Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 20:31, курсовая работа

Описание

Қазіргі кезеңде, Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформа, қарқынды заң шығармашылығын талап етіп, экономикалық қатынастарды әбден жетілдіріп, заңдылықты реттеуді өткір қажет етіп отыр. Экономикасы жоғарғы деңгейде дамыған елдерде өзінің даму негізінде кәсіп иесінің секторы арқасында алды. Сондықтан экономикалық рынок кезеңінде бірінші міндет мүлікпен, немесе мүліксіз қатынастарды заңды түрде реттеу.
Мүліктік қатынас адамдар арасындағы қатынас болғандықтан ол мүліктік емес қатынастармен біте қайнасып, ұштасып жатады.

Содержание

I КІРІСПЕ

І тарау: Жеке тұлғалардың құқықтық қатынастағы
қабілетілік жағдайы.
1.1 Жеке тұлғалар – азаматтық құқықтық қатыныстардың субьектілері
ретінде.
1.2 Азаматтық құқық қабілеттілік түсінігі және кәмелетке
толмағандардың құқықтық жағдайы.
1.3 Кәмелетке толмағандарға қорғаншы және қамқоршы тағайындау
негіздері.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі .DOC

— 194.50 Кб (Скачать документ)
 

ЭКОНОМИКА, БИЗНЕС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ  КОЛЛЕДЖІ 

                                          Арнайы құқықтану пәндері (циклдік) комиссиясы 
 
 
 
 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

         Пәні: Қазақстан Республикасының  Азаматтық құқығы

                                                (Жалпы бөлім)

       Тақырыбы: Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі 
 
 
 

                                                                   Орындаған: Есбаев М.Ж

                                                                             П-22 к тобының оқушысы

                                                                   Тексерген: 
 
 
 
 

Қарағанды- 2009

 

    I КІРІСПЕ 
 

    І тарау: Жеке тұлғалардың құқықтық қатынастағы

    қабілетілік жағдайы. 

    1.1 Жеке тұлғалар – азаматтық құқықтық қатыныстардың субьектілері

    ретінде.

    1.2 Азаматтық құқық қабілеттілік түсінігі және кәмелетке

    толмағандардың  құқықтық жағдайы.

    1.3 Кәмелетке толмағандарға қорғаншы және қамқоршы тағайындау

    негіздері. 

    Қорытынды 

    Қолданылған әдебиеттер тізімі 

    Қосымша әдебиеттер тізімі 
 
 
 
 
 
 

   
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

   Қазіргі кезеңде, Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформа, қарқынды заң шығармашылығын талап етіп, экономикалық қатынастарды әбден жетілдіріп, заңдылықты реттеуді өткір қажет етіп отыр. Экономикасы жоғарғы деңгейде дамыған елдерде өзінің даму негізінде кәсіп иесінің секторы арқасында алды. Сондықтан экономикалық рынок кезеңінде бірінші міндет мүлікпен, немесе мүліксіз қатынастарды заңды түрде реттеу.

   Мүліктік  қатынас адамдар арасындағы қатынас  болғандықтан ол мүліктік емес қатынастармен біте қайнасып, ұштасып жатады.

   Қазақстан Республикасы азаматтық заңдары  мүліктік емес қатынастардың екі түрін, атап айтқанда, мүліктік қатынасқа байланысты мүліктік емес жеке қатынастар (АК-тің 1-бабы, 1-тармағы) мен мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастарды (АК-тің 1-бабы, 2-тармағы) реттейді. Мүліктік емес жеке қатынастың бірінші тобына мүліктік қатынаспен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастар жатады. Бұл жердегі "байланыстылық" деген сөз жеке қатынастардың мүлікке бағыныштылығын көрсетпейді, қайта қоғамдық қатынастардың біртұтас бірлікте болуын айқындалды (мәселен, авторлық, өнертабыс және т.б. қатынастар). Мысалы, бір ұйымның басқа бір заңды тұлғаның тауарлық белгісін заңсыз қолданса онда ол әлгі тұлғаға зиянын тигізеді. Мүліктік емес қатынастан келіп мәселен, шығарманың авторы үшін мүліктік қатынастың мүліктілігі пайда болады. Сондықтан мүліктік қатынасқа байланысты мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық құқық нормаларымен реттеледі.

