Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 21:53, курсовая работа
Заңгерлік мамандықты таңдап алған біздер үшін бұл міндет аса қомақты да күрделі. Біздің таңдап алған тақырыбымыз азаматтық құқықтық қатынастардың негізгісі деуге де болады. Себебі қазіргі нарық заманында меншік құқығының ауқымы кеңіп, оның сан алуан түрлілігі қоғамымыздың дамуына оң ықпал етіп отыр. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардың бастапқы кезеңінде жекешелендірудің белең алғанын соның негізінде меншік түрлері көбейді. Қазақстан қазіргі кезде әлемдік нарықтық қатынастарға белсене араласатын тәуелсіз мемлекет болғандықтан халықаралық қатынастарды реттейтін заңнамалар мен актілерді бекітуде.
КІРІСПЕ...................................................................................................... 3
I.ОРТАҚ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ
1.1.Ортақ меншік ұғымы............................................................................ 5
1.2.Ортақ меншіктің түрлері.......................................................................7
II.ОРТАҚ МЕНШІКТІҢ ЖЕКЕЛЕНГЕН ТҮРЛЕРІ
2.1.Ортақ үлестік меншік............................................................................ 9
2.2.Ортақ бірлескен меншік........................................................................13
2.3.Ортақ меншік құқығын тоқтату............................................................22
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................26
ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...................................................27
КІРІСПЕ.......................
I.ОРТАҚ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ
1.1.Ортақ меншік ұғымы.........................
1.2.Ортақ меншіктің түрлері.......................
II.ОРТАҚ МЕНШІКТІҢ ЖЕКЕЛЕНГЕН ТҮРЛЕРІ
2.1.Ортақ үлестік меншік........................
2.2.Ортақ бірлескен меншік....
2.3.Ортақ меншік құқығын
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР....................
Қазақстан Республикасы заң-құқық ұлттық жүйесінің жылдам қалыптасуы, Қазақстан қоғамының қалыпты қозғалысы мен үнемі жаңарып отыруы соңғы уақыт шеңберінде болып жатқан оң өзгерістерді басқаша көзқарастар тұрғысынан зерделеп, бағамдап алу міндетін алға тартады.
Заңгерлік мамандықты таңдап алған біздер үшін бұл міндет аса қомақты да күрделі. Біздің таңдап алған тақырыбымыз азаматтық құқықтық қатынастардың негізгісі деуге де болады. Себебі қазіргі нарық заманында меншік құқығының ауқымы кеңіп, оның сан алуан түрлілігі қоғамымыздың дамуына оң ықпал етіп отыр. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардың бастапқы кезеңінде жекешелендірудің белең алғанын соның негізінде меншік түрлері көбейді. Қазақстан қазіргі кезде әлемдік нарықтық қатынастарға белсене араласатын тәуелсіз мемлекет болғандықтан халықаралық қатынастарды реттейтін заңнамалар мен актілерді бекітуде. Мұның бәрі құқықтың сан алуан салаларындағы өзгерістерді туғызуда. Сондықтан менің курстық жұмысымның тақырыбы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Қазақ халқының тарихы өте күрделі кезеңдерді басынан кешкені белгілі. Соған байланысты қазақ халқының тәуелсіз мемлекет болу кезеңдерінде біршама заңдардың қабылданғанын білеміз. Мысалы XVІ ғасырдың бірінші ширегінде Қасым хан (1511-1520 жж.) тұсында «Қасым ханның қасқа жолы» атты акті қабылданса, Есім хан билік еткен кезде (1598-1628 жж.) «Есім ханның ескі жолы» аталған заң қабылданған еді. Ал бізге тарихтар қойнауынан хат жолымен жеткені Тәуке ханның (1680-171 жж.) «Жеті жарғысы» аталған жинақ болып отыр. Оның маңызы туралы, ондағы мүліктік және мүліктік емес құқық объектілері туралы сөз қозғау өз алдына бөлек зерттеуді талап етеді. әңгіме біздің алып отырған тақырыбымыздың бастауы сонау ықылым заманнан бері келе жатқан өзекті мәселелердің бірі.
Меншік құқығы қазақтардың әдеттегі құқығының ажырамас бөлшегі екенін осы «Жеті жарғы» баптарынан көреміз.
