зерттеген тарихының сан қырлы мәселелерін сан мәрте тексерер, ой елегінен өткізер. Бірақ ғалым-таризшы салған өзіндік жол, өзіндік пікір зерттеуге үлгі болды.
Өзі де өмірінің соңына дейін ғылыми еңбектер жазумен болды. Ауыр сырқатпен арпалыса жүре Санк-Петербург қаласының ауырханасында жатып, «История: размышления и суждения» деген монографиялық еңбегін жазып, жастарға өсиет етіп қалдырып кетті.
Бұл кітап туралы Қазақстан ҰҒА-ның академигі, тарих ғылымдарының докторы, осы жуықта ғана дүниеден озған марқұм К.Н. Нұрпейіс төмендегідей пікір білдіреді. «Монография недавно ушедшего от нас академика З.А. Алдамжара посвящена историческому пути развития Казахстана в контексте мировой истории.
...Книга отличается теоретической глубиной, смелой и острой постановкой ряда сложных вопросов» [14,8 б.].
Көрнекті ғалымның соңғы демі біткенше қолынан қаламы түскен жоқ. Бойындағы бүкіл қажыр-қайратын қазақ елі мен жұртына арналды. Қайда жүрсе де оны өзі қадір-қасиет тұтқан ұлы аталары Махамбет, Исатай, Есеттің аруағы қолдап-қорғап жүрді. Жүрегі ғұмыр бойы халқым деп соқты.
2.2 Профессор З. Алдамжар зерттеулерінің тарихи-методологиялық әлемі
Ғылымның ежелден басты мақсат-міндеті адамға ғана тән ақыл-ой қарымымен таным көкжиегін кеңейту, материалдық-рухани игіліктерді молайтып, баршаның әл-ауқатын жақсарту болып табылады. Мұнын амаша үлгісін қазба байлықтардан жұрдай Жапон елі көрсетіп отыр. Өкінішке орай, әлі күнге дейін көптеген мемлекеттергде ғылым мүмкіндігі толық кәдеге асқан жоқ. Негізгі себеп – қай елде болмасын және әрқашан ғылым тағдыры мен жаңалығының саясатқа жегілгендігі.
Саясаттың ғылымға зорлығы кешегі КСРО-да мейлінше шектен шықты. Партиялық-идеологиялық өстемдік пен үздіксіз қуғын-сүргін ғалымдарды айтқанға жүріп, айдағанға көнуге мәжбүрледі. әсіресе тарихшыларға ауыр тиді. КОКП орталық комитетінде бас хатшы ауысқан сайын Отан тарихының байлам тұжырымдары жоғарыдан түскен тапсырысқа сай «жаңаша» қаралып, ғалымдарды да, қарапайым оқырманды да әуреге түсіргені, іргелі тақырыптар бойынша ақиқаттан мүлде алысқа алып кеткені бүгінде баршаға аян [36,17 б.].
Ауру батпандап кіреді, мысқылдап шығады. Қазақстандық тарих ғылымы осы күйді бастап өткізуде. Ондаған жылдар барысында зорлықпен таңылған шектеулер мен жалған құндылықтардан қол үзу оңай емес екен. Азаттық шапағатымен ғана кітапхана мен архивтің жабық қорларынан табылған құжаттар мен ақпараттар, ғылыми ізденісте деректік негізді байытса, бұрын зерттеуге тйым салынып келген тақырыптар қолға алынып, «ақтандақтар» жойыла бастады. Ең бастысы – ғылыми танымның методологиясын анықтаған марксистік-лениндік идеология мемлекеттік мәртебесінен айрылды. Соңғы 15-20 жыл бойы Отандық тарих ғылымы жаңа методологиялық ұстанымдарды игеруде. Бұл, әрине, бір сәтте ғана ғалымның қабілет-қарымымен шешіле қалатын жеңіл-желпі міндет емес. Дегенмен, аса жауапты осынау қажеттілікті өтеуге кіріскен тарихшы ғалымдардың алдыңғы тобында профессор Зұлқарнай Алдамжар бар еді.
