Сақтау шартының жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2011 в 10:45, контрольная работа

Описание

Сақтау шарты қоғам және шаруашылық өмірінің көптеген аумағында қолданылатын кең ауқымды құжаттар тобының бірі болып табылады. Қазіргі кезде, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің көбейген кезінде, шарттық қатынастың ерекше дамуы орын алды. Сондықтан да шарттың жасалуы мен рәсімделу ережелерін ұғынуға көп көңіл бөлу керек.

Работа состоит из  1 файл

сактау курсовая.doc

— 128.00 Кб (Скачать документ)

     Барлық  жағдайларда сақтаушы затты сақтауға берген үшінші тұлғаның іс-әрекеті  ұшін жауап береді.

     Зат сақтаушымен жүк берушіге сақтауға қабылданған күйінде қайтарылуы тиіс. Заттардың табиғи бұзылуы не табиғи кемуін ғана ескеруге жол береді.

     Сақтаушы  өзіне сыйақы төлеуді, егер ол шартпен, заңнамамен кезделсе не оны төлеу  міндеті  міндеттеме мәнісінен туындайтын болса, талап етуге құқылы. Бұған  қоса сақтаушы (барлық жағдайларда) сақтау шығынндарын және сонымен байланысты көптеген өзге де қажетті шығындарды өтеуді талап  етуге құқылы.

     Сақтаушының құқықтары мен міндеттері  бойынша  консенсуалды сақтау шартының (онда сақтаушы кәсшкерлік қызмет субъектісі болып  табылады) реалды шарттан айырмашылығы сақтаушының затты сақтауға шарт талаптарына сәйкес қабылдауға міндеті  болатындығында. Бұл міндет қабылдануға жататын заттардын мөлшерін, олар кабылдануға тек мерзімдерді, сондай-ақ заттарды сақтауға қабылдау кезінде сақтаушымен жасалынуға тиіс әрекеттерді көрсетумен нақтылана алады.

       Косенсуалды сақтау шарты бойынша  сақтаушыға затты сақтаута қабылдау  бойынша міндет жүктеледі, 6ipaқ  егер жүк 6epyші  шарттан оны  орындаудан бұрын бас тартса  затты өзге сақтауға беруді  талап ету құқығына ие болмайды.

     Жоғарыда 6iз консенсуалды сақтау шарты бойынша сақтаушынын мүдделерін  ескеру туралы ескерткен болатынбыз. Ол. етер заң  актілерінен немесе шартпен өзгеше көзделмесе, сақтаушының  мұндай жағдайларда жүк берушіден жүзеге аспай қалған сақтауға байланысты келтірілген шығындарды өтеу туралы талап ету құқығына ие болатындығымен сипатталады.

         Егер жүк беруші сақтаушының  қызметтерінен бас тартатындығы  туралы қисынды мерзімде мәлімдесе,  затты сақтауға бермегені   үшін жауапкешіліктен босатылатын  болады. Қисынды мерзім деп сақтаушы өзіне төніп тұрған шығындардың алдын алу үшін тиісті  шаралар колдануға жеткілікі уақыт кезеңін түсінеміз. Тәжірибеде мұндай қисынды мерзімді анықтау сөзсіз елеулі қиындықтар тудырады.

        Зат дер кезінде сақтауға берілген  кезде, сақтаушы затты қабылдаудан бас тарту құқығына ие болады. Затты сақтауға берудің  нақты мерзімі  анықталмағанда, сақтаушы шартты бекіту сәтінен бастап отыз тәулік өткеннен кейін затты сақтауға қабылдаудан бас тарта алады.

        Сақтауды өзініц кәсіпкерлік   қызметіне орай жүзеге асыратын сақтаушы егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, техникалық мүмкіндіктер бола тұра затты сақтауға қабылдаудан бас тартуға құқылы емес.

        Иесіздендіріп немесе басқаша қалыпсыз сақтау (латынның depositum   irregulare  деген  сөзінен   пайда   болып,   әдеттен  тыс,қалыпты емес жүк дегенді білдіреді) да шарт мазмұнының өзгеруіне әсер етеді. Жеке анықталған заттарды сақтау кезінде сақтаушы оларды кез келген уақытта қалған заттардан бөліп ала алатындай және жүк берушіге дәл соларды ғана қайтара алатындай етіп ұстауға тиіс. Иесіздендіріп сақтау кезінде сақтауға алынған заттар басқа жүк берушілердің сол тектес және сапасы сондай заттарымен араласып кетуі мүмкін. Жүк берушіге заттар сол тектес және сапасы сондай тең мөлшерінде қайтарымды. Иесіздендіріп сақтау кезінде сақтаушыда берілген заттарға меншік құқығы пайда болады, соның салдарынан иесіздендірілген кездейсоқ жойылу немесе бүліну қаупі сақтаушыға жүктеледі. Егер кездейсоқ жойылуға барлық сақталынып жатқан заттар шалдықса басқаша болады.

