Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 21:34, дипломная работа
Тақырыптың өзектілігі. Кез келген тарихи тұлғаға баға бергенде ол өмір сүрген заманы, қызмет етіп, қызу араласқан қоғамы тұрғысынан қарау қажеттігі мен болашақ үшін сіңірген еңбегі тұрғысынан зерделеу талабын ескеретін болсақ, ғылыми зерттеу саласындағы жеке тұлғалардың ашқан жаңалықтарын айқындап, болашаққа берер бағдарын көрсету.
Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға елдің тағдыры, тұлға – елдің тұтқасы болып табылады. Яғни тарих дегеніміз тек қана тап күресі мен қоғамдық формациялардың алмасуы емес. Бұл адамдар мен тарихи тұлғалардың әрекет ететін аренасы.
Көп ұзамай ондағы оқытушы – профессорлар құрамының білікті кадрлармен толықтырылғаның таза қазақ тілінде дәріс беретін бірнеше факультеттердің ашылғаның аталған оқу орнындағынебір айтуы даталарға байланысты ұйымдастырылатын түрлі мәдени – көпшілік шаралардың тек қана мемлкеттік тілде өткізіле бастағанын көзі қарақты қауы жақсы біледі. Қандай істе де осынау айтулы тұлғаның сөйлеген сөзімен атқарған істерінен оның өз ұлтының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріне ерекше мән бере қарайтын ұлттық рухани құндылықтарға жаны ашитын ұлтжанды азамат екендігі менмұндалап тұратын. Ғылым жолына бет бұрып, оған біржолата бой алдыру тек қана ізденімпаз, жаңалыққа жаны құштар, табанды да төзімді жандардың үлесіндегі іс дейтін осы саладағы ғылыми ізденісінің нәтижесінде артына 5 монография, 300-ден астам ғылыми еңбектер жазып қалдырған тарих ғылымының докторы, «Парасат» орденінің иегері, айтулы ғалымның білікті басшы ретіндегі қабілетін толықтыра түсетін тағы бір қыры – оның өзі басшылық жасайтын оқу орнындағы талапты жастарға деген ерекше ықыласы мен жаңашырлығы еді. Ол өзі басқарған оқу орнында дәріс алатын қандай да бір студенттің бойынан ғылымға, спортқа немесе белгілі бір өнерге деген бейімделіктің ұшқыны сезілетінін байқаса, міндетті түрде олардың қабілеттерінің оянып, одан әрі шындала түсуіне жағдай жасап, қолдап, демеп отыратын. Осы сөзінің жарқын дәліле, 1996 жылдың қараша айында Атырау қаласында өткен қазақ ұлттық аспаптарында ойнайтын жас орындаушылардың тұңғыш республикалық байқауы өтті. Осы байқауға Зұлқарнай Алдамжар қолдауымен өнер факультетінің бірнеше дарынды студенттері қатысып, солардың ішіндегі А. Молдахметова ҚМУ-ң намысын қорғап жүлделі орынға ие болды.
Қандай істе де бастамасы бар, бағыт-бағдары айқындалған жобасы ойластырылған жұмысты одан әрі қарай жалғастырып алып кету кім-кімге де онша қиын соға қоймасы анық.