Профессор З.Алдамжардың. Кеңестік тоталитарлық мазмұн мен пігіннен ада әрі бүгінгі методологиялық тұғырнамасы 2002 жылы «арыс» баспасынан жарық көрген «Тарих: пайым мен тағылым» кітабында жинақталған. Мұнда автор кейбір жекелеген әріптестерінің өтпелі кезеңдегі неғайбыл сәттерді пайдаланып, бұрынғы таптық методология мен идеология қағидаларына үндес айтылған ағаттықтары мен қателіктерін жедел «түзетіп», «жақсартыңғырап», мен сол тар жол, тайғақ кешу, кезеңнің өзінде де батылдық жасап едім, күрескер едім, ақиқат үшін қуғын сүргінге-ұшырап едім дегенге саясатын пысықай тіршіліктерін сынға алады. Ал өзінің шығармашылық тағдырының тағылымынан түйген қорытындысы азаматтық болмысының бір парасы. КОКП өстемдігі жүріп тұрғанда жазылған еңбектеріндегі олқылықтарды жуып-шаюға тырыспай, қайта әр затты өз атымен атауға бара алған. «Автор, - дейді З. Алдамжар өзі туралы, - ... көп жылдар бойы марксизм-ленизм теориясы мен негізгі методологиялық қағидаларын басты құрал санап, советтік қоғамдық-саяси, идеологияшеңберінде еңбектеніп келгенін ескертеді және де таптық көзқарастың біршама тұжырымдарына күмәні бола тұра кейбір тарихи мәселелерді зерттеуде сол қалыптасқан шеңберден шығуға мүмкіншілік таба алмаған дәрменсіздігіне қынжылады» [36,17 б.].
Жаңа замана ой-санасындағы қандай да ауқымды өзгерістер, ғылыми зерттеудің жаңаша принциптері мен әдістерінің қалыптасуы өте күрделі процес екенін қаперінен шығармаған профессор З. Алдамжар тарих философиясына еркін бойлаған. Айталық, б.з.б. ҮІІ ғасырда өмір сүрген Гесиодтың, б.з.б. ҮІ-Ү ғасырлар тоғысында өмір сүрген Гераклит Эфесскийдің, көне Қытай ойшылдарының, ортағасырлық араб ғалымы Ибн-Халдунның тарихи үрдіс, тарихты дәуірлеу, мемлекеттің пайда болуы, тарихтағы Елбасы мен халықтың ролі жайлы тұжырымдарын талдайды. Тарих методологиясын жаңа белеске көтерген Гегель, О.Шпенглер, А.Тойнби, П.Сорокин, К.Ясперс, Л.Н.Гумилев мұраларын жетік білетініне тәнті етеді. Әрқайсысының тарих философиясына қатысты ой-түйіндерін алға тарта отырып, бірінен-бірін артық-кем қоймайды. Осымен-ақ оқырманды өздік ойлауға бағыттайды [36,17 б.].
Ұлы ойшылдардың тарихи-методологиялық көзқарастарын тереңінен білген З.Алдамжар олардың жетегінде кетпенген. Ғалымның осы мәселедегі ұстанымы «Ұлттық тарихымыздың өзекті мәселелері» атты зерттеуінде нақты айтылады. Еңбектің кіріспе бөлемінде авторлық мақсат пен позиция мына сөздермен берілген: «...Біз методологиялық негізді қайтадан, жаңаша, объективті ғылыми позициядан, өркениеттік принциптерге сүйене қалыптасуымыз керек. Бірақ барлық жағдайда да ғылымға адалдық, жауаптылық, рухани тәелсіздік, щығармашылық еркіндік қажет». Қазақ елінің тәуелсіздігі жарияланған кейінгі 10-15 жыл бойына Отандық тарих ғылымында жаңа методология орнықпау себебін ашу талпынысын назар аударуға лайық дүние. Профессор З.Алдамжар пікірінше, бұған, біріншіден тарихты кінәлау, барды жоқ деп бірыңғай қанағатсыздықтың жетегінде кету залалын тигізуде. Екіншіден эмоциялық әсермен тездетіп пікір айту, жаңашылдар санатындамын деп ұрандау «дертіне» шалдыққан тарихшылар артық қылудың орнына тыртық қылуда. Үшіншіден, тарихи сана осы мезгілге дейін теориялық және методолоялық негіз деп мойындалып келген сыңаржақ таптық методология шығармауынан толық шыға алмауда.
Тарихи танымдағы методологияның мәнін жоғары бағалаған ғалым оған анықтама беруге келгенде үлкен жауапкершілік танытады. Алдымен методология ұғымын әдіс ұғымымен шатастыру орынсыз екенін ескертеді. Методологялық жүйені жасау және оны дамытып жетілдіруді бір адамның мүмкіншілігінен асып жататын объективті іс ретінде қаперге салады. «Ғылымның қазіргі деңгейінен қарағанда, - деп пайымдайды З.Алдамжар, методология – теориялық қағидалар мен зерттеу әдістерінің, принциптерінің, өлшемдерінің өзара іштей үндестігі (гармония), біртұтас жүйелілігі...» [37,18 б.].
Методологияның анықтамасын беру қаншалықты жауапты міндет болса, оны зерттеу жұмысында орынды қолдана білу де оңай шаруа емес. Қожаберген, Исатай, Махамбет, Сегіз сері, А.Байтұрсынов, мемлекеттік тіл, университеттік білім жайлы З.Алдамжар қаламынан туған зерттеулерде ғалымның өзі ұсынған методологияға адалдығын байқау аламыз. Осы орайда зерттеушіге қойылатын талаптарды бекер жіктемегеніне көз жеткіземін. Ғалымның бойынан әлеуметтік-кәсіби және мәдени-этникалық қасиет пен қабілет табылуы міндетті санағандықтан біршамасына атап көрсеткен еді:
Бұлар
– жәй ғана айтыла салған қағида
емес. Бұлар – профессор Зұлқарнай
Алдамжардың өмірлік
Сөйлейтін арман жолы,
Ар атынан.
Сөз салып шәкірттердің тарапынан.
Жан еді,
Таланттының жолын ашып,
Жақсылық жасау үшін жаратылған.
Арлы еді,
Өз ісіне адал еді,
Қолдаған қилы жолда
Ол да мені.
Зұлқарнай!
Зиялының зиялысы –
Ахаңды ардақтаған адам еді [36,18-19 б.].
Профессор З.Алдамжардың методологиялық пайым-тұжырымдарында баса назар аударылған мәселелердің бірі – тарихты дәуірлеу.
Ғылымда
кең қолданыс тапқан формациялық
және өркениеттік дәуірлеудің
Профессор З.Алдамжар тарихи ілгерілеуде де, ғылыми танымда да ұрпақ сабақтастығын маңызды фактор қатарына қояды. Ол таяу болашақтың өзінде-ақ халқымыздың ұлан-ғайыр тарихи тағдырын зерттеу салмағы жас буын тарихшыларға түсетінін қапысыз ұқты. «Ал жастарға,- деп жазыпты «Ұлттық тарихымыздың өзекті мәселелері» зерттеуінде, - әрқашан да жаңашылдық, сыншылдық ұшқыр ойлылық, білімпаздық, іскерлік пен батылдық тән. Сондықтан да қазақ тарихшыларының жас ұрпағына орталау көңілмен қарап, осылар өзі парасатсыздық қамауында қалып қоймас па деп үрейлену, сенімсіздік білдіру ұлтжанды қазақ жастарының азаматтық табиғатын, жаңалық пен әділеттілікке ұмтылысын түсінбеушілік болар еді. Ақиқатты сол – үміт те, жаңару да, жақсылық та жастан» [36,19 б.].
Осынау ұлағатты сөздер Тұлғаның нұрлы көз алдымызға елестетеді.
Ал Зұлқарнай Алдамжар зерттеулерінің тарихи-методологиялық әлемі арнайы зерделеуді талап ететін күрделі һәм жауапты тақырып [36,19 б.].
З.Алдамжардың ғылыми шығармашылығы мен педагогикалық ойларында тарих ғылымының әдіснамалық проблемалары елеулі орын алған. Оның шығармашылық мұрасында тарих ғылымын зерттеудің теориялық-әдіснамалық проблемалары жалпылама және нақтылы тарихи оқиғаларды сараптауда анық байқалады. Оны зерттеуші шығармашылық мұрасы мен өмір жолынан анық көреміз.
Зұлқарнай Алдамжар әдіснама проблемаларын нақтылы тарихи оқиға немесе объектпен қатар жалпы тарихи мәселелермен ұштастырып талдауды қолдаған. Бұл тұрғыда автор отандық және шетелдік тарихнама аясындағы проблемаларда әлемдік тарихнамалық процестің дамуы әрдайым ескеру мәселесін де тыс қалдырмаған. Ғалым еңбектерінде анық баяндалған тағы бір маңызды мәселе болды. З.Алдамжар тарих әдіснамасын зерттеуде тұрақты шығармашылық ізденіс, жаңа авторлық идеялар мен концепцияларды табу ғылымды дамытудағы динамикалық үрдістің негізгі шарты деген тұжырымды ұстанған. Ал оның пікірінше жаңа әдістеме аясындағы жаңалықтар сипаты шектеулі неге десеңіз ғылымның жетілуі барысында әдістер міндетті түрде өзгеріске ұшырайды [15,23 б.].
Оның еңбектерінде тарих әдіснамасы аясындағы ой-түйіндер нақтылы қағидаларға сүйініп болашақта бұл ғылымды дамытудың негізіне айналады, қазіргі замандағы тарих әдіснамасының тенденцияларын болжауға, тарих ғылымының кейбір ағымдарын оқып үйренуге мұрындық болады деп тұжырымдауға болады. Бұл тұрғыда тарих ғылымының қазіргі кезеңдегі дамуындағы ХІХ-ХХғғ. Тоғысында бой көтерген тарих әдіснамасының таным құралы және ғылымды игерудің арнаулы саласындағы орны мен міндеттерінің едәуір жетілгенін атаған жөн. Әсіресе, тарих әдіснамасының дамуындағы тарих объекті ерекшеліктерін, оның ретроспективасын, кешенділігін, пәаралық байланыс дәрежесін әбден анықтау зерттеушілер үшін аса маңызды. Соның ішінде тарихнмалық дәстүрдің дамуындағы тарих ғылымының пәнаралық байланыстағы жаңалықтарды шығармашылық процесте қаперге алу керек [15,23 б.].
Пәннің қалыптасу процесінде оның фәлсафа тархы және тарихнаманың дамуымен тығыз байланысты болғанын анық байқалады. Осы тұжырымның дұрыстығын ғалым З. Алдамжардың пайымдауларынан да байқалады. Автор «әдіснама ғылымы фәлсафа, тарих таным теориясы мен тығыз байланысты болып зерттеудегі заңдылықтар жүйесін құрап қолдануға қаланған әдістемені қағидалары мен критерияларын біріктіреді, ал әдістеме сол процестің тек қана түрі мен оны жүргізудің жолдарын белгілейді» [38,37 б.], - деп жазады. Осы түйіннен тарих әдіснамасын ашық одан әрі дамытқан авторлар мұрасында бұл пәнге кең мағыналы анықтама берілгенін көреміз.
Егер де З.Алдамжардың әдіснаманың осы саладағы пайымдауларына көз салсақ құнды ұсыныстарды анық көреміз [38,66-73 б.]. Oның пікірінше, қазіргі заман саяси шешім қабылдау ісінде маңызды анықталып оның күрделілігі саясаткерден өткеннің маңызын айшықтап тарих тәжірибені терең жан-жақты сарыптауын талап етеді. Шыныда да өткен тәжірибені зерттеп, сараптау арқылы ұсыныстар жинақтау негізінде көптеген жағдайда тарих ғылымының әлеуметтік статусы анықталып биіктейді. Әдіснамада тарихтың арналарын ашу жолындағы кездесетін қиындықтардың бетін ашуға маңызды орын беріледі. Оның да өзіндік қиындықтар бар.
Біріншісі, тарих ғылымының жетілу дәрежесі, оның саяси және идеологиялық шырмаудан егеменді болып өткенді объективті сараптауына байланысты. Оның өзі тарихшының кәсіби дәрежесі арқылы өткенмен бүгінгі оқиғаларды ұштастырып зерттеу нәтижесінде қоғамдық дамудың шешуші тенденцияларын анықтауға жол ашады. Өкінішке орай, бүгінгі кейбір тарихты зерттеулерде қағидалар мен заңдылықтың тұтастығы назардан тыс қалып өткенді бағалауда «уақытша тиімді» тұжырымдау үрдісі басым. Шынтуайтта әдіснамада тарихтағы «өзекті» және «кезек күттірмейтін» мәселелері ұқсастығы мен айырмашылығы ғылыми ізденіс пен терең тұжырымдар нәтижесінде анықталуы мүмкін [15,26 б.].
Информация о работе Анығына келсек, тарихта бәрін жасайтын адам, сол арқылы ғана идея іске асады