          Заттарды иесіздендіріп сақтау кезінде. егер бұл заң  актілерінде немесе тараптардың келісімінде белгіленсе, заттар осы тектес және сапасы сондай заттардан оқшау ұсталуға тиіс (ҚР АК 771-баптың 2-т). Біртектес заттарды сақтаудың осындай шартының тәжірибелік маңызы, біздің ойымызша, оның  мәнісіц бойынша жеке аныкқалған заттарды сақтау шартына айнала-тындығында (заңда ол иесіздендіріп сақтау шарты ретінде анықталса да).

          Мұндай шартты жасасу белгілі  6ip дәрежеде сақтаушының қayin көтеру  дәрежесін азайтады. Жүк 6epyші үшін оның ұйымдылығы мынада: сапасын жеке өзi тексеріп берген біртектес заттар басқа тектес заттармен араласпайтын болады жене қайтару кезінде бүлінген заттарды (мысалы, астықты, құрылыс қоспалары, қантты, ұнды және т.с.с.) беру қаупі болмайды. Сонымен қатар, жүк беруші  өзіне сақталуға берілген заттарды бірінші талап ету бойынша ic жүзінде қайтару мүмкіндігін қамтамасыз етеді, ал иесіздендірілген заттар басқа жүк берутшлер алдында міндеттемеі атқаруүушін беріліп қойылуы мүмкін және осындай заттарды белгілі 6ip жүк берушіге қайтару үшін талап ету сәтінде олар жеткіліксіз болып қалуы мүмкін.

     Жүк беруші, қалыптасқан тәжірибе мен  доктриналық көзқарастарға сәйкес мүліктің қасиеттер  мен оны сақтау ерекшеліктері  туралы сақтаушыны ескертуге  міндетті. Өкінішке орай, бұл міндет Азаматтық кодекс нормаларымен тікелей көзделмеген, алайда ол сонда да талап етілмейді. Біз бұл  заңнамамызда

     белгілі 6ip қиғаштық байқалады. Кейбір шарттық  институттар тым толығырақ нақтыланса, басқалары, Kepiciнше, нормативтік бекітілуде жеткіліксіздікке  ұшырасуда.

     Жүктің  қасиеттер туралы жүк беруппнің  хабарлау міндетті жанама түрде Азаматтык  кодекстің 779 және 782-баптарынан байқалады. Жалпы осы міндеттің мәнісі неде екенін нақтылауға талпынып көрейік. Тұрмыстық  сақтауға кәдімгі заттарды (үй тұрмысьндағы заттары) тапсыратын жүк беруші олардьң өздеріне тән қасеттері туралы сақтаушыны ескертпеуі де мүмкін.

     Алайда, затты сақтау бойынша талаптарды олардьң сақтаушыға потенциалды  түрде белгісіз болатындары пайда  болса, жүк беруші олар туралы хабарлауға тиіс. Бұл тәжірибеде сақтаудың; мұндай шарттары сирек бекітілетіндігімен байланысты және әдетте, тұрмыстық сақтаушыдан, өз  заттарына қатысты қандай жігері танытса, сондай жігер (шаруашылық сақтық) талап етіледі. Егер оның шаруашылығында, тиісті) талап күтімді, сақтауға берілген сияқты дәл сондай зат болмай қалса, онда сақтаушы заттың сақталмағандығы үшін кінәлі деп те танылмайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

           2. САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ 

         Сақтау шарты бойынша бір тарап  (сақтаушы) оған екінші тараптың (жүк берушінің) берген затын сақтауға жоне бұл затгт сақталған күйінде қайтаруға міндеттенеді (ҚР АК 768-6. І-і.).

       Сақтау мәселесін баяндайтын  бірқатар теориялық зерттеулерде  атап өтілгендей сақтау қызмет  көрсетудің ерекше түрі, соның  ішінде қызмет көрсетулердің ішінде азаматтық-құқықтық міндеттемелер арқылы қамтамасыз етіле алатын кең таралған түрлерінің бірі болып табылады.

        Қазіргі қоғамда сақтау бойынша  қатынастардың кеңінен таралуын  толық түсінуге болады. Азамат  өз үйінен шығып, қоғамдық орындарға барғанда-ақ заттарды сақтаута беру қажеттілігі жиі туындайды. Мұндай жағдайларда азамат үшін шарт еркіндігі, біз бұған мән бермесек те, елеулі түрде шектеледі. Білім беру, дәрігерлік, өзге де мекемелерде, ұйымдарда, театрлар мен т.б. жерлерде сырт иімлі гардеробқа өткізу талабы белгіленуі мүмкін. Дүкендерде (сауда кәсіпорындарда) сөмкелерді, қол сандықтарды,  кейстер   мем  өзге  де   ұқсас  заттарды  сақтауға  өткізуді талап ете алады.

       Жалпы пайдаланыстағы орындарда  (базаларда) саудамен айналысатын кәсіпкерлер базарларға тиесілі үй-жайларда сақтау қызметін пайдалана алады. Жалпы кіші кәсіпкерлік субъектілеріне (сауда фирмаларына) өз тауарларының сақталуын қамтамасыз ету үшін сақтаумен кәсіби түрде айналысатын субъек-тілердің қызметтерін пайдалану тиімдірек болып табылуы мүмкін. Бұл аталған кәсіпкерлерге қайта үй жайларының құрылысына (оларды сатып алуға) оларды жалға алуға, күзетуге, сондай-ақ қойма жабдықтарын сатып алуға қомақты соманы жіберугс мәжбүр болғанның орнына өзінің айналым қаражаттарын жұмсамауға мүмкіндік береді.

     Сақтау   қажеттілігі   заңдардың   талаптарына   сәйкес   туындайтын жағдайлар  да орын алады. Мысалы, арестке алынған  мүлікті, мұраға қалдырылған мүлікті, кеден қоймаларындағы мү лікті және т.б. сақтау жүзеге асырылады.

     Заттардың белгілі бір түрлері тек тиісті жағдайлары бар, заттардың сақталуын  қамтамасыз ете алатын (соның ішінде ұрылардан   сақтай  алатын),  оларды   беру  мсн   сақтауға  қабылдауда  тиісті режимін қамтамасыз ететін сақтаушылармен ғана сақтала  алады. Әрине, мұндай жағдайларда да заттарды сақтауға беру қажеттілігі туындайтын болады.

         Яғни, сақтау бойынша міндеттеменің  туындауы әртүрлі себептермен  жетеленуі мүмкін және ол тек  сақтау шартына ғана байланысты  туындамайды. Алайда сақтау шарты  басқа да барлық жағдайларда осындай міндеттеменің туындауының негізі болып табылады. Сақтаушы тұлға мен заттарды сақтауға берген тұлғаның құқықтары мен міндеттері шартқа сәйкес сақтау туралы ерсжелермсн анықталатын болады. Қазіргі жағдайларда мүлікті сақтау бойынша міндеттердің тұлғаға оның еркінен тыс жүктелуі, сирек кездесетін жағдайларды қоспағанда, мүмкін емес екенін атап өткен жөн. Сондықтан біз мұны қаласақ та, қаламасақ та сақтау шартының құрылымына жүгінуге мәжбүр боламыз.

     Сақтау  қолданылатын аялар сақтаудың жекелеген түрлерін сондай-ақ, сақтау қатынастарын реттейтін заңнама актілерін қарастыру (атап өту) кезінде тағы бір рет сипатталатын (нақтырақ) болады

     Пост  кеңестікте сақтау институтының қазіргі  жай күйіндегі мәселелерін жан-жақты  баяндаған аз ғана авторлардың бірі — М.И.Брагинский. Оның сақтау қамтамасыз етілетін мүмкін болатын зандық құрылымдарды талдауы назар аударуға тұрарлық-ай (біз осындай құрылымның негізі болып тікелей сақтау шарты табылатындығын атап өттік).

     Аталған автор сақтау бойынша қатынастардың төрт негізгі құрылымын ажыратады. Біріншісі ретінде, біз айтқандай, шарт үлгісі аталады. Ол бүтіндей және толығымен заңды анықтама аясына сай келеді. Бұл құрылымға деген қажеттілік немесе мұқтаждық сақтау қызметі дербес сипатқа ие болғанда туындайды.

     Сақтау бойынша міндеттеме басқа түрдегі шарттар мазмұнына кіретін жағдайлар туындауы мүмкін. Бұл объективті де субъективті де факторлармен түсіндірілуі мүмкін.

     Осылайша  сақтау жөніндегі міндеттемелердің қалған құрылымдары, олардың басқа  шарттардың мазмұнына кіруіне иегізделеді.

     Бұл жағдайларда да сақтау бойынша қатынастардың  қалған үш құрылымын ажыратып алуға  мүмкіндік беретін вариациялар  мүмкін болады.

     Екінші  кұрылым болып сақтау бойынша  міндеттеменің бір тұтас бөлігі   шартқа   енуі  табылады.   Сонымен   бірге   мұндай шарт сақтаусыз әрекет ету мүмкіндігіне ие болмауға тиіс. Мұндай шарттың мысалына тасымалдау шарты жатады. М.И.Брагинский Г.Ф.Шершеневичке  сілтеме жасайды. (Шершеневич  Г.Ф. Курс торгового права. I. II. С-Петербург, 1908. 240-6.). Г.Ф.Шершеневич тасымалдау шартына мынадай төрт элеметті ажыратқан: жеке жалға алу; мүлікті жалға алу; тапсырыс және жүк.  Осы элемент  (сақтау) тек тасымалдау шартында ғана емес, сондай-ақ басқа да күрделі шарттарда, соның ішінде кепіл, коснигнация  (тауарларды сатуға беру туралы шарт) шартында, почта байланысының қызметтерін  көрсетүу кезінде және т.б. бар.

        Сақтау  күрделі емес, аралас шарттың  да құрамына енуі екі құрылымды  мүмкін етеді.

         Бірінші құрылым (яғни жалпы  тізім бойынша үшінші) кезінде сақтау шарттағы тараптың негізгі міндеттемесіне қызмет көрсетеді. Яғни оның  өзі қосымша болып табылады. Оны ашатын мысалдарға бірнешеуін келтіруге болады. Мәселен, сақтау бойынша  қосымша міндеттеме тараптардың келісмімен көлік экспедициясы, мердігелік комиссия, тапсырыс шарттарында көзделуі мүмкін.

            Төртінші құрылым сақтау бойынша  міндеттеменің  басқа міндеттемелерімен  қатар орын алуын ( басымды  немесе кем дегенде теңдей  тәртіпте)' көздейтін болады. Сақтаушы  өзіне экспедициялық қызмет көрсету юойынша, жүк беруші пайдасына қосымша мердігерлік жұмыстар атқару және т.б міндеттерді қабылдауы мүмкін.

          Сол бір немесе өзге  құрылымды  колдану, сақтау бойынша қызмет  көрсететін субьект пен оның  несие берушісі қатынастарының  тәжірибелік мәселелерін шешуге әрине ықпал етеді. Алайда, біздің  ойымызша , сақтау жөніндегі жалпы, негізгі ережелердің де маңызын кемсітпеген жөн.

         Елеулі айырмашылық сақтаудың  күрделі шартқа енуі мен сақтаудың  аралас  шартқа енуі арасында  айқын көрініс табады. Бірақ, жоғарыда айтылғанды ескере отырып, М. И. Брагинскйидің "сақтау шарттың басқа элементтерімен қосылып кететін күрделі шартқа қарағанда оған белгіленген  біртұтас құқықтық режимге бағынады... аралас кезінде АК 412-бабы күшіне енеді" деген біржақты пікірі дұрыста емес деген ойдамыз. Мүмкін, күрделі шарт қатынастарын тікелей реттейтін нормалар әрекетінің басымдығы және сақтау туралы нормаларды қолдану мүмкіндігі туралы айтқан жөн болар. Әйтпегенде, күрделі шарттар аясында "жүк элементін" (сақтауды) бөліп көрсету мәнісінен айрылады. Бұған қоса, заңнаманы осылай талқылау арқылы біз бірқатар ұқсас жағдайларда заңнаманы осылай талқылау арқылы біз бірқатар ұқсас жағдайларда сақтау туралы  нормалардың  жалпы (бағыттаушы) маңызын елеулі түрде төмендетіп аламыз.Сақтаушылар және жүк берушілер  деп тікелей аталмаған субьектілердің құқықтары мен міндеттерін анықтауда айтарлықтай қиыншылықтар туындайды, алайда олардың іс жүзіндегі жағдайы сақтаушы мен жүк берушінің  жағдайы сияқты  болып табылады немесе оған жақынырақ болады.

Информация о работе Сақтау шартының жалпы сипаттамасы