   Мүлік қатынасына байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастардың екінші түрі мүліктік қатынасқа қарағанда өзге фактілерге орай және басқа субъектілер арасында да туындайды. Ол жеке адамдар мен ұйымдарға ғана тән әрі олардан ажырамайтын игілік болып табылады, сондай-ақ онда мүлік мазмұны болмайды, ақшамен де бағалауға келмейді.

   Мүліктік  емес жеке қатынас Қазақстан Республикасы Кон-ституциясымен реттеледі. Конституцияның II тарауы адам мен азаматтың ажырамайтын құқықтарына арналған. Сонымен азаматтық құқықтың реттеу пәніне мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастардың мейлінше кең ауқымы енеді.

   "Азаматтық  құқық " атауы ежелгі уақыттан бері белгілі, оны римдік заңгерлер Рим азаматтарының құқығы-цивилъді (jus сіvіlе) құқық деп атаған.

   Тарихтан  белгілі римдіктердің құқығы осы атаумен белгіленді (квириттер құқығы). Римдік jus сіvіlе көне римдегі азаматтардың мемлекеттік, қоғамдық және жеке өзіндік қатынастарын реттеді және қазіргі азаматтық құқыққа қарағанда ұғымы әлдеқайда кең болды. Қазіргі кезде азаматтық құқықтың римдік атауы сақталғанымен оның мазмұны барынша өзгерді. Дейтұрғанмен соған қарамастан "сіvіlе" атауы еуропалық құқықтануға еніп қана қоймай, заң терминологиясына (Zivilrecht, droit сіvіl, сіvіl Іаw) кірді. Содықтан да азаматтық құқықты цивилистік деп атайды, ал бұл саладағы мамандарды цивилист деп жүр.

     Азаматтық құқық жүйесі дегеніміз сол мемлекеттегі құқықтық нормалардың жиынтығын камтитын ғылыми әрі нақты құбылыс болып табылады. Құқықтың әр саласына белгілі бір жүйе тән. Азаматтық құқық Қазақстан Республикасындағы құқықтық-нормативтік құжаттары жағынан ең ауқымды да күрделі заң саласы болып есептеледі. Нормалардың әр алуандығына қарамастан азаматтық құқықтың жүйесі логикалық талаптарға сай келеді, яғни ол іштей салаларға, құрылымдар мен оның бөліктеріне бөлінеді.

     Азаматтық құқық пәнінің жүйесі екі бөлімнен: жалпы және ерекше бөлімнен тұрады. Осы жұмыстың тақырыбы жалпы бөлімдегі «Кәмелетке толмағандардың әрекет қаблеттілігі » тақырыбын қамтиды. Яғни кәмелет жасқа толмағандардың құқық қабілетілік жағдайын осы тарауларға сүйене отырып талқылаймыз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    І тарау: Жеке тұлғалардың  құқықтық қатынастағы

    қабілетілік жағдайы. 
 

    1.1 Жеке тұлғалар – азаматтық құқықтық қатыныстардың субьектілері

    ретінде. 

1. Тұлғаның  кұқықтық мәртебесі - бұл субъектінің қоғамдағы бекітілген жағдайы. Құқықтық мәртебе тұлғаның іс жүзіндегі (әлеуметтік) мәртебесін, оның коғамдағы нақты жағдайын бекітеді. Құкықтық мәртебе дегеніміз субъектілердің құқықтары мен міндеттерінің, сонымен қатар, мемлекеттік органдар лауазымды ұлғаларының   ез әлеуметтік рөлдерін орындауга бағытталған өкілеттіктерінің конституция мен заңнамада танылған жиынтығы.

     Құқықтар  мен міндеттер кұқықтық мәртебенің негізін құрайды. Құқықтык мәртебенің құрылымы төмендегідей элементтерден құралған:

  • құқықтар мен міндеттер;
  • заңды мүдделер;
  • құқықсубъектілік;
  • азаматтык;
  • заңды жауапкершілік;
  • құқықтық қағидалар.

   Құкықтық  мәртебе жалпы, арнайы және жеке-дара болып бөлінеді. Жалпы мәртебе - бұл  тұлғаның мемлекет азаматы ретіндегі  Конституцияда бекітілген мәртебесі. Ол барлық азаматтар үшін бірдей болып табылады. Арнайы мәртебе азаматтардың белгілі бір страттарының (студенттердің, соғысқа катысушылардың, зейнет-рлердің және т.б.) жағдайының ерекшеліктерін бекітеді, олар, арнайы функцияларды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыздандырады. Жеке-дара мәртебе жекелеген тұлганың    ерекшеліктеріне байланысты (мысалы, жыныс, жас, отбасы жағдайы, лауазым және т.б.) көрсетеді және тұлғаның жеке дараландырылған  құқықтары   мен   міндеттерін бекітеді.

2. Мемлекет пен құқыктың арақатынасы. Мемлекет және құқық теориясында осы уақытка дейін мемлекет пен құқықтың арақа(тынасы туралы басты екі бағыт орын алған. Біріншісі - этатистік; бүл бағыт мемлекеттің құқыққа қарағанда артықшылығын таниды, құқық мемлекеттің қызметінің өнімі, жалғасы ретінде қарастырылады.

     Екінші  бағыт табиғи - құкықтық көзқарастар  негізінде пайда және құқықтың мемлекетке карағанда артықшылығын білдіреді, алайда аталған мәселеге қатысты  үшінші бағыт та бар, бұл тұжырымдама  жоғарыда аталған екі бағыттың көзқарастарын өзіне үйлестіреді. Бұл теорияны жақтаушыларды  алғашқы орынның мемлекет пен құқықтың қайсысына тиесілі екендігі қызықтырмайды, олар мемлекет пен құқыктың бір-бірінсіз өмір сүре алмайтындығына, яғни, олардың арасында функционалдық байланыстың бар екендігіне назар аударады. Бұл бағыт біржақтылыкты болдырмауға, құқықтың мемлекетке не беретінін тусінуге және мемлекеттің құкыкты камтамасыз етудегі шынайы рөлін анықтауга мумкіндік береді.

  Мемлекеттің  құқықты  қамтамасыз етудегі рөлі  мыналардан көрінеді:

  1. Құқык шығармашылық   қызметті   жүзеге   асыру.   Тура мағынада бұл мемлекеттің құқык нормаларын орныктыратынын білдіреді;
  2. Тіккелей мемлекеттік емес сипаттағы нормаларды мемлекеттің санкциялауынан. Мысалы, мұсылман құқығының қалыптасуы мемлекеттің мұсылмандык доктрина нормапарын санкциялауымен сипатталды;
  3. Іс жүзінде қапыптасып қойған қатынастарды жүріс-тұрысты заңды міндетті реттеуші ретінде тануынан. Мысалы, әдет құқығы осылай қалыптасады;
  4. Құқықты жүзеге асыруды камтамасыз етуден. Құкыкты пайдаланудың мемлекетсіз жүзеге асырылуы мүмкін емес;
  5. Мемлекет құқықты және құкыктык қатынастарды корғауды камтамасыз етеді;
  6. Мемлекет кұкыктың әлеуметтік кеңістікке таралуына жәрдемдеседі, яғни,  қоғамдық қатынастардың қатысушыларын  құқыкқа сәйкес әрекет жасауға міндеттейді.

Құқықтың мемлекетке әсері мыналардан көрініс табады:

  1. Құкык мемлекеттің халыкпен, жекелеген түлғамен  өзара қарым-қатынастарына әсер етеді; мемлекет азаматтарға құқыктық талаптар шегінде әсер етеді, ал азаматгар, өз кезегінде, мемлекетке құқықтың көмегімен әсер етеді;
  2. Құқық  мемлекеттің  қызметін  зандастырады,  мемлекеттің қорғау және мәжбүрлеу шараларының рұксат етілуін қамтамасыз етеді;
  3. Құкык арқьлы мемлекеттің қызметінің шектері, азаматтардың жеке еміріне араласудың шектері аныкталады; құкық ұлттардың ерекше мүдделерін қамтамасыз етеді,
  4. Осы аркылы мемлекеттік биліктің ұлттармен қарым-катынасына әсерін тигізеді;
  5. Құкыктык нысан мемлекеттік аппараттың қызметіне бакылау жүргізу мүмкіндігін камтамасыз етеді, осы арқылы мемлекеттін халық алдындағы жауапкершілікті әрекеттерінің заңды кепілдіктерін бекітеді;
  6. Құкык басқа мемлекеттермен. жалпы әлемдік қауымдастыкпен байланыс тілі рөлін атқарады.

3. Экономика,  саясат пен құқыктың арақатынасы.  Экономиика - бұл  өндірістік катынастардың  жиынтығы,  нақты жағдайдағы өндіріс тәсілдері. Саясат - бұл таптар, партиялар,ұлттар арасындағы билік мәселесіне қатысты   мемлекет пен халық арасындағы катынастарға сипаттама беретін коғамды басқару өнері, құқық — бұл  мемлекетпен орнықтырылатын жэне қамтамасыз ететін, қоғамдык катынастарды реттеуте бағытталған, жалпыға міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі. Аталган түсініктердің өзара арақатынасына қатысты екі негізгі бағыт бар. Бірінші бағытқа сәйкес, бұл түсініктердің арасында кайсысы артықшылық сипатты иеленбейді. Қоғамдық қатынастардың, оның ішінде өндірістік, құқыктық жэне саяси қатынастардың, дамуы мен әрекет етуінің алғашкы факторлары болып адамдардың мүдделері табылады. Бүл жерде кұкықтың экономикадан басымдығы туралы айтуға болады. Мысалы, буржуазиялықлык революциялар дәуірінде Батыс Еуропада алдымен заңдар _қабылданатын, содан кейін барып олардың негізінде жаңа эконокалык қатынастар қалыптасатын. Алайда, кейбір кездері кері жағдайда болады: алдымен мүдделер жана өндірістік қатынастарда жүзеге асырылып. содан кейін барып кұкықта бекітілуі мүмкін. Бұл жерде экономиканың құкықтан басымдығы жөнінде айтуға болады. Ал саясат аталған екі қүбылысты байланыстырушы болып табылады.

     Екінші  бағытқа сәйкес, экономика құкык  пен саясатты анықтайды. Құқық пен  саясат базиске тәуелді болып келеді. Алайда, басымдық рөлі тек ақыр соңында ғана байқалады. себебі, құкық пен саясат экономикаға негізделе отырып, өндірістік қатыстардың дамуын  ынталандыру  немесе оларға  кедергі  жасауылы оған кері әсер етуі де мүмкін. Саясат бүл жерде де құкық  экономиканы байланыстырушы болып табылады. 
 

    1.2 Азаматтық құқық қабілеттілік түсінігі және кәмелетке 

    толмағандардың  құқықтық жағдайы. 

   1. Құқық субъектілерін сипаттайтын  негізгі құқық қасиеттері құқық қабілеттілігі болып табылады. Азаматтық құқық қабілеттілігі АК-тің 13-бабында азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті (азаматтың құқық қабілеттілігі) барлық азаматтарға бірдей деп тұжырымдалады. Конституцияның 14-бабына сәйкес заң мен сот алдында жұрттын бәрі тең, тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діңге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.

Информация о работе Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі