Анығына келсек, тарихта бәрін жасайтын адам, сол арқылы ғана идея іске асады

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 21:34, дипломная работа

Описание

Тақырыптың өзектілігі. Кез келген тарихи тұлғаға баға бергенде ол өмір сүрген заманы, қызмет етіп, қызу араласқан қоғамы тұрғысынан қарау қажеттігі мен болашақ үшін сіңірген еңбегі тұрғысынан зерделеу талабын ескеретін болсақ, ғылыми зерттеу саласындағы жеке тұлғалардың ашқан жаңалықтарын айқындап, болашаққа берер бағдарын көрсету.
Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға елдің тағдыры, тұлға – елдің тұтқасы болып табылады. Яғни тарих дегеніміз тек қана тап күресі мен қоғамдық формациялардың алмасуы емес. Бұл адамдар мен тарихи тұлғалардың әрекет ететін аренасы.

Работа состоит из  1 файл

Диплом жұмысы.doc

— 626.00 Кб (Скачать документ)

Үлкен апаның Гауһардан 2 қыз, 7 ұл, сіңілерім  Меруеттен 1 ұл, 1 қыз, Мариядан 1 ұл, 1 қыз, Ляззаттан 4 ұл, 1 қыз – небәрі 18 жиені бар [2,60 б.]. Зұлқарнай Алдамжарұлының тамаша бір қасиеті жиендеріне деген ерекше көзқарасы болатын. Ол әркез жиендерін төңірегіне топтастырып, ізгілікті жолды,  биік адами мұраттарды меңзеп отыратын.

 1957 жылы орта мектепті үздік бітірген соң, Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетіне оқуға түсті. Студентік жылдарды мәнді де маңызды өткізді. Ізденімпаз бозбала факультеттегі оқытушылардың назарын өзіне аударды. Мұнда қоғамдық жұмысқа, әсіресе комсомол, кісіподақ ұйымдарының өмірлеріне белсене араласып отырды. Жатақханада тәртіп сақтау, қабырға газетін шығару, көркемөнер үйірмелерінің жұмыстарын ұйымдастырудан қалыс қалған жоқ, үнемі араласып жүрді. Үздік оқитын студенттердің қатарынан орын алды, құрмет тақтасынан түскен жоқ [2,62 б.].

Әл-Фараби атындағы ұлттық университет Қазақстандағы  тарихшы кадрлар мамандығын даярлайтын іргелі оқу орны болатын. Болашақ  тархшыға тәлім-тәрбие дәріс берген атақты ғалымдар академик С.Н.Покровский, академик Ә.Х. Марғұлан, ҚазақКСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, профессор Е.Б.Бекмаханов, тарих ғылымының докторлары, профессорлар: А.А.Алиев, Ә.Б.Тұрсынбаев, Н.Н.Дауылбаев, С.М.Кенжебаев, Ә.Қ.Қанапин, Г.Ф.Дайхшлейгер, К.Н.Нұрпейсов және басқалар болды [14,6 б.]. Елеміздегі осынау ең мәртебелі оқу орнын үздік аяқтады.

Тағы  бір жай, ол болашақ жан-жары Гульсараны да осы университет қабырғасында жүргенде кездестірді. Ол уақытта Зұлқарнай  шашы көмірдей қап-қара, сымбатты жігіт болатын. Гульсара екеуі бір топта оқыды. Кітапханаға да бірге баратын. Қос ғашық бір-бірін ұнатып, шаңырақ көтерген. Гүлсара Шолпанбайқызы Алматы облысы Райымбек ауданы Текес ауылының қызы. Ол құтты келін болды. Ата енесі мен күйеуінің туған-туысқандарын бауырларын өте сыйлады. Түскен жері де бұған құрметпен қарап, бауырларына тарта білді. Жақсы мінезімен белгілі әулиеттің бір адамындай болып кетті. Өзінің тәрбие көрген жердің перзенті екендігін көрсетті. Ата-енесін дүниеден өткенше аялап, оларды күтіп бақты. Екі жыл бойы атасын, 25 жыл енесін бағып қарады. Ата-енесіне келін емес, туған қыздарындай болды. Үлкен кісілердің алдын кесіп өткен емес [2,59 б.].

Зұлқарнай Алдамжарұлы 1962 жылы жоғары оқу орнын  аяқталған соң өзінің ұстаздық еңбек  жолын Атырау педагогикалық институтында, қазіргі Халел Досмұхамедов атындағы университетте бастады. Алдымен оқытушы соңан кейін кафедра меңгерушісі, тарих-филологиялық факультетінің деканы болып қызмет атқарды [30].

Атырауда  Бибігул, Гүлзада, Жанна деген үш қызды туды [2,56 б.]. Зұлқарнай қыздарды тәрбиелеп, оларға ғылым жолынан өз бағытын табуға бағыт-бағдар берді. Бибігүл мен Гүлзада екеуі әкесі іргетасын қалаған Қостанай әлеуметтік-техникалық университетте еңбек етіп жүр. Өкінішке қарай, ғылыммен айналысқан Жанна бұл өмірден ерте кетті. Оның қазасы, әрине Зұлқарнайдың жанына қатты батты [31,3 б.].

1967-1970 жылдар  аралығында ҚазССР Ғылым академиясының  Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология  және этнография институтының аспирантурасында оқыды [31,3 б.].

1976-1979 жылдары  Атырау облысы марксизм-ленизм университетінің директоры болды. 1980-1989 жылдары Зұлқарнай Алдамжар Атырау педагогика институтының ғылыми жұмыстары бойынша проректор қызметін атқарды. Осы жылдары ол ұйымдастырушылық істеріме, ғылыми жұмыстарды ұйымдастыруымен, ғылымдарды даярлаудары жарқын көзге түсті [31,3 б.].  Кондидаттық диссертациясын Қаз ССР-ң Ғылым академиясында Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтындағы мамандандырылған кеңесінде қорғады, алғашқы қазақтар арасынан тарихнама ғылымынан докторлық диссертациясын КСРО Ғылым академиясында, КСРО тарихи институтында Мәскеу қаласында қорғап, ғылымдағы жаңа бағытының негізін қалады.

Бұл Кеңес Одағындағы аса көрнекті тарихшы КСРО Ғылым  Академиясының академигі И.Минцтің  «Ұлы Қазан революциясының тарихы» атты әйгілі үш томдық еңбегінен кейін осы тақырыпқа ұлт республикалары арасынан, әсіресе Орта Азия мен Қазақстаннан тарихнама бойынша сол кездегі астана Мәскеуде қорғалған алғашқы күрделі ғылыми еңбек болатын. Онда бай мұрағат материалдары, баспасөз деректері, Кеңес өкіметін орнатушылар естеліктері молынан пайдаланды, мәселенің 1917-1980 жылдар арасындағы тарихнамасы кезеңдерге бөлініп талданды.

Күйіп тұрған саясат кезінде тұңғыш рет Алаш орда «Үш  жүз» партиясының Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов көзқарастары Кеңес өкіметін орнатушылар еңбегі арқылы баяндалды [14,6 б.].

1989 жылы 28 қарашада  Зұлқарнай Алдамжарұлы Қостанай  педагогикалық институтының ректорлығына  сайланды. Ректорлыққа түскен 15 адамның  ішінен Алдамжарға қостанайлықтардың білдіруі, институт тарихындағы бетбұрыстың бастамасы болды. Қостанай облысы адамдары арасында қазақтар 20%, орталығы Қостанайда 14-15% болғандығын ескерсек, азаматтың қойылған қандай қандай тапсырма түсінесің. 1989 жылы Қостанай педагогикалық институтының 363 оқытушысының арасында небәрі 31 ғана қазақ халқының өкілдері болды. Ел үмітін ақтап, сенімнен шығу үшін З. Алдамжар бар ақыл-ойын , күш қуатын жұмсады [31,3 б.]. Ректорлық қызметке кіріскен уақыттан педагогикалық институтты мемлекеттік университет дәрежесіне көтеру жұмысын онша жоспарлап, оның жүзіге асыруға талаптанып, еңбек етті. Сөйтіп, институт 1992 жылы 6 тамызда Қазақстан Үкіметі қаулысымен Қостанай педагогикалық институтының негізінде Қостанай мемлекеттік университеті ашылды. Бұл Қостанай ғана емес, бүкіл Қазақстанның мәдени өмірдегі маңызды оқиға болды. Университеттің ашылуына және қалыптасуына оның ректоры профессор Зұлқарнай Алдамжарұлы үлкен еңбек сіңірді. 1996 жылы осы университетке қазақ халқының рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов атының берілуі де оның қажырлы еңбегінің жемісі [2,93 б.].

Сөйтіп, Ахмет  Байтұрсынов атындағы Қостанай атындағы Қостанай мемлекеттік университеті іргесінің қалануы, оның Республикамыздың жоғары деңгейдегі білім, ғылым және мәдени орталығына айналуы Зұлқарнай  Алдамжарұлының көрегендігі мен табандылығынаң арқасы. Мұның ұрпақтар санасында мәңгі сақталып қалады [2,93 б.].

Зұлқарнай Алдамжарұлы  университеттің ТМД елдеріндегі  басқа да ірі оқу және ғылыми орталықтарымен – Новосібір, Томск, Қазан, Екатеринбург, Челябі, Киев, Орынбор және басқа да университеттерімен және шетелдермен шығармашылық байланыстарын ұлғайтып, нығайтуға ерекше көңіл бөлді. Англия (Хаддерсфильд), АҚШ (Кентукки, Остин, Гранд-Коньон, Сан-Маркос), Түркия (Стамбул және Измир) және басқа да университеттермен қарым-қатынасты дамытты [29,4 б.].

1994 жылы Қазақстан Республикасы  жоғарғы кеңесінің депутаты болып  сайланды. Ол Қазақстан солтүстік  аймағы жоғары оқу орындары  ректорлары кеңесінің төрағасы, шағын комплектілі мектептер  жөніндегі республикалық оқу-әдістемелік бірлестігінің төрағасы болып сайланды [32].

1998 жылы 25 қыркүйекте ұлы ғалымның 125 жылдық мерейтойына орай мұражайды  ашқызды. Осы жылы қараша айында  мұражайды Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев аралап, жақсы лебіз білдіріп, пікір кітапқа алғашқы болып қолтаңбасын қалдырды. Президент өз қолтаңбасында: «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы университет ұстаздары мен шәкірттеріне тәуелсіз Қазақстанымыздың игілігіне істеген еңбектері табысты болсын», - деген тілек білдірді [16,255 б.]. Кейін университетке келген мемлекеттік хатшы Әбіш Кекілбай «Қазақ елінің ең кемеңгер перзенті, данышпан ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы атын иемденетін рух үйінің мұражайы, баршымыздың тағзым етер рухани қазынамызға айналатынына сенемін. ХХІ ғасыр қазақ даласында Ахмет арманының толығымен жүзіге асқан ғасыр болған», - деген ізгі ниетін жазып қалдырды [16,255 б.].

Зұлқарнай Алдамжар ректорлық тұсында университетте 1999 жылдан бастап жылына екі рет  «Ғылым хабаршысы» шығарыла бастады [16,254 б.].

         1999 жылы академик Алдамжар Зұлқарнай Алдамжарұлы Қостанай әлеуметтік академиясын ашты. Кейін бұл білім ордасы уақыт талабына сай әлеуметтік-техникалық университетке айналды [26]. 2000 жылы күзде Зұлқарнай Алдамжарұлы Бельгияда семинарға барды сол жылы «Стратегический менеджмент» халықаралық семинарға қатысу үшін Францияға барып келді [2,30 б.].

          2001 жылдың мамыр айында Зұлқарнай  Алдамжарұлы «Инновациялық орталығын»  құрып, онда білім беру, ғылым,  өндіру технологиясында, ғылыми  кадрларды даярлау ісінде қызмет  атқарды [2,15 б.]. 2002 жылы «Тарих: пайым мен тағылым» еңбегін жазады.  Оның басшылығымен жеке ғылыми орталық – «Алдамжаров ғылыми-зерттеу орталығы» құрылды.

Зұлқарнай Алдамжардың қаламынан тарихнама, әдістеме, тарихтану, Қазақстан тарихы проблемалары бойынша 5 монография,  450-ден астам ғылыми еңбек жарық көрді. Ғылым жолын қуған шәкірттерді тәрбиелеуге атсалысты, оның басшылығымен 3 ғылым докторы, 15 ғылым кандидаты тәрбиеленді [2,97 б.].

2003 жылдан бастап Қостанай әлеуметтік-техникалық  университетінің президенті қызметтерін атқарды. Сөйтіп, Зұлқарнай Алдамжарұлы елімізде жоғары білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосты. Ол ғылым мен білімді тәуелсіз Қазақстан мүддесіне сай қайта құру, ғылым-педагогикалық кадрларды даярлауда да көп істер атқарды. өзінің ғылыми мектебі, жас ғалымдар легі қалыптасты [2,69 б.].

Қай салада жұмыс істесе де Зұлқарнай Алдамжар ең әуелі материалдық базасын нығайтуға, ТМД және шет елдердің ғылыми орталықтармен және ғалымдармен байланысын дамытуға ерекше мән берген. Мысалы: Англия, АҚШ, Түркия, Германия. Зұлқарнай Алдамжарұлы атқарған қызметінің арқасында, Қостанай әлеуметтік-техникалық университет 2004 жылы маусым айында Швейцарияның Бизнес және басқару жоғары институтының алтын белгімен марапатталды [2,25 б.].

2004 жылы 24-25 маусымда Женеваның халықаралық конференц-орталығында «Іскер тәжірибесінде жоғары сапа үшін» атты үшінші халықаралық форум және алтын белгінің марапаттау салтанаты өтті. Осы форумда Костанай әлеуметтік-техникалық университетінің президенті Зұлқарнай Алдамжар және ҚӘТУ ректоры К.К.Джаманбалин қатысты [2,25 б.].

Жоғары  білім беру тәжірибесін зерттеу  және байланысын орнату мақсатымен Зұлқарнай  Алдамжар көптеген елдерде болды. Англиядағы Кирглиз қаласында Хаддерсфилд  техникалық білім беретін университетімен  байланыс орнатылды. Осы университетінің директоры Эрик Твиг Қостанайға, ал Зұлқарнай Алдамжардың басшылығындағы делегация Англияға барды [2,28 б.].

Білім беру және ғылым саласында халықаралық  байланыс дамуы туралы келісім орнату мақсатында Зұлқарнай Алдамжар білім беру және ғылым министр Ш. Шаяхметовпен бірге АҚШ-ң Кентук штаттағы Лексингтон университетінде болды [13,30 б.].  Жоғары оқу орындарының ректорлар делегация құрамында Зұлқарнай Алдамжар Қытайда, Түркияда болды. Онда ол жоғары білім беру мәселелер бойынша халықаралық конфиренцияға қатысты [2,32 б.].

Зұлқарнай Алдамжар университетінің, облыстың, республиканың  қоғамдық-саяси және ғылыми өмірінде елеулі үлес қосты. әр түрлі қоғамдық, саяси, ғылыми, мәдени ұйымдарының жұмыстарына  қатысты [2,35 б.].

