Кызылорда облысының сарқынды суын әкету

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2012 в 00:58, дипломная работа

Описание

Тұрмыстық және жаңбыр лас суларының құрамымен қасиетіне қарап әр жаңдайға жеке лас суды тазалау және әкету әдісін қабылдау керек. Су әкету жүйесінің әртүрлі жолдары болады: әртүрлі категориялы суларды бірдей немесе бөлек әкету жолы.
Салу дәрежесіне байланысты толық бөлінген су әкету жүйесін қабылдаймыз. Бұл жүйеде жаңбыр сулары қала территориясынан әкетіледі, жаңбыр қабылдағыш және құбырлар жүйесі қолданылады.

Содержание

КIРIСПЕ
1 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛIМ .................................................................10
1.1. Абай қаласының климаттық шарттары .......................................10
1.2 Сыртқы канализациялық торапта лас судық ағу тәртiбi..................11
1.3. Торапты трассировкалау......................................................................13
1.4. Қала тұрғындарынан келетiн лас судың есептiк
шығындарын анықтау........................................................................17
1.5. Өндiрiс орындарынан келетiн лас судың есептiк
шығындарын анықтау .......................................................................19
1.6. Тораптың бастапқы салу терендiгiн анықтау................................... 21
1.7. Торап учакелерi бойынша есептiк шығындарды анықтау ..............23
1.8. Құбырлардың максималды диаметрлерi мен толу дәрежесi ..........25
1.9. Су әкету торабын гидравликалық есептеу және
Көлденең профиль құрастыру............................................................ 27
1.10. Лас судың құрамымен тазарту дәрежесiн анықтау.........................30
1.11. Сарқынды лас суларды тазарту ғимараттарды есептеу...................33
1.11.1. Механикалық тазарту ғимараттарды есептеу.................................33

Работа состоит из  1 файл

санжар дип.doc

— 225.00 Кб (Скачать документ)


МазмҰны

Кiрiспе   

1 ТехнологиялыҚ бӨлiм .................................................................10

1.1. Абай  қаласының климаттық шарттары .......................................10

1.2 Сыртқы канализациялық торапта лас судық ағу тәртiбi..................11

1.3. Торапты трассировкалау......................................................................13

1.4. Қала тұрғындарынан келетiн лас судың есептiк

       шығындарын анықтау........................................................................17

1.5. Өндiрiс орындарынан келетiн лас судың есептiк

       шығындарын анықтау .......................................................................19

1.6. Тораптың бастапқы салу терендiгiн анықтау................................... 21

1.7. Торап учакелерi бойынша есептiк шығындарды анықтау ..............23

1.8. Құбырлардың максималды диаметрлерi мен толу дәрежесi ..........25

1.9. Су әкету торабын гидравликалық есептеу және

      Көлденең профиль құрастыру............................................................ 27

1.10. Лас судың   құрамымен тазарту дәрежесiн анықтау.........................30

1.11. Сарқынды лас суларды тазарту ғимараттарды есептеу...................33

1.11.1. Механикалық тазарту ғимараттарды есептеу.................................33

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Технологиялық бөлім

1.1. Абай  қаласының климаттық шарттары

 

Климаты тік континентальды болып өзіндік ерекшеліктері бар.

Ең суық ай болып қаңтар айы саналады, орташа айлық температурасы t = - 10.20 С.

Ең жылы ай – шілде айы t = +250 С.

Орташа жылдық ауаның температурасы t = 7.8 0 C.

Жылдық ылғалдылық - 3,6 мб.

Ең үлкен – 12,5 – шілдеде білінеді, ең төмен – 0,5 - қаңтар айында.

Желдің максималды жылдамдығы – 26м/сек

Қаралып отырған аймақ толық қажетті ылғалдылықта.

Орташа жылдық жауыш-шашын – 24,8мм

Орташа қардың қалыңдығы – 6см

Судың булануы – 1210-1685 мм жылына.

Қардың қату тереңдігі – 160см

Мұздың қату тереңдігі – 0,76м

 

  Су әкету жүйесін және   схемасын таңдау.

Тұрмыстық және жаңбыр лас суларының құрамымен қасиетіне қарап әр жаңдайға жеке лас суды тазалау және әкету әдісін қабылдау керек. Су әкету жүйесінің әртүрлі жолдары болады: әртүрлі категориялы суларды бірдей немесе бөлек әкету жолы.

Салу дәрежесіне байланысты толық бөлінген су әкету жүйесін қабылдаймыз. Бұл жүйеде жаңбыр сулары қала территориясынан әкетіледі, жаңбыр қабылдағыш және құбырлар жүйесі қолданылады.

