Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 21:53, курсовая работа
Заңгерлік мамандықты таңдап алған біздер үшін бұл міндет аса қомақты да күрделі. Біздің таңдап алған тақырыбымыз азаматтық құқықтық қатынастардың негізгісі деуге де болады. Себебі қазіргі нарық заманында меншік құқығының ауқымы кеңіп, оның сан алуан түрлілігі қоғамымыздың дамуына оң ықпал етіп отыр. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардың бастапқы кезеңінде жекешелендірудің белең алғанын соның негізінде меншік түрлері көбейді. Қазақстан қазіргі кезде әлемдік нарықтық қатынастарға белсене араласатын тәуелсіз мемлекет болғандықтан халықаралық қатынастарды реттейтін заңнамалар мен актілерді бекітуде.
КІРІСПЕ...................................................................................................... 3
I.ОРТАҚ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ
1.1.Ортақ меншік ұғымы............................................................................ 5
1.2.Ортақ меншіктің түрлері.......................................................................7
II.ОРТАҚ МЕНШІКТІҢ ЖЕКЕЛЕНГЕН ТҮРЛЕРІ
2.1.Ортақ үлестік меншік............................................................................ 9
2.2.Ортақ бірлескен меншік........................................................................13
2.3.Ортақ меншік құқығын тоқтату............................................................22
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................26
ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...................................................27
Ортақ бірлескен меншіктің мұндай түрі Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" және басқа құжаттармен реттеледі3.
Мемлекеттік тұрғын үй қорының жайларында тұратын азаматтарды қалауы бойынша тұрғын жай жекешелендірілген соң оның ортақ бірлескен меншікке көшетіндігін заң қарастырған.
Сол үйде тұратын жұбайлар мен олардың балалары меншік иесі болып табылады. Жұбайлардың ата-аналары, сондай-ақ балалары меншік иесімен бірге тұрған жағдайда олардың меншік иесімен арадағы келісім арқылы танылуы мүмкін.
Үй иесінің отбасы мүшесі айрықша жағдайларда басқа адам да бола алады, бірақ ол меншік иесімен бірге тұрып, ортақ шаруашылықты бірлесе жүргізуі тиіс. Еңбекке жарамсыз азаматтар меншік иесімен тұрақты бірге тұрса, онда ол меншік иесі отбасының мүшесі болып есептеледі (Заңның 21-бабы).
1 Қазақ КСР Министрлер
Кеңесі мен Қазақ кеңес
Кәмелетке жасы толмаған отбасы мүшесінің меншік құқығы ата-аналары үйді жекешелендіру жөніндегі шартты жасау нәтижесінде бұзылатын болса, онда оның мүддесіне ынталы ата-анасы немесе басқа адамдар тұрғын үйді жекешелендіру жөніндегі органға кәмелетке толмаған отбасы мүшесін шартқа қосуды сұрайды, немесе осындай талап-арызбен сотқа жүгінеді.
Азаматтық кодекстің 188-бабына сәйкес жекешелендірілген тұрғын жайдың меншік иесі болған азаматтар оны өз қалауынша иеленіп, пайдаланады және билік етеді. Бірақ бұл орайда басқа адамдар мен мемлекеттің заңды мүддесі бұзылмауға тиіс. Егер меншік иелері арасында иелену, пайдалану және билік етуге қатысты дау-дамай туып жатса, онда қатысушының кез келгені сотқа арыздана алады.
Тұрғын үйді жекешелендіру тәртібі бойынша сатып алынған соң ол осы үйде тұратын азаматтардың ортақ меншігіне айналады. Ал оны қатысушылар арасында бөліске салу бұл үйдің меншік иесі тағайындалғаннан кейін мүмкін болады (ҚР-сы Жоғарғы Сотыныңн "Азаматтардың тұрғын үйін жекешелендіру бойынша заңдарды қолдану тәжірибесі туралы" Пленумының қаулысы, 9-бап).
Егер үйдің меншік иесінің бірі өз үлесін сатқысы келсе, Азаматтық кодекстің 216-бабына сәйкес қалған меншік иелері өздерінің сатып алудың басым құқығынан бас тартады немесе бұл құқықты мерзімі өткенше жүзеге асырмай тұра тұрады.
5. Жай серіктестіктің ортақ меншігі. Кәсіпкерлік кызмет кезінде ортақ меншік өзіндік құқықтық ерекшеліктерге ие болады. Азаматтар, заңды тұлғалар заңды тұлға болмай-ақ бірлескен қызмет туралы шарт жасасады. Сөйтіп бірлескен меншікті пайдаланады. Демек, жай серіктестік бірлескен шаруашылық қызметі туралы шарт негізінде құрылады екен. Бірлескен қызмет туралы шарт (жай серіктестік шарты) бойынша тараптар ортақ шаруашылық мақсатқа жету үшін бірлесіп әрекет жасауға міндеттенеді4.
Шартқа қатысушылардың ақшалай немесе өзге де мүліктік жарналары, сондай-ақ олардың бірлескен қызметі нәтижесінде жасалған немесе сатып алынған мүлік олардың ортақ үлесті меншігі болып табылады (АК-тің 230-бабының 2-тармағы). Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың ортақ істерін жүргізу олардың жалпы келісімі бойынша жүзеге асады. Өзара келісім бойынша олар бірлескен кызметке басшылық етуді және ортақ істерді жүргізуді қатысушылардың біреуіне тапсыра алады, ал ол қатысушы бұл орайда шартқа өзге қатысушылар берген сенімхат негізінде әрекет етеді. Бірлескен қызметке жиналған мүлік әр қатысушының жеке балансында болады, ол өз кезегінде ортақ істі шартқа сәйкес жүргізеді. Бірлескен қызмет жөніндегі шартты орындауға байланысты операциялар өз алдына есепке алынып, қаржы есептерінің нәтижелері шығарылады. Ортақ істі жүргізетін қатысушы шартқа басқа қатысушыларды жасалып жатқан істің нәтижесімен, салық және басқа құжаттардың орындалуын хабарлап, ұсынады.
Бірлескен қызметтің нәтижесінде болған шығындар мен тапқан табысты бөлу шарт негізінде жүзеге асырылады.
Егер шартта мұндай тәртіп кезделмесе, ортақ шығындар мен залалдар шартқа қатысушылардың ортақ мүлкі есебінен жабылады, ал жетпей жатқан сомалар олардың арасында осы мүліктегі үлестеріне қарай бөліп салынады (АК-тің 231-бабы).
Азаматтық кодекс шартқа қатысушылардың мүлкіне ортақ үлесті меншік туралы нормаларды қарастырған (АК-тің 231-бабының 4-тармағы). Бұл меншікке катысушы басқа қатысушылардың келісімінсіз ортақ мүліктегі үлесіне билік етуге құқығы жок, бұл орайда ол тек ортақ қазанға түсіп, өзіне бөлінгеніне ғана билік ете алады. Жай серіктестікке қатысу құқығын өзгеге беру басқа қатысушылардың келісімімен ғана болады.
Бірлескен қызмет туралы шартқа жай серіктестік шартына қатысушы өз қалауы бойынша бірлескен қызметке қатысудан бас тартуға құқылы.
Бірлескен қызметке катысушылардың қайсы біреуінің қатысудан бас тартуы салдарынан келтірілген залалдар, егер бірлескен қызмет туралы шартта өзгеше көзделмесе, толық көлемде өндіріліп алынады (АК-тің 232-бабы).
6. Ортақ, бірлескен меншікті құрудың басқа да жағдайлары. Жоғарыда айтып өткеніміздей, Азаматтық кодексте ортақ бірлескен меншіктің басқа да түрлері болатыны айтылған
(АК-тің 219-бабының 2-тармағы). Соның бірі жай серіктестіктің түріне жататын — консорциум.
Консорциум — бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негізінде заңды тұлғалар нақты шаруашылық міндеттерін шешу үшін белгілі бір ресурстарды біріктіріп, күш-жігерді үйлестіретін ерікті түрдегі тең құқықты уақытша одақ (бірлестік) (АК-тің 233-бабы).
Консорциумға қатысушылар өздерінің шаруашылық дербестігін сақтап қалады және басқа консорциумдардың, қауымдастықтардың қызметіне қатыса алады.
Консорциумға қатысушылар арасындағы қатынастар шарт негізінде құрылады. Консорциумды басқару консорциумға қатысушылардың консорциалдық келісіміне сәйкес жүзеге асырылады. Консорциумға қатысушылар, консорциалдық келісімінде өзгеше, консорциум қызметіне байланысты міндетгемелер бойынша ортақ жауапты болады.
Консорциум өз қызметін, алдына қойған міңдеттерін орындағаннан кейін немесе оған қатысушылардың шешімі бойынша тоқтатылады.
1. Меншік құқығын тоқтатудың жалпы негіздерінен басқа ортақ меншік құқығын тоқтату да бар, бұл жеке қатысушы үшін оның үлесін ортақ меншіктен бөлу арқылы жүзеге асады.
Ортақ меншікті бөлу және қатысушылардың талабы бойынша одан үлестерін бөліп шығару қатысушылардың келісімі арқылы жүргізіледі, ал ол мүмкін болмаған жағдайда мәселе сот арқылы шешіледі.
Ортақ үлесті меншікті бөлу және қатысушылардың талабы бойынша одан үлесті бөліп шығару шарттын тұжырымдамаларына сәйкес болады.
Ортақ меншікті бөлу кезінде барлық қатысушылардың құқығы тоқтатылады, ал әлдекімге үлесті бөліп шығару үшін ортақ меншіктен оның үлесі ғана бөлінеді.
Әрбір қатысушы өзінің үлесін ортақ мүліктен бөліп беруді талап ете алады. Мүліктегі үлесті бөліп беру, жоғарыда айтып өткеніміздей, барлық меншік иелерінің келісімімен шешіледі.
Үлесті меншікке қатысушылар ортақ мүлікті бөлу немесе біреуінің үлесін шығарудың әдістері мен шарттары жөнінде келісімге келе алмаған жағдайда үлесті меншікке катысушы ортақ мүліктен өз үлесін заттай бөліп беруді талап етуге құқылы.
Егер үлесті заттай бөліп
беруге заң құжаттарында жол берілмесе
немесе ол ортақ меншіктегі мүлікке
шамадан тыс залал
2. Ортақ меншікті бөлу немесе одан үлесті бөліп шығару үшін әрбір қатысушының мүлікті ортақ пайдалану құқығындағы үлесін алдын ала анықтап алу керек. Ал бөлудің негізі мен тәртібі бірлескен қызметтің жекелеген түріне әртүрлі келеді.
Жұбайлардың бірлескен қызметі нәтижесінде ортақ меншікке айналған мүлік неке бұзылған кезде бөлінеді, жұбайлардың бірінің міндеттемелігі бойынша немесе жасалған қылмысқа байланысты залалдың орнын толтыру керек болғанда жұбайлардың бірі екіншісіне неке бұзылғанына қарамастан өз үлесін алуға талап қоя алады. Ортақ меншіктеріндегі мүлікті бөлу үшін жұбайлар сотқа жүгінеді, сот өз кезегінде қандай мүлік кімге тиесілі екендігін шешеді.
Егер жұбайлардың біріне бөлінген заттын құны оған тиесілі үлестен асып түссе, онда екіншісі одан етем алады. Ерлі-зайыптылар біреуінің атынан несие беретін немесе басқа ұйымдарға ақша салып, ол екеуінің меншігі болып табылса, онда салынған ақшаны, капиталдағы үлесін алуды талап ете алады. Балаларға алынған заттар балалар бірге қалатын жұбайдың біріне ешқандай өтем ақысыз беріледі. Мұндай ереже жұбайлардың ортақ бірлескен меншігіндегі олардың бірінің мүлікке міндеттемелігі бойынша тиесілі үлесін алып қалуға деген әрекетіне де қолданылады. Алайда жұбайлардың жалпы міндеттемелігі мен қарызы бойынша бірдей жауапты болады. Егер қылмыстық іс бойынша сот шешімімен олардың ортақ меншігіндегі мүліктер қылмыстық жолмен табылса, оны олар бірігіп пайдаланса, екеуі де жауап береді (ҚР-сы Жоғарғы Соты Пленумының 1990 жылғы 19 наурыздағы "Республика соттарының орындалуының барысы туралы" қаулысы; КСРО Жоғарғы Сотының Пленумының 1979 жылғы 23 наурыздағы "Қылмыстың салдарынан болған материалдық залалды қалпына келтіру туралы заңдарды соттардың қоддану тәжірибесі туралы", № 1 қаулысы. Аталған құжатқа 1984 жылы 26 сәуірде Пленум қаулысымен толықтырулар енгізілді, № 7).1
Шаруа қожалығының барлық
мүшелерінің шығып кетуіне
Шаруа (фермер) кожалығы мүшелерінің бірі одан шыққан кезде, шаруашылықтың өндіріс құрал-жабдықтары бөлінуге жатпайды. Қожалықтан шыққан адамның бұл мүлікке ортақ меншіктегі өз үлесіне сәйкес ақшалай өтем алуға құқығы бар.
Бірлескен меншік құқығындағы шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің, егер олардың арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, қожалық мүлкіне үлестері тең деп танылады (АК-тің 225-бабы).
Егер қожалықтың қызметін жалғастырғысы келетін бірде бір қожалық мүшесі, мұрагер немесе басқа адам қалмаса, сондай-ақ банкрот болған және жер пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайларда шаруа (фермер) қожалығының қызметі тоқтатылады ("Шаруа (фермер) қожалығы туралы" Заңның 20-бабы). Бірақ мұндай жағдай жер учаскесі "Жер туралы" Заңның негізінде бөлінеді. Шаруашылық мүшелері қолда бар мүлік негізінде серіктестік немесе кооператив құра алады. Қайта құрылған мұндай шаруа (фермер) қожалығының заңды тұлға ретінде фермер қожалығының мүшелері өзіне салымдар және басқа жарналар түрінде берген мүліктің, сондай-ақ оның қызметі нәтижесінде алынған және заңдарға қайшы келмейтін өзге де негіздер бойынша сатып алынған мүліктің меншік құқығына ие болады.
Шаруа (фермер) қожалығының серіктестікке қатысушылары немесе кооператив мүшелері болып табылатын мүшелері салымдарының мөлшері Азаматтық кодекстің 225-бабының 3-тармағында көзделген тәртіп бойынша белгіленетін шаруа (фермер) қожалығының мүлкіне ортақ меншік құқығындағы өз үлестерін негізге ала отырып белгіленеді (АК-тің 226-бабы).
Жеке пәтер күйіндегі жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ бірлескен меншікке қатысушы өзінің үлесін бөліп беруді сұраған жағдайда оған есігі бөлек жеке бөлмені бөліп береді. Ол оны қосалқы тұрғын-жайды бірлесіп пайдалану құқығына ие болады (Азаматтардың тұрғын үй-жайды жекешелендіру бойынша заңды қолдану тәжірибесі туралы" ҚР-сы Жоғарғы Сотының Пленумының қаулысы, 17-тармақ).
Қазақстан Рсепубликасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 29-бабына сәйкес күштеп (меншік иесінің еркінен тыс) тұрғын үйге меншік құқығын тоқтатуға жол берілмейді. Бірақ Азаматтық кодексте қаралған жағдайларға орай, яғни тұрғын үйдің тұрған жері мемлекетке керек болса немесе реквизицияланса, тәркіленсе заңда қаралған ретте жер учаскесі алынады, оны иесінен сатып алу да мүмкін.
Сот тұрғын үйге ортақ бірлескен құқықты тоқтату жөніндегі нақты істі қараған кезде өз үлесін сұраған меншікке қатысушыға қалғандарын ақшалай өтемақы төлетуді немесе заттай беруді міндеттейді, ал төлем тек меншік иесінің келісімі бойынша жүзеге асады.
Азаматтық кодекстің 218-бабына сәйкес ортақ мүлікті бөлу ісін жүргізудің не одан үлесті бөліп шығарудың тиімсіздігі айқын болған жағдайда, сот мүлікті жария саудаға салып сатып, кейін одан түскен соманы ортақ меншікке қатысушылар арасында олардың үлестеріне сәйкес бөліп беру туралы шешім шығаруға құқылы.