Кылмыстык кукык

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 21:53, курсовая работа

Описание

Заңгерлік мамандықты таңдап алған біздер үшін бұл міндет аса қомақты да күрделі. Біздің таңдап алған тақырыбымыз азаматтық құқықтық қатынастардың негізгісі деуге де болады. Себебі қазіргі нарық заманында меншік құқығының ауқымы кеңіп, оның сан алуан түрлілігі қоғамымыздың дамуына оң ықпал етіп отыр. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардың бастапқы кезеңінде жекешелендірудің белең алғанын соның негізінде меншік түрлері көбейді. Қазақстан қазіргі кезде әлемдік нарықтық қатынастарға белсене араласатын тәуелсіз мемлекет болғандықтан халықаралық қатынастарды реттейтін заңнамалар мен актілерді бекітуде.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................... 3
I.ОРТАҚ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ
1.1.Ортақ меншік ұғымы............................................................................ 5
1.2.Ортақ меншіктің түрлері.......................................................................7
II.ОРТАҚ МЕНШІКТІҢ ЖЕКЕЛЕНГЕН ТҮРЛЕРІ
2.1.Ортақ үлестік меншік............................................................................ 9
2.2.Ортақ бірлескен меншік........................................................................13
2.3.Ортақ меншік құқығын тоқтату............................................................22
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................26
ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...................................................27

Работа состоит из  1 файл

ОРТАҚ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ.doc

— 146.00 Кб (Скачать документ)

Азаматтық кодекстің 214-бабына сәйкес үлесті меншіктегі мүлікті пайдаланудан алынатын жемістер, өнімдер мен табыстар ортақ мүліктің құрамына келіп түседі. Үлесті меншіктің қатысушылары арасында жемістің, өнім мен табыстың одан кейінгі бөлінуі, өзгеше көзделмесе, олардың үлестеріне сәйкес жүргізіледі.

Үлесті меншіктегі мүліктердің  мазмұны бойынша шығынды қатысушылардың бәрі сәйкестендірілетендей көтереді. Дәл осындай тәртіппен меншік иелері салық, басқа да төлемдер төлеуге қатысады, сондай-ақ ортақ мүлікті күтіп ұстау мен сақтауға байланысты шығындарға қатысуға міндетті (АК-тің 215-бабы). Аталған норма орындалуға міндетті және де ол тараптардың келісімімен өзгертіледі. Бірақ бұл норма қатысушының бірінің ортақ мүлікке кеткен шығынды төлеуіне кедергі жасамайды.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, өкілеттік билікті жүзеге асырудың өзіндік ерекшеліктері болады. Заң үлестік меншіктің әрбір қатысушысы өзіне тиесілі үлесті өзінің қалауы бойынша сатуға, сыйға беруге, мұрагерлікке қалдыруға, өз үлесіне билік ететіндігін қарастырған. Немесе Азаматтық кодекстің 216-бабында айтарлықтай сатып алудың артықшылық құқығына ие бола отырып, белгіленген шарттарды сақтап, оған билігін жүргізе алады. Оған басқа меншік иелерінің келісімі қажет емес.

Ортақ меншіктің әрбір  қатысушысы өз үлесін сатуға құқылы. Заң осы мүмкіндікті ескере отырып, басқа меншік иелерінің мүддесіне назар аударады, олар үшін ортақ меншікке бөтен тұлғалардың кіруіне әрқашан қолдау көрсете бермейді. Азаматтық кодекстің 216-бабы ортақ меншік қатысушыларына сатып алудың артықшылык, құқығын береді. Үлесті меншік құқығындағы үлесті бөгде адамдарға сату кезінде сатылатын үлесті оның сатылатын бағасы бойынша және жария саудаға салу реттерінен басқа тең жағдайларда үлесті меншіктің қалған қатысушыларының сатып алуға басым құқығы болады.

Үлесін сатушы оның бағасын және оны сатудың басқа да шарттарын ескере отырып, үлесті меншіктің басқа қатысушыларына өз үлесін бөгде адамға сату ниеті туралы жазбаша түрде хабарлауға міндетті. Егер үлесті меншіктің басқа қатысушылары сатып алудан бас тартса немесе қозғалмайтын мүлікке меншік құқығындағы сатылатын үлесті бір ай ішінде, ал басқа мүлік жөнінен — хабар алған күннен бастап он күн ішінде сатып алмаса, сатушы өз үлесін кез келген адамға сатуға құқылы.

Үлес сатып алудың басым құқығы бұзыла отырып, сатылған жағдайда, үлесті меншіктің кез келген қатысушысы үш айдың ішінде сотта өзіне сатып алушының құқықтары мен міндеттерін аударуды талап етуге құқылы (АК-тің 216-бабы).