              Су әкету жүйесі деп жергілікті жердің жағдайы бойынша су әкету жүйесінің проектілі шешімдері техникалық және экономикалық негізделген жүйені айтады. Су әкету жүйесі жергілікті жердің рельефіне, геологиялық, гидрогеологиялық жағдайына ,тазарту ғимараттарының орналасуына байланысты болады. Схеманы таңдау бас жобаны жақсылап білгеннен кейін қабылдайды.

              Жергілікті жердің ылдилығын ескере отырып қиылысқан су әкету жүйесін қабылдаймыз.

 

1.2 Сыртқы канализациялық торапта лас судың ағу тәртібі

 

Канализациялық тораппен әкетілетін лас су көп санды тығыздалған және ерімеген сұйық қоспасы бар полидисперсті жүйе болып табылады.

Тұрмыстық канализациялық тораппен әкетілетін ерітілмеген қоспалардың массасы тәулігіне бір адамға јґрЈај қалдық бойынша 0,065кг құрайды. Ол канализациялық тораппен аққан кезде 0,1 кг шамасына дейін көтеріледі.Аз жылдамдықты ағын кезінде ерітілмеген қоспалар құбырларға қалдық ретінде түсуі мүмкін, бұл тораптың өткізгіштігін азайтады, кейде торап толық бітеліп қалады, ал осы бітеліп қалған қоқымдарды тазарту өте қиынға соғады. Дұрыс істейтін канализациялық торапта ерітілмеген қоспалар судың қозғалысымен үздіксіз тасымалдануы керек.

Канализациялық тораптың қоқымдармен бітеліп қалуын болдырмау үшін,келесі нәрселерді білу керек: а) лас судың жылжу тәртібін; б) критикалық немесе өзін-өзі тазарту жылдамдықтарын білу керек; в) лас судың ағынының әкету қасиеті.

Лас сұйықтық  ялыј тораптағы лас сұйық тәртібі бойынша қалқыма заттарын тасымалдаудың болуымен айналысқандар профессорлар А.Я. Милович, Б.О. Ботук, Н.Ф. Федоров,С.В. Яковлев, инж. А.В. Грицук, к.т.н. А.А. Карпинский, Н.А. Масленников және тағы басқалар, сонымен қатар шетел ғалымдары бар. Көп жүргізілген тәжірибелер канализациялық тораппен әкетілетін органикалық ерітілмеген заттар және жаман еріген минералды қоспалар, ең бастысы құм қолайсыз гидравликалық жағдайларда байланысты тұнбаға түсетінін көрсетті.

Канализациялық торапқа түскен қалдық құрамында 3%-тен 8%-ке дейін ірілігі 1мм болатын органикалық заттар және 92-ден 97%-ке дейін ірілігі 1мм болатын минералды заттар, сонымен қатар 75%-ке дейін ірілігі 0,5-ке дейін заттар болады. Көбіне қалдықта құм көп болады; жүргізілген тәжірибелерге байланысты құмның саны 70-тен 90%-ке дейін жетеді. Тұрмыстық канализациялық торапта тығыздалған қалдықтың тығыздығы орташа 1,6т/м3 , ал тығыздалмағандыкі-1,4 т/м3 .

Канализация жүйелеріндегі фракциондық құрамының Н.Ф. ФедоровтыЎ зерттеуі бойынша онша айырмашылығы жоқ.

Қазіргі істеп тұрған канализациялық тораптардың тәжірибесі бойынша барлық су әкететін коллекторларды үш топқа бөлуге болады, олар 1)керекті жылдамдықтармен қамтылады және қалдықтар ешқашан түспейді; 2)құмның толқынды түрде қозғалуы байқалады; бұнда да коллекторларды тазарту қажет етпейді; 3)гидравликалық ылдилығы аз; бұндай жағдайларда коллекторларға қалдықтар тығыздықты қабат болып жиналып қалады.

 

1.3 Торапты трассировкалау

 

Торапты трассировкалау жердің рельефіне, кварталдардың өлшеміне және тағы басқа факторларға байланысты болады.

Қабылданған қиылысқан су әкету схемасына байланысты көше торабын кварталдардың төмендетілген қырлары бойынша трассировкалау әдісін қолданамыз.

Жобалау тәжірибесінде екі есепті шешеді: қайтадан жобалау және реконструкциялау. Және бар канализация жүйесін үлкейту. Осы жобалы шешімдер қазіргі талаптарға сай жауап баруі тиіс. Қабылданған жобалы шешімдерге байланысты құрылыс жәіне монтаж жұмыс көлемдері, құрылыстың экономикалық көрсеткіштері және салынып жатқан ғимараттардың эксплуатациясы жасалынады.

