Авторлық құқық бұзушылық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 19:28, курсовая работа

Описание

Қазіргі қоғамның кез келген, яғни саяси, әлеуметтік , өндірістік саласының мемлекеттің эконмикалық дамуымен байланысты процестер эконимкалық жағбдайларды нашарлатуға әкелңп соқты. Аталған қылмыстың экономикалық құрылымдағы мотиві әртүрлі болып келеді, оның ішінде адам өміріне және денсаулығына қарсы, жеке басының бостандығы, ар- намысына қарсы, отбасы мен жасөспірімдерге қарсы, халық денсаулығына және қоғам қауіпсіздігіне қарсы және т.б. қылмыстарды жасауда доминантты болып келеді.

Работа состоит из  1 файл

авторлық құқық бұзушылық.doc

— 289.28 Кб (Скачать документ)

Ұйымдасқан қылмыстық әрекеттің екінші деңгейі жеке топтардың иерархиялық құрылымын, кейде олардың конгломератын көрсетеді.  Бұл топтардың ерекшелігі  бұл деңгейде соңғылары қоғамның ресми құрылымдарына белсенді кіріп, бұл құрылымдарды өздерінің қылмыстық мақсаттарында қолдануынан көрінеді. Мұндай топтарды қылмыстық  топтар(ұйымдар) деп атауға ұсынылады.

Ұйымдасудың үшінші деңгейінде қылмыстық ортанығң ұйымдасуы, олардығң  көшбасшыларының қылмыстық  ұйымдарда консолидациясы туралы айтылады.  Бұл деңгейде қылмыстық  істі басқаруды ұйымдастыру функцияларын белгілі бір қылмысты жасауда   әдеттегі қатысудан бөлу аяқталады. Қылмыстық ортаның көшбасшылары, әдетте, белгілі бір қылмысты  жасамайды, олар әрекет етудің жалпы ортақ жүйесін, өзара қолдау стратегиясын жасаумен айналысады. Бұл топтарды  қылмыстық  сыбайластыққа жатқызу ұсынылады(8).

А.И.Гуров ұйымдасқан қылмыстық істіғң құрымын басқа көзқараспен түсіндіреді. Оның пікірінше, бірінші деңгейді қарапайым ұйымдасқан топ, ал екғіншісін осындай, бірақ сыбайласқан байланысы бар топтар құрайды. Ал ең жоғарғы, үшінші топ  жүйелік құрылымы бар және бірнеше төмен тұрған құрылымды басқаратын ұйымдасқан ұйымдар құрайды.(9)

Аталған тұлғалармен зерттелген  интеллектуалдық меншікке шабуыл жасайтын қылмыстық құрылымдарға салыстырмалы қорытынды жасау  олар психологиялық даму және ұйымдасу деңгейі бойына және бірнеше сандық және сапалық сипаттамалары бойынша бір- бірінен ерекшеленетіндігін көрсетеді.

Сонымен, бірінші типті топтар келесі белгілермен сипатталады:

-бұл топтың ұйымдастырушылары мен орындаушылары арасындағы функциялар  нақты бөлінбеуі мүмкін;

- бұл топты құрайтын адамдардың орташа саны 2-4 адам;

- жүзеге асыру кезеңі ұзақ емес(2 жылға дейін);

- аудио, бейне және компьютерлік қарақщылық  сияқты қылмыстық істер бағытындағы нақты мамандыру болады.

Екінші типтегі ұйымдасқан топтар үшін келесі сипаттамалар тән:

22   тәжірибелі ұйымдастырушылар мен қатысушылар арасында функцияларды нақты бөлісу бар;

23   топтағы адам саны 10- 30 адамды құрайды(қатысушылар саны тұрақты, бірақ жаңа тұлғаларды кезеңмен тартуы да мүмкін);

24   топтың өмір сүруі ұзағырақ( біздің зерттеу мәліметіміз бойынша осы типті топтар 2 жылдан және одан ұзақ мерзімге дейін өмір сүреді);

25   қылмыстық істі арнайы жоспарлау және ірі көлемде болуы;

26   қылмыстық істі  әртүлі коммерциялық, қаржы және шаруашылық түрде жасыру;

27   жақсы техникалық жабдықталуы;

28   жоғары мәліметтермен қамтамасыз етілуі;

29   сыбайлас байланысының болуы.

Екінші типті қылмыстық топтар бейне- аудио және компьютерлік қарақшылықпен қоса, жасандық өнімді өндірумен байланысты заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысуы мүмкін.

Үшінші типті топтармен жасалған интеллектуалдық меншікке қарсы қылмыс жасалғандығы белгілі болмаса да, оның бар екендігін жоққа шығаруға болмайды. Бұл жерде қылмыстық сыбайласқан топтардың мүшелерімен жасалған қылмыстар  аталған ұйымның барлық деңгейлерінің өкілдерінің, әсіресе қылмыстық иерархиялардың жоғарғы сатысынд а тұрған тұлғалардың кінәлілігін дәлелдеудің күрделелігінен заңға сәйке бағалау алмағандықтан болар.

Интеллекетуалдық меншікке ұйымдасып  шабуыл жасауды жасалған қылмыстардың жиынтығы ретінде ғана қарауға болмайды. Интеллектуалдық меншікке қарсы ұйымдасқан қылмыстардың ерекшелігі болып оларды арнайы жоспарлап, жасауға дайындалу табылады. Р.Айдинян және Я.И.Гилинский экономикалық көз қарас бойынша мұндай қылмыстық топты құру- бұл басқа  дакөптеген  мамандықтар  сияқты деп дұрыс көрсетеді (10). Интеллектуалдық меншік нарығындағы қылмыстық істердің тиімділігі ұйымдасқан қылмыстық топтардың көпшілігі шаруашылықтың қазіргі әдістерін, мұнымен қоса, бәсекелестерімен күресті,нарықта ұзақ болуды, халықаралық байланысты пайдалану және т.б. жақсы игеріп алды.  Сонымен қатар, тиімділік қатысушылардың мамандандырылуы және кооперациялануы, сыбайластық байланысты қоса алғанда, өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкіндіктер  есебінен болады.

Бірінші кезеңде  ұйымдастырушы қылмыстық істің бағытын таңдап алып, ұйымдасқан қылмыстық топты құрумен айналысады. Қылмыстық істің мақсатына байланысты қылмыстық топтардығң құрамына  мысалы, дайындаушы, таратушы, курьерлер, күзетшілер және т.б. таңдап алынып, мәліметтермен алмасады және ережелер анықталады. Сыбайласқан ұйымдардың құрамы  жұмыс,оқу, тұрғын орындары бойынша, сондай- ақ уақытты бірге өткізу нәтижесінде  бұрыннан бері  бір- бірін танитын   тұлғалардан құралады.

Қылмыс жасау ұсынылған тұлғалар күрделілікке, сыйақы мөлшеріне, басқа жеке мақсаттармен байланысты бас  тартады. Тергеу тәжірибесінде қылмыс жасауға ұсыныс алған тұлғалар өзін атқарудан бас тартып, бірақ басқа орындаушы кандидаттарды ұсынатындығы орын алған. Топтың мүшелерін дөрекілік, топқа қатысты дұрыс емес көзқарас үшін қылмыстық тәжірибелік қорқыныш сияқты мінез- құлық біріктіреді.

Осы салада қылмыскер тұлғасын зерттеу, ең алдымен қылмыстық әрекетті жасаушы себептерді оның алдын алу мақсатымен анықтау   үшін қажет.

Интеллектуалдық меншікке ұйымдасқан қылмыстық шабуыл жасаудың детерминанттарымен көптеген факторларды анықтаға болады. Ұйымдасқан, соның ішінде интеллектуалдық меншік құқықғын бұзумен байланысты  қылмыстық істің дамуның негізгі себептері болып ойластырылмаған, асығыс қабылданған экономикалық реформалар, шаруашылық істің құқықтық механизмдерінің бұзылуы, тенге курсының төмендеуі және халықтың кірісінің тез поляризациясы,идеологиялық вакуум және қоғамдық көзқарастың төмендеуі табылады.

Интеллектуалдық  меншікке қарсы қылмыстардығң ұйымдасқан түрлерінің дамуына әсер ететін факторлардың бірі болып мемлекеттік қызметкерлер мен құқық қорғау органдарының жұмысшыларының өмір сүру деңгейі экономиканың жеке секторында жүрген тұлғалармен салыстырғанда  көп артта қалуы танылады. Бұл сыбайлас жемқорлықтың көлемінің кеңеюіне ықпал етеді.  «Интеллектуалдық қарақшылықтың» кеңінен таралуына  интеллектуалдық еңбек өнімдерін бақылаусыз және өте арзанға көшіру мен таралымға жіберуді қамтамасыз ететін жаңа технологиялардың  (ең алдымен мәліметтік) тез дамуына септігін тигізеді. Дискілерге, кассеталарға жабыстырылатын голографиялық және басқа да маркалардың ескерту ролі болмай қалды, себебі қылмыскерлер оларды жақсылап қолдан жасауды үйренген.

Бұл қылмыстық істің дамуына, сондай-  ақ жауапкершілікке тартудың төмен болуына қатысты оның жоғарғы кірісті болуы ықпалын тигізеді. Әрине, «қарақшылық» өндірістің өзіндік пайдалылығына қарамастан, оны ұйымдасқан қылмыстылық үшін әдеттегі қызығушылық саласымен, яғни қару- жарақ , есірткі заттарды сатумен, ойын бизнесімен және жезөкшелікпен салыстыруға болмайды.  Бірақ, жоғарыда аталып көрсетілген баю тәсілдеріне қарағанда, интеллекетуалдық меншік саласындағы құқық бұзушылық іс  азырақ тәуекел етуді талап ететін қызмет болып табылады. Сонымен қатар, контрафактілік аудио- бейне, лазерлік дискілерді, ЭЕМ үшін бағдарламалық қамтамасыз ететін компакт- дискілерді жүзеге асыратын жағдайлар сауда орындары мен дүкендерде анықталады, ал   контрафактілік өнімді көтерме түрде таратушылар, сонымен қатар оны дайындаушылар  көп жағдайда қылмыстық жауаптылықтан қашып құтылады.

Контрафактілік өнімге деген өзгеріссіз сұранысы әлеуметтік факторлармен анықталады. Көптеген азаматтарға олардың өмір сүру деңгейлері не байланысты лицензияланған өнімдерді сатып алуға мүмкіндік бермейді. Ал қарақшылар сапалы тауарды төмен бағаға ұсынады. Содан кейінгі назар аударлық жағдай – бұл интеллектуалдық меншікке шабуыл жасауға көпшілік санасы бойынша ешқандай сөгіс алмайды.

Мәселен, 2007 жылы Ресей Федерациясының «Власть» агенттігі өткізген зерттеу бойынша көрсеткіш былай көрсетеді: сұралған ресейліктердің 62,5 % компьютерлік қарақшылық мемлекетке зиян емес, тек пайда әкеледі деп есептейді. Осындай нәтижені 2003 жылы өкізілген заң оқу орындарының студенттерін сұрастырғанда , олардың 93 % көп жағдайда контрафактілік өнімді алатындығын және оларды өндірушілерді сөкпейтіндігін көрсетіп өтті. Осыған байланысты  «МАЙКРОСОФТ» корпорациясының  топ- менеджері Жан-Филипп Куртуамен келіспеуге болмайды, ол: «интеллектуалдық меншіктің жалпы бар екендігі жөнінде түсінікті адамдарда қалыптастыру қажетмұны тек қолданушы немесе ірі компанияның басшысы ғана емес, сонымен қатар билік өкілдері де түсінуі керек... Авторлық құқық пен сабақтас құқықты танып, оны қорғау механизмін құру қажет»-, дейді. 

Сондай- ақ ,2007 жылы біздің мемлекетте өткізілген осындай зертттеу рсы сияқты көрсеткішті көрсетті. Яғни, азаматтар пікірі бойынша,  қарақшылық ешқандай зиян әкелмейді екен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3.              Авторлық құқықты бұзумен байланысты қылмыстардыкң криминалистикалық сипаттамасы.

Нарықтық қатынастарға көшумен байланысты экономиканың салалары үшін көптеген әдеттегі қылмыстар, оларды жасау тәсілдерінің трансформацияларының есебінен өзгеріп қана қоймай, сондай- ақ   жаңа пайдакүнемдік  қылмыстармен толықты.

Интеллектуалдық меншік саласы өте ауқымды болып табылады. Ол 15 әртүрлі объектілерді  қарастырады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында келесі объектілер үлкен маңызға ие:  тіркелеген тауар белгілері, патенттелген ашылулар, авторлық құқықтар. Қазақстан Республикасының заңнамасында «Қарақшылық» термині қолданылмайды, бірақ бұл- құқық бұзушылық екені бәріне мәлім.

«Қарақшылық бейне» атауымен аталатын өнімдер үш топқа бөлінеді:

1. «Таза қарақшылық». Бұл - заң тәртібімен бәйнеформатқа шығарылмаған және мемлекет бойынша кинотеарларда жартылай заңды түрде көрсетілетін фильмдер. Таза қарақшылықты анықтау қиындық туғызбайды, себебі қапшығы немесе бейнеқорабы, этикеткасы мен әртүрлі жазулар қолдан – бейнежурналардың, плакаттардың  қиындыларынан  дайындалуы мүмкін.

2. «Қолдан жасалғандар». Бұл – түпнұсқалы өнімнің түрінде көрсету мақсатымен «киіндірілген» қарапайы шығаралмдағы бейнефильмдердің көшірмелері. Қолдан жасалған көшірмелерді анықтау  қиынырақ болады, себебі иллюстрациялар түпнұсқалы өнімнің түрлі түсті суреттерін лазерлік принтерден шығарып, дайындалады. Онымен қоса,  көшірмедегі қорғау жапсырмалары мен голограммалары   жалған өнімде жалпақ , кодтық сызбалар- айғыздалған болып келеді.

3. «Көбейтілген көшірмелер»- бұл түпнұсқалық өнімнің түрін беруге тырысылмаған қарапайым шығарылымдағы бейнефильмдердің көшірмелері. Көбейтілген көшірмелері бар кассеталар, әдетте, қара- ала  иллюстрациясы бар және  жазулары қолдан жазылған немесе басылып шығарылған болады. Кейде иллюстрациясы немесе жазбалары мүлдем болмайды. Мұндай көшірмелерді анықтау тіптен оңай болып келеді, себебі бірде бір бейнефильмді заңды сатушы мұндай «шикізат» түрінде шығармайды.(11)

Аудио өнімнің заңсызынан лицензиялы даналардың негізгі айырмашылығы.

Фонограммаларды заңсызкөшіру төрт негізгі түрлерге бөлінеді:

1        Фальсификация (сай келу ретінде жалғандық) –фонограмма көшірмелерін және сыртқы беті түпнұсқаға ұқсас полиграфиялық безендіру элементтерін  заңсыз дайындау.

2        Заңсыз монтаж ( коипиляция) – фонограммаларды бір немесе бірнеше құқық иеленушілердің әртүрлі, түпнұсұалы альбомдарынан немесе жинақтарынан заңсыз көшіру. Фонограмманың мұндай атауымен және құрамдағы   түпнұсқалы аудио өнімді шығармайды.

3        Фонограммаларды компакт – дискілерде және басқа да  түпнұсқалардан ерекшеленетін форматта (MP3EG,CD-R) заңсыз жасау.

4        Заңсыз жазу (бутлегерлік) – құқық иеленушінің рұқсатынсыз коммерциялық мақсатымен орындаушының көрсетілімін немесе көрсетілім трансляциясын жазып алу.

 

 

 

1.              Фальсификация.

Аудио өнімнің барлық негізгі элементтері бойынша контрафактілі компакт – дисклердің ерекшеленетін белгілері:

Компакт- дискілер:

Қорабы (футляр). Дайындалуы төмен сападағы қарапайым пластмас қорапшада жүзеге асырылады. «Диджипак» түріндегі футляр мүлдем болмайды. Пластмас қорапшаларда жасау кемшіліктері болып, компаниялардың («Warner Music» және «Sony Music» өнімдері) тауарлық белгілері болмайды.

Полиграфиялық жапсырмалар. Ол екі элементтен – жапсырма буклетінен (қорапша қақпақшасына орнатылады) және  артқы инлейден (негізгі және қосалқы арасында қорапшаға орналасады) тұрады.

Әдетте, жапсырма буклет түпнұсқаның бірінші және соңғы беттерінің суреті мен иллюстрациялардың өте төмен сапасымен сәйкес болады. Мұндай буклет   бет парағының екі бүктелген түрінде дайындалып, оның ішкі жағында ешқандай безендірілу болмайды немесе заңсыз көшірілгендігін айқын көрсететін суреттер мен  иллюстрациялары қара ала болып келеді (ұсақ мәтін оқылмайды, суреттерде белгілі шекарасы жоқ, көшіген құрылымның қара жолақтары және т.б.). Кейде ішкі жағы  әр түрлі түсте болатын буклеттер де кезігеді, оларда, әдетте, қарапайым бейнелер ғана болып, анықтама мәтіні және авторлар мен фонограммалық туындыларды орындаушылары туралы болмайды, мәтіндер көптеген қателер болады және т.б.

Контрафактілі полиграфиялық жапсырмалардың ерекшленетін айырмашылығы болып иллюстрациялардың және мәтіндердің төменгі сапалы болуы және контрастік бейнелеудің болмауы танылады. Текстік мәліметтердің , әсіресе ұсақ мәтіндердің жеке фрагменттері  қиын оқылады немесе мүлдем оқылмайды. Осындай сапада компаниялардың тауарлық белгілері де  болады.

Иллюстрациялар мен мәтіндердің қолдан жасалуының жоғарыда аталып өткен белгілері  артқы инлейде де болады. Сонымен қатар, заңсыз көшірмелердің артқы инлейлерінде көп жағдайда авторлық құқық және сабақтас құқықты қорғау белгілері, өнімді дайындау орны туралы мәліметтер, құқық иеленуші компаниялардың тауарлық белгілері  болмауы  мүмкін немесе кейде құқық иеленуші және олардың тауарлық белгілері  туралы жалған мәліметтер болуы мүмкін. Көп жағдайда артқы инлейде ойдан құрастырылған немесе  туындылар мен фонограммаларды компакт- дискілерге жазуға авторлық және сабақтас құқықтары жоқ компаниялардың атауы мен тауарлық белгілері көрсетілуі мүмкін. (12)   

Полиграфиялық жапсырмаларда , әдетте, қолданылған туындылардың авторлары (сөзі мен музыкасының авторлары) туралы мәліметтер болмайды.

Информация о работе Авторлық құқық бұзушылық