Академик С.3. Зиманов қазақтардың әдеттегі құқығында меншік құқығының басымдылығы, мүліктік жауапкершіліктің жоғары болғандығын атап көрсеткен еді1. Алысқа ұзамай-ақ ауыз екі сөз тіркестерінде қолданылып жүрген айыптың бірі тоғыз құн төлеу туралы еске сала кетсек те жеткілікті.
I.ОРТАҚ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ
Бір затқа меншік құқығы бірнеше меншік иесіне қатысты болуы мүмкін, ал мұндай жағдайда ортақ меншік қатынасы пайда болады. Мұндай жағдайда меншік құқығы бірнеше меншік иелеріне бөлінеді. Ортақ меншік екі немесе бірнеше адамның меншігіне мүлік түскен кезде пайда болады, оны өзінің мақсаты өзгертілмейінше бөлуге болмайды (бөлінбейтін заттар), өйткені, ол заңға сәйкес бөлінуге жатпайды. Мысалы, шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің бірі одан шыққан кезде, шаруашылықтың өндіріс құрал-жабдықтары бөлінуге жатпайды (АК-тін, 225-бабы, 2-тармағы).
Бөлінетін мүлікке ортақ меншік заң құжаттарында немесе шартта көзделген реттерде пайда болады (АК- тің 209-бабы, 4-тармағы).
Мұндай жағдайға жекелеген заттардан құралған не жинақталған заттарды жатқызуға болады (мысалы, оған кітапхана, сурет галереясы, және т.б. жатады). Айталық, кітапханадағы кітаптың кейбіреуі бір адамға, басқасы өзге адамдарға тиесілі болуы мүмкін, мұның өзі шартпен немесе заң құжаттарымен айқындалады.
Ортақ меншіктің құқық қатынастары бірқатар заңдық ерекшеліктерге ие болады. Меншіктің құқықтық қатынасында ортақ меншік құқығы субъектілерінің бір-біріне деген өзара қарым-қатынасы туындайды, яғни ортақ меншіктің басқа иелері мен үшінші тұлға арасында құқықтық қатынас пайда болады.
Сондықтан да ортақ меншік жалпы меншік қатысушылары арасындағы қатынас емес, салыстырмалы құқықтық қатынас болып табылады, яғни бұл жерде олардың қатынастары нақтылы және де құқықтық қатынасқа қатысушыларының аясы белгіленген. Мысалы, оған бір мүліктің бәріне ортақ болуы дәлел, демек әрбір қатысушы бірдей мөлшерде немесе үлесіне қарай ие болуы мүмкін. Бұл жерде біріне бірі қарсы тұрған жақтар жоқ, қатысушыларды несие беруші не борышқор деп те айта алмайсың, ал олардың арасындағы келісім тек ортақ мақсатқа бағытталған. Мәселен, мұрагерлік мүлікке бірнеше адам ие.
Бірлескен меншік иелерінің арасындағы бір-біріне деген қарым-қатынасының сипаты меншік түрінің сипатымен ерекшеленеді. Оның өзі меншік құқығының құрылымына сәйкес болуы мүмкін. Былайша айтқанда, бір затты иеленетін меншік иелері меншік құқығының әртүрлі субъектілері бола алады. Сондықтан да мемлекет, бір немесе бірнеше жеке тұлғалар сол мүліктің ортақ меншігіне қатысушылар рөлін атқаратын жағдай аз кездеспейді.
Ортақ меншіктің субъектілері жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде шетел азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен оның әкімшілік-аумақтық бірлігі бола алады. Ортақ меншік құқығы әртүрлі заңдық фактілер, атап айтқанда, шарттар, келісімдер, заңда кезделген өзге де реттер негізінде де жүзеге асады ("Жеке кәсіпкерлік туралы" Занның 3-бабы, 3-тармағы). Ортақ меншік ерлі-зайыпты адамдардың сатып алған ортақ мүлкінен де туындайды.
АК-тің 230-бабына сәйкес жай серіктестік қызметінің негізгі ақшалай немесе өзге де мүліктік жарналары, сондай-ақ олардың бірлескен қызметі нәтижесінде жасалған немесе сатып алынған мүлік олардың ортақ үлесті меншігі болып табылады.
Ортақ меншік құқығы дегеніміз бірнеше тұлғалардың мүлікті бір объект ретінде иеленіп, пайдалану мен билік етуін бекітетін, реттейтін және қорғайтын құқық нормаларының жиынтығы.
