Анығына келсек, тарихта бәрін жасайтын адам, сол арқылы ғана идея іске асады

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 21:34, дипломная работа

Описание

Тақырыптың өзектілігі. Кез келген тарихи тұлғаға баға бергенде ол өмір сүрген заманы, қызмет етіп, қызу араласқан қоғамы тұрғысынан қарау қажеттігі мен болашақ үшін сіңірген еңбегі тұрғысынан зерделеу талабын ескеретін болсақ, ғылыми зерттеу саласындағы жеке тұлғалардың ашқан жаңалықтарын айқындап, болашаққа берер бағдарын көрсету.
Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға елдің тағдыры, тұлға – елдің тұтқасы болып табылады. Яғни тарих дегеніміз тек қана тап күресі мен қоғамдық формациялардың алмасуы емес. Бұл адамдар мен тарихи тұлғалардың әрекет ететін аренасы.

Работа состоит из  1 файл

Диплом жұмысы.doc

— 626.00 Кб (Скачать документ)

Республикалық оқу-әдістемелік бірлестігі құрылғаннан бері ғылыми-әдістемелік нұсқау, кітап, мақалалар көптеп Зұлқарнай Алдамжар басқаруымен басылып шықты. Жарияланған жұмыстардың арасында «Шағын комплектілі мектеп мұғалімін даярлау бойынша оқу-әдістемелік орталықтың іс-әрекеті» (Алматы, 1993), «Қазақстан Республикасындағы шағын комплектілі мектеп мұғалімдерінің мамандығын даярлау және жетілдіру» (Қостанай, РОӘБ, 1994), «Шағын комплектілі мектептердің бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау ерекшеліктері» (Қостанай, ҚМУ, 1997), «Гуманитарлық сала мамандарын университетте даярлаудың интегративтік түрлері» (Қостанай, ҚМУ, 1999) сияқты әдістемеліктер бар. Сондай-ақ «ауыл мектебі», «Қазақстан жоғары мектебінің жаршысы», «Қазақстан жоғары мектебі», «Қазақстан мектебі» журналдарында бірнеше мақалалар жариялады [16,278 б.].

РОӘБ-де әдістемелік бағыттағы көптеген құжаттар және материалдар дайындалды. Білім министрлігі бекіткен «Шағын комплектілі мектептерге мұғалімдер даярлаудағы ОӘБ туралы бағдарлама (1991), негізгі жоғары білім мемлекеттік  стандарты бойынша 0315 – «мектеп жасына дейінгі оқытудың педагогикасы және әдістемесі» (1997), «Шағын комплекті мектептерде педагогикалық процесті ұйымдастырудың ерекшеліктері» арнайы курс бағдарламасы (1994), Шағын комплектілі мектептерді қайтадан құруконцепциясы жасалып, соның негізінде»Қазақстан Республика орта білім жүйесін дамыту жобасы» (1997) оқу-әдістемелік құралдары дайындалды [16,279 б.].

Зұлқарнай Алдамжар өзінің «Тарих: пайым мен  тағылым» еңбегінде шағын комплектілі  мектептерге, білім беру мектептеріне мұғалім дайындауды одан әрі жетілдіру мемлекеттік «Білім бағдарламасы» бойынша он бағыттар көрсеткен [16,280 б.].

Шағын комплектілі мектептің айрықша  мәртебесі оған жақын орналасқан толық комплектілі жалпы білім  беретін мектеп, қалалық білім  беру және мәдениет мекемелері, әкімшілік органдары, ата-аналар қоғамы және барлық деңгейдегі қызыққан тұлғалар тарапынан көмекті қажет етеді [16,281 б.].

Зұлқарнай Алдамжар білім саласының өзекті мәселесін көрсеткен. Ол мынадай  –  ауыл тұрғындарының қалаларға, қала маңына, басқа да елді мекендерге көшуі оқу-тәрбие жұмысына әсер етіп отырғандығы [16,281 б.]. көшкен отбасы барған жеріне балалары оқитын мектеп бар ма, бар болса ол қандай мектеп, қазақша ма, орысша ма, әлде мүлде басқа тілде ме оны әрдайым ескере бермейді.

Зұлқарнай Алдамжар «Тарих: пайым мен тағылым» еңбегінде Ахмет Байтұрсыновтың «Балам деген жұрт болмаса, жұртым деген бала қайдан шықсын! Балам деп бағып, оқытын, адам қылғаннан кейін жұртым деп танымаса – сонда өкпелеу жөн ғой»- деген сөздерін келтіреді [16,282 б.]. Ал ХХІ ғасырдың ұшар басында тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев: «Халыққа білім беру мен ғылымды дамыту, оларды реформалау ісін барынша қарқынды жолға қоюымыз керек. Бұл жаңа ғасырдың, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған басты талап. Болашаққа біліммен қадам басып, лайықты қолтаңбамызды қалдырайық, ұрпаққа ұялмай тарту ететін мұрамыз да, мұрағатымыз да осы болсын», - деп жөн сілтеп жазып отыр [16,283 б.].

А. Оразбаева  өзінің «Зұлқарнай Алдамжар – Атыраудың  абыройы, Қостанайдың ақыл-ойы еді» мақаласында: «Ақылшы Зұлқарнай Алдамжардың нағыз кемеңгер шағында ортамыздан кетуі қабырғамызды қайыстырады. Оның қай кезде де сабырлы да байсалды, орнықты да ойлы қалпы көз алдымыздан кетер емес. Ақыл-кеңес берген тұңғиық терең сөздері біздің бойымызға сенімділік күшін ұялататын еді. Ол кісінің сөздері адамға күш-жігер мен ерекше бір әсер беретінін студенттеріміздің өздері мақтанышпен айтып жүретін», - деп жазған [16,2 б.].

Тәуелсіздігі  енді-енді салтанат құрып келе жатқан жас мемлекетімізге Зұлқарнай Алдамжар сынды қазақтын зиялы азаматтарының кемеңгерлігі керек-ақ. Әсіресе, қашаннан теперіш көріп келе жатқан қазақ тілінің болашағы үшін Зұлқарнай Алдамжардың қамқорлығы  қажет еді. Ол қазақстың тілі мен салт-дәстүрінің, тарихының қашанда шын жанашыры болатын. Ол кісі әркез жастармен кездескен сайын: «Басқа ұлттардың жастарына қарағанда біздің қазақ жастарына өз ана тілін үйрену әлдеқайда жеңіл. Өйткені қазақ тілі – студенттердің ана тілдерің. Ал, ана тілі ана сүтімен даритын қасиет. Бұл тілдің ана сүтімен дарыған қасиеті сендерің бойларында бар», - дейтін.

Зұлқарнай Алдамжар бойында талантты мен талабы бар жастарға әрқашанда қамқор көңілмен қарады. Олардың қанаттары қатай  сыңық, биязды келеді. Оларды бетінен  қағып тежемей, қай кезде де өздерін  еркін ұстауға тәрбиелеуміз керек. Өйткені, «жастар – болашағымыз», - деп, үнемі айтып отыратын. Ол қазақ жастарының шоқтығын биіктете сөйлеп, оларды бөле-жара ерекше жақсы көрген екен-ау.

Университет ректоры Тәуелсіз мемлекеттер достығы  елдерінің ірі-ірі оқу және ғылыми орталықтармен (М.В. Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университеті, Новосибирск, Томск, Казан, Екатеринбург, Челябі, Киев, Орынбор, т.б. қалалардың жоғарғы оқу орындарымен) және алыс шет елдермен университетіміздің шығармашылық байланысын кеңейтуге, оны нығайта түсуге баса назар аударады [16,250 б.].

Зұлқарнай Алдамжардың тұсында университетте  «университет прфессоры» академиялық  атағы енгізілді. 1994 жылдан бері екі  мамандық – «Отан тарихы» және «Ботаника» бойынша аспирантура  жұмыс істеді.

Зұлқарнай Алдамжар еңбегіндегі ең елеулі кезең педагогикалық қызметпен Қостанай жеріне тұрақтануынан басталады. Педагогикалық институты жаңа ғасырдағы бетбұрысқа бейімдей отырып, іргелі Қостанай мемлекеттік университетінің негізін қалады. Педагогикалық институтты университет дәрежесіне көтеру Зұлқарнай Алдамжардың негізгі мақсаты болса, ал оны жаңа заман үлгісіне байланысты жасақтау, ана тілінде білім беру, яғни қазақ тілді мамандарды дайындау сияқты көптеген міндеттер көтіп тұрды. ҚМУ-ңің негізі қалағаннан кейін оған ғылыми дәрежелі сауатты мамандар тарту университеттің негізгі түп нұсқасының дайындық кезеңіне өткізілді [12,69 б.].

Жоғары  оқу орны бұл тек қана мекеме емес, ең біріншіден ірі ғылыми орталық. Мұнда  кез-келген адам өзінің ұстанымы ретінде  қалыптастыра білді. Нәтижесінде тек қана жоғары білімді мамандар ғана емес, нақты ғылым саласындағы жастарға жан-жақты көмек көрсетілді. Әр оқу орынның маңдайшасындағы жазу емес оның ішіндегі сапасын ғылым айқындайды дегенді жиі айтатын [12,70 б.].

Зұлқарнай Алдамжардың ойынша негізгі ғылыми ізденістің дамуына бірден-бір міндетті ұжым деп көздеп бірлесе жұмыс атқаруда бел буды. Ғылымның дамуына үлес қосқан жыл сайынғы студенттердің конфиренциялары болды. Ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесінде факультеттерде, оқу процестерінде арнайы курстарда, курстық және дипломдық жұмыстарында монографиялық оқулықтарда ғылыми жұмыстардың жарық көруіне өзіндік көмегін тигізе отырып, студенттер қасынан табылып отырды [12,70 б.].

Зұлқарнай Алдамжар әрқашан да студенттердің  қамқорлықпен хал-жағдайларынды сұрап тұратын. Ол: «Қостанай әлеуметтік-академиясының академигі де, прфессоры да Сіздер! Мұндағы оқытушылардың бәрі өрімдей жастар Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» дегені сияқты мен де сіздерге сенемін. Ғылыммен айналысыңыздар, оқыңыздар, жетіліңіздер! Ғылым үшін, сіздер үшін мүмкіндіктің бәрін жасаймыз. Бес-алты жылдың көлемінде сіздерден ғылым кандидаттары шығатынына менің сенімім мол!» - деп сенімді түрде айтқан. Сол кісінің қамқорлығымен бүгінде Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінде біраз оқытушылар ғылым кандидаты, ал ғылым кандидаттары ғылым докторы ғылыми дәрежесіне ие болып отыр. Тек қана Қостанай облысында емес, ол кісіден тәлім алған, өздері де ұлағатты ұстаздық дәрежесіне жеткен шәкірттері бүгінде Қазақстанның әр тарабында қызмет етіп жүр.

Зұлқарнай Алдамжардың Қазақстан Республикасының  ғылымы мен ағарту саласына сіңірген ірі-ірі істері баршамыздың көңілімізде  сайрап жатыр. Туған халқан жанындай сүйген қазақтың Зұлқарнай Алдамжар сынды президентінің ірі-ірі істерінің  бір ғана дәлелі-бүгінде Қазақстандағы іргелі білім ордаларының біріне арналған Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің көркіне көрік қосып тұрғандығы ақиқат. Олар - Зұлқарнай Алдамжардың кейінгі ұрпаққа қалдырған мәңгілік, өшпес мұрасы [40,2 б.].

Зұлқарнай Алдамжардың халқына аманат етіп қалдырған мәңгілік ескерткіштері оның қайраткерлік тұлғасын одан әрі даралап тұрғандай. Зұлқарнай Алдамжар Ахмет Байтұрсыновтай біртуар қазақ зиялысың Махамбет тәрізді біртуар халық батырын дәріптеп, қастерлеп өткен адам. Ол кісілердің қасиеттері  Зұлқарнай Алдамжардың қаны мен жанына жұғысты болған тәрізді. Өйткені, Зұлқарнай Алдамжар өмірден нағыз зиялысы болып өтті.

Зұлқарнай Алдамжар халқына барын беріп  кетті деп көңілімізге медет  қыламыз. Атырау мен Қостанайдың  ақыл-ойы, ұлағатты ұстазымыз Зұлқарнай Алдамжар өз халқының алдындағы перзенттік борышын асқақ абыроймен өтеп кетті. Оның артында қалдырған істері ешқашан өлмейтін мәңгіліктің белгісі, мәңгіліктің ескерткіші [40,2 б.].

Ол  өзі басшылық еткен жоғары оқу  орнына тың жаңалықтарды әкеліп, көптеген өзгерістер енгізді. А.Байтұрсынов атындағы университетте бұрын-сонды болмаған қазақ филологиясы факультеті мен қазақ бөлімшелерінің ашылуы шын мәнінде ұлттық рухымызды көтерді. Қазақ жастары оқу орнына қарай судай ағылды. Жоғары оқу орнының басшысы қазақ тіліне, мәдениеті мен әдет-ғұрпына жете көңіл бөлді. «Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші, өнерлі, талантты жастардың қабілеттерін жарқырата көрсетулеріне мүмкіндік жасады. Университетте білікті ғалымдар мен оқытушылардың саны артты. Әке-шешесі жоқ жетім балалардың алаңсыз білім алуларына көмектесті. Ахмет Байтұрсынов атындағы университет нағыз білім мен парасат ордасына айналды [26].

Студент жастардың отанға деген сүйіспеншілігін, патриоттық рухын көтеру мақсатында Махамбет Өтемісұлының ғылыми-практикалық конфиренция өткізілді. Кейін осы конфиренция материалдары негізінде «Ер Махамбет» деп аталатын жинақ жарық көріп, көпшілік назарына ұсынылды.

Ол  көрнекті ғалым, атақты тарихшы, іскер  ұйымдастырушы ғана емес, ұлағатты ұстаз болды. өзінен дәріс алған жастарды шексіз жақсы көрді. Оларға дәріс барысында әрдайым «өз халқынды, ана тілінді, ежелден келе жатқан әдеп-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерінді дәріптеп, бағалай біліңдер, өмірден өткен ұлы тұлғаларды ардақ тұтындар» дейтін [26].

Қазақстандағы білім беру саласы қазіргі кезде өзгерді. Жаңа құжаттар «2015 жылы Қазақстан Республикасындағы білім берудің даму коцепциясы», «2005-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республика білім берудің даму мемлекеттік бағдарламасы» бар. Зұлқарнай Алдамжар ойы бойынша білім беру жүйесін келесі себептер бойынша өзгеру керек:

– Халықаралық қоғамдастық Қазақстанды нарықтық экономикасымен мемлекет ретінде мақұлдады, білім және ғылым жүйесінің ролі мен маңыздылығы өзгеріп өседі. Білім беру, ғылым, мәдениет, адам ресурстар мемлекеттің экономикалық күш, ұлттық қауыпсіздік және қоғамдық даму деңгейінің даму белгілері болып табылады. Олар мемлекеттің интелектуалдық күшін құрап, оны өркениет әлемінде басты орын алуға көмектеседі;

– Ақпараттың өсуі білім берудің маңыздылығы жойылады. Қазіргі заманда білім, дағды, біліктігінің қалыптасуы, яғни ол тұлға ақпараттық-интелектуалдық ресурстарды сараптап пайдаланады;

– Білім беру жүйесі ескерілген әдіснамалық базада, құрылым мен мазмұнында дамиды және олар әлемдік білім беру кеңестігінде құрметті орын алуға кедергі жасайды деген нәтиже Қазақстандағы білім беру жүйесінің қалпын сараптауы көрсетті [2,24 б.].

Білім беру қызметін кеңейтіп, Қостанай әлеуметтік-техникалық университет мемлекеттік білім  беру бағдарламасын жүзеге асыруды  тырысады. Сонымен қатар университет европалық білім беру кеңестігіне кіруі жоғары оқу орындар мен Қазақстан және Ресейдің өнеркәсіп өндірістер арасында байланыс ретінде байқалады.

Өнеркәсіп өндіріс көлемін кеңейту үшін Зұлқарнай Алдамжар келесі белгілерін көрсетті:

– Қостанай облысындағы өнеркәсіп өндірістерінің кадрлық қажеттіліктерін ескеріп өнеркәсіп ұйымдарына мамандықтарды дайындау, жаңа инженерлік мамандықтарын ашу;

–  Өндірісте ғылымның даму үшін ғалымдар мен өнеркәсіпшілердің қатысуымен конфиренция, семинар және дөңгелек столдар өткізу керек;

– Құрылымдық және басқару кадрлар бойынша технологиялық кепілдемелерді өңдеу;

–  Мемлекеттік білім беру стратегиялық мәселелерді өңдеу, сонымен қатар нарықтық экономиканың дамуын ескеріп білім берудің және мәдениеттің ғылыми зерттеу интеграция бойынша ғылыми-практикалық нұсқауларды өңдеуде қатысу;

–   Ресей мен Қазақстанның инвестициялық бағдарламаларда қатысу;

– Экологияның мониторинг және бағалау, табиғат қорғау бойынша жұмыстарын жалғастырып, экологиялық апаттар қақпайлау.

З.Алдамжар Қазақстанда білім берудің европалық моделін енгізуді көздеді. Осы мақсатта университет жанында тап осындай колледж ашты. Оны бітіргендер қалауынша бірден университетке түсе алады. Ол Ресейдің және дүниежүзінің жетекші университеттерімен бірлесе отырып, білім берудің Халықаралық консорциумын құрды. Ол Санк-Петербургтың мемлекеттік университеттерімен тығыз ынтымақтастық орнатты.

«Әрине, ақшасыз, қаражат болғанда да қомақты  ақшасыз ықпалды, беделді жоғары оқу орнын ұстап тұру мүмкін емес. Солай бола тұрса да З.Алдамжар Білім беру министірлігіндегі шенеуніктердің оқу ақысын көтеру жөніндегі ұсынысын қатты сынға алатын», - деп еске алды университеттің ректоры Қадырғали Жаманбалин Зұлқарнай Алдамжарды еске алу кітабындағы алғы сөзінде [14,8 б.].

Қазір З. Алдамжардың өзі құрған университетте оның ісін перзенттері жалғастыруда. Жақында ғана философия докторы ғылым атағын алған Гүлзадасы қаржы мәселелері бойынша прокертор болса, профессор Бибігүлі университеттің бірінші проректоры. Ал жұбайы Гүлсара Шолпанбайқызы университет құрылтайшысы [14,9 б.].

Информация о работе Анығына келсек, тарихта бәрін жасайтын адам, сол арқылы ғана идея іске асады