Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 19:28, курсовая работа
Қазіргі қоғамның кез келген, яғни саяси, әлеуметтік , өндірістік саласының мемлекеттің эконмикалық дамуымен байланысты процестер эконимкалық жағбдайларды нашарлатуға әкелңп соқты. Аталған қылмыстың экономикалық құрылымдағы мотиві әртүрлі болып келеді, оның ішінде адам өміріне және денсаулығына қарсы, жеке басының бостандығы, ар- намысына қарсы, отбасы мен жасөспірімдерге қарсы, халық денсаулығына және қоғам қауіпсіздігіне қарсы және т.б. қылмыстарды жасауда доминантты болып келеді.
Компакт – дискілердің ролиграфиялық жапсырмалары мен қапшығында құқық иеленуші компаниялардың голографиялық стикерлері (ресей орындаушыларының өнімдеріне және «SPV», «Sony Music», «Би Эм Джи ЛТД» және т.б. голографиялық стикерлермен «Артстарз Студия СОЮЗ» компаниялары қолданады ) болмайды. Құқық иеленушіге байланысты стикерлер целлофандық қабықшаға,не қабықшалы қорапшаға, не полиграфиялық жапсырмасының буклетіне жабыстырылуы мүмкін.
Компакт- дискілердің беткі жағы(полиграфиялық безендіру).
Бейнелеу безендірмесінің болмауыр, дискінің ортасында мәтіннің араласуы, бояуған кезде біркелі болмауы, мәтінде грамматикалық қателердің болуы, жапсырылған маркировка, құқық иеленушінің атауы мен тауар белгісінің болмауы, құқық иеленуші және оның тауарлық белгілері жөнінде жалған мәліметтер жазу және басқалар.
Компакт дискілердің артқы жағы.
Дискінің артқы жағының ішкі шеңберінде , әдетте, фонограмманы дайындаушы немесе құқық иеленуші, альбом немесе жинақтың нөмірі жөнінде ешқандай мәлімметтердің болмауы , сондай- ақ мастеринг үшін арнайы SID Code IFPI болмайды. Жеке дискілерде маркировка матрицасына жасалған SID Code IFPI компакт – дискілерін дайындау үшін матрицаның орны туралы мәліметтерді жасыру үшін механикалық жою іздері болады.
Дискінің бетінде жасалу орны бойынша бұл өнімнің жалған екенін дәлелдейтін терең сырулар болады.
Басқа белгілер.
Заңды және контрафактілі компакт- дискілер, әдетте, фонограммалардың сапасы жағынан көп ерекшеленбейді. Онымен қоса, контрафактілік өнімді ерекшелейтін келессі белгілері орын алады: ойнанқан кезде фонограмманың жарты бөлігін ойнату құралы оқымайды, жеке тректерді ойнатуда кедергілер болады, дискінің полиграфиясында көрсетілген фонограммалардың атауы , кезектігі және саны жағынан сәйкес болмауы.
2. Заңсыз монтаж (компилиралау).
Контрафактілікті сипаттайтын жоғарыда аталған белгілерден басқа, заңсыз монтаж бұл жағдайдағы заңсыз көшірмелер болып бір орындаушының «ең жақсы хиттерінің» жинағы немесе бір жанрдың, мысалы, би немесе классикалық музыка және т.б. жинағы танылатындығын сипаттайды.
Заңсыз комплирирланған фонограммалар өзіндік атауларға ие және олар белгілі шетел немесе отандық орындаушылардың атауына , мысалы, «Hit Collection 2000/2001», «100%, 200 % Hits», « Madonna – Hit 2000», «Enigma – 100% Hits» және басқаша сөздер қосады.
Әртүрлі белгілі орындаушылардың заңсыз фонограммалар, сонымен қатар, белгісіз немесе іс жүзінде жоқ компаниялар мен құқық иеленушілер ретіндегі компликациялар кездеседі.
3.Түпнұсқадағы форматтан басқа компакт – дискіде фонограммаларды заңсыз өндіру.
3.1.Ең көп тараған «MPEG 3» форматы – бұл арнайы бағдарламаларды қолданылған қысңғғқы мәлімметтері бар компакт - дискілер (CD ROM). Мұндай форматтағы бір дискіде бір немесе бірнеше орындаушылардың бірнеше альбомдарынан жазылған фонограммалар 10 сағатқа дейін ойнауы мүмкін. Аталған форматтағы дискілер компьютерлерді немесе арнайы плеерлерді қолданып тыңдау үшін қолданылады.
Мұндай форматтағы шетел орындаушыларының фонограммаларын жазған заңды компакт – дискілер шығарылмаған.
Ескерту: 2000 жылдың ортасынан бастап «RMG Company» ААҚ ресейлік компаниясы мұндай форматты «Мороз Мьюзик», «РАИС ЛисС», «RMG» ресей компанияларының катологынан ресей орындаушыларының фонограммаларын жазған заңды компакт – дискілер дайындала бастады (мысалы, «Круиз» тобының , Ф.Киркорвтың, Александр Дольскийдің,Александр Барыкиннің, Александар Розенбаумның орындауындағы фонограммалары бар «Музыка КИНО» сериясы). Мұндай компакт – дискілер өндірушіден көтерме сатып алушыға дискінің целлофандық қабықшасының бетіне «RMG» компаниясының голографиялық стикері жабыстырлған түрде беріледі.
3.2. «CD-RW» немесе «CD-R» типтегі компакт – дискілердегі заңсыз фонограммаларды жасау.
· Аталған дискілер бір реттік «CD- R» немесе бірнеше реттік «CD-RW» мәліметтерді компьютер немесе арнайы аппарат көмегімен жазу үшін колданылады. Мұндай дискілердің беткі жағы металлизациясы болмайды және белсенді қабығына байланысты көк немесе ашық жасыл түсте болады. «CD- R» немесе «CD-RW» типтегі дискілер «MPEG 3» форматында фонограммаларды оқуы мүмкін жағдайлар да кездеседі.
Музыкалық фонограммалары жазылған лицензиялы компакт- дискілер мұндай форматтарда шығарылмайды.
Сонымен, лицензиясы жоқ өнімнің пайда болуы (контрафакт) белгілі кезеңнен өтеді және оның мақсаты дайындалған өнімнің сыртқы көрінісі легитимді өнімге максималды түрде жақындату болып табылады. Содан кейін осы «легитимді өнім» жүзеге асу үшін бағытталады.
Аталған қылмыстық іспен айналысатын тұлғалардың тәжірибесі бойынша қылмыскерлер контрафактілік өнімді алдымен көтерме рыноктардан, қоймалардан аз мөлшерде (50-100 дана) алып, осындай сауда орындарында бөлшектеп сатады. Нәтижесінде, егер жүзеге асыру базарларда болса, сатушылар сауда орындарына бір реттік билеттер алады. «Қарақшылық» компакт – дискілерді алудың бірі болып басқа жерлерден келген танымайтын тұлғалардан аталған тауарды сатып алу табылады, бұл эпизод бір реттік немесе қайталанатын, бірнеше рет болуы мүмкін. Мысалы, Семей қаласы бойынша қылмыстық істердің біреуінің материалдары бойынша (13) контрафактілік өнімді тасымалдаушы өзін тек атымен таныстырып, базарға жұмыс күнінің басында күнде тауарды әкелген, содан кейін ол біткеннен соң өзі немесе зінің автомобилінің жүргізушісі арқылы аталған тауарды жүзеге асыруға ауызша келісімге отырған сатушыдан түскен пайданы алып кетіп отырған. Екі ай өткен соң ол бұл тауарға бақылаушы сатып алу жүргізілетіндігі жөнінде естіп, ол өзі сауда орнына келмей, тіпті өнімнің соңғы партиясы үшін пайданы алмай, контрафактілік өнімді жеткізуді тоқтатады. Тергеу барысында жауап алынған контрафактілік өнімді жүзеге асырушы аталған тұлғаның бәйнесін мұқият сипаттап берді, бірақ «тасымалдаушыны» іздеу басқа қылмыстық істердің көпшілігі сияқты сәтсіз аяқталды. Тергеу тәжірибесінде жүзеге асырушы контрафактілік өнімді бейтаныс адамдардан көтерме бағамен сатып алып, оны ұзақ уақыт бойы сауда орнына жақын жерде заңды түрде жалға алған қоймада сақтайтын жағдайлар да кездеседі. Контрафактілік өнімді сату жеке өзімен сауда орындары мен қоймаларда жүргізілген. Сауда орындарынан өнімді үнемі алған тұлғалар белгілі уақыт өткеннен кейін тұрақты клиенттері болды, содан кейін жүзеге асырушылар оларға қоймадан өнімді өте төмен бағамен сатып алуды ұсынады. Өткізілген зерттеу нәтижесі бойынша контрафактілік өнімді сатушыларда көп жағдайларда заңды тұлғаның құрылымынсыз өз қызметін жүзеге асырушы кәсіпкердің мемлекеттік тіркеуі туралы куәлігі болады. Бұл жағдайларда қылмыстық істердің материалдарында сәйкес құжаттар болады. Дегенмен, аталған тұлғалар жиі контрафактілік өнімді бейтаныс көтерме сатушылардан сатып алады және бұл тұлғаның кім екеніне, саудамен айналысуға рұқсатының бар жоғын сұрамайды. Осыған сәйкес компакт – дискілерді сату фактісі бойынша бұл жағдайларда ешкім келісім – шартқа отырмайды. Контрафактілік өнімді жүзеге асыру бойынша заңсыз қызметті іске асырудың уақытша кезеңі, соттық- тергеу практикасының жасаған қорытындысына қарасақ, нақты субъектілер міненездемесіне байланысты (қылмыстық тәжірибенің, қылмыстық байланыстың, қаржылық мүмкіндіктің болуы т.б.) және ол осыған байланысты 1- 3 айдан бірнеше жыл аралығында болады. Аталған өнімді үнемі жүзеге асыру субъектінің рөліне байланысты, яғни ол кім болып табылады – тасымалдаушы ма, сақтаушы ма, жүзеге асырушы ма және басқа ма. Әдетте, контрафактілік тауарды сатушымен ауызша келісім жасалады немесе еңбек заңымен қарастырылған келісім- шарт жасалынады. Сатушы міндетіне тауарды жүзеге асыру, сақтау, түскен пайданы әр жұмыс күнінің соңында өткізу кіреді. Әдетте, ол кассалық аппарат көрсеткішін алып, оны кассалық кітапқа енгізеді. Осы аралықта келісім – шарт жақтарының арасында жүзеге асырылатын өнім сипаты туралы айтылмайды: практикада сатушыға басқа тауарлармен қоса аудио-, бейнекассеталар, контрафактілік сипаттағы компьютерлік компакт – дискілер беріліп,ол олар туралы мәліметтерге қызықпай, жүзеге асырады.
Дегенмен, біздің ойымызша, көп жағдайда контрафактілік өнімді жүзеге асырушылар аталған өнімніғң сипатын ең алдымен оның сыртқы белгілері бойынша, сондай- ақ тауардың нақты бағасына қарап бағалап, тани алады.
Осы уақытта, тергеу (алдын ала тергеу) қызметкерлерін, прокурорлардың , сондай- ақ барлық басқа құқықты қолданушылардың назарын келесі жағдайларға аудару керек. Қылмыстық топтар контрафактілік өнімді басқа да әдіспен дайындайды. Мысалы, алдыңғы құқық иеленушіден немесе оның заңды өкілінен сәйкес голограммасы, тауар белгісі бар және т.б. нағыз қорапшадағы бейнекассеталарды сатып алу тендециясы пайда болды. Мұндай контрафактілік өнімді визуалды түрде сыртқы көрінісін құқық иеленушініғң түпнұсқалы өнімінен айыра алмайсың және бұл жерде арнайы сараптама жүргізуді талап етеді. Бейнекассеталардың түпнұсқалық полиграфиялық қорапшаларын қарақшылар құқық иеленушілердің өздерінен сатып алады немесе түпнұсқадан еш айырмашылығы жоқ жоғарғы сапалы полиграфия жасайды. Аталған қорапшаға контрафакілік кассетаны орналастырып, «қарақшы» өз ісін жасырады және бұл оны анықтауда қиындық туғызады. Сонымен, сауда орындарында белгілі құқық иеленушінің тауарлық белгісі қолдан жасалған өнім пайда болады. Контрафактілік өнімді заңсыз таралымға жіберу, тарату және жүзеге асу түріндегі авторлық және сабақтас құқықты бұзатын басқа да тәсіл бар. Контрафактілік өнімді жүзеге асырумен байланысты әрекеттерді , сондай- ақ объективтік және субъективтік сипаттағы басқа жағдайларды жүзеге асыру бойынша қылмыстық тәжірибенің жиналуы алдын ал сөз байланысқан аталған қылмысты жасау үшін тұлғалардың тобы құруға септігін тигізеді. Осындай топтардың көпшілігі туыстықпен, жақын таныстықпен ,сондай- ақ пайдакүнемдік мақсатпен құрылған қарым- қатынаспен сипатталады және бұл жерде ,әдетте, компьютерлік техника саласында белгілі білімнің болуын қажет етеді.
Сонымен, жоғарыда атлып өткен жағдайлар негізінде интеллектуалдық меншікті қорғау сәйкес деңгейде болуын қамтатамасыз ету қазақстандық құқық иеленушілер құқығын сақтау кепілі болып табылады. Бұл жағдайда аталған қылмыс түрін ашу және тергеу бойынша құқық қорғау органдарының қызметін ұйымдастыруда жоғары тиімділікті қажет етеді және аталған қызметте криминалистикалық құралдар мен әдістерді кеңінен қолдануды талап етеді. Контрафактілік өнімді таратумен байланысты қылмыстардың криминалистикалық сипаты тергеу практикасы үшін үлкен маңызға ие және оны қолдану тергеу тиімділігін арттырып, оның негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.
2 БӨЛІМ. АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫ БҰЗУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ АШУ ӘДІСТЕМЕСІ.
2.1. Авторлық құқықты бұзумен байланысты қылмыстарды анықтау мен ашу әдістемесі.
Нарықтық қатынастардың қазіргі уақыттағы жағдайында кәсіпкерлерге мемлекет тарпынан жан жақты қолдау жасалынып, кіші бизнестің дамуы үшін қажетті жағдайлар жасауда Қазақстан Республикасының заңдарының барлығын сақтау мәселесі актуалды болып отыр. Бұл жерде, ең алдымен, интеллектуалдық құқықты сақтауға назар аудару қажеттілігі жөнінде айтылуда. Әсіресе, бұл интеллектуалдық меншік объектілерін өз қызметінде пайдаланатын кәсіпкерлік құрылымға, ұйымдар мен серіктестіктерге, жеке кәсіпкерлер мен басқа да ұйымдарға қатысты. Интеллектуалдық меншік объектілерін кәсіпкерлермен пайдалануды дәрежелеу бойынша келесі топтарға бөлуге болады:
1.Оларға кәсіпорындар мен ұйымдар жатады. Олардың қызметі мен қаржы- экономикалық кірісінің жиынтығын тек интеллектуалдық меншік өнімін пайдалану құрайды. Көп жағдайда, компьютерлік клубтар, дыбыс жазушы компаниялар, интеллектуалдық қызмет өнімін, аудио- және бейне өнімдерді жүзеге асырушы сауда орындары және т.с.с.
2.Бұл топқа интеллектуалдық меншік өнімін, сондай –ақ интеллектуалдық меншікке қасы жоқ басқа түрлерді қолдануы қызметі мен жекеше кірісін құрайтын кәсіпорындар мен ұйымдар жатады. Бұл ресторандар, барлар, түнгі клубтар, әртүрлі ойын- сауық орындары және бұл жерлерде клиенттерді тарту үшін интеллектуалдық меншік объектілерін қолданады. Мұнда белгілі танымал кино- және шоу – жұлдыздарының аудио- және бейнежазбаларын, музыкалық және бейнепрокаттары мен бейнероликтерін, ЭЕМ – ді қолданумен ойын- сауық бағдарламларын, музыкалық туындыларды «жанды» орындауды пайдалану болуы мүмкін.
3.Оған интеллектуалдық меншікті фрагменттік түрде, яғни жоғарыда атлып өткен жағдайларға қарағанда азырақ қолданатын және кіріс көзі ретінде емес, ал еңбек құралы ретінде пайдаланатын кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді. Оларға өндіру қажеттілігі шегінде өз жұмысында бағдарламалық өнімді қолданатын басқа қалған көптеген ұйымдар жатады. Мысалы, кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүзеге асыру бойынша компьютерлік бағдарламалар және тағы басқалар.
4. Бұл топқа интеллектуалдық меншік объектілерін және әртүрлі әдістермен жасаушы және құқық иеленушілерді пайдаланатын басқа кәсіпорындар, ұйымдар мен жеке тұлғалар жатады. Интеллектуалдық меншік құқығын сақтамау немесе бұзу ҚР заңнамасы бойынша жауапқа тартылады, ал егер құқық иеленуші шетелдік болса, онда құқық иеленуші ретінде Қазақстан Республикасы да бола алатын халықаралық құжаттар, келісім – шарттар, келісімдер өз күшіне енеді.
Қазіргі таңда интеллектуалдық құқықты қорғау процестің лейтмотиві болуда, ал оның деңгейінен мемлекеттің халықаралық беделі байланысты. «Қарақшылық» шарқып, гүлденген мемлекетке қай шетел іскері жаңа технологияны әкелуге тәуекел етеді? Әлемнің барлық дамыған мемлекеттерінде интеллектуалдық меншік құқығын қорғаудың тиімді жүйесі бұрыннан бері өркениетті нарықтың қажетті жағдайы ретінде қарастырады. Қазақстан үшін бұл сала әзірге проблемалы болып отыр. Ең алдымен бізге ескірген техника мен технологиялардың қоймасына айналдыратын арзан сапасыз өнімнен қорғану қажет. Патенттік заңның авторлық және сабақтас құқығын бұзу Қазақстанның халықаралық беделіне зиян келтіреді. Мемлекет үлкен шығынға ұшырап, үлкен мөлшерде шығын шығарған, бірақ контрафактілік өнімінің бағасымен бәсекелестікке түсе алмайтын кәсіпкерлер зиян шегеді» (14).
Контрафактілік өнімге және авторлық құқық пен сабақтас құқықты бұзуға ресми түрде соғыс жарияланған. Бірақ бұл салада үлкен нәтижеге жеткеніміз шамалы және ол туралы айту әлі ертерек. Әсіресе, аудио,- бейне салада, компьютерлік ойындар, бағдарламалық қамтамасыз ету саласында құқық бұзушылықтар көп. Қылмыстың бұл түрімен тиімді күресу үшін құқық қорғау органдарының жедел қызмет жұмысшылар, авторлық құқық бұзумен байланысты құқық бұзушылықты ашуға лауазымды тұлғалар осы аталған қылмысты ашу бойынша әдістемелерді қолданулары керек.
Мәселен, авторлық құқықты бұзу саласындағы қылмыстарды ашу мен анықтау барлық процесі шартты түрде бірнеше кезеңдерге бөлінеді:
Алғашқы кезеңде патент негізіндегі кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар туралы территориялық салық органдарынан мәліметтерді алу қажет:
30 дыбысжазбалар;
31 бейне,- аудиокассеталар прокатқа беру және жүзеге асыру;
32 кітапты прокатқа беру;
33 бейнефильмдерді көрсету бойынша қызмет көрсету;
34 ойын- сауық бағдарламасын ұйымдастыру (оның ішінде концерттерді ұйымдастыру мен өткізу).
Авторлық және сабақтас құқықтың объектілерді пайдаланатын тұлғалар туралы мәліметтер лауазымды органдарынан алынуы мүмкін. Мысалы, 1997 жылы қазақстандық авторлар ұжымдық негізінде мүліктік құқықты басқаратын «Қазақстандық авторлық құқық қоғамы» (Қаз АҚ) ұйымын құрайды. ҚазАО 2001 жылда қолданушымен 145 лицензиялық келісім – шартқа отырды. Осы уақыт ішінде авторлық гонорарды жинау 27 464 846 тенгені құрайды. Оның ішінде шетел авторлық- құқықтық ұйымдары ҚазАО-мен өкілдік туралы тікелей келісім – шартқа отырып,13 956 248 тенге төленді. Таяуда қазақстандық орындаушылар - сабақтас құқығының иегерлері «Қазақстанның орындаушылардың кеңесі» Қоғамдық бірлестік құрды. Оның мүшелері болып белгілі композиторлар, әртістер, әншілер және т.б. Бұл бірлестік ұжымдық негізде сабақтас құқық объектілерін басқаратын болады (көрсетілім, орындау және т.б.).
Сонымен, ҚР ҚК 184 бабының объективтік жағының белгісін анықтау құқық иеленушілердің құқықтарын қорғауға лауазымды аталған органдарымен тығыз байланысқа түсуге ықпалын тигізеді. Интеллектуалдық меншіктің осы объектісінің құқық иеленуші жөнінде мәліметтерді, сондай – ақ құжаттарды, әсіресе осы аталған интеллектуалдық меншік объектісін пайдалануға арналған лицензиялық келісім - шартын сұрау қажет. Аталған мәліметтерді сұрастыру маңыздылығын келесі мысал дәлелдейді:
«Видео-Аудио- Меломан» компаниясы 11.06.2007 жылда «Сони Пикчерз Хоум Энертэйнмент» шетел компаниясымен бекітілген лицензиялық келісім – негізінде Қазақстан Республикасы аумағында шетелде өндірілген аудиовизуалдық туындыларды таратумен айналысады. Бекітілген лицензиялық келісім – шарт «Видео- Аудио-Меломан» компаниясына келісім – шартта көрсетілген аудиовизуалдық өнімді Қазақстан Республикасының аумағында таратуға деген құқықты береді. «Видео- Аудио- Меломан» компаниясы келісімге отырған кезде әр аудиовизуалдық туынды үшін «Сони Пикчерз Хоум Энтерэйнмент» шетел компаниясына белгілі төлем береді. Қазақстан Республикасының аумағында «Видео-Аудио- Меломан» компаниясы бұл аудиовизуалдық туындыларды таратады және осы үшін сәйке төлемақы алады.