Азаматтық кодекстің 216-бабында  үлесті жария саудамен сату жайы қарастырылған. Меншік үлесі құқығындағы үлесті жария сату меншік үлестерінің басқа қатысушыларының келісімінсіз тек Азаматтық кодекстін 222-бабы 2-тармағы мен басқа да заң құжаттарында көрсетілген ретте жүргізіледі.

Азаматтық кодекске үлесті айырбас  шарты бойынша басқа біреуге  беру кезінде де үлесті сатудың басым құқығы нормасы жаңалық болып енді (АК-тің 216-бабының 5-тармағы). Бұл жағдайда ортақ меншікке қатысушы тең бағалы мүлікті ұсыну жөніндегі айырбас шартында көрсетілген барлық міндеттемені өзіне алады.

Кондоминиумде өз үлесіне билік  етудің арнайы белгіленген жүйесі бар. "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңның 31-ба-бына сәйкес жалпы меншіктегі тұрғын үй әрбір меншік иесіне көзделмесе, үлес көлемі тұрғын үйдің пайдалы аумағына байланысты айқыңдалады. Үйдің тұтастай аумағына кіретін мұндай үлес сол қалпында бөлінбейді. Үйге меншік құқығының басқа адамға етуі сол үлесті алғанға тиесілі үлесі өтеді, меншік иесі өзінің ортақ меншіктегі үлесін өзгеге беруге құқысы жоқ, демек олардың әрқайсысы үйдің өзіне тиесілі бөлігін қалауынша пайдаланып күтеді. Үйдің жалпы бөліктерін ұстауға кететін шығын, егер келісімде өзгеше көзделмесе, меншік иесі үлестеріне сәйкестендіріле бөлінеді. Көппәтерлі үйде меншік иелерінің ортақ әрекеті керек. Ондай үйді әдетте тұрғындардың өздері пайдаланады. Азаматтық кодекстің 217-бабына сәйкес үлесті меншік құқығындағы үлес, егер тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, шарт жасасқан кезден бастап шарт бойынша сатып алушыға ауысады. Шарт бойынша мүлік алушының меншік құқығы, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, зат берілген кезден бастап пайда болады (АК-тің 238-бабының 1-тармағы). Азаматтық кодекстің 217-бабы бойынша үлесті меншік құқығындағы үлес шарт жасасқан кезден бастап сатып алушыға ауысады. Тараптар бұдан басқа да жайларды қарастыра алады, мысалы, ол мүлікті берген немесе ақша төлеген кезден де басталуы мүмкін. Қозғалмайтын мүлікке меншік құқығындағы үлесті бөтен біреуге беруде келісімдерді тіркеу жөніндегі жалпы ереже қолданылады.

2.2. Ортақ бірлескен  меншік

1. Ортақ бірлескен меншік ортақ меншіктің бір түрі болып табылады, оған қатысушылар жалпы мүліктегі алдын ала айқындалмаған үлестеріне иелік етеді. Демек, үлестер, егер заңда өзгеше көзделмесе, тең деп танылады. Мұндай мүліктерді бөлу қатысушының бірі одан шыққанда немесе ортақ меншік тоқтатылғанда ғана жүзеге асады.

Заңда ортақ бірлескен меншіктің мынадай түрлері қаралған: 1) ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі; 2) шаруа қожалығының (фермер) ортақ меншігі; 3) жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ меншік.

Заңда жаңа құқықтық қатынастардын, пайда болуына орай ортақ бірлескен меншіктің аясы кеңеюі мүмкіндігі ескертілген (АК-тің 209-бабының 2-тармағы). Сонымен Азаматтық кодексте нақты қарастырылмаған, бірак ортақ бірлескен меншік ережелеріне дөп келетін ортақ бірлескен меншіктің өзге де түрлері кездесуі мүмкін.

Азаматтық кодекстің 219-бабы, 1-тармағында ортақ бірлескен меншіктің түрлері келтірілгенімен тараптардың оны басқа құқықтық тәртіпте ауыстыруға келісуіне болады (АК-тің 219-бабының 3-тармағы).

Бірлескен меншіктің қатысушылары, егер олардың арасындағы келісімде  өзгеше көзделмесе, ортақ меншікті бірлесіп иеленеді және пайдаланады. Мүлікке билік ету жөніндегі мәмілені қатысушылардың қайсысы жасағанына қарамастан бірлескен меншіктегі мүлікке билік ету барлык қатысушылардың қатысуы бойынша жүзеге асырылады. Мысалы, азамат дербес кәсіпкерлікті жүзеге асыру үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін пайдаланады, ал оның өзі жұбайлардың бірінің екіншісіне келісім беру аркылы жүзеге асады, әрине, егер заңда немесе келісімде, неке туралы шартта өзгеше көзделмесе ғана екендігі түсінікті ("Жеке кәсіпкерлік туралы" Заңның 5-бабының 1-тармағы).

