Сақтау шартының жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2011 в 10:45, контрольная работа

Описание

Сақтау шарты қоғам және шаруашылық өмірінің көптеген аумағында қолданылатын кең ауқымды құжаттар тобының бірі болып табылады. Қазіргі кезде, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің көбейген кезінде, шарттық қатынастың ерекше дамуы орын алды. Сондықтан да шарттың жасалуы мен рәсімделу ережелерін ұғынуға көп көңіл бөлу керек.

Работа состоит из  1 файл

сактау курсовая.doc

— 128.00 Кб (Скачать документ)

          Сақтау шарты талап етілмелі  шарт ретінде анықталмаған жағдайларда,  жүк ьберуші де, шарт бойынша  сақтадың өзге мерзімі көзделсе де, кез келген уақытта затты сақтаушыдан талап етуге құқылы. Бірақ жүк беруші, егер шартпен өзгеше көзделмесе, сақтаушыға затты мерзімінен бұзу салдарынан келтірілген шығындарды өтеуге міндетті болады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     4. САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ 

     Жоғарыда  атап өткеніміздей, сақтау шарты  жеке тұрмасытық қажеттіліктерді қанағатттандырушы  бола алады. Бұл азаматтың ұзақ іссапарға  кетуіне байланысты  өз туысқанын (танысын) затты сақтауға үй жануарларын  өсімдіктерді және т.б. Беруге қатысты болуымүмкін. Кейбір жағдайларда сол бір азаматтар қандай да бір обьективті не субьективті себептер бойынша ломбард мекемелеріне (теле радио жабдықтарын сақтау үшін) арнайы құрылған фирмаларға, асыл тастар мен металлдардан жасалған бұйымдарды, құжаттарды сақтау үшін банктерге жүгінетін болады. Сақтау жоғарыда аталғандай кәсіпкерлік айналым қажеттіліктеріне қызмет көрсетеді. Ауыл шаруашылық өнімдерін жабдықталған қоймалар пайдаланылмайтын болса, онда ауыл шаруашылық өнімін өндірудің өзі еш мағынаға ие болмайды, өйткені өнім бүлініп кетеді.

       Сақтау шартының қолданылу аяларын қосымша сиапттау оның субьектілік қатарын айқындау мақсаттарына беріліп отыр.

       Аса көп жағдайларда сақтаушылар ретінде  де жүк берушілер ретінде де азамматтар шыға алады. (тұрмыстық сақтау). Кейде шартты азаматтармен жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлға ретіндегі ұйымдастырушылық құқықтық нысандағы кәсіпкерлер, ломбартар, банктер бекітеді. Бұл сақтау  шартының тұтынушылық сипатын қамтамасыз етеді. Заңмен көзделген жағдайларда, кәсіби сақтаушылар жекелеген заттарды сақтауға   лицензия алуға тиіс.

         Коммерциялық болып табылмайтын  заңды тұлғалар (мекемелер) сақтау  қатынастарына тек сыртқы киімді, сөмкелерді, қол  шатырды, бас  киімдерді және т.б.  Орналастыру  үшін ғана түседі. Кейбір жағдайларда олар сақтауды ( міндеттемені, сақта шарты емес) іс жүргізушілік заңнама өзге де заңнама мәселен табылған заттар орны (стол находак) нормаларының әрекет етуіне байланысты немсес өзінің арнайы құқық қабілеттілігін жүзеге асыру аясында жүзеге асырады. Коммерциялық емес заңды тұлғалар өздерінің уақытша бос тқұрған үй-жайларын сақтау қызметтеріне мұқтаж субьектілермен сақтау жасасудың белгіленген режимін сақтауға міндетті.

          Сондай-ақ сақтау шартының екі  жағынан да жеке кәсіпкерлікті  де заңды тұлға түріндегі ұйцымдастырушылық кәсіпкерлікті де жүзеге асыратын кәсіпкерлер шыға алады.

          Сақтау шартының екі жағынан  да жеке кәсіпкерлікті де заңды  тұлға түріндегі ұйымдастырушылық  кәсіпкерлікті  де жүзеге асыратын  кәсіпкерлер шыға алады.

          Сақтау шартының сол немесе  бір өзге  түрлеріндегі өзге түрлеріндегі нақты субьектілік кейінірек қарастырамыз.

           
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     ҚОРЫТЫНДЫ 

     Сонымен қатар сақтау шартының пайда болып, даму сатысындағы жетістіктер, қоғамның өзгеруіне байланысты туындаған  ерекшеліктер, нарықтық экономикаға өту кезеңінде пайда болған қажеттіліктер туралы ақпараттар жүйесі курстық жұмыстың тақырыбына арқау болып отыр.

     Субьектілердің  санасында шарт жөнінде дәйекті, сапалы, дұрыс ұғымды қалыптастыру және қоғамның әлеуметтік-экономикалық, шаруашылық саласында даму жолдарына дұрыс бағыт сілтеу, нарықтық экономика кезеңінде тараптар арасында кездесіп жататын әр түрлі келеңсіздіктерді болдырмауға, даулардың пайда болуын тежеуге ат салысу – дипломдық жұмысты жазудағы негізгі мақсаттардың бірі болып отыр.

     Кез-келген білімді адамның, әсіресе мемлекеттік  тілде өзінің азаматтық құқығын  оқып, зерттеп жүрген заңгердің құқық  қағидалары хақында орныққан өзінің көзқарасы, өз елінің көп қырлы азаматтық  кұқығы туралы, соның ішінде- шарттық  құқық жөнінде де дұрыс бағыт-бағдары болуы тиіс.

     Сақтаудың реалды шарты бойынша сақтаушы өзіне  берілген затты, оның сақталуын қамтамасыз ете отырып сақтауға міндетті. Сақтаушы сақтауды жүзеге асыра отырып затты  қолайсыз ауа-райы, үй-жайындағы ылғалдық сияқты сыртқы факторлардан сақтап қалуы тиіс. Мұндай факторларға, сондай-ақ мүлікті бүлдіру, оны ұрлап кетуі мүмкін адамдардың құқықққа қайшы әрекеті де жатады. Соларға сақтаушы қарсы тұруға тиіс.

       Сақтаушы міндеттерінің нақты  көлемі оның тұрмыстық немес  кәсіби сақтаушы болып табылатындығына, сақтаудың сол бір немес өзге жағдайларды және сақтауға берілетін заттардың қасиеттері жүк берушімен ескертілген немесе ескертілмегеніне байланысты болады. Шарттың ақылылығы немесе ақысыздығы сақталушы міндеттерінің аясын анықтау үшін шешу маңызға ие болмайды, өйткені оның барлық шығындары кез келген жағдайда өтелетін болады, бірақ дау туғанда, сот шартың ақысыз сипаты кезінде сақтаудың ерекше жағдайлары ескерілмегендікке көбірек мойынсұнуға тиіс.

       Сақтаушы өзіне берілген заттардың  сақталуын қамтамасыз ету үшін шартта көзделген барлық шараларды қолдануға міндетті. Осылайша, шарт сақтаушы үшін негізгі басшылыққа алатын құжат болып табылады және дәл соның өзі жүк берушінің сақтау бойынша қызметтерге деген мұқтаждығының іс жүзіндегі көлемін ескеруге мүмкіндік береді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 

       1.Нормативтік - құқықтық актілер.

    1.1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.  1995 жылғы 30 тамыз. Алматы: Жеті жарғы.  2003 ж

    1.2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы және Ерекше бөлімдері) Алматы: Юрист, 2005ж. 309бет

       2.Арнаулы әдебиеттер.

    2.1. Азаматтық құқық. 1 том. Жрғарғы оқу орындарына арналған оқулық (академиялық курс). Өңделген және толықтырылған 2-басылымы. Жауапты ред: М. К. Сүлейменов, Ю. Г. Басин. Алматы, 2003.- 736 бет.

    2.2. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы: Жоғары оқу орындарына арналған акад. курс. 1-том. Алматы: «Жеті жарғы», 2001.- 376 бет.

    2.3. С. Баққұлов /Құқық негіздері/ Оқулық, 2- ші басылым. Алматы , 2004 - 248бет.

    2.4. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері. Жалпы білім беретін мектептің жоғарғы сынып оқушыларына арналған оқулық. Өңделген, 3- басылым. Алматы: Атамұра, 2003. 192 бет.

    2.5. С.  Дулатбеков, С.Амандықов, А. Тұрлаев.”Мемлекет және құқық негіздері”.- Астана.-“Фолиант”2003ж- 697 бет.

      3. Қосымша әдебиеттер.

    3.1. C.Баққұлов, Сатыбалды Досжанұлы. «Құқық негіздері» : Оқулық /С. Д. Баққұлов. Алматы, 2004 - 248бет.

    3.2. Ынтымақов, Советжан Арғынбайұлы. Азаматтық құқық .Жалпы бөлім : практикум /С. А. Ынтымақов. Алматы: Заң әдебиеті. 
 
 

Информация о работе Сақтау шартының жалпы сипаттамасы