Зұлқарнай Алдамжарұлы білім, ғылым, өндіріс технологиясы, кадрларды даярлау салаларында жаңа қатынастарды енгізу және жетілдіру қызметін тиянақты жалғастырды. Оның зерттеуші ретіндегі ғылыми қызығушылық ауқымы да кең.

Ғылымда Зұлқарнай таланттылықпен қатар, еңбекқор, ғылымға адал болуымен қатар, өзі де басқалардан осы қасиеттерді талап етеді. Тарихты жазуда қазақ халқына деген шексіз сүйеспеншілікті үнемі қолдап отыратын.

З. Алдамжар республика көлемінде танымал әрі  беделді азамат болды. Қазақстан  Республика Жоғары Кеңесінің депутаты бола жүріп, жаңа Қазақстанның іргетасын қалаушылардың бел ортасында жүрді. Оның айтуынша, бұл жылдар еліміз үшін оңайға соққан жоқ. КСРО идеологиясының құрсауынан шыққан барлық дерлік депутаттар кеңестің жүйенің кадрлары болатын. Еркіндік пен тәуелсіздік сезініп, қолдарына билік тиген олардың көбісі әділдікті қорғап, бәрін бай етіп, байлардың кедейлендірмек болды. Осы орайда олардың дені мұндай құрылыстың не теориясын, не практикасын білген жоқ [29].

Мінез жағынан ол нағыз интернационалист болатын. Оның Мәскеуде, Санк-Петербургте, Киевте, Минскіде, Екатеринбургте және тағы басқа ірі қалаларда көптеген достары болды. Зұлқарнай Алдамжар шын мәнінде үлкен жүректі, нағыз ұлтжанды азамат болатын.

З. Алдамжар небір лауазымды билік орындарында  жүргенімен, әрдайым қарапайымдылығынан айнымайтын. Талай жылдар бойы араласып жүріп қандай да болмасын жетістіктерді өз атынан айтқан емес, қайта ұдайы шәкірттері мен ізбасарлары, дос-жарандары, әріптестері қол жеткізген жеңістер мен жемістерін мақтан тұтып, ынтыландырып ортақ санайтын. Жанындағыларға сеніммен қарап, шебер әңгімелесіп қана қоймай, тындай және түсіне білетін, қашан да ақыл-кеңесін беріп, іс жүзінде де үнемі көмектесетін. Басқару қызметінде де шебер ұйымдастыру қабілетіне ие болатын, мәселелерді шешуде ірілік танытатын. Не нәрсені болмасын кең ауқымды ойлайтын [29,4 б.].

       Зұлқарнай Алдамжар - өзінің бар күш-жігері мен білімін Қазақстан Республикасындағы жоғары білім мен ғылымын дамытуға жұмсады. Жас ұрпаққа халықаралық деңгейдегі сапалы білім, қалаулы мамандық буреді, ғылымға баулуды ұйымдастыруға, өркениетті ұлтжанды сананы қалыптастыруға, парасаттылықпен жасампаздық құлшыныс арнасында тәлім-тәрбие беруге үлес қосты [2,97 б.].

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Академик Зұлқарнай Алдамжардың еңбек жолы

 

ХІХ ғасырда Ыбырай  Алтынсарин жалпақ қазақ даласына «Кел балалар оқылық»  деп жар салып, жұртшылықты өнер-білімге  шақырып, мектептер салғызып, ашқызды. Орыс әріптері негізінде тұңғыш қазақ  әліпесін құрастырды.  ХХ ғасырдың бас кезіңде А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Сералин секілді дарбоздарымыз ұлы оқытушының даңғыл жолымен жүрді. Қостанай жеріндегі осындай ұлы адамдардың бастаған игі істерін өткен ғасырдың 80-ші жылдардың аяғына қарай Зұлқарнай Алдамжарұлы жалғастырды.

Информация о работе Анығына келсек, тарихта бәрін жасайтын адам, сол арқылы ғана идея іске асады