Егер барлық қатысушылардьщ келісімінен  өзгеше туындамайтын болса, бірлескен  меншікке қатысушылардың әрқайсысы ортақ мүлікке билік ету жөнінде мәмілелер жасасуға құқылы. Бірлескен меншікке қатысушылардың біреуі ортақ мүлікке билік етуге байланысты жасаған мәміле басқа қатысушылардың талап етуімен мәміле жасаған қатысушыны қажетті өкілеттігі болмады деген себеппен мәміледегі екінші тарап бұл жөнінде білгені немесе көпе-көрінеу білуге тиіс болғандығы дәлелденген ретте ғана жарамсыз деп танылуы мүмкін. Нотариаттың куәландыруын немесе мемлекеттік тіркеуді керек ететін мәмілелер жасасу кезінде бірлескен мүлікке басқа қатысушылардың мәміле жасауға келісімі нотариалдық тәртіппен расталуға тиіс.

Егер Азаматтық кодексте немесе өзге де заң құжаттарында бірлескен меншіктің жекелеген түрлері үшін өзгеше белгіленбесе, жоғарыда келтірілген ережелер иелену, пайдалану және билік етуге қолданылады (АК-тің 220-бабының 4-тармағы).

Ортақ бірлескен меншікте үлес болмайды деп есептеледі, яғни ортақ меншіктің мұндай түрінде меншік иелерінің үлесі алдын ала айқындалмайды. Сондықтан да ортақ меншікті бірлескен меншікке қатысушылар арасында бөлу, сондай-ақ олардың біреуінің үлесін бөліп шығару қатысушылардың әрқайсысын ортақ мүлікке құқығындағы үлесі алдын ала анықталған жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Ортақ мүлікті бөлу және одан үлесті бөліп шығару кезінде, егер заң немесе қатысушылардың келісімінде өзгеше көзделмесе, олардың үлестері тең деп танылады. Ортақ мүлікті бөлу және одан үлесті бөліп шығару негіздерінің тәртібі меншік үлесі жөніндегі ережемен белгіленеді, ейткені заңмен бірлескен меншіктін жекелеген түрлері үшін өзгеше белгіленбеген және бірлескен меншікке қатысушылар қатынастарының мәнінен туындамайды.

2. Ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі ерекше мәртебеге ие. Азаматтық кодекстің 223-бабы, 1-тармағына сәйкес ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкі, егер бұл мүлік ерлі-зайыптылардың үлесті меншігі болатыны не олардың әрқайсысына тиесілі екені олардың арасындағы шартта көзделмесе, олардың бірлескен меншігі болып табылады.

Жұбайлардың бірлескен меншігі деп олардың некеде тұрған кезде жинаған мүліктерін айтамыз. Осы тұжырымнан шығатын қорытынды, егер жұбайлардың бірінің жекешелендірілген үйі болса, ал оған тіркелмеген екіншісі оны бірлесіп жинадық деп айта алмайды. Егер некеде тұрған кезде ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінің есебінен сол мүліктің құнын едәуір арттырған қаражат жұмсалғаны (күрделі жөндеу, қайта жаңғырту, қайта жабдыктау және т.б.) анықталса, ерлі-зайыптылардың әркайсысының мүлкі олардың бірлескен меншігі болып табылады.

Ерлі-зайыптылардың бірінің  міндеттемелері бойынша жаза өз меншігіндегі мүлікке ғана, сондай-ақ бұл мүлікті бөлісу кезінде ерлі-зайыптылардың біріне тиесілі болатын ортақ мүлкіндегі өз үлесіне ғана қолданылуы мүмкін (АК-тің 223-бабының 3-тармағы).

Жұбайлардың бірлескен  меншігіне жұбайлардың әрқайсысының еңбекпен немесе кәсіпкерлік қызметпен тапқан табыстары, сатып алған заттары, бағалы қағаздары, зейнетақылары, жәрдемақылары және т.б. жатады. Жұбайлардың бірлескен меншігіне екеуі бірге тұрған кезде біреуі бала бағып, не басқалай дәлелді себеппен табыс таба алмаса, ол екіншісінің табысына ортақтасады.

Ерлі-зайыптыларға некеде тұрғанға дейін тиесілі болған, сондай-ақ олардың некеде тұрған кезінде сыйға тартылған немесе мұрагерлік тәртіппен алған мүлкі олардың әрқайсысының меншігі болып табылады.

Қымбат бағалы және басқа  өсемдік заттарын қоспағанда жеке шйдаланудағы заттар (киім-кешек, аяқ киім және т.б.) некеде тұрған кезінде ерлі-зайыптылардың ортақ қаражатына сатып алынғанымен, оларды пайдаланған жұбайдың меншігі деп танылады.

Жұбайлар ортақ бірлескен  меншікке иелену, пайдалану және билік  ету құқықтарын тең дәрежеде иеленеді. Бұл құқықтарды жүзеге асыру үшін біріншісінің екіншісінен арнайы рұқсат сұрауы міндетті емес, қатысушылардың бірі өз мүлкіне келісім жасау үшін мүлкіне билік ете береді. Бірақ та қозғалмайтын мүлік және басқа мүліктерге байланысты біріншісі екіншісінен алдын ала келісімін алу керек.

Балалар ата-анасының мүлкіне иелік жасай алмайды. Алайда олар ата-аналарымен бірлесіп ортақ меншікті иелене алады. Мұның өзі ортақ қаржы және еңбек жұмсау нәтижесінде және заңда көрсетілген ретте жүзеге асады. Мұндай жағдайда бұл ортақ бірлескен меншік болып табылады.

3. Шаруа (фермер) қожалыгының ортақ меншігінің құқықтық ерекшеліктері. Шаруа (фермер) қожалығы дегеніміз бір шаңырақта бірлесіп еңбек етіп, ауыл шаруашылығына арналған жерді игеріп, одан өнім алуға, өңдеуге, пайдалануға байланысты іс-қимыл әрекеті болып табылады.

Шаруа (фермер) қожалығы мынадай нысандарда болуы мүмкін: 1) кәсіпкерлік қызмет бірлескен ортақ меншік базасына негізделген отбасылық кәсіпкерлік нысанында жүзеге асырылатын шаруа қожалығы; 2) өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделген фермерлік қожалығы; 3) бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негізінде, жалпы үлестік меншік базасывда жай серіктестік нысанында ұйымдастырылған (фермер) қожалығы ("Шаруа (фермер) қожалығы туралы" Заңның 1-бабы).

Шаруа қожалығына отбасының барлық мүшелері, оның ішінде кәмелетке жасы толмаған балалары (сондай-ақ асырап алған ұл-қыздары), ата-аналары және шаруашылықты бірге жүргізетін жақын туыстары мүше бола алады.

Заңда бірлескен шаруашылық меншігі құқықтарының объектілері де анықталған. Оған өндіріс құрал-жабдыктары, жер учаскесі, егін, шаруашылық және басқа құрылыстар, өнім беретін және көлікке пайдаланатын малдар, мелиоративтік құрылыстар, құстар, ауылшаруашылығына арналған және басқа техникалар, көлік құралдары, басқа да керек-жарақтар жатады, оның бәрі де шаруа қожалығы мүшелерінің шаруашылық жүргізу үшін жалпы қаржы есебінен құралады.

Шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің жалпы мүлкіне сондай-ақ жемісті, өнім мен табысты жатқызуға болады. Шаруашылық жүргізудің нәтижесінен алынған ол шаруа (фермер) қожалығының ортақ бірлескен немесе ортақ үлесті мүлкі болып табылады. Бұл мүліктерді иелену, пайдалану шаруашылық мүшелері арасындағы келісім бойьшша жүзеге асады. Бірақ оның жұбайлардың бірлескен меншігінен айырмашылығы, шаруа (фермер) қожалығында шаруашылықты жүргізетін басшысы сайланады, ол жасы 18-ге толған кез келген азамат болуы керек. Шаруа қожалығының басшысы ұйымдармен, азаматтармен, мемлекетпен байланысты қожалықтың мүддесін бүлдіреді және заң тыйым салмайтын азаматтық-құқыктық келісімдерді жүзеге асырады.

Шаруа қожалықтарының мүшелерінде ортақ бірлескен меншіктен басқа жұбайлардың бірлескен меншігі және шаруашылық мүшелерінің өзінің құқықтық тәртібіне бағынатын бөлек меншігі бола алады.

4. Азаматтық кодекстің  227-бабына сәйкес ортақ бірлескен меншіктің тұрғын үйдің жекешелендірілген тұргын үйге байланысты жаңа түрі пайда болды. Тұрғын үй және тұрғын үй кооперативтерінде жұбайлардың, отбасы мүшелерінің ортаға салған қаржы есебінен алған пәтерге ортақ меншік болады ("Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңның 58-бабы).

Информация о работе Кылмыстык кукык