Авторлық құқық бұзушылық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 19:28, курсовая работа

Описание

Қазіргі қоғамның кез келген, яғни саяси, әлеуметтік , өндірістік саласының мемлекеттің эконмикалық дамуымен байланысты процестер эконимкалық жағбдайларды нашарлатуға әкелңп соқты. Аталған қылмыстың экономикалық құрылымдағы мотиві әртүрлі болып келеді, оның ішінде адам өміріне және денсаулығына қарсы, жеке басының бостандығы, ар- намысына қарсы, отбасы мен жасөспірімдерге қарсы, халық денсаулығына және қоғам қауіпсіздігіне қарсы және т.б. қылмыстарды жасауда доминантты болып келеді.

Работа состоит из  1 файл

авторлық құқық бұзушылық.doc

— 289.28 Кб (Скачать документ)


1.              БӨЛІМ. Авторлық құқық бұзушылықпен байланысты қылмыстардың құқықтық табиғаты.

1.1.              Авторлық құқық бұзушылықпен байланысты қылмыстардың қылмыстық – құқықтық сипаттамасы.

Қазіргі қоғамның кез келген, яғни саяси, әлеуметтік , өндірістік саласының мемлекеттің эконмикалық дамуымен байланысты процестер эконимкалық жағбдайларды нашарлатуға әкелңп соқты. Аталған қылмыстың экономикалық құрылымдағы мотиві әртүрлі болып келеді, оның ішінде адам өміріне және денсаулығына қарсы, жеке басының бостандығы, ар- намысына  қарсы, отбасы мен жасөспірімдерге қарсы, халық денсаулығына және қоғам қауіпсіздігіне қарсы және т.б. қылмыстарды жасауда доминантты болып келеді.

              Мемлекеттік реттеуден бас тартып, экономикғаны жаңа нарықтық жүйемен басқаруға көшу, сондай- ақ басқа бірқатар себептер интеллектуалдық қызметінің әртүрлі нәтижелеріне заңсыз шабуыл жасаумен байланысты қылмыстың жаңа түрлерінің пайда болуына әкелді. 20 ғасырдың екінші жартысында жаңа нарық құрылды, атап айтқанда тауар айналымының заты туралы түсінікті қарама- қарсы бағытқа бұрған интеллектуалдық өнім рыногының пайда болуы,яғни «тауар» ретінде материалдық әлем заты болып танылмады. Тек қана мәліметтің материалдық жағдайы емес, ал  қалыпты материалдық формасы жоқ болған мәліметтің өзі таныла бастады.  Қазіргі уақытта интеллектуалдық өнім рыногы ауқымды болып келеді. «тауардың» жалпы құны жүздеген миллиард, тіпті одан да көп доллармен есептеле бастады. Бұл рынокта дыбыс- бейнежазбалар, басқа мәліметтер тауар және компьютерлерде сақталатын мәліметтер базасы ретінде айналымға түседі. Аталған жағдайлар бұрын біздің мемлекетте кездеспеген еді.

              Қазақстан Республикасында авторлық құқық- азаматтардың құқықтық институттарның бірі- объективтік мағынада бірінші, ғылыми, әдеби және өнер туындыларын жасаудағы қарым- қатынасты, екіншіден, осы туындыларды қолдану тәртібін реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы  ретінде түсіндіріледі. Ал  субъективтік мағына бойынша авторлық құқық  ғылыми, әдеби және өнер туындыларын шығаруда жеке мүліктік және мүліктік емес  құқықтарының жиынтығы болып табылады.

              Авторлық құқық идеялардың өзін қорғамай,авторлық құқық көркем шығармалардың авторлық құқығын оларды заңсыз түрде көшіруші , авторлық түпнұсқалардың формаларын қолданушы тұлғалардан қорғайды.  

              Сабақтас құқық деп фонограммаларды орындаушы, өндірушінің, эфирлік және кабельдік көрсетілім ұйымының  мүліктік құқығы және орындаушының жеке мүліктік емес құқықтары ретінде танылады.