Канализациялық жобаны жүзеге асырудағы ең басты материал ауданды жобалау жобасы немесе елді-мекендердің салынуына байланысты болады, ал өндіріс орнының канализациясын жобалауда өндіріс орнының бас жобасына байланысты болады.

Өндіріс орнындағы канализация территориясының шекарасын онда болатын цехтарға және тұрмыс бөмелеріне байланысты болады, ал қалаларда және аулдарда құрылысының орналасуна немесе жобада көрсетілген тапсырма бойынша қабылдайды.

Канализациялық торапты жобалау қала территориясын су бөлімдері бойынша канализациялау бассейндеріне бөлуден басталады, одан кейін санитарлы-эпидемиологиялық және балық, су тексеру жұмысшыларымен ақылдасып су тазарту ғимаратының ағатын таза суды суатқа тастау орнын тағдайды.

Тазарту ғимаратының орнын таңдаған кезде оны ұзақ уақыт жұмыс істейтіндей етіп салу керек және қала тұрғындарының болашақта өсетінін ескеріп салу қажет, оның бәрі тазарту ғимараты болашақта құрылыс зонасында қалып қалмау үшін жасалынады.

Канализациялық торапты жобалағанда мүмкіндігінше аз тереңдікті қабылдайды және тұрмыстыјқ, өндіріс лас суларынық өзі ағатын тәртібін қабылдайды. Бас коллектордың трассасын белгілейді және бассейндер трассасын белгілейді, суды арынмен беретін аудандарды табады, сорғыш бекеттерінің орналасатын алаңын табады және бассейн бойынша канализацияланатын  канализацияның принципиалдық схемасын белгілейді.

Бөлек канализацияланатын бассейндердің шекарасын горизонтальдармен бірге жобаға енгізеді. Оларды жердің рельефі бойынша және қаланың тік жобалау жобасы бойынша анықтайды. Канализациялау бассейдері бойынша суды арынмен беретін лас судың жылжуымен аудандарды табады.

Трассировка дегеніміз бас жобада канализациялқ торапты сызып көрсету. Бұл жобадағы ең маңызды жауапты тораптардың бірі болып табылады. Бұл канализация схемасын жасағанда ең жауапты этаптардың бірі болып табылады. Трасса тораптарын таңдағанда жергілікті жердің рельефі және тік жобасы өз әсерін тигізеді; қабылданған канализация жүйесі және канализациялық тораптар саны; даму перспективасы және құрылыс кезегі; топырақ жағдайы; кварталдардың салу характері; көшелердің ені; өндіріс орнының орналасу орны.

Канализциялық торапты трассиловкалау келесі кезекпен жасалады: ең басында суды тазарту ғимараттарына беретін басты және әкету коллекторларын трассировкалайды, одан кейін канализациялау бассейн коллекторларын трассировкалайды, ең аяғында қала торабын трассировкалайды.

Басты және әкету коллекторының ортақ бағытына тазарту ғимаратының орналасу орны және суды суатқа тастау әсер етеді. Өте үлкен қалаларда және жергілікті жердің рельефінің үлкен болуына байланысты бірнеше сорғыш бекеттерімен бірнеше тазалау ғимараттарын орналастырған жөн болады. Басты және әкету коллекторларының саны, сонымен қатар олардың бағыттары тазарту ғимаратының санымен орналасу орнына байланысты болады..

Салынуы бойынша барлық коллекторларды қала жолдарымен жасыл немесе техникалық зоналармен тарссировкалайды.

Жобалау кезінде канализациялық коллекторларының бірнеше трассировкалау схемасы қарастырылады және технико-экономикалық жағынан  ең тиімді бағалары тең болғанда санитарлы-техникалық көрсеткіштері бойынша таңдайды.

Көше торабын ішкі кварталдың қысқа жолдарымен трассировкалайды, мүмкіндігінше жер бетіне параллель етіп тораптың жатқызылу тереңдігін минимумға жеткізе отырып жасайды, әсіресе грунт сулары болғанда жүзеге асырады. Канализациялық торапты жергілікті жердің рельефі жазық болғанда жатқызу өте қиынға соғады, кішкене канализациялық құбырды жатқызғанның өзінде құбырдың салу тереңдігі үлкейіп кетеді.

Кварталды салу кезінде қала торабын кварталдық төмендетілген жағымен трассировкалайды. Бұл жағдайда қала торабының ұзындығы бірнеше рет қысқарады және барлық кварталдар қосылады. Бірақ көлемдейтін және ішкі квартал бойынша трассировкалау схемасы болуы мүмкін. Көлемдейтін схемада канализациялық торапты өту жолдары бойынша трассировкалайды. Оны жергілікті жердің рельефі жазық болғанда және кварталдардың өлшемі үлкен болғанда қабылдайды. Ішкі квартал арқылы канализациялық тораптың схемасын жоғарыда жатқан кварталдардан төменгі тұрған кварталдарға ағу арқылы жатқызады. Бґл схемада көлемдейтін схемаға қарағанда аудан канализациялық тораптың көше торапқа қарағанда экономикалық жағынан тиімді, көше торабының ұзындығы 30-40%-ке шейін қысқарады және құрылыс құны 10-20%-ке азаяды.

Канализациялық торапты трассировкалаған кезде темір жолдармен және басқа да жер асты ғимараттармен қиылысуды болдырмау керек, себебі бұл жерде жобалау өте қиын және эксплуатация жағынан үлкен қаражатты қажет етеді. Бұндай жағдайда өзеннің немесе темір жол жүретін жолдың, болмаса кең жолдың екі жағына параллельді екі трассировка жасайды Ені 30м-ден асатын жолдарда дәл сондай-ақ екі параллель сызықтарды жүргізеді, олар технико-экономикалық көрсеткіштермен негізделеді.

Канализациялық торапты трассировкалауға қабылданған жүйе әсерін тигізеді. Толық бөлінген канализация жүйесінде екі торапты жатқызылу қарастырылады тұрмыстық-шаруашылық және жаңбыр; толық бөлінген жүйеде трассаны келесі жаңбыр коллекторын жатқызуға қалдырып қояды.

Жаңбыр канализациясын суды суатқа тастау ара қашықтығы аз болатындай етіп трассировкалайды.

Топырағы қолайсыз жағдайда, грунт суы көп жерлерде  мүмкіншілігінше трассировкаламауға тырысу керек, әсіресе коллекторларды. Бұндай участкелерді айналып өтеді, коллекторларды проводка щитті әдістің көмегімен үлкен тереңдікке жатқызады немесе сору бекетін орналастырады. Сорғыш бекеттерінің орналасу орнын санитарлық талаптарға сәйкес және елді-мекеннің жобалауына байланысты қабылдаймыз.

Жобада канализацияның ортақ схемасын салғаннан кейін оған негізгі коллекторлармен бірге сорғыш бекеттерінің орнын, тазарту ғимаратарымен суатқа тастаудың орнын белгілейді.

 

1.4             Қала тұрғындарынан келетін лас судың есептік шығындарын анықтау

 

1-     ші ауданның лас суының есепті шығындары:

 

Лас судың орташа тәуліктік шығыны.

 

                Q1mіd = qб1 * N1 / 1000                                                                                        (1.1)

      Q1mіd = 220 * 14790 / 1000 = 3253,8 м3/тәулік

 

мұндағы, qб1 – тәуліктегі 1 адамға кететін судың шығын мөлшері

 

qб1 = 220 л/тәулік

 

N1 – 1-ші аудандағы адамдар саны

 

N1 = 14790 адам

 

Лас судың орташа сағаттық шығыны

 

             q1mіd(m) = Q1mіd / 24                                                                                                (1.2)

    q1mіd(m) = 3253,8 / 24 = 135,57 м3/сағат

 

Лас судың минималды сағаттық шығыны

 

           q1mах(m) = q1mіd(m) * Kgen max                                                                            (1.3)

 

   q1mах(m) = 135,57 * 1,4 = 189,81м3/сағат

 

мұндағы, Kgen max – ортақ    біркелкісіздік коэффициенті СНиП 2.04.03-

 

85 бойынша анықталады, сонда былай есептелінеді, Kgen max= 1,4.

 

              Лас судың орташа секундтық шығыны

 

                           q1mіd(s) = qб1 * N1 / 24 * 3600                                                             (1.4)

 

     q1mіd(s) = 220 * 14790 / 24 * 3600 = 42,795 л/сек.

 

              Лас судың минималды секундтық шығыны

 

                          q1mах(s) = q1mіd(s) * Kgen max                                                                       (1.5)

 

            q1mах(s) = 42,795 * 1,4 = 59,91 л/сек.

 

2-     ші ауданның лас суының есептік шығындары

 

Информация о работе Кызылорда облысының сарқынды суын әкету