Ортақ меншік құқығын субъективті мағынада екі немесе одан да көп тұлғалардың өздерінің қалауы бойынша қарамағындағы ортақ мүлікті белгіленген тәртіп пен заң шегінде иелену, пайдалану және билік ету мүмкіндігін заңмен немесе ортақ меншіктің басқа иелері өзара жасалған шарттарымен қамтамасыз ету деп түсіну керек.
Ортақ меншік құқығы институтының маңызы мен мағынасы ең алдымен бірнеше тұлғалардың өздерінің тұтыну қажеттілігін қанағаттандыру үшін белгілі бір объектіні жария түрде құрып, немесе иеленіп, бірлесіп пайдалануынан көрінеді. Ортақ меншік шаруашылық жүргізу тәжірибесінде, сондай-ақ өмірде мүлікті мейлінше тиімді пайдалануына жәрдемдеседі.
Ортақ меншік бірлескен (үлесі белгіленбеген) және үлестік меншік болады (АК-тің 209-бабы, 2-тармағы).
Азаматтық кодекс бойынша әрбір меншік иесіне ортақ меншіктің үлесі тиесілі. Мұндай үлес тең және тең емес дәрежеде бөлінеді. Бірақ та үлестің көлемі мүлікті иелену, пайдалану және билік етуге байланысты мәселелердің шешіміне әсер етпейді. Сондықтан да олар ортақ келісім негізінде бірлесіп шешіледі.
Мүлікке ортақ меншік үлестік меншік болып табылады, бұған мүлікке ортақ меншік құру заңда көзделген реттер қосылмайды. Ортақ бірлескен меншік: 1) ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі; 2) шаруа (фермер) қожалығының ортақ меншігі; 3) жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ меншік түрінде болады. Заң құжаттарында ортақ бірлескен меншіктің басқа да түрлері көзделуі мүмкін (АК-тің 219-бабының 1-тармағы).
Басқа жағдайлардың бәрінде үлестік меншік түрінде көрінеді.
Бірлескен ортақ меншікте оған қатысушылардьщ үлесі болады, бірақ олардың жалпы мүліктегі көлемі алдын-ала айқындалмауына байланысты оны да тең деп есептейді.
Мұндай тәртіп ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезінде бірлесіп тапқан мүліктеріне де қатысты ("Неке және отбасы туралы" Заңның 32-бабы). Сонымен бірге "Неке және отбасы туралы" заңы некеде тұрған кездерінде бірлесіп тапқан дүние-мүліктерін жұбайлардың келісімі арқылы бөлу мүмкіндігін де жоққа шығармайды. Демек, неке шартында олар мүлікті бірлесіп немесе жекелей пайдалануына болады ("Неке және отбасы туралы" Заңның 40-бабы).
Келісімге келе алмаған жағдайда әрбір меншік иесі сотқа жүгінуіне құқылы.
II.ОРТАҚ МЕНШІКТІҢ ЖЕКЕЛЕНГЕН ТҮРЛЕРІ
Меншіктің үлестік түрі деп мүлік объектісін қатысушылар арасында нақты үлеске бөлуді айтады.
Үлестік меншіктің ерекшелігі оның пайда болу кезінде ортақ мүліктегі меншік иелерінің үлесі болатындығымен айқындалады. Бөлудің мұндай сипаты меншік иелерінің келісімдері және заң құжаттарымен тағайындалады. Осы келісім аркылы қатысушылардың үлес мөлшері айқындалып, өзгеріске ұшырайды, мұның өзі олардың ортаға салған үлестеріне байланысты болады. Егер қатысушылардың үлес көлемі келісім шартта немесе заң құжаттарында көрсетілмесе, онда олардың үлестері тең дәрежеде бөлінеді.
Заңда меншік иелерінің
бірінің күшімен мүлікті
Ортақ мүлікті бөліп алып жақсарту, егер үлесті меншікке қатысушылардың келісімінде өзгеше көзделмесе, оны жасаған қатысушының меншігіне түседі (АК-тің 211-бабы).
Ортақ мүлікті иелену, пайдалану және билік ету барлық қатысушылардың келісімімен жүзеге асырылады (АК-тің 212— 213-баптары).
Үлесті меншіктегі мүлікті иелену және пайдалану оның барлық катысушыларының келісуімен, ал келісімге келмеген жағдайда — сот белгілейтін тәртіппен жүзеге асырылады (A К-ті ң 213-бабының 1-тармағы).
Ортақ меншік құқығын жүзеге асыру кезінде иелену, пайдалану және билік ету салдарына мән беру керек. Егер меншік иелері ортақ мүлікті иелену және пайдалану жөнінде ортақ бір пікірге келе алмаса, онда сотқа жүгіне алады. Егер көзқарас қайшылығын сот шешпейтін болса, оны тараптардың өздері шешеді.
Ортақ үлестік меншікке қатысушылардың әрқайсысы ортақ мүліктен өзінін, үлесін заттай күйінде бөліп беруге талап етуге құқылы. Егер үлесті заттай беліп беруге заң құжаттарында жол берілмесе немесе ол ортақ меншіктегі мүлікке шамадан тыс залал келтіруіне байланысты мүмкін болмаса, бөлініп шығушы меншік иесі үлесті меншіктің басқа қатысушыларынан өз үлесінің құнын төлетіп алуға құқылы (АК-тің 218-бабының 3-тармағы). Ресейдің сот тәжірибесінде мұндай залалға мүліктің мақсатты пайдаланбауы, оның техникалық жағдайын нашарлатып жіберуі немесе материалдық не көркем шығармашылық құндылығын төмендетіп жіберу (мысалы, суреттер, монет, кітапхана, және т.б.) тәрізді жағдайлар жатады.2
Тәжірибеде мүлікті қатысушылар арасында бөлуде немесе олардың біреуіне немесе бірнешеуіне заттай беруде қиындықтар кездеседі. Біз бұл арада тағы да Ресейдің сот тәжірибесіне тоқтала кетпекшіміз. Олардың шешімдері мынадай: белінетін меншік иесінің талабы бойынша қалған катысушылар оған сұрағанын ақшалай береді, содан кейін әлгі меншік иесі ортақ мүліктегі үлес құқығынан айырылады. Кейбір жағдайларда ғана меншік иесінің үлесі айтарлықтай болмаса әрі оны іс жүзінде бөлу мүмкіндігі жоқ болса, сот осы меншік иесінің келісімін бермегеннің өзінде қалған қатысушыларға оған өтем төлеуді міндеттей алады.
Сот таласқа түскен мәселеге жан-жақты зерттеу жасап, тараптардың ұсынған дәлелдемелерімен санасады, мәселен, мүлікті пайдалану кімге қандай, қажет, оның денсаулығы, кәсіби қызметі қандай, неше баласы бар, отбасында жұмысқа қабілеттілері бар ма, жок, па, бәрі-бәрі есепке алынады.
Мұндай ережені бөлінбейтін заттарға да қолдануға болады (мысалы, автомашина, музыкалық құралдар т.б.).
Ауылдағы шаруа қожалығына (фермерге) оны қолданбайды. Кейбір жекелеген жағдайларда, сот нақты жағдайды ескере отырып, үлес меншігіне қатысушылардың ішінен біреуіне ғана бөлінбейтін затты беруі мүмкін. Бұл орайда қалған қатысушылардың үлес көлемдеріне мән берілмейді.
Үлес меншігіндегі мүліктерді бөлудің мүмкін еместігі және де Азаматтық кодекстің 218-бабы 4-тармағында көрсетілген жағдайларға карап, қатысушы бүл мүлікті пайдалану құқығынан айырылады деуге болмайды. Мұндай жағдайда мүлікті пайдаланудың қалыптасқан нақты тәртібі ескеріледі, әрі бұл ортақ меншік құқығындағы үлеске сай келмеуі мүмкін.
Шарттын, немесе сот шешімі негізінде қозғалмайтын мүліктің бір бөлігін тұлғаның қалай иеленетіндігі белгіленеді. Әңгіме бұл жерде оның заңды үлесі мен құқықтары туралы болып отыр. Мұндай жағдайда жалпы меншікті бөлуге болмайды (мысалы, қозғалмайтын мүліктің бір бөлігі бүлінеді, одан қалған қатысушылардьщ үлесі өзгермейді, олар мүліктің қалған бөлігін иелену мен пайдалану тәртібін айқындауға құқылы, бұл орайда олардың үлестері сәйкестендіріле белгіленеді).