Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 20:31, курсовая работа

Описание

Қазіргі кезеңде, Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформа, қарқынды заң шығармашылығын талап етіп, экономикалық қатынастарды әбден жетілдіріп, заңдылықты реттеуді өткір қажет етіп отыр. Экономикасы жоғарғы деңгейде дамыған елдерде өзінің даму негізінде кәсіп иесінің секторы арқасында алды. Сондықтан экономикалық рынок кезеңінде бірінші міндет мүлікпен, немесе мүліксіз қатынастарды заңды түрде реттеу.
Мүліктік қатынас адамдар арасындағы қатынас болғандықтан ол мүліктік емес қатынастармен біте қайнасып, ұштасып жатады.

Содержание

I КІРІСПЕ

І тарау: Жеке тұлғалардың құқықтық қатынастағы
қабілетілік жағдайы.
1.1 Жеке тұлғалар – азаматтық құқықтық қатыныстардың субьектілері
ретінде.
1.2 Азаматтық құқық қабілеттілік түсінігі және кәмелетке
толмағандардың құқықтық жағдайы.
1.3 Кәмелетке толмағандарға қорғаншы және қамқоршы тағайындау
негіздері.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі .DOC

— 194.50 Кб (Скачать документ)

   Конституцияның  аталған тұжырымына орай азаматтардың құқық қабілеттілігі заңда бәріне бірдей және бірыңғай құрылған. Азаматтық кодекстің 13-бабында азаматтардың құқық қабілеттілігі барлық азаматтар үшін тең дәрежеде екендігі танылған. Дейтұрғанмен, құқық қабілеттілігінің теңдік принципі нақты субъективтік құқық шеңберінде жекелеген азаматтарға берілетін міндеттілік теңдікті көрсете қояды деуге болмайды. Азаматтардың бәрінде бірдей кез келген құқықты ала беру (мысалы, тұрғын үйді, машинаны) мүмкіндігі бола бермейді. Құқық қабілеттілігінің теңдігі дегенде заңда бұл орайда ешкімге артықшылық бермейтіндігі, ешкімге субъективтік құқық алуға тыйым салмайтындығы тұрғысынан түсіну керек. Азаматтық құқық қабілеттілігінің теңдік принципінен жалпы ережеге сәйкес оны шектеуге жол берілмейді. Азаматтық Кодекстің 18-бабы 1-тармағында былай деп жазылған: "Заң құжаттарында көзделген реттер мен тәртіп бойынша болмаса, ешкімнің де құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеуге болмайды." Қолданылып жүрген заңға сәйкес, құқық қабілеттілігін шектеу азаматтың қылмыс жасау негізінде сот үкімі арқылы алынған шара бойынша шектелуі мүмкін. Бұл орайда азамат құқық қабілеттілігінен толықтай (тұтастай) айрылмайды. Тек заңда көрсетілген құқықтарға ғана шектеу қойылады. Қазіргі қылмыстық заңда азаматтың құқығын айыру мына жағдайларға:

  1. Белгілі бір лауазымды иеленуге немесе белгілі бір қызметті жасауға (жүргізуші, дәрігер және т.б.);
  2. елдің аумағында емін-еркін жүріп-тұруға (жер аударумен шектелу).

   Ескерте кеткен жөн, біздің заң бойынша құқықты  жою қашан да уақытша сипатта болады. Сонымен қатар құқық қабілеттілігін шектеуді азаматтық басқалай субъективтік құқықтарынан айыру жағдайымен шатастыруға болмайды. Құқық қабілеттілігін шектеу дегеніміз қандай да бір құқықты алу мүмкіндігінен айыру болып табылады.

   Субъективтік  құқықтан айыру дегеніміз нақты, іс жүзіндегі құқықтан айыру деп түсінген жөн. Мұндай субъективтік құқықтан айыру (тағы да заңды жауапкершілік негізінде) белгіленген мерзімнің тағайындалуымен байланысты болмауы мүмкін. Мысалы, қылмыс жасаған адамнын, мүлкі тәркіленді делік, яғни оның белгілі бір затқа, автомашинаға, үйге, аң аулау мен балық аулауға және т.б. меншіктік құқығы жойылады. Алайда, заңдық жауапкершіліктің мұндай шарасы оның жаңа автомашина алу, басқа үйді иелену құқығынан айыра алмайды.

   Егер  белгілі бір қызметті жасауға байланысты құқықтан, мысалы, дәрігерліктең айырса, істеп жүрген жерінен жұмыстан шығарылған адам басқа мекемеге барып тап сондай мамандықта жұмыс істеуге рұқсат етілмейді. Дейтұрғанмен, басқа жұмыспен айналысуына мүмкіндік беріледі.

   Азаматтар құқық қабілеттілігін меңгере отырып, әртүрлі құқықтарды ала алады, сол арқылы өзіне әртүрлі міндеттерді жүктейді де, құқық қабілеттілік мазмұнының жиынтығын құрайды. Сонымен, азаматтық құқық қабілеттілігінің мазмұны азаматтардың қолданылып жүрген заңға сәйкес азаматтық құқықтар мен міндеттерінің жиынтығы болып табылады. Азаматтық кодекстің 14-бабында бұл мәселе былайша тұжырымдалған: "Азаматтың Қазақстан Республикасы шегінде де, одан тыс жерлерде де мүлікті, соның ішінде шетел валютасын меншіктенуге; мүлікті мұраға алып, мұраға қалдыруға; республика аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жерді таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайта оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құру; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасаудан көрінеді. - ата-анасының (асырап алушының, қамқоршысының) рұқсат берген жазбаша хаты негізінде жасалатын мәміле.

   14 пен 18 жас аралығындағы жасы  кәмелетке толмағандар заңды өкілдерінің келісімінсіз мыналарды істеуге:

  1. өзінің жалақысына, стипендиясы мен басқа кірістеріне билік етуге;
  2. интеллектуалдық меншік құқығы бар объектілеріне билік етуге;
  3. ұсақ тұрмыстық мәмілелер жасауға;
  4. банкке салым салуға және өзінің салымына, оның ішінде өзінің атына салынған салымдарға иелік етуге құқылы.

   14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке  толмағандар басқалай мәмілелерді, яғни мәмілелерді ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен жасайды. Мұндай келісімнің нысаны Заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәміле үшін белгіленген нысанға сай келуге тиіс (АК-тін 22-бабы, 1-тармағы).

   Мәміленің аталған екі түрі бойынша жауапкершілікті, заңды өкілдерінің келісімі талап етілсін не етілмесін, жасы кәмелетке толмағандардың өздері көтереді.

   Жасы  кәмелетке толмағандар (14 жастан 18 жасқа  дейінгі) келтірілген зиянды әтеуге оның жеткілікті мүлкі немесе табысы болмаған реттерде зиянның тиісті бөлігін, оның ата-аналары (асырап алушы адамдар) немесе қамқоршысы өтеуге тиісті. Олардың бұл міндеті зиян келтірушінің жасы толғаннан кейін, сондай-ақ келтірген зиянды өтеуге оның жеткілікті мүлкі немесе еңбек табысы жасы толғанға дейін пайда болған ретте жойылады.

   14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәмілелерді, егер заңда өзгеше көзделмесе, ата-анасы, асырап алушылары мен қорғаншылары жасай береді (АК-тін 23-бабы). Сонымен қатар Азаматтық кодекс белгілі бір мәмілелерді жасөспірімдердің өзі-ақ жасай беретіндігін де жоққа шығармайды. АК-тің 23-бабы 2-тармағына сәйкес, олар өздерінің жасына лайықты, жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Мысалы, оған ойыншықтарды, балаларға арналған кітаптарды сатып алуды жатқызуға болады. Жас балалар аталған мәмілелерді жасағанымен, әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылады. Сондықтан да жеке жауапкершілікті мойнына алмайды, бұған келтірілген залал мәселесі де қатысты. Олардын әрекетіне ата-анасы, асырап алушылары мен қорғаншылары жауап береді. Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет қабілеттілігін сот Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіп бойынша шектеуі мүмкін. Оған қамқоршылық. белгіленеді. Ол тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Басқа мәмілелерді жасауды, сондай-ақ табысын, зейнетақысын және өзге де кірістерін алуды және оларға билік етуді ол тек қамқоршысының келісімімен ғана жүзеге асыра алады (АК-тің 27-бабы).

   Ал, азамат, айталық, жүйке ауруынан жазылып, арақты қойып, нашақорлықтан құтылса, заң осыны ескере отырып, сот арқылы оның әрекет қабілеттілігіне қойылған шектеудің күшін жояды. Сот шешімінің негізінде азаматқа белгіленген қамқоршылықтың күші жойылады. Нәтижесінде сот оны әрекет қабілеттілігі бар деп таниды.

      Ата-аналардың  және балалардың құқықтары мен міндеттері балалардың заңмен белгіленген  тәртіппен  куәландырылған тегіне негізделеді.

      Баланың анасы жағынан тегін (анасы болуын) ананың медициналық мекемеде бала туғанын растайтын құжаттар негізінде, ал бала мидициналық мекемеден тыс жерде туған жағдайда – медициналық құжаттардың, куәлардың көрсетулерінің немесе өзге де айғақтардың негізінде азаматтық хал актілерін жазу органы белгілейді.

      Бір-бірімен некеде тұратын адамдардан туған баланың туу тегі ата-анасының неке туралы жазбасымен куәландырылады.

      Бала  неке бұзылған, оны жарамсыз деп  таныған кезден бастап немесе бала анасының жұбайының қайтыс болған кезден бастап екі жүз жетпіс күн ішінде туған жағдайда, егер өзгеше дәлелденбесе, анасының бұрынғы жұбайы баланың әкесі болып танылады. Баланың анасымен некеде тұрмайтын адамның әке болуы баланың әкесі мен анасының азаматтық хал актілерін тіркеу органына бірлесіп арыз беру жолымен; анасы қайтыс болған, ол әрекетке қабілетсіз деп танылған, анасының тұратын жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайларда немесе ол ата-ана құқығынан айырылған жағдайда – қорғаншы және қамқоршы органның келісімімен бала әкесінің арыз бойынша, мұндай келісім болмаған жағдайда – сот шешімімен белгіленеді.

      Әке болуды анықтау туралы бірлесіп арыз беру бала туғаннан кейін мүмкін емес немесе қиын деп ұйғаруға негіз беретін  мән-жайлар болған кезде болашақ  баланың бір-бірімен некеде тұрмайтын  ата-анасы анасы жүкті болған кезде азаматтық хал актілерін тіркеу органына сондай арыз беруге құқылы. Баланың ата-анасы туралы жазба бала туғаннан кейін жасалады.

      Егер  анасының күйеуі емес еркектің  әке  екендігі анық болып шықса, анасы  босанғанға дейінгі  және босанғаннан  кейінгі кезеңдердің ішінде өзін асырау жөніндегі шығындарға одан тиісті ақша қаражатын сот тәртібімен талап етуге құқылы. Ақша қаражатының мөлшерін тараптардың материалдық, отбасылық және назар аударуға  тұрарлық басқа да мүдделерін негізге ала отырып, ақша қаражатын төлеу кезінде қолданылып жүрген  есептік көрсеткіштің еселенген ара қатынасымен сот белгілейді.

      Он  сегіз жасқа  (кәмелетке) толған адам жөнінде әке болуды белгілеуге  оның келісімімен ғана, ал егер ол әрекетке қабілетсіз деп танылған болса –  оның қорғаншысының немесе  қорғаншы және қамқоршы органның  келісімімен ғана жол беріледі.

      Бір-бірімен  некеде тұрмайтын ата-аналардан  бала туған жағдайда  және ата-ананың бірлескен арызы  немесе бала әкесінің арызы болмаған кезде баланың  нақты адамнан туу тегі ата-аналарының біреуінің, бала қорғаншысының  (қамқоршысының) арызы бойынша немесе баланы асырап отырған адамның арызы бойынша, сондай-ақ баланың кәмелетке толғаннан кейінгі  өз арызы бойынша сот тәртібімен белгіленеді. Бұл жағдайда сот баланың  нақты адамнан туу тегін анық растайтын айғақтарды ескереді.

      Өзінің  баланың әкесімін деп таныған, бірақ  баланың анасымен некеде тұрмаған адам қайтыс болған жағдайда оның әке екенін тану фактісі азаматтық іс  жүргізу  заңдарында белгіленген ережелер бойынша  сот тәртібімен белгіленуі мүмкін.

      Бір-бірімен некеде тұратын әке мен ана туу туралы жазбалар кітабына олардың кез-келгенінің арызы бойынша баланың ата-анасы болып жазылады. Егер ата-ана бір-бірімен некеде тұрмаса, баланың анасы туралы жазба – анасының арызы бойынша, ал баланың әкесі туралы жазба  баланың әкесі мен анасының бірлескен  арызы бойынша немесе бала әкесінің арызы бойынша  жүргізіледі немесе әкесі соттың шешіміне сәйкес жазылады.

      Бала  некеде тұрмайтын анадан туған ретте, ата-ананың бірлескен арызы болмаған жағдайда немесе әке болуды анықтау туралы сот шешімі болмаған жағдайда туу туралы жазбалар кітабында бала әкесінің тегі анасының тегі бойынша, бала әкесінің аты-жөні – бала анасының көрсетуі бойынша жазылады.

      Туу туралы жазбалар кітабына ата-ананы  жазу баланың әкесі немесе анасы  ретінде жазылған адамның, іс жүзінде баланың әкесі немес анасы болып табылатын адамның, бала кәмелетке толғаннан кейін оның өзінің, бала қорғаншысының (қамқоршысының) сот әрекетке қабілетсіз деп таныған ата-ана қорғаншысының талап етуі бойынша тек сот тәртібімен ғана жүргізілуі мүмкін.

      Баланың әкесі болып жазылған адамның  әке болуына дау туғызу туралы талабы, егер жазу кезінде бұл адамға оның іс жүзінде баланың әкесі  емес екендігі  айқын болса, қанағаттандырылмайды.

      Әке екені белгіленген жағдайда балардың ата-аналары мен олардың туыстарына қатысты бір-бірімен некеде тұратын адамдардан туған балалардағы сияқты құқықтары мен міндеттері  болады.

      Он  сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам бала деп танылады.  Әрбір баланың  мүмкін болғанынша отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзінің ата-анысын білуге құқығы, олардың қамқорлығына құқығы, өзінің мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда  олармен бірге тұруға құқығы  бар.

      Баланың өз ата-анасы тәрбиеленуіне, оның мүдделерін қамтамасыз етуіне, жан-жақты өсіп жетілуіне, оның адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне құқығы бар.

      Ата-анасы  болмаған жағдайда, оларды ата-ана құқығына айырған жағдайда  және ата-ана  қамқорлығынан айырылудың  басқа  да жағдайларында баланың отбасында  тәрбиелену құқығын қорғаншы және қамқоршы орган қамтамасыз етеді.

      Баланың ата-анасының екеуімен де, аталарымен, әжелерімен, аға-інілерімен, апа-сіңлілерімен (қарындастарымен) және басқа да туыстарымен  қарым-қатынас жасауға құқығы бар. Ата-анасының некесі бұзылуы, оның жарамысыз  деп танылуы немесе ата-анасының бөлек тұруы баланың құқығына әсер етпеуге тиіс. Ата-анасы бөлек тұрған жағдайда баланың олардың әрқайсысымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар. Ата-анасы әртүрлі мемлекеттерде тұрған жағдайда да баланың өз ата-анасыман қарым-қатынас жасауға құқығы бар.

      Қысылтаяң жағдайға (ұсталу, тұтқындалу, қамауға  алыну, емдеу мекемесінде болу және т.с.с.) ұшыраған баланың заңда белгіленген  тәртіппен өзінің ата-анасымен және басқа да туыстарымен қарым-қатынас  жасауға құқығы бар.

      Бала  отбасында өз мүддесін қозғайтын кез келген мәселені шешу кезінде өзінің пікірін білдіруге, сондай-ақ кез-келген сот немесе әкімшілік іс қарау барысында тыңдалуға құқылы. Он жасқа толған бала пікірі, егер бұл пікір оның мүдделеріне қайшы келмейтін  болса, ескерілуге міндетті.

Информация о работе Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі