Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 21:47, курсовая работа
Кондоминиум (лат. Con(cym)- бірге, қоса және dominium-иелену, ортақбасып иелену) халықаралық құқықта Ұлыбритания, АҚШ-та кондоминиум сөзі тұрғын үй жер төлемдерін ортақ иелену легенді білдіреді. Кондоминиумның ұғымы: ол тұрғын үйлерді, екі ғимараттың және одан да көп жеке ғимараттың ерекше жеке меншік нысан формасы. Ғимаратты меншік иесінің әрқайсысы өзінің қарауы бойынша басқарып, пайдалана алады. Кондоминиум объектісін тіркеу кондоминиум қатысушысының не меншік иеленушілердің немесе кондоминиум басқармасы мүшелерінің уәкілетті өкілінің өтініші бойынша жүзеге асырылады. Кондоминиум объектісін тіркеу кезінде ортақ мүлік құрамы мен әрбір үй-жайдың құқық иелерінің ортақ мүліктегі үлесінің мөлшері айқындалады.
Кіріспе…………………………………………………………………………….3
1. Кондоминиум
1.1.Кондоминиум түсінігі мен белгілері..............................................................4
1.2 Кондоминиумнің құрылуы және тоқтатылуы……………………………..15
1.3 Кондоминиум объектісін басқару………………………………………….16 2.Кондоминиум үй-жайларының меншiк иелерiне (қатысушыларына) жер учаскесiн берудiң тәртiбiн бекiту туралы
2.1.Кондоминиум үй-жайларының меншiк иелерiн (қатысушыларына) жер учаскесiн берудiң тәртібі..............................................................................18
2.2.Кондоминиум қатысушыларына жер учаскелерiн беру..............................21
2.3.«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға сәйкес кондоминиум объектісін басқару нысаны оған қатысушылардың келісімімен белгіленеді....................23
Қорытынды..........................................................................................................25
Пайдаланған әдебиеттер тізімі..........................................................................26
Егер азаматтың соңғы бес жылдың ішінде өз тұрғын үй жағдайларын төменде көрсетілген жолдың бірімен қасақана нашарлату салдарынан тұрғын үйге мұқтажға айналғаны анықталса, онда азаматты есепке қоюдан бас тартылуы мүмкін, ал тұрғын үй есебіне негізсіз қойылған азамат одан алынып тастауға жатады. Осы салдарға әкелетін бұзушылықтарға мыналар жатады:
1. тұрғын үй - жайын айырбастау;
2. Қазақстан Республикасының дәл сол немесе өзге елді мекенінде орналасуына қарамастан, өзіне меншік құқығымен тиесілі, тұру үшін жарамды тұрғын үйді иелігінен шығаруы;
3. тұрғын үйдің оның өзінің кінәсінен бұзылуы немесе бүлінуі;
4. тұрған кезінде оның мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй берілуіне мұқтаж болмаған кезде тұрғын үйінен кетуі;
5. жұбайынан, кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз балаларынан, сондай-ақ, еңбекке жарамсыз ата-аналарынан басқа адамдарды тұрғызғаны.
Жоғарыда айтылғандай, 73-бапта азаматты тұрғын үй есебінен шығару негіздері белгіленген. Бұл тізімдегі негіздердің барлығы барлық жағдайларда тұрғаны есепке алғаннан кейін пайда болады. Өмірлік жағдайларда 73-бапта көзделген негіздердің кейбірлері тұлғаны есепке алғанға дейін де пайда болуы мүмкін. Мысалы, тұлға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын алуға қажетті негіздері жоқ болса да тұрғын үй есебіне алу туралы өтініш білдіруі мүмкін. Мұндай жағдайда оны есепке алудан бас тартылуға тиіс. Егер бұл негіздер азаматты есепке алғаннан кейін пайда болса, онда ол есептен шығарылуға тиіс.
Бұдан басқа, азаматты мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй берілуге мұқтаждар есебінен шығару (есепке алудан бас тарту) мына жағдайларда мүмкін болады:
-егер ол басқа елді мекенге тұрақты тұру үшін кетсе;
-егер азамат мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй берілуге мұқтаждысы туралы шындыққа сай келмейтін мәліметтер берсе (есепке алу барысында осындай салдарға әкелетін заңсыз әрекеттерге тиісті лауазымды тұлғалар да бой алдыруы мүмкін);
-егер азамат жер учаскесін алса және өзінің тұрғын үйінің құрылысын аяқтаса немесе тұрғын үйге ие болса.
Есепте тұрған азамат тұрақты тұру мақсатында басқа мекен жайға жүріп кетсе немесе қайтыс болса, оның тұрғын үй алу кезектілігі өзімен бірге есепте тұрған жанұя мүшелері үшін сақталады. Жанұяның қалған мүшелері үшін мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй берілуге мұқтаж деп танудың негіздері басқа негіздер бойынша жойылуы мүмкін.
Азаматты негізсіз есепке алып келген құқық бұзушылықтар анықталған сәтте оны есепке қоюға қажетті негіздер (отбасы мүшелері санының көбеюі, отбасының жиынтық табысының кемуі және тағы да басқа) пайда болса, ол осындай негіздер пайда болған күннен бастап тұрғын үйге мұқтаж деп танылады.
Азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап, тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Әлеуметтік қорғауға жататын табысы аз азаматтар, мемлекеттік қызметкерлер, өзге де бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілер үшін жергілікті атқарушы органдар кезектіліктің бөлек тізімін жүргізеді. Жаңадан пайдалануға берілген немесе тұрғындар босатқанына қарамастан, тұрғын үйлерді бөліп тарату екі түрлі бөлек тізімдердің кезегінде тұрғандар арасында жүзеге асырылады. Бұл жағдайда тұрғын үйлер әрбір тізімде кезекте тұрғандардың санына қарай пропорционалды түрде бөлінеді. Заңнамада тұрғын үйді бөлудің өзге де тәртібі көзделуі мүмкін.
Мемлекеттік тұрғын үй қорының үйлерінен тұрғын үй алуға азаматтардың құқықтары тең екенін жария ете отырып, жаңа тұрғын үй заңнамасы тұрғын үйді кезектен тыс және брінші кезекте алу деген түсініктерді сақтап қалған. Тұрғын үйді кезектен тыс және бірінші кезекте алу Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңын күшіне енгізу сәтінде тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қойылған кейбір категориядағы азаматтардың тұрғын үй құқықтарының кепілдіктерін қолдаумен байланысты. Бұған қоса аталған заңды күшіне енгізгенге дейін есепке қойылған барлық азаматтар үшін мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алудың бұрынғы тәртібі сақталады. Тұрғын үйді кезектен тыс алу мына жағдайларда көзделген:
- азаматтың тұрғын үйі Қазақстан Республикасының аумағында орын алған табиғат апаттарының салдарынан тұру үшін жарамсыз болып қалса;
- тұлға мемлекеттік балалар мекемесінен, туған-туысқандарынан, қорғаншысынан немесе қамқоршысынан бұрын тұрған үйіне қайтып оралғанда, ол үйді оның бұзылуы немесе тұрғын емес үй - жай етіп жабдықтауына байланысты қайта беру мүмкін болмаса;
- заңсыз сотталу салдарынан тұрғын үйінен айырылған ақталған адамдарға бұрынғы тұрғын үйін қайтару мүмкін болмаса (бұл жағдайда тұрғын үй беру туралы талап ақталғаннан кейінгі бір жылдың ішінде мәлімделуге тиіс);
- кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айрылған жиырма жасқа толмаған жетім балаларға. Әскери қызметке шақырылған кезде мұндай адамдардың жасы олардың мерзімді әскери қызметтен өту мерзіміне ұзартылады;
- тұлғаға шарттан (келісім - шарттан) туындайтын мемлекеттік міндеттемелер әсерімен тұрғын үй берілуге тиісті болса немесе ол бұрынғы тұрғын үйін пайдалану мүмкіндігінен заңсыз ьайырылса;
- бұрынғы тұрғын үйі өзінде сақталмайтын жағдайда, егер бұл оның басқа жерге көшуіне әкелсе, тұлғаның сайланбалы мемслекеттік қызметке сайлануына байланысты.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары берілген адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы заңдарда белгіленген тәртіппен тұрғын үй алуға құқығы бар. [1]
Азаматтар мемелекеттік тұрғын үй қорынан бірінші кезекте тұрғын үй алуға құқылы болады, егер олар Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңы күшіне енгізілгенге дейін есепте тұрған болса және мына категорияларға жататын болса:
- Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және белгіленген тәртіппен соларға теңестірілген тұлғаларға;
- Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, "Алтын алқа " алқасымен марапатталған және бұрын "Ардақты Ана " атағы берілген аналар, сондай-ақ "Даңқ", "Еңбек Даңқы", "КСРО қарулы күштерінде отанға қызмет еткені үшін" ордендерінің барлық үш дәрежесімен марапатталғандарға;
- азамат және Ұлы Отан соғыстары кезеңінде және КСРО мен Қазақстан Республикасын қорғау жөніндегі басқа да жауынгерлік операциялар кезінде ұрыс қимылдарын жүргізген армия құрамында болған адамдар, жауынгер - интернационалистер, сондай-ақ КСРО мен Қазақстан Республикасын қорғау жөніндегі жауынгерлік операцияларға қатысқан басқа да адамдарға;
- І және ІІ топтағы мүгедектеріне (өздері жасаған қылмыстың салдарынан мүгедек болған адамдарды қоспағанда);
- Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді атқару кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде не өндірістегі жазатайым жағдайдың салдарынан қаза тапқан адамдардың немесе хабар - ошарсыз кеткен жауынгерлердің (партизандардың) отбасыларына;
- заңдарда белгіленген тәртіппен бекітілген аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлеріне шалдыққан тұлғаларға;
- дәрігерлік - әлеуметтік сараптама комиссиясының (ДӘСК) қорытындысы бойынша экологиялық зілзалалардың, Чернобыль апатының, Семей полигонындағы ядролық сынақтар (жарылыстарының), сондай-ақ азаматтық және әскери мақсаттағы басқа да ядролық объектілердегі төтенше жағдайлардың салдарынан денсаулық жағдайы нашарлаған азаматтарға;
- заңсыз сотталу немесе саяси тұрғыда сотсыз қуғын - сүргінге ұшырау (сот тәртібімен саяси қуғын - сүргін құрбандарыдеп танылғандар немесе саяси қуғын - сүргіннен зардап шеккендер) фактілері сот тәртібімен анықталған азаматтарға;
- отыз жасқа дейін алғаш рет некеге тұрған және некеге тұрғаннан кейінгі алғашқы үш жылда балалы болған жас жұбайлар отбасыларына;
- мүгедек балаларды тәрбиелеуші тұлғаларға;
- көп балалы отбасыларға;
- ІІІ топтағы мүгедектерге, жасына байланысты демалысқа шыққан зейнеткерлерге, жалғызбасты аналарға, некеге тұрмаған бала тәрбиелеуші әйелдерге, егіз бала тапқан отьасыларға (егер азаматтардың бұл санаты Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген тәртіппен анықталатын ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыс алатын болса);
- жиырма жылдан артық қызмет атқарған және әскери қызметтен жасына, денсаулық жағдайына немесе штаттың (қызметкерлер санының) қысқаруына байланысты босатылған әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының аумағындағы әскери қызметке дейінгі тұрған жеріне қайтып оралған кезде;
- мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінде халыққа тікелей медециналық және дәрі - дәрмек көмегін көрсетуші медецина және фармацевтика қызметкерлеріне;
- судьяларға, прокуратура мен ішкі істер органдарының қызметкерлеріне;
Бірінші кезектегі тәртіп бойынша бұрын тұрғын үй алған азаматтар бірінші кезектегі тәртіп бойынша басқа тұрғын үй алу үшін тізімге тек жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша ғана енгізілуі мүмкін.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй әр адамға кемінде он бес шаршы метр және он сегіз шаршы метрден аспайтын пайдалы алаң мөлшерінде беріледі. Тұрғын үйді бір азамат алатын барлық жағдайларда оған, алаң мөлшеріне қарамастан, жеке бір бөлмелі пәтер берілуі тиіс. Әлеуметтік тұрғын үй беру (мемлекеттік немесе әскери қызмет атқармайтын, сондай-ақ бюджеттік ұйымдарда жұмыс істемейтін азаматтарға) нормалары азайтылуы мүмкін. Бұл норма Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен анықталады, бірақ ол бір адамға қолданылатын санитарлық нормадан кем емес тұрғын алаң және бір тұрғын бөлмеден кем емес болуға тиіс. Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді беру, жалдау және пайдалану тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2 қыркүйек 1999жылғы 1292 (5 т.) қаулысымен бекітілген нұсқауға сәйкес әлеуметтік тұрғын үйді берудің нақты нормасы туралы мәселені шешу жергілікті атқарушы органдардың құзіреттілігіне жатқызылған. Жоғарыда келтірілген белгілерге сәйкес болу үшін осындай тұрғын үйді беру нормасы отбасының әрбір мүшесі (немесе жеке азамат) үшін кем дегенде алты шаршы метрлік тұрғын алаңды құрауға тиіс.
Көрсетілген мөлшерден асатын тұрғын үйдің алаңы артық деп саналады және ол тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жоғары мөлшердегі төлем төлеуге алып келеді. Заңнамада көзделген тәртіпте бекітілетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың түрлеріне шалдыққан азаматтарға бөлек қосымша бөлме беріледі. Осындай негізбен берілген өосымша алаң артық деп саналмайды.
2.Кондоминиум үй-жайларының меншiк иелерiне (қатысушыларына) жер учаскесiн берудiң тәртiбiн бекiту туралы
2.1.Кондоминиум үй-жайларының меншiк иелерiне (қатысушыларына) жер учаскесiн берудiң тәртібі
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: Кондоминиум үй-жайларының меншiк иелерiне (қатысушыларына) жер учаскесiн берудiң қоса берiлiп отырған Тәртiбi бекiтiлсiн. Бюджет қаржысы есебiнен қаржыландыру тек атқарушы органдардың шешiмi бойынша жүргiзiлетiн жерге орналастыру және өзге де жұмыстарды орындау кезiнде жүзеге асырылады, жер учаскелерiнiң және меншiк иелерiнiң және жер пайдаланушылардың өтiнiмi бойынша жерге орналастыру және өзге де жұмыстар олардың өз қаражаты есебiнен қаржыландырылады деп белгiленсiн. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi бiр ай мерзiм iшiнде ведомстволық нормативтiк актiлердi осы қаулыға сәйкес келтiрсiн. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныстарды белгiленген тәртiппен енгiзсiн.
Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi: бiр ай мерзiм iшiнде пәтер меншiк иелерiнiң кооперативтерiне, кондоминиум объектiлерi болып табылатын көп пәтерлi үйлердегi үй-жайлардың меншiк иелерi - заңды және жеке тұлғаларға жер учаскелерiн беру кезiнде жол берiлген заң бұзушылықтарды жою жөнiнде шаралар қабылдасын; пәтер меншiк иелерi кооперативтерiнiң қатысуымен үш ай мерзiм iшiнде жұмысты ұйымдастырсын және жер учаскелерiнiң шекарасын белгiлеу және кондоминиум үй-жайларының меншiк иелерiне (қатысушыларына) берiлетiн жер учаскелерiне деген құқықты ресiмдеу жөнiнде шаралар қабылдасын; кондоминиум үй-жайларының меншiк иелерiне (қатысушыларына) жер учаскесiн берудiң белгiленген тәртiбiнiң сақталуына бақылауды қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 13 маусымдағы кеңейтiлген мәжiлiсiнде қабылданған шешiмдерiн жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 27 маусымдағы N 1027 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 29, 260-құжат) 11-тармағы алынып тасталсын. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. Кондоминиум үй-жайларының меншiк иелерiне (қатысушыларына) жер учаскесiн берудiң осы Тәртiбi (бұдан әрi - Тәртiп) тұрғын және (немесе) тұрғын емес үй-жайлардың меншiк иелерiне, кондоминиумның тиiстi объектiсiнiң басқа да қатысушыларына олардың жер учаскесiне құқықтары айқындалған жағдайларда жер учаскесiн беруге байланысты қатынастарды реттейдi. Кондоминиумның жаңа объектiлерiн салуға жер учаскелерiн беру Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 20 маусымдағы N 760 қаулысымен бекiтiлген Жер учаскелерiне жеке меншiк құқығын және жер пайдалану құқығын беру тәртiбi туралы ережеде белгiленген тәртiп бойынша жүзеге асырылады. K030442 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңына сәйкес үй-жайлардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттiң бөлек (дара) меншiгiнде болатын, ал ортақ мүлiк оларға ортақ үлестiк меншiк құқығында тиесiлi болатын бiрыңғай мүлiктiк кешен (кондоминиум объектiсi) ретiндегi жылжымайтын мүлiкке деген ерекше меншiк нысаны кондоминиум болып табылады.
Кондоминиум объектiсiнiң ажырамас бөлiгi кондоминиумның барлық қатысушыларына ортақ үлестiк меншiкке (ортақ жер пайдалануға) берiлетiн және үйдi, құрылысты және ғимаратты орналастыру, ұстау және пайдалану үшiн қажеттi бiрыңғай және бөлiнбейтiн жер учаскесi болып табылады. Тұрғын және (немесе) тұрғын емес үй-жайлардың меншiк иелерiнiң бiрiне немесе кондоминиумның өзге бiр қатысушысына кондоминиум объектiсiнiң құрамына кiретiн бөлiнбейтiн жер учаскесiнiң бiр бөлiгiне жеке меншiк құқығын (жер пайдалану құқығын) беруге жол берiлмейдi.
Кондоминиум объектiсiнiң тұрғын және (немесе) тұрғын емес үй-жайларды жеке меншiк құқығында шаруашылық жүргiзу құқығында, жедел басқару құқығында немесе өзге заттық құқықта тиесiлi болатын жеке және заңды тұлғалар кондоминиум қатысушылары болып табылады.
Кондоминиум объектiсiнiң тұрғын және (немесе) тұрғын емес үй-жайларды жеке меншiк құқығында тиесiлi болатын кондоминиум қатысушылары жер учаскелерiне ортақ үлестiк меншiк құқығын алады. Кондоминиум объектiсi үй-жайларының меншiк иелерi болып табылмайтын, кондоминиум қатысушылары жер учаскелерiне ортақ үлестiк тұрақты жер пайдалану құқығын алады. Жұмыс iстеп тұрған кондоминиум объектiсi үшiн көркейту элементтерiн қоса алғанда, жер учаскесiнiң мөлшерi нақты қалыптасқан құрылыс салу мен қала құрылысы және елдi мекеннiң аумақтық дамуының өзге де құжаттамасында белгiленген талаптарды есепке ала отырып айқындалады. Кондоминиум қатысушыларына берiлетiн жер учаскесiнiң шекаралары көше жағынан қызыл сызық бойымен, тiгiнен алғанда iшкi жағынан - жүретiн жол осьтерiнiң бойымен iргелес жер учаскелерiнiң шекарасы бойынша белгiленуi мүмкiн. Жер учаскесiнiң шекарасына, әдетте, кондоминиум объектiсiнiң мүлiктiк кешенiнiң құрамына кiретiн объектiлер қоғамдық мақсаттағы объектiлерге барудың қамтамасыз етiлуiн ескере отырып енгiзiледi. Кондоминиум объектiсiнiң жер учаскесiнiң шекарасы iргелес жер пайдаланушылардың мүдделерiн ескере отырып белгiленедi.
Бiрнеше кондоминиумның ортақ пайдалануындағы объектiлер (балалардың ойын алаңдары, шаруашылық-тұрмыстық алаңдар, жасыл екпелер, демалысқа арналған алаңшалар, автотұрақтар, инженерлiк жүйелер мен коммуникациялар құрылғылары және басқа да объектiлер) орналасқан жерлердiң құқықтық жағдайы мұндай жерлер мүдделi кондоминиумдардың қатысушыларына ортақ үлестiк меншiк (ортақ жер пайдалану) құқығымен берiлген не ортақ жер пайдаланудың және (немесе) сервитуттың заңдарда көзделген өзге нысандарын берген кезде айқындалады. Үлес мөлшерi, егер меншiк иелерiнiң келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, бөлек (дара) меншiктегi тұрғын үй-жайлардың пайдалы алаңының немесе тұрғын емес үй-жайлар алаңының мүдделi кондоминиумдар тобына кiретiн барлық үйлердiң жалпы алаңына қатынасы арқылы айқындалады. Мұндай үлес зат түрiнде бөлiнбейдi.
Кондоминиум қатысушылары болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарына жер учаскелерiн беру кондоминиум объектiсiнiң тұрғын емес үй-жайларының меншiк иелерi болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарынан басқаларына тегiн берiледi.
Құрамына жер учаскесi кiретiн ортақ мүлiктегi үй-жайлардың әрбiр меншiк иесiнiң үлесi оған тиесiлi үй-жайға бөлек (дара) меншiктен ажырамайды. Үлес мөлшерi, егер меншiк иелерiнiң келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, бөлек (дара) меншiктегi тұрғын үйлердiң пайдалы алаңының немесе тұрғын емес үй-жайлар алаңының барлық үйдiң жалпы алаңына қатынасы арқылы айқындалады. Мұндай үлес зат түрiнде бөлiнбейдi.
Кондоминиум қатысушыларының жер учаскесiне деген ортақ меншiк құқығы (ортақ жер пайдалану құқығы) жылжымайтын мүлiкке деген құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы заңдарда көзделген тәртiппен тiркелуге тиiс. Кондоминиум қатысушыларының ортақ меншiгiндегi (ортақ жер пайдалануындағы) жер учаскесiне деген құқықты сату, сондай-ақ жерге ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен және шарттар бойынша жүзеге асырылады. Жалпы кондоминиум деген заңдық терминнің мағынасы үй-жай жеке, заңды тұлғалардың, мемлекеттің бөлек меншігінде болатын, ал ортақ мүлік оларға ортақ үлесті меншік құқығымен тиесілі болатын жағдайда бірыңғай мүліктік кешен ретіндегі жылжымайтын мүлікке меншіктің ерекше нысаны болып табылады делінген. Мәселен, біздің жағдайымызда, жеке сіз бен біздің осы мәселеге қатыстылығымыз мынадай деп – үйдің пәтерлері жекешеленіп, әркімнің өз меншігі болса, ал басқа ортақ пайдаланылатын – үйдің шатыры, подвалы, тіпті қабатаралық баспалдақ пен алаңқайлар – кондоминиум деп түсінелік.Сонымен, Заң жобасы дайын болғанымен, еліміздегі Алматы әлде Астана қалаларындағы құрылған Қоғамдық комитет аталған заң жобасымен келіспей, дау туғызып отыр екен. Олар ортақ мүліктегі үлестерді бекітудің үш нұсқасын ұсыныпты. Әділет министрі енді жергілікті жерден осы нұсқалардың қайсысын қолдайтындарын білгісі келіп хат жолдаған екен. Жалпы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 210 бабының 1 тармағына сәйкес, егер үлесті меншікке қатысушылар үлестерінің мөлшері заңнамалық актілердің негізінде анықталуы және оған барлық қатысушылардың келісімімен белгіленуі мүмкін болмаса, үлестер тең деп саналады. Осы негізге сүйенген комитетшілер «меншік иелерінің арасында кондоминиум объектісінің ортақ мүлігіндегі үлестерінің мөлшерлері туралы келісім болмаған жағдайда, кондоминиум қатысушылары осы үлестердің мөлшері тең деп саналуға жатады» деген нұсқа ұсынған. Яғни, кондоминиум қатысушыларының үлестері тең болып табылады. Екінші нұсқа – ПИК төрағалары мен пәтер иелері арасында жасалатын арнайы екіжақты келісімдерде ортақ меншікті ұстау бойынша қатысу нысандары мен мөлшері туралы кондоминиум қатысушыларының келісім нәтижелерін басқаратын оның жоғарғы органы ретінде ПИК жалпы жиналысы мақұлдаған шешімдерді бекіту.
Яғни кондоминиум қатысушылары өз үлестерін жиналыс жасап, анықтайды.
Үшінші нұсқада «Әрбір пәтер иесінің ортақ үй меншігін ұстауға қатысу үлесін әрбір меншік иесінің мүлікке салығын осы үйдегі барлық пәтер иелерінің ұқсас салықтарының қосындысына бөлу арқылы айқындау керек» делінеді.
Яғни, бұл жағдайда ауданы бірдей пәтерлердің салық салынатын құнын анықтаған кезде оның орналасқан аумағы, пәтердің ерекшелігі, әрленуі, ондағы қосымша құралдар, пәтердің қабаты, жарақтандырылуы, инфрақұрылымы ескеріледі.Сонымен, осы нұсқалардың ішінен кондоминиумның бірыңғай позициясын анықтау мәселесі біздің жерімізде де облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің ұйымдастыруымен талқыланды. Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеудің түрін айқындау үшін болған жиналыста облыстағы жылжымайтын мүліктерді тіркейтін органдардың, жергілікті жерлерде тұрғын үй мәселесі бойынша жауапты адамдардың, бірлі-жарым пәтер иелері кооперативтері төрағаларының пікірлері ортаға салынды. Қалада 66 ПИК бар көрінеді, алайда осы жиналысқа қатысқан төрт-бес кооператив басшыларының ішінде өздері халықтың өкілі бола тұрып, жұртшылықты қаралай ғайбаттап, «олар түсінбейді, олар көнбейді» деп өздерін кім сайлағанын ұмытып кеткендер болды. Заңдылығына келсек, кондоминиум тұрғындардың өз келісімі бойынша жасалады, ПИК-тің қатысы міндетті де емес. Сол себепті де мәселенің мәнісін тіліміз жеткенше ұғынықты етіп жазып отырмыз. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – қай нұсқа қабылданса да кондоминиум нысанын күтіп, ұстау халықтың қалтасынан шығатын қаражатпен жүзеге аспақ. Алайда одан қорқудың да қажеті жоқ – мүмкін енді шатырдан су ақпай, подвалдар құрғап, үйдің басқыштары, дәлізі айнадай жарқырап тұратын болар. Ол үшін ақша төлеуден кім қашады. Ай сайын не үшін екенін білмей, ПИК төрағасы сотқа берем деп қорқытқандықтан ғана құр босқа ақша төлеп отырғандар да бар. Жиналыс қорытындысымен оған қатысушылардың ұсыныстары Заң жобасын дайындап жатқан ҚР Әділет министрлігіне жолданатын болды.