Авторлық құқық бұзушылық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 19:28, курсовая работа

Описание

Қазіргі қоғамның кез келген, яғни саяси, әлеуметтік , өндірістік саласының мемлекеттің эконмикалық дамуымен байланысты процестер эконимкалық жағбдайларды нашарлатуға әкелңп соқты. Аталған қылмыстың экономикалық құрылымдағы мотиві әртүрлі болып келеді, оның ішінде адам өміріне және денсаулығына қарсы, жеке басының бостандығы, ар- намысына қарсы, отбасы мен жасөспірімдерге қарсы, халық денсаулығына және қоғам қауіпсіздігіне қарсы және т.б. қылмыстарды жасауда доминантты болып келеді.

Работа состоит из  1 файл

авторлық құқық бұзушылық.doc

— 289.28 Кб (Скачать документ)

Авторлық құқықты заңсыз пайдалану саласындағы қылмыстарды анықтауға лауазымдыорган Интеллекталдық меншік құқықтары бойынша комитеттен «Видео- Аудио- Меломан» компаниясы жөнінде мәліметтер алып, «Видео- Аудио- Меломан» компаниясы «Сони Пикчерз Хоум Энертэйнмент» шетел компаниясының өкілі ретінде бола алатындығын және оны таратқан үшін сәйкес төлемақы ала алатындығын тура айқындап алуына мүмкіндік бар.  Бұл мәліметтер құқық иеленушінің авторлық құқықтарын бұзған фактілер ма, әлде жоқ па деген сұрақты шешуге қажет.

Авторлық құқықтар мен сабақтас құқықтарғға байланысты әртүрлі «инстанциялардың» өзара байланыстылығының сызбалық нұсұасы келесідей болады:

 

«Сони Пикчерз                                  «Видео- Аудио- Меломан»

Хоум Энертэйнмент»                        қазақстандық компанясы

шетел компанисы    

 

 

                                                             Интеллектуалдық

                                                              меншік құқытары бойынша

                                                              комитет

 

Авторлық және сабақтас

құқықтарды бұзу саласындағы

қылмыстарды ашуға өкілді орган 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

              Авторлық құқық және сабақтас құқық саласындағы заңнаманы сақтаудағы қадағалауды жүзеге асыру практикасында  көп жағдайларда қылмыскер болып кәсіпкерлер танылады (заңды және жеке тұлғалар). Сондықтан қаржы полиция органдарының қызметкерлері жағынан осы аталған салада  қылмысты анықтау, қылмысты анықтаған кезде қадағалауды қамтамасыз етуі өте маңызды рөл атқарады. Мысалы, контрафактілік өнімді тарату нүктелерінде бақылау жүргізуде прокурормен бекітілетін құзіретті органның анықтамасы қажет екенін білу керек. (14)

              Егер тұлға  есеп берудің жеңіл түрі негізінде кәсіпкерлік қызмет атқарса, анықтама қажет емес. Туындыларды заңсыз пайдалануды анықтау және алдын алуда құзіретті мемлекеттік органдардың жұмысы нәтижелі  болуы үшін келесі жағдайлар қажет:

1        заңсыз пайдаланған туындылар туралы мәліметтердің болуына байланысты олардың алдын алу:

- туындылардың заңсыз даналарының сипаттамалы белгілері жөнінде,

контрафактілік туындыларды заңсыз пайдалану әдістері жөнінде мәліметтердің болуы;

2        құқық иеленуші жөнінде мәліметтер.

Заңсыз пайдаланған туындылар жөніндегі мәліметтерді қажет ету авторлық құқық пен сабақтас құқық және қылмыстық құқық  барлық туындыларды  қорғамағандықтан туындап отыр. Көп жағдайда қорғалмаған болып мерзімі өтіп кеткен, шетелдіктермен және шетелде жарияланып шығарылған, халықаралық келісім – шарты жоқ туындылар  және т.б. табылады. Кейбір авторлар, мысалы, өздерінің туындыларын қайтарымсыз қолдануға рұқсаттарын береді.

Заңсыз пайдаланумен байланысты туындыларды қолдану кезінде құзыретті   органдар заңды туындылар және фонограммалардың даналарының идентификациялық белгілері жөнінде мәліметтерге ие болулары керек. Мұндай мәліметте келесілер айқындалулары қажет: заңды туындылар мен фонограммалардың даналарында кешендік белгілердің болуы жөнінде;  қорапшаның және материалдық тасымалдаушының идентификациялық белгілері; қосымша материалдардың (лицензиялар мен буклеттердің)  белгілері.

Алғашқы кезеңде келісім – шарты жоқ туындыларды пайдалану фактісін анықтау кезінде бүкіл жедел – іздестіру қызметінің құрамын пайдалан отырып, жарияламай жүргізу қажет.

Қаржы полиция органдарының қызметкерлері авторлық құқық және сабақтас құқық жөніндегі алғашқы мәліметтерді екі қайнар көздерден алуы мүмкін. Біріншіден, туындыларды заңсыз пайдалану кезінде алуы мүмкін. Екіншіден, мұндай мәліметтерді азаматтар мен ұйымдар беруі мүмкін. 

              Алғашқы белгілерді анықтаудың бүкіл процесі шартты түрде екі негізгі топқа бөлуге болады:

2        құқық бұзушылық белгілерін белсенді түрде анықтау (активті анықтау);

3        пассивті анықтау.

Активты анықтауға келесі шараларды жатқызуға болады:

4        туындыларды таратуы  мүмкін жерлерді бақылау ( базарлар, дүкендер, прокат пунктері, байланыс бөлімдері);

5        заңсыз жария атқару фактілерін анықтау үшін,  еркін жүріс – тұрыстық ашық, қорғалатын туындыларды көрсетуге ыңғайлы  жерлерді бақылау. Бұл жерде кафе, бар, ресторан, ойын салондары, кинотеатр, көлікте,әсіресе, темір жол, әуе көліктері жөнінде айтылуда.

6        Баспасөз жағынан авторлық құқықты бұзушылық бойынша мәліметтерді қорытындылау;

7        Эфирлік және кабельдік  көрсетілім ұйымдарының бағдарламаларын бақылау және құжаттау;

8        Жарнама жасаушылар мен  жарнама таратушы жағынан авторлық құқықты бұзу жөнінде жарнамалық хабарларды қорытындылау және жарнама беруші жағынан құқық бұзушылық мүмкін болатын жарнамалық хабарларды қорытындылау.

Ал  авторлық құқық туындыларды немесе сабақтас құқық объектілерін  заңсыз пайдалануды  пассивтік анықтау,  өз кезегінде, құқық бұзушыларды өзіндік табу үшін жағдайлар жасаудан көрініс табады. Құқық бұзушылық белгілерін анықтау  күрделілігін ескере отырып, құқық бұзушылар үшін «техникалық тұзақтарды» қолдану мүмкіндігін  анықтаймыз. Мысалы, компьютерлік «қарақшыларды» анықтау кезінде  пайдаланушылармен туындыларды қолдануды анықтап отыратын WWW- серверлерін және  BBS – станцияларын қолдану мүмкін.

Прессада публикациялар жариялауда, сондай – ақ, мүмкін. Мысалы, аудиовизуалдық туындылар,, туындылар жазылған бейне-  және аудиокассеталар үшін қорапшаларды демпингтік бағалар бойынша көтерме бағамен сатып алу жөнінде.

              Авторлық құқық пен сабақтас құқықты бұзу жөніндегі белгілерді анықтаудан басқа, құзыретті орган мен  құқық иеленушілер азаматтар мен ұйымдардан, сондай – ақ баспасөзде « сенім телефоны» жариялау көмегімен осындай мәліметтерді ала алады. (15)  

              Қадағалауды жүзеге асырудың екінші кезеңі – құқық иеленушінің рұқсатынсыз туындыларды пайдалану заңды негізде жүргізілгендігін тексеру. Мұнда «Авторлық құқық пен сабақтас құқық туралы» Заңда қарастырылған құқық бұзушымен ұсынылған туындыны келісім – шартсыз пайдалану негізінің  бар – жоқтығы тексеріледі (18-26 баптар). Туындыларды келісім – шартсыз коммерциялық   түрде пайдалану (пайда табу мақсатымен)  мүліктік авторлық құқықты ұжымдық шарт негізінде басқаратын құқық иеленуші немесе ұйыммен берілген туындыны пайдаланудың авторлық (лицензиялық) келісім – шарты тексеріледі.(15)

Ұжымдық негізде мүліктік авторлық құқықты басқаратын ұйыммен берілген лицензиялық келісім – шарттың қолданушыда болуын тексеру  келесі түрде жүргізілу мүмкін. Ең алдымен ұжымдық негізде мүліктік авторлық құқықты басқаратын ұйымды белгілі ауданда жұмыс істейтіндігін анықтап алу керек. Содан кейін олардан бұл аймақта орналасқан қолданушыларға берілген туындыларды пайдаланудың лицензиялық  келісім – шарты жөнінде ресми мәліметтерді анықтап алу керек. Мәліметтерде лицензиялық келісім – шарт жасасқан тұлғалар туралы және оны бекітудің негізгі жағдайлары жөнінде айтылуы қажет. Сондай – ақ, келісілген шарт бойынша төленген төлем туралы мәліметтер мен авторларға немесе оның мұрагерлеріне авторлық  сыйақы төленгендігін дәлелдейтін қаржы құжаттары енген қолданушы есептері, орындалушы туындылардың  тізімі мен репертуары жөнінде мәліметтерді міндетті түрде алу қажет.    Егер лицензиялық келісім –шарттар авторлардың мүліктік құқықтарын ұжымдық басқару бойынша ұйымдармен бекітілсе, онда аталған ұйымдар арқылы авторлық сыйақыны төлеуді дәлелдейтін есептік беттер және басқа құжаттар көшірмелерінің болуы міндетті.

              Міндетті түрдегі тексеру.

Туындыларды немесе сабақтас құқық объектілерін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға қызметін тексеруді өткізу кезінде құқықтық құжаттардың мазмұнына ерекше көңіл бөлу қажет.

              «Авторлық құқық және сабақтас құқық» туралы ҚР Заңының 31 бабына сәйкес мүліктік авторлық құқықтың осы Заңның 16 бабының 2 тармақшасында көрсетілген туындылар, сондай – ақ сабақтас құқықтың мүліктік құқықтарын иеленушілер (орындаушылар,фонограмма жасаушылар, т.б.) үшінші тұлғаға онымен авторлық келісім – шартқа отыру арқылы берілуі мүмкін. Заң келісім – шарттың екі түрін белгілейді:

- айрықша мүліктік құқықты беру туралы келісім, ол бойынша автор өзінің туындыларын немесе сабақтас құқық объектілерін белгілі тәсілмен және келісім бойынша бұл құқық берілген тұлғамен ғана  пайдалану мәселесін шешеді. Сонымен, аталған келісім – шартқа отырғаннан кейін осы келісім – шарттың белгілі шегінде авторлық және сабақтас құқық объектілерін пайдалана алатын құқыққа ие құқық алушы жалғыз тұлға болып табылады. Сондай – ақ құқық алушы келісім – шарт бойынша алынған мүліктік құқықты қорғауға құқылы, яғни, айрықша мүліктік құқықты берген тұлғаларды қоса алғанда барлық басқа тұлғаларға келісім – шартта айқындалған авторлық құқық немесе сабақтас құқық объектілерін пайдалануға тыйым салынады. Мүліктік құқықты беретін айрықша сипаты келісім – шартта  айқын көрсетілуі тиіс, әйтпесе,   «Авторлық құқық және сабақтас құқық» туралы ҚР Заңының 31 бабының 4 тармақшасындағы норма күші келісімде басқаша көрсетілсе, онда ол айырықша емес деп танылады.

              - айрықша емес құқықтарды беру туралы келісім – шарт. Ол бойынша автор авторлық құқық және сабақтас құқық объектілерін осы құқықты берген тұлғалардың  бұл интеллектуалдық меншік объектісін пайдалануға рұқсатты осындай тәсілмен алған басқа тұлғалармен бірге пайдалануға рұқсатын береді.

ҚР АК 393 бабына сәйкес белгілі авторлық келісім – шартта «Авторлық құқық және сабақтас құқық» туралы ҚР Заңының 32 бабында көрсетілген маңызды жағдайлар болулары керек.

Мәселен, аудиовизуалды туындыларды жасаушы және оны белгілі әдістермен таратушы кәсіпкерлік субъектісінің қызметін тексеру кезінде келесі жағдайларды белгілеу қажет:

1        лицензиардың аталған туындыны үшінші тұлғаларға , сондай -  ақ ҚР территориясында тексерілетін субъектісі – лицензиатқа сәйкес тәсілдермен пайдалану үшін беретін құжаттардың болуы;

2        авторлық келісім – шартта   «Авторлық құқық және сабақтас құқық» туралы ҚР Заңының 32 бабының талаптарына сәйкес барлық жағдайлар көрсетілуі ( келісім – шарт бойынша берілген белгілі мүліктік құқықтар; құқық берілетін мерзім және аумақ; авторлық сыйақы мөлшері);

3        лицензиатқа берілетін құқықтардың туындыларының тізімі болатын келісім – шартқа қосымшалар бар – жоқтығы;

4        енгізілген тауарға кедендік рәсімдеудің өткендігін айқындайтын құжаттардың болуы;

5        лицензиаттағы аудио - , бейне кассеталардың ассортименті мен көлемінің авторлық келісім шартта, тауарлық – көлік құжаттардағы, кеден декларациясындағы мәліметтермен сәйкестігі;

6        авторлық құқық мерзімі сақтала  ма, әлде жоқ па (мысалы, туындылар даналарын келісім – шарттағы мерзімінің өтуі бойынша тарату орын алғандығы немесе алмағандығы жөнінде);

7        кәсіпкерлік қызметтің бұл түрімен айналысуға патенттің болуы.

Тексерілген субъектілердің жалған құжаттарды көрсету фактілерін азайту үшін құзыретті органдарда ТМД басқа мемлекеттердің Қазақстан  Республикасындағы құқық иеленушілердің ресми өкілдерінің тізімі, сондай - ақ  туындыларды құқықты түрде қолдану үшін қажет құжаттардың үлгілерінің толық жиынтығы болуы қажет.

Жауап алынған тұлғадан түсініктеме алу үшін келесі сұрақтарға жауап алу қажет:

1        қай уақыттан бастап кәсіпкерлік қызметпен айналысуда және қай кәсіпкерліктің түрімен;

2        жеке кәсіпкер ретінде қашан, қайда тіркелген, немен дәлелдей алады? Басқару құжаттары бар ма ( заңды тұлғалар үшін – қаулы, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, ал жеке тұлғалар үшін – кәсіпкерлік қызметпен айналысуға патент, ал  жалға беру болған жағдайда аренда туралы келісім – шарт);

3        аудиокассеталарды, бейнекассеталарды, компьютерлік дискілерді немесе басқа өнімді сатумен қай уақыттан бастап айналысуда, сатылатын тауар туралы жалпы түсінігі бар ма?

4        тауар қай жерден алынады, оның келуі мен шығындары қалай рәсімделеді, қалай төленеді, қай жерде сақталады? Тауардың шығуы туралы не біледі? Жеке тұлға тауар иесі ме, әлде тек қана сатушы ма? Тауар иесі кім?

5        тауарға қандай құжаттар бар, қай жерде орналасқан?

6        бір күнде саудадан орташа пайда қандай, қай күндерде саудалайды, тексеру күнінде қандай пайда болды?

7        тауар контрафактілі  екенін біле ме? Лицензиялық құжат қалай көрінеді және оның қанша тұратындығын біле ме?

8        тұтынушылық қасиеттегі тауар туралы оған не мәлім, сапасын кепілдей ме, әлде жоқ па?

9. авторлық құқықты бұзған үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктің бар екендігін біле ме?

10. осыған ұқсас құқық бұзушылық үшін жауапқа тартылған ба? осындай құқық бұзушылық үшін басқа тұлғалардың ұсталғагдығы жөнінде естіген бе?

11. тексеру күнінің басында қанша және қандай тауары болған, оларды қандай бағамен сатқан, қаншасын сатып үлгерді, қандай тауарды сатты, кірісі қайда, жазылған хаттамаға ескертулер жоқ па?

              Нақты жағдайға байланысты, мәліметтерді жинауда таңдалған жауап алу әдісі кезінде жеке жоспар құралады. Онда қойылған сұрақтар негіз ретінде алынып, басқалармен қосымша толтырылуы мүмкін.

              контрафактілі аудиобейне  туындыларын тарату және таралымға жіберу фактілерін құжаттау бойынша  жоспарланған іс - шаралар келесі кезеңдерден тұрады:

- жедел - іздестіру шараларын дайындау;

- қылмыстық істерді құжаттау;

-алынған материалдарды жүзеге асыру.

              алғашқы мәліметтерді алу кезінде авторлық құқық пен сабақтас құқық бұзылғандығы жөнінде арызды ҚР ҚК 184- бабымен қарастырылған қылмыс белгілері барын бағалау қажет, яғни келесі сұрақтарға жауап беру қажет:

- аталған туындылар авторлық және сабақтас құқық объектілеріне жатады ма?

- авторлық және сабақтас құқықтық оларды қорғауға қатысты ма?

- қандай құқық бұзылуда?

- авторлық және сабақтас құқық объектілерін заңсыз пайдалану неден көрінеді?

ірі мөлшерде зиян келтіріуге негіз бар ма?

Егер алынған алғашқы мәліметтер дайындалған , жасалған немесе жасалып жатқан қылмыс белгілерінен тұрса, онда ол жедел - ізздестіру шараларын, тексеру жүргізудің негізі болып табылады.

түскен мәліметтерді тексеру бойынша жедел - іздестіру шараларын өткізу кезеңінде келесі әрекеттерді жасау қажет:

- құқық иеленуші рұқсатынсыз аудиобейне туындыларды қсақана тарату мен пайдалану фактілерін құжаттау;

- аудио бейне туындылардың  алынған даналарын контрафактіліктің сыртқы белгілерінің болк затына тексеру;

- құқық иеленушіні анықтап, одан немесе оның өкілінен арыз алу;

-құқық иеленушыден немесе оның өкілінен келтірілеген шығын мөлшері мен оны бағалау туралы анықтама алу.

Информация о работе Авторлық құқық бұзушылық