              Ғылыми , әдеби және өнер туындыларын қолдану аясын Берндік конвенцияның 2 бабы анықтайды. (1) Бұл конвенция тек қана туындылардың өзін емес, сондай- ақ туындылардың кейбір түрлерін орындауды қорғауды қарастыратын ескеру қажет. Бұл жағдай әбден түсінікті, себебі орындауды халықаралық деңгейде қорғау 1964 жылдан бастап Рим конвенциясының күшіне енгеннен кейін таныла бастады.

              Авторлық құқық шығармашылық жұмыстың нәтижесі болып табылатын олардың бағытына, мазмұнына, сондай- ақ оларды көрсету, жарыққа шығару тәсілдері мен формаларына байланысты болмайтын ғылыми, әдеби және өнер туындыларына таралады. Авторлық құқық игерілген туындыларға және бір объективтік жағдайдағы игерілмеген туындыларға, оның ішінде:

1        Жазбаша (жазбалар, машинамен жазу, ноталық жазбалар т.б.);

2        Ауызша (көпшілікке жария ету, көпшілік алдында орындау және т.с.с);

3        Дыбыс немесе  бейне жазбалар ( механикалығқ, сандықғ, магниттік, оптикалық және т.б.);

4        Бейнелеу (сурет, эскиз, картина, жоспар, сызба, кино, теле- бейне немесе  фотокадр және т.б);

5        Көлемдік- кеңістік (мүсін, модель, макет, құрылым және т.б.) және басқа түрлер бойынша  тарайды.

Негізінен авторлық құқық идеяларға, тұжырымдарға , принциптерге, әдіс- тәсілдерге, жүйелерге, процестерге, ашылуларға, фактілерге таралмайды.

Қылмыстың әр құрамы төрт әлементтен тұратындықтан, яғни бұл қылмыстың объектісі, субъектісі, объективтік жағы және субъективтік  жағы болғандықтан, осы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің  184- бабының  диспозициясының қылмыстық- құқықтық сипаттамасын зерттеу  отандық қылмыстық – құқықтық доктринасында белгіленген  қылмыстың осындай құрылымына сәйкес  жүзеге асырылады.

Сонымен,  авторлық құқықтың заты болып туындылар танылады.  Бұл жерде  автордың туындыларының  жұмысының нәтижесі, адам миының ойлау қабілетініңғ өнімі жөнінде айтылуда. Дегенмен, бұл нәтижені қорғауға оны объективтік қалыпта көрсету кезеңінен бастап алады. Мұнда шығармашылық  жұмыстың барлық нәтижесін қорғайтын авторлық құқықтың әмбебаптылығы көрінеді.сонымен, авторлық құқықтың объектісі болып материалдық емес  объектілер жатады.(2) Қарастырылып отырған  қылмыстың объектісі болып сондай- ақ  авторлық  және сабақтас құқықтар табылады.  1996 жылы 10 маусымда  қабылданған .   ҚР-ның «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңы ғылыми, әдеби және өнер  туындыларды, фонограммаларды, орындауларды, қойылымдарды, эфирлік немесе кабелдік көрсетілім ұйымының бағдарламаларын жасау немесе орындаумен  байланысты туындаған  қарым қатынаст реттейді.

Туындылар мен орындаулардың ерекшеліктерін талқылау біздің міндетке жатпайды, сондықтан Берн конвенциясымен, ТРИПС келісімімен және ВОИС келісіім шартымен авторлық құқық бойынша қорғалатын туындылар тізбесін ғана айқындап береміз, яғни авторлық құқық объектілеріне  мыналар жатады:

-әдеби  туындылар;

- драмалық және музыкалық- драмалық туындылар;

- сахналық шығармалар;

-   хореограмма және пантомималар;

- мәтінді және мәтінсіз музыкалық туындылар;

- аудиовизалдық шығармалар;

- мүсіндік, кескіндеме, графика және басқа бейнелеу туындылары;

- қолданбалы өнер туындылары;

- сәулет, қала құрлысы және бау- саябақ туындылары;

- фотосурет туындылары және фотосуретке ұқсас тәсілдермен алынған туындылар,

- географияға, топографияға және басқа ғылымдарға қатысты карталар, жоспарлар, эскиздер, безендірмелер және  үш өлшемді туындылар;

- ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар;

- өзге де туындылар.

Сондай- ақ  авторлық құқық объектілеріне :

6        туынды шығармалар (аудармалар, өңдеулер, аннотациялар, рефераттар, түйідеулер, шолулар, инсценировкалар, музыкалық аранжировкалар және  ғылыми , әдеби және өнер  туыныдыларының басқа да  қайта өңдеулері);

7        жинақтар (  энциклопедиялар, антологиялар, деректер  базалары) және басқа да іріктелу және (немесе) материалдардың орналасу бойынша шығармашылық еңбек нәтижесі болып саналатын құрастырылған туындылар жатады(«Авторлық құқық және сабақтас құқық туралы ҚР Заңының 7- бабы).

Өзінің туындыларына қатысты авторға жеке мүліктік емес  және мүліктік құқықтар беріледі. Жеке мүліктік емес құқығының біріншісі- бұл туынды авторы  танылу құқығы, осындай танылуды басқалардан талап ете алуы, ал  екіншісі- бұл өз атын  немесе лақап атын көрсету немесе көрсетпеу құқығының болуы. (3)

Авторға жеке мүліктік емес құқық негізінен берілген. Оған сондай- ақ туынды авторы болып тану құқығы, туындыны қолдану немесе қолдануға рұқсат беру құқығы, өңдеу немесе туындыны өңдеуге рұқсат беру құқығы жатады . Автордығң мүліктік құқытарына туындыны өндіру, туынды таралымдарын тарату, кғөпшілікке жария етіп, көрсету, көпшілік алдында орындау, туындыны аудару, өзгерту, аранжировка жасау немесе туындыны басқаща қайта өңдеу және  басқа құқықтар  жатады.

Интеллектуалдық меншік материалдық емес объектілерді қорғаудың құқықтық режимін орнатқандығын, яғни  материалдық  объектіге қатысты меншік құқығы сияқты материалдық емес объектілер аталған  функцияларды атқарып, субъектіге  (құқық иесіне) шаруашылық айналымға  объектіні енгізу мүмкіндігін қамтамасыз ететін шексіз құқық  беретіндігін айқындай кету керек.

ҚР- ның аталған Заңы интеллектуалдық меншік құқғын бұзған үшін азаматтық, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті қарастырады.

Авторлық құқықты бұзумен байланысты қылмыстың объективтік жағы

Аталған қылмыстың объективтік жағының  ең алдымен бірінші белгісін қарастырайық. Яғни бірінші белгісі болып авторлық және сабақтас құқықтардың объектілерін заңсыз пайдалану табылады.

Авторлық құқықтың объектілерін заңсыз пайдалану  деп автор келісімінсіз оларды пайдалану, яғни туындыны жариялау, өндіру  және тарату , қайта өңдеу , туыдының өзіне , атауына және автор атына өзгерістер енгізу; туындыны безендендіру, кіріспе , қорытынды немесе түсініктеме енгізу; автор туындыларын басқа тілге аудару, басқа тұлғаларға оны қолдануға беру; мәжбүрлеп авторлас ету танылады.

Бейнекассеталарға  қатысты авторлық, яғни авторлардың  ат беру құқығы негізінен бұзылмауы тиіс , сондай- ақ  авторлардығң өздері, бейнефильмдерде рөлдерді сомдаушы, режиссерлерді және басқаларды ( бейнеконцерттер, бейнеклиптер т.б.) қосқанда өздерінің авторлық   сыйақы алуынан басқа, авторлық келісім – шартқа сәйкес белгілі уақытқа өздірінің авторлық құқығын бейнекомпанияларға бере алады. Ал өз кезегінде соңғылар құқықты өздерінің өкілдеріне таралымға беруі мүмкін. Мысалға алатын болса, «Видео-Гамма- Меломан»ЖШС, «Гамма-Видео» ЖШС, «STAR VIDEO COMPANY» ЖШС және басқа компаниялар бар. Аталған қоғамдар немесе ұйымдар(кәсіпорындар) «заңды тұлға» тсінігіне енетін   құқық иеленушілер болып табылады. 

Бірақ авторлық құқық (бейнефильм, бейнеклип т.б. қатысты)  бұзылуы әбден мүмкін және жоғарыда аталған авторлық келісім шарт мәтінінен шыққан жағдайлардан туындауы мүмкін. Мысалы, авторлық келісім – шартқа сәйкес автор (авторлар) құқықты бейне туындыларын дайындау және таралымға жіберуге осындай бейнекассеталардың жарыққас шығуының әр жекелеген жағдайы үшін авторлық сыйақы алу мақсатымен беру. Бұл жерде автор әр туындының жарыққа шыққаны үшін  сыйақыны дұрыс алмай қалған жағдайлары қарастырылады. Осыған сай шығын, әриине, құқық иеленушіге келтіріледі.

Осындай нақты жағдайда бейне туындыларды жасау ерекшелігін ескере отырып, авторлық құқықтың объекғтілерін заңсыз пайдалану деп жеке тұлғамен, тіпті кез келген заңды тұлға атынан   нақты бір құқық иеленушініғң бейне өнімі ретінде бейнекассеталарын дайындау, таралымға жіберу және таратуға деген құқығын заңсыз пайдалану түсіндіріледі.

Интеллектуалдық меншік объектілерін және авторлық(сабақтас) құқық объектілерін таралымға беру, тарату және тұтыну бұрыннан бері  жоғары деңгейдегі кірісі бар индустрияның ірі салсында құрылғанр және бұл эконмикғалық прогресті қамтамасыз етуде аңызды рөлді ойнайды. Бұд факт интеллектуалдық меншік өнімін таралымға берңһіп, таратудың жоғарғы кірістік пайдасы көптеген мемлекеттерде қылмыстың элементтеріне ене бастады. Осы жөнінде  статистика мәліметтері көрсетуде. Дыбыс жазушының әр төртіншісі контрафактілі болып табылады.

Аталған бейне өнімді таралымға жіберіп, таратудың арнайы рұқсаты нмесе құқық иеленушінің ерекше сенімхатының болмауы авторлық құқықты бұзу болпып табылады. Бұл «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР-ның Заңының 48- бабының 2 тармағында көрсетілген.   Мысалы, «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР-ң Заңының талаптарын орындамаған жеке немесе заңды тұлға авторлық құқық және сабақтас құқық ты бұзушы болып табылады.

Сонымен, автор немесе құқық иеленушінің арнайы рұқсатынсыз бейне өнімді «қайта жазу» (түпнұсқаны көшіру) арқылы дайындаушы және  (немесе) таратушы тұлға «контрафактілі өнімді»  шығарады.     «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР-ның Заңы «контрафактілі өнім»  түсінігін ашпай, тек контрафактілі деп авторлық құқық  және сабақтас құқықты бұзатын туындылар мен фонограммалар таратып, дайындайтын таралымдарды айқындайды(   «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР-ның Заңының 48- бабы 3 тармағы).

Заңсыз өндіру немесе дайындау деп барлық жазба түрлерінің көмегімен оларды  контрафактілі түрде қайталауды, яғни материалдық заттағы жазба таралымдарын (көшірмелерін) дайындауды айтады,

«Контрафактілі» сөзі (contrefacon – француз сөзі)  интеллектуалдық меншік құқығын бұзуды білдіреді және Қазақстанда құқықты қолдану тәжірибесінде авторлық құқық және сабақтас құқықты  бұзушы ретінде қолданылады.   Соңғы уақытта «контрафактілі» термині ретінде «қарақшылық» танылып жүр. Ол «piracu» ағылшын сөзінен- интеллектуалдық меншік құқығын бұзушы ретінде танылады. Сондай-ақ аталған  Заң «контрафактілі» сөзін тек туындылар(соның ішінде бейнекассеталар) және фонограммалар (аудиокассеталар және компакт- дискілер, грампластинкалар)  таралымдарна, сондай- ақ орындау және телевиз иялық бағдарламалардың беғәне жазбаларының таралымдарына қатысты қолданылады. Сонымен, «контрафакт»  түсінігі заңнама бойынша тар ауқымда қолданылады.

«Контрафактілі» туындылар мен фонограммалар туралы тағы бір айта кететін жағдай – бұл туындылардың, фонограммалардың контрафактілі өнімі міндетті түрде Қазақстан аумағында дайындалуы шарт емес. Мысалы,    «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР-ның Заңының 48- бабының  4 тармағына сәйкес туындылар және фонограммалардың контрафактілі таралымдары  болып мына жағдай танылады. Қазақстанға авторлық және сабақтас құқық иесінің келісімінсіз басқа мемлекеттен импорттау. Бұл жерде туындылар және фонограммалар қоғам игілігі  ретіндке танылатындығын түсіну керек,ал қазақстанға импорттау құқық иеленушініің келісімінсіз жүзеге асырылады.  Аталған контрафактілі тауарды негізінен Қазақстан жеріне контрабандалық жолмен енгізеді.  Сондықтан осындай қылмыстық әрекеттерді тек қана ҚР ҚК 184- бабымен ғана емес, сонымен қатар ҚР ҚК-ҒҢ 209- бабы бойынша («Контрабанда») реттеу қажет. Мысалы, №301-302 «Новосібір- Алматы» поезының №11 вагон жолсерігі А.Жолшыбековтан қызметтік бөлмедегі желдеткіш тесігінен 205 аудиовизуалдық туындылар жазылған DVD дискілері  тіркеуге алынды. Сарапшы қорытындысы бойынша брлық тіркеуге алынған туындылар таралымының арнайы рұқсаты болмаған. Дискіге жазылған аудиовизуалдық  туындылардың рұқсаты бар таралымының орташа нарықтық бағасы бойынша (990 теңге)  А.Жолшыбековтан алынған туындылар таралымының бағасы 205*990=202 950 теңгені құрайды және бұл 100 АЕК тең.  Сонымен, поезд жолсерігі А.Жолшыбеков контрабандалық жолмен РФ новосібір қаласынан  аталған өнімді сату үшін  шекарадан өткізуге тырысқан.  ҚР ҚК-нің  184- бабының 2- тармақшасына сәйкес  А.Жолшыбеков  і- әрекетінде   қылмыс құрамы бар,себебі оо өз іс-әрекетімен Қазақ АСҚ –тың  қатысушыларына мүліктік зиян келтірген.

Сонымен, ҚР-ның ҚК-ң 184- бабының 1 тармағының диспозициясының объективтік жағын  қорытындылауға қайта оралайық.Сабақтас құқықтың объектілерін заңсыз қолдануды аудиокассеталарға және компакт- дискілерге қатысты қарастырайық. Жоғарыда атап өткендей, «контрафакт» түсінігі  фонограммаларға да , яғни оның ішінде көрсетілген объектілер- аудиокассеталар мен компакт – дискілерге де қатысты.  «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР-ның Заңы  сабақтас құқық әрекет саласын   фонограмманы «орындаушы» және «өндіруші» деп бөледі. Орындаушы- әрқашан жеке тұлға, ал өндіруші болып жеке  тұлға да, заңды тұ лға танылады.  Дегенмен, орындаушыларда өңделген жазбаны тарату құқығы болмайды.

Информация о работе Авторлық құқық бұзушылық