Ал Алдамжарұлының дәл осы тұрғыдан келгенде басшы ретіндегі басқаларға қарағанда оны өзгеше ерекшелендіріп тұратын тағы бір қыры – тың жерден жол салатын екінің бірінің батылы жетіп, тісі батып, төзімі жете беріскерлігі еді. Ұлы есімдерін мәңгі есте қалдыру үшін арнайы ашқан «Ақжол» ғылыми – танымдық экспедициясы. Аталған жобаның аясында университетке аты берілген ағартушы ғалым, қоғам қайраткері А. Байтұрсыновтың туған жеріне бірнеше рет оқытушы ғалымдар мен жергілікті журналистерден тарихшылардан құралған ғылыми-танымдық экспедициялар ұйымдастырылып, әйгілі тұлғаның өмірі мен қызметіне қатысты әлі де көпшілікке беймәлім көптеген тың деректер жинақталды. Осыдан кейін-ақ көп ұзамай Қостанай Мемлкеттік Университеті ғимаратының ішінен арнайы ашылған Ахмет Байтұрсынов атындағы мұражай мен талантты журналист, Ахметтанушы марқұм Байтұрсын Ілиястың жарық көрген Ахаң өмірі мен қызметінен сыр шертетін тағылымды зерттеу еңбектері де, оқу орының филология және журналистика факультеттерінде жеке пән ретінде Ахметтану сабақтарының өткізіле бастауы да, Байтұрсынов шығармашылығының сан қырлылығын паш ететін ғылыми-теориялық конференцияның ұдайы ұйымдастырылуы да, оқу орнында білім алып жатқан әр түрлі факультеттеріндегі оқу озаттарына арнайы А. Байтұрсынов атындағы стипендиялардың тағайындалуы да бәрі-бәрі аталған бастамалардың нәтижелері еді. Сондай-ақ осы жоба бағдарламасының тізімінен орын алған ХІХ ғасырдың айтулы суырыпсалма ақыны әрі сазгер, Қостанай өңірінің дарынды перзенті Нұржан Нашаубайұлының өмірі мен шығармашылығы да назардан тыс қалған жоқ. Сол 1996 жылдың күз айларында Зұлқарнай Алдамжарұлының басшылық жасауымен университеттің филология, музыка факультеттерінің оқытушылары Ф.Юсупов, Е.Рысметов, С.Маманова бастаған топ ақын-сазгер шығармашылығына арналған ғылыми-танымдық конференцияның өтуіне мұрындық болса, келесі жылы, яғни 1997 жылдың көктемінде Нұржан әндерін бірден-бір нақышына келтіре шебер орындаушы Сыздық Әбілғазин ақсақалдардың өзі баулыған шәкірттері Т.Рысмағамбетов, сол кездегі музыка факультетінің студенттері А.Мұқатов, Е.Испергенов сияқты талантты жастар «Нұржан мен Бибісараның айтысы» атты музыкалық конпозицияны облыс көрермендерінің назарына ұсынды [21,3 б.].
Зұлқарнай Алдамжар өзінің бар күш жігері мен білімін Қазақстан Республикадағы жоғары білім мен ғылымды дамытуға жұмсады. Ол білім, ғылым, өндіріс технологиясы, ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау саласында жаңа көзқарасты қалыптастыру және енгіздіру көп жұмыс тындырды. Тарихи ғылымының докторы Зұлқарнай Алдамжар өзінің білімі мен бай тәжірибесін жастарға дарытты, оның басшылығымен жас ғалымдар кандидаттық диссертациялар қорғады.
Республикамызға белгілі оқу орнында жастарға арналған 2004 жылғы маусым айынан бастап «Шамшырақ» газеті шығады. Сондай-ақ, «Вестник науки» журналы да жарық көреді. Онда көбіне ғалымдарға тағылымдық-танымдық жағынан берері мол мақалалар жарияланып отырады.
Зұлқарнай Алдамжардың
басшылығымен жеке ғылыми орталық –
«Алдамжаров ғылыми-зерттеу
Зұлқарнай артында өшпес мұра қалдырған азамат. Еңбегі еленіп, мемлекет тарапынан өзінің лайықты бағасын алды. 1998 жылдың 22 қазан айында «Парасат» орденімен марапатталды, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері атанды. 1993 жылы 18 мамырда АҚШ-тың Техас штатының азаматы, 1999 жылы Алдамжар Зұлқарнай Алдамжарұлы жыл адамы, 2003 жылы Құрметті Зұлқарнай Алдамжарұлыны қазақ халқының көсемі ұлт-ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы елі Ақкөл азаматы болып қабылданды. 2005 жылы 5 шілде айында Қостанай қаласының құрметті азаматы болып атанды. Көптеген құнды әрі ғылым жолына түскен жастар іздеп жүріп оқитын кітаптардың авторы [33].
«Парасат» орденін ол тегінен алған жоқ. Ол ашқан университетте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, елдің мемлекеттік хатшысы Әбіш Кекілбаев арнайы болып, білімнің ақ ордасына көңілдерін толтырып, ең жоғары бағасын берді. Әлемдік интернет жүйесіне қосылған оқу ордасында не жаңалықтың бәрі болып жатады. Оқуға түсудің, оқытудың нарық заңына сүйенген тәжірибесі алғаш енгізілгенде де Зұлқарнайдың университетті жоғары биіктен көріне білді. Онда студенттер қатары арта түсті. Университет көптеген шетел оқу орындарымен тікелей қарым-қатынас жасайды. Қостанай униветситеті республика көркіне айналып отырса, ол баршамыздың мақтанышымыз, мейрейіміз екені сөзсіз [34,3 б.].
Зор еңбегі үшін Зұлқарнай Алдамжарұлы қалалық мемлекет пен әкімшіліктің шешімімен қаланың құрметті азаматы атанды [34,3 б.].
2. Зұлқарнай Алдамжарұлының тарихи зерттеулер қызметі
2.1 Зұлқарнай Алдамжарұлының ғылыми зерттеулері
Ұлттық тарихымыздың күрделі мәселелері қай заманда да оқырман қауымның заңды қызығушылығын туғызғандығы белгілі. Ал оны зерттеп, ой елегінен өткізіп мүмкіндігінше сыни тұрғыдан қарап, өзге халықтар тарихымен, салыстыратын, оның жолында толмай еңбек ететін зерттеушілер әр уақытта да қажет. Бүгін де қазақ тарихының өткені әңгіме бола қалса, біз алдымен әрдайым М.Қ.Дулатиды, Қ.Жалайырды, Ш.Уәлихановты, С.Бабажановты аса құрметпен еске аламыз. Олардың ізін жалғастырған Х.Досмұхамедов, Қ. Кеменгерұлы, С.Асфендияров, М.Тынышпаев еңбектерімен өз тарихын сүйген талай тарихшы тәрбиеленді. Қазақ тарихында ізін қалдырған Е.Бекмаханов мектебінен кейін Б.Сүйлеменов, М.Қозыбаев, К.Нүрпейіс, К.Л.Есмағамбетов тағы басқа белгілі тарихшылар өздерінің сүбелі ізденістерімен көзге түсті. Олардың қатарында тарих ғылымдарының докторы, профессор Зұлқарнай Алдамжарұлының да өзіндік орны бар [11,60 б.].
Тәуелсіз, төл тарихымызды философиялық, әдістемелік негізде байытып, тарихнама және деректану сияқты тарихтың күрделі саласында соны ізденістерімен танылған отандық тарихшы ғалымдар арасында академик Зұлқарнай Алдамжар есімі ерекше аталады [2,130 б.].
1962 жылы Әл-Фараби
атындағы Қазақ Ұлттық
Ол өзінің докторлық диссертациясын белгілі тарихшы, академик И.И. Минцтің «Ұлы Қазан революциясының тарихы» атты 3 томдық зерттеу еңбегінің негізінде жазды [2,131 б.].
Монографиялық
зерттеу еңбекте өте бай
1987 жылы КСРО жоғары Атестациялық комитетінің бекітуімен профессор атағына ие болды. Ол қазақ тарихшылары арасында Тарихнама, деректану және тарихи зерттеу әдістері мамандығы бойынша алғашқы ғылыми доктор болды.
Зұлқарнай Алдамжар өз ғұмырында тарих ғылымының төмендегідей бағыттарына жете назар аударды:
1. Қазақстандағы
төңкерістер және ұлт-азаттық
қозғалыстардың тарихи және
2. Ұлтымыздың
біртуар тарихи тұлғалары,
3. Ұлттық
тарихымыздың методологиялық
4. Қазақстанның
жоғары мектебі: европалық
5. Шағын кешенді мектептер тарихы және ондағы мәселелер.
Қазақстан тарихында Дж. Ридтің «дүниені дүр сілкіндірген он күн» бағалауына ие болған, кешегі кеңестік дәуірде «Ұлы Қазан социолистік революциясы» айдарын таққан Ресей империясындағы 1917 жылғы төңкеріс тарихы Зұлқарнай Алдамжардың бірден-бір қызығушылығын туғызғын тақырып болатын. Ал оның тарихының зерттелу тарихнамасын жазу, өзіне дейінгі еңбегінің барлығына талдау жасау оңай емес-ті. Өйткені кеңестік дәуірде коммунистік партия қоғамдағы барлық жақсылықты 1917 жылғы Қазан оқиғасынан бастады. Оған Мәскеудегі орталықта елімізге белгілі тарихшы ғалымдар – академик И.И.Минц, А.И.Зевелев, В.А.Устинов, т.б. ірі-ірі зерттеулерін жүргізгендігін қосыңыз [11,61 б.].
Сонымен бірге Қазақстанда да осы тақырыпта Т.Елеуов, П.Пахмурный, В.Григорьев, А.Тұрсынбаев т.б. қалам алып, сүбелі еңбектермен көзге түсті [2,63 б.].
Жалпы Қазан революциясының Қазақстанда жүзіге асуы, оның жеңісіндегі күрделі тұстары, оған қазақ зиялыларының көзқарастары, қазақ қауымының оны қабылдауы мәселелері зерттеушіге алғаш күнне-ақ үлкен салмақ салғаны монографияны жазу барысында айқын көрінеді. Әрине кеңестік дәуірде қазақтардың қазан төңкерісін қабылдамағаны, оны күштеп орнатудағы ақтандақтар, оған ашық қарсылық танытқан ұлтымыздың мақтаныштары – А. Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, Х.Досмұхамедов, М.Шоқай, М.Тынышпаев т.б., бір ғана Алаш қозғалысына өзіндік пікір білдіру тіпті мүмкін есем-ті. Соған қарамастан, Зұлқарнай Алдамжар еңбегінде Ресейдің халықтар түрмесі болғандығы, Алаш зиялыларының жаңа қоғамға деген өзіндік ұстанымы болғандығы көрініс тапты.
Бүгінгі қоғамыздың қай саласын алсақ та терең өзгерістер болып жатқаны белгілі. Тәуелсіздікке қол жеткізген әрбір халық, алдымен, өзінің өткен жолын саралап, одан тәлім-тәрбие, сабақ алуға ұмтылып, болашаққа көз тігеді. Алматы қаласындағы «Арыс» баспасына 2000 таралыммен жарық көрген тарих ғылымының докторы, профессор З. Алдамжардың 288 беттік еңбегі де қазақ тарихының бүгінгі қоғамыздың күрделі мәселелеріне деген терең толғаныстың бірі екендігін дәлелдейді [17,3 б.].
Зұлқарнай Алдамжарұлы Алдамжар 12 жыл бойы Қостанай мемлекеттік университетін басқарды. Бұл жылдар университетің қайта жаңғыруымен, материалдық-техникалық базасының, профессор-оқытушылар сапасының күшеюімен, ең бастысы солтүстік өңірді қазақтандыру саясатының еш айқай-шусыз, ұрансыз заңды түрде жүзіге асырылуымен ерекшеленеді. Ұлтжанды азамат мемлкеттік қызметпен қатар, ғылыммен айналысуды да қатар ұштастырады.
Осы жылдар ішінде З. Алдамжар ұлттық тарихты зерттеу, оның қазіргі тандағы өзекті мәселелерін шешу бағытында үнемі ізденумен болды. Бұған «Тарих: пайым мен тағылым» еңбегі айғақ. Бұл еңбек ғалымның ізденістері мен толғаныстарынан тұрады. Солардың ішінде Қожаберген жырау, Исатай, Махамбет, Сегіз сері батырлар, Жәңгір хан, А. Байтұрсынов туралы зерттеулері кім-кімге болса да құнды. Осы зерттеулердегі басты жаңалықтар тарихи тұлғалардың өмір мен қызметінің өзара байланыста зерделенуі мен фольклорлық мұрамыздың еркін айналысқа түсуі, одан жасалған түйіндер дей аламыз [17,3 б.].
Автор
Қожаберген жырау, Исатай Тайманұлы, Сегіз
сері туралы талай зерттеулер болғандығын
айта отырып, «Исатай батыр мен
Сегіз серінің тікелей тағдырла
Информация о работе Анығына келсек, тарихта бәрін жасайтын адам, сол арқылы